Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі


2. Бөлім. Халық ауыз әдебиетін оқытудың әдістемелік жүйесі және нәтижесі
2. 1 Орта сыныпта қазақ әдебиеті пәнің оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Тіл - ақиқатты танытудың басты құралы. Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсынысу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабағы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.
Орта мектепте халық ауыз әдебиетің оқытудағы негізгі мақсат - оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Ал осы мезетте мақал -мәтел, ертегілірдің қосар үлесі ұласан зор. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс.
Қазақ әдебиеті басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Қазір заманауи, Европалық жаңа бағдарларға жас өспірімдердің қызығушылығы артып, тіпті ата -аналардың түпкі терең тамырымыз, халық ауыз әдебиетін ұмытып барамыз. Сондықтан да қазіргі кезде орта буын оқушыларының сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.
Оқушыларға білім беруде жаңа технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс - тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Осыған орай мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан - жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай отырып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту, яғни, өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Ал, әр ұстаздың мақсаты білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады. Сабақ барасында әдістемелік құралдар және жаңа технологиялар қолдану мақсатында ең алдымен халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне жәнеде бала дамуына әсеріне шолу жасадық. ( Сурет 1, Сурет 2 негізгі мәлімет 1ші бөлімде)
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- Мақал-мәтелдер
- Жұмбақтар-жаңылтпаштар
- Ертегілер
- Аңыз-әңгімелер
- Тыйым сөздер
Сурет 1
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі:
- Баланың қиялын, фантазиясын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
- Әдеби образды тану, қабылдау әдісі қалыптасады.
- Ойын, ойнау, сөздік қорын, тілін дамыту.
- Баланы жеке тұлға ретінде дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сурет 2
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде, интеллектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуіне көп септігін тигізеді. Сол себептен, халық ауыз әдебиетімен таныстыруда әдіс-тәсілді қолданудың маңызы зор.
Осы әдістерді қолдануда тірек-сызбаның алатын орны бөлек, себебі сөздік қорының аздығынан және халық ауыз әдебиетінің мазмұны терең, күрделі болғандықтан тірек-сызба мен әдіс-тәсілдер жұмысты жеңілдетеді. Тірек-сызбаны қолдануды бастамас бұрын, алдын-ала жұмыс жүргізу қажет.
Тірек-сызбаны қолдану баланың дамуына тигізетін әсері мол. Оны мына таблицадан көруге болады. (Сурет 3)
Сурет 3
Тірек-сызба оқушының тіл байлығын жетілдіреді, белсенділігін арттырады, ол жан-жақты ізденеді, практикалық іс-әрекетте болады, шығармашылығы, тілі дамиды, құрбыларын тыңдауға үйренеді, еркін ойлауға мүмкіндік береді, өз ойын тұжырымдайды, өз ойын айтуға үйренеді.
Жас өспірімдердің сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер оқушыларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т. б. балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.
Сурет 4. 5-ші сынып оқушыларының топтық жұмыста орындаған жұмыстары
Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал - мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы: Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», т. б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т. б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі - еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.
Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық баланың сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады.
1) Балаларға түсінікті болуы үшін мақал-мәтелдердің қысқа түрін алу қажет.
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарар», «Жылқы - малдың патшасы», «Отан оттан да ыстық» және т. б.
2) Мақал-мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орынды.
3) 5-7 сынып оқушыларының мақал-мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарылаған сайын күрделендіріп беру керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын беру керек.
Осы мақсатты орындауға келгенде қазақ әдебиеті сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
-шығарманың түпкі мазмұны - мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т. б. ) қамтамасыз ету;
-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;
-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
2. 2 . Көркем мәтін құрылысын сыныптар бойынша ертегілер арқылы таныту
5-сыныпта көркем мәтіннің құрылысын талдауды жеңіл түрде де, күрделендіріп те жүргізу мұғалімнің қолында. 5-сыныптағы оқушы мәтіндегі көзге түсетін елеулі кейіпкерлердің жарқын әрекетін, мінезін жеңіл аңғарады, бірақ барлығы бірдей сол кейіпкердің ісін, мінезін бір дәрежеде ұғынады деуге болмайды.
Тәжірибеде 10-11 жастағы оқушының мәтіндегі өте мәнді нәрселерді, эпизодтық оқиғалар байланысын аңғармай қалуы кездесе береді. Сондықтан да мұғалімнің басты міндеті - көркем мәтіндегі оқиғалардың байланыса дамуына көңіл аударту. Осының өзі - мәтін композициясын танытудың амалы. Жалпы композицияны танытудың түпкі мақсаты бүтінді бөлшектей беру емес, сол бүтіннің қандай бөлшектерден тұратынын, солардың табиғи үйлесімі нәтижесінде мәтіннің негізгі идеялық түйінін танытуға әкеледі.
«Керқұла атты Кендебайң ертегісінің құрылысындағы кейбір компоненттің рөлін ашқан кезде сұрақ-жауап түріндегі мысалдар тек қана композицияға қатысты жұмыс түрлері болмақ. Мұғалімнің бағдарлағыш, оқушыға ой салғыш, шағын проблемалы ситуация туғызатындай сұрағының мәні ерекше. Оқушы жауабының бір ұшы сұрақта жатады.
• Кендебай сиырларды сирағынан ұстап аралға лақтырып жатқанда, ханның қызы оған не деді?
• Қырасың ғой малды, күндегідей: «Айрылғырдың суы айырылң, - деп неге айтпайсың дейді.
• Егер хан қызы осылай демесе, ертегіде не болар еді?
• Онда Кендебай сиырларды лақтырамын деп өлтіріп алар еді.
• Дұрыс. Егер ханның қызы осылай деп ескертпесе, Кендебай ханның сиырларын өлтіріп алар еді де, хан оны жазаға тартар еді. Ондай жағдай болмас үшін, хан қызының ескертуі өте керекті сөз екен. Бұл сөз айтылмаса, Кендебайдың тағдыры өзгеріп кетуі мүмкін.
Кейіпкерлер сөзінің рөлін көрсету үшін тағы бір мысал:
• Кендебайдың алтын құйрықты алып қалуына не себеп болды?
• Ханның балаларына қара биені күзетіңдер деуі себеп болды.
• Кендебайдың жеті басты дәу мен арыстанды жеңуіне не себеп болды?
• Ханның құлынды тауып келіңдер деген сөзі себеп болды.
• Егер хан ондай тапсырмалар бермегенде, Кендебайдың ерлік істері де болмас еді. Сондықтан бұл сөздерді ертегіден қысқартып не алып тастауға болмайды екен.
Осылай сұрақ қойып, әңгіме жүргізудегі мақсат ертегі композициясының басты компоненті - кейіпкерлер сөзінің рөлін көрсету. Олардың сөзінің ертегі оқиғасының дамуына негізгі қозғаушы күш екенін оқушыға жеткізу.
5- сыныптағы мәтіндердің алғашқы тобы - халық ауыз әдебиетінің бір түрі, ертегілер. Ертегі кейіпкерлерінің сөзі - оқиғаны дамытуға қозғаушы компонент. Кейіпкер сөздеріне назар аударту үшін әр кейіпкер сөзін әр оқушыға оқытып, оның оқиғаның дамытуға қандай әсері бар екеніне көз жеткізіледі.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік қүру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс қүбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатын-дығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. )
Тәжірибеде жиі қолданылатын мәтінге жоспар жасау әдістемелік техникасы оқушыларға мәтінді мазмұндауыңа оңай болцы үшін жіне оқышы қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Жоспарды мәтіннің композициялық құрылысы деп ұғынуға болмайды. Мысалы, «Толағай ертегісінің сюжеттік жоспарын шамамен былай құруға болады:
1. Толағайдың дүниеге келуі.
2. Жас баланың алып болып өсуі.
3. Әкесімен аңға шығуы.
4. Толағайдың ұйықтап қалуы.
5. Әкеге төнген қауіп.
6. Жолбарыспен айқас.
7. Ел күйзелісі.
8. Толағайдың жаңбыр іздеудегі әрекеті.
9. Ел қуанышы.
10. Толағайдың өлімі.
11. Толағай ел аузында.
Жоспар жасалғаннан кейін оқушыларға ертегінің композициялық жүйесін ашып көрсету, толық тұсіпіп саралау мақсатында, Толағайдың бейнесі мен себеп-салдарлы әрекеті саралана түседі.
Ерегі жүйесінің тізбегі:
І- бөлім:
1. Автор: «Ертек айтып берейік
2. Ертістегі Саржан мерген.
3. Ақылды Айсұлу сипаты.
4. Саржанның балалы болуы.
5. Жақсы тілек, ат қою.
6. Жас Толағай сипаты.
7. Үлкендер: «Алып боларң.
8. Толағай аңда.
9. Әкесімен көлге келуі.
10. Толағай «Дем алып алайынң.
11. Әкесі: «Ұйықта, қозымң
12. Көл сипаты.
13. Жолбарыс сипаты.
14. Әкесі: «Өлдім, балам?ң.
15. Жолбарысты лақтыру.
16. Әке мен бала сүйсінуі.
ІІ -бөлім
1. Ел күйзелісі.
2. Толағайдың ойы.
3. Анасына сұрағы.
4. Ана жауабы.
5. Толағай шешімі.
6. Тау шатқалын көтеріп әкелу.
7. Халық қуанышы.
8. Толағайдың соңғы сөзі «Апа»
9. Ел қайғысы.
10. Күн мен түн сипаты.
11. Толағай тауы, табиғаты, (желі, Шалғыны, жаңбыры)
«Режиссер» . Атқарылған жұмыс сабақтын негізгі бөлімінде жүргізіледі және оқушылар 4 топқа бөлініп әр композициялық бөлімге сурет салып «Режиссер» ойының ойнайды. Ойын барысында әр топта ертегі композициясына байланысты суреттер салынып, «режиссер» бақылауымен тақта алдында түсірілім жасалынып ертегі мазмұны айтылады.
«Толағай ертегісін оқытуға арналған соңғы сабақта бұрын өтілген «Керқұла атты Кендебаймен салыстырып, ұқсастық жағын ашуға жалпы ертегі композициясына тән ортақ сипаттарға көз жеткізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қойып, соларға лайықты жауаптар алуы мүмкін.
• Кендебай қандай болып өсті?
• Күшті алып, мерген болып өсті.
• Толағай қалай өсті?
• Толағай да алып әрі мерген.
• Кендебай көкжал бөрімен қалай айқасты?
• Құйрығынан ұстап, лақтырып жіберді?
• Толағай әкесін қалай құтқарды?
• Ол да жолбарысты лақтырып жіберді.
• Осы жас алыптар өскен сайын бұдан да күшті болуы мүмкін бе?
• Оны қайдан көреміз?
• Кендебай дәуді жеңсе, Толағай тауды көтере алды.
• Кендебайдың қайырымдылығын, жақсылығын қайдан көреміз?
• Қойшы баланың әкесін тұтқыннан босатты, ата-анасын қуантты.
• Ал Толағай өз елін қалай қуантты?
• Тауды жаңбырымен көтеріп әкеліп, елін қуанышқа кенелдірді.
Балалар Венн диаграммасы техникасын қолтану арқылы мәтіндерді салыстырып, саралау жасайды. Тәжірбиеде 5 «Ә» сынып оқушылары Веннн диаграммасыны анализын жасап келесі тұжырымға келді: «Әр ертегінің оқиғасы әр түрлі болғанмен екі ертегіге тән бірімен-бірі ұқсас келетін осындай ерекшелігі болады. Бұл басқа да ертегілерден байқалуы мүмкін. Ертегі кейіпкерлерінің өсуі, әрекеті шындықтағыдан гөрі әсірелене суреттеледі».
«Аяз би ертегісінің құрылысы бір-бірімен тығыз байланысты 3 бөліктен тұрады. Онда бірнеше эпизод бар. Эпизод дегеніміз - оқиғаның енді бөлінбейтін ең кішкене бөлшегі, кейіпкерлер әрекетінің жарқын кезеңдері. Мысалы, аңда жүрген ханның қойшы шалмен әңгімесі - диалогқа құрылған бір эпизод. Ертегінің сюжет жүйесін қарастырсақ, кейіпкерлердің қарым-қатысынан бірімен-бірі сабақтасып жатқан әрекеттер тізбегін анықтаймыз. Осы жұмыстар - ертегі композициясын таныту деген сөз. Жаман адамның бастан кешкендері, ақылдылығы, уәдеге тұрғыштығы, сөз тапқырлығы кездейсоқ емес, біріне-бірі байланысты эпизодтар тізбегімен баяндалады. Бұның өзі кейіпкер әрекеттерін баяндаудан сюжет құралатының ұғындыру болады. Сюжет өрісі көбіне хан, уәзір, Жаман, Меңділер сөзімен дами келе, олардың әрекеті ара-тұра суреттеусіз жай сөзбен баяндалып отыратынын әңгімелеу арқылы мұғалім ертегінің негізгі компоненттері диалог пен баяндаудан тұратынын аңғартады. Кейіпкер диалогтары - сюжеттің өрістеуіне ерекше қызмет етіп тұрған компонент. Ертегінің үштен екі бөлігі кейіпкер сөзінен тұрса, баяндаушы сөзі - ертегінің үштен бір бөлігі. Бұдан әрі мұғалім ертегі құрылысындағы халық мақалдары мен бейнелі, тұспал, жұмбақ сөздердің де қалай болса солай айтылмай, кейіпкер әрекетіне, сөзіне сай келіп отыратынын дәлелдейді. Ертегідегі қайрақ, пышақ, гауһар тас, «аш арыстан, хан мен шалдың жұмбақ әңгімелері де Жаманның не Меңді сұлудың ақылдылығын дәлелдеу үшін, сюжетті толықтыратын мағыналы да көркем сөздер екені әңгімеленеді. Ертегіні оқытудың соңғы сабағында мұғалім ертегі идеясын анықтайды. Сонда ақылдылық, даналық, байлыққа, атаққа негізделмей, өмірді білуден, үйренуден ттуатыны, қандай іс болса да ақылмен шешуге болатыны, жауыздық, күншілдік әрдайым даналық алдында тізе бүгетіні дәлелденеді. Ертегінің түйінді ойы халықтан шыққан осындай даналар ел басқарса деген халық тілегі көрінетіні ашылады. Ертегі жүйесінде көңіл аударылатын нәрсе - ханның өмір тарихы. Бірақ бұл ертегі басында айтылмайды. «Ертегі ханның өмір тарихынан басталса, қайтер едің? - деп оқушыны ойлантып қоюға да болады. Хан анасын шақыртқанда, анасы оның қалай хан болғанын, әкесінің жауыздығынан, өз басына төнген қауіптен құтылу үшін істеген амалын айтып береді. Ханның өз алдына әңгіме боларлық өмірбаяндық тарихы сияқты ертегінің бір бөлігі деуге болады. Бұл сюжет жүйесінде Жаманның тапқырлығына дәлел сияқтанып, хан анасы аузынан айтылған әңгіме боп берілгенін де таныстыру керек.
Мұғалім оқушыларды қызықтыру мақсатында «Аяз би» ертегісінің 2 - бөлімінен (мұнда өз алдына айқын танылатын сюжет белгісі бар) сюжеттің тұрақты элементтеріне бақылау жасап келуді тапсырады. Ондай жұмыстың өтілген материалды қайталауда да әрі сюжет ерекшелігін бекіте түсуге де пайдасы тиеді. Бірақ бұндай тапсырма үшін кез келген мәтінді ұсынуға болмайды.
Сюжет желісіне бақылау жасалған сабақ нәтижесін келтірейік:
1. Жаманның ақ боз үйдің сырын білуі -оқиғаның басы
2. Жаманның ойы - оқиғаның байланысуы,
3. Қыз жұмбағын шешуі - оқиғаның байланысуы,
4. Қыздың Жаманды шақыртуы - дамуы.
5. Жаманның қолға түсіп қалуы - оқиғаның шиеленісуі.
6. Жаманның дарға асылуы - оқиғаның шарықтау шегі.
7. Қыз жұмбағының сырын айтуы - оқиғаның шешілуі.
Осындай бақылау, жаттығулар жасау арқылы сюжеттің басталуы, байланыса дамуы, шиеленісе барып шешілуі деген табиғи заңдылықты жақсы танытады. Сюжеттік оқиғаның бұл заңдылығы кейіпкерлердің қатысымен болатының түсінеді және оның заңдылығын жақсы меңгеру логикалық жүйеге төселдіреді.
6-сыныпта да көлемі және формасы әр түрлі шығармадағы әрекеттің өрістеу себептері, кейіпкерлері, оқиға желісінің дамуы, қосымша көріністер, суреттеулер танытылады. Олардың бәрін бір идеяға (түйінге) келтіріп тұрған нәрсе композиция екеніне көз жеткізіледі.
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі - батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел жұртын қоргап қалган батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаган, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың ісінен кем санамаған. Сондықтан бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.
«Қобыланды батыр жыры. Жырдың негізгі тақырыбы - өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Жырдағы өзекті ой - «ел намысы - ер намысың. Қобыланды өз басының қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлайды. Қолына сол үшін қару алады, жауға қарсы аттанады. Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрінген. Халықтық арман да осы арқылы берілген. Оның арманы - «Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамың, ел қамы. Сондықтан да «Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейдің. Ол жауға аттанарда «жіберуге қимай, жиылып жұрты жылайдың. Артында қалып бара жатқан ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары Құртқаны «Сендерді мұнда жылатпас, қалың қыпшақ қарындас деп жұбатады.
Халық Қобыланды бойына батырлықты жастайынан дарытқан. Алты жасында қолына қару ұстатады, жанына болат байлатады, садақ ілдіреді. Ол - аңшы. «Қаршығасы қолында, құмай тазы соңында, көрсе киік аулайдың. Ол - мерген. «Ай астындағы теңгені екі бөліп ұшырадың.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz