Шошқаларды ұстау жүйелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Ветеринария оқу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өскемен аймағы бойынша шошқа малына арналған қораның жобасы

Орындаған:
ВС-803 топтың студенті Азат Ақберен
(Т.А.Ә)

Тексерген: аға оқытушы
Икимбаева Н.А.
(Т.А.Ә)
_____________ ___________
(бағасы) (күні)

Комиссия мүшелері ______________ Тлеубаева А.В.
(қолы) (Т.А.Ә)

______________ Асетова Г.К..
(қолы) (Т.А.Ә)

Семей - 2021ж
Курстық жұмыстың жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Шошқаларды жасына және жынысына қарай топтастыру, бағыттары, ұстау жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы ... ... ... ...8
1.3 Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІ Физиологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
А. Көмір қышқыл газынің мөлшерімен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
В.Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Жылу тепе - теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Қораның табиғи және жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... 23
2.4 Нөлдік балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Шошқа шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет қорын жедел толықтыра алатан мал шаруашылығының тез жетілетін саласы.
Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшірілуі шошқа етін өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми түрғыда жетілдіріп, өңдірістік сынақтан өткізуді талап етті.
Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясы өндірістің тасқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар және звенолардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процестерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады
Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен, кептөлділігімен, шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей салмағын арттыруға азық аз жұмсалады, сондай-ақ шошқа етін өндіруге көп еңбек жұмсалмайды.
Бүгінгі шарушылық саласында ауыл шаруашылығы ет өнімділігі және тері өнеркәсіпте маңызы өте зор болып саналады.Сондықтан бұл шаруашылық қарқынды дамуда.

II Әдебиетке шолу
1.1 Шошқаларды жасына және жынысына қарай топтастыру, бағыттары, ұстау жүйелері.
Шошқаларды жасына және жынысына байланысты топтастыру.Шаруашылықта барлык шошқа малдарын жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөледі. Шаруашылықта барлық шошқа малдарының жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
* Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқалардыттексеруге арналған аталықтар;
* Аналық шошқалар: - қысыр ұрықтанбаған ( шағылыстан өтпеген ) аналықтар;
* Буаз шошқалар үш түрлі болып топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз және туарға 7 - 10 күн қалғандағы - азыр буаз шошқалар;
* Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді:
1. Аяқталған өндірістік цикл
2. Репродукторлы
3. Ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырган және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер орайы мен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық жане өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде - малдарды ұстау жүйелердің, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді.
Шошқаларды ірілендірілген комплекстерде ұстау жүйесі.
Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы болады.
1.Бір фазалы ұстау - кезінде торайларды 21,26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп ,семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
2.Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығьша дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналган фермалар салынған.
3.Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрган цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.
Шошқаларды ұстау жүйелері.
Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылығында, қазіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар:
-серуенді
-серуенсіз.
Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп бағады.
Серуенді ұстау жүйесі. Серуенді ұстаутәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
1.Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайлармен бірге), ауыр буаздықтағы (туатынына 10 күн қалғанда) және енгізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік қабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнай бөлінген алаңдарға мезгіл - мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м, аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1,2 м. Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
2.Еркін серуендету түрде ұсталған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін жүріп шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер қалтырады. Шоқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда үш айлығында аналықтар, өнімдік және шошқалар және енсінен айырған торайларға қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстаужүйесі. Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15 - 30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шоқаларға қолданады. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп - жетілуі функцияларында теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырылған торайлар)тжеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстанған тиімді болады.

1.2 Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үін әр аруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар (ұрықтану пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған аналық қоралары. Буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.

1.Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар.
Аталық шошқаларға арналған қоралар көбінесе ірі шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды. Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж, лаборатория), қабандағна санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме, ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстауға арналған орын, жабдықтарды және төсенштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол талдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда - 7, топпен ұстағанда - 2,5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді. Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен (табақша немесе емшекті автопоилкылар) жабдықталады. Азық науасының әр басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені (үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі - 25 см. Станоктың едені жылыланған болуы керек.
Қабандардың негізгі ауруларының себебі олардың қыс және күз айларында суық, сызды еденде ұстау моционның жетіспеушілігі және жазды жайлау екендігі тәжірибеде дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 º С болуы керек. Егер қабан шошқаларды жылы едендерде ұстаса олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.
2.Буаз және қысыр мегежіндерге арналған қоралар
Буаз және қысыр мегежіндердіңқораларын жекелеме жіне топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 13 бөлігі тұтас, ал қалған жағы тор көзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктардың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстауға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокқа 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1,8-2 м² есептеледі.
Станоктарда жеке немесе топтап қоректендіруге арналған азық науалары орнатылады. Әр станокта торкөзді деннің турасына су құбыры қойылады. Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті екендігін естен шығармау керек те, осы кездерде оларды толық құнарлы затты, винаминді және макро-микро элементтер ракционымен қамтамасыз етуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микро климаты бір қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр ошқалардың жоғарғы темперетурада, әсіресе жаз айында жас аналықтардың болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді.
3.Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермаларымен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға 2,3,4 қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайымен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлаған соң 30-45 күнге дейін ұстайды. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап, серуендетін, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйіті тез келеді.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек.Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір біріне қатысы болуы үшін станоктың үш қатарлы қабырғалары тұтас ал тек көң жолы жағының қабырғасы тор көзді бөлігі торайлардың енесі қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кезде Лузинский, ал екі фазалыда ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ - 60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайдармен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстауға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауаны енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне бпйланысты болып, егер торайларды 60 күндігінде айырса станок ауданы-6-7 м² ал 35 тәулігінде болса 5-5,5 м² алынады. (сызба 7,8)
Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1 СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (3 боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2 А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфра қызыл шам ілінеді де ал торайлармен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.
Станок ССИ-2 типі (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына - 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ -120 типті болады. Жалпы ұзындығы -317 см, ені 200 см. Туған кезде аналықты ұстайтын бокстың ұзындығы - 180 см, ені - 60 см.
4.Енесінен айырған торайларға арналған қоралар.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар тұқымдық және өнімдік фермаларды оларды 20-30 бастап топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кезде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай яғни 15-25 бастан арытқ бір стаонкқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда-0,4 м² ір басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 25 см есептеп алады.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ, жарық және жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімдеоуі үшін, соғұрлым ұстау жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болдаы. Сондықтан жас торайлардың секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамазы етіп, жыл мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза жаңа ауа жоғары жаққа ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрылыс материалдарын үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйесінің жүру жолдарын қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару, ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып және автоматицазиялауға қолайлы жағдай жасалады.
Клеткалы-батареяда торайларды өсіп-жетілдіру екі басытады жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәулік жасына дейін, екіншісі-30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспайтын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан тор көзді қылып дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына байланысты болады. Өте ерте енесінен айырылып алынған торайларды жекелеме клеткаларды ұстайды да оны размері 0,25 м х 0,60 м болады. Топтап ұстау үшін размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м -1,5 м х 0,6 х 0,8 м және биіктігі0,4-0,6 м пайдаланып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0,1 м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап, оған металды азық науасын бетді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік есебінде пайдаланады. Қоректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін, алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
Клеткалары батареялардың едені екі қабатты металл сеткаларынан жасалып, оларды жылжыту арқылы оның тор көздерінің размерлері 10 х 10 мм немесе 12 х 12 мм болатындай орналастырады. Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен ошқа нәжісі сырғып, көң каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
Торайларды екінші сатылы өсіріп жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланысиырып, 0,27-0,28 -0,30 немесе 0,37-0,38 м 2 есептеледі. Клетканын размері 1,2х1,6м немесе 1,3х-1,3м, биіктігі -0,6м .Клетканын еденин метал сырықтардан ( планка) саңылауын 5х15 немесе 30мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жержен 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа малдарының гигиенасы
Шошқаларды ірілендірілген комплекстерде ұстау жүйесі
Аналық шошқа қоралары
Шошқаның гигиенасы туралы
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқаның гигиенасы жайында
Шошқаның гигиенаcы
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері
Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу
Пәндер