Мүйізді ірі қара шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы коммерциялық емес акционерлік университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринария кафедрасы

Курстық жұмыс
Пән: Ветеринариялық гигиена.
Тақырыбы: Қарағанды аймағы бойынша ірі қара малына арналған қораның жобасы

Орындаған: Болатова А.Р.
Топ: ВМ - 801
Тексерген: Икимбаева Н.А.

Қолы: ________ Қолы: __________
Тапсырған күні: _________ Бағасы: _________
Күні: ____________

Семей қаласы 2021 жыл
Курстық жұмыстың жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Мүйізді ірі қара шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
II. Физиологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
А. Cу буымен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Б. Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Қора жайдағы жылу алмасу тепе-теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 0Нөлдік балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4 Қораның жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4

Кіріспе
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың және сапасын жақсартудың маңызды қоры мал ауруларының жүйелі алдын алу болып табылады. Мал ауруларының алдын алу шараларының негізін организмнің табиғи жоғары төзімділігін сақтау арқылы барынша көп өнім алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, азықтандыру және пайдаланудың қолайлы шарттарын жасау қажет.
Көп жағдайда, әсірессе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, қоралардың жылылығына, оның микроклиматының қолайлығына көп байланысты. Ал, қолайлы микроклимат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын сақтау ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдеткіш және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және тағы да басқа факторларға тығыз байланысты.
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізі белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды.Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматмен қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және тағы да басқалар жатады.

І. Әдебиетке шолу
1.1 Мүйізді ірі қара шаруашылығы
Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы -- мал шаруашылығының басты салаларының бірі.Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді.
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.
Өнімділігі
1820 -- 1865 жылы Орталық Қазақстанның мал шаруашылығында сиырдың үлес салмағы 0,7 -- 1,7%-ды
1899 -- 1916 жылы 17,3 -- 22,8%-ды құраған. 20 ғ-дың бас кезінде сиыр түлігінің саны 5,0 млн. бастан асқан.
1917 -- 1922 жылы сиыр малының 13 бөлігі шығынға ұшыраса
1930 -- 1940 жылы олардың саны қарқынды өсті.
Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуроп. тұқымдар -- герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды. 1974 жылы мүйізді ірі қара саны 5,36 млн-ға жетіп, жылқы, түйе түліктерін қоса есептегендегі мөлшерден 5,3 есеге басым болды.
Мал тұқымы.Ұзақ уақыт жүргізілген ғылыми практикалық жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқы етті мал тұқымы -- қазақтың ақбас сиыры, сондай-ақ сүтті-етті тұқым -- алатау сиыры мен сүтті тұқым -- әулиеата сиыры шығарылды. Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ы шоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 -- 6,5%-ға, ет, сүтөндіру мөлшері 3,5 -- 6,0%-ға өсті.
Республикада сүтті бағыттағы сиырлардың 7 тұқымы, олардың жоғары өнімді табындары -- 16 тұқыммал зауыты мен 80 тұқыммал шаруашылығында, етті бағыттағы сиырлардың 5 тұқымы, жоғары өнімді бөлігі -- 11 тұқыммал зауыты мен 30 тұқыммал шаруашылығында өсіріледі. Қызылорда, Маңғыстауоблыстарынан өзге облыстардың тұқыммал шаруашылықтарында өсірілетін сүтті сиырлар барлық асыл тұқымды сиырлардың 68%-ын, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда өсірілетін асыл тұқымды етті сиырлар 32%-ды құрайды . Республика бойынша мүйізді ірі қараның үлес салмағы: қара-ала сиыр тұқымы -- 30,7%, симменталь -- 24,3%, қырдың қызыл сиыры -- 20,4%, алатау -- 17,3%, әулиеата -- 5,3%, айршир -- 1,3%, латыштың қызыл-қоңыр сиыры -- 0,7% болса, етті бағыттағы сиырлар негізінен отандық сиыр тұқымдары -- қазақтың ақбас сиырлары (84,4%) мен әулиекөл сиырларынан (11,3%) тұрады.
Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы -- төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан Сиыр өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады. Малды өнімділік бағыты, жас-жыныс, тұқымдық ерекшелігі мен физиологиялық күйіне орай жайылым мен қолда құнарлы азықтандыруды ұйымдастыра білу мүйізді ірі қара түлігінің өнімділік қасиеттерін биологиялық және шаруашылық тұрғыдан тиімді деңгейге дейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді.
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін -- бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) -- баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) -- тайынша, бір жастағы ұрғашысын -- қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын -- құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) -- дөнежін, еркегін -- бұқа, піштірілген еркегін -- өгіз деп атайды.
Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 -- 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 -- 35 жыл, бұқасы 15 -- 20 жыл тіршілік етеді.
Сүт бағытындағы Сиырдан 9 -- 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
Сиырды етке 1,5 -- 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.
Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 -- 10 жыл пайдаланады.
Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 -- 10 айлығында, бұқаларда 8 -- 10 айлығында жетіледі.
Алайда шағылысқа қашарды 18 -- 22, бұқаны 14 -- 18 айлығында қосады.
Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 -- 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.
Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 -- 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 -- 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.
Ересек Сиырдың салм. 250 -- 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 -- 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 -- 4000 кг, сүтінің майл. 3,6 -- 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 -- 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 -- 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.
Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 -- 70% аралығында.
Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі.
1.2 Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын. Қазақстанның әр түрлі аймақтарына бейімделген сиыр қораларының үлгілері бар. Қай үлгімен салынған сиыр қора болсын оларға ортақ талап ретіңде садыра қоймадан жоғары, су баспайтын дөңестеу, желден ық жерге салынып, ішіндегі жарық, жылулық, ауа кендігі мен тазалығы секілді микроклимат көрсеткіштері зоогигиеналық талаптарды қамтамасыз етілуі керек. Сиыр қорада малды ыңғайына қарай бос және байлап ұстайды. Осыған орай сиыр қора ішін бөлу, суаттың түрі, азықтаңдыру мен суару, сиырды сауу қондырғылары мен олардың орналастырылуы, еденнің құрылысы жоспарланады. Қораның көлемі онда ұсталатын малдың саны мен жасына, жыныстық тобына байланысты. Қора еденінен сақа мал басына - 6-7, жас мал басына -- 4-5 текше метр келетіндей есеппен салады. Сиыр байланатын орынның ұзындығы - 2 м, ені - 1,5 м, едені артына карай еністеу болад
Жерге қойылатын талап
Таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аумағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай- ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болу керек. Ол үшін орман- тоғай маңына салынғаны немесе ағаш отырғызылуы керек. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болған жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төменде, көк- желек отырғызуға жарамды болса тіпті жақсы.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары тұрғын үйлерден төмеңгі жақта және олардың иық жағында орналасады.
Ветеринариялық- санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап- ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
Бұрын мал шаруашылығы не құс шаруашылығы болған, мал өліктері көмілген, қи сақталған, тері өндеу кәсіпорындары орналасқан жерлерге құрылыс салуға жол берілмейді. Сол сияқты жарға, сайға, тұйық аңғарлар, бос қоймалар, тау етектері, сондай- ақ санитариялық - індеттік және ветеринариялық қызмет органдары белгіленген мерзімі өтпеген органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған жерлер де жарамсыз.
Мал шаруашылығы обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитариялық- қорғау аймағы деп аталады.
Санитариялық- қорғау аймағы мал қораларының қабырғасымен немесе олардың шарбағымен елді мекеннің арасындағы територияны қамтиды. Бұл аймақтың негізгі қызметі - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан - 5км, ал өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта орналасы қажет.
Тандалған жер сонымен қатар, басқа фермалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болу керек.
Зооветеринариялық ара қашықтық- ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы.Оның негізгі мақсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір- біріне таратпау.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа обьектілердің өзара зооветеринариялық ара қашықтығы шамамен 50-3000 м арасында ауытқиды.
Жеке және фермер шаруашылықтарында бір жерге 200 басқа дейін сиыр, 1000 басқа дейін шошқа, 600 қой, 20 жылқы, 10 мың құсты ұстауға болады.
Құрылыс материалдарына қойылатын талап
Мал шаруашылығы обьектілерін тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдалынады. Алайда, жекеленген құрылыс материалдарын олардың қасиеттеріне қарай дұрыс пайдалына білу сол материалдардың өзінің тиімділігін айтарлықтай деңгейде арттырады және солардан салынған ғимараттар мен басқа құрылыстарын пайдалануын едәуір ұзартады.
Табиғи тастар. Олар тау кені құрамынан алынады және ауа өзгерістеріне аса төзімді, берік және әсем. Оған тас қалаулар, жұмыр тастар, қиыршық тас, шағыл тас, құм және басқалары жатады.
Ағаш материалдары. Құрылыс жұмыстарында қылқанды және жапырақты тұқымды ағаштар пайдалынады. Олар - берік, онша тығыз емес, жылуды аз өткізеді, өндеуге жеңіл, бекітуге оңай, суыққа төзімді болып келеді.
Битум және май материалдары. Битумның екі түрі болады: табиғи және мұнайдан алынатын. Табиғатта битум әк тас және құм тас түрлерінде кездеседі.
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Ірі қара төлін бардамен бордақылау
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Қазақ халқының мал шаруашылығының қалыптасуы және оның түрлері
Етті бағыттағы сиырларды өсіру
Ересек Сиырдың салм
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Қызылорда облысының экономикалық потенциалы
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын
Пәндер