Сиыр қораларын жобалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» кафедрасы

logo-g.png

Курстық жұмыс

Пәні:Ветеринариялық гигиена және санитария

Тақырыбы: Сиыр қораларын жобалау

Орындаған: Жұмағазы Е. М Тексерген: Икимбаева Н. А

ВС-801 тобының студенті

(қолы) (бағасы) (күні)

(қолы)

Комиссия

(ФИО) (қолы)

(ФИО) (қолы)

Семей қаласы 2021 жыл

Курстық жұмыстың жоспары:

Кіріспе . . . 3

І Әдебиетке шолу . . . 4

1. 1 Қазақстанда кездесетін сиыр қолтұқымдары . . . 4

1. 2 Сиырды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы . . . 8

1. 3 Сиыр қораларының микроклиматы

1. 4 Бұзауларды күтіп-бағу гигиенасы

1. 5 Бұзауға арналған қораның сипаттамасы және технологиялық жабдықтар

ІІ Физиологиялық кесте . . . 15

2. 1 Ауа алмастыру жүйесін есептеу . . . 17

А. Cу буымен есептеу . . . 17

Б. Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу . . . 18

2. 2 Қора жайдағы жылу алмасу тепе-теңдігін есептеу . . . 19

2. 3 «0»Нөлдік балансты есептеу . . . 21

2. 4 Қораның жасанды жарықтандырылуын есептеу . . . 22

ІІІ. Қорытынды . . . 23

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың және сапасын жақсартудың маңызды қоры мал ауруларының жүйелі алдын алу болып табылады. Мал ауруларының алдын алу шараларының негізін организмнің табиғи жоғары төзімділігін сақтау арқылы барынша көп өнім алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, азықтандыру және пайдаланудың қолайлы шарттарын жасау қажет.

Көп жағдайда, әсірессе Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында күннің суық кезеңінде мал басын сақтап көбейтуге, қоралардың жылылығына, оның микроклиматының қолайлығына көп байланысты. Ал, қолайлы микроклимат қора құрылысын салғанда технологиялық жобалаудың нормаларын сақтау ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан жер таңдап, қора жайларды дұрыс орналастыру, құрылыс материалдарын таңдау, қора бөліктерінің талапқа сай болуы, желдеткіш және қи шығару жүйелерінің жұмыс істеу реті және тағы да басқа факторларға тығыз байланысты.

Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.

Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізі белгілі бір өнім өндірудің технологиясы құрайды. Оның маңызды элементтері: малды ұстау жағдайы, толық сапалы азықтандыру және суару режимі, малдың тұқымын жақсарту үшін белгілі бағыттағы селекциялық жұмыстар жүргізу, микроклиматмен қамтамасыз ету, зоотехникалық талаптарды орындау, ветеринариялық жұмыс жүргізу жүйесі және тағы да басқалар жатады.

1. Әдебиеттерге шолу.

1. 2. Қазақстанда кездесетін сиыр қолтұқымдары.

Қазақтың ақбас сиыры - сиырдың етті тұқымы. Қазақ және қалмақсиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 - 50 ж. Қазақстан мен Ресейде шығарылған. Тұқым құрамында 11 зауыттық желісі бар, оның 9-ы Қазақстанда. Бұл тұқым республиканың далалы және шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы, құйрығының ұшы, әукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тән белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 - 900 кг (кейде 1100 - 1300 кг), сиыры 450 - 500 кг (кейде 520 - 580 кг), 7 - 8 айлық еркек танасы 200 - 220 кг, ұрғашы танасы 180 - 200 кг тартады. 15 - 18 айлығында еркек тайынша тәулігіне 900 - 1000 г, ұрғашы тайынша 700 - 800 г салмақ қосады. Ет түсімі 57 - 60%. Қазақтың ақбас сиыры Ақмола облысының «Қазақстан», «Саха»; Шығыс Қазақстан облысының «Қалбатау», «Коростолевское»; Батыс Қазақстан облысының «Чапаевский»; Қостанай облысының «Ключевое», «Степное»; Павлодар облысының «Глазырина», «Дархан»; Сол түстік Қазақстан облысының «Алабота» шарушылықтарында өсіріледі. Тұқымды шығарған бір топ ғалымдарға (Н. З. Ғалиакберов, Б. М. Мусин, т. б. ) КСРО Мемлекет сыйлығы берілді (1950) .

Алатау сиыры - сүтті, етті сиыр тұқымы. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті сиырын швиц және кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1950 ж. мойындалды. Алатау сиырының түсі негізінен қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады. Басы үлкен, мойны жалпақ етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу, тұяқтары мықты келеді. Орта есеппен: сүттілігі 2800 - 3500 кг, майлығы 3, 8 - 4, 0%. Шоқтығына дейінгі биіктігі 129 см, тұрқы 171 см, кеуде орамы 197 см, жіліншігінің орамы 20 см болады. Ұрғашысы тірідей 500 - 550 кг, бұқасы 850 - 1040 кг тартады. Алатау сиыры Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі.

Әулиеата сиыры - сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр тұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі. Әулиеата сиыры жергілікті жердің ауа-райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Әулиеата сиырының салмағы 460 кг-нан 530 кг-ға, ал бұқаларыныңсалмағы 750 - 770 кг-ға дейін тартады. Әрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 - 4000 кг (майл. 3, 8 - 3, 9%) шамасында сүт береді. Әулиеата сиыры Түлкібас, Сайрам аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі.

Әулиекөл сиыры - сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын абердин-ангус және шароле тұқымдарымен күрделі түлетпе будандастыру жолымен алынған. Әулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына жақсы көнбіс келеді. Түсі - ақшыл сұр. Бұқалары - 900 - 1125 кг, сауын сиырлары - 500 - 700 кг ет береді. Бордақыланған 15 айлық өгізшелерінің тірідей салм. 450 кг болады. Қазақстанның Солтүстік аудандарында өсіріледі.

1. 2. Сиырларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы.

Барлық сыртқы орта факторларының ішінде мал организміне азықтандыру ең көп әсер көрсетеді. Сапасыз азықпен азықтандыру малдың өнімділігін төмендетумен қатар, бірқaтар жұқпайтын аурулардың тууына себепші болып табылады. Азықтың сапасын бағалау, қарау әдісімен сақтау орнында(жерінде) жүргізіледі. Ал күдікті жағдайда азықтан сынама алып, талдау үшін зертханаға жібереді.

Ipi азықтарды (пішін, сабан) түciнe, иісіне, құрылымына, ылғалдылығына және механикалық қоспаларына (құм, тeмip заттар, шыны) қарайды, сонымен ботаникалық құрамын, сақырауқұлақтармен зақымдалуын зерттейді. Жақсы пішен және сабаннан жағымды иіс, ал бүлінгенде -шіріген, сасыған, көгерген және өзiнe тән емес түcтepi байқалады. Пішен және сабандардың ылғалдылығы 15% болса құрғақ, ал 17-20%-дан жоғары болса дымқыл деп саналады. Құрамында 10%-дан астам механикалық қоспалары бар азықты азықтандыруға жібермейді. Малды 1 % -дан артық улы өсімдігі бар пішенмен азықтандыруға рұқсат етілмейді. Жақсы сапалы сүрлем сол сүрлем жасалған өсімдік түсіндей болады. Кара-жасыл, қаралау-қоныр немесе қара түс - сапасы төмен сүрлем көрсеткіші. Сапасы жақсы сүрлем қош иісті болады, ал, сапасыз сүрлемде ciркe суының, ашыған майдың, шалғамның, тұздалған май шабақтың иісі шығып тұрады. Жақсы сапалы пішендеме хош иісті, жидек иісті, жасыл немесе ашық коңыр түстi болады. Сапасы нашар пішендеме қара қоңыр немесе қара түстi, жағымсыз қи иісті. Ол үнeмi зеңсақырауқұлақтармен зақымдалған, азықтандыруға жарамсыз. Жемдік астық пен құрама жемнің қалыпты ылғалдылығы 12-15% . Жемдік астық құрамындағы зиянды қоспалар (улы өсімдіктер тұқымы, зеңсаңырауқұлақ және қаракүйе) 1 % -дан, орған шөп 8 % -дан көп болмауы керек. Минералдың қоспалар (құм, топырақ) жемдік астықта0, 1-0, 2% -дан, құрама жем, ұн және кебекте 0, 8%- дан аспауы тиіс. Жемдік астық, құрама жем және ұн жем зеңсақырауқұлақтармен зақымдалмаған болуы керек. Улағыштармен оңделген жемдік астықты азық peтiнде пайдалануға қатаң тыйым салынады. Улы өсімдіктердің әсер ету дәрежесі әсер етуші заттың түрiнe, өсімдіктің гүлдеу сатысына, азықтандыру тәсіліне байланысты. Зиянды өсімдіктер алынатын өнім мөлшерін азайтады, алайда мал денсаулығына мүлдем дерлік әсер етпейді. Мысалы, қыша, жуа, түймешетен сүтке жағымсыз иіс және дәм береді. Улы өсімдіктер жайылымның шалғын шөбінде және пішендік жерде кездеседі. Әдетте, мал жайылымда ондай шөптерді жемейді. Алайда, егер мал аш болса немесе жайылым улы өсімдіктермен ластанған болса, онда, олар басқа өсімдіктермен бірге улы шөптерді де жеп қояды. Малдың улануын кейбір балауса, сапалы азықтар да тудыруымүмкін. Дұрыс азықтандырмау кезінде усыздан түзілетін улы заттар да улану ceбeбi болып табылады.

Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау ҚР мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі-ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен ет, сүт, және т. б. қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың сан-сапалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міндет болып табылады. Қолда-жайылымда ұстау сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең таралған жүйе. Қолда бағу кезеңінде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Себебі, мұндайда мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құндв шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.

Сиырды күтіп-бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сауын сиырларды күтіп-бағудың байлап және байламай ұстау әдісі қолданылады. Сиырларды байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады, күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамандары мен мал күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және сурару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ төсеніш құрылғы, кең де жарық жақсы желдетілген қора жай, жеке-жеке азықтандырып, сауу, тағы басқа операциялар күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде сиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді. Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп кажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазірні кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қоражай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты еденді серуендету қорасы, механикаландыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет. Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар-қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту. Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы трансорттермен тартылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельта-ысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясы қанағаттандырады.

1. 3. Сиыр қораларының микроклиматы.

Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен (температура, ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер мен шаң-тозаңдар мөлшері т. б. ) сипатталады. Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жасы, өнімі және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр, тұқымды т. б. ) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді (кесте 5) . Ондай мал организміне сай микроклиматты қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді (желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т. б. ) Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы (1-6 градусқа дейін) төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20 пайызға, сиырдың сүт өнімі - 15-30 % кеміп, ал азықтың шығыны - 15-50 пайыға артады. Мал қораларының микроклиматының қалыпты шамада болуы пайдаланған құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты. Қора бөлшектері шыдамды, берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына су сіңірмейтін, ауа өткізгіш, жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы қажет. Себебі, әсіресе қыс айларының суық мезгілдерінде қораның ішкі жылуының 30-45 пайызына таяуы оның бөлшек беттері арқылы тарап кетеді де, ішкі ауа температурасының төмендеуіне апарып соғады. Неғұрлым қора бөлшектерінің беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік жолдарымен жылу тарауы жоғарғы болады. Көбінесе қыс мезгілдерінде булану арқылы жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына, есік-қақпа, терезелерге таяу орналастырылған малдарда болады. Мысалы, қораның ортасындағы клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы, қораның басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы төлдермен салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген. Гипотермия малдардың, әсіресе жас төлдердің төзімділігін (резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм де қарсыдене (антител) түзілуі төмендеп, лейкоциттер мөлшері азайып және олардың фагоцитарлық қарқыны (активность) кеміп, жұқпалы және жұқпайтын әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады. Ортаның жоғарғы температурасы да организмнің резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп, өнімі азайып гипертермия ауруының (дене температурасының жоғарлауы) тууына әсер етеді. Мысалы, ауа температурасы 27-32 градусқа көтерілсе, сиырдың сүті 10-30 %, ал 38 градуста - 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың тәбеті төмендеп, су ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді. Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету шамасына байланысты организмдегі жылу алмасу процесстеріне айтарлықтай әсерін тигізеді, яғни орта температурасы төмен болса, жоғарғы ылғалдық денеден жылудың тарауын арттырып, организмді суыққа ұрындырса, ауа температурасы жоғары болғанда, денедегі жылудың тарауын тежеп, ыстық соғу ауруына ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда (салыстырмалы ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12 % төмендетеді. Ірі қара малдарын бордақылау орындарының ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының өсуі 12-28 % төмендеп және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы 2-3 есе артатындығы анықталған. Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі т. б. ) мөлшері көбейеді. Ондай жағдайда малдардың өкпе ауруына (туберкулез) шалдығуы жиілейді. Бордақыда тұрған малдардың қора ауасындағы аммиак газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып соғады. Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің мөлшерінің артуы жас төлдердің төзімділігін айтулы төмендетіп, олардың арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен күресуге қыйындық туғызады. Мұндай жағдайда ол аурудың алдын алу тек қора ауасының тазалығында ғана болады. Мысалы, бұзауларды ауасы ластанған қорадан жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына әсер етеді. Ірі қара малдарына арналған қоралардың жарықтану шамасыныңда мал организміне айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен 70-100 люксе жоғарлауы бұзаулардың ауруын 9-12 % төмендетіп, дене салмағының, тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып соғады.

Сиыр қораларының жарықтану мерзімін тәулігіне 6-7 сағаттан 14-18 сағатқа дейін ұзартса (жасанды түрде) малдың сүті 6-15 % жоғарлап, ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6) . Мал қораларының жарықтануын қалыпқа келтіру арқылы буаз сиырлардың қанының биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштерінің жоғарлап, туған төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық ерекшеліктеріне негізделіп қалыпты (нормативті) микроклимат көрсеткіштері (параметрлері) белгіленген (кесте) . Ірі қара малдарын қалыптанған микроклиматы бар қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35 % кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы 2-3 есе азаяды. Мұнымен қоса сүт өнімінің жағымсыз иістері жоғалып, қышқылдығы азайып, микроорганизмдермен ластануы төмендеп, сапасы артады. Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-зоогигиеналық шаралардың жинағын жасау қажет. Олар қоралардың жоспарлап салу шешімдері мен оған керек құрылыс бөлшектерін таңдау, тиісті құрылыс материалдарының, әр аймақтардың жер орайы мен ауа райларына сәйкестіріп, қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа технологиясын еңгізу, қораның ауасын алмастыру, көңнен тазалау т. б. шаралар жатқызылады.

1. 4. Бұзауларды күтіп-бағу гигиенасы.

Сиыр бұзаулағаннан кейін олардың желіндерін жуып және залалсыздандырғыш ерітіндіні орамалға сіңіріп алып сүрту керек. Алғашқы уызы 1-2 рет басқа ыдысқа сауып алынады, оларды микробтар саны көп болады.

Бұзау өз еркімен аяқтанған соң, оған анасының емшектерін табуға көмек береді. Туғаннан кейін 1, 5 сағат өткен соң уызын төлге емізу қажет. Олар осыдан уыз сүтімен жоғары сапалы өнім алуымен қатар, микроорганизмдерге қарсы иммунитетке ие болып, солармен бірге, гаммаглобулин және басқа да қорғаныс заттарын алады. Уыздың беруін кешеуілдету ішек-қарын жолының бұзылуына әкеп соғады. Бұзаудың уызды аз-аз порциямен баяу ішуін қадағалау керек, сонда ол тура жұмыршық қарынға түседі де, қорытылу процесі жақсы жүреді. Аз мөлшермен қарынға түсіп, уыз сілекеймен араласып және жұмыршақта жұмсақ, жылдам қорытылатын қойыртпаққа айналады. Ал, уызды төл жұтімдап ішкен кезде (шелекпен ішкізгенде) жұмыршақта ас қорыту процесінің бұзылуына әкелетін қатты және қиын қорытылатын қойыртпаққа айналады. Сүттің іріп-шіріген өнімі ішек-қарын ауруларын тудырады. Сондықтан сүтті, әсіресе бұзаудың өмірінің алғашқы күндерінде емшектен емізген жөн. Осы жағдайда бұзау 9-10 минут ішінде 2 л сүт ішіп, 700-900г-ға дейінгі сору қозғалысын жасайды. Ал қолмен шелек арқылы сүтті ішкізгенде 9-10 минут ішінде 2 л сүт ішіп, 40-50-ге дейін жұту қозғалысын жасайды. Емізіктер болмаған кезед сүтті бұзауға шелекке құйып береді. Беру тәртібі: шелекті бұзаудың алдына қойып, оған шамалап сүт құйып, сүтке сұқ саусақты батырады (қолды жақсылап сабындап жуу керек) және саусақты бұзаудың аузына салады, осы кезде бұзау саусақты сора бастайды. Сол уақытта бұзаудың тұмсығын сүтке салады, саусақты тартып сорған кезде сүттi бірге сорып емеді. Сүтті үзіліспен ішкен дұрыс. Егерде бұзау сүтті зауықсыз ішсе, қалған барлық сүт порциясын ішкізуді тоқтатып, 15-20 мин. откен соң қайтадан ішкізеді. Алгашқы бес күн бойы уызды 4-5 рет береді, ал содан соң күн сайын тәулігіне 3 рет, 1, 5-2 л ішеді. Әлсіреген бұзауға уызды алғашқы рет 1 л-ден тәулігіне 5-6 рет ішкізеді. Егер де бұзау емшекті нашар сорса, онда таза ыдысқа құйылған сүтке саусақты салып сорғызу арқылы үйретеді. Бұзау күнiнe 8-9 л сүт ішеді. Уызын бұзау болған соң қалған уызды сиырдан сауып алып, қайнатып, адамдар тамақ ретінде пайдаланады. Уыз кезеңі 5-7 күнге созылады, ал 7-10 күннен бастап уыз толық сүтке айналады. Бұзау қорада бұзауларды жеке шарбақтарда орналастырады, шарбақтың ұзындығы 1, 4м, ені 1, 2 және биіктігі 1 м шарбақ еденнен 20 см биіктікте тұру керек. Ағаштан жасаған жақсы болады. Ал, 8-күнi бұзауларды топтап, 10 бастан топтық шарбаққа ауыстырады, мұнда олар 2 айлық болған жасқа дейін күтіліп бағылады.

Бұзауға 3 күндік жасынан бастап уызын ішкеннен соң бір сағаттан кейін қайнатылған су (20-25 о С), ал 10 күннен соң әдеттегі ішетін суды береді. 10 күндік жасынан бастап бұзауды шөп жеуге үйретеді. Ұсақ сабақты көк шөпті таңдау керек. 20 күндік жасынан бұзау рационына сулы және шөп ұнын кіргізіп, ал екінші айдың соңында кебек (50-100 г) береді. Кебекті алғашқы күндері сүтпен араластырады, кейіннен бұзауларды құрғақ концентрат жеуге үйретеді. Сәбізді eкi айлық жасынан бастап ұсақ туралған түрінде береді, ал сүрдемді рационға 3-4 айлық жасында қосады. Бұзау астаушаларында минералдық үстеме - бор, тұз, сүйек ұны, үш кальцийлі фосфаттар міндетті түрде болуы керек.

1. 5. Бұзауға арналған қораның сипаттамасы және технологиялық жабдықтар .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАЛ ҚОРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫП-ТҰРҒЫЗУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
Сиырды күтіп бағу әдістері
Мал қораларына санитарлық-гигиеналық баға
Қыс маусымында кешендегі ауаның жарықтың микроклиматтың ерекшеліктері, бақылау әдістері
Мал қораларын аэроиондау
Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Шошқа шаруашылығының маңызы
Асыл тұқымды және жалпы тауарлық бағыттағы мал түліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz