Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Ветеринария оқу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған қораның жобасы

Орындаған: Нусипканова Ж.
ВС- 801 топтың студенті

Тексерген: аға оқытушы Икимбаева Н.А.
(Т.А.Ә)
_____________ ___________
(бағасы) (күні)

Комиссия мүшелері ______________ Тлеубаева А.В.
(қолы) (Т.А.Ә)

______________ Асетова Г.К..
(қолы) (Т.А.Ә

Семей - 2021ж
Жоспар
Kipicпe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ...
4
1.2
Жылқы қораларына және оның ішкі орналасуына қойылатын зоогигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7
1.3
Айғырларды күтіп-бағудың гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
7
1.4 Буаз биелерің гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
1.5
Жылқыларды жұмысқа пайдаланудың гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ...
18
1.6
Жылқы тұқымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
ІІ
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
2.1
Физиологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
2.2
Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2.3
Жылу тепе - теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25
2.4
Нөлдік балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
2.5
Қораның табиғи жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
2.6
Қораның жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23

Кіріспе
2013 жылы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан 2050 - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп атады.
Әлемдік азық - түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
l Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технология - лар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.
Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет.
Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және пайдалану бағыты әр түрлі, қазақ халықының ежелден тарихи қалыптасып келе жатқан көп сырлы салаларының бірі.
Республика жылқы шаруашылығында бие сүтінен жасалатын шипалы сусын - қымыз, диеталық жылқы еті өндіріледі және ол бағалы тері өнімдерін алудың да қосымша көзі. Сонымен қатар қазіргі кездері Қазақстан Республикасында ат спортының классикалық және ұлттық түрлері, жазықтағы ат шабыстары, ат туризымының жұмыстары қарқынды дамуда.
Жылқы өсірумен айналысатын шаруашылықтардың жаңа түрлерінің құрылуы мен нарық экономикасының сұранысына байланысты жылқылар жылқы зауыттары, жылқы фермалары, жеке меншік, серіктестік, шаруа кожалығы және басқа да ұжымдарда көлік малы қосымша жұмыс күші ретінде де кеңінен пайдаланылады.
Сонымен бірге мемлекеттік әскери қарулы күштерінде де әсіресе шекара қорғауда және полиция қызметінде де жылкылар осы күнге дейін мініс көлік ретінде өзінің тарихи қалыптасқан маңызын жоғалтқан жоқ. бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы қаны биологиялық өнеркәсіптерде шипалы кан сары суын, асқазан сөлін және емдік өнімдерді алудың шикізаты болып табылады.
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы өзінің тарихи қалыптасқан дәстүріне байланысты ауыл шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді. Ол өз өнімдерін салыстырғанда тек ішкі рынокқа ғана смес, сонымен бірге әлемдік бәсекелестік жағдайға қарай сыртқы рынокқа экспортқа шығаруда да маңызды. Сондықтан, жылқы шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, жылқының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін жоғары білімді білікті зоотехниктерді, менеджерлерді, селекционерлерді және технологтарды дайындау қажет.
Әдебиетке шолу

Әдебиетке шолу
1.1 Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Жылқы малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдерін таңдау әр шаруашылыктың жағдайына, алған бағытына, жер орайы, ауа райына байланысты жасалады.
Жылқы шаруашылығында екі ұстау жүйесі: қорада және жайылымда -табында қолданылады.
Табында жайып ұстау жүйесі - ертеден келе жатқан тиімді,жылқыларды табиғи жайылымдарда жайып, арзан өнімдер алуға негізделген. Бұл жүйені малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер орайына байланысты екі тәсілде пайдаланады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында ұстау болып бөлінеді.
Мәдени-табындау тәсілі бойынша - асыл тұқымды және жергілікті тұқымды жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Ал қыстың суық кездерінде - іші байлау және бөлмелі (денникті) орындарға бөліп жабдықталған қораларда ұстайды. Ол үшін табындағы жылқыларды жасы және жынысына қарап біркелкі топтарға бөледі (биелер,кұлынды биелер, аттар, айғырлар т.б.)
Мәдени табында ұстау кезінде жылқыларды, әсіресе жайылымдардың шөбі азайып, кұнары кетіп тозған кездерде және қары қалың, суық боранды,мұзды мезгілдерде шөп және құрама азықтар мен көректендіру қаралады. Ондай суықтарда аналық биелерді жылыланбаған қораларда немесе ашық базаларда шөп беріп (14-20 кг 1 басқа) күтеді де, ашық күндерде оларды да басқа малдар мен бірге жайылымға шығарады.
Жақсартылған табындарда ұстау - тәсілі кезінде жылкыларды жыл бойы жайылымда жаяды. Ауа райының өте қолайсыз кездерінде айғырлардың арық-жүдегендері, құлынды-буаз биелермен әлсіз, ауру тай-жабағыларға арнап, жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар (15 - 20 % ) қаралады. Қалған жылқыларды қатты суық борандарда табиғи ық
жерлер: тау ықтары, жар жиектері, орман, караған араларын пайдаланады. Жергілікті материалдардан (талдар, қамыс т.б.) ықтырма, жаппа базалар салып, онда шөп корымен су коймасы қаралады. Жайылымда табындап ұстау кезінде жылқылар жасына қарай белінбей, үйірімен жүреді. Әрбір үйірде әр жастағы ұрғашы жылкылар және бір айғыр болады. Тәжірибелі қартаң айғырлардың үйірінде 30 басқа, жас құнан - дөнен айғырларда 15 басқа дейін ұрғашы жылқылар және кұлын - жабағылар болады. Басқа еркек жылқылар (аттар, тай, құнандар) жеке табын ішінде, үйірден бөлек бағылады.
Табындағы жылқылар тығыз жүнді және қалың қабатты терілі болып келеді де, жаздын аса ыстықтары мен қыстың аяздарына төзімді болып келеді. Жергілікті аймақтық ауа райына шынықкан жылқылар қалың қар (40-50 см) астынан, мұз болып қатып калмаған болса, өзіне қажет керек азықтарды тауып жейді (тебіндеп).
Шаруашылықтың бағыты жане табиғи жайылымдардың орайы мен су көздерінің молдығына байланысты табындардың размері әртүрлі болады.
Құлынды биелердің табында 80 - 150, айғырлар 20-25, жас жылкылар (тай, кұнандар) 150 басқа дейін болады. Жайылымы жазық аймақтарда ет бағытындағы жылқылар үшін ір табынның мөлшерін, тай-жабағыларымен қосқанда 400 басқа дейін, ал таулы жерлерде 100 басқа дейін топталады.
Жылқыларды бір жайылымнан екінші жайылымға ауыстырып, айдаған кезде сағатына 6 - 7 км жылдамдықтан асырмай және 10 - 15 км кейін жайып,дем алыс беріп, жалпы тәуліктік жүруі 30 км аспауы керек. Жайылымдарэпизоотологиялық жағынан жұкпалы аурулар бұрын, шыкпаған таяу маңдарда өлген малдардың өлекселері сақталған орындар жоқ, көліктер мен мал айдалатын жолдардың түйісінде орналаспаған болуы керек.
Жылқыларды қорада ұстау жүйесі - кезінде, олардың өндірістік бағыты, физиологиялык ерекшеліктеріне байланысты жекелеп және топпен ұстайды. Ол үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы сырықтар мен шектелген бөлмелер - денниктер, топтап ұстауға ірі секциялар жасалады. Денниктерде көбінесе, негізгі айғырларды, құлынды биелерді, енесінен айырған жабағыларды және енімдік бағалы тай-құнандарды ұстайды. Қалған тұқымдық көрсеткіштері бойынша төмен бағалы жылқылар, жұмыс аттары топтап 20-100 басқа дейін ірі секцияларда(залда) ұсталады. Топта (залды) ұстайтын қоралардың ішінде де билердің құлындайтын орындар-денниктер қаралады.
Жылқылар зауыттарына, қораның ық жағынан серуен аландары (поддоктар) қаралады. Жекелеме серуен алаңдарынын ауданы негізі айғырлар үшін 600 м[2], үйрететін жас жылқыларға 400, басқа жылқылар топтарына 200 м[2] каралады. Жұмыс аттары үшін серуен алаңдары қаралмайды, бірақ аттарды тексеріп, тазалау жүргізу үшін сыртқы ат байлау орындары қаралады.
Жылдың жылы мезгілдерінде қорада ұстаған жылқыларды да,қоршалған, жасанды шөптер егілген жайылымдарда жастары бойынша топтап 50-80 бастан жаяды. Ондай арнайы қоршалып жасалған жайылым орындарында (зауыдтарда) жаю ливадалық тәсіл деп аталады.
Жылқыларды суаруға таза құдық сулары пайдаланады. Санитардық-гигиеналық талаптарға суларының сапасы сәйкес келетін өзендер, көлдер,бұлақ және тұма суларында пайдалануға болады.
Жылқы фермаларынын негізгі құрамдары
Жылқы фермалары, құрғақ, жер астының сулары жоғары емес жерлерге орналастырылады. Ферманың территориясы рельефі бойынша табиғи жауын, қар сулары ағатындай , жан-жағына еңіс болуы керек. Батпақты жерлер, әртүрлі ағынсыз сулардың жағасына таяу орналастырылмайды. Ондай жерлерге салынған жылқы қораларының іші сыз болып, әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады.
Жылқы фермаларын мал өнімін өңдейтін, өндіретін өндірістерден (тері зауыдтары, ет комбинаттары т.б.) 3 км жақын, малдар өлекселерінің қоймаларынан, ірі жол катынастарынан 2 км таяу орналаспауы керек. Жылкы фермаларына орын тандағанда ол жерлердегі ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптардың дұрыс сақталып, ондағы эпизоотологиялық жағдайдың амандығы ескеріледі.
Жылқы қораларын жобалап және салу ол аймақтың ауа райының жылдар бойғы көрсеткіштеріне, шаруашылықтың бағытына, ұстау жүйелеріне және малдардың жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы қоралары малдарды орналастыруға және технологиялық процесстерді жүргізуге қолайлы болуы керек. Жылқы қораларында қосымша жылыту көздері қаралмай, малдардың өздерінің бөліп шығаратын жылуымен ғана қалыпты температуралық режим ұстап тұратындығын ескеру қажет. Сондықтан қораның сиымдылығын зоогигиеналық нормативтерге негіздеп, оған орналасатын мал басын қалыптап және қора бөлшектеріне пайдаланатын құрылыс материалдарының ең төменгі жылу өткізгіштік коэффициенттері болуын қадағалау керек.
Гигиеналық сапасы жағынан, жылқы қораларына саманды кірпішті қабырғалар, силикат кірпіштерінен салынғанмен салыстырғанда, жылулық қасиеттері және құрғақтығы жағынан кем түспейді, тіпті ака өткізгіштігі бойынша артық болады. Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін жылу ұстағыш болуы керек.
Қоралардағы жылудың тез тарап, температурасы төмендеп кетпеу үшін, оларды желдің басыңқы өтіне бір басын қаратып, өте суық аймақтарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы жақта шығыстан батысқа қарай орналастырады.
Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады. Ол құрғақ, берік және төменгі жылу таратқыш қасиеті бар, су өткізбейтін және тегіс, тайғақ болмауы керек. Жылқылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көбінесе сәйкес келетін еден-нығарланған саздан жасалатындар болып саналады. Бірақ ондай едендер тез суланып кететіндіктен жиі төсеніштерді (саломаны) ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру үшін көп уақытпен еңбекті керек етеді. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жылқы қораларының едендерінің ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш едендері де сыртқы факторлардың әсеріне шыдамай, тез істен шығатын және дымқылданған кезде тайғақ болып, жылқының мертігу қаупін туғызады. Қазіргі кездерде жылқы қораларына берік, тиімді және жылы керамзитті бетоннан жасалған едендер кең орын алады. Жылқы қорларындағы жылудың тарап кетпеуі үшін, оларға тамбурлы (екі есікті) қақпалар қаралады.
Қораның ортасынан ұзын бойы мен көлік жүретін ені 3 м жол қалдырылған. Қораның көлдененінең орта тұсында аттарды шығарып жегетін бөлме (манеж) қалдырып, оның екінші басына жалғастырып қосымша бөлмелер (хамыт сайман, жем қоймасы, ұрық алып тексеретін, су қоятын т.б) салынған. Зоогигиеналық норматив бойынша денниктердің размері- айғырлар үшін- 16 м[2], құлынды биелерге - 14 м[2], үйретілген құнандарға -12 м[2] бөлінген. Денниктерді бөлетін қабырғаларды үстіріктелген тақтайлардан немесе керамзит-бетонды плиткалардан 1,4 м биіктікке дейін тұтас,ал 2-2,4 м метал сырықтардан аралығын 5-6 см жасайды. Денниктің бұрышына ірі жылқылар үшін 1 м, жас тай-құнандарға -0,6 м биіктікте, ұзындығы -1-1,2 м, ені үстінен - 0,4 м, тереңдігі - 30 см, азық науаларын қояды.
Азық науаларының жанына су құбырын таратады. Зоналдық тәсілмен ұстағанда әр секцияда 20 бас тай, құнандарды-6,0-6,5 м[2] еден ауданынан бір басқа есептеп орналастырады. Үлкен жылқылар үшін еденнің ауданын әр басқа 8 м2 дейін өсіреді.
Жылқылардың бір-бірін жарақаттанудан сақтандыру үшін, тұрақтарды, жуандығы 10-12 см сырықтар мен (ағаш немесе метал) алдыңғы жағынан 1 м жандарынан -0,65-0,7 м биіктікте бөледі. Оларды цимбал деп атайды. Жылқыларды топтап ұстағанда азық науаларын ұзын қабырғалардың бойы мен еденнен оның үстіне 1 м үлкен жылқыларға, 0,6 м жас тай-жабағаларға арнап орнатады. Мұндай тәсілмен ұстағанда суға арнап секцияның ішіне жылқылар үшін -0,5-0,7 м биіктікте, үстінен есептегенде ені-0,6 м, түбінен -0,4 м, тереңдігі-0,4, ірі басқа-0,6 м есептеп астаулар қойылады.
Әрбір секциядан серуен алаңына жылқылар шығатын есік қалдырады. Ондағы орындар әр жас жылқылар үшін өнімдік фермаларда-12 м2, тұқымдық -20 м2 , ірі жылқыларға -20 м2 есептеледі. Ондай серуен алаңдарының жалпы ауданын барлық жылқылардың топтап ұстаған кездерде 15-20%, жекелеме ұстағанда-10-15 % есептеп бөледі.
Жылқылардың қораларының биіктігі өнімдік және жұмыс жылқылары үшін -2,4-2,7 м, тұқымды бағыттағы фермаларда -3 м, топтап ұстағанда 3,5 м, аттарды ертеп-жегетін манеждерде-4,5 м жас жылқыларды үйрететін манеждерде-6 м болады.
Жылқы қораларында микроклимат қалыпты нормада болу үшін ондағы ауаны мезгілінде алмастырып отырудың рөлі зор. Жылқы қораларда, көбінесе ауа алмастыру табиғи тәсілмен жүреді. Ол үшін ішкі ескі ауаны шығаруға арналған құбырлардың беттерінің ауданы әр басқа шаққанда ірі жылқылар үшін -250-300см2, жас, тай, жабағыларға-100-150 см2 қаралып, есептеп шығарады. Жылқы қораларының микроклиматының көрсеткіштері, оларды ұстау тәсілдеріне, жастарына байланысты әртүрлі болады. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштері, әсіресе ауаның құрамындағы зиянды газдардың мөлшері тікелей ондағы канализацияның жұмысына байланысты болады. Жылқы қораларында, қазіргі кезде көңнен тазарту үшін қырғыш транспортерлерді пайдаланады.
Жылқы малдарының тұрақты денінің саулығы, жоғарғы өнімділігі және жұмыс күші айтулы мөлшерде оларды зоогигиеналық ережелерге сүйеніп азықтандырумен суаруға байланысты болады.
Жылқы азықтандыру кезінде азықтың сапасына, дайындау тәсілдеріне, беру ретіне т.б. бақылау жасалмаса, олардың әртүрлі асқорыту процесстерінің бұзылып, ауруға ұшырауы жиі кездеседі.
Асқорыту процесстерінің, жылқы малдарының организмінде қалыпты жүру үшін және әртүрлі ауруларының алдын ала мақсатында оларға беретін азықтардың ретін сақтау қажет. Ол үшіналдында қатаң, одан соң сулы, ал ең соңында дәнді, құрама азықтарды беру керек. Дәнді азықтарды берудің алдында 30-40 минут бұрын жылқыға су ішкізіп алады. Ең соңында тағы да қатаң азық береді, яғни суын басқызады. Мұндай ережелерді сақтамаған жағдайда, мысалы дәнді азықтарды жылқыға жұмысқа пайдаланғаннан кейін жедел берсе, олардың ас алмасу процесстері бұзылып, көбінесе ауруға ұрындырады (іші кеуіп). Дәнді азықтарды бергенненкейін жұмысқа пайдаланбау қажет., ал дұрыс ас қорытылу үшін 1,0-1,5 сағат дем алғызу керек. Сол сияқты дәнді, құрама азықтар мен қоректендіргеннен соң жылқыларға сулы азық немесе су бермейді, керісінше азықтардың бұл түрлерін алдымен жылқыны суарып алып барып береді.
Жылқылардың асқорыту мүшелерінің күйіс қайыратын малдар мен салыстырғанда анатомиялық құрлысындағы ерекшелігіне байланысты, оларға жоғары сапалы, ішінде керекті заттары толық азықтармен ғана қоректендіру қажет. Үсіген, шіріген және көгерген азықтар жылқылардың еріндеріне жара түсіп, іші бұзылып, іщектері кеуіп әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады.
Жылқылардың рационына дәнді азықтардан жүгеріні кіргізеді, бірақ жүгері, құрғақ (ылғалдылығы 17% ) болып, малдың семіріп кетпеуі үшін азық рационының 1\3 бөлігінен артық болмауы керек. Кей кезде жылқылар рационына жарма және күнжара қосады. Олардың тәуліктік мөлшері:күнбағыстың-2 кг, мақта-0,5 кг, кендір күнжарасы-3 кг артық болмауы қажет. Жылқылардың рациондағы қажетті азықтың ең жиі кездесетін түрі сұлы және арпа болып саналады. Сәбіз бен қант қызылшасын кесіп, тәулігіне 10 кг дейін беруге болады. Жылқылардың негізгі азығы сапалы шөп болады.
Жылқыларға шөпті төменде орналасқан науалардан беруге болмайды. Ондай жағдайда олардың шөп тозаңдары мен, қиқымдар мен жылқының терісі, көзі ластанып, жас жабағы, тайлардың белдерінің бүкір болуына әсерін тигізеді.
Жылқыларды тәулігіне үш рет суғарады. Жаздың ыстық күндерінде олардың суға сұранысы жоғарлайды.
Жұмыстан соң, жүріп терлеп келген жылқыларды жедел суаруға болмайды. Ондай кезде суық судың әсерінен жылқының ішегі түйіліп, "тышқан" болып ауырып, көбінесе өлімге ұшырайды. Ондай "ыстық" аттарға қатаң азық беріп, артынан 50-60 минуттан соң ғана суаруға болады. Егер терлеген атты суаруға тура келсе, оны жұмыс аяқталудан 30-40минут бұрын су ішкізуге болады және жылқы қатты асығып жұтпай, сыздықтанып ішу үшінауыздығын шешпей немесе шелектегі судың бетіне шөп салып қойып ішкізеді. Бұл зоогигиеналық талаптарды орындамаған жағдайда жылқы ауруға ұшырап, көбінесе буыны ісініп, аяғына қан түсіп (ревмотизм) ақсап жұмысқа жарамай, жүре алмай қалады. Сол сияқты дәнді азықты бергеннен кейін су ішсе, ол жылқы ішінде бөртіп, қарнын газбен толтырып кептіреді. Жем жегеннен кейін 2 сағат өткен соң су берсе ғана қауіпсіз болады.
Жылқылардың суық ауруына ұшырамауы мүмкін, әсіресе буаз биелердің іш тастауынан сақтандыру үшін қыс айларында суық табиғи сулардан ішкізбеу керек. Буаз биелердің ішетін суының температурасы 12оС төмен болмауға тиіс.

1.2 Жылқы қорларына және оның ішкі орналасуына қойылатын зоогигиеналық талаптар
Жылқы қораларын жобалап және салу ол аймақтың ауа райының жылдар бойғы керсеткіштеріне, шаруашылықтың бағытына, ұстау жүйелеріне және малдардың жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы қоралары малдарды орналастыруға және технологиялық процесстерді жүргізуге колайлы болуы керек. Жылқы қораларында қосымша жылу көздері қаралмай, малдардың өздерінің бөліп шығаратын жылуымен ғана қалыпты температуралық режим ұстап тұратындығын ескеру қажет. Сондықтан кораның сыйымдылығын зоогигиеналық нормативтерге негіздеп, оған орналасатын мал басын қалыптап және қора бөлшектеріне пайдаланатын құрылыс материалдарының ең төменгі жылу өткізгіштік коэффициентері болуын қадағалау керек.
Гигиеналық сапасы жағынан, жылқы қораларына саманды кірпішті қабырғалар, силикат кірпіштерінен салынғанмен салыстырғанда, жылулық қасиеттері және құрғақтығы жағынан кем түспейді, тіпті ауа өткізгіштігі бойынша артық болады.
Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін және жылу ұстағыш болуы керек. Қоралардағы жылудың тез тарап, температурасы төмендеп кетпеу үшін, оларды желдің басынкы өтіне бір басын (немесе бұрышын) қаратып,өте суық аймактарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы жақта шығыстан батысқа қарай орналастырады.
Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады. Ол құрғақ, берік және төменгі жылу таратқыш қасиеті бар, су өткізбейтін және тегіс, тайғақ болмауы керек. Жылқылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көбінесе сәйкес келетін еден-нығарланған саздан жасалатындар болып саналады. Бірақ ондай едендер тез суланып кететіндіктен жиі төсеніштерді (саломаны) ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру үшін көп уакытпен еңбекті керек етеді. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жылқы қораларыньщ едендерінің ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш едендері де сыртқы факторлардың әсеріне шыдамай, тез істен шығады және дымқылданған кезде тайғақ болып,жылқының мертігу қаупін туғызады. Қазіргі кездерде жылқы қораларына берік, тиімді және жылы керамзитті бетоннан жасалған едендер кең орыналады. Жылқы қораларындағы жылудың тарап кетпеуі үшін, оларға тамбурлы (екі есікті) қақпалар қаралады.
Қораның ортасынан ұзын бойы мен көлік жүретін ені 3 м жол қалдырылған. Қораның көлдененінең орта тұсында аттарды шығарып жегетін бөлме (манеж) қалдырып, оның екінші басына жалғастырып қосымша бөлмелер (хамыт сайман, жем қоймасы, ұрық алып тексеретін, су қоятын т.б) салынған. Зоогигиеналық норматив бойынша денниктердің размері - айғырлар үшін- 16 м2, құлынды биелерге - 14 м2, үйретілген құнандарға -12 м2 бөлінген. Денниктерді бөлетін қабырғаларды үстіріктелген тақтайлардан немесе керамзит-бетонды плиткалардан 1,4 м биіктікке дейін тұтас,ал 2-2,4 м метал сырықтардан аралығын 5-6 см жасайды. Денниктің бұрышына ірі жылқылар үшін 1 м, жас тай-құнандарға -0,6 м биіктікте, ұзындығы -1-1,2 м, ені үстінен - 0,4 м, тереңдігі - 30 см, азық науаларын қояды.
Тұрақтардың аралық қабырғалары, төбесі жабық, тұратын орнының ені мал ірілігіне байланысты 1,6 - 1,8м ұзыны 2,85м болады. Әрбір станок 10,5 - 12 м2 оларға айғыр құлындайтын бие тұрады. Бос жүретін яғни топтап қамайтын ( мініс аттары ) оларға екі есе артық жер қалдырады. 21 -24 м2 , тай құлындарға әрбіріне 1,5 - 2м2 беріп 10 бастан біріктіріп ұстайды.

1.3 Айғырларды күтіп-бағудың гигиенасы
Жылқыларды шағылысуға түсетін кезі 1,0-1,5 жаста, ал жергілікті, жай пісіп- толатын жылқыларда 2,5-3 жастарында басталады. Бірақ айғырларды шағылысқа ерте пайдалану, олардың жалпы өсуін тежейді. Сондықтан айғырларды шағылысқа 3-4 жастан, ал кейде 5 жасынан бастап қана қосады.
Айғырлардың рационы толық құнарлы болу үшін дәнді-бұршақты шөптер, шөп ұнын, 2-3 құрама азық түрлерін(сұлы, арпа) және сулы азық (өндірілген бидай, арпа, көк шөп, сәбіз) қосады. Шағылыс кезінде ұрықтың сапасын жоғарлату үшін, негізгі рационнан басқа қосымша қант, тауық жұмыртқаларын және көк сүт береді. Айғырларға арналған рационның толық құнарлығы, олардың ұрықтарының мөлшері, сапасы және айғырлардың шағылысқа түсу жиілігі, тұқымы, тірі салмағы жасы тағы басқа көрсеткіштері мен сипатталады. Тәжірибеде айғырларға протеиндердің, фосфордың және витаминдердің жетіспеушілігі жиі кездеседі. Айғырлар мезгіл-мезгіл жаңа шабылған көк шөп (тәулігіне 15-20 кг) жеуі керек. Қоралардың ішінде тұрғызып айғырларды көк шөп пен қоректіргенде, олардың аяғы ісетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан оларға активті моцион белгіленуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған мал қорасының жобасы
Жылқы малдарының гигиенасы
Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру
Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Ірі қараны күтіп - бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Жылқы гигиенасы
Ісек қойлар
Пәндер