Ісек қойлар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Ветеринария оқу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шымкент аймағындағы ұсақ малдарға арналған мал қорасының жобасы

Орындаған:
ВС-803 топтың студенті Сақанов М.Т.
(Т.А.Ә)

Тексерген: аға оқытушы
Икимбаева Н.А.
(Т.А.Ә)
_____________ ___________
(бағасы) (күні)

Комиссия мүшелері ______________ Тлеубаева А.В.
(қолы) (Т.А.Ә)

______________ Асетова Г.К..
(қолы) (Т.А.Ә)

Семей - 2021ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қой малдарына жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5
1.2 Қой малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ... ... ...6-8
1.3 Қазақстандағы қой шарушылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13
ІІ Физиологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.1 Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
A. Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Б. Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Жылу тепе - теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-19
2.3 Нөлдік балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Қораның табиғи және жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ..21
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы саласының халықты тамақ өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуде көп шаруашылығын атқаратын рөлі өте зор. Оның халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғыанды өзіндік ерекшеліктері өте көп. Сондықтан оның технологиялық процестері биологиялық жағдайларымен тығыс байланысты болғандықтан өндіріс нәтижелері табиғи климат жағдайларға көбіне-көп тәуелді болып келеді. Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен одан алынатын өнімдерді мүмкіндігінше молайту керек. Ол үшін оны өсіруге қолайлы жағдай туғызып қоражайын, жемшөп сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Жер бетіндегі адамзат ерте заманнан жан-жануармен айналысқан, сол кезден малды бағу тәсілін үйрене бастаған, күтіп-бағу және ауырған малды емдеуді сол кезден бастап игерген. Ауырған малға ем жасасам деп; қолынан келген емін жасап жанын аман алып қалған кезде, үлкен жетістіктердің бірі екенін сезінген адам баласы осыны дамыта бастаған.
Қазіргі уақытта ауылдың болашағы қала болашағы екеніне толығынан көз жеткіздік десе артық болмас. Сондықтан да қазіргі ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту басты мәселе.
Қазақстан - еліміздегі ең ірі қой шаруашылықты аудандардың бірі. Республикада еліміздегі барлық қой санының үштен біріне жуығы шоғырланған. Республикамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген.
Көп жылдар бойы жинақталған озат тәжірибелер мен ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, еңбекті барынша тиімді ұйымдастыруға шаруашылыққа технологияның дамыған түрін еңгізуге, қой санының ұдайы өсуін жақсартуға одан мол өнім алуға шопандар, мал дәрігерлері малды күтіп-бағудың, олардың қора жайларыныңтазалығы мен зоогигиеналық талаптарды жақсы білу керек.
Бастысы сапалы мал өнімі және ауыл бағдарламасы. Алдынғы кезде елімізде жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген шикі зат өнімдері мен мал өнімдері әкелінуде, ол бізге экономикалық шығын тигізеді. Сондақтан да Әлемдік Сауда Ұйымы бізге ауадай қажет.

І Әдебиетке шолу
1.1 Қой малдарына жалпы сипаттама
Қой (лат. Ovis aries) -- қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәуліккесозылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді. Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 - 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар - саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар - қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін - ту қой деп атайды.
Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 - 140 килограмм; 50 - 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 - 15; 4 - 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 - 10; 3 - 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 - 6; 2 - 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.
Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары - қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.
Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болған. Жабайы қойдың көз алды мен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын сирақты. Олардың қысқы қоректері ағаш қабықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген. Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді, ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды. Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып келеді. Солардың бірі -- қазақы қой. Қазақы қойлар бертін келе тұқымдарына қарай, өскен жеріне, тұқымына, өсімталдығына, түр-түсіне, жүніне, құйрық, бас, құлақ, бітістеріне, жасына, мінез-әдеттеріне, тағы басқадай ерекшеліктеріне байланысты аталған.
Генетикасы.Диплоидті жасушаларда түрлі қошқарлардың хромосомалары әртүрлі. Бұл сан (2n) 52-ден (қарлы қойда) 58-ге дейін (уриден) . Кейде хромосомалардың саны бір түрдің өкілдерінен, тіпті бір адамнан да ерекшеленуі мүмкін. Ішкі қойлардың әдетте 54 хромосомасы бар, бірақ хромосома саны 50-ден 53-ке дейін болатын жасушалар жиі кездеседі, сонымен қатар, 52-хромосомалық адам басым болған отбасылардың тұқымдары бар . Хромосомалар санынан айырмашылығы бар тұқымдардың өкілдері межеленген және өмір сүретін және жемісті ұрпақ әкеле алады . Муфлон диапазондары (2n = 54) мен уриден (2n = 58) қиылысатын Эльбрус тауларында гибридті шыққан адамдар тобы бар. Хромосомалардың саны 54-ден 58-ге дейін.
Таралуы. Жабайы қойлар батыс, орталық және солтүстік-шығыс Азия да, сондай-ақ Солтүстік Америка ның батысында орналасқан. Еуропада олар Балқан түбегінде тұрды, бірақ шамамен 3 мың жыл бұрын қайтыс болды. Кейбір Жерорта теңізі аралдарында орналасқан муфлон топтарының шыққан жері, олардың нақты жабайы қошқарлар немесе жаңа жабайы аңдар болса да, дау-дамай болып табылады. Көптеген қойлар таулы аудандарда тұрады, бірақ шөл далада өмір сүретіндер де бар, мысалы, кейбір бордақылау популяциясы.

1.2 Қой малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне алдау жасау.
Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрылыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына қарай тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, қылшық, жартылай қылшық жүнді және қаракөл. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты және ауа райы мен жер орайына ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөлінеді.
Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырылған қозылар) қошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп - бағылады:
Тұрғызып қолда ұстап күтіп - бағу жүйесі- көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы - жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады.
Жартылай тұрғызып, жартылай бағып күту жылдың жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0,4-0,5 м және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі.
Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап тұрғызып, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жұқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады.
Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі.
Осы жүйелердің ерекшеліктерімен байланыстыра отырып қой - ешкілерге арнап қоралар мен баздар салынады. Оларды Технологиялық жобалау норма мен Құрылыс нормасы және ережелеріне (СНиП) сәйкестіріп салады. Қой шаруашылығының объектілерін жобалау кезінде олардағы технологиялық процестерге бөгет болмайтын санитарлық мал дәрігерлік және өрттен сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп бірі мен бірін біріктіруге рұқсат етіледі.
Онда қоралардың размерлері ферма бағыты, ұстау тәсіліне байланысты төмендегі кестеде келтірілген

Малдар тобы
Қоралар және малдарды орналастыру тәсілі
1 басқа шаққандағы ферма размері, м.кв.

Товарлы
Тұқымды
Қошқарлар:
Қошқар қоралары немесе жасанды ұрықтандыру пункті.

А) Негізгі аталық қошқарлар
Жекелеме клеткада
3
4
Б) Ремонтті немесе байқау (тексеру) қошқарлар
Топты клеткада немесе сеқцияларда
2,0
-
Қой қоралары:

А) Қозылы аналық қыста, ерте жазғытұры қоздату кезінде
Секцияда
1,8
2,0
Қозылы аналықты жазғы тұры қоздату кезінде
Секцияда
1,0 - 1,2
1,2 - 1,4
Тұсақ қойлармен ремонтағы жас тоқтылар
Қораларда
0,8-1,0
0,9-1,6
Ісек қойлар
Қораларда
0,8-0,9
-

Қой қораларын көбінесе төртбұрыш Г-немесе П-әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларда өндірістік бағытына зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырылады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса,оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады.
Қыста қоздайтын аналық қойларға жобаланған қоралардың бір басынан тұтас,төбеге жететін қабырғамен бөліп, қой қоздайтын және қозы алатын бөлме (төлүйшік) қаралып,қой қоздайтын бөлігінде биіктігі 50-60 см, ауданы 2,0-2,5 м.кв шарбақтан аналық пен қозылар үшін секциялар, ал басқа бөлігінде қозылы қойды жекелеп ұстауға арналған клеткалар жасалады. Қой қоздайтын секцияны жылытатын, ал басқа бөлмелер жылытуға жоспарланбайды. Егер қой қора әртүрлі жасты-жынысты қойларға арналған болса оның іші сол мал тобының санына секцияларға қарағанда бөлініп ортасына төл үйшікпен ұрықтандыру пунктін орналастырады.
Ал қошқар қоралардың планы үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім)жас малдарға арналған секциялар қойылады.
Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда және ет-май бағытындағы, қаракөлді қойларға қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған катондар салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0,5 м.кв., келеді. Қой қоралардың ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қой қораларың еден бетінен (0,00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1,8-2,4 м.болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі, бірақ қабырғаның биіктігі 1,2 метрден төмен болмауы керек. Қой қоралардың бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөліктерінің беттері (жүн шығыны болмауы үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1,0 - 1,2 м.) ескеріледі.

1.3 Қазақстандағы қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел -- Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.[1]Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы -- Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының жеке өсіп-дамуы
Қой мен ешкілердің жұқпалы агалактиясы
Қой негізінен жайылым малы
Қой төлдету технологиясы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Қой шаруашылығы туралы
Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама
Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қозылы қойды азықтандыру
Пәндер