Қазан лингвистикалық мектебі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар

Орындаған: Ярметова Саулет
ДКЛН -11
Тексерген: Ерланова А.Е.

Павлодар 2021

Жоспары:
1. Натуралистік немесе биологиялық бағыт.
2. Психологиялық бағыт.
3. Жас грамматикалық бағыт.
4. Женева мектебі
5. Мәскеу лингвистикалық мектебі.
6. Қазан лингвистикалық мектебі.
7. Логикалық бағыт

Натуралистік немесе биологиялық бағыт.
Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Шлейхер өзінің славян тілдерін зерттеуін тоқтатқан жоқ. Бұл білімдері Шлейхерге неміс ғалымдары ішінде беделді зерттеуші деген атақ алып келді. 1850 жылдың көктемінде Шлейхер Георг Курциуспен бірге Германиядағы неміс - праж университетінің классикалық филология кафедрасына жұмысқа шақырылды. 1852 жылы Шлейхер санскрит және салыстырмалы тіл білімі кафедрасын келіп, таза лингвистикалық бағытта жұмыс жасай бастады. Ғалымның Прагаға шақырылуы оның чех және басқа да славян тілдерінің қайта жетілуіне мүмкіндік тудырды. Шлейхер -- чех тілін өте жоғарғы дәрежеде меңгерген ғалым. Осы кезден бастап Шлейхердің славян тіл білімі бойынша жазылған зерттеу еңбектері шыға бастады:
* 1850 ж. -- чех грамматикасы жайындағы мақаласы (Zeitschrift für die österreich. Gymnasien жинағында),
* 1852 ж. славян тілдеріндегі бірқатар септеулік формалар туралы мақаласы (Sitzungsberichte вен академиясында, 1852 ақпан),
* арнайы еңбек Formenlehre der kirchenslaw. Sprache, erklärend und vergleichend dargestellt (Бонн). Ескі славян тілдерінің морфологиясындағы салыстырмалы - грамматикалық ілімі.

Психологиялық бағыт
Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету - 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Жас грамматикалық бағыт.
Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Женева мектебі
Ф. де Соссюр идеяларына сүйенетін және Женева университетінің дәстүрін дамытатын тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттағы мектептердін бірі. Ж. м. оқымыстыларының алғашқы ұрпағы -- Соссюрдің шәкірттері Ш. Балли, А. Сеше, С. О. Карцевский, екінші ұрпағы -- А. Фрей, Р. Гёдель т.б. Женева мектебінің негізгі зерттеу нысаны әр түрлі тілдердің, әсіресе француз тілінің, материалдары негізінде қарастыратын жалпы тіл білімі проблемалары, индивидуалдық және әлеуметтік құбылыстардың тіл мен сөйлеудегі өзара қатынасы, тіл мен ойлаудың байланысы, семитология, семантика және синтаксис мәселелері. Соссюрдің "Мемуар о перво-начальной системе гласных в индоевропейских языках" (1879) енбегі, оны бүкіл әлем алдында танытты, себебі бүл еңбекте морфологиялық деректерге сүйеніп, ғылымға фонология жүйесін кайта жаңартудың жана принципі енгізілді.
1916 ж. Балли мен Сеше Соссюрдін "Курс общей лингвистики" атты енбегін шығарды. Онда 20 ғ. тіл біліміне, сол сияқты құрылымдық лингвистиканың дамуына зор ықпалын тигізген Соссюря 14көзкарастары баяндалған. Соссюр сөйлеу қызметінің әр түрлі көріністерінен тіл мен сөйлеуді (сөз) бөліп көрсетті. Тіл -- таңбалар жүйесі, әлеуметтік және психологиялык күбылыс ретінде тіл лингвистикасында, ал сөйлеу (сөз) -- индивидуалдық, „сихофизиологиялык күбылыс ретінде сөйлеу (сөз) лингвисти-касында зерттелуге тиіс. Сөйлеушілер алдыңғысына салғырттық білдірсе, соңғысын белсенді түрде қабылдайды. Соссюр лингвистиканы коғамдық таңбалардың өмір сүруін зерттейтін жана ғылымның бір бөлімі деп қарап, оны әлеуметтік психологиямен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар туралы
ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
XIX ғасырдағы тіл білімі
Тіл философиясы
Москва мектебінің лингвистикалық ұстанымдары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер