Жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

“Қазалы ауданының білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы №165 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әндір Айдана Бозжігітқызы

Педагог-психолог

Авторлық бағдарлама

Жасөспірімдер агрессивтілігінің ерекшеліктері және оны түзету жолдары

2016-2017 оқу жылы

С. Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің педагог-психологы Ә. А. Бозжігітқызының «Жасөспірімдер агрессивтілігінің

ерекшеліктері және оны түзету жолдары»

тақырыбындағы авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Ә. А. Бозжігітқызының «Жасөспірімдер агрессивтілігінің ерекшеліктері және оны түзету жолдары» атты тақырыптағы авторлық бағдарламасы - жасөспірім жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы агрессивтілікті анықтау, жасөспірім жастағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерін қарастыратын теориялық көзқарастар жиынтығы. Зерттеу жұмысын жасөспірімдердің заман ағымындағы еуропалық тәрбие ерекшеліктеріне еліктеуі, оның ішінде жеңіл мінез-құлықтылық, шылым шегуді сәнге айналдыру әдеттерінен арылту мақсатында жалпы психология, әлеуметтік психология, педагогика, заң психологияларында балаларға дұрыс тәрбиелеу бағытында қолдануға болады.

Әндір Айдана Бозжігітқызының зерттеу жұмысы мақсат міндеттері айқындалған, жүйелі жазылған және де педагогтарға, психологтарға, оқушыларға және олардың ата-аналарына көмекші әдістеме ретінде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысы оқу әдістемелік кеңестің 19. 01. 2017 жылғы әдістемелік кеңес отырысында қаралып, аудандық оқу-әдістемелік кеңесінде қарау ұсынылды.

Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы: Н. Берекетова

Түсінік хат

Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарын бағыттап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірі болып саналады.

Агрессивті және девиантты мінез-құлық біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Психологияда «агрессия» термині әр түрлі түсіндіріледі. Көптеген авторлар агрессияны зерттеуде оны негативті бағалайды. Бірақ сонымен қатар агрессияға позитивті қарау көзқарасы бар.

Психолог А. А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда - шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.

Агрессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік осындай әрекетке дайындық. Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері . . . 5

1. 1. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері . . . 5

1. 2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелері . . . 7

ІІ бөлім. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелерін іс-тәжірибеде психологиялық түзету жолдары . . . 9

2. 1. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету жұмыстарының ерекшеліктері . . . 9

2. 2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының тәжірибелік зерттелуі . . . 12

Қорытынды . . . 35

Кіріспе

Бағдарламаның өзектілігі. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда, толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жан-жақты дамыған, мәдениетті, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуы оқу-тәрбие процесінің шешуші фактор болуы заңдылық. Тәрбие процесін басқарудың маңызды педагогикалық міндеттері - жастардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру.

Қазақстан-2030 бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы көрсетілген.

Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті де кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Олай болса әрбір ата-ана өз отбасында бала тәрбиелеудің нәзік жақтарын білуі шарт. Өкінішке орай, оқушылар арасында тілден, діннен безген, алдау мен арбау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп қалады.

Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Агрессивтілік жасөспірімдердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.

Агрессиялық мінез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді.

Бағдарламаның мақсаты: жасөспірім жасындағы балалардың агрессивтілігінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және оны түзету, оқушылардың мінез-құлқын ретке келтіру.

Бағдарламаның ғылыми болжамы: Егер, тұлға мінезін қалыптастыру мен жан-жақты дамуына әсер етуші әлеуметтік факторларды жандандырсақ, онда тұлғаның жеке бастық мінез-құлық ерекшелігінің дұрыс бағытта қалыптасуына және жасөспірімдерде агрессивті мінез-құлықтың болмауына әсер етеді.

Бағдарламаның міндеттері:

- Агрессияның байқалуы мен түзету жұмысы барысындағы көзқарас пен агрессиялық мінез-құлық феноменін талдау;

- Теориялық талдау тұрғысында жасөспірімдер агрессивтілігінің ерекшілігін зерттеу;

- Жасөспірім жасындағы оқушылардың аргрессивтілігін түзету жұмысының мүмкіншіліктері және ерекшіліктері.

- Алынған мәліметтер негізінде жасөспірім жасындағы агрессиялық белгісі бар жасөспірімдермен түзету және кеңес беру жұмыстарын өңдеу;

- Сыналушылардың бақылау тобында қолданған әдістеменің нәтижелілігін бағалау;

Негізгі зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, «Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы т. б.

Бағдарламаның теориялық және әдістемелік негіздері: зерттеу жұмысымның мақсатына сәйкес зерттеу нәтижесінде әртүрлі ғылыми әдебиет көздерінен алынған мағлұматтар бойынша жалпы, әлемдік психологияда, жеке алғанда кеңестік және отандық психологияда жазылған психологтар мен педагогтардың, сарапшылардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектеріне, философиялық қағидаларға, еңбектері мен теорияларына шолу жасалынып талданды.

Зерттеу әдістері: жалпы күй-жағдайының диагностикасын, агрессивтілік деңгейін («Әлемде жоқ жануар» тесті, «Басса-Дарки» сауалнамасы, Қарым-қатынастағы агрессивтілікті анықтауға арналған Ассингер тесті) зерттеуге бағытталған әдістемелер, бақылау, әңгіме т. б.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Жасөспірім жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы агрессивтілікті анықтау, жасөспірім жастағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерін қарастыратын теориялық көзқарастарға өзіндік үлестерін қосады. Жасөспірімдердің заман ағымындағы еуропалық тәрбие ерекшеліктеріне еліктеуі, оның ішінде жеңіл мінез-құлықтылық, шылым шегуді сәнге айналдыру әдеттерінен арылту мақсатында жалпы психология, әлеуметтік психология, педагогика, заң психологияларында балаларға дұрыс тәрбиелеу бағытында қолданылады.

1. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері

1. 1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері

Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.

Агрессияның пайда болу себептері туралы әртүрлі ғылыми пікірлер айтылған. Агрессияға қатысы бар ең бастапқы және белгілі теориялық жағдай бұл мінез-құлықтағы агрессияның шығуы жағынан басым инстинктивті, адамзат осындай әрекеттерге генетикалық немесе конституционалды «бағдарламаланып» қойғандықтан агрессия пайда болады.

Тұрмыстық тілде агрессия: «дұшпандықты туғызатын ашық жауласу», ал «агрессиялық» - басып алушылық сияқты, өшпенділік тудыратын, зиянды әсер көрсетуші деп түсіндіріледі.

Жалпы "агрессия" термині зорлық көрсетуде, басып алушылық әрекеттерді белгілеу ретінде кең таралған. Агрессия және агрессиялық әрқашан жағымсыз, өрескел күш, басып алушылық дегендей бағаланады. Негізінде агрессия жағымсыз мінез-құлық ретінде түсіндіріледі. "Агрессия" ұғымында әртүрлі мінез-құлықтар аспектілері бірігеді және нәтижесінде жауыздық, өшпенділік, қарақшылық және адам өлтіру туындайды. Жасөспірімдік өмірде зорлық көрсету мінез-құлық түрлері кездеседі, бұлар "бәлеқорлық", "төбелескіштік", "ызақорлық", "мейірімсіздік" терминдермен анықталады. Агрессивтілік дұшпандылық күй-жағдайына жақын келеді. Дұшпандылық - әрқашан белгілі бір объектісі бар тар мағынаға бағытталған күй-жағдай. Дұшпандылық және агрессивтілік жиі сәйкес болады. Бірақ адамдар қарым-қатынаста өшпенді болғанмен, ешқандай басқыншылық әрекет көрсетпейді. Дұшпандық әрекетсіз де агрессивтілік болады, ешқандай өшпенді сезімсіз адамдарды жәбірлейді.

Психологияда «агрессия» термині әр түрлі түсіндіріледі. Көптеген авторлар агрессияны зерттеуде оны негативті бағалайды. Бірақ сонымен қатар агрессияға позитивті қарау көзқарасы бар.

Бар анықтамаларды шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. Нормалар мен ережені бұзатын және оның негізінде қайғы-қасірет келтіретін агрессия. Бұл топта қасақана және инструменталдық агрессия ажыратылады. Инструменталдық агрессия - адам өз алдына агрессиялық әрекетті мақсат етіп қоймайды, бірақ «осылай тура келді» немесе «әрекеттену керек болды» деп тұжырымдайды. Бұл жағдайдың себебі бар, бірақ ол оны мойындамайды.

Қасақана агрессия - бұл зиян келтіру ұғымында жасалған әрекет. Бұл көзқарасты А. Р. Ратинов да ұстанады. Оның есептеуі бойынша, агрессиялық тұлға қасиетінің мотивациялық құрылымы бойынша жекелік деңгейге толық жатады деп түсіндіреді.

Бұған Ю. М. Антонян үрейлілік агрессия себеп болып табылады деп есептейді. Бұл анасымен қызу байланыстардың бұзылуы салдарынан, яғни депривация ретінде терең балалық шақта қалыптасады. Үрейлілік қорғау мінез-құлықты тудырады. Төмендетілген үрейлілік өзін-өзі бағалауды туғызады, жеке адамда дау-жанжалды қатерлі жағдай ретінде қабылдау төмендетіледі, жағдайлардың диапозоны кеңейеді, экспрессивтілікті және интенсивтілікті жоғарылатады.

Психолог А. А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда - шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.

Психология ғылымында агрессия түсінігі

Автордың аты-жөні
Агрессия - бұл …
№: 1
Автордың аты-жөні: Л. Блендер
Агрессия - бұл …: Объектіге жақындау немесе алыстау тенденциясы;
№: 2
Автордың аты-жөні: Ф. Аллан
Агрессия - бұл …: Адамның сыртқы күштерге төзе алу мүмкіндігін беретін ішкі күш;
№: 3
Автордың аты-жөні: Х. Дельгадо
Агрессия - бұл …: мінез-құлық реакциясы, қоғам мен адамға зиян немесе нұсқан келтірумен көрінеді;
№: 4
Автордың аты-жөні: А. Басс
Агрессия - бұл …: нəтижесінде ауырсыну стимулын алатын басқа ағзаға бағытталған реакция;
№: 5
Автордың аты-жөні: А. Уилсон
Агрессия - бұл …: дене əрекеті немесе бір жақтан болатын қауіп төндіру, ол екінші жақтың еркіндігін тарылтады немесе генетикалық бейімделуін төмендетеді;
№: 6
Автордың аты-жөні: Д. Зильманн
Агрессия - бұл …: басқаларға дене жəне тəндік жарақаттар əкелетін зиян келтіру мүмкіндігі;
№: 7
Автордың аты-жөні: Э. Фромм
Агрессия - бұл …: адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру;
№: 8
Автордың аты-жөні: Психологиялық сөздік
Агрессия - бұл …: Латынша aggress - шабуыл жасау, мінез-құлық, нəтижесінде зиян немесе шығын келтіріледі;
№: 9
Автордың аты-жөні: Р. Бэрон, Д. Ричардсон
Агрессия - бұл …: мінез-құлық, тіршілік иелеріне зиян немесе нұсқан келтіру əрекеті;
№: 10
Автордың аты-жөні: Р. С. Немов
Агрессия - бұл …: Адамның басқа адамға деген мінез-құлқы, оларға жағымсыз жағдайлар туғызып, зиян келтіруге ұмтылумен ерекшеленеді;
№: 11
Автордың аты-жөні: З. Фрейд
Агрессия - бұл …: супер-эгомен басып тасталатын деструктивті күш.

Агрессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік осындай әрекетке дайындық. Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.

1. 2 . Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелері

Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субьектісіне қатысты агрессия мәселесін маңызды әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді.

Жасөспірімдердің агрессивті дамуын түсіндіруді бірінші әрекеттері психоаналитикалық бағытта қабылданған. А. Фрейд сексуалды және агрессивті инстинктердің қарсы тұру, өз әкесінің көзқарастарына қосылып, либидті фазаларға сәйкес агрессивті дамудағы бірнеше фазаларды көрсетеді: дөрекі агрессивтілік, садизм және т. б. Жасөспірімдер психоанализімен шұғылданған А. Фрейд, агрессияны «Мен» инстанциясының қорғау механизмдерінің бірі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес ол агрессия «Мен» өтіп кеткен шамаланған оқиғаларда басынан өткізген үрей мен қорқыныштың көрінуі. Агрессия балаға деген нақты және минималды қауіп-қатер көрінгенде пайда болады. Агрессияға жүгінген бала үрей барысында өзін-өзі ұстауға тырысады. А. Фрейд пікірі бойынша, мұндай мінез-құлық механизмі болып «агрессормен теңестіру» көрінеді, бала оның атрибуттарын қабылдай, кімді қорқытатынын кім қорқатын түрге ене алады. Баланың агрессивті ұмтылуы үрей объектісіне қатысты алдын ала қимылдайтын мінез-құлықта болады.

Жасөспірімдер агрессиясының негізінде үрей жатады деген ойды көптеген психоаналитиктер бөліседі. К. Бютнер жасөспірімдер жасындағы агрессияның едәуір жиі кездесетін екі себебін атайды: «Біріншіден, бұл -зақымдану, өкпелеу, қорқыныш, шабуылға тап болу. Екіншіден, бұл - бастан өткізілген зәбір, зақым немесе өзіне шабуыл».

Әлеуметтік үйрету теориясында агрессия жасөспірімдік шақта әлеуметтік ескертілген мінез-құлық жетістігі болып табылады деп көрсетілген. Скиннер мінез-құлық детерменделген, алдын ала болжалған және қоршаған ортамен бақыланады деп бекіткен. Үйрету теориясы аумағындағы жетістік себептік талдау фокусын ішкі гипотезалық іс қоршаған орта әсеріне ауыстырды.

Агрессияны қалыптастыру механизмдері:

  1. Агрессивті мінез-құлықты басқа адамдар жағынан нығайту;
  2. Бақылау арқылы үйрету;
  3. Өзін қуаттау.

Агрессивті мінез-құлық үлгілері ретінде ата-аналар, басқа адамдар, құрбылармен қатар ақпарат құралдары (теледидар, жарнама т. б. ) ұсынған символдық үлгілер бола алады.

«Гуманистік психология» термині 1960 жылдардың басында А. Маслоу жетекшілігімен психоанализ және бихевиоризм деп аталатын психологиядағы екі едәуір маңызды интеллектуалды ағымдарға өмірге икемді альтернатива тудыру мақсатында бірікті. Гуманистік бағыттың едәуір белгілі жолын ұстаушылар Э. Фромм, К. Роджерс, Р. Мэй т. б. болып табылады. А. Маслоу және т. б. адамның барлық қажеттіліктері туа біткен немесе инстинктивті деп жобалады:

  1. Физиологиялық қажеттіліктер;
  2. Қауіпсіздік және қорғаныш қажеттіліктері;
  3. Бұйым және махаббат қажеттіліктері;
  4. Өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері;
  5. Өзін актуализациялау қажеттіліктері.

Жасөспірімдер агрессиясына келетін болсақ, жасөспірімдердегі физиологиялық қауіпсіздік, қорғану қажеттіліктері мен махаббат қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етуден және пайда болудан бұрын қанағаттандырылуы керек. Егер бұл іске асырылса, жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлық түрінде қорғану реакциясы өнделеді және осыдан жасөспірім өзінің қажеттіліктерінің бір бөлігін іске асыра алады, мысалы, көңіл бөлуде, махаббат және т. б.

Жасөспірімдік шақ жаста невроздардың дамуын зерттеуге арналған жұмыстарда агрессия қиын жағдайларда әсер етудің адекватты емес тәсілі қарастырылады.

Жасөспірімдер агрессивтілігі проблемасын жасөспірімдер психиатриясы және патопсихология мамандар қарайды. Психикалық бұзылулар барысында агрессивтіліктің дамуы тұлғаның конституционалды ерекшеліктерімен ғана анықталмайды, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық факторлармен де анықталады. Жасөспірімдік шақта агрессивтіліктің қалыптасуы көптеген факторларға негізделген. Жасөспірім жасындағы агрессивтілікке мыналар әсерін тигізеді: жанұяда қарым-қатынастардың ерекшелігі, отбасылық тәрбиелеу стилі, сонымен қатар үлкендер, құрбылар көрсететін агрессивті мінез-құлықтың үлгілері.

Сонымен қатар, қазіргі заман балаларының көпшілігі агрессивті мазмұны бар компьютерлік ойындармен әуестенетіндігін атап кеткен жөн. Фильмдерге қарағанда ойындар процеске қатысушы мүмкіндігін береді. Онда жасөспірімдер өзін-өзі іске асыра алады, «суррогат» бейнесімен өзін танытады. Тіршіліктің әртүрлі шарттарын есепке алып, жасөспірім агрессивтілігінің дамуына әсер ететінін анықтайтын фактор сапасында көріне алмайды. Теледидарды балалардың және жасөспірімдердің агрессивтілігінің өсуіне ықпалын тигізеді деп кінәлау - бұл бала өмірін ұйымдастыруға жауапкершілігін арту.

2. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселелерін іс-тәжірибеде психологиялық түзету жолдары

2. 1 Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету жұмыстарының ерекшеліктері

Психоанализде түзету мақсаты - жасөспірімнің «Менінің» күшеюімен анықталады. Жасөспірім проблемаларының қайнар көзі өткен тәжірибесінде көрінеді, сондықтан жасөспірімнің спонтанды «бұзып өтетін» агрессивті әрекеттерде жасырынған терапевт жігері санасыз мотивацияны түсіндірулеріне фокусталады. Терапия процесі проблемалар жасырынған өзінің жағдайын еркін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылады. Негізгі көңіл жасөспірім ментерапевт арасындағы «осында және қазір» эмоционалды қатынастарға бөлінеді. Мұндай директивті емес терапияның мақсаты - жасөспірім өзін тану және басқару тәжірибесін алады, тұлға ретінде едәуір адекватты болады және ағымдағы, келешектегі проблемаларды жеңіп шығады. Терапияның бұл түрі «баланың проблемасынан гөрі тұлғасына шоғырланады». Жасөспірім терапия жүргізумен қатар терапевтикалық процеске жағдай жасауға шақырылған ата-аналарда кеңес (көмек) беру ұйымдастырылады. Жасөспірім әке-шешелік қатынастардың тренингі жанұядағы балалармен қатынасты жеңілдетуге, балалармен өзара әрекеттестік дағдыларын дарытуға, оларда сенситивті түсінікті дамытуға алынған.

Жасөспірім агрессивтілігін түзету сұрағы бойынша едәуір маңызды табулар мінез-құлықтық амал шегінде қол жеткізілген. Агрессияны мінез-құлықтың тауып алған түрі ретінде қарастыратын әлеуметтік үйрету теориясына сәйкес түзету жұмысы жасөспірімнің мінез-құлқының модификациясына бағытталған болуы керек - агрессиялы көрінулерінің бірте-бірте азаюы, сөнуімен бір уақытта жаңа әлеуметтік қажетті мінез-құлықтың құрылуымен.

Түзетудің мінез-құлықтық үлгісі әртүрлі тренингтерде, әлеуметтік іскерліктерде іске асырылады. Түзету бағдарламасы кімге бағытталғанына байланысты тренингтер жасөспірімдердің өздеріне, ата-аналарға, мүғалімдерге бағытталған, сонымен қатар, балалар және олардың ата-аналарымен жұмысқа бірге қатысуға есептелген бағдарламалар да бар. Жасөспірімді өзара әрекеттестіктің конструктивті тәсілдеріне үйрету қатынас жағдайында агрессияның көрінуін жояды. Әлеуметтік іскерлік тренингі шағын (4-6 адам) топ балаларымен ұйымдастырылады және де оларды әлеуметтік өзара қатынас дағдыларының альтернативті агрессияларына үйретуге бағытталған

Оқытудың нақты әдістері келесі тәсілдерге әкеледі:

  1. үлгілеу және қабылдауға болатын мінез-құлық үлгілерін демонстрациялау, ауызша символды түрде игерілетін нәрсені түсіндіру;
  2. жаңа реакцияларды табу және бекіту үшін қажетті жаттығулар (әдетте, рөлдік ойындарды пайдаланады - тіршілік шарттарына жақын жағдайларды ойнау және қажетті қабілеттіліктерді таратуды болжайтын ойындар) ;
  3. мінез-құлыққа реакция түрінде кері байланысты орнату, қажетті әлеуметтік мінез-құлықты қолдау және адекватты емес мінез-құлықты нығайту;

5. әлеуметтік әрекеттестіктің нақты жағдайларында игерілген дағдыларды тасымалдау (12 аптаға дейін) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Конфликт және оның шешу жолдары
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдайын ғылыми әдебиеттер негізінде талдау
Қалыпты агрессивті мінез - құлық
Қазақстандағы девиантты мінез құлықтың көріністері, оның алдын-алу
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz