Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық- санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан- жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Ал, мен кіріспені ҚР Ветерианария туралы заңының 3 бабынан бастағым келіп отыр. Олар: 17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдері мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
Өз тақырыбыма келсем, ботулизм - 1820 -1822 жылдары Кернер колбаса жеп уланған адамда аурудың белгілерін сипаттаған. Мұндағы у минералды және өсімдік уларына өзгеше екенін дәлелдеген.
1897 жылы Ерменгем тұздалған ет (ветчина) жеп уланып өлген адамның талағы мен ішегінен спора түзетін анаэробты қоздырғышты тапқан және оған botulinus (лат. Botulus - колбаса) деген атау берген.
Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды.
Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп суыққа оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады. Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында кездеседі, алайда көбіне консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі.
Барлық ауылшаруашылық өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанып, ботулизм қоздырғышымен зақымданып, сол арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін. Адам ботулизм қоздырғышымен токсинмен уланған тағам түрін пайдаланғанда ғана ауырады.
ҚР Ветеринария туралы заңына сәйкес, мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада ветеринар маманға хабарлауыңыз керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, ветеринар маман келгенше өздігіңізден оны союға болмайды. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау - адамдар мен жануарлардың аталмыш дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жаупапкершілікке тартылады.
Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға - тыйым салынады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - халықты сойыс өнімдерінен жұғатын, соның ішінде ботулизм ауруынан сақтандыру және бұл ауру кезінде сойыс өнімдеріне ветеринарлық - санитариялық сараптау жүргізу болып табылады.
Бұл курстық жұмысымды орындау барысында мынадай міндеттер айқындалады:
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту.
Бұл ауру кезінде сойыс өнімдеріне микроскопиялық, зертханалық зерттеулер жүргізу.
Зерттеу нәтижелеріне байланысты санитарлық баға беру.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

С.Қырықбайұлы 2007жыл практикум бул оқулықта ғалым сойыс өнімдерін трихинеллезге тексерумен қатар финнозға тексеру әдістерін енгізіп баяндаған. Ботулизм адамда және итте т.б жануарларда кездесетін паразиттік ауру. Ботулустар тек жануарларды сойып қарағанда ғана еттің талшықтарының арасында көрінеді. Кейде ботулус орналасқан жер іріңдеп, түсі көкшіл сұрғылт тартады.ірі қараны сойғаннан кейін цистицеркозды анықтау үшін жақ еттерін сырт жағынан 2 рет, іш жағынан 1 рет тіліп қарайды.[1]
Нурғалиев Б.Е. 2011ж. Сойғаннан кейін малдың ішкі ағзаларын және етін белгілі бір тәртіппен тексеріп оларға ветеринарлық - санитарлық баға береді. Егер сойылған мал ауруға шалдыққан болса, тексерген ағзалардан түрлі өзгерістер байқалуы мүмкін. Сойылған малдың басы, тілі, жүрегі, өкпесі, бүйрегі, бауыры, көк бауыры, қарыны мен желіні пышақпен тілініп қаралады. [2]
М.С.Сабаншиев 2011 ж. Адамды ботулизмнен сақтандыру үшін шошқа, жабайы шошқа, аю, сазкүзен ұшаларын міндетті түрде тексереді. Ұшаларды бір жола жойып немесе өтелдеу үшін паразиттің бір данасы да жеткілікті. Бұлшық еті бар басұа ағза өнімдері (субөнімдер) де өтелдеуге кетеді. Шошқаның сырт майын, ет майын 100оС температурада 20 минут бойы шыжғырып ерітеді, ал ішкі майын жарамды деп санайды. [17]
Т.М.Тілеуғали (2005) дерегі бойынша ағзаларын тексеру. Көкірек қуысының үстіңгі лимфа түйіндері - қолқа мен омыртқалардың аралығында жатады. Лимфаны өкпеден, плеврадан, жотаның төменгі бұлшық еттерінен, белдемеден, диафрагмадан, қабырғалардың арасындағы бұлшық еттерден жинайды. Лимфаны омырау лимфа өзегіне құяды. [21]
Көкірек қуысының алдыңғы лимфа түйіндері - жүрекке жақын, қуыстың екі ортасында жатады. Лимфаны өңеш, кеңірдік, өкпе үлпершек, плевра мен диафрагмадан дененің алдыңғы жағындағы тереңде жатқан бұлшық еттерден жинайды. Жиналған лимфаны омырау өзегіне береді.
Бронхтық лимфа түйіндері - сол жақтағы , оң жақтағы және ортадағы болып үшке бөлінеді. Сол бронхтық лимфа түйіні қалың майдың арасында, сол жақтағы бронхтық қасында, қолқаның иілген жерінің астында жатады. Орта бронхтық лимфа түйіні кеңірдектің екі бронхқа бөлінер жерінде жатады.
Кейде ол бронхтық лимфа түйіндерімен де қосылып кетеді.Оң бронхтық лимфа түйіндері оң жақтағы бронхтың түбінде жатады.Лимфаны өкпеден, жүректен, үлгершек, плеврадан жинайды да , көкірек қуысының лимфа түйіндері арқылы омырау лимфа өзегіне береді.
Бауыр, қарын және көк бауыр лимфа түйіндері, осы аталған ағзаларда орналасқан. Шажырқайдың лимфа түйіндері, шажырқай майында болады. Тік ішектің лимфа түйіндері тік ішектің жамбас тұсындағы бөлімінде жатады. Әдетте ол шағын болады, ол шошқа обамен ауырса, бірден көзге шалынады.
Ұшасын тексеру. Мойынның терең лимфа түйіндері - кеңірдектің екі жағын ала орналасқан. Алдыңғы, ортаңғы және кейінгі болып үшке бөлінеді. Лимфаны қалқанша безден, кеңірдектен, өңештен, мойынның тереңгі бұлшық еттерінен жинайды. Лимфа шығаратын өзектері кеңірдек лимфа өзегімен жалғасады.
Мойынның беткей лимфа түйіндері - беткей, төменгі және ортаңғы болып үшке бөлінеді. Оның үстіңгі иық буынының алдында, сәл жоғарырақ жатады. Төменгісі вена күре тамырының бойында орналасқан. Ортаңғысы вена күре тамырдың жоғарғы жағында жатады.
Осы айтылған лимфа түйіндері мойынның төменгі жақ бөлімінде бұлшық еттерден , иық белдеуінен , иық буынынан , алдыңғы аяқтардан және алқым, жұтқыншақ сыртындағы түйіндерден лимфа жинайды, оны омырау мен кеңірдек лимфа өзегіне береді.
Тақымдық лимфа түйіндері - санның бұлшық еттерінің арасында, майдың ішіне жатады. Лимфаны артқы аяқтардың бұлшық еттерінен жинайды да, мықын лимфа түйіндері арқылы белдеме цистернасына береді.
Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері қабанда жыныс мүшелерінің, ал мегежінде емшектерінің жанында майдың арасында жатады. Лимфаны мықын лимфа түйіндеріне береді.
Мықынның дөңгелек лимфа түйіндері - сан артериясының басталатын жерінен сәл жоғарырақ жатады. Лимфаны сан еттерінен, артқы аяқтардан, жамбас қуысындағы ағзалардан және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфа шығаратын өзектері белдеме лимфа цистернасымен жалғасады.
Жамбастың алдыңғы лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының екі ішкі мықын артериялары болып бөлінген жерінен сәл ғана кейнірек жатады. Лимфаны құрсақ бұлшық еттерінің соңғы бөлімдерінен жинайды да, белдеме цистернасына береді.
Шошқа еті сауда орындарында жаты ұша немесе 40 кг аспаса тұтас ұша түрінде түседі. Әрбір жарты ұша 7 бөлікке бөлініп 2 сортқа жатқызылады. 1- сортқа - сан, төс, белдеме жон бөлшектер жатады.Ол жарты ұшанының 95 пайызынан құралады. 2- сортқа алдыңғы және артқы сирақтар жатқызылады-5 пайыз.[4]
Ал ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет комбинанттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өтеді. Бас пен ішкі ағзаларды тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауру белгілері болса ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Ерекше белгілер байқалмаса тіліп қарамайды, себебі кескіленген ұшаның тауарлық құны төмендейді, тоңазытқышқа ұзақ сақтауға келмейді.Сойылған малдың еті тез тартылып жіберілетін болса ұшаның лимфа түйіндері түгелімен тексеріледі.[7]
Ет және ет өнімдерінде микробтар саны көп болған жағдайда жәнеде жағымсыз шіріген, шырышталған болса тексеру кезінде қайнатқан кезде лайлы немесе лас сорпасы болса, 5% сульфат меди ерітіндісін қосқанда ұйып қалса онда өнім жеуге жарамсыз болып табылады және оны утильдеуге жіберу керек.[8]
Мал дәрігерлігі тек қана ауру малды емдеп, жазып қоймайды, ол адамдарды және жануарларды аурулардан сақтандыратынын өздерің жақсы білесіңдер.
Әлемнің әр жерінде, мал және өсімдік өнімдерін тағамға пайдаланғаннан болған ауруларды әртүрлі топтарға бөліп қарайды. Әсіресе, олар жеген тағамына байланысты: егер адам ет жеген соң ауырса - ем тек, балық жеген соң- балықтан уланған деп есептеген
Өздеріңіз жақсы білесіздер, ет пен балық және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер - адамдардың негізгі тағамы болып есептеледі. Ал олар неге адамдарда аурулар (токсикоздар) туғызады?.
Аяқ астынан болған және жаппай уланғанды қалай түсіндіруге болады?
Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін, тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.
Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.
Бұзылған етте болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.
Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады
Адам мен жануарлардың уланғанын ғалымдар бірге қарап, етті уландыратын қоздырғыштарды жинақтай отырып, 4 топқа бөледі. Оның негізгілері болып ботулинус бацилласы және паратифозды бактериялар саналынып, қалғандары уыты күмәнді және нашар зерттелген микроорганизмдер қатарына жатқызылды.
Қоздырғыштарды бұндай бөлу, уланудың бар сұрағын ашпаса да, еттен болатын улануды әрі қарай зерттеуге үлкен жол ашып берді. Мысалы:
Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер де ауру (токсикоздар) туғызады. Бұдан басқа кейбір балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді, білместіктен тағамға пайдаланса, токсикоздар туғызады.
Көптеген ғалымдар астан кейін болатын аурулардың классификациясын құрастырып, ізделуде.
Бұл бағытта Алматы Агротехникалық университеті Ветеринариялық-санитариялық кафедрасы көп еңбек сіңірді. Бұлар еттен, балықтан уланған деген атауларды алмастырып, тағамдық аурулар және тағамдық токсикоздар деп атады.
Мысалы, бактериялар бөлген уыты бар тамақты жеп уланған адамның ауруының атын тағамдық бактериялармен улануы немесе тағамдық токсикоз деп атады, ал өсімдікпен уланғанда - фитотоксикоз; егер де саңырауқұлақтың улы заттарымен уланғанда - тағамдық микотоксикоз немесе қазақшаласақ тағамдық саңырауқұлақтармен улану, ал минеральді және синтездік (синтетикалық) заттармен уланғанды - тағамдық химиялық улану немесе тағамдық химиялық токсикоз.
Сондықтан бұндай бағыт барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақтауға көмек берді және оған мынандай анықтама берілді. Сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және инвазиялық ауруларлдың (топалаң, туберкулез, бруцеллез, тениарринхоз) көзі болуы мүмкін. Одан басқа аурулар тудыры да, олар токсикоинфекция және токсикоз деп аталады. Бұлардың барлығы тек азықтан болатын аурулар, оларды екі топқа бөледі.
1. Бактериясыз болатын тағам аурулары; Бұл топқа организмге әр түрлі жолдармен түскен улы химикаттармен улы заттар бар тағмдармен улану.
- жануарлардан алынатын өнімдермен улану (улы балықтар: бауыры, уылдырық
- улы саңырауқұлақтармен, улы жеміс-жидектер.
- Себебі белгісіз уланулар; тамаққа аллергия және тағы басқа.

Бактериялар мен микробтар арқылы болған тағамдық аурулар. Бұл 2 түрге бөлінеді:
1. Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl.perfringens, B. сereus.
2. Тағамдық токсикоз - дегеніміз микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың (сыртқы улардың) организмді улауы. Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. Экзотоксиндерді өнімдерде коккилі микроорганизмдер (стафилококки, стрептококки) анаэробты микрооргнизмдер және улы саңырауқұлақтар (Cl botulinum) деп жазады өз дәрісінде мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау оқу әдістемелік кешенінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің ғалымдары.

Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар дегеніміз - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.
Сондықтан да, уланудың классификацияның негізіне жеген тағам атына емес, уланудың себептері алынады.
Тағамдық аурулардың классификациясы (бөлінуі)
Тағамдық инфекциялар - туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, түйе обасы, орнитоз, аусыл және басқа да адамға, малға ортақ аурулардың (зооантропоноз) қоздырғыштары тағамдық инфекциялар туғызады. Бұдан басқа бұл топта жануарларда кездеспейтін, кейбір адам ауруларының қоздырғыштары (іш сүзегі (брюшной тиф), холера (тырысқақ) дизентерия (жұқпалы іш ауруы). Бірақ бұлар да тағам арқылы жұғады.
Ботулизм - малдың орталық нерв жүйесін зақымдап жақ, жұтқыншақ және тіл еттерін жансыздандырып параличке ұшыратады. Clostridium botulinum уынан болатын аса қауіпті ауру.
Ауру қоздырғышы: Clostridium botulinum. Оның пішіні таяқша тәрізді, ұзындығы 4 - 5 микрон, ені 1, 2 микрон. Спора түзеді. Спорасы микробтың бас жағында орналасады, сопақша болып келеді, теннис ракетасында ұқсайды, қазіргі кезде микробтың А, В, С, D, Е, F, V деп аталатын 7 токсинді түрі бар. Олардың айырмашылығы - иммундық биологиялық қасиеттерінде әрбір түрі сыртқа өзіне тән уыт бөліп шығарады. Әрбір өткір уытты өзіне сай сары су ғана қайтара алады.
Clostridium botulinum етті тағам, өсімдік тектес азық арасында, оттегі жоқ, ылғалы мол, реакциясы бейтарап немесе сілтілі жағдайға душар болса айналасына уыт бөліп шығарады. Бұл үшін бірден - бір қолайлы температура 25 - 28 темп.
Азық қышқылы рһ - 3 - 4 болса, ас тұзының концентрациясы 10% - тен асса мұндай жерде ботулинус өсіп - өне алмайды.
Удың соншалық күшті екенін мына мысалардан көруге болады: Американ зерттеушілерінің байқаушына 28,3 грам уыт 24 мың сиырды сеспей қатырады.

Жасырын кезеңі-бірнеше сағаттан соң 16 күнге дейін (жиірек-1-3 күн). Барлық малдардың негізгі клиникалық белгілері шайнау және жұтыну қызметін атқаратын еттердің параличі болып есептеледі. Әуелі шайнауға енжарлық, есінеу, сілекей ағу және жеңіл шаншулар бөлінеді. Одан кейін паралич дамиды. Жемшөпке ынталық сақталып, шөлдеу күшиеді, бірақ жұтыну актісі қиындайды, сондықтан жемшөп ауыздан төсіп қалады, ал су төгіледі. Әрі қарай төменші жақ пен тілдің параличі басталады.
Диагнозы сыпатты клиникалық белгілері мен анамнездің деректері (аурудың белгілі бір жемшөпті жеуіне байланысты) негіздеріне қояды. Токсинді табу үшін лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Тексеруге күдікті жемшөпті (100-200 гр), асқазанның ішіндегілерді (50-100 мл), қиды (100-200 гр) алады. Материалды лабораториағамұзы бар термоспен консергіленбеген күйінде жеткізеді.
Жемшөпті дайындағанда және сақтағанда, әсіресе сүрлемені, топырақпен ластанудан сақтайды. Бүлінген, зеңделген жемшөптермен малды тамақтандыруға болмайды. Суланған жемшөпті (ет, консерві және т. б.) 2 сағ. кем емес уақыт қайнату қажет. Ауру шыққан жағдайда токсині бар күдікті жемшөптерді рационнан алып тастайды. Ауырған малдарды емдейді. Ауру малдарды етке союға тыйым салынады.
Ұшаны барлық органдармен және терісімен қоса жояды. Аң өсіруа шаруашылықтарында профилактикалық мақсатпен мамыр-шілдеде күзендерді формолквастық вакцинамен вакциналайды. Иммунитет 2-3 аптада пайда болады және бір жылға дейін сақталады.
Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді. Ботулизм адамнан адамға жұқпайды. Ботулизм қозырғышы өте улы, егер адам ботулизм уымен зақымданған тамақты жұтпай, тек аузына алса да улануы мүмкін. У тез адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады.
Ботулотоксинмен уланғанда адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін, бұл көз нервісі жүйесінің зақымдануына байланысты болады. Онан соң жұтыну қиындап, мойны, дене бұлшық еттері әлсіреп, іш қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтанда тамақтан уланудың ботулизмнің алдын-алу үшін базарлардан, сауда дүкендерінен сапасы белгісіз, сапасын куәландыратын құжатсыз сатылып жатқан үй жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатып аларда үлкен көңіл бөлінуі керек. Үйде қолдан консервілеу, қақтау, сүрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, шикі заттың тасымалдануы, сақталынуы, санитарлық-гигиеналық, термиялық өңдеу ережесінің сақталуы, қатаң қадағалануы тиіс.
Сонымен бұл ауру жануарлар өнімдерінен адамға жұғатын болғандықтан оның клиникалық белгісіне тоқталмай кетуге болмас: Инкубациялық кезең 2 сағаттан 8-10 тәулікке дейін, аурудың жоғары ауырлық дәрежесінде инкубациялық кезең қысқа болады. Ботулизм клиникасы 3 негізгі синдромдардан тұрады: салдану, гастроэнтеральді және жалпы интоксикациялық.Әдетте кенттен жалпы әлсіздік, бас ауруы, бас айналу және ауыз құрғаудан басталады. Көз көрудің нашарлауы (дипиопия, миопия), әрі қарай зақымдалу үдей түседі. Көз қарашығының кеңеюі, қабақтарда птоз, аккомодация, салдануы, стробизм және нистагм. Жұмсақ таңдайдың (қақалу) және кеңірдек бұлшықеттерінің салдануы (афония) тән. Жұтунудың бұзылуы да пайда болады. Артикуляция бұзылысы, мимикалық және шайнау, мойын, қолдардың және тыныс алу бұлшықеттердің парезі пайда болады. Есі сақталған. Ауру ағымының нашар белгісі болып-тыныс алудың бұзылуы (ауа жетіспеушілігі, көкірек қуысындағы ауыр сезімі) саналады. Диафрагманың тыныс жойылуынан және тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен - беткейлік тыныс пайда болады. Ботулизмде өлім себебі- жедел тыныс жетіспеушілігі.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Азықтық токсикоинфекция мен токсикоздар және оның алдын алу шаралары.

Сойыс өнімдерінен тек қана жұқпалы немесе инвазиялық аурулар ғана жұғып қана қоймайды, сонымен қатар азықтық уланулар аурулары болуы мүмкін, бұған токсикоинфекция және токсикоздар жатады.
Токсикоинфекция және токсикоздар адамға өте қауіпті. Жітілі азықтық уланумен қауіп төндіреді. Сөздің өзі "азықтық улану", "азықтық токсикоинфекция", "азықтық токсикоз" дегендер аурудың тағамынан болатынын көрсетеді.
Азықтық ауруларды екіге бөледі:
1) Бактериалды емес азықтық ауру.
2) Бактриалды немесе микробты текті азықтық ауру.
1) Бактериалды емес азықтық ауруларға келеселер жатады:
а) органикалық және органикалық емес улы заттары бар азықтық тағамдар және ядохимикаттар;
б) улы балық, улы уылдырық, бауыр, т.б. жеуден болады.
в) улы өсімдіктерден: жидектер, саңырауқұлақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық, бал микрофлорасы
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Биологиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Микроклимат. Ластану
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Ботулизм
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар
Пәндер