Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Л
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан территориясында ислам дінінің таралуы
Түркістан, 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3
1 Ислам дінінің Оңтүстік Қазақстанға енуі және оның келу себептері . . . . .
4
2 Түркі тайпаларының Араб экспансиясына қарсы белсенді күресі . . . . . . . .
8
3 Ислам дінінің терең таралу кезеңі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
13
4 Көшпелі қоғамның мәдениеті мен әлеуметтік өміріне исламның тигізген әсері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
19
5 Дара дәстүрдің негізін қалаған ислам ұлы Дала тұрғындарының идеологиясына енгізген өзгерістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
20
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
25
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
27
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қарастырылып отырған тақырып қазіргі таңда маңызды тақырып. Бұл тақырыптың ең басты маңыздылығының бірі болып табылады. Тұңғыш президент Назарбаев Н.Ә: Ислам діні - адамгешілік пен ізгіліктің, бақыт пен байлықтың қайнар көзі. Біз тетігіміз түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек деген елбасымыздың осы насихат сөздері тақырыптың бастамасы болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан территориясында таралған ислам дінінің Қазақстан мемлекетінің мұсылман мемлекеті болғанын бүкіл мұсылман әлемі мойындағанын баяндау мақсатымыз болып табылады.
oo Ислам дінінің Оңтүстік Қазақстанға енуі және оның келу себептерін талдау;
oo Түркі тайпаларының Араб экспансиясына қарсы белсенді күресін көрсету;
oo Ислам дінінің терең таралу кезеңінің ерекшеліктерін сараптау;
oo Көшпелі қоғамның мәдениеті мен әлеуметтік өміріне исламның тигізген әсерін зерттеу;
oo Дара дәстүрдің негізін қалаған ислам ұлы Дала тұрғындарының идеологиясына енгізген өзгерістерін анықтау.
Зерттеудің объектісі: Оңтүстік Қазақстан территориясы.
Зерттеудің пәні: Ислам діні.
Негізгі ұғымдар: Таралу процесі.
Хронологиялық кезең: VII-ғасырдан қазірге дейін.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе, 5 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1. Ислам дінінің Оңтүстік Қазақстанға енуі және оның келу себептері
Қазақстанда исламның таралуының басталуы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты.
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады (Қосымша - 1). Профессор Сабри Хизметли өзінің орта ғасырлар тархи және өркениеті атты кітабында "Турктердің Исламмен танысуы өте ертеде кезеңдерде болғанын айтатындар бар". Яғни туріктер Талас соғысынан бұрын исламды танып қабылдаған деп дерек беріп кетеді. Бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңтүстікте Солтүстік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Саид (Үнді) өзеніне дейінгі жерлерді бағындырып, алып империяға айналды. 235 Қазақ тарихы журналының тілшісі Жанұзақ Ғизатов Исламның Қазақстанда таралуы атты мақаласында арабтардың Орталық Азияға, Тұран еліне жорығы, исламды күштен енгізу әрекеті және исламды енгізудің бейбіт жолына қатысты деректер келтіреді [2].
Бұл мақалада: Арабтар ислам дінін тарату мақсатындағы бір ғасырға жуық жүргізілген жорықтары нәтижесінде көрші елдерден көптеген жер иеленіп, ірі империяға айналды. өздерінің солтүстігіндегі Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғаныстан елдерін бағындырған Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солтүстікке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғаныстанды жаулап алып, 705 жылы Мауереннахр жеріне әскери жорығын бастайды. Құтайба ибн Муслим (Қосымша - 2) бастаған араб әскері 710-712 жылдары Бұхара мен Самарханды, 714 жылы Шаш пен Ферғананы алады, -- деп жазған. Жоғарыда Кәріпбеков Айтбайдың кітабынан алынған мәліметті Жанұзақ Ғизатов та: Араб қолбасшысының бірі Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді, - деп айта келе, ары қарай: Арабтардың исламдандыру жорықтарының қарқынды жүргізілуіне қарамастан, түріктектілер арасында мұсылмандану алға жылжи қоймады. Осы кезде Орта Азия мен Қазақстан аумағын мекендеген түркі халықтарының тарихына, діни болашағына зор ықпал еткен оқиға, яғни 751 жылдың шілде айында Тараз қаласы маңында Атлах қамалы жанында болған соғыс (Қосымша - 3).
Соғысқан екі күштің бірі - Қытайлар сол жылдары Жетісудың көп жерлерін бауырына басып, енді оңтүстік аймаққа мойнын соза бастаған. Түрік тайпаларының бытыраңқылығын, арабтарға қарсы қорғаныс кезіндегі қарбаласты пайдаланып, Қытай әскері Тұран жерін ешкіммен бөліспей, түркілерді түріп тастап, өзі тұтас иемденуді мақсат етті. Ал бұл соғысқа қатысқан екінші жақ - Түрік тайпаларының қолы Араб әскерінің қолдауымен Қытай әскерін кері бас көтере алмастай етіп, ойсыраты жеңді. Әл-Макдиси өзінің Әл-Баду әт- Тарих еңбегінде бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті, - деп жазған. Атлах түбіндегі жеңіс түркі халықтарын Қытай құлдығынан, оның будда дінінен аман сақтап, ислам өркениетімен дамуына жол ашты, - дейді. [2, 18 б.].
Осы жерде мына бір дерекке назар аудара кеткен жөн сияқты. Түркеш елін 748 жылы қытайлар басып алды. Түркештер соғды жерінде соғысып жүрген арабтардан көмек сұрауға мәжбүр болғанда, арабтар белгілі шарттар қойды. Десек те, ол бізге тарихи тұрғыда түгел жетпеді. Сол шарттарының бірі - түркеш қағанатына дін таратуға рұқсат беруін сұрайды дейді Халифа Алтай атындағы Халықаралық Ислам қайырымдылық қорының директоры, тарихшы Абдрахман Ескендір. [3]. 751 жылы Атлах қаласының түбіндегі шайқас жөнінде Кәріпбеков Айтбай өзінің шежіре-кітабының Ислам атты бөлімінде: Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. Арабтардың келуімен бірге Орта Азия мен Қазақстан аумағында ислам діні кеңінен тарай бастады, - деп жазған. [1, 10-11 бб. ]. Осы Атлах түбіндегі шайқастан кейін ислам діні Қазақстанның оңтүстігіне кеңінен тарала бастады. Ал, Қазақстанның Атырау, Орал, Маңғыстау қатарлы батыс өңір аймақтарының бір кездері Хазар қағандығының жері болғанын ескерсек, ислам діні Қазақстанның батысына Хазарлар арқылы (732 жылы) тым ертеде келгеніне мына бір дерек арқылы көз жеткізуге болады: VII ғасырдың екінші ширегінің басында арабтар, Арменияны, Грузияны және Албанияны жаулап алған соң Хазарлар еліне жасаған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталды. Хазарлардың VII-Х ғасырларда солтүстік-шығыс Каспиймен Еуропаның шығыс бөлігінің көп жерін алып жатқан куатты мемлекет болғанын тарихтан білеміз [4].
692 жылы Армениядағы араб билеушісі ибн Огбай Албания арқылы өтіп, Хазарлардың шапқыншылығынан берік қорғаныс жасау мақсатымен Дербент қамалын алды. Осы қамал араб пен хазар күштерінің қолына 40 жылдай алма кезек көшіп отырды. Хазарлар Араб халифатының 236 солтүстік өңірлері үшін қауіпті күш болып қала берді. 721 жылы хазарлардың Арменияға басып кіріп, ондағы арабтарды талқандаған кезі болды.
Арабтар шешуші шайқасқа дайындалды. Кавказдағы белгілі араб қолбасшыларының бірі Мерван 150 мыңдық әскермен Хазарияға жорық жасап, Еділдің жағасында хазар әскерін талқандайды. Бітім сұраған хазарлардан Мерван қолбасшы мұсылмандықты қабылдауды талап етеді, сөйтіп Хазар елі біраз уақыт мұсылмандықты ұстанды [5]. Осы дерекке орайлас келетін дінтанушы, зерделі ғалым Мұртаза Бұлұтайдың жазғандарына көңіл аударсақ: ...Академик Бартольд және профессор Таниұең алғашқы мұсылман түркі мемлекеті Қарахандықтар емес, 732 жылы исламды ресми түрде қабылдап, 68 жыл мемлекеттік дін еткен Хазар әулеті болған, - дейді [6]. Орта Азияны исламдандыруға қатысты келесі бір деректе: Кеңестік республикалар территориясында араб жаулап алушылары алғаш рет Солтүстік Иранды бағындырған соң, VII ғасырдың 30-жылдары келе бастады. 639 жылы араб әскері қазіргі Азербайжан территориясына басып кіріп, одан әрі Дағыстанға енді, VII ғасырдың 40-50- жылдары Дербентті басып алды. Иран территроиясын жаулауды аяқтаған соң, Араб әскері VII ғасырдың 70-жылдары Амударияға келіп жетті. Бұл өзеннің арғы жағындағы территорияны арабтар Мауереннахр деп атаған. Мауереннахр толығымен 706-716 жылдары бағындырылды. Бағындырылған территорияларды исламдандыру үрдісі бірнеше ғасырларға созылды, жергілікті халық үлкен қарсылық танытып отырды. Ол кезеңде исламдандыру үрдісі халықты күштеп бағындырумен қатар, экономикалық механизмдермен де жүріп жатты. Исламды қабылдағандар жанбасылық алым-салықтан (жизья) босатылды. Араб жаулап алу соғыстарынан кейін (VIIІ ғасырдың ортасы) КСРО территориясына дінді тереңірек енгізу негізінен дінді уағыздау жолымен іске асырылды делінген.
2 Түркі тайпаларының Араб экспансиясына қарсы белсенді күресі
VII ғасырдың 70-жылдары Амударияға келіп жетті. Бұл өзеннің арғы жағындағы территорияны арабтар Мауереннахр деп атаған. Мауереннахр толығымен 706-716 жылдары бағындырылды. Бағындырылған территорияларды исламдандыру үрдісі бірнеше ғасырларға созылды, жергілікті халық үлкен қарсылық танытып отырды. Ол кезеңде исламдандыру үрдісі халықты күштеп бағындырумен қатар, экономикалық механизмдермен де жүріп жатты. Исламды қабылдағандар жанбасылық алым-салықтан (жизья) босатылды. Араб жаулап алу соғыстарынан кейін (VIIІ ғасырдың ортасы) КСРО территориясына дінді тереңірек енгізу негізінен дінді уағыздау жолымен іске асырылды делінген. [7].
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутейба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан- лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.[8].
Кәмел Жүністегінің бас редакторлығымен жазылған шежіре-кітаптағы мәлімет те жоғарыда аталған Бұқара тарихын жазған Наршахидің айтуына орайлас келеді: Мұсылман дінін күштеп тарату жолын ұстанған Құтайбаның әскері Бұхара қаласын үш рет алады. Бірақ қала әскер кеткен сайын қайта көтеріліп, төртінші шабуылдан соң ғана жаңа дінге мойынсұнған. [9, 41 б.]. Исламды зорлап қабылдап, күшпен ұстап отыру кейінгі замандарда да көрініс тапқандығы жөнінде академик В. Бартольд 1968 жылы баспадан шыққан еңбегінің 5-томында: Исламды қазақ халқына толық тараттым деген Мұхаммед хан (1416 жылы қайтыс болған) мұсылмандықтың бір белгісі саналатын бас киім киіп жүру тәртібін бұзғандардың басына шеге қағып өлтіріп отырған - деп жазады. [10]. Арабтар басқыншылық мақсатпен қалың елді отарлаумен бірге таза идеологиялық саясат та жүргізді. Олар Тұран атауын Түркістанға айналдырды. Бұхарадан өзге елдімекен атауларын түгел өзгертті. Сонымен бірге халық атауларын да жаппай арабтандырды [11].
237 Тұран атауын араб жаулап алушыларының Түркістан деп атауы жайлы Абд ул-Жалил баб (Хорасан ата) кітабының авторы Сейт-омар Саттарұлы: Шығыс түркі мемлекеті 645-648 жылдары қытайлықтардан жеңілген соң, нашарлап, ел көп қиыншылық көрген. 704 жылы Жетісу әкімдігі түркештер қолына өткен еді. Түркілер енді соғдылықтарға жәрдем бере бастады. Орта Азия халықтарының қарсылығы, араб ру басыларының өзара кикілжіңдерінің салдарынан арабтар VII ғасыррда Орта Азияны толық игеріп бағындыра алмады, - дей келе: - Осы жерде бір тарихи шындықтың бетін ашуға тура келеді. Араб жаулап алушылары келемей тұрып бұл өлке Тұран деп аталған. Арабтар жергілікті халықтың атауымен бұл өлкені Түркістан, яғни түркілер елі деп атайды. Қолда бар жазба деректер соны көрсетеді. Бұл өлкені орыстар жаулап алған соң мұнда тұратын ұлттар мен ұлыстардың белінен бір-ақ сызып Орта Азия деп атады. Түпкі мақсат бұл өлкеде тұратын халықтардың жадынан ескі елдік атауды өшіру болатын, - деп жазған. [12, 326 б.].
Орта Азия халықтарын ислам дінін күштеп енгізуіне қарсы бас көтеруі жайлы және одан әрі исламдандыру үрдісі бейбіт сипат ала бастағаны туралы келесі деректер мәлімдейді. 770 жылы Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солтүстікке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776-780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен VIIІ-Х ғасырларда жүргізілді [1, 10-11 бб.]. Жағарыдағы мәліметті мына бір деректер де растайды: Жаулап алынған халықтардың кейбір жерлерінде халық 2-3 ғасыр бойына араб жаулаушыларына, ислам дінін қабылдауға қарсы шайқасты. Мысал ретінде, Азербайжан халқының Бабек қолбасшылығымен болған күресі, Орта Азиядағы Муканнаның көтерілісі, т.б. келтіруге болады. Дегенмен де, бұл халықтар біртіндеп исламды қабылдауға мәжбүр болады. ІХ-Х ғасырларда исламның негізгі құдайға сыйыну орталығы алдымен Иракқа, одан кейін Иранға және Орта Азияға ауысады [13, 94 б.].
Ал енді Қазақстан тарихы очерктерінде Қарлұқ қағанатына араб өктемдігі орнағаны туралы: 893 жылы жылы самани Исмаил ибн Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қаланы ұзақ уақыт қоршаса да шыдайды, бірақ ақырында қала құлап, оның халқы ислам дінін қабылдайды. ... Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін азғана бөлшегінде ғана араб өктемділігі орнайды. Фараб, Исфиджаб, Тараз сияқты қалалар саяси күрестің небір қиын- қыстау кезеңдерінің өзінде, ерте орта ғасыр дәуіріндегі араб тарихшыларының айтуынша, арабтар үшін тынышсыз жерлер болып қала берді. [14, 63-64 бб.].
Қазақстан тарихы очерктерінің Қазақстан орта ғасырда атты екеніші бөлімінің Ерте және дамыған ортағасыр мемлекеттері (VI-XIII ғғ. бас кезі) атты алғашқы тарауының авторы Б.Е. Көмеков: Араб жағрафияшысы Ә-Марвизи (ХІІ ғ.) қарлұқтар құрамында тоғыз тайпа болған дейді. Қарлұқ конференциясына Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның: тұхси, шігілдір, әзкіштер, түргештер, халаджылар, чаруктер, барысхандар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілді тайпалары енген, - деп жазған. Демек, Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан тұсында ислам дінін қабылдаған қарлұқ конфедерациясының тайпалары Қазақстанның тек Фараб, Исфиджаб, Тараз сияқты қалаларына орналасқан оңтүстік аймағын ғана алып жатқан. 766 жылдан өмір сүріп келе жатқан Қарлұқ қағандығы 940 жылы құлатылады да, мемлекеттік билік Қарахан әулетіне өтеді. [15]. ...Амудария Қарахандар мен Ғазнауилер арасындағы шекара болып табылады. Солтүстік Қарахан мен Қыпшақ хандығының шебі Тараз қаласына жуық өтетін. Ал Солтүстік- шығыс бетте Қарахандар шекарасы Балқаш көлі мен Алакөл шетінен аспайтын. Шығыста олар ұйғырлармен шектелетін, Қарахандардың оңтүстік шығыстағы иелігі Шершенге дейін 238 созылатын. Олардың Батыс пен оңтүстік-батыс жаққа қарай жылжуы Оңтүстік Түркменияда салжықтар қарсылығына, Амударияның төменгі бойында Хорезмшах қарсылығына тап болады. Бұдан кейінгі екі ғасыр бойына Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мауараннахдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін кең көсіліп жатады. [16, 71 бб.].
А.Кәріпбеков Қазақстан территориясында ислам дінінің алғаш қабылдануы жөнінде: Осы кезеңде қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рөл атқарды. 10 ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің діні деп жариялады. Алғашқы кезде ислам діні қалаларда тарай бастайды. Қазақстан жерінің ислам дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтүстік аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. Бәлкім, осы кезде болар, 10 ғасырда араб жиһангезі Әбу-Л-Қасым ибн Хаукалдың: Тараздан әрі қарай бірде бір мұсылманды көрмегенін жазатыны, - деп тұжырым жасайды. [1, 11 б.].
Академик В.В. Бартольд: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді [17]. - деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты ұмытпады... [18]. Жанұзақ Ғизатов исламды енгізудің бейбіт жолына қатысты деректерінде: Мұхаммед пайғамбар исламды тарату үшін сахабаларын жан-жақты аттандырғанда, мұсылмандықты қабылдаған әр ұлттың салт-дәстүріне сергек қарауға, қиянат, зорлық жасамауын қатаң тапсырған. Пайғамбардың бұл өсиетін ұмыт қалдырған Құтайба ибн Муслим, Зияд ибн Салих сияқты арабтың әскербасыларының зорлық-зомбылығынан ислам діні түріктектілер арасында ойдағыдай тарай қоймайды. Қару күшімен талаптарын орындата алмаған арабтар, үгіттеу, сендіру деген пайғамбар өсиетін енді естеріне алады. Сөйтіп, 780 жылдардан бастап Қазақстан аумағына арабтардың әскери жорықтары тоқтатылады..
3 Ислам дінінің терең таралу кезеңі
Ислам ұлы дала өркениетінің өзегі, халқымыздың рухани тірегі болып келеді.Мың жылдық тарихы бар жұртымыз орта ғасырлардың өзінде Еуропа және Азия ел-дерімен Жібек жолы арқылы сауда жасады. Сол дәуірде өркениеттен қол үзбей, мә-дениеті мен тарихын жаңғыртты. Орта Азия мен Еуропаны байланыстырған осынау сауда жолының бойында тарихи қалалар мен алыстан мұнарасы менмұндалаған мешіттер салынды.Байтақ даланың тұрғындары рухани негіздерін Исламнан тауып, діннің адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, өздерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын байыта түсті. Орталық Азия - Исламның таралу аймағы ғана болып қалған жоқ. Сонымен қатар, баршамызға ортақ тарихи дініміздің даму, өркендеу орталығына айналды. Орталық Азиядан шыққан имам Мұхаммед әл-Бұхари, Әбу Ләйс ас-Самарқанди, Әбу Мансұр әл-Матуриди, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Жүсіп Баласағұни сынды ойшыл-ғұламалар әлемдік Ислам өркениетіне үлкен үлес қосты. (Қосымша - 4).
Осылайша, Орталық Азияда исламдық дәстүрлі ағарту мектебі қалыптасты.Ұлтымыздан шыққан ойшылдар, дін білгірлері - Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкірім Құдайбердіұлы, т.б. өшпес рухани мұра қалдырып кетті. Әлемдік деңгейдегі ойшылдарымыздың тұлғалары мен олардың орасан еңбектері күллі мұсылман үмбетінің мақтанышына айналды. Бүгінде дүниежүзі мұсылман ғалымдары бізді - Орталық Азия мұсылмандарын сол ұлы Ислам ғалымдарының тікелей ұрпақтары деп санайды. Бізге берілген бұл мәртебе баршамызға зор жауапкершілік жүктейді.Исламды түріктектілер арасында насихаттау мақсатында оқымысты, исламды жетік меңгерген арабтар келе бастады. Бұлар халық арасында қожа атымен белгілі,- дей келе, Өзбекстан тарихында 710-800 жылдары Бұхара, Самарханд, Хиуаға Арабстаннан 6 мыңға тарта жанұя қоныс аударғаны айтылады деген мәлімет келтіреді [2, 18 б.]. Ж. Ғизатовтың Арабстаннан 6 мыңға тарта жанұяны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz