Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси белсенділігі


И
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Сұлтанбек Қожанов - мемлекет және қоғам қайраткері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі: Зерттеу жұмысымызға арқау болған ұлт ардақтысы алаштық идеяны іске асырушы С. Қожановты еске алып тарихтағы орнын біле отырып, ұлағатты өмірін жастарға өнеге ретінде насихаттау. Осы орайда, ХХ ғ. 20-жылдардың ортасындағы С. Қожанов бастаған саяси элитаның кеңестік үлгідегі ұлттық мемлекеттілік құрудағы, білім беру мен мәдениет саласындағы қажырлы қызметі тәуелсіз, жасампаз Қазақстан жағдайында да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан тарихы беттерінде беймәлім болып келген Сұлтанбек Қожановтың саяси және қоғамдық іс-әрекеттері және оның шығармашылық мұрасын насихаттау және көпшіліктің ортасына салып талдау жасау қажет.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы, ел мүддесі жолындағы асқақ дара жолын қарастыра отырып, тақырыпты жан-жақты зерттеп маңыздылығын анықтау.
- Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси атқарған қызметінің ерекшеліктерін сараптау;
- ұлттық мүдде үшін күресін көрсету;
- әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры тұстарын талдау;
- С. Қожановтың қудалану үрдісін зерттеу.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: баяндама кіріспе, 4 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси белсенділігі
Сұлтанбек Қожанов ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның көрнекті қоғам қайраткері. Ол елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. 1916-шы жылы Орта Азия мен Қазақстанды ұлт-азаттық көтеріліс жалыны шарпыды. Халық отарлық езгіге қарсы шықты. Патша үкіметі көтерілісті қарулы күшпен басып тастады. Ел жағдайы нашар, шаруашылық деңгейі төмен сауатсыз, қараңғы, кедей қалпында қала берді. Осындай кезеңде түркішіл жастар «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды. «Кеңес»-тің бірінші ұйымдастырушылары ішінде Сұлтанбек те болған. Алдына зор мақсат қоя білген азамат түркі халықтарын (қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен) шеттетуге қарсы шықты. Сол пікірін 1917-ші жылы өткен Кеңестердің ІІІ съезінде айтқан болатын.
1918 жылғы Ақпан революциясынан Сұлтанбек тек жақсылық күтті. Бірақ саяси ахуал мүлдем басқаша өрбігені мәлім. Мешіт үстемдігін орнатуға талпынып, мұсылман уәкілдері буржуазияны діннен шеттетуге тырысты. Дінбасылардың елеулі тобы халықтың діни-сана сезіміне сүйеніп, «Үлема» атты ұйым құрған. С. Қожанов редактор болған «Бірлік туы» газеті үлемістермен қажырлы күрес бастады.
1928 жылғы кәмпеске қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірінің тамырына балта шапты. Кәмпескеден кейін үкімет қазақ пен орыс байларын бала-шағасымен түгелдей қаңғыртты. Қазақ халқының өзін-өзі билеуіне, теңдікке, демократияға, сөз бостандығына, ұлттық тілдің, мәдениеттің дамуына қарсылық білдіру басталды.
1931 жылы байтақ қазақ даласына бірде-бір тамшы жаңбыр тамған жоқ. Қатты құрғақшылық, кәмпеске, халықтың діни сана-сезімі, сауатсыздығы, кедейлігі, қоғамдық қайшылықтар, патша үкіметінің Қазақстандағы колониалдық экспансиясы қазақ халқы жартысының 1932-1933 жылдары болған ашаршылықтан қырылуына әкелген. Бухарин аштан өліп жатқан қазақтарды көріп: «Міне, индустрияландыру саясатының нәтижесі», - деп күйзелген кезде Сталин Венецияға Кеңес елінен бидай мен қант толған 30 жүк кемені жіберген. Бірақ Италияның көсемі Украина мен Қазақстанның халқы аштан өліп жатқандығын айтып, кемені қабылдамады. (Бұл естелік жазушы Х. Абдулиннің мақаласынан алынған*) . Қазақ елінің түгелдей азып-тозуына ТОЗ (қазақша: ОЕШС - орта егін шаруашылығы серіктестігі) ықпал еткен. Байлардан жиналған мал-мүлікті «шолақ белсенділердің» өздері бөліп алатын. Ал бұл мәселені талқылаған жиындарда 70 пайызы кедей-батырақтарға үлестірілді, 30 пайызы коллектив, артельдерге берілді, кедейлердің тұрмысы көтеріле бастады деп жұртты алдаған.
Қожанов 1918 жылы Түркістандағы ашаршылықпен күрес жөніндегі комиссияны басқарды. Азық-түлік жинап, кедей, аш адамдарға таратқан. «Сұлтанбектің шүлен көжесін-ай», - деп қариялар осы күнге дейін көздеріне жас алып, естеріне түсіреді. Қыруар кісі құрбан болып кеткенде, олар аман қалған. 1918-1919 жылдары Қожанов Райпродкомның секретары, халық уезд бөліміндегі инструктор, уисполком мүшесі, Сырдария ревкомының төраға қызметтерін атқарды. Сұлтанбекті тағы бір қырынан танытатын «Есеп тану құралы» атты оқулығы. Ол көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі. Бұл оқулық қазіргі балаларға да пайдалы болар еді. Қожановтың халыққа ерекше танылған кезі өткен ғасырдың 20-жылдардың басы. 1920 жылы ол РКП (б) қатарына қабылданып, Түркістан өлкелік партия ұйымының V съезінде ТКП ОК-ның мүшелігіне сайланды. Осы отырыста диқаншылардың жер мен суды пайдалануға деген құқығы теңестірілді.
Жергілікті кедейлер басыбайлылықтан босатылды. Еңбекшілерге жер бекітілді. ХХ ғасырдың 1920-30-жылдары Сұлтанбектің қызметтік өмірбаянында ең жауапты, жемісті, беделіне бедел қосқан кезеңі болатын. Түркістан Компартиясының ішкі істер халық комиссары, Түркістан Республикасы Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1922 жылы Қожанов Түркістан республикасының оқу-ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Түркістан республикасының жер-су халық комиссары лауазымына 1923 жылы бекітілді. Халықтың шын жанашыры екенін көрсетіп, көптеген күрделі мәселелерді шешті. Шапшаңдығы, еңбекқорлығы бірнеше қызметті қатар атқаруына мүмкіншілік туғызды.
1920-24 жылдары Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы X, XIII, XIV съездерінің, Түркістан Коммунистік партиясы V-VIII съездерінің, Түркістан республикасы Кеңестері IX-XIII съездерінің мәжілістеріне Сұлтанбек Қожанов белсене қатысты. Әрбір съезд жиылысында Сұлтанбек өзінің ойлы ұсыныстарын айтып, іскерлігін танытты. Алғыр қабілеті, терең білімі, қайсар мінезі туралы елде көп аңыз-әңгімелер тараған. Қожановтың ең бір есте қалар қасиеті - білімге құштарлығы. «Ол қысқа ғана ғұмырын ізденумен өткізді», - деген зайыбы Гүләндам.
1921 жылы Бүкілодақтық ХІІ съезде Қазақстанның жағдайын ашып айтып, көкейінен кетпейтін ұлт мәселесіне де жеке тоқталады. Патшалық құрылыс тұсында теңдік көрмеген халықтарға білім беру мәселесін көтереді. Ұлттардың салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін дамыту жолдарына тоқталды. Жалпы жұртқа арналған ұлт мектептерін, кәсіптік оқу орындарын көбірек ашу керегін анық көрсетті. «Еуропа мектептерін үлгі ретінде алғанмен, олардағы оқу процессін ана тілінде өткізу керек», - деп өз ұсынысын жеткізді.
Білім тарату ісі теңдік, еркіндік жағдайында өткізілді. Сол істің ұйымдастырушысы, жүзеге асырушысы Қожанов болды. «Сұлтанбек Қожанов бұл қызметте 1921 жылдың қазанынан бастап жұмыс істеген. Өзінің қызмет етіп келе жатқан мерзімінде оның нақты жетекшісі ретінде көрінді: күш-қуаты зор, инициативалы, өзінің ведомствосының жұмысын ортақ мемелекет міндеттерімен ұштастырып отырды, қызметкерлерді және басшыларды іріктеудегі қабілеті зор, белгіленген міндеттемелерді жүзеге асыруда талапшыл. Қожанов жолдас негізгі қызметінен басқа жер шаруашылығы жөніндегі халық комиссары қызметін атқарды, мұнда да ол өзін Түркістан жағдайын білетін жақсы басшы ретінде таныта білді».
Қай салада болса да Қожановтың бірінші кезекте ойлағаны ұлттық мүдде еді. Ол үшін ымырасыз күресті. Еңбекшіл халқымен жақсы байланыс ұстап, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет мәселелерін шешуге тырысқан. Қожанов Қазақияның жер-су мен ел-жұртын бір шаңырақ астына жинаушы қайраткерлердің көшбасшысы болды. Әрдайым көтеретін мәселесі - жер мәселесі. Лениннің жер туралы декреті шыққаннан кейін Сұлтанбек қазақ халқын отырықшылыққа, егін егуге шақырған. Өзі де бос уақытында жерлестеріне мақта өсіруді үйреткен еді.
2 Ұлттық мүдде үшін күресі
С. Қожанов Алаш идеясын іске асыруға белсене араласты. Кеңес ұйымын құрып Мұстафа Шоқай негізін қалаған Бірлік туы газетінің және Ақ жол газетінің негізін қалады. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті ұлт тілінде жүргізу мәселесін көтеріп оны жүзеге асыруды талап етті. Ел астанасын Орынбордан қалың қазақтың ортасы Қызылордаға көшіруді қолдады. Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуда аянбай күресіп патшалық дәуірден қырғыз аталып келген ұлттық тарихи атауын қайтарды. Қазақстан жеке мемлекет болып Түркістан автономиясынан енші алып шыққанда оның мемлекеттік тілі қазақ тілі болады дегенді алғаш көтергенде С. Қожанов болатын. Қазақ халқы ХХ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ азаттыққа, тәуелсіздікке шындап ұмтылды, сол жолда «Алаш» партиясын, Түркістан автономиялық республикасын құрды, алайда мықтап салынған бұғауды үзіп кете алмады.
Туған халқының жанашыры болып, есесі кеткен елінің еңсесін көтеруге ғұмырын арнаған ұлы тұлғалар болды, осылардың ішінде ерекше із қалдырғандары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов т. б. болды. Әділетсіз қоғамның қасіретін көп тартқан тарихи тұлғаның бірі - Сұлтанбек Қожанов.
Ең бір өкінішті жайт, Сұлтанбек сынды қайсар ұлдың есімі, еңбегі күні кешегі тоқсаныншы жылдарға дейін елеусіз, ескерусіз қалып келгендігі. Биылғы жылы туғанына 120 жыл толып отырған қайраткер Қожановтың талант қыры сан-алуан. Қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі шежірелі Созақ жерінде дәлірек айтқанда Ақсүмбе, Ақбикеш баурайында дүниеге келген ол Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Москва т. б. қалаларда оқып, еңбек етіп, қайраткерлік кемеліне келді. Тәрбие көзі ұстаздық еңбек пен ел басқаратын хатшылық, комиссарлық қызметтің қай-қайсысын атқарса да ұлтшыл рухын жоғалтпады. Қиын күндердің өзінде отанын сатқан опасыздармен келіспеді. Қожановты қайта тану сол тоқсаныншы жылдары жаңа бір күшпен белең алды. Профессор Т. Қожекеевтің, зерттеуші ғалымдар Ж. Әлмашұлы мен А. Шәріповтың, жазушылар Б. Қойшыбаев пен Д. Тұрантегінің т. б. әр кезде жарық көрген еңбектері қайраткер бабамызды әр алуан қырынан танытып, талай-талай ақтаңдақтар ақиқаты ашылып жатыр.
Бүгінгі біздің мақсатымыз Сұлтанбек Қожановтың сөз өнеріне, оның ішінде әдебиетке қосқан үлесі туралы қолда бар дерек көздерін пайдалана отырып, ой бөлісу. С. Қожанов ең алдымен әдебиеттің шын жанашыры болды, сондықтан да қандай қызметте жүрсе де әдебиеттану ғылымына, сынға шама-шарқынша үлес қосты. Бұл туралы белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы былай деп атап көрсетті: «Қазақ әдебиеті сынының өркендеуіне өз үлестерін қосқандар қатарына қоғам-әлеуметтік қайраткерлерін қоспау ағаттық болар еді. Олар өздерінің эстетикалық таным-білігі жағынан бірқыдыру биіктен көрінуі арқылы сын тарихында іздерін қалдырды және бір ғажабы, өнерпаздық дарындары жағынан ешбір профессионалдардан кем түспейтіндей деңгейде көрінді. Өнер жолына бел шешіп түскенде әдебиет тарихынан жарқырап көрінулері де мүмкін еді. Олар - Смағұл Сәдуақасов, Ыдырыс Мұстамбаев, Нәзір Төреқұлов, Ілияс Қабылов, Сұлтанбек Қожанов, Шәймерден Тоқжігітов сынды азаматтар. Бұлар көбінесе партия, мемлекет жұмысына ден қойғандықтан, сынға үнемі араласа бермеді».
Иә, ғалым атап көрсеткендей бұлардың дені мемлекет, партия жұмысында жүріп-ақ аз-кем болса да әдебиетке араласты. Солардың ішінде С. Қожановтың әдеби-сыншылдық өнері ерекше назар аударарлықтай. Көптеген дерек көздері, тарихи құжаттар қайраткер Қожановтың алаш азаматтарына деген сүйіспеншілігі болғанын аңғартады, тіпті, кейде Қожанов есімінің кешірек елге оралуына да осы «сүйіспеншілік» әсерін тигізді ме деп ойлайсың. Алаштың ардақтысы Ахметке, ақиық ақыны Мағжанға деген қамқорлықтары шексіз болған оның «Мағжан өлеңдері туралы бір-екі ауыз сөз» деп аталатын еңбегінің мәні зор. Жаратылысында ақын жанды (ол туралы кейінірек тоқталамыз), ұлы ақынды жан-тәнімен жақсы көріп, кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпай 1923 жылы Мағжанның өлеңдер жинағын шығаруының өзі ерлікке пара-пар әрекет. Жинақты шығарып қана қоймай, әдемі, әдеби мәні зор алғы сөз жазуы ардақты іс. «М. Жұмабайұлының өлеңдері» қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап, басып отырмыз» - деп сөз бастаған сыншы өз ойын одан әрі жазба әдебиеті жаңа қалыптасып, әдеби тілі енді жетіліп келе жатқан кезеңде Мағжан сынды сөз маржанын терген сыршыл ақындардың рөлі зор екеніне баса мән береді, біздің тілімізді менсінбей асқақ қарайтындарға тойтарыс береді. Соның дәлелі ретінде айтқан: «Осы күнге дейін Түркістанда қойшылар тілі саналып келген, ресми қағаздар жазуға, кітаптар жазуға жарамсыз делініп келген қазақ-қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын, өнерге асатын, бай, жатық, таза, өткір, әдемі тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсете алады» - дейтін пікірлері қандай құнды, әлі күнге дейін маңызын жоймаған қанатты қағида десек қателеспейміз. Қаншама уақыт, тіпті ғасырға жуық өтсе де «жатық», «таза», «өткір», «әдемі» тілімізді ресми қағаз жазуға жеге бермейтініміз жасырын емес, сондай тілімізді өнерге, өнегеге асыра білмейміз, өкінішті-ақ.
С. Қожановтың өз заманының үрдісінен өзгешелеу келетін келесі бір пікірі көңілге қонарлықтай, Мағжан өлеңдерінің саяси мәніне емес, әдеби маңызына назар аударуға, көбірек көңіл бөлуге шақырады. Өкінішке орай сыншының бұндай пікірі үнемі қолдау таба бермейді, араға жыл салып, яғни 1924 жылдың 24 қарашасында Мәскеудегі шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде өткен мәжілісте баяндама жасаған бір әріптесі: «Біреу айтады: саясат пен әдебиетті араластыруға болмайды дейді. Мағжан өлеңдері көбінесе осы пікірге сүйеніп басылған. Бұл қате» - деп үзілді-кесілді кесім айтты, тіпті қатты кетіп, «саясат жағынан Мағжанды кеңес топырағында отыратын адам емес. Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруашылығына, әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар» - деп жазды. С. Қожановтың тұлғасы саясат үшін де, тарих үшін де қызмет жасады. Ұлт барда ұлттық мүдде бар. Ұлттық мүдде бар жерде оған қызмет етудің өлшеміне айналған С. Қожановтың тұлғасы менмұндалайды Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді.
Қайраткер жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек»деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз. Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі-Сұлтанбек Қожанов. Оның тұлғасын тану мен танытуға қатысты бірқатар арнаулы зерттеу еңбектер жарыққа шықты. Атап айтқанда өзбекстандық тарихшы Р. Я. Раджапова, қазақстандық Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Б. Қойшыбаев, Ж. Әлмашұлы, А. Шәріп, Ж. Симтиков, Ж. Уәлиханова және т. б. ғалымдар мен әдебиетшілердің еңбектері де осы қатарды толықтыра түседі.
Әйтсе де, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен әдеби-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеуде кенжелік, соңын күткен кібіртіктеу байқалады. Оның сыры неде болды екен деген сауал әркімді де ойлантуы тиіс. Оның басты себебі С. Қожановтың партия мүддесінен ұлт мүддесінен жоғары қойған шынайы ұлтжандылығы болды. Тоталитарлық билік саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да аса бір сақтықпен қарады. Алғашқы кезекте коммунистік билікке барынша адал қызмет жасағандар ақталып, олардың тұлғасы советтік тәрбиенің идеялына айналдырылды. Ал пролетарлық интернационализмге ұлттық құндылықтарды, таптық төзімсіздікке ұлттық бірлікті қарсы қойған Алаш қайраткерлері мен алаштық рухтағы С. Қожанов сияқты партия қайраткерлерін ақтау кейінге шегеріле берді. Бұл советтік биліктің саясаты. Тәуелсіз қоғамымызда осы саясаттың тоңы жібігендей. Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе шын мәнінде С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы. Осы пікірді тереңірек өрбітіп көрейік.
1916-1917 жылдары Ташкент қаласында қазақ зиялыларының «Кеңес» атты астыртын саяси үйірмесі жұмыс істеген. Түркістан қаласында С. Қожановпен бірге 1918-1919 жылдары бірқатар жауапты қызметтер атқарған, Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған Дүйсенбай Нысанбаевтың деректері «Кеңес» үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді. Үйірме және оның қызметі туралы Д. Нысанбаевтың 1925 ж. 31 қаңтарында РК(б) П Қырғыз облыстық Бақылау Комиссиясына жасаған мәлімдемесінен аса құнды мағлұматтарға қанығамыз. Бұл құжаттың деректік құндылығы жоғары болатыны, онда өлкелік партиялық басшылыққа, ОГПУ органдарына Түркістандағы алашордашылардың қызметіне қатысты айғақ ретінде түрлі хаттамалар, газет тігінділері сияқты қомақты құжаттық деректер ұсынылған. Осы жерде құпия хат түрінде жазылған мәлімдеменің тікелей С. Қожановты әшкерелеуге арналғандығын атап айтқанымыз орынды болар. Үйірменің төрағасы генерал Сейітжаппар Асфендиаров, орынбасарлары М. Шоқай және өмірі мен қызметі Түркістан қаласымен тығыз байланысты болған Садық Өтегенов болатын.
Осы саяси үйірме ұлттық идеяларды іске асыруды өзінің бағдарламалық міндеті ретінде алға қойған еді. Үйірменің баспасөз органы «Бірлік туы» газетінің алғашқы редакторы М. Шоқай болса, С. Қожанов редактордың орынбасары әрі жауапты хатшы, кейін редакторы болып қызмет істеген, кейінгі кезде газетке Хайретдин Болғанбаевтар (ол да Түркістан қаласында қызмет істеген) редакторлық жасады. 1917 жылғы қарашаның 26 күні Қоқан қаласында Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезі Түркістан мұхтарияты (автономиясы) атты ұлттық үкімет жариялады. Осы съезге және желтоқсан айында Алашорда үкіметін жариялаған Орынбор қаласындағы ІІ Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысқан С. Қожанов алаштық идеяны іске асыруға белсене араласты.
Бұндай тұжырым жасауға деректік және дәйектік негіздер жеткілікті. Алғаш рет бұл тұжырым Түркістандағы партия-совет органдарының ресми құжаттарында «Алаш Орданың» түркістандық бөлімі «Бірлік туы» газеті органымен аттас ұйым болды. «Бірлік туы» газеті 1917 ж. маусымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың тұғырнамасы дәлме-дәл алашордашылардың тұғырнамасындай еді»деген сипатта негізделді. Жоғары партиялық инстанцияларға С. Қожановтың үстінен жазылған құпия хат түріндегі арыз-шағымдар бұнымен шектелген жоқ.
Мұндай арыз-шағымдарды саяси ұпай жинау мақсатында әсіресе партия-совет қызметкерлері - олардың арасында Д. Нысанбаев сияқты үзеңгілес серіктері де бар, көптеп жазды. Олардың мазмұны «ұлтшыл, «алашордашыл», «оңшыл ауытқушы», «топшыл» деген саяси айыптауларға негізделіп, соңы «қожановшылық» айдарына айналды. Арнаулы органдардың мекемелерінде жинақталған бұндай компромат тиянақты талдаулармен БК(б) П Орталық Комитеті Саяси бюросының Құпия бөліміне жүйелі түрде жеткізіліп отырды. Республиканың саяси басшысы болғанымен оның әрбір ізін аңдыған мұндай әрекетті Орталықтың басқарып отырғаны да жасырын емес. Осындай жағдайда С. Қожановтың Қазақстанда қалыпты жұмыс істеуі және ұлттық идеяны іске асыруға еркін кірісуі мүмкін емес еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz