Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Физика-математика және ақпараттық жүйе бөлімі

Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы:
___________
___ _________2020ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұнына сай цифрлы білім беру ресурстарын тиімді пайдалану

Пән: Педагогика
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111113 - Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі
Тобы: МЛ-17
Орындаған: Бимағанбет Мереке Сүндетқызы
Ғылыми жетекшісі: Алибаева Мулдир Жолдасбековна

Бағасы ___

Қызылорда, 2020жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -4
І ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-9
0.2 Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-12
ІІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА САЙ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Цифрлы білім беру ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-14
2.2 Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану -- заман талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-17
2.3 Оқу үдерісінде цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалану ... ... 17-20
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-27

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі үшін инновациялық экономика негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып отыр. Қәзіргі заманда Қазақстанның ең маңызды сипаттамаларының бірі ол-білім беру жүйесін ұйымдастыру бойынша әлемдік үрдістерді ескере отырып, ұлттық білім беруді реформалау білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Министрлік 100 нақты қадам Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастаған болатын. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша, жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті. Білім беру бағдарламасының негізігі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс- тәсілдерді ( бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары ) қолдану болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:
oo жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшілігін анықтау;
oo жаңартылған білім беру мазмұнына сай цифрлы білім беру ресурстарының тиімділігі;
Зерттеу объектісі: Жаңартылған білім мазмұнына сай цифрлы білім беру ресурстары
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу болжамы: Егер мектептерде цифрлы(сандық) білім беру ресурстарын жиі пайдаланып, оқушыларға тиімді жолмен үйрете алсақ,білім беру жүйелі түрде орындалушы еді.
Зерттеу міндеттері:
oo жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-теориялық негіздерін түсіндіру;
oo жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшелігін анықтау;
Күтілетін нәтиже: Цифрлы білім беру ресурстарын пайдалана отырып, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тараудан тұратын негізгі бөлім, практикалық бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

І ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІТЕРІ
2.1 Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-теориялық негіздері

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени - ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитеті, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Оcыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Cонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. Білім жүйесін дамыту стратегиясының ең басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің жалпы қәзіргі негізгі бағыты - дамуды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру , сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына,саяси көзқарасының,шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасыуна жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Ал ондай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім мазмұны жаңа үрдістік бірліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Атап айтсақ:
oo Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
oo Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көші;
oo Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.[1]
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейміен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіркеледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибеі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпарттық технологиясын игеру міндетіміз. Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қәзіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
2. Экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
3. Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдымен, ел экономикасының нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құүқығын айқындацтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негіздерін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә..Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстан мектебінің түлектері өз білімдерін әлемдік оқу орындарында әрі қарай жалғастырып оқитындай дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары саналы болуға тиіс. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қәзіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Иә, әрине қәзіргі заманда еліміздің әрбір жерінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізіліп жатыр. [2]
Жаңартылған білім мазмұны - сыни ойлауға негізделеді. Сондықтан әр сабақта АКТ технологиясын қолдану оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де пайдалы болмақ. Қәзіргі заманның талабы - баланы еркіндікте ұстау. Яғни бала еркіндікті сезіну арқылы алдағы қиыншылықтарды жеңеді. Сонымен қатар, қәзіргі қоғам талабына сай оқыту мен бағалауды Bilimland onlinemektep kundelik.kz секілді ресуртарды пайдаланы тиімді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері бірнеше бөлімдерден тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Тілдік мақсаттарды жүзеге асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
6. Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары;
7. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
* мұғалімдердің пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
* пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
* пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды.
Критериалды бағалау - оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.
Критериалдық бағалаудың екі түрі бар: қалыптастырушы (формативтік) және жиынтық (суммативтік).
Қалыптастырушы бағалау - сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыны қаблдау деңгейін анықтайды. Білім үдерісінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады. Оқушылар жаңа тақырыпты игерген кезде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап, оқытудың мақсаты мен міндеттеріне жетуді қарастырады.
Жиынтық бағалау - ақпараттық білім бөлімін немесе тоқсан соңында оқу дағдысы мен білімнің қалыптасу деңгейін анықтау.
Формативті немесе суммативті бағалауды жоспарлағанда, оқытушылар оның мүмкіндігінше әділ болатындығына кепілдік жасауылары керек.
Әділдік ұғымы мыналарды қамтиды:
oo Валдтілік - дәлелдеме талапқа сәйкес келуі.
oo Сенімділік - әртүрлі адамдар бағалаған жағдайда нәтижелердің бірдей болуы.
oo Жеткіліктілік - барлық стандарттардың расталып, толықтай ашылуы.
oo Шынайылық - дәлелдеме өзінің жеке жұмысы болып табылуы.
Суммативтік бағалау әртүрлі бақылау - тексеру тапсырмаларын қолдануды қажет етеді. Бірақ та тексеру - бақылау тапсырмаларын дайындағанда, оқушылардың білім мен біліктерін тексеретін тапсырмаларды ғана қолданбау керек, сонымен қатар одан жоғары деңгейді көрсететін тапсрымалар болуы керек.
Суммативтік бағалау бөлім аяқталғанда ма, әлде тоқсан соңында ма. Мұғалімдер тоқсан барысында оқушыларды жетістіктері үшін мадақтай алады немес кемшіліктерін көрстеіп отырады. Ал қорытындысында әр оқушы өз бағасын алады. Осы алған бағалары өздеріне түсінікті болу үшін критериалды бағалуды қолданулары керек.
Сонымен, қорыта келгенде, криетриалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалімдер оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткізеді. Оқушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез - келген кезеңде анықтап, әртүрлі жұмыстардан алынған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді. [3]
Бүгінгі күні күнделікті оқу үдерісінде білім сапасын жиынтық және криетриалды бағалау жүйесі арқылы оқушыны жетілдіруге болатынына дәлелді факторлар келтірілді.
Мәңгілік Ел идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші- ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші - қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші - халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен енгізіліп жатқан жаңаша іс-шаралар әр азаматтың жан-жақты құзыретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өркениетті отыз елдің қатарына ену, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу.
Болашақ бағдарламасымен білім алу, әлемдік интеграцияға ұмтылу - бәрі де үш тілде білім беру арқылы жүзеге асатын келелі мәселелер. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде басқа тілдерді үйретудің, басқа тілдерде білім берудің негізі болып табылады. Себебі көп ұлтты Қазақстан Республикасында қазақ халқы барлық ұлтты ұйыстырушы ұлт ретінде танылуда. Оның тілі де сол биіктен көріне білу қажет. Үш тұғырлы тіл жобасы үш тілді - қазақ, орыс ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, мұның негізі, көздеген мақсаты-мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізуді мақсат етеді. [4]

2.2 Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан ерекшелігі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі басты мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп есептеледі. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы - ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын объективтік қатынастарды қалыптастырады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, өткені мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қәзір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсеке қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
oo Оқушылардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
oo Сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;
oo Сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.
Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті А, В, С, деңгейлеу бағдарламасы алынады. [5]
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізіне диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру -- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз -- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,-деген жолдар -- соның дәлелі.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында белгіленген орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тіл - дерін білуге тиіс, оларды оқыту нәти - жесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деген болатын.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика;
-адамдардың өзін өзі басқаруы;
-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;
-еңбек нарығының құрылымы;
-шекарамыздың ашықтығы;
-еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі;
-оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы. [6]
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Қазіргі жаһандану заманында ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек? сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам -- бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені мектепке келген жас бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік, дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш сынып мұғалімдері. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
oo пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапйымнан күрделенуі;
oo блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттырынң иерархиясы;
oo бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында ортақ тақырыптардың берілуі;
oo оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
oo оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
oo білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
oo бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
oo оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу); [7]

ІІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА САЙ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Цифрлы білім беру ресурстары
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі -- ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. [8] Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары -- бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Стандарттағы жалпы талаптар:
- Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;
- Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;
- Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;
- ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.
Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар: Ғылымилық қағида бойынша:
- оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;
- пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;
- оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.
Түсініктілік қағидасы
- оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.
- оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
Көрнекілік қағидасы бойынша:
- Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;
- Оқу материалын барынша көрінерлік ету.
ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.
Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:
- пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.
- оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.
- оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.
- шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
Теорияның практикамен байланыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқытудың қазіргі технологиялары
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері
Пікірталас және оның түрлері
Педагогикалық инновация туралы түсінік
Білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту технологиясы
Пікірталас түсінігі
Білім берудің жаңа моделі
Білім беру жүйесінің басты сипаты
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
Пәндер