Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
(қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия пәні)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
0105000 - Бастауыш білім беру мамандығы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру
жолдары

0.1 Оқудың түрлері мен сапалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет
0.2 Мәтінді қабылдаттыру үшін істелінетін жұмыстар ... ... ... .9 бет

2. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмыс
жұмысы

2.1. Бастауыш сыныпқа өлең оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 бет

Аннотация

Курстық жұмыстың мақсаты: Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланыса қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш сынып оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу.

Курстық жұмыстың нәтижесі: Бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдар жүйесін орындау деңгейін бақылау.

Аннотация

Цель курсовой работы: уметь различать типы текста, развивать навыки повествования по порядку предложений в повествовании текста. Научить студентов красноречиво говорить, улучшив их разговорные и разговорные навыки.
Актуальность курсовой работы: научить младших школьников самовыражаться, улучшив их разговорные навыки.
Результат курсовой работы: контроль за уровнем выполнения системы предоставляемых материалов учащимся младших классов.

Аnnotation

The purpose of the course work: to be able to distinguish between types of text, to develop storytelling skills in the order of sentences in the narration of the text. Teach students to speak eloquently by improving their speaking and speaking skills.
The relevance of the course work: to teach younger students to express themselves, improving their speaking skills.
The result of the course work: monitoring the level of implementation of the system of materials provided to students of elementary grades.

Кіріспе
Сауат ашудан кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңінде іштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2- сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сөз болады. 3- сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сөз болса, іштей оқығанда 80-100 болады. 2,3,4 сыныптарда оқудың екі түрі де қабаттаса жүргізіледі. 3,4 сыныпта дауыстап оқудан гөрі іштей оқуға баса назар аударған жөн. Оқушыларға жаңа материалды өздігінен іштей оқып түсінуі қиын. Сондықтан тексті іштен оқығанды тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң іштен оқуға нұсқау беруге болады.
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, өмір за, құбылыс, табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында тұрған негізгі мақсат- міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарында ерекше мән беруі керек.
Өз бетінше мәтінді оқып, оның мазмұнын өз сөзімен айтып беру- бастауыш сынып балалары үшін қиынға соғады. Бұған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, өз сөздерімен жеткізе алатынын байқатады. Өйткені ауызша айтылған сөзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне көңіл бөледі. Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге көмектеседі.
Мәтінді өз бетінше оқығанда оқудың түрі мен техникасын, сапасын жақсы меңгерген, сөздің қоры мол бала тез түсініп, түсінігін айтуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда мұндай іс-әрекет жүзеге аспайды.

1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

0.1 Оқудың түрлері мен сапалары
Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауыш сыныпта қоданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді төселіп отырған оқушылардың оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшаңдығын байқауға болады.
Оқушының іштен оқуға қаншалықты бейімделгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әртүрлі әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім оқудың бұл екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқі, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.
Мәтінді дұрыс оқу жеке сөйлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар мынандай талаптарды орындауы керек:
1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу. Мысалы: ша-на-лар, то-қу.
2. Оқып тұрған сөздің алдына не артына, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.
3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ла, т.б
4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді, мағынасына сәйкес келетін, айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.
5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.
Сауат ашу кезеңінде оқушылар бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде көптеген қателер жібереді. Сондықтан мұғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, оқу дағдысын жетілдіру үшін оқу сапасының негізі болып табылатын дұрыс оқу түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім дерек дұрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды топтап көрсетуге болады. 1. Әр оқушының оқу дағдысын мұғалім жеке есепке алып, солбойынша жұыс жүргізуі. 2. Қате оқыған сөзін оқыту, сөзді дұрыс оқымағанына көз жеткізу. Мысалы: тоң деген сөзді тон деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату: ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш. 3. Сөздің,сөйлемнің мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету. 4. Ұқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. Мысалы: ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістің бір-біріне тиюінен жасалады. 5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру. 6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту. 7. Оқушының өзіндік ерекшеліктерімен санасу, көзі нашар, құлағы нашар еститін, қабылауы төмен, олармен жекежұмыс түрін ойластыру. 8. Мәтіндегі сөздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап, оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға қайталаттырады немесе оқитын оқушыға оқыттырады.
Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі- түісініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз- оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.
Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп, толық қабылдауы үшін мұғалімге көптеген жұмыс түрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін шамамен төмендегідей бағытта топтап көрсетуге болады:
I. Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.
1. Оқушыға оқытылатын мәтіннің қашан оқытылатынын, оның мазмұнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.
2. Оқу материалының көлемін, ауыр-жеңілдігін, өткен материалмен байланыстылығын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеуі.
3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен образды ой оралымдарын бала лексикасына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.
4. Ұзақ мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюы. Шығарманың идеялық мазмұнына сәйкес қорытынды ой дайындауы.
II. Мәтінді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:
1. Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсия шығару, әртүрлі тәжірибе жасату.
2. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру, оқыту.
3. Жұмбақтар,мақал- мәтелдер тақырыптың суреттерін іздету.
4. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмыстар жасату. Материал осы пәндермен тығыз байланысты болатын жағдайда, мысалы: наурыз мерекесі немесе 8 наурыз мерекесі қарсаңында осы тақырыпта алдын ала әндер үйрету, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер жинату.
III. Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар:
1. Кіріспе әңгіме
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы, не оқып беруі
3. Сөздік жұмысы
4. Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту
5. Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай түсінгендерін байқау
6. Іштен оқу
7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.
8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
9. Осы әңгімеге ұқсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т.б.айту
Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу. Осындай жұмыс түрлері өз жүйесін тауып жүргізілгенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өзінің бойына рухани азық алмақ.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі- мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды, әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсінуі керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды деп айта алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз- дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл- күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тыңдаушысына әсерлі етіп жеткізу.
Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.
Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесінде ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әртүрлі реңге ие болады. Сөйлеу мүшелерінің физиологиялық құрылысында кемшіліктер болмааса, дауыс таза, күшті шығады. Ал сөйлеу мүшелерін күтпей, суыққа шалдырса, дауыс шықпай немесе міңгірлеп, түсініксіз болуы мүмкін.
Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, фихиологиялық ерекшеліктері бар. Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар дауыс күші, қарқыны, тембр. Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр.
Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер- оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер- құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі. Осы сөздердегі дауыс қарқыны, темпі орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды. Ал дауыстың тембрі, құбылуы тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта оқу шығарманың мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана іске асады.
Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген көркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің дикциясы ашық, таза болуы керек., сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысында дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы - интонацияның орны бөлек. Көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек. Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу, мелодия, нормативтік дауыс ырғағы.
Дауыстың күші, темпі, қарқын, тембрі уралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысқаша түсінік беріп өтсем. Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер, пауза логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерле оқылуы керек. Мысалы: Сүлеймен деген патш кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді.
Сен қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. (Қазақтың халық ертегісінен)
Бұл сөйлемде логикалық кідіріс Сүлеймен деген патша , Сен,қарға, бір күнде деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр. Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек.
Психологиялық кідіріс текстің мазмұн- мағынасын, ондағы кейіпкердің іс- әрекетіне, оның көңіл- күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.
Біраз сайрасам қайтеді? ... депті бұлбұл жалынып
Жолбарыс :
Мен саған сайрағанды көрсетейін, -деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп, ұша жөнелді. (Мақтаншақ жолбарыс)
Бұл мысалда психологиялық кідірістер сайрасам қайтеді, жолбарыс, сайрағанды көрсетейін деген тіркестерден кейін қойылады.
Грамматикалық кідірістер - тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып, сөйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою- сауаттылықтың негізі. Ал осы сөздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау - мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Хабарлы сөйлемнің соңында қойылатын нүкте кілт тоқтамай, сөз соңындағы сөз не тіркес бояу созылыңқырай оқылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасалмаса, бастауыштың синтаксистік қызметінің өзгеріп кетуі мүмкін. Ол- инженер Асыл. Ол инженер-Асыл. Бірінші сөйлемде ол сөзі бастауыш болса, екінші сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Оқу саласының бір түрі- шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға төселінген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек. Шапшаң оқу-қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Түсініп, мәнерлеп оқуды жүзеге асыра отырып оқу деген сөз. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшаңдығына, икемділігіне қойылатын талаптардың бірі- оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1- сыныпта 15,20 сөз, 2-сыныпта 25,30 сөз, 3-сыныпта 60,75 сөз, 4-сыныпта 80,90 сөз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.
2. Оқу түрлеріне мәтіндер дайында.
3. Оқу түрлеріне түсінік бер.
4. Мәтінді дұрыс оқуға қалыптастыру жолдарын көрсет.
5. Оқу нормаларын пайдаланып, мәтіндік талдау жаса.
1.2. Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері. Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс.
Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс.
Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. А.Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім деген. Ана тілі оқулықтарындағы түрлі тақырыптың мәтіндерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар істеледі. Ол- жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу міндеті.
Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар :
Алдын ала жүргізілетін әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпаған жөн. Әңгіменің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады.
Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде мынандай жұмыстар жүргізіледі:
1. Кіріспе
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі.
3. Сөздік жұмысы
4. Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.
5. Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту
6. Іштей оқу
7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу
8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сай сурет салу, мақал-мәтел айту.\
9. Осы әңгімеге ұқсас идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгіме не өлең, т.б.айту
Осындай жұмыс түрлері бойына өз жүйесін тауып жүргенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өз бойына рухани азық алады.
Мәтін
Мәтін-бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтінді оқушыларға мынадай түрлерімен береді: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде тек мұғалімнің өзі емес оқушылар да қатысып, топта талқыланады. Ал, сипаттау арқылы, мысалы бір нәрсенің бейнесі немесе табиғат көріністерін сипаттайжы. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
Пайымдау дегеніміз- бір сөзбен айтқанда, болжа дегенді білдіреді. Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлығы жетіліп, ой-өрісі дамиды. Мәтін неше сөйлемнен құралса да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек.
Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты: мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу. Мысалы: Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен, тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау, көздері мөп- мөлдір.
а) Мәтінге ат қой;
ә) Мәтіннің қай түріне жатады.
Оқушылар жауапты тақтада ілулі тұрған кестеде көрсетеді.
Өткенді бекіту сұрақтары.
Берілген сызбамен мәтін туралы қорытындылау.
а) қыс а)әңгімелесу а)ақбөкен
ә)көктем ә)сипаттау ә)қой
б)жаз б)пайымдау б)жануарлар әлемі

Дауысты, дауыссыз дыбыстардан буын, буыннан- сөз, сөзден-сөйлем, сөйлемнен- мәтін құралады.
ә) Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау
көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі- сурет арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады. бұл оқушының сезімін оятады. Мысалы: балалар қояннан қорыққан асқыр туралы оқығанда күледі. Яғни, мәтінді әртүрлі қабылдайды. (күледі,р көзіне жас алады, қорқыныш сезімі туады, т.б)
б) мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыру.
Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу дағдысын қалыптастыру жолын сөз етпес бұрын ол өзіне, оны меңгеруде қандай қиындықтар кездеседі дегенге тоқталайық.
Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны оқушының дұрыс оқуы мен мазмұнын саналы түрде меңгергендігінен көрінеді. Мұндай жағдайда оқушыда белгілі бір көзқарас қалыптасады. Ол оқығанының мазмұнын ұғып, ондағы суреттерден адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекеттің болу себебін анықтайды. Автордың не айтқалы тұрғанын түсіне алады.
Бастауыш сыныптағы оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау, түсіну мүмкіндіктерін арттыру мақсаты көзделгенімен, оны іске асыру әсіресе, 1-сыныпта өте қиын.
Мәтінді оқушылар тезірек меңгеріп кетуі үшін мұғалім әрбір жеке сөздің мән-мағынасына баланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің ара-қатынасын байланыстырып, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып, отыруы керек.
Дайындық оқығалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас баланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі. Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылған мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпаған жөн. Бұларды біліп алмайынша әңгіменің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады. Дайындық әңгіменің ұқазтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты. Сонымен, шығарман оқуға дайындық жұмысы біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін санал түрде білуге дайындау. Екіншіден оқытылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі.
Жұмыстың көздейтін мақсаты- балаларға шығарманы толықтай саналы қабылдауға мүмкіндік туғызады. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
а) оқушының өзіне әңгіме айтқызу;
ә) мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
б) ұжымдық түрде әңгіме айту.
Әңгіменің барысында оқушыларға қосымша материал беру немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімді.
в) экскурсияда блігендерін пайдалану (серуен, саяхат);
г) суреттерді қарау;
д) сұрақтар қою.
Кіріспе сөз тақырыпты аша алатындай болуы тиіс. Ұзақтығы 3-5 мин. Мәтінді мұғалім дауыстап өзі оқиды. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятып, назарын аударуы қажет.түсініксіз сөздерді бірде оқушылардың өзіне айтқызып, бірде өзі атап, оқушылардың түсінігін жанама жетекші сұрақ арқылы анықтау тиімді.
Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жұмыстар:
1. Оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияларға шығару, әртүрлі тәжірибе жасату.
Өтілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтіндік қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар мен мәселелер»
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
«Математикаландыру кезеңі»
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Шағын комплектілі мектепте оқытудың қазіргі жайы
Пәндер