Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Рубежкада келген сұрақтар:
Жоспарлау дегеніміз
Мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары
Келтірілген сипаттамалардың қайсысының нарықтық экономикаға қатысы жоқ?
орталықтан жоспарлау;
Еңбек ресурстары дегеніміз
Ұйымда жұмыс істейтін адамдар
Материалдық ресурстарға не жатады?
Шикізат, құрал-жабдықтар және ғимараттар
Экономикалық игілік не болады?
шектеулі мөлшерде болатын қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы;
Ұйым дегеніміз не?
Бір мақсатты көздеген адамдар тобы
Тауарлар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай да болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер:
Инновациялар
Нақты және болашақтағы қажеттіліктердің қалыптасуын зерттеуге негізделген, өнімнің өндірісі мен өткізілуін кешенді ғылыми бағалау:
маркетинг
Контракт жасағанда, тауарларды өндіру мен өткізуде фирманың өзінің жұмысын ұйымдастыруда және барлық жұмыстар мен қызметтер түрлерін жүргізуге қажет байланыстарды жөнге, тәртіпке келтіруге, осылардың барлығына жұмсалатын шығындар:
Трансакциондық шығындар
Бизнес жоспар қандай мақсатта құрылуы мүмкін? Ушеунен бреуы
өзін-өзі ақтау нүктесін анықтау үшін
несие алу үшін
қолма қол ақша ағымдарын болжау үшін
Стратегия сөзі аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
генерал өнері
Тауар бағасы тәуелді:
сұранысқа, бәсекелестікке, шығындарға
Жаңа фирмалардың құрылуы мен аяққа тұруын қамтамасыз етудегі қызметтерді көрсететін ұйым:
бизнес-инкубатор
Қаржы-экономикалық ақпараттық жүйеге жататыны:
бухгатлерлік есеп және аудит
Коммерциялық ақпаратқа жататыны:
Несиелер мен банктік операциялар туралы ақпарат
Өндірістік ақпаратқа жататыны:
Конструкторлық іс-қағаздар: сипаттамалар, схемалар, жүзеге асырылатын НИОКР сызбалары
Қажеттіліктерді қанағаттандыруды көздейтін бизнес субъектісі:
Тұтынушылар
Жұмыс күшінің иелері болып келетін, жеке табыс алуды көздейтін бизнес субъектісі:
Жұмысшылар
Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:
Кәсіпкерлік қабілет
Заңды тұлга ретінде шаруашылық объектісін құру кезінде меншік иесінің немесе құрылтайшының бастапқы салған ақшасын немесе басқалай қаражаттарының түрін атаңыз:
Жарғылық капитал
Тестте осы тақырыптар бойынша сұрақтар келеді, лекцияны оқу керек
Бизнес нысандары, ұйымдық-құрылымы, түрлері (лизинг, франчайзинг, факторинг), Нарық инфрақұрылымы, бизнес инфрақұрылымы
Кәсіпорын ішкі-сыртқы ортас. Макро, микро орта факторлары
Кәсіпкерлік термині мен кәсіпкерлікті зерттеген ғалымдар ойлары
Табыс түрлері, несие түрлері (овердрафт), шығын түрлері
Бизнес циклдар, тауардың өмірлік циклі және соған сай қолданылатын стратегиялар
Бизнес жоспар құрылымы
Бостондық кеңес беруші топ матрицасы
Бәсеке, монополия, олигополия, дуополия
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты
Кәсіпорынның маркетингтік және менеджмент қызметі
Кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдау
Негізгі өндірістік қорлар
Негізгі капитал, Айналымды капитал
Кәсіпкерлік құпия, ақпарат түрлері
Амортизация, инфляция, демпинг, мотивация, депозит, демпинг, стратегия, бизнес-инкубатор, өзіндік құн
Жалпы шығын, жалпы табыс, пайда, жалпы пайда, таза пайда:
Кәсіпорында баға белгілеу стратегиялары
Маслоудың физиологияляқ қажеттіліктері
Лекциялар
Заманауи қоғамдағы кәсіпкерліктің мәні, мазмұны және қалыптастыру шарттары
1.Кәсіпкерліктің даму тарихы
Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады.
Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына бірден бір ықпал етеді.
Кәсіпкерліктің дамуының бірінші кезеңі кәсіпкерлік теориясының классигі Р. Кантильон есімімен байланысты.
Ол кәсіпкер - белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам деген анықтама берді.
Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі:
ұйымдастырушылық және
кәсіпкерлік икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі.
А. Маршалл кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарын тиімді деп есептеген.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына И. Шумпетердің тиімді монополия концепциясының ролі ерекше.
И. Шумпетердің ойынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды.
Кәсіпкер - экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші.
Кәсіпкер ол менеджер емес, оның міндеті - жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу.
Кәсіпкер - бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам.
Ал менеджмент - жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті) тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатында басқару жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпкер барлық уақытта қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәукелге бармайды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің негізгі қызметі - сапалы өнім өндіріп немесе қызмет көрсету, оны қажет етуші тұтынушыларға дейін жеткізіп, соған сай материалдық және моральдық қайтарымын алу.
2. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
Америка ғалымдарының ойынша кәсіпкерлік - бұл қиын да маңызды жобаларды жүзеге асыру әрекетінің түрі.
Кәсіпкерлік - бұл аса маңызды, жауапкершілікті талап ететін іс.
Кәсіпкерлік - әлдебір жаңа нәрсені жасауға, немесе бар нәрсені жақсартуға талпыныс жасау.
Кәсіпкерлік динамизм, инициатива, жігерлілік бастама секілді ұғымдармен ажырамас байланыста және көптеген қызықты идеяларды шындыққа айналдырады.
Батыс елдерінің ғалымдары кәсіпкерлікті шаруашылықтың айрықша, жаңаша стиль ретінде сипатталады.
Америка ғалымы Р.С. Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік - бұл байлықты өсірудің динамикалық процессі.
Американдық ғалым профессорлары Р. Хизрич пен М. Питере:
Кәсіпкерлік - бұл құнды әрі жаңа бір нәрсені жасап шығару, өзіңе қаржылық, әлеуметтік, моральдік жауапкершіліктерді ала отырып уақыт пен күшіңді пайдалану процессі; ақшалай кіріс кіргізу процессі.
Р. Хизрич: кәсіпкерлік - құны бар жаңа нәрсені жасап шығару.
Қорытындылай келе, кәсіпкерлік - қоғамды тауармен, әр түрлі қызмет түрлерімен қамтамасыз етуші нарықтық қатынастың бір түрі.
Кәсіпкерлік - бұл кәсіпкердің жаңа бір идеяны ойлап тауып, оны қолдана білуі, нақты бір кәсіпкерлік жобаға айналдыруы болып табылатын шаруашылықтың жаңа түрі. Бұл әрине өте қатерлі іс, бірақ тәуекелге бармаса, ешкім де табысқа жете алмайды.
3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері
Кәсіпкерлік - бұл қоғамдық пайдамен жеке бас мүддесін үйлестіру негізінде коммерциялық жетістіктерге және басқа да табыстарға жету мақсатында мүлікті, қаржы құралдарын және басқа ресурстарды жаңаша пайдаланумен тығыз байланысты шаруашылық субъектілердің әрекеті.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі болып кәсіпкер табылады.
Кәсіпкер - жалғыз субъект емес, кез-келген жағдайда кәсіпкер тұтынушымен және мемлекетпен қарым-қатынаста болады.
Тұтынушы, мемлекет те жалдамалы жұмысшы мен бизнес серіктестері де кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің субъектілері: мемлекет, кәсіпкер, серіктестер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушы
Кәсіпкер:
заң шеңберінде іскерлік қызметтің кез - келген мәселесі бойынша шешім қабылдауғада ешкімге тәуелсіз және өз бетімен әрекет ету қасиетіне ие адам;
өз қызметі нәтижесінде экономикалық және де басқа да қызығушылықтары болуы, яғни мүмкіндігінше максимальді кіріс алуы есептелуі тиіс;
тәуекелге барып, жауапкершілікті өз қолына алуы тиіс. Тәуекелге бару жағдайы туындағаннан шығынды азайтып, тәукелді төмендету әдістері болып: сақтандыру, нарық дамуын болжап отыру, шығынның алдын - алуға арналған, оның орнын жабатын құралдарды қорландыру табылады.
қызмет көрсетуде инновация технологияларды пайдалануы керек. (яғни өндіріс факторлары мен қызмет көрсетудің жаңа тұтынушыларын іздеу, оларды тартуда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану).
Тақырып 2. Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
Басқару - бұл ресурстарды тиімді пайналана отырып кәсіпорынды мақсатҚА жетуге жетелеу.
Басқаруды ұйымдастырудың негізгі аспектісі - кәсіпорын құрылымын құру.
Құрылым дегеніміз өзарабайланысты элементтердің жиынтығы.
Құрылым элементтері: жұмысшылар, қызмет орталықтары және басқару аппаратының басқа да бөлімдері.
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Басқару құрылымына әсер ететін факторлар:
Бизнес масштабтары (кіші, орта, ірі);
Бизнестің өндірістік және салалақ ерекшеліктері (тауарлар мен қызметтерді өндіру, алып-сату);
Өндіріс сипаттамасы (массалық, сериалық, бірліктік (даналық));
Фирманың қызмет ету деңгейі (жергілікті, ұлттық, сыртқы нарық);
Басқару жұмыстарының мехенизациялану және автоматизациалану деңгейі;
Жұмысшылар квалификациясы;
Басқару құрылымдары
Сызықтық басқару. Сызықтық басқару құрылымы бойынша бөлімдердің барлығын басқару функцияларын орндайтын және өзіне бағынған жұмысшыларды басқаратын басқарушы болады. Оның қабылдаған шешімдерін барлық бөлімдермен орындалуы міндетті. Ал ол өз кезегінде жоғары орналасқан басқарушыға тәуелді.
Функционалды құрылым. Функционалды құрылым жеке мамандандырылған басқару функцияларын орындау болып табылады.
Сызықтық-функционалды құрылым. Сызықтық-функционалды құрылым сызықтық және функционалды басқару кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді.
Дивизионалды (немесе бөлімдік) басқару құрылымы. Дивизионалды (немесе бөлімдік) басқару құрылымы - қазіргі өндірістік фирманы басқаруда көп тараған форма болып келеді. Мұнда жеке бөлімдер толығымен біркелкі өнімді жобалау, өндіру мен сатуға (дивизионалды-өнімді басқару құрылымы) немесе жеке бөлімдер толығымен белгілі бір аумақтар нарығындағы шаруашылық нәтижелеріне жауапты (дивизионалды-аумақтық басқару құрылымы) болатын құрылымдар. Дивизионалды-өнімдік принциппен құрылған фирмаға Дженерал моторс жатады.
Адаптивті (бейімді) басқару құрылымы: Адаптивті (бейімді) басқару құрылымы қоршаған ортаның өзгеруі мен ұйымның сұраныстарына қарай құрылымды тез жаңартуға (модификациялауға) болады
Адаптивті құрылым сипаттамалары: орталықтандырылмаған және мамандардың жұмыстағы жауапкершілігіне байланысты шешім қабылдауда қатысуы, билік құрылымының икемділігі және иерархия деңгейлері санының аздығы. Адаптивті құрылым 2-ге бөлінеді:
Жобалық құрылым. Жобалық құрылым - бұл нақты мәселелерді шешу үшін құрылған уақытша басқару органдары. Бұл дегеніміз күрделі жобаны жүзеге асыру мақсатында ұйымның білікті мамандарын бір топқа біріктіру. Жоба орындалғаннан кейін топ тарайды.
Матрицалық құрылым. Матрицалық құрылымда жоба мүшелері жоба басшысымен қатар өздері тұрақты жұмыс атқаратын функционалды бөлімдердің басшыларына да бағынады. Матрицалық құрылымның кемшілігі - оның күрделілігі. (химиялық, электрондық салаларында, сонымен қатар банктерде, сақтандыру жүйесінде, үкімет органдарында пайдаланады).
Басқару құрылымдарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Менеджер -- нәтижиелі басқаруды ұйымдастырушы.
Менеджердің жұмысы негізгі бес операцияға негізделген.
1.мақсаттарды анықтап, нақты міндеттерді қойып, мақсаттарға нәтижиелі қол жеткізу үшін нені жүзеге асыру керектігін шешеді.
2.міндеттерді орындауға қажетті қызмет түрлерін, шешімдерді, қарым қатынастарды ұйымдастырып және талдап, басқарылатын жиынтықтарға бөледі, ал соңғысын басқарылатын еңбек міндеттеріне бөледі.
3.мотивация мен коммуникацияны қолдап, жауапкершілігі жоғары адамдардан топ құрып, оларды белсенді қызмет етуге арнайы тәсілдерді қолданып ынталандырады (жалақы төлеу, жоғарлату, тағайындау және т.с.с. кадрлық шешімдермен).
4.әр жұмысшыда жалпы мекеме мен жұмыскердің өз жұмысына бағытталған көрсеткіштердің болуын қамтамасыз етіп, сол көрсеткіштерді талдайды, бағалайды, қол жеткізген нәтижиелерді өзара байланастырып, қорытындыны қол астындағыларға хабарлайды.
5.жұмыскерлердің кәсіби жағынан өсуіне қолдау көрсетеді.
Тақырып 3.Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
КӘСІПКЕРЛІК - бұл қоғамдық пайдамен жеке бас мүддесін үйлестіру негізінде коммерциялық жетістіктерге және басқа да табыстарға жету мақсатында мүлікті, қаржы құралдарын және басқа ресурстарды жаңаша пайдаланумен тығыз байланысты шаруашылық субъектілердің бастамалы әрекеті.
Кәсіпкерліктің субъектілері өзінің мүліктік жауапкершілігі мен өз атынан әрекет жасайтын жекелеген адамдар, сондай - ақ заңдық жауапкершілікпен әрекет жасайтын серіктестер ұйымы болуы мүмкін.

Бірақ кәсіпкер - жалғыз субъекті емес, кез-келген жағдайда кәсіпкер тұтынушымен және мемлекетпен қарым-қатынаста болады. Тұтынушы да, мемлекетте, сонымен қатар жалдамалы жұмысшы мен бизнес серіктестері де кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады
Кәсіпкерліктің 2 үлгісі белгілі: классикалық кәсіпкерлік және жаңашылдық (инновациялық) кәсіпкерлік.
Классикалық кәсіпкерлік - бұл қызмет көрсету номенклатурасын жаңарту мен ұйымдар әрекетінің рентабельділігін арттыру үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану арқылы ресурстардың жоғарғы (макимальді) деңгейін беруге бағытталған дәстүрлі, консервативті кәсіпкерлік.
Ал, инновациялық кәсіпкерлік ең алдымен кәсіпкерлік әрекеттегі жаңашылдықпен тығыз байланысты.
Кәсіпкердің рөлі экономиканың дәстүрлі факторын пайдалану арқылы, оларды жаңаша үйлестіру арқылы бұрын белгілі болмаған жаңа бір нәрсені жасап шығумен ұштасады.
Мұндай жаңашыл кәсіпкерлік дәстүрлі кәсіпкерлікке қарағанда барынша әсерлі нәтиже береді, бірақ кәсіпкерге айрықша талаптар қояды.
Кәсіпкер:
әрекет етуші заң шеңберіндегі іскерлік қызметтің кез - келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға ешкімге тәуелді болмауы және өз бетімен әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс;

тәуекелге барып, жауапкершілікті өз қолына алуы тиіс. Тәуекелге бару сөзінің астарынан шығынға ұшырататын жағымсыз жағдайлар барысында өз жоспарларын жүзеге асырып жіберу мүмкіндігінің туындауын түсіну қажет.
Тәуекелдің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық түрлерін ажыратады. Тәуекелге бару жағдайы туындағаннан шығынды азайтып, тәукелді төмендету әдістері болып: сақтандыру, нарық дамуын болжап отыру, шығынның алдын - алуға арналған, оның орнын жабатын құралдарды қорландыру табылады.
Өз әрекеті барысында қашан да инновациялық тәсілдері бар болуы қажет. (яғни өндіріс факторлары мен қызмет көрсетудің жаңа тұтынушыларын іздеу, оларды тартуда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану). Ізденіс пен жаңашылдық енгізуші кәсіпкер үшін қозғаушы күш - шамадан тыс пайда түсіруді күту болып табылады.
Жаңа заманғы жағдайда кіріс кіргізу ісін табысты ұйымдастыру үшін кәсіпкердің мықты кәсіби дайындығы, қызмет көрсету және өнім өндіруді ұйымдастыру саласында, заң, психология, саясат, экономика саласында қажетті білімі болуы қажет, сондай - ақ қаржы тізгінін қолына ұстаған тұлғалармен, маркетинг мамандарымен, ғалымдармен бірлесіп еңбек ете білуі тиіс.
ҚР-ның Кәсіпкерлік қызмет туралы Заңында кәсіпкерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай - ақ оларға мемлекет тарапынан берілетін кепілдік мәселесі анық, әрі нақты көрсетілген.
Кәсіпкерліктің типологиясы ұғымының астарынан оны нақты бір түрге, типке жатқызуға және белгілеріне қарап анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі типтері, түрлері, салалары туралы ілімді түсінеміз.
Кәсіпкерлікті классификациялау (топтау). Кәсіпкерлік әрекетті сан алуан сипаттық белгілеріне қарай классификациялауға болады, алайда кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесінде келесідей белгілері бойынша топтау қалыптасқан:
меншік формасы бойынша;
заңдылығы бойынша;
аймақты қамтуына және әртүрлі территорияда таралуына қарай;
құрылтайшылардың санына қарай;
персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай;
түсімнің өсу қарқыны мен деңгейіне қарай;
жауапкершілік формасына қарай т.б.
Меншік формасы туралы айтар болсақ, онда нарықтық экономикада кәсіпкерлік меншіктің жеке және мемлекеттік формасында дамуда. Жеке меншіктік ол жеке дара және әріптестік формада көрініс табады. Кәсіпкерлік муниципиалды, сондай-ақ аралас және бірлескен формада, шет ел инвесторлары формасы ретінде де дамиды.
Заңдылық белгісі бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз, жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Заңсыз кәсіпкерлік болып осы әрекетті заңдастырмай, тіркеуден өткізбей, лицензиясыз жүзеге асыру жағдайы табылады.
Жалған кәсіпкерлік - кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған әрекетті жасап, жалған жолмен несие алу, салықтан жалтару секілді ниетпен коммерциялық ұйым құру. Заңсыз және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі территорияда таралуына қарай: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және әлемдік болып бөлінеді.
Кәсіпкерлікке қатысушылардың құрамына байланысты әйелдердің және жастардың кәсіпкерлігін атауға болады. Көптеген елдерде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, ат салушы әйелдер мен жастар ассоциациясы жұмыс жасайды. Мысалы, Қазақстанда әйел кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылған.
Өсу қарқыны, түсімнің деңгейі тұрғысында кәсіпкерлік ұйымдарды: тез дамушы, баяу қарқынмен дамушы компаниялар, жоғары түсім алушы және төмен рентабельді ұйымдар, бизнестің аса қауіпті түрлерін жүзеге асырушы фирмалар деп бөлеміз.
Жеке іс жасауға қатысушылардың санына байланысты кәсіпкерлік индивидуальды (жеке) және ұжымдық, әріптестік болып бөлінеді.
Персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай , кәсіпкерлік шағын, орта және ірі бизнес болып жіктеледі.
Шағын кәсіпкерлік дегеніміз - жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 60 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз.
Орта кәсіпкерлік дегеніміз - жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік (бизнес) - заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан асатын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз. Бұл шарттар бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікке, ал орта кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке айнала алады.
Кәсіпкерлік әрекетті жалпыға бірдей тәсілмен топтағанда кәсіпкерліктің келесідей түрлерін бөліп қарастырады.
Өндірістік - қызмет көрсету мен басқа да өнімдерді тікілей жасап шығару;
Коммерциялық - жасалып шыққан өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізіп беретін арадағы делдалық әрекет;
Қаржылық - қызмет көрсету мен өнім өндіру мақсаты мен қаржы құралдарын түзудің айрықша түрі.
Кеңестік (консультативті) - қаржыны, маркетингті басқару, өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалау, жалпылай басқару мәселелері бойынша көмек пен кеңес беру әрекеті.
Тақырып 4.Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
Кәсіпорын жоспары бұл - қойылған нәтижеге жетуге бағытталған өзара байланысты шешімдер жүйесін сипаттайтын құжат.
Жоспар төмендегідей сатылардан тұрады:
Мақсаттары мен міндеттері;
Оларды жүзеге асыру құралдары мен жолдары;
Қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау;
Жоспардың орындалуын ұйымдастыру.
Жоспардың міндеттері:
Қойылған жоспарлы мәселелер бойынша, құрамын анықтау;
қойылған стратегияларды мақсаттар мен міндеттерді негіздеу;
мақсат пен міндетке қол жеткізудің негізгі жолдарын жоспарлау;
ресурстардың қажеттілігін анықтау;
жасап шығаруларды, енгізуді жобалау және олардың орындалуын бақылау.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (1):
Мазмұны бойынша:
техника-экономикалық жоспар
жедел өндірістік жоспар
ұйымдастырушылық техникалық жоспар
әлеуметтік жоспар
өткізу жоспары
қаржылық жоспар
бағдарламалық жоспар
бизнес жоспар
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (2):
Басқару деңгейі бойынша:
корпоративті-заводты жоспар - басқарудың жоғары деңгейін талап етеді;
цехтік жоспар - орталық деңгейді талап етеді;
өндірістік жоспар - участокты, бригаданы, жұмысшының жұмыс орнын қамтиды.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (3):
Негіздеу әдістері бойынша:
нарықтық
индикативті
әкімшілік немесе орталық
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (4):
Уақыт мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді немесе ағымдық (1 жыл)
орта (1-3 жыл)
ұзақ немесе перспективті (3-10 жыл)
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (5):
Қолдану сферасы бойынша:
цех аралық
бір цех ішіндегі
бөлек немесе жеке дара
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (6):
Жасап шығару сатылары бойынша:
алдын-ала жасалынатын жоспар
жедел жоспар
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (7):
Нақтылық дәрежесі бойынша:
Нақтыланған
Іріленген
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесінің жіктелуі (8):
Мақсаттардың типтері бойынша:
жедел
тактикалық
стратегиялық
нормативті
Кәсіпорын қызметін жоспарлау, әрбір кәсіпорында ең маңызды функциялардың бірі.
Жоспарларда барлық қабылданған басқарушылық шешімдер сипатталады.
Өнім өндіру мен сату көлемінің есептелуі көрсетіледі.
Өндірістің шеткі нәтижелері мен шығындар мен ресурстарға экономикалық бағалаулар жүргізіледі.
Жоспарларды құру барысында, басқарудың барлық буындарының басшылары өз іс - әрекетінің жалпы бағдарламасын белгілейді.
Басты мақсатпен біріккен жұмыстың нәтижесін анықтап, жалпы қызметтегі әрбір бөлімнің немесе қызметтің жұмысқа қатысуын анықтайды.
Жоспардың жеке бөліктерін бірігей экономикалық жүйеге біріктіреді.
Жоспарды барлық құрастырушыларының жұмысын бақылайды және қабылдау жоспарының еңбек қызметі туралы шешім қабылдайды.
Алғаш рет жоспарлаудың жалпы қағидалары Файольмен қалыптастырылды, ол мынадай 5 қағида ұсынынды:
1.Жоспардың қажеттілік қағидасы, ол еңбек қызметінің кез-келген түрін орындау барысында жоспарларды міндетті және күнделікті қолдануды білдіреді.
2.Жоспардың бірегейлік қағидасы, кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының жалпы немесе жиынтық жоспарын жасап шығаруды қарастырады. Жылдық жоспардың барлық тараулары тығыз байланысты болуы керек.
3.Жоспардың үздіксіздік қағидасы, оның мәні, әрбір кәсіпорында өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үрдістері еңбек қызметі сияқты тоқтаусыз, тұрақты жүргізіліп отыруы керек.
4. Жоспарлаудың циклдік қағидасы, жоспардың үздіксіздігімен тығыз байланысты және кәсіпорынның экономикалық қызметінің бақылауымен көрсетіледі, түзету мүмкіндігін қарастырады.
5. Жоспарлаудың нақтылық қағидасы, сыртқы және ішкі фактормен байланысты. Нарықтың экономикалық жағдайын жоспардың нақтылы ұстану қиынға соғады, сондықтан да әрбір жоспар кәсіпорнның қол жеткізгісі келетін нақтылығына сай жасап шығарылады. Онда қаржылық жағдайы, нарықтағы орны және басқа да факторлар ескеріледі.
№5 тақырып.
Қазіргі жағдайдағы бизнес қауіпсіздігі
1. Бизнестегі қауіпсіздік пен тәуекел түсініктері
Бизнес - тәуекелмен байланысты қызмет. Бизнестегі тәуекелділік экономика жағдайына, саяси тұрақсыздыққа, бәсекелестердің заңсыз іс-әрекеттеріне, қылмыскер топтардың (жеке қылмыскерлердің) іс-әрекеттерімен байланысты.
Коммерциялық және саяси тәуекелдің негізгі себептері кестеде келтірілген. Өзін-өзі қорғау мақсатында әр-түрлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.
Бизнестегі тәуекелділік себептері
Бизнес қауіпсіздігі құқықтық, әкімшілік, ұйымдастыру-басқарушылық, инженерлі-техникалық арнайы шараларынан тұрады.
Оларды комплексті қолдану кәсіпкерге тәуекелділікті барынша азайтуға мүмкіндік береді
2. Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Кәсіпорын қауіпсіздігін қамтамасыз ету - қазіргі таңдағы және болашақтағы оның функционалдық құрылымдарын шығындарсыз жүзеге асыру және кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің максималды деңгейіне жету.
Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң шығарушы, орындаушы, сот билігі, құқық қорғаушы (прокуратура, милиция, қауіпсіздік органдары), салық инспекциясы, кеден және т.б. мемлекеттік огандар, және сонымен қатар бизнес қауіпсіздігін коммерциялық негізде қамтамасыз ететін арнайы фирмалар мен мекемелер (жеке күзет, іздестіру бюросы мен фирмалары, ақпарат агенттіктері, құқықтық конторлар және т.б).
Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен фирмада арнайы бөлімдер мен қауіпсіздік шаралары құрылуы мүмкін.
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың басты мақсаты - қазіргі таңдағы және болашақтағы кәсіпорынның тұрақты және максималды нәтижелі қызмет етуін қамтамасыз ету.
3. Коммерциялық құпия мен ақпаратты қорғау
Коммерциялық құпия - бұл жеке тұлғаны немесе кәсіпорынды шығындарға ұшыратуы мүмкін ақпараттарды немесе мәліметтерді алдын ала ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған жария ету (разглашение).
Мұндай ақпатарттарға жаңа ғылыми-техникалық жобалдар мен ноу-хау, қаржылық операциялар мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігі туралы, фирма құрылымы мен персоналы туралы және т.б. мәліметтер жатады. Қоғауды қажет ететін ақпараттардың тізімі кестеде келтірілген.
Қоғауды қажет ететін ақпарат
Ақпараттарды талдау барысында, сол ақпаратты жария ету кәсіпорынға зардабын тигізуі мүмкін деген қорытынды жасалған мәліметтер коммерциялық құпия қатарына жатады.
Содан кейін ол ақпаратты қорғау шаралары жүзеге асырылады. Қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруда ескерген жөн:
Қай ақпарат қорғауды талап етеді;
Ол кімді қызықтыруы мүмкін;
Оның қандай элементтері аса бағалы;
Бұл құпиялардың "өмір сүру уақыты" қаншалықты;
Оларды қорғау қандай қаржыны талап етеді;
Ақпараттың сенімді қауіпсіздік жүйесін құру үшін оның өзгелерге мәлім болу (каналы ее утечки) жолдары туралы нақты білген жөн, олардың ішінде:
Бұл ақпаратты білетін персонал;
Бұл ақпарат жазылған құжаттар (басқа да ақпарат тасымалдаушылар);
Техникалық құралдар мен ақпаратты сақтайтын (обработки) жүйелер, сонымен қатар ақпарат берілетін байланыс желілері;
Кәсіпорын ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принциптерді нақты анықтаған жөн:
Қорғаудың қарапайымдылығы. Қорғаудың қарапайым түрлері әдетте сенімдірек.
Ақпаратқа қол жеткізу жүйесін басқарудың сол ақпаратты пайдаланушылардан дербес болуы;
Қорғау жүйесін қадағалау мүмкіндігі;
Сенімді қорғау жүйесінің болуы;
Қорғау жүйесінің икемділігі мен адаптивтілігі;
Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың жеке жауепкершілігі;
Қорғау объектілерін топтарға бөлу арқылы кауіпсіздігін қамтамасыз
4. Өндірістік шпионаж бен қарсы тұру шаралары
Өндірістік шпионаж - шетел мемлекеттерінің, шетел фирмаларының және арнайы агенттердің, сонымен қатар мемлекет ішінде орналасқан фирмалар мен агенттіктердің, қылмыстық топтардың арнайы мекемелерінің (ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестердің) коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді алуды (оған сәйкес коммерциялық пайданы) мақсат еткен қызметі.
Өндірістік шпионаж негізінде бәсекелестерді тікелей "жолдан алу" акциялары жүзеге асырылуы мүмкін; өндірістік объектілер мен қондырғылардағы диверсиялар; жобалық құжаттарды, үлгілерді ұрлап алу; қаржы алаяқтығы; дезинформациялау арқылы бәсекелестерді жою және т.с.с.
Өндірістік шпионажда көптеген техникалық құралдар пайдаланады. Мысалы, Ресей нарығына өз өнімін ұсынған "LEA" фирмасы өз каталогында өндірістік шпионажда пайдаланылатын және одан қорғайтын 200 ден астам бұйымдарды ұсынған.
Телефон сөйлесулерінің техникалық бақылау құралдарына қарсы тұру келесі түрде іске асырылуы мүмкін: телефон аппараты тыңдаушы заттардың болуына тексеріліп пломбы орнатылуы тиіс. Бөтен жұмысшыларға өз телефондарыңыз бен байланыс желілеріңізді жөндеуге рұқсат етпеңіз.
№6 тақырып. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес әлемдік экономикада да кеңінен зерттелуді қажет мәселе.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі - бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын.
Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі - бәсекелік нарық жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
М. Портердің пайымдауынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын бес бәсекелік күш бар:
Бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
Ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;
Салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
Тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
Тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері.
Әлемдік бәсекеге қабілеттілік бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеу нәтижесіне сай Қазақстан 2019 жылы 140 мемлекеттің ішінен 69,8%-бен 59-шы орын алды.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін критерийлер бойынша бөліп көрсетуге болады:
Бірінші критерий кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі. Осы критерий бойынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын қарастырады: өндірістік үрдістерді басқару тиімділігі; өндірістік шығындардың үнемділігі; негізгі еңбекті ұйымдастыру; өнімді өндіру; технологияның жетілгендігі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабелеттілігінің екінші критерийі кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни: мүліктік жағдайды бағалау; кәсіпорынның өтімділік және қабілеттілік көрсеткіштері; қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік көрсеткіштері; кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиже көрсеткіштері.
Үшінші критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді ұйымдастырудың тиімділігі. Бұл критерий келесі көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу коэффициенті; сату рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі келесідей көрсеткіштермен сипатталады: қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы; материал қайтарымдылығы және материал сыйымдылығы; еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы.
Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары
қарастырылуы тиіс:
Бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру.
Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу.
Үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын маркетингті жүйесін жеьілдіру.
Төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалды үнемді пайдалануға, сонымен қатар оның баға бәсекелесу жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.
Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікке шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде
Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.
2010 жылы аймақта өңдеуші өнеркәсіп орындарында жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерінде болса, ол 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру және жалпы ішкі өнімге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі қорларының өнімділігін арттыру белгіленген:
кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын, әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі элементтерді игеру;
ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;
мемлекеттің экспорттық әлеуметтік қосылған құны, жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптану;
сапаның әлемдік стандартына көшуі;
дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен ықпалдасуды күшейту қарастырылған.
Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.
№6.7 тақырып. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі

№8 тақырып. Бизнестегі қаржы
Қаржы менеджментін максималды пайда алу мен капиталды барынша тиімді пайдалану мақсатындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz