Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 199 бет
Таңдаулыға:   

Философияның пайда болуы

  • Философияның алғышарттары б. д. д. 4-3 мыңжылдықтардағы ежелгі Мысырдағы алғыфилософия (предфилософия), ежелгі Шумердегі арғыфилософия (протофилософия) ретінде пайда болды. Бұл кезеңдегі философиялық ойлар әлі де мифтен арылмағандықтан философия тарихы 2, 5 мың жылғы уақыттан басталады.
  • Осылайша, философия 2, 5 мың жыл бұрын Антикалық Грекияда, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытайда бір мезгілде пайда болған.
  • Философия адамзат білімі мен руханиятының ең ежелгі ізгі саласы. Табиғатқа кіріптарлықтан арылған адамзат енді табиғатқа құры бейімделмей, қайта табиғатты өзіне ыңғайлап игере бастайды. Осылай, өңделген екінші табиғатты қалыптастыра бастайды. Осындай жасампаздықтан туындаған «жасанды» дүниемен қатар «мәдениет» те пайда болады. Бұл екеуі де адамның жасағаны болғандықтан физикадан (грекше физис, фюзис), яғни табиғаттан бөлек қаралып адамның рухани әлеміне қатысты алынады.
  • Осылармен қатар физикадан кейінгі, физикадан тыс жатқан феномен «метафизика» да қалыптасады. Міне осы табиғаттан бөлек, биік тұрған ілімді бастапқыда ежелгі гректер (Аристотель т. б. ) метафизика сөзімен белгілеп философиямен бір мәнде қолданған.
  • Бұл сөздердің орыс тіліндегі мәніне тоқталсақ, искусство, искусственный сөздерінен сәйкесінше: өнер және жасалған, жасанды, қолдан жасалған деген мағынаны аңғарамыз. Ал культура (латынша: cultura, французша, ағылшынша: culture) сөзі біріншіден мәдениетті білдірсе, екіншіден сұрыпталған дақылдарды білдіреді. Культивация сөзін алсақ жер өңдеу, қопсыту т. б. мағынаны білдіреді. Бұл жерде адами, қолға үйретілген, жабайы емес деген мән көрініп бұлардың табиғаттан бөлектеніп тұрғанын аңғарамыз. Демек, өнер, мәдениет, философия шартты түрде алғанда бір мезгілде пайда болған деуімізге болады.
  • Алғаш рет философ, философия сөзін әйгілі ойшыл әрі математик Пифагор қолданды. Ал ол сөзді мәні бойынша дамытып, мағына берген грек философы Платон болатын. Міне осындай таң қалудан, даналыққа ұмтылудан, дүниенің сырын, табиғат құпиясын, ондағы адамның болмысын, өмірі мен оның мәнін білуге ынтызарлықтан туындаған философия бастапқыда шын мәнінде ғылымдардың ғылымы, бастауы, ғылымдардың атасы болды.
  • Философия бәйтеректің тамыры болғандықтан қандай нәрсені болсын кеңінен, тереңнен, түбінен, түбірінен, тамырынан бастап қарауға құрылған. Ең алғаш философия бүкіл жаратылыстың түпнегізін іздеуден басталған. Бір сөзбен айтқанда сол кезде философия бүкіл, барлығы туралы ілім ретінде, оның қарастырмайтын нәрсесі жоқ болды. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында философияға қатысты «барлығы туралы ілім» деп айта алмағанымызбен, философия өз бойында ғылыми жетістіктердің бүкіл мәйегін, экстрактісін, маңызын қамтып келеді десек қателеспейміз.
  • Философия ғылымының мәнін жән мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік.
  • К. Ясперс:философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
  • Сократ:“Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.
  • Геродот:“Философия - білімді, ақылдылықты сүю”.
  • Аристотель:“Философия - ғылымдар негізі”.
  • Августин:“Философия - ақылдылыққа құштарлық ”.
  • Декарт:“Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім” - дейді.
  • Осыларға сүйене отырып, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
  • Философиятермині грек тілінен аударғандаphileo- сүйемін, sophia- даналық дегенді білдіреді. Яғни, философияның мәні даналыққа ұмтылу, даналақты сүю, даналыққа құштарлық болып саналады.
  • Философия сөзін алғаш қолданған грек ойшылы әрі математигі Пифагор.
  • Демек:
  • 1) Философия әрқашан даналықпен, ақыл-оймен байланысты.
  • 2) Философия таңданудан, таң қалудан басталады. Сократ “Менің білетінім - ештеңе білмейтінім” деген. Таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
  • 3) Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
  • 4) Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады.
  • Философия - барлығын тұтас, элементтерімен қоса бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, бәрінің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Философияның өзіндік ерекшелігі

  • Әлемді тұтас концептуалдық түрде, категориялық деңгейде қарайды;
  • Маңызды және мәнді проблемаларды қарастырады;
  • Қиын және күрделі проблемаларды қарайды;
  • Жалпы проблемаларды қарайды;
  • Негізгі, фундаменталдық мәселелерді қарастырады;
  • Адамзатқа ортақ мәселелерді қарайды;
  • Өзекті мәселелерді қарайды;
  • Интегративті, синтетикалық, әмбебап сипатта;
  • Тұтас, жан-жақты, тереңнен қарауға ұмтылады;
  • Нақты ғылымдарға бағыт-бағдар нұсқайды.
  • Философия дүниетанымның негізгі жетілген тарихи типінің бірі, қоғамдық сананың маңызды бір формасы. Сонымен қатар философия ғылым. Бірақ басқа ғылымдардан өзгеше, айрықша және ерекше ғылым. Философияның басты өзгешелігі оның саламен шектелмейтін әмбебап ғылым екендігінде. Жеке ғылымдарға методологиялық, ұсыныстық көмек беріп қана қоймай, олардың дамуын айқындайтын интегративті коррелятивті ғылым екендігінде.
  • Философияның келесі ерекшелігі тарихы бай ең ежелгі ғылым екенінде. Философияда ғылымдардағыдай жүйелілік, құрылымдылық, дәлелділік, рационалдылық, негізділік, тиісті әдістер мен ұғымдық-категориялық аппарат бар болғаны былай тұрсын, осының барлығы осы философия ауқымында қалыптасып, басқа ғылымдарға көшті.
  • Философия алғаш түпнегіз іздеуден, ғарышты ұғынудан қалыптасты.
  • Онтологияның негізгі ұғымдары: Космос - ежелгі грек тілінен аударғанда «тәртіп» деген мағынаны білдіреді. Космология - ғарыш және дүние құрылысы туралы ілім. Космогония - дүниенің шығу, қалыптасу, қазіргі жағдайға дейнгі даму процесі туралы ілім.
  • Философия ғылымдардың ғылымы, ғылымдардың атасы, анасы, бастауы.
  • Барлығы да философиядан басталған. Ешбір ғылым болмай тұрғанда алғаш философия пайда болған. Кейіннен ғана ғылымдар пайда болып философиядан астрономия, математика, механика, физика, медицина, биология, социология, экономика және көптеген салалар бөлініп шығады.
  • Егер ғылымдар өсіп тұрған бәйтеректің бұтақтары болса, сол бәйтеректің өзегі және тамыры философия болып табылады.
  • ФИЛОСОФИЯ ешқандай да саламен шектелмейді. Философияны шектегеннің өзінде де ол таным, білім, ғылымды тұтас қамтитын салалардың саласы болып табылады.
  • Философияның әмбебаптығы оның барлық ғылымның мәнін қамтып синтездейтінінен, барлық күрделі жүйенің өзегіне бойлап, тамырына жетіп өзінде олардың бүкіл мәйегін, нәрін, экстрактін тұндырып тұрғанынан көрінеді.
  • Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Философия пәні, мәселелері

  • Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
  • 1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
  • 2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес, интеграциялық білім.
  • Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы - ол
  • философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
  • Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.

Философия пәні, құрылымы

  • Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:
  • 1. Онтология (болмыс туралы ілім) ;
  • 2. Гносеология (таным туралы ілім) ;
  • 3. Антропология (адам туралы ілім) ;
  • 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім)
  • 5. Этика (мораль туралы ілім)
  • 6. Логика (ойлау заңдары туралы ілім)
  • 7. Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)

Философияның негізгі сұрағы

  • Философияның негізгі сұрағы. Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа, болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады.
  • Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: адмның (философияның басты міндеті болып табылатынын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтаулы, қандай сипаттағы жүйе құруын - дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында.
  • Материя және сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі - онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды.
  • Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі.
  • Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні - «Дүние таныла ма, әлде, танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ.
  • Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар материалистерге және идеалистерге бөлінеді.
  • Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты мынадай бағыттар туындайды:
  • Сенсуализм - (латынның «sensus» - сезім) - таным көзі және ақиқат өлшемі - сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық ағым.
  • Эмипиризм («эмпирио» - «сезімдік тәжірибе») - біліміздің қайнар көзі - сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.
  • Рационализмнің (латынның ratio-«ақыл» сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы - ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.

Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер қалыптасқан. Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері :

  • Диалектика -бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
  • Метафизика- диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
  • Догматизм -қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
  • Эклектика- бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
  • Софистика- айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
  • Герменевтика- мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Әрі әдіс әрі бағыт болатындар:

  • Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:
  • - материализм;
  • - идеализм;
  • - эмпиризм;
  • - рационализм.
  • Материалистік әдістематерия алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы, материяның көрінісі деп қарастырылады.
  • Идеалистік әдістіңмәні-керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
  • Эмпиризм- көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
  • Рационализм- шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.

Негізгі бағыттар және ілімдер:

  • Материализм, идеализм, объективті идеализм, субъективті идеализм әдіс қана емес бағыт деп саналады. .
  • Гилозоизм - тірі және өлі табиғаттың жандылығын насихаттайтын философиялық ілім.
  • Пантеизм - Құдай (идеалды бастама) және табиғат (материалды бастама) теңестірілетін философиялық ағым:
  • Монизм - болмыста бір ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім.
  • Деизм-болмыста екі бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. «Құдай - дүниені жаратушы» деп, бірақ «дүниені жаратып және оның заңдарын қоса шығарып бергенмен Құдай одан кейінгі пәнилік істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды.
  • Плюрализм - болмыста екіден көп бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.

Философиядағы ағымдар мен бағыттар

  • Агностицизм - дүниенің танылмайтындығын тұжырымдайтын философиялық ағым. Агностицизм ең ежелгі, европалық формаларына софистика мен скептицизмді жатқызуға болады. Релятивизм - (латынның «relativus» - салыстырмалы) - кез-келген білімнің салыстырмалылығын, шарттылығы мен толық еместігін және соның негізінде объективті ақиқатқа жетудің қандай да болмасын мүмкіндігін терістейтін философиялық бағыт.
  • Рационализм - (латынның «ratio» - «разум» - «ақыл-ой») - «ақыл-таным негізі, танымның басты құралы және ақиқат өлшемі» ретінде қарастырылатын философиялық бағыт.
  • Иррационализм - (латынның «irrationalis» - «бей ақыл», «бейсана») - ақылдың танымдық қабілет-күші шектелетін немесе терістелетін, ал болмыс мәні ақылдан өзгеше және ақылға берілмейтін құбылыс, нәрсе ретінде түсінілетін философиялық бағыт.

Философияның негізгі функциялары

  • Философия функциясы- философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары:
  • - дүниетанымдық;
  • - методологиялық:
  • -теориялық;
  • - гносеологиялық;
  • - сыншылдық;
  • - аксиологиялық;
  • - әлеуметтік;
  • - тәрбиелік-гуманитарлық;
  • - эвристикалық.
  • Дүниетанымдық функция- дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
  • Методологиялық функция- философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
  • Теориялық функция- философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.
  • Гносеологиялық функция- философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
  • Сыншылдық функция- философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
  • Аксиологиялық функция- философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т. б. құндылықтар жағынан қарастырады.
  • Әлеуметтік функция- философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
  • Тәрбиелік функция- философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
  • Эвристикалық функция- философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.

Философияның жүйесі мен құрылымы

  • Философияның жүйесі мен құрылымы тарихи және географиялық тұрғыдан алғанда әрқалай қалыптасқан. Ағылшын-саксондық елдер мен құрылықтық елдер философиясының өзіндік құрылымы бар. Құрылықтық болғанмен де батыстық және шығыстық философияның, зайырлы елдер мен мұсылман елдері философиясының да өзгешеліктері жетерлік.

Дүниетанымның тарихи типтері

  • Дүниетаным дүние мен ондағы адамның орны туралы жалпы түсініктердің жүйесі. Дүниеианымның негізгі аясына дүниені түсіну және дүниені түйсіну жатады. Дүниені түсіну дүниені рационалдық, интеллектуалдық деңгейде себепті байланыстарымен ұғыну. Дүниені түйсіну дүниені әсерлер мен эмоциялар арқылы сезімдік-психикалық сезіну. Дүниетанымның негізгі құрылымдық деңгейлері: білімдерден, құндылықтардан, мұраттардан, нормалардан, сенімдерден тұрады.
  • Дүниетаным - дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас.

Дүниетанымының үш тарихи түрі

  • Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

Тарих дамуында адамзат

дүниетанымының үш

тарихи түрі қалыптасты:

  • Мифология;
  • Дін;
  • Философия;
  • Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) - қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
  • Алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
  • Әлем, жер және адамның пайда болуы;
  • Табиғи құбылыстарды ұғыну.
  • Дін дегеніміз - дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі - жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.
  • Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғамдық сана формасы.
  • Дін мына мәселелерді қарастырады:
  • - Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
  • - Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
  • - Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
  • Философия - дүниетанымының ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:
  • 1. Нақты ұғымдармен категориялардан құралады;
  • 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;
  • 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы) ;
  • 4. Логикалылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді. )
  • Философиядүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.
  • - космоцентризм;
  • - теоцентризм;
  • - антропоцентризм;

Кезеңдер

  • Космоцентризм- Әлем, табиғат құбылыстары - сыртқы күштердің - Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т. б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән) .
  • Теоцентризм- бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән) .
  • Антропоцентризм- орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән. ) Философиялық білімнің басты ерекшелігі - оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логикалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.
  • Философияны білу мынадай дағдыларды орнықтырады, мына құзыреттілікті қалыптастырады деп жауап беруге де болар еді. Алайда олар арнайы бағдарламада, силлабуста, пәннің оқу-әдістемелік кешенінде егжей-тегжейлі қарастырылғандықтан қайталауға ұрынбай бұл қажеттілікті басқа мәнде көрсеткен жөн болар. Сонымен философияны оқу не үшін қажет?
  • Философияны оқып-білу ең алдымен адам болып қалыптасу үшін қажет. Маман болудан да, адам болу қиын демекші адамдықтың туын ұстаған әрбір жан өмірді білгісі келсе, өмірдің мәнін ұққысы келсе философияны білуі керек.
  • Философияны біліп қана қоймай күнделікті өмірін философиямен өруі керек.
  • Философия адамды ойлауға үйретеді, дұрыс жүріс-тұрысқа бағыттайды. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі
  • Ішкі қуат көздері мен рухани қайнарларды ашады.
  • Потенциялдық мүмкіндікті іс жүзіне асыруға септеседі.
  • Мақсат қойып, мұраттарға ұмтылуға жетелейді, құндылықтарды қалыптастырады.
  • Философия алдымен білімді болуға, сосын ақылды болуға көмектеседі.
  • Бәрің білгің келсе - барлық білім береді, дүниетанымыңа сай өзіңе не қажет, соны білгің келсе дәл сол қажетіңді тауып береді. Бәрі өзіңнің таңдауыңа қарай.
  • Білдіріп қана қоймай ойлауға да үйретеді. Ойыңды материалдандырып ойыңдағы арманыңды, шындыққа - дәл алдыңа әкелуге қауқарлы. Философия өміріңді өзгертуі де бек мүмкін.
  • Өмірің өзгермегенімен де философиямен танысқаннан кейін көзқарасың өзгеруі мүмкін.
  • Философия досың, серігің, ақылшың, ұстазың. Өмірдің дауылдарында жел үп еткенде ұшып кететін, ұшқалақтық пен күйгелектікті тежеп, сабырлы қалып пен салқынқандылық дарытады.
  • Мінезіңді шыңдайды, тұлғалығыңды сомдайды. Асып, тасып бара жатсаң сабаңа түсіреді, жасық, ынжық, жуас болсаң ойшылдардың отты сөздерімен қайрайды.
  • Ойыңмен оңаша қалдырып кетпей, ерік-жігеріңді жаниды, тәуекелден тұлпар мінгізіп әрекетке бастайды.
  • Философияны, оның мәнін түсінсең, алған білімдерің негізінде «сенімділік» қалыптасады.
  • Ештеңеден жалтақтамайсың.
  • Тау қопарар күш беріп, намысыңды асқақтатады.
  • Осылайша, философия тіршілік етуге, күнелтуге емес жалындап, жасындай жарқ етіп өмір сүруге үйретеді.
  • Өмір күрес болса философия күреске, жеңілмеуге үйретеді. Жеңілсең де ұнжырғаңды түсірмей жатқан жеріңнен жұлқа тұрғызып алады. Бойыңдағы сараңдық, енжарлық, жалқаулық, қорқақтық секілді арам шөптерді отап, жаныңа жүректілік, табандылық, айбындылық, адуындылық, паңдық, өрлік пен ерлік, батылдық пен батырлық дәнін себеді. Тәніңнің ғана емес жаныңның да бағбаны өзге емес өзің болуға мүмкіндік береді.
  • Философия әрбір сәтті сезінуге, бағалауға үйретеді. Философиядан ақ-зерліні көріп, лазерліні естіп, гүл жұпарын сезетін сезімдерің ұшталып қана қоймай, көкірек көзің де ашылады. Сезімің сергелдеңге түспей сергек болады.

Ежелгі шығыс философиясы

Пайда болуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясының Құлагері
Ефлак һарекатының сөзі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Поэма жанрының зерттелуі
Көне грек философиясы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Латын және қазақ тілінің медицинадағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz