Семинар - тренингтің оқыту кезеңі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін треннингтер мен іскерлік ойындарды жүргізу жолдары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ. Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін треннингтер мен іскерлік ойындарды жүргізу жолдары
1.1 Тренинг туралы жалпы түсінік пен мақсат-міндеттерін айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Іскерлік ойындардың мазмұны оқушыларға этика ережелері мен нормалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ ТАРАУ. Ойын элементтерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді пайдалану жолдары
2.1. Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... 18
2.2Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі
Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала - білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.
Ұстаздың жүгін адал орындау - біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі - өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?, - деген пікірімен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.
Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі түрі, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс.
Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Курстық жұмыстың мақсаты
қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемесімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері
oo қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен ойын элементтерін қолданудың маңызы туралы түсінік беру;
oo ойын элементтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
oo ойын түрлерін көрсету.
Курстық жұмыстың нысаны обьектісі
бастауыш сынып оқушылары
Курстық жұмыстың зерттеу пәні
қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәні
Курстық зерттеу әдістері
ғылыми әдебиеттерге, ғалымдардың пікірлеріне шолу жасау, практикалық әдістерді қолдану.
Курстық жұмыстың болжамы
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Ойынның әр түрлі әдістерін сабақта тиімді қолдана білсе, тілді меңгертуге пайдасы тиеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылықты арттады.
Курстық жұмыстың құрылымы
кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І тарау. Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізілетін треннингтер мен іскерлік ойындарды жүргізу жолдары
1.1 Тренинг туралы жалпы түсінік пен мақсат-міндеттерін айқындау
Тренинг термині ағылшын тілінің training (тура мағынасында - жаттығу) сөзінен алынған. Бұл күнде тренинг - интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, яғни оқытушы мен оқушының (дұрысын айтқанда - үйренуші мен бағыттаушының) бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасын білдіреді.
Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг - бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі. Тренинг - адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі - бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі.
Семинар-тренинг - бұл тренинг әдісін пайдалану арқылы адамға жаңа ақпаратты, жаңа білімді немесе біліктілікті игертудің тиімді түрі. Семинар-тренингтің өзге оқыту түрлерінен артықшылығы да осында. Яғни ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.
Семинар-тренинг барысында оқытушы мен оқушы жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды (семинар) әрі практикалық жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады (тренинг).
Семинар-тренингті жүргізуші адам - ол тек оқытушы ғана емес, ол нағыз жаттықтырушы, өйткені ол оқушыға білім беріп қана қоймайды, сол білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Бұл тұрғыдан тренер - әрі оқытушы әрі бапкер.
Тренер болу үшін оқытатын тақырыпты жетік білу аздық етеді. Мұндай адам аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы тиіс. Тренер, бір қырынан, психолог болуы керек. Өйткені ол семинарға қатысушы әрбір адамның талап-тілегі мен қажеттіліктерін дөп басып танып отыруы тиіс.
Тренер - интерактивті оқыту әдістерін меңгерген адам. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі. Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау.

Кез келген семинар-тренинг бірнеше бөлімде жүргізіледі. Бірінші бөлім - дәстүрлі кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысу, тренинг ережелерін бекіту және қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау шаралары жүзеге асырылады.
1. Қатысушылармен танысу.
Семинар-тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асыруға болады. Мысалы, қатысушыларға шағын доп немесе алма беріледі. Допты бірінші болып алған қатысушы өзі туралы айтып береді, содан кейін қолындағы допты (алманы) келесі қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған келесі қатысушы дәл алдындағы әріптесі сияқты өзі туралы айтып береді, сөйтіп, танысу шарасы ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.

2. Ережелерді бекіту.
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі. Тренингтің бастапқы кезеңінде бекітілген ережелер қатысушылардың жұмыс күні бойындағы тәртібін айқындайтын басты құжат. Мысалы, ең қарапайым ережелердің бірі - қалта телефондарының даусын сөндіріп қою ережесі.
Ережелерді жазу шарасын ой ашар (мозговой штурм) әдісімен жүзеге асыруға болады. Әрбір қатысушы қабылдайтын ережелерге қатысты өз пікірін білдіреді.
3. Күтілетін нәтижелерді айқындау.
Семинар-тренингке қатысушылардың тренингтен күтетін нәтижелерін айқындап жазып қоюдың маңызы өте зор. Бұл жұмыс күнінің қорытындысын шығару үшін және қатысушылармен кері байланыс орнату үшін ең қажетті құрал.
Күтілетін нәтижелерді жазу шарасын да ой ашар (мозговой штурм) әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр қатысушы өзінің семинар-тренингтен не күтетіні туралы айтады.
1. Семинар-тренингтің оқыту кезеңі
Семинар-тренингтің оқыту бөлімінде тікелей тақырыпты пысықтау жұмысы жүргізіледі. Тақырыпты тиімді меңгерту үшін тренер оқыту бөлімін бірнеше сессияға, ал семинар тақырыбын құрылымдық бөлімдерге, яғни тақырыпшаларға бөліп алғаны дұрыс.
Мысалы: Команданы жасақтау семинар-тренингі.
1-сессия. Командалық жұмыстың негіздерін үйрету.
oo Шағын топтан командаға қадам.
oo Командалық жұмыстың негізгі үш талабы.
oo Команданың тиімді құрылымы.
oo Команда басшысына қойылатын талаптар.
oo Тиімді жұмыс істейтін команда.
oo Команда жұмысына кедергі болатын жайттар.

2-сессия. Команда мүшелерін жұмылдыру мен жұмысқа жігерлендіру әдістерін үйрету.
oo Пәрменді жұмылдыру.
oo Ақшалай жігерлендіру
oo Моральді жігерлендіру
oo Натуралды түрде жігерлендіру
oo Патернализм
oo Ұйымдастыру әдісімен жігерлендіру.
oo Басқару ісіне тарту арқылы жігерлендіру.

3-сессия. Команданың өмірлік циклімен таныстыру
Өсу кезеңі. Кері кету кезеңі.
oo Балалық шақ - Тоқмейілсу.
oo Ұлғаю - Тоқырау.
oo Көркею - Тоқтау.

Кез келген семинар-тренингте жұмыс күнін қорытындылау бөлімі болады. Қорытындылар жасау әдетте семинар тақырыбына сәйкес барлық сессиялар өтіп болғаннан кейін, жұмыс күнінің соңында жүргізіледі. Қорытынды бөлімде семинар-тренингке қатысушылардың жұмыс күнінің нәтижелері туралы және өздерінің семинардан күткен нәтижелерінің, үміттерінің қаншалықты ақталғаны туралы пікірлері тыңдалады. Қатысушылардың пікірін рефлексия (еркін әңгімелесу) әдісі бойынша немесе кері байланыс анкеталары арқылы білуге болады. Рефлексияның өзін әр түрлі формада ұйымдастыруға болады. Көбіне қатысушыларды шеңбер жасап отырғызып, әркімнің пікірін тыңдау әдісі қолданылады. Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - рефлексия кезінде әрбір қатысушы семинар-тренинг туралы өз пікірін бұқпасыз айтуы керек, яғни тренер қатысушылардан мейлінше шынайы сөйлеуді сұрайды.
Кері байланыс анкеталарына келер болсақ, әдетте мұндай анкеталарда семинар-тренингке қатысушылардың жалпы тренингке, сондай-ақ тренерлердің жұмысына баға беруін сұрайтын сауалдар жазылады. Анкетаға жауап беретін қатысушылар тренингтің өту барысы туралы, тренерлердің жұмысы туралы, қатысушыларға жасалған жағдай жайында, т.б. мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Кез келген семинар-тренингтің ажырамас бөлігі - бұл интерактивті оқыту тәсілдері. Семинар-тренингті өзге оқыту формаларынан ажырататын бірден-бір көрсеткіш те - осы интерактивті оқыту тәсілдері.
Интерактивті оқыту тәсілдері тренер мен тыңдаушы арасында өзара байланыс орнатуға және тренингке қатысушылар арасында бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қызмет етеді.
Негізгі интерактивті оқыту тәсілдерінің түрлері:
1. Ой ашар (Мозговой штурм)
Тренингке қатысушылардан мейлінше көп идеялар мен пікірлер алу үшін қолданылады.
Артықшылықтары:
oo Ой ашарды пайдалана отырып, қатысушылардың барлығын бірдей тақырыпты талқылауға қатыстыруға болады. Бұл ретте өзіне-өзі сенімсіз қатысушылар мен үндеместер де жұмысқа араласады.
oo Көп уақытты алмайды.
oo Аудиторияны жинақыландырады.
Ой ашар барысында айтылған ойлар мен пікірлер тренер тарапынан талқыланбайды, барлық идеялар қағаз бетіне түсіріледі (флипчартқа немесе плакатқа). Тек барлық ойлар жазылып болған соң ғана, таңдау еркін қатысушылардың өздеріне беру арқылы, маңызды деген бірнеше пікірді іріктеп алуға болады.
Пікір алмасу.
Пікір алмасу әдісі семинар-тренингтің барлық кезеңдерінде бірдей орын алады. Әрбір тақырыпты талқылау барысында тренер қатысушылардың ой-пікірлерін сұрап отыруы тиіс, әйтпесе оқыту үрдісі тек біржақты ғана болады, бұл, өз кезегінде, ешқандай да нәтижеге әкелмейді. Сол себепті пікір алмасу әдісін жиірек қолданғанның еш сөкеттігі жоқ. Дегенмен кез келген пікір алмасу тренер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Өйткені далаға қашқан пікірлер талқы барысын теріс жаққа бұрып жіберуі мүмкін.
Тренер қатысушыларға қоятын сұрақтарын алдын ала жоспарлап алуы тиіс. Әрі әрбір сұрағының мақсатын білуі керек. Сұрақтар, алдымен барлық топқа, тек содан соң ғана жеке-жеке адамдарға қойылады. Не ия, не жоқ деп қана жауап беретін сұрақтарды қоймаған жөн. Мұндай жабық сұрақтар дискуссияны тығырыққа тіреуі мүмкін. Сұрақ қойған кезде, оған жауап беріп жатқан адамды бөліп тастауға немесе оған қарсы жауап беруге болмайды. Жауап қайтарған адамдарға міндетті түрде алғыс білдіру керек. Қате, дұрыс емес жауаптар болған жағдайда, бірден олардың қате екендігін айтуға болмайды, мұндай жағдайда қосымша сұрақтар қойып, адамды пікір алмасуға шақыру керек.
Қатысушылар тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарды алдын ала ойластырып, оларға жауаптар дайындап қою қажет.
2. Шағын топтардағы жұмыс.
Қатысушыларды шағын топтарға бөлу практикалық тапсырмаларды жүзеге асыруға ең қолайлы әдіс.
Артықшылықтары:
oo Қатысушыларға өз ойларын шағын топтарда айтуға мүмкіндік береді.
oo Қатысушылардың өзара бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.
oo Шағын топтарға бөлінген қатысушылар өз жауапкершіліктерін жақсы сезінеді.
oo Командалық жұмысты жолға қояды.
oo Қатысушылар өз беттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
oo Өзара тәжірибе алмасудың бірден-бір жолы.
Шағын топтағы адамдар саны 3-5 адамнан құралуы тиіс. Шағын топтарға берілген тапсырмалар нақты және түсінікті болуы тиіс. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт нақты көрсетілуі тиіс.
Қатысушыларды шағын топтарға бөлген жағдайда, топ мүшелеріне өз араларынан уақытты белгілейтін, қағазға жазатын, жұмыс қорытындыларын жариялайтын адамдарды бірден белгілеп алуға кеңес беруге болады.
Шағын топтар өз жұмыс қорытындыларын жариялаған кезде өзге топтар тарпынан сын пікірлердің айтылмауын қадағалау қажет, тек сұрақтар мен толықтыруларға ғана жол беріледі. Барлық топтар өз жұмыс қорытындыларын жариялап болған соң, ортақ қорытынды - нәтиже жасалады.
Ойындар.
Семинар-тренингтің белсенді өтуі үшін интерактивті ойын әдістерін қолдануға болады. Әдетте мұндай ойындарды тақырыптық және сергітпе ойындар деп бөледі. Тақырыптық ойындар - белгілі бір оқыту тақырыбымен байланысқан ойындар. Мысалы, команданы жасақтау тақырыбына қатысты көптеген интерактивті ойындар бар. Мұндай ойындарды қолданудың тиімділігі - қатысушылардың оқыту процесіне деген қызығушылығы арттыруда
Тақырыптық ойындармен қатар, сергітпе ойындар да болады. Олар, негізінен, тренинг барысында шаршап қалған қатысушылардың бойларын жазып, денелерін сергітуді көздейді. Мұндай ойындардан Африкалық жауын, Қарлығаш ұшты сынды шағын ойындарды мысалға келтіруге болады.
3. Рөлдік ойындар.
Тренинг тақырыбын бекіту мақсатында екі және одан да көп қатысушыларды семинар тақырыбына сәйкес сценарий бойынша түрліше рөлдік ойындарға қатыстыруға болады.
Артықшылықтары:
oo Қатысушыларға тақырыпты практика негізінде бекітуге мүмкіндік береді.
oo Қатысушылардың көңіл-күйін көтереді.
oo Қатысушылардың шығармашылық шешімдерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Рөлдік ойын кезінде алдын ала берілетін ережелер болмайды. Тек уақыт шектеуі ғана болады. Рөлдік ойынға берілетін тапсырма нақты әрі түсінікті болуы тиіс. Қатысушылар арасынан шыққан әрбір актер өз рөлін жете түсінуі керек.
Әрбір топ өздерінің рөлдік ойындарын көрсеткеннен кейін қатысушыларға алғыс білдіріп, көрермендер тарпынан қошамет шапалақ ұрғызу қажет. Топ өкілдерінен рөлдік ойыннан алған әсерлерін сұрап, пікір алмасу қажет. Қатысушылардан рөлдік ойыннан түйгендері туралы сұрап, ортақ қорытынды жасау керек.
Тренер нені білуі керек?
Тренердің басты міндеті - аудиторияны тани білу, яғни қатысушылардың жас шамасына қарай психологиялық ерекшеліктерін ескеру және әр қатысушының тілін таба білу.
Қарым-қатынас дағдыларын меңгеру.
oo Басқалардың көзқарасына ілтипатпен және құрметпен қарау. Ол қатысушылардың ашылуына, өз ойын айта білуіне себепкер болады.
oo Әрбір қатысушыны мұқият тыңдау және түсіну біліктілігі. Тыңдай білу - бір ғана адам емес, бүкіл топтың да қызығушылығын оятып, адамды өзіңе қаратып алуға көмектесетін бағалы қасиеттердің бірі. Бүл біліктілік әр түрлі пікірталастарды, мәселе бойынша талас-тартысты өткізуге көмектеседі. Егер сіз оның сөзін бөлмей, ойын айтуға толық мүмкіндік беріп, өзіңіз оның айтқанына мән беріп, тыңдасаңыз, ойы мен сезімдері туралы көбірек біле аласыз.
oo Әр қатысушы мен тұтастай топты бақылай білу. Бұндай жолмен ақпарат алу өте тиімді. Қатысушыларды бақылау арқылы топтағы болып жатқан жағдайлар оларға қаншалықты қызықты екендігін, топта қандай қатынас орнағандығын, жаттықтырушының қаншалықты тиімді әсер еткенін түсінуге болады. Бүл дер кезінде оз іс әрекетіңізді, не болмаса тренинг бағдарламасын өзгертуге септігін тигізеді.

1.2 Іскерлік ойындардың мазмұны оқушыларға этика ережелері мен нормалары
Іскерлік ойындардың мазмұны оқушыларға этика ережелері мен нормаларын тәжірибелік тұрғыдан игеруден тұрады. Мәселен, іскерлік ойындар кезінде оқушылар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға салуға үйренеді. Ділгірлік мәселелерді әр түрлі қызметкерлер немесе кейіпкерлер кейпінде шешуге қатысады. Ойынға қатысқандар бірнеше топқа бөлінеді: бірі ортаға әр түрлі мәселелерді тартады, екінші топ оның шешу жолдарын қарастырады. Сонда ғана ойын қызықты өтеді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер:
-- мәселенің белгілі болуы;
-- ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
-- пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен сұхбаттасуы;
-- талқылаудың (бағасын) нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс-әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Оқу үрдісіне ойын элементтерін енгізе отырып, әр түрлі рөлдегі ойындарды құрастыруға болады
Балалар үшін Дүкен ойынын ұйымдастыру да өте қызықты. Мұнда балалар сатып алынатын нәрсенің бағасына тең қосындыны (санның екі ғана емес, үш қосылғыштан тұруы мүмкін) табатын сатып алушылар және сатып алушылармен орындалатын тапсырманың дұрыстығын бақылаушы сатушылар рөлдерін ойнайды. Осы ойын кезіндегі басты мәселе санды есептеу ғана емес, сондай-ақ баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болатын мұғалімнің есте ұстағаны жөн.
Ойынның екі түрлі нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа. Ауызша жаттығуларды өткізу үшін Ойыншықтар дүкені құрастырылады. Бәрі сатушының ұсынған ойыншығын сатып алады. Ол үшін дүкен витрина шынылар ретінде бейнеленеді. Балалар сатып алатын ойыншығының бағасын жинақтайды, ал сатушы оны қадағалайды. Кім де кім сатып алатын ойыншығының құнын дұрыс есептесе, сол сатып алынатын фишканы алады. Мұнда ойынды өткізуге жіберілетін уақыттың жинақы болуына басты назар аударылғаны абзал.
Екінші нұсқа. Әркім өз қалаған ойыншығын сатып алады. Бұл кезде дүкеннің сатылатын ойыншықтары көп, бірнеше бөлімшесі болады. Есептеу дағдысы жақсы қалыптасқан балалар сатушы рөлін атқарады. Балалар сол бөлімшелерге кіріп, қалаған ойыншықтарын сатып алады. Бұл жағдайда көп уақыт кетеді.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л. В. Зенковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерігушілікті жоюға көмектеседі, оқушылардың білімін кеңейтуге, шығармашылық іздемпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға, ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Іскерлік ойындардың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
-- мамандардың іс-әрекеттерін моделдеу;
-- оқушыларды рөлдерге бөлу;
-- ойнаушы топтың жалпы мақсатының болуы;
-- қатысушылардың әр түрлі көзқарастары;
-- іскерлік ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалаудың ақиқаттылығы.
Мектеп жағдайында ойын түрінде сабақтың жай түрін өткізуге болады. Ойын түріндегі сабақтың құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:
-- ойынды өткізуге қойылатын талаптар;
-- өткізудің жоспарын құру;
-- ойынның сценариін жазу;
-- ойынға қажетті мәліметтерді жинақтау;
-- дидактикалық материалдарды іріктеп, ойыншылармен жүргізуге нұсқау қағазын дайындау;
-- ойынға қатысушы әрбір ойыншының іс-әрекеттің нәтижесін бағалаудың әдістерін ойластыру.
Алты жасар балалармен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу үрдісін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу керек. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болуы керек.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы: Дәрігерде, Кітапханада, Қонақта және тағы басқа ойындарда ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өзі рөлін және ойын логикасын жасайды. Сонымен бірге бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді.
Ойын жұмыс түрін түрлендіруге және оқушылардың назарын аударуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі, сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болу керек.
Макаренконың бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ойындарды ойнау барысында математика сабағында есептеудің тәсілдері еске түсіріледі. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс- әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндайда ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылады. Сонымен бірге ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, сабақтың қай кезеңінде өткізілуіне орай өзгертіп тұруын ескеру жөн.
Іскерлік ойындар қатарына қазақтың ұлттық ойындары да жатады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артады.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Ойын дегеніміз -- жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыру үшін ұлттық ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық ойындарды әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға болады. Мектеп оқушылары үшін ойналатын ұлттық ойын элементтерін іріктеп, оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір жайт, қазақтың ұлттық ойындары бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады.
Іскерлік ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер:
-- мәселенің белгілі болуы;
-- ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
-- пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен сұхбаттасуы;
-- талқылаудың (бағасын) нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс-әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Іскерлік ойындар арқылы мектептегі оқу тәрбие үрдісін жетілдіру- мұғалімнің маңызды резервтерінің бірі. Олар оқыту мен тәрбиелеуге кешенді көзқарастың құралы есебінде көрініс береді. Олардың іс жүзінде (мазмұны мен құрамында) асырылуы оқушылар білімінің жиынтығын қамтамасыз етіп, оның ғылыми деңгейін арттырады, тұтас алғанда танымдық әрекетке тән болып табылатын дағдылардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады.
Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді, -- деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Мысалы, Сақина тастау ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға әбден болады.
Онда ең алдымен ойынның негізгі шарты түсіндіріліп, оған аз ғана өзгертулер енгізіледі. Одан әрі мұғалім түн деп бұйрық беру арқылы балаларды ұйықтатып, сол кезде олардың алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып, сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі түсті қағаз сақиналарды салып шығады. Күн дегенде оқушылар оянып, мұғалім сұрақтарына жауап береді және жауап әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіреді: ақ, қызыл сақина бағасы - 5; сары, ашық көк, ашық жасыл - 4; қоңыр, қою жасыл, қою көк - 3; қара түсті - 2.
Бұдан басқа Көкпар, Бәйге, Сиқырлы қоржын, Асық тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіргенде, оны қайталап пысықтауға, бекітіп қорыту кезінде жарыс түрінде өткізуге болады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың танымдық, тәрбиелік маңызын арттырып, баланы зеректікке, білгірлікке, батылдыққа, сөз әсемдігін сезінуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулып, бабаларымыздан мирас болып қалған рухани асыл қазыналарды құрметтеуге үйретеді, эстетикалық мәдениетін қалыптастырады.
Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым-қатынасын елеп ескермей, өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психологиялық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қоғамға да қайшы келмейді.
Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарға бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді меңгеріп, игеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады.
Ойын әрекеті өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып, оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстінде өзін -өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік қайратын шындайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі, қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігімен білімді игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.
Қазіргі кезде мұғалім ойынның сан жылғы тәжірибесі іскерлік ойынның білімдік құндылығын дәлелдейді. Оған балалық кезеңдегі ақыл- ойды дамыту ойындарынан бастап, яғни барлық мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына сол сияқты, математикада оқушылардың бағдарламаны толық меңгеруін қадағалау үшін іскерлік ойындар қолданылады. Жалпы адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу- жаттығу ойындары. Іскерлік ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге іскерлік ойын оқытушы мен оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойыны да мәнді тұлғаның, мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Оқушы өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылайды, талдайды, қорытындылай отырып , оны өзіндік жақсы да жаман да істеріне ұтымды қолдануға машықтанады. Математика сабағында іскерлік ойындардың көптеген элементтері қолданылады. Қазақ кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: иммитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне білмеймін, ойнай алмаймын- дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын -- балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп- өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшкліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді
Ұлттық ойын -- балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шындап,ой-көрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейіне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ұйымдар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік- жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, -- дейді. Сондықтан ойын адамныңы өмір танымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялақ ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденпаздық тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынта - ықыласын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Ойынның мақсаты оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы қол жеткізетін білімділік, тәрбиелік, танымдылық қабілеттерінің нәтижелеріне тікелей байланысты.
Ойын ұзақтығы ойын мақсатына байланысты тікелей байланысты. Ойын ұзақтығын айқындау -- мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруына, уақытын нақты есептеуіне көмектеседі. Сонымен қатар мұғалім сабақ мақсатына сай дидактикалық ойындарды орынды қолдану жолдары мен әдіс - тәсілдерін анықтап, игерілетін білім, білік көлемін болжайды.
Ойын ережесі оқушылардың жас ерекшеліктері мен түсініктеріне сай дәл тұжырымдалған, қарапайым болуы тиіс.
Ойынға қатысушылар саны мұғалімнің алдына қойған мақсатына қарай іріктеледі. Егер мұғалім оқушыларды саралап, деңгейлеп оқытып, баланың жеке қабілеттерін нығайтқысы келсе, онда ойынға қатысушылар санын өзгертіп отыруға болады.
Ойын мазмұны оқу бағдарламасын қамтитын сабақтағы білім мен біліктерді бекітуге, жаңа сабақты сапалы меңгертуге арналуы керек.
Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынаны есепке алу керек:
-- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
-- білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;
-- ақыл - ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары;
-- дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс;
-- сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
-- тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл - ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
-- ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;
-- дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
-- дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Дидактикалық ойын түрлері төрт түрге бөлініп қарастырылады: тапқырлық, ізденімдік, рөлдік, іскерлік.
Тапқырлық ойындар -- оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын, әрбір тапсырмада жауаптардың варианттары берілген, соның арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі: мұнда тапсырмалардың дайын жауаптары беріліп, оқушылар игерген білім деңгейлеріне қарай тапсырманы орындауы керек. Тапқырлық ойындар өтілген сабақты түсіндіруде, жаңа сабақты бекітуде пайдалануға болады.
Ізденімдік ойындар - оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында белгісізді іздеуге дағдыландыратын ойын түрі. Ізденімдік ойындар барысында оқушылар проблемаларды өздері шешуге талпынып, тапсырманы әр түрлі амал - тәсілдерімен орындауға үйренеді. Ізденімдік ойындарға: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, метаграммалар жатады. Ізденімдік ойындарды жаңа материалдарды өту кезінде қолданған тиімді.
Рөлдік ойындар - оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілеттерін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барысында оқушылар өз пікірін айтып, дәлелдеуге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рөлдік ойындар оқушылардың сөздік қоры мен тілін дамытады, оқушыларға айтар ойын жоспарлауға, автор ойын жалғастыруға, өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері туралы
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі
Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау
Эмоционалды интеллект басқа интеллект түрлерінің жүйесінде
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Оқушының рөліне ену
Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Өзін өзі тануда» интерактивті әдіс - тәсілдерді оқыту
Пәндер