Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан ұлттық аграрлық университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Агробиология» факультеті

Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру. Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру

Орындаған: Исаева А.

Тобы: Зр-413

Тексерген: Раимбекова

Алматы 2020 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру

Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.

Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі.

Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі.

Басқа мемлекеттердің карантиндік фитосанитариялық шараларының баламалылығын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағына:

экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;

карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;

уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;

уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады.

Негізгі бөлім

Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру

Шекаралық бекеттің карантині жөніндегі нұсқаушысына біздің елімізге келетін туристік автобустар мен жеңіл автокөліктерді жиі тексеруге тура келеді. Бұл көліктер елден елге, ауыл шаруашылығы үшін қауіпті зиянды организмдер тараған жерлерден өтіп, мыңдаған километр жол жүреді. Мұндай көліктерді тексеруге де баса назар аудару керек.

Қарауға, яғни тексеруге орындықтардың асты, қол жүгіне арналған торлар, жүк бөлімі, копот астындағы қозғалтқыш бөлігі мен радиатор торы жатады. Радиатор торына автокөлік жылдам жүрген кезде ұшып жүрген бунақденелілер жиі түседі.

Балғын жемістер, отырғызу материалдарын немесе карантинге жатқызылған өзге де жүктер таситын авторефрижераторлар шекарадан өткен кезде нұсқаушы машинаны сыртынан мұқият қарайды және алып келе жатқан карантинге жатқызылған жүкті тексеру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.

Халықаралық почтамтармен мекеме мекен-жайына келетін сәлемдемелер мен бандерольдарда екпе өсімдіктердің түрлі тұқымдары және отырғызу материалдары, ал ботаникалық бақтарға келетін сәлемдемелер мен бандерольдарда тропикалық және субтропикалық өсімдік әлемінің жабайы және екпе шөптесін, сондай-ақ ағаш тектес өсімдіктер тұқымдарының көптеген үлгілері, гүл-әсемдік дақылдарының тұқымдары, жуашықтары, қалемшелер т. б. болады.

Ғылыми мекемелерге жіберілген гербарийлер әдетте почтамтың карантиндік бекетінде тексеріледі. Нұсқаушы гербарийдің зақымдалған-зақымдалмағанын (жапырақтарды жеке-жеке) тексеріп қана қоймайды, сонымен бірге оралған қағазы мен ыдысын, зиянкестер, соның ішінде карантиндік зиянкестер де тіршілік ететін қатпарлар мен саңылауларды да тексереді

Жеке кісілерге жіберілген халықаралық пошта сәлемдемелеріне де карантинге тексерілетін өнімдер жиі салынады.

Пакет немесе фирмалық қорап ыждағаттылықпен ашылады да ішіндегі өнім эмальды сопақ ыдысқа төгіледі. Бұдан соң бірден қораптың, пакеттің ішінде тірі зиянкестер, өрмекші, нәжіс қалған-қалмағанын тексере отырып, олардың ішкі беттерін қарайды

Тағамдық бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрме бұршақ, нұт, жасымық т. б. ) сырттай және егжей-тегжейлі тексерілгеннен кейін зақымдалған-ау деп күдік туғызған дәндер тексеру нәтижелеріне қарамастан жылумен өңделеді, яғни кептіргіш шкафта 100°С температурада 1 сағат, ал 60°С температурада 2 сағат ұсталады. Дәндер кептіргіш шкафқа эмальды сопақша табақшаға салынып қойылады.

Өсімдік өнімдері, сондай-ақ карантинге жатқызылған басқа да материалдарды тексеру және оларды сараптау - бір-бірімен байланысты бірегей үдеріс.

Карантинге жатқызылған материалдарды зертханалық сараптауға мыналар жатады:

* зиянкестерді, өсімдік ауруларының қоздырғыштарын, қауіпті арам шөптердің тұқымдарын табу мақсатымен талдау (энтомологиялық, фитопатологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, фитогельминто­логия­лық) ;

* табылған зиянды организмдердің түрлік құрамын анықтау;

* зертхана мамандарының табылған зиянды организмдердің әлеуетті қауптілігі және олармен карантиндік күрес жайлы қортындысы.

Шекаралық ауданаралық және аудандық бекеттер жағдайында нұсқаушылар карантиндік жүктер үлгілеріне, оларды зиянкестердің зақымдағанын немесе қатерлі арамшөптердің тұқымдарымен ластанғанын анықтау үшін, өз беттерімен жеңіл талдаулар жасай алады. Мұндай талдаулар бір-бірлеп, елеуіш көздерінен өткізіп немесе кейбір тұқымдарды, жемістерді аршып атқарылады.

Табылған барлық зиянкестер мен арам шөп тұқымдары пробиркаға салынып, үстіне жапсырма тығылады да беті мақтамен жабылады. Содан кейін пробирканы зақымдалған материалдың аздаған бөлігімен қосып, қалың қағазға орайды да бұл үлгіні карантиндік зиянды организмнің дұрыс анықталған-анықталмағанын нақтылау үшін зертханаға жібереді.

Карантиндік зертхананың сараптау нәтижелері жайлы қортындысы 2-3 күн ішінде, ал тірі өсімдік материалы (көшеттер, қалемшелер, гүл жуашықтары, түйнектер т. б. ) жөніндегі қортындысы материалды алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей берілуі керек. Күрделі және ұзақ зерттеулер (вирусологиялық, бактериологиялық, фитопатологиялық, гельминтоло­гиялық, рентгенографиялық) жүргізу қажет болса, материалдар мен қортындыны, олардың карантиндік жағдайы бойынша, қайтарудың ең әрі кеткендегі мүмкін мерзімі 1 айдан аспауға тиіс

Егер сәлемдемеде немесе бандерольда аралас тұқымдар және нашар желімделген не жыртылған тұстарынан кездейсоқ шашылып жатқан тұқымдар болса, оларды жинап алып, бөлек пакетке салады да, залалданғаны не залалданбағаны тексеріліп, тиісті ескертулер жазылып, бандерольдың жалпы орамына қосылады.

Зиянкес нысандардың бірі қатты залалдауына байланысты алынған материалдарға тиісті акт жасалады.

Зертхана мамандары мынандай негізгі ережелерді ұстануы керек:

- бумасы шешілген өсімдіктерді немесе сараптау үшін төгіліп қойылған тұқымды қараусыз қалдыруға болмайды;

әрбір үлгінің басталған сараптамасын жұмыстағы үзіліске дейін бітіру керек;

- бір мезгілде түскен сәлемдемелер мен үлгілердің бірнешеуін бірден ашуға болмайды;

- талдауы келесі күнге дейін қалдырылған материалдар соған арналған, есігі жабылатын шкафта орамы ашылмай сақтап қойылады, ал тірі өсімдіктері (қалемшелер, көшеттер) бар теңдер мен жәшіктер, орау материалдарының ылғалдылығын қолдай отырып, салқын орында сақталады.

https://baribar.kz/wp-content/uploads/2017/03/7d0665438e81d8eceb98c1e31fca80c1.jpg

Табылған бунақденелілерді, кенелерді, жұмырқұрттарды, саңырау­құлақтық аурулар қоздырғыштарын және арам шөп тұқымдарын әрбір зертхана маманы қолда бар жиынтықтарды, анықтағыштарды, мәліметтер мен басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып, өз беттерімен анықтайды. Алайда, тіпті өте тәжірибелі деген жүйелеп жіктеушінің өзі дұрыс бекітіліп, жабылмаған немесе салған кезде зақымдалған организм бойынша қортынды жасай алмайды. Анағұрлым көпшілікке тән қателік балғын жемістер мен жапырақтарды полиэтилен пакетке салу болып табылады Егер дернәсілдер мен жұлдызқұрттар ұзақ сақталмайтын болса, олар ыстық судан кейін ас тұзы ертіндісіне салынады. Бекіту сенімді болу үшін 70 пайыздық спирт пайдаланылады. Оны дайындауға 70 мл абсолютті спирт алынып, 96 мл-ге дейінгі суға қосылады.

Өсімдіктің саңырауқұлақ ауруларымен залалданған бөліктері мынандай тұрғыда гербарийленеді: кейбір жапырақтары немесе жапырақты бұтақтары түзетілген күйінде бір жапырақ қағаз (сүзгіш қағаз болса тіпті жақсы) үстіне салынады да, қағазбен жабылып, пресс астына қойылады. Содан кейін кемінде 10 дана залалданған өсімдіктен тұратын үлгіні дақылы, сорты, жиналған орны, күні, айы, жылы, кімнің жинағаны көрсетілген жапсырмамен қамтамасыз етіп, бірнеше қабат қағазбен орайды да, зертханаға жөнелтеді.

Импорттық жүктерді қоймаларда тексеру

Карантиндік нұсқаушы шет елден келген кемені, ұшақты немесе темір жол тауар вагондарын қарап болып, әкелінген жүктің карантиндік тұрғыда қауіп төндірмейтініне көз жеткізген соң ол оны жағажай немесе темір жол қоймаларына түсіруге рұқсат етеді. Содан кейін жүкті қоймада тексеруге кіріседі.

Қоймада кез-келген жүктің әрбір бөлігі бәрінен бұрын тағы бір рет сырттай тексеріледі. Сөйтіп буып-түю материалдарының үстінен тірі және өлі бунақденелілер (қоңыздар мен олардың дернәсілдері, қуыршақтары, жұлдызқұрттары, көбелектері т. б. ) ізделіп, жиналады.

Ашылған қабаттар, кенеп қатпарлары, қабаттарда қаптар бірін-бірі басып жатқан орындар, жәшік тақтайларының аралығындағы саңылаулар қайтадан қаралады. Қараған кезде тірі бунақденелілер жиі табылатын орындарға - бунақденелілерді тым жарық та, өкпек жел де, шу мен адамның жүріс-тұрысы да мазаламайтын, қабаттардың көлеңке жағындағы қабырғаға қаратылған тұстарына баса назар аударылады. Мұндайда қалта шамы пайдаланылады.

https://img-fotki.yandex.ru/get/195694/10664952.63/0_177507_f3c43472_XXL.jpg

Қатпарларына әдетте зиянкестер дернәсілдері жиналатын, жүк арасында кездейсоқ қалып кеткен сепарациялық қағаздар жапырақтарында зиянкестердің бар-жоқтығына көз жеткізіледі.

Жүкті сырттай қарап, бунақденелілерді жинап болған соң нұсқаушы зертханалық сараптама үшін үлгілер іріктейді. Егер үсті жабылған орындарды тексерген кезде зиянкестер табылмаса, бірақ жүктің карантиндік немесе басқа да Қазақстанда тіркелмеген қауіпті зиянкестермен зақымдалуы мүмкін деген қауіп (болжам) туындаса, жүк егжей-тегжейлі тексеріледі.

Жәшікке салынған балғын жемісерді (шырын жемісті дақылдар өнімі, алма, алмұрт, беке) қараған кезде кейбір жәшіктегі өнімдер іріктейтін стол-астауға төгіледі. Қапқа салынған күріш, жаңғақ (жержаңғақ, бадам т. б. ), дәмдеуіштер, какао бұршақтары, кофе, үрмебұршақ, қытайбұршақ және басқа да астық-бұршақ дақылдарының тұқымы, кокос жаңғағы, пальма жаңғағы, күнжүт тұқымы, сондай-ақ кепкен жемістер (кепкен алма, алмұрт, шабдалы) тәрізді әдетте шет елдерден кендір немесе қағаз крафт қаптармен келетін үлкен тауар партиясы іріктеп алынған кейбір қап ішіндегі өнімдері бөлініп-бөлініп немесе түгел қаралады.

Ол үшін мына тексеру әдістерінің бірі пайдала­нылады.

1. Қатарлардың әр жерінен бірнеше қап (жүктің әрбір вагондық партиясынан 10-12) түсіріліп, тікесінен тік қойылады да бүкіл бүйір тігісі сөгітіледі. Өнімнің ашылған жағы мұқият қаралады, табылған тірі бунақденелілер жиналады.

2. Егер жарылған бір немесе бірнеше қапта зиянкестердің анық зақымдағаны байқалса, іріктеліп алынған қап ішіндегі барлық өнім төселген брезент, орайтын қағаз орамының немесе фанера үстіне төгіледі де, дереу үйме шеттері қаралады.

Төгілген өнім қаралып болған соң қалақпен немесе күрекпен қапқа салынады. Бірақ жармаланған бөліктеріне, өсімдік қалдықтары мен ұсақ қоқыстарына тиіспеуге тырысу керек.

https://sbcargo.ru/images/tamozhennoe-oformlenie-posylok-3.jpg

Материалдарды тәжірибелі мамандар жүргізген зертханалық сараптау тексерілген жүктегі зиянды фаунаны толық анықтауды едәуір жеңілдетеді және оның карантиндік жай-күйін дұрыс бағалауға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Филиалдың заңды мәртебесі
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Зертханалық сараптама жүргізу ережелері
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Карантиндік тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz