Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ұлттық спорт түрлері.Даму тарихы

Орындаған: Ескенова З.Т.
Тобы: 19-03, АЖ
Тексерген: Байгашева А.С.

Нұр-Сұлтан, 2021 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
Ұлттық ойын - ұлт игілігі 5
Ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері 6
Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарының тарихы 7
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары 11
Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі мәселелері. 14
ӘДЕБИЕТТЕР 18

КІРІСПЕ

Ұлттық спорт - өнер-ойын түрлері дегеніміз не? Осыны қарапайым оқырмандарға түсіндіре кетуді жөн көріп отырмыз. Ұлттық спорт дегеніміз - жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлерін жатқызуға болады.
Қай заманда болсын дайын - дығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзін - де сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді ын - таландырған.
Мысалы, көкпарды ала - йық. Бұл жауынгердің ат үстін - дегі еп - тілігі мен тақымын шынық - тыратын жаттығу. Шайқас ке - зінде жолдасың жараланып аттан ауып барады... Оның денесін жерге түсірмей іліп алып құтқару керек. Немесе жау сарбазының та - қымға басқан жарағын тартып алу қажет. Осындай жағдайда көкпар тартып шыныққан жауынгер қиналмай-ақ жеңіске жетеді.
Аударыспақ ше?! Дала сарбазы үшін жауды ат үстінен аударып тастап, астындағы тұлпарын олжалау немесе қиын-қыстау сәтте қарсыласқан жауға найзасын тіреп, ердің үстінен аудару сияқты жауынгерлік жаттығуды жетілдіретін тәсіл.
Теңге ілудің де ілкідегі ма - ңызы осы тектес. Мысалы, шай - қас кезінде қорамсақтағы оғыңыз тау - сылды. Жау ентелеп келе жа - тыр. Қайтесіз, атпен шауып өтіп, жерде шашылып жатқан жебе - лерді теріп аласыз немесе жау - дың қолынан сусып түсіп кет - кен қанжар-қылышын лып еткізіп іліп алып өзіне жұмсайсыз. Мұндай жауынгерлік әдіс-тәсілді жетілдіріп отыру үшін қазақ теңге ілуді ойлап тапқан.
Садақ ату да жауынгерлік жаттығу. Бейбіт күні садақты көп атқан сарбаздың мергендігі жетіледі, жебе тартудың машығын үйренеді. Өзінің нысанаға дәл тигізетін қашықтығын анықтап алады. Көшпенділердің аса бір қадір - лейтін адамы осы - мергендер. Қазақтың батырлық дас - тандары мен эпостық жырларында асқан мергенге хан қызын бергені жайлы дерек жеткілікті. Мысалы, Қобыланды батыр жы - рында Көктем аймақ деген хан ай астына алтын жамбы құрып, оны атып түсірген адамға қызымды беремін деп жар салады. Жамбыны Қобыланды батыр атып түсіріп, Құртқа сұлуды алып қайтады.
Ал ұлттық өнер дегеніміз - ол жоғарыда айтып өткен жауын - герлік жаттығудың басқаша қыры. Қазіргі таңда қазақтың ат - бегілік, құсбегілік, саятшылық өнерін спортқа жатқызып жүр - міз. Бұл спорт ойындарына қа - рағанда интелектуалдық сипаты басым көшпенділердің ақыл-ой еңбегінің тұрмыстағы жемісі. Бұл жерде халықтың байырғы генетикалық жадысы жатыр десе де болады.
Мысалы, сонау бағзы заманда атақты Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, ана - дай жерде жатқан қуарған аттың бас сүйегін көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: Ей, мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жар қабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Мына тұмсығына қарағанда, шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоян тірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін ат қой бұл. Жасы тоғыздан асып, онға қараған дер шағында өлген екен, жануар, депті. Тірі жылқыны көрмей-ақ қу басқа қарап осылай деген. Сол сияқты кәнігі құсбегілер де самғау көкте, көз көрім биікте ұшып бара жатқан қыранды да осылай тап басып танып айта беретін болған. Мұндай интелектуалдық қабілетті қазақ сұңғылалық деп атаған.
Қазір осы интелектуалдық жадыға қатысты ұлттық өнерді ұлт - - тық спортпен араластырып жі - бер - дік. Бұл болашақта бө - лек тақырыпқа жүк болатын дүние. Қазақ осы жадысын қал - пына келтірмей, байырғы тек-таны - мымен қауыша алмайды.
Үшінші - ұлттық ойын. Бұл жоғарыдағы жауынгерлік жат - - тығудың алғашқы бастауыш сабақтары сияқты дүние. Қазіргі таңда қоғамдық өмір - ге жалпыласқан ұлттық ойын түр - - - леріне асық ату мен тоғыз - құ - малақты жатқызуға болады. Өйткені бұл екі түрден респуб - ликалық деңгейде жарыс - тар ұйымдастырылады және ше - берлік атақтары беріледі.
Асық атуды алайық. Мұның өңірлік немесе өлкелік ойын түр - лері көп. Мысалы, оған Хан - талапай, Хан ату, Құлжа ату, Құмар, Қақпақыл, Қар - - - жу немесе Қаржымақ, Төрт асық, Бес тас, Иір - ме - кіл, Омпа, Бәйге, Бес табан т.б. жата - ды. Бұл ойындар - ды негізінен жасөспірім балалар ойнайды. Яғни болашақ ел қор - ғайтын жауынгер жас кезінде асық ату арқылы мергендігін шыңдайды, дәлдігін жетілдіреді, ептілігін арттырады. Осылай жастай шыныққан бала ержеткенде епті жауынгерге айналады. Қысқасы біздің Ұлттық спорт деп жүргеніміздің тарихи-этнографиялық маңызы осы.
Халықаралық маманданды - рылған көрме аясында ұлттық спорт түрлерінің де қалыс қал - май, кешенді түрде жарыстар ұйым - дастырылуы қуантты. Көр - ме ашылуының алғашқы аптасында Қазанат атшабарында Қа - зақ - стан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесіне ар - - - - нал - ған бәйге түрлерінен ЭКСПО-2017 кубогының өткі - зі - - луі көп - шілікті бір серпілтіп тастады.
Яғни тоқ етерін айтқанда, ұлттық спорт елімізде тұрақты түрде ұлықталып келеді.

Ұлттық ойын - ұлт игілігі

Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұ - ра - ла - рының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға, малға байланысты, сондай-ақ түрлі заттармен ойналады. Айгөлек, аударыспақ, бағанаға өрмелеу, бөріктастамақ, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші-көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, асау үйрету, ақ сүйек, бастаңғы, ине жасырмақ, алтыбақан, тоғызқұмалақ, асық ойындары, осы секілді ойындар кім-кімнің де көңілін көтеріп, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ал ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарысы, т.б. ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар мән-мазмұнын жойған жоқ. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы бірінші спартакиядаға дайындық кезеңі үлкен серпіәліс тудырды. Оған облыс, тіпті әрбір аудан ат салысып спартакияданың табысчты өтуіне үлестерін қосты. Әрбір аудандарда жарысты өткізу ережелері жасалып бекітілді. Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа спорт түрлеріне разряд беру талаптары әлі белгілленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкпар секілді ат спортына да көңіл аударған жөн сияқты. Қазақтың ұлттық спорт түрлеріне әзірге одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қатағанда әбден қалыптасқан. Қазақша күресті жетілдіріп одақ көлеміне әйгілі етуге ат салысқан М.Рақымқұлов, М.Тәнекеев, К.Байдосов, С.Сатыбалдиев, Ж.Төлегенов, Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров, Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды. Баспаларда қазақ тілінде бұрын соңды ұлттық спорт жайлы көлемді еңбек басылып шыққан жоқ. Сондай-ақ бұл қазақша күрестің ең соңғы ережелері 1989 жылы жасалынып беріліп отыр.

Ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері

Ұлттық спорт түрлері - қазақша күрес, бәйге, аламан бәйге, қыз жарысы, аударыспақ, көкпар, күміс алу, тоғызқұмалақ т.б. Қавзақша күрес көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етеді мұндай беелдеуден қос қолдап бір қолдан ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады. 1978 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс тәсілдерді түгелдей қамтыған біріңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың біріінші республикалық спортакиядасында алғаш рет салмақ катигориясы бойынша жеңіл салмақ 68кг, орта салмақ 76кг, ауыр салмқ 76дан жоғары жарыс өтті. Республиканың құрметті чемпионы деген атты салмақ катигориялары бойынша Семей облысының өкілдері С.Адасқанов, К.Алтыынбасаров, И.Туменов жеңіп алды.

Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарының тарихы

Қазақ халқының Ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. 1938 жылы Алматыда колхозшылардың республикалық спартакиадасы өткізілді, ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады.
Республикамызда әсіресе ат спорты ойындары кеңінен етек жая бастады. Кезінде Луговой жылқы заводынан шыққан Ақалтеке тұқымды Абсент атты сәйгүлік қазақ елінің мақтанышы болып қатарынан Рим және токио Олимпиадасында жүлдегер атанған. Қазір сол жылқының тұқымы осы заводта және Алматы облысындағы Дегерес жылқы заводында бар. Қазақстанда өткен әрбір бәйгелерге осы заводтың аттары әрдайым жүлдеген болып жүр. Ат спортындағы ең қызықты, тартымды көрермендерді қызықтыратыны осы бәйге. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар, өйткені, аты жүйрік спортшы атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген шабандоз жеңіп кететін кездері аз емес.
Бәйгеге жеткілікті дәрежеде даярланған төзімді аттар қатыстырылады. Қазақ халқы әр уақытта жылқы тұқымын қасиетті жануар деп бағалаған, сондықтан бәйге өте кең тараған ат спорты ойыны. Қазіргі кезде ірі жиын, той, астарда бәйгеден жеңіп келген аттарға қомақты жүлде тағайындалып, темір тұлпар, машиналар жүлдеге тапсырылып жүр. Өте кең тараған ойындарының бірі көкпар, бұл ойын командалық ойын. Жарыс өткізу үшін шұңқыры, тасы жоқ, топырағы жұмсақ жер таңдалып алынады. Алаңның ұзындығы 300-400 м., ені 150-200 м. Осы алаңның ортасына диаметрі 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына жалаушалар белгіленеді. Көкпарды екі команда қақпаға түсіру арқылы есептейді. Командалар шектеулі уақытпен ойнайды. Барлық ауылдарда көкпар ойыны кең етек алған. Бұл ойын Кеңес үкіметі тұсында тысқа ысырылып өз мәнін жоғалтып қоя жаздаған ойын.
Күрестің ұлттық түрі - қазақ күресі. Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл палуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған.
Ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан.
Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткен. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп отырған.
Қазақ күресінде шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның ептілігі мен жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым палуандар жеңіске жетеді. Бұл күні палуандар тек алпауыт алпамсадай азаматтар ғана емес, орта салмақты, арықша келген азаматтарда бола алады. Себебі мұнда ең бастысы сенің жігерің мен ұмтылысың.
Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да жоқ емес. Аттың құлағында ойнап, ерлігімен, батырлығымен, батылдығымен, палуандылығмен көзге түскен. Махамбеттей ер тұлғалы батырлар, Балуан Шолақ сынды ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ елін әлемге танытқан Қажымұқандай аталарымызды айтпау мүмкін емес.
Қазақша күрестің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Қазақша күрес федерациясын құрып, көптеген ғылыми еңбектер жазып, тұңғыш төраға болған - Ерғали Мұхитдинов ағамызды айтпай кету мүмкін емес. Ол кісінің ерең еңбегі мол. Алғаш рет Қазақша күрес федерациясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болған адам. Осы шамада, яғни 1990 жылдары атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995 жылдарға дейін қолданыста болды. Одан кейін күрес ережесін жетілдіріп, қазіргі палуандар киіп күресіп жүрген күрес киімінің негізін жасаған адам - Елемес Әлімханов. Бұл кісінің де қазақ күресіне сіңірген еңбегі зор. 2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов сияқты мамандар қазір қолданыста жүрген ережені дүниеге әкелді. 2004 жылы Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында Қазақ күресі бойынша халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып Серік Төкеев сайланды.
2004 жылы Алматы қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшылары қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқа да елдер болды.
Алғаш рет Азия біріншілгі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Алтай жерінде өтті. 2007 жылы Алматы қаласында Күрес фестивалі өтті. Фестивальға әлемнің 60 мемлекетінен спортшылары қатысты. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында екінші біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің палуандары қатысып, Қазақстанның 4 палуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам палуандар қатысты. Қазақ палуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
Алғаш рет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, ұлтжанды азаматымыз Арман Шораевтың жобасы негізінде Қазақстан Барысы турнирі өткізілді. Оған әр облыстан 4 палуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салынды. Бұл сайыста бірінші орынды Қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл иеленді. Екінші рет 2012 жылы Қазақстан Барысы турнирі өтті. Бұл турнирде Тараздық палуан Бейбіт Ыстыбаев Қазақстан барыс атанды. Үшінші рет өткізілген Қазақстан барысында Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғмаров атанса, сондай-ақ 2014 жылғы Қазақстан барысын Мұхит Тұрсынов иеленді.
2014 жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен Әлем Барысы атты халықаралық турнир өтеді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы спорты мен ат ойындары
Дүниені дүбірлеткен түркілердIң дене тәрбиесі
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресі
Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы
Қазақтың ұлттық спорт түрі. Қазақша күрес туралы
Қазақтың ұлттық спорт түрі. Қазақша күрес
Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері
Қазақтың ұлттық спорттық ойындары
Тарихтар жеткізген тәуелсіздік
Қазақша күрес туралы
Пәндер