Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы



Камералық-аспаптық музыка -өмірдің әр саласын қамтып, тыңдарманға қуаныш сыйлай алатын тамаша құбылыс. Маңыздылығы жағынан алғанда, Қазақстанның камералық-аспаптық музыкасы күрделі жанрлармен иық теңестіретін дәрежеге жетті деуге әбден болады. Қазақстандағы ХХғасырдың 30-жылдарында басталған әлеуметтік жаңару әсерлері ұлттық мәдениетімізге елеулі өзгерістер әкелгені белгілі. Осы жылдары байырғы дәстүрлі өнерді дамытумен қатар европалық үлгімен дамуға бет алған композиторлық шығармашылықтың да іргетасы қалана бастады. Қазақ музыкасының кеңес заманындағы даму кезеңдері халықтық аспаптық және ән фольклорының композиторлық хатпен қосарлана өсуін қамтамасыз етті, бұл ұлттық өнердің тарихи және эстетикалық нормаларына нұқсан келтірген жоқ. Сазгерлердің ұлттық мінездегі жаңаша музыка тудыруға деген тілектері ауызша дамыған салттан мүлде бөлек жанрдың пайда болуына ігі салдарын тигізді деуге болады. Алғашқыда трио, квартет, квинтет, соната түрінде жазылып әрі қарай күй тектес поэмалар (домбыра туралы аңыз. Н.Меңдіғалиев) сияқты күрделі жанрларға ұласқан жаңа сазгерлік шығармашылық камералық күй жанрын дүниеге әкелді, бұл өткен ғасырдың екінші жартысында ұлттық үрдіс пен классикалық өнердің тарихи жарасымынан туындаған әрі сапалы даму дәрежесіне көтерілген үлкен шығармашылық белес болды. ХХғасырдың 30-40 жылдары елімізде алғашқы опералар, симфониялар, аспаптық-камералық музыка және басқа жанрлардың пайда болғаны баршаға белгілі. Ендігі жерде қазақтың кәсіби музыкасының іргетесын берік қалау үшін біршама маңызды істерді меңгерудің тарихи қажеттілігі туындады – олар: европалық музыка жәдігерлерін оқу, оркестр табиғатын игеру, ноталық сауатқа көшу, композиторлық өнердің европалық түрін ұлттық тақырыптармен ұштастыра білу. Ең үлкен

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың
қалыптасуы мен дамуы

Камералық-аспаптық музыка -өмірдің әр саласын қамтып, тыңдарманға
қуаныш сыйлай алатын тамаша құбылыс. Маңыздылығы жағынан алғанда,
Қазақстанның камералық-аспаптық музыкасы күрделі жанрлармен иық
теңестіретін дәрежеге жетті деуге әбден болады. Қазақстандағы
ХХғасырдың 30-жылдарында басталған әлеуметтік жаңару әсерлері ұлттық
мәдениетімізге елеулі өзгерістер әкелгені белгілі. Осы жылдары
байырғы дәстүрлі өнерді дамытумен қатар европалық үлгімен дамуға
бет алған композиторлық шығармашылықтың да іргетасы қалана бастады.
Қазақ музыкасының кеңес заманындағы даму кезеңдері халықтық аспаптық
және ән фольклорының композиторлық хатпен қосарлана өсуін
қамтамасыз етті, бұл ұлттық өнердің тарихи және эстетикалық
нормаларына нұқсан келтірген жоқ. Сазгерлердің ұлттық мінездегі
жаңаша музыка тудыруға деген тілектері ауызша дамыған салттан мүлде
бөлек жанрдың пайда болуына ігі салдарын тигізді деуге болады.
Алғашқыда трио, квартет, квинтет, соната түрінде жазылып әрі қарай
күй тектес поэмалар (домбыра туралы аңыз. Н.Меңдіғалиев) сияқты
күрделі жанрларға ұласқан жаңа сазгерлік шығармашылық камералық күй
жанрын дүниеге әкелді, бұл өткен ғасырдың екінші жартысында ұлттық
үрдіс пен классикалық өнердің тарихи жарасымынан туындаған әрі
сапалы даму дәрежесіне көтерілген үлкен шығармашылық белес болды.
ХХғасырдың 30-40 жылдары елімізде алғашқы опералар, симфониялар,
аспаптық-камералық музыка және басқа жанрлардың пайда болғаны
баршаға белгілі. Ендігі жерде қазақтың кәсіби музыкасының іргетесын
берік қалау үшін біршама маңызды істерді меңгерудің тарихи
қажеттілігі туындады – олар: европалық музыка жәдігерлерін оқу,
оркестр табиғатын игеру, ноталық сауатқа көшу, композиторлық өнердің
европалық түрін ұлттық тақырыптармен ұштастыра білу. Ең үлкен
міндет жаңа тыңдаушы қауым тәрбиелеу болды, композиторлар алдында
ұлттық бояуы жойылмаған, мағынасы даңғайыр (Котлова Г.К. казахская
домбровая музыка как основа профессионального творчества. Авт. Дисс.
Иск. Алма-Ата; 1987,-с.3) шығармалар жазу міндеті тұрды.
Ән мен аспаптық фольклор негізінде туындаған алғашқы шығармалар
көбіне халықтық әуендерді қайталаумен болды, сөйтсе де әртүрлі
жанрлардың негізін қалауға әсер еткені рас. Хор мен фортепиано
жене аспаптық ансамбльдерге арналған алғашқы туындылар тыңдаушы үшін
ұтымды да болды, қазақтың халық күйлерінің сарынымен шыққан
әртүрлі аспаптарға жазылған осынау шығармалар шоғыры авторлық
тақырып жасау үшін қолайлы шығармашылық ахуал жасады. Тыңдаушылардың
көңіліне ұнасымды болған жанрдың бірі –аспаптық-камералық жанр
болды. Олардың ішінде халықтық әуендер -ән мен күйлердің
фортепианоға өңделген түрлері, скрипка мен фортепиано, аспаптық
соната, шекті аспаптар квартеті, программалық пьесалар сияқты
шығармалар тым ұнасымды болды. Композиторлар қауымының ізденістері
текке кетпеді, олар жалпыға түсінікті аспаптық-камералық жанрдың
айшықты үлгісін табанынан тік тұрғызды, бұл шығармалардың тыңдауға
да орындауға да көп қиындық келтірмейтіні бұқаралық сипатқа ие
болды.
Аспаптық-камералық музыканың қалыптасуы мен дамуына
А.В.Затаевичтің этнографиялық білімге сүйенген орындаушылық ықпалы
мол болды. Ол қазақ сазын алғашқы жазушы бола тұрып, ұлттық ән-
күйлерді әрқилы аспаптарға өңдеп, ылайықтады. Оның белсенді
қайраткерлігі арқасында 20 жылдары қазақ музыкасы әлемді шарлап
кетті, 1925 жылы Парижде өткен Әлемдік көрме мен Майндағы
Франкфурт қаласындағы музыкалық слетте қазақтың ұлттық әуенінің
жағары бағаға ие болуы әйгілі фольклоршының қатысынсыз болған жоқ.
Осы шараларда Затаевичтің фортепьяноға арналған халықтық тақырыптағы
миниатюралары және Г.Ю. Любимовтың жетекшілігімен құрылған домра
квартетінің орындауында квартеттік өңдеулер орындалды.
А.В.Затаевичтің пьесаларында халықтық үлгідегі мұралардың ішкі
ресурстарын ашу тілегі бар, оның осы бағыттағы дамытылуы да
көңілге қонымды. Кез-келген шығарманы жазу барысында композитор
полифониялық фактура сапасына қарай мелодияның өз бойындағы
түзілістерді құлпыртады, күрделі гармониялық тізбектерді батыл
қолданады.
Музыкалық мысал (Айнамкөз)
Камералық-аспаптық жанр саласында жемісті еңбек еткен адам
Е.Брусиловский, оның фортепьяноға арналған пьесалары ұлттық бояуы
қанық, жаңаша жазылған музыкалық тіл ретінде бағалы.
А.Затаевичтен кейін халық әндері мен күйлерін зерттеп, оны
аспаптық орындауға түсірген дарынды музыкант, шын мәнінде қазақ
ұлттық музыка мәдениетінің алғашқы құрылысшысы -Д.Мацуцин. Оның
кларнет, флейта мен фортепьяноға арналған трио (1936) шығармасы
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың алғашқы қарлығашы болды.
Д.Мацуцин алғытүбірді (первоисточник) ансамбль, хор арқылы байытты.
1936 жылы Б.Ерзакович қазақтың аспаптық музыкасында алғаш туған
шекті квартет жанрын дүниеге әкелді, бұл қарапайым өңдеу емес,
күрделі камералық –аспаптық мәдениет ретінде жоғары бағаланды.
Камералық-аспаптық музыканың алғашқы кезеңінде авторлар халықтық ән
мен күйлерді өңдеумен ғана шектелгенін жоғарыда айтқан болатынбыз.
Алайда бұл жұмыстың маңызы да мол болатын, өңдеулер арқылы
дәстүрлі қазақ музыкасының тақырыбы бекіді, тақырыптың түпнұсқасы
қатал сақталып болашақ күрделі аспаптану шараларына дайындық
жасалғандай болды. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары аралығында камералық-
аспаптық музыка жанрында еңбек еткен сазгерлер –Е.Брусиловский,
А.Жұбанов, Қ.Мусин, Д.Мацуцин, В.Великанов, Қ.Қожамияров және
басқалар.
Соғыс жылдарында камералық ансамбльдердің формасы мен жанрын
айқындау істері әртүрлі болды. Халық композиторлары Құрманғазы мен
Дәулеткерей шығармалары аса жоғары деңгейде өңделіп жұртшылыққа
ұсынылды, бұл орайда Л.Хамиди өңдеген Қосалқа, Қызыл қайың,
Саранжап сияқты шығармаларды атауға болады. Соғыс жылдарындағы
қазақ композиторларының ішінде ұлттық мінезділігімен ерекше көзге
түсетін сазгеріміз –М.Төлебаев, оның Зұлқия әнін негізге ала
отырып шығарған скрипка мен оркестрге аранап жазған Поэмасы
классикалық формадағы тамаша шығарма болды.
Соғыс жылдары қазақ фольклоры қазынасына қазақстандық
қайраткерлерден басқа, өзге республика композиторлары да назар
аударғанын айта кету абзал. Қазақ фольклоры О.Сандлер, Ю.Бирюков
сияқты дарындардың тамаша өңдеулерімен толыға түсті, халық аспаптары
оркестрі үшін пьесалар жазған З.Компанейцтің де еңбегі елеулі. Осы
жылдары сазгер С.Туликовтың Сармалай, Атты әскерлер маршы атты
күйден өңделген туындылары да жарыққа шықты.
Соғыстың ауыртпашылығына қарамастан Қазақстан жұртшылығы ұлы -
Абай Құнанбаевтың жүз жылдық мерейтойын атап өтті, осыған
байланысты біршама тамаша аспаптық шығармалар да туды. Камералық
музыкаға қатысты шығармалардан В.Великановтың Абайға тағзым триосы
мен М.Скорульскийдің фортепианолық квинтетін атауға болады. Жалпы
соғыс жылдарындағы камералық мәдениет негізінен халықтық музыка
өзегін меңгеруге арналды. Қазақ әнінің лирикалық табиғаты тамылжып
тұрған туынды - А.Жұбановтың қобыз бен фортепьяноға арналған
Ариясы.

Музыкалық мысал
Осының алдында жазылған М.Төлебаевтың скрипкалық шығармалары сияқты
бұл да камералық шығарманың республикамыздағы тұңғыш рет өз
ұлтымыздан шыққан сазгердің қолымен жазылуы ретінде есте қалды.
Жалпы айтқанда, соғыс жылдары Қазақстанда жазылған камералық-аспаптық
шығармалар осы бағыттағы жанрдың қалыптасу кезеңіне жатады.
40-жылдарда композиторларымыз халық аспаптарына арналған
бірқатар көркем туындылар жазды. Олардың ішінде: С.Мұхамеджановтың
Толғау, Көңілді би, Нәзік гүл; Д.Мацуциннің Пьесасын т.б.
атауға болады.
Домбыра мен фортепиано сүйемелі қосылатын шығармалар соғыстан
кейінгі уақыттарда қолға алына бастады. Шығармалар жазу барысында
композитороларымыз байырғы күй сазына айрықша көңіл бөлді, оларға
аспаптық лайықтау мен өңдеудің ұлттық ерекшелігінің сынын бұзбау
міндетті болды. Фортепиано партиясы да біршама қиыншылықтарды бастан
өткерді, бұл кедергілер композитордың аспапты шебер меңгеруі мен
терең білімділігі, оның ұлттық сазбен етене таныстығы арқылы бірте-
бірте өз шешімдерін тауып жатты. Х.Тастановтың домбыраға арналған
шығармалар жинағына оншақты этюдтермен қатар, домбыра мен
фортепианоға жазылған Мелодия, Романс, Би, Фантазия сияқты
автордың төл туындылары кірді. Би таза ұлттық аспаптық мәдениет
ізімен шыққан шығарма, ал, Мелодия мен Романс болса орыстың
классикалық музыкасының үрдісіне еліктеуден шыққан, Фантазия болса,
жоғарыда аталған екі стильдік қасиеттерді ортақ үндестіру арқылы
орындалады. Алдыңғы толқын, аға буын өкілі –Л.Хамиди домбыра мен
фортепианоға арнап бірқатар шығармалар жазды. Оның қаламынан шыққан
Юмореско, Сөзі жоқ ән, Полька атты шағын пьесалар бірден
домбырашылардың сүйікті шығармаларына айналып кетті. Кейіннен оның
Н.Ғизатовпен бірігіп жазған Домбыра үйрену мектебі атты кітабы
көптеген кәсіби орындаушылардың өсіп жетілуіне үлкен себебін
тигізді, домбырашылардың қолынан түспейтін көмекші құралына
айналды. 50-60 жылдары Үрмелі аспаптарға жазылған шығармалардың
авторлары көп емес: Е.Рахмадиев, ол кларнет пен фортепианоға
арналған пьеса жазды; Г.Гризбил, оның қаламынан фортепиано мен
кларнет және екі трубаға арналған Шығыс әні пьесасы туды;
Н.Меңдіғалиев, ол кларнет, труба мен гобой және фортепианоға
арналған сюйта, фортепианомен сүйемелденетін валторноға арналған
ноктюрн сияқты шығармалар жазды. Қазақстан композиторларының соғыстан
кейінгі жылдары игерген жетекші жанры мен классикалық формасы
соната болды. Камералық-аспаптық жанрдың 50- жылдардағы алғашқы
қарлығашы Қ.Мусинның скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы
(1946) еді, генерал Панфиловқа бағышталған бұл шығарма соната
жанрының Қазақстандағы камералық-аспаптық музыка тарихындағы алғашқы
қадамы болды. Бұл авторлық тақырыптармен қатар классикалық сонаталық
форманың барлық салада қолданыста болғанын көрсетеді.
60-жылдарда жазылған сонаталарда романтикалық тенденция айқын
аңғарылады. Олар Қойшыбаев пен Меңдіғалиевтардың шығармаларында ән
тақырыптарының басты партияларында (фортепианоға арналған Абайды
еске алу поэма-сонатасы) және 50-жылдарда жазылған Б.Байқадамовтың
фортепиано мен скрипкаға арналған сонатасында кездеседі. Кейінгі
толқындардан А.Серкебаев, Б.Жұманиязов, К.Дүйсекеевтердің сонаталық
шығармаларында да романтизмнің ажарлы образдары, тондық әсем
бояулары тамаша көрініс тапқан.
Д.Ботбаевтың Ақсақ құлан (Жошы хан заманынан қалған аңыз)
сонатасында фольклорлық үрдіс жолы сақталған, композитор көне
сарынды бүгінгі ұғымға жатық бейнелермен суреттей алған.
Балаларға арналған репертуарлық музыка жазу жұмысы қарқынды
жүргізілді. 1951 жылы Е.Брусиловскийдің Балаларға арналған 15
фортепианолық пьеса атты жинағы жарыққа шықты. Б.Ерзаковичтің
балалар пьесасының екі циклі және Кішкентай музыкант жинағы
баспадан шықты. 70-жылдарда Л.Хамиди, В.Новиковтардың балаларға
арналған циклдары пайда болды, сонымен қатар М.Сағатовтың үш
балалар миниатюрасы жазылды. Халық музыкасын зерттеу, ұлттық ән мен
күй, фольклорлық мұраларды қолданысқа енгізу арқылы Қазақстан
композиторлары фортепианоға арналған қомақты шығармаларды көпшілікке
ұсына бастады. Бұл тұрғыда алғашқы сәтті еңбек ретінде
Е.Брусиловскийдің Күй формасындағы қуаныш биін атауға болады
(кейіннен Токкато деп аталып кетті). Осы жанрды жалғастырушылар –
Б.Ерзакович, Қ.Қожамияров, Д.Мацуцин, А.Меттус, С.Мұхамеджанов т.б.
Н.Меңдіғалиевтің Домбыра туралы аңыз шығармасында халықтық үлгі
пайдаланылмайды, алайда музыкалық тілі ұлтшыл, кейде тыңдарман
ондағы сарындардың ұлттық аспаптық музыканың қай үлгісен алғанын
таба алмай аңтарылатыны да бар.
60-жылдары пайда болған фортепианолық шығармалардың ішінен
Ғ.Жұбанованың Үш прелюдиясы ерекше көзге түседі, мұнда
романтикалық прелюдия мен қазақ күйінің синтезі ортақтасады.
Полифониялық жазба үлгілері композиторлардың аспаптық ансамбльдерге
арнаған шығармаларынан байқалады. Бұл орайда Б.Баяхуновтың скрипка
ансамбліне арналған Бақытты балалық шақ пьесасының орны бөлек.
Тақырыптық даму ретінде екі өзекті сарын алынған, алғашқысы – баяу
сабырлы, соңғысы - әсемқоңыр жүрдек, бұларды салыстырмалы түрде алған
композитор бейнелеудің біртұтастығын тамаша сақтап отырады, соның
әсерінен олардың репризадағы қосылысы да өте қисынды шыққан.
Осындай аспаптық құрамға бет бұрғандардың ішінде Д.Ботбаев та
бар, ол музыка сүйер қауымды Аяжан шығармасымен елең еткізді,
ансамбльге арналған қотармаларды (переложение) сәтті және өндіртіп
жазған Алматы консерваториясының мұғалімі - И.Коган болды (халық күйі
Тепеңкөк және Абайдың бірнеше әндері). Үрмелі аспаптар мен
аралас құрамдарға арналған секстет жазған Е.Рахмадиев осы саланың
қарлығашы болды десек артық емес. Осы үрдісті жалғастырған
сазгерлер - А.Рудзиянский 60-жылдары гобой мен альт және фаготқа
арнап екі трио, ал, А.Бычков үрмелі аспаптар ансамблі үшін төрт
пьеса жазды. Камералық-аспаптық жанр соғыстан кейінгі жылдарда
айрықша дамыды. Бұл бағытта қазақ музыкасының ардагерлері еселі
еңбек етті, Атап айтқанда: Е.Брусиловский тенор мен шекті квартетті
пайдаланып Жамбылдың сөзіне жазылған алты пьеса және екінші
бірбөлімді Өмір туралы ән шекті квартетін жазды, осымен қатар
В.Великановтың бірбөлімді шекті квартеті, Л.Хамидидің қазақ
тақырыбына сюиталары, Иванов-Сокольскийдің шекті триоға арналған
қыздар биі және қазақтың батыр қызы Мәншүкке арналған патетикалық
триосы, Б.Ерзаковичтің қазақ әндері тақырыбына жазылған сюитасы және
екінші шекті квартеті дүниеге келді, мұның тақырыптық түбірі
бұрынғыдыай халық музыкасын жасампаз ету болды.
Б.Ерзаковичтің шекті аспаптарға жазған квартеті негізінен қазақтың
халықтық және кәсіби музыкасы материалдарынан құралды. Т.Аргынбаевтың
тақырыбына сүйенген бірінші бөлімнің басты партиясындағы интонациялық
ұтқырлық ары қарай көптеген тақырыпшалардың туындауына алып келеді, олардың
бастапқы қайырымдарын негізгі өзектегі мақаммен туыстастыра отырып
тақырыптық ғажайып кварталық ұстын жасайды. Бірінші бөлімнің қосалқы
партиясы квартеттің лирикалық қырын жарқырата көрсетеді. Оларды біріктіруші
үшдауысты негіздеме, бұл жерде ладтың квинталық дыбысы ерекше дараланады,
біркелкі ладқа құрылған тондық тұғыр бұзылмайды.Циклдың тақырыптық
бірлестігі және тондық даму формасының көтеріңкі көңіл күйіне құралуы
шығарманың идеялық мазмұнын аша түседі.
Жамбыл ақынның Өмір туралы ән өлеңі Е.Брусиловскийдің осы аттас бір
бөлімнен тұратын екінші шекті квартетінің туындауына ықпал етті. Сезім мен
шабытқа толы ақындық арынның шыңы квартеттің арқауын құрады. Квартеттің
басындағы шағын кіріспеде домбыра фактурасына сай полифониялық өрнек бар,
мұнда кварта мен квинталық дыбыс шоғыры нағыз қазақы реңк туғызады. Осы
фонның аясында жырау сөзіне ұқсас речитативті-декламациялық негізгі партия
пайда болады, оны бірінші және екінші скрипкалар орындайды.

Музыкалық мысал. Өмір туралы өлең
Мелодия бүкіл музыкалық құрылымның үстінде ұшып жүргендей әсер береді,
домбыра сазына құралған қосалқы партия айрықша фондық эффект тудырады:
мұндағы ширек ноталардың біркелкі ырғағы және альт партиясы синкопаланған
органдық пункт құрайтын виоленчельдегі тоникалық квинта мен екінші
скрипкадағы дербес әуеннің қосылысы арқылы әшекейленеді. Тондық және
тақырыптық даму сағалықта (разработка) белсенді әсер алады: метроырғақ,
әуез бен жалпы фактура ылғи ауысып отырады. Репризаның жеделдеуі де
байқалады: негізгі партия тасымалданады, қосалқы партияның тақырыбы
ауысады, кодадағы кіріспеге мұрындық болатын жаңа тақырыптың варианты
туындайды. Камералық-аспаптық ансамбльдер жанрында соғыстан кейінгі
жылдардағы сазгерлер буыны айтарлықтай еңбек етті. Орталық баспасөз
беттерінде Л.Афанасьев пен Қ.Қожамияровтың шекті квартеттері, осы салада
жазылған М.Сағатовтың сюитасы, М.Маңғытаевтың қазақтың халық әні
Қараторғай тақырыбына жазған бесбөлімді триосы, және 60-жылдары жазылған
А.Бычков пен Б.Баяхуновтың шекті квартеттері туралы жазылған біршама
мақалалар жарық көрді.
Өткен ғасырдың 60-80 жылдары Қазақстанның камералық-аспаптық
музыкасы жаңа стильдік бағыттарда даму дәуірін бастады. Жазу еркіндігі кең,
стилі әрқилы әрі жаңашыл формадағы шығармалар қоғамға жаңа үрдістегі
шұрайлы музыкалар шоғырын сыйлады, мұнда кейде өткенге, бұрынғы жазу
үлгісіне қарсы үнделген туындыларды байқауға болатын еді. Қазақстан
композиторларының осы кезеңдегі жазылған камералық-аспаптық шығармалары ой
тереңділігімен, материалдардың қисынды жарасымдылығымен ерекшеленді. Осы
ретте бірқатар камералық-аспаптық шығармаларды ұсынған дарынды сазгер
–Ғ.Жұбанованы атамай өтуге болмайды. Әсіресе ре минор шекті квартетінің
орны ерекше. Бұл шығарманың дүниеге келуі мынадай жағдаяттарға байланысты
болды, әуелі жеке туынды ретінде оның бірінші бөлімі 1965 жылы жазылды,
шығарманың ары қарай жалғасуы өзінен өзі сұранып тұрғандай болды,
нәтижесінде жетпісінші жылдары оның жалғасы –andante мен квартеттің финалы
сәтті аяқталды. Ұлттық нақышы алғашқы тактыларынан-ақ байқалады, шығарма
басында альттар дуэті мен екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Бетховеннің симфониялық шығармашылығы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын музыка пәнінде насихаттау
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақтың тұңғыш операсы
Фортепиано шығармашылығының дамуы және стиль ерекшеліктерін анықтау
Музыка өнері
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Пәндер