Франклин Рузвельт және оның Жаңа бағыты
Тақырыбы: Франклин Делано Рузвельт және оның Жаңа бағыты
Жоспар:
1. Франклин Делано Рузвельттің өмір жолы.
2. Франклин Делано Рузвельттің ішкі және сыртқы саясаты..
Әдебиеттер:
1.Дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. Р.Р.Қайырбекова, А.С.Ибраева, Г.Н.Аязбаева. - Алматы: Мектеп, 2020. §36. 47-51 б.
Қосымша әдебиеттер
2. Франклин Рузвельт және оның "Жаңа бағыты". https:www.youtube.comwatch?v=JAS XHBEVCG0
3. Франклин Рузвельт АҚШ тың 32 президенті
https:www.youtube.comwatch?v=C1y DgaHZQ7U
1.Франклин Делано Рузвельттің өмір жолы.
Франклин Рузвельт - ХХ ғасырдың бірінші жартысының әйгілі саясаткерлерінің бірі, АҚШ-тың 32-президенті. АҚШ-тың тарихында президенттікке төрт рет сайланған жалғыз президент.
Ф.Рузвельт жер иеленуші кәсіпкердің отбасында дүниеге келді. 1899 жылы мектепті, 1904 жылы Гарвард университетінің колледжін аяқтап, 1904-1907 жылдары Колумбия университетінде заң ғылымы бойынша білім алады. 1907-1910 жылдары ірі заң мекемесінде қызмет атқарды. 1910 жылы Ф.Рузвельт Нью-Йорк штатының сенаторы болып сайланды. 1913-1920 жылдары ол теңіз министрінің көмекшісі қызметін атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол әскер мен флоттың құрылымын өзгерту туралы ұсыныстарымен ерешеленіп, көзге түседі. 1921-1933 жылдары кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысып, бірнеше фирманың директорлар Кеңесіне енеді.
1921 жылы ол полиомиелит ауруына ұшырап, өмір бойы өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігінен айрылады. Алайда тағдырдың бұл ауыр сынағы оның саясатпен айналысуына кедергі келтіре алған жоқ. 1928 жылы Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды, ал 1930 жылы екінші мерзімге сайланады.
Ф.Рузвельт өзінің саяси өмірінде қоғамдық-саяси әділеттілік жолындағы бірбеткейлігімен, қажеттіліктерді тануымен және халықтың басым бөлігінің көңілін табумен ерекшеленді. Ол ескірген саяси ұстанымдарға батыл түрде қарсы шықты, мемлекеттің қоғам өміріне, экономика мен әлеуметтік салаға белсенді түрде араласуымен келіспеді.
Ф.Рузвельттің ішкі саясаты. 1929 жылы қазанда АҚШ-тағы Нью-Йорк қор биржасында акция бағамының күрт құлдырауы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың туындауына себеп болды. Осы жылдары АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды. Ішкі жалпы өнім 103 млрд. доллардан 58 млрд. долларға дейін кеміді. Автомобиль өндірісі 80%, темір балқыту 76%, прокат 74%, көмір өндіру 42% қысқарды. Жүз мыңнан астам өнеркәсіп және сауда фирмалары, жиырмаға жуық темір жол компаниялары күйреді. Мыңдаған банктер мен фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады. АҚШ-тағы ұлттық табыс екі есеге, сыртқы сауда көлемі үш есеге кеміп, елдегі жұмыссыздар саны 15-17 млн-ға жетті. АҚШ-та бұл Ұлы депрессия кезеңі деген атауға ие болды.
1932 жылы демократиялық партияның атынан президенттің сайлауға қатысқан Ф.Рузвельт, әлемдік экономикалық дағдарыстан мемлекетті құтқаратын Жаңа бағыт деп аталатын реформалық бағдарламасын ұсынды. Ф.Рузвельттің Жаңа бағыт бағдарламасы халықтың қолдауына ие болып, 1932 жылғы президент сайлауында жеңіске жетеді. Ф.Рузвельттің Жаңа бағытының негізгі міндеті - мемлекеттің экономикаға араласуы жолымен елді дағдарыстан алып шығу.
Жаңа бағыт бағдарламасы бойынша елді экономикалық дағдарыстан шығару үшін төмендегі шараларды қолға алды:
- Жаңа президенттің алғашқы қадамы банк жүйесін құтқару бойынша жедел шараларды қолға алудан басталды. Банк саласын реттеуге қатысты заң қабылданып, банк жүйесіне мемлекет бақылау күшейді. Банктердің төтенше заңының шарты бойынша үкімет заемдарын ашу және алу тек сенімді, ірі банктерге ғана рұқсат етілді. Ұсақ банктер бір-біріне қосылып, ірілендірілді. 25 мың банктен 15 мыңы ғана қалды. Үкіметтің қаржы саласындағы басқа да шаралары (федералдық резерв жүйесінің құзырын кеңейту, қаржы жүйесіндегі қолданыстан алтынды алып тастау, алтын стандартын жою, доллар девальвациясын жою) мемлекеттің қаржы ресурстарын арттыруға және оның реттеушілік міндетін күшейтуге ықпал етті.
- Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң қабылданып (1933 ж. 16 маусым), өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің жүйесі енгізілді. Кәсіпкерлер ассоциацияларында әділ бәсекелестік кодекстері енгізілді. Кәсіпкерлер ассоциациясы бүкіл өнеркәсіпті он жеті топқа бөлді. Әрбір топ Адал бәсеке Кодексін жасады. Кодекс бойынша әрбір кәсіпорынның өндірістік өнім көлемі, жалақы көлемі, апталық жұмыс уақытының ұзақтығы, өнімді өткізу рыногы, бірыңғай баға саясаты белгіленді. Президент әкімшілігі 746 Кодексті бекітіп, индустрия мен сауданың 99 пайызын қамтыды.
- Жұмысшылардың кәсіподақтар құру және ұжымдық келісімшарттар бекіту құқық жариялады. Өнеркәсіпті қалпына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz