Мемлекет тарихы институты


«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ - ЖАҢА ТАРИХ»: ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТЕХНОЛОГИЯСЫ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР МАТЕРИАЛДАРЫ
(Семей қ., 2013 ж. 10 желтоқсан)
Семей - 2013
Редакциялық алқа:
Б. Ғ. Аяған, Ш. А. Әмірбеков, Ғ. М. Қарасаев, М. Қ. Кәрімов
«Жаңа әлемдегі - жаңа тарих»: оқытудың қазіргі заман технологиясы» аймақтық ғылыми семинар материалдары. - Семей қ., 2013 ж. 10 желтоқсан
Осы жинақта Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Тарихшылар конгресі және Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығымен бірлесіп ұлттық тарихты зерделеу және насихаттау мәселелері бойынша тарих оқытушылары мен журналистердің қатысуымен өткізілген аймақтық ғылыми-әдістемелік семинардың материалдары топтастырылған. Семинар 2013 жылдың 5 маусымындағы Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы хаттамасының 1. 3. 1 тармағын және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы К. Қ. Мәсімовтың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 01-38/42 «Қазақстан-2050» Стратегиясына негізделген 2013-2015 жылдарға арналған Ғылыми зерттеулердің тақырыптық жоспарын бекіту туралы» бұйрықтың 4-тармағын іске асыру жоспарына сәйкес өткізілді.
ISBN . . .
©ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты
©Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МАЗМҰНЫ
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС
Қарасаев Ғ. М.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отан тарихын оқытуға деген көзқарас пен жекелеген ұсыныстар . . . 5
Игібаев С. К., Өскембай Ә. А., Жириндинова Қ. Р.
Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа көзқарас . . . 7
Аубакирова Ж. С.
История Казахстана: информационно-коммуникативные
технологии обучения . . . 11
1 СЕКЦИЯ
Атантаева Б. Ж., Ахметова Р. Д.
Инновации в высшем образовании Республики Казахстан . . . 23
Байсарина Қ. Қ.
Отан тарихы - тарихи сана қалыптастырудың негізгі тірегі . . . 29
Бақытжанова А. Б.
Жаңа технологияларды тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану- заман талабы . . . 32
Жақман Г. К. Әдікеева А. М.
Ақпараттану мәдениеті - тарих сабақтарында . . . 34
Жамырзанова Ү. Т.
Н. Ә. Назарбаев -Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы . . . 39
Кенжебулатова А. М.
Анропологичность абая в историко-философском контексте . . . 43
КерейбаеваА. С.
Адаптация молодого педагога . . . 48
Кудушева Н. А.
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың қажеттілігі . . . 55
Қайырханова Ф. К.
Ұлттық тарихты ғылыми методология негізінде танып білу мәселелері . . . 60
Мухамеджанова Р. Ж.
Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру мәселелері . . . 66
Мухаметжанова Н. А.
Қазақстан тарихын оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану . . . 69
Оспанова Д. Е.
Инновациялық әдістерді пайдалану . . . 80
Оспанова А. К.
Интерактивті оқыту және жоғары оқу орындарында қазақстан тарих пәнін шет тілінде оқыту . . . 83
Рамазанова Ф. С.
Отечественная история вчера и сегодня: теоретические вопросы и методы обучения . . . 88
Рахметуллин А. Қ.
Тарих пәнін оқытудағы мәдени тарихи ескерткіштердің маңызы . . . 91
Сансызбаева Ж. А., Аубакирова А. А.
Қазақстан география пәнінде білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі . . . 95
Санкайбаева П. С.
Қазақстан тарихын оқытудағы жаңашыл әдістер . . . 99
Сыздыкова А. М.
Перспективы развития и проблемы краеведения . . . 106
Табулдинова А. М.
Қытайдағы қазақтардың мәдени дамуы мен әлеуметтік жағдайы . . . 112
Танбаева Б. А.
Отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың алатын орны . . . 115
Тохметова Г. М.
Управленческая компетентность руководителей в сфере образования . . . 118
Хасенов Қ. М.
Ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдануы . . . 125
Шаяхметова К. И., Хасенова Д. С.
Қазақстан географиясын оқытудағы жаңа технологиялардың рөлі . . . 128
Алғы сөз
Егемендігімізідің беріктігінің бекімделіп, уақыт шеңбері кеңейген сайын тәуелсіздікке жету жолындағы күрес тарихымызды зерделеп, оның маңызын кеңінен насихаттау аса маңызды уақыт талабына айналып отырғандығы белгілі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың аталған бағыттағы: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деген талабы еліміздің барша тарихшылар қауымын көрсетілген бағыттағы жұмысты жандандыруға міндеттеді.
Мемлекет басшысы айқындап отырған осы ауқымды істі жүйелеп, нақты жұмыс бағдарламасына айналдыру мақсатында 2013 жылдың 5 маусымында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы (жалпыұлттық кеңес) өтті. Тарихшылардың аймақтық семинар кеңесі мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеу, ұлттық сананы нығайту, өзекті ғылыми тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты мәліметтер жүктелді.
Осы негізде ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫМЕН бірлесіп Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Жаңа әлемдегі - жаңа тарих»: оқытудың қазіргі заманғы технологиясы атты аймақтық семинар кеңес өткізді. Осы семинар кеңесте Отанымыздың тарихын нақты шындық тұрғысында насихаттаудың күн талабына ерекше қойылып отырғандығы көрсетіліп, орта мектептерден бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі деңгейдегі Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, маңызы мен алдағы міндеттері талданды.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ПЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ҰСЫНЫСТАР
Қарасаев Ғани Мұқашұлы-тарих ғылымдарының докторы, профессор
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы инстуты, Астана
Қазіргі күнгі Ұлт тарихын зерделеу мен оны оқытуға деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қойып отырған талабы заман үндестігімен сай келетіндігі белгілі. Атап айтқанда оның “Егер “ақиқаттың аясында” болғымыз келсе, онда қазақтың өткені мен бүгіні туралы тым жалпақшешейліктің де, тым томаға-тұйықтықтың да қажеті жоқ” деген сөзі де туған халқымыздың тарихын өзіне лайықты тұрғыда негіздеудің керектігін күн тәртібіне қояды. Шындығында да, кеңестік мерзімді айтпағанның өзінде жиырма жылдам уақыттан астам егемендік жағдайымызда бізде нақты тарихи деректерге сүйенген толыққанды Отан тарихы ғылымы негізделді деп айта алмаймыз.
Бүгінгі күнге дейін Отан тарихының көптеген кезеңдері мен оқиғаларына дұрыс тұжырым жасалып, баға берілмей отыр. Көптеген мыңжылдық мерзімді қамтитын тарихымыздың қаралып, зерттелмеген беттері де молшылық.
Атап айтқанда, қазақ халқының бірнеше ғасыр бойғы Ресей отарлаушыларына қарсы көтерілістерінің барша тарихы ашылған жоқ. Мысалы, Кенсары Қасымов қозғалысының Қазақстанның шығыс аймақтарына тарауына арналған ғылыми шығармалар кездеспейді. Тіпті біз әлі күнге дейін ұлтымыздың ресейлік бодандыққа қарсы наразылықтарының басталуын ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастаймыз. Ал, нақты деректер жергілікті қазақтардың қарсылығын ХҮІ ғасырдың соңы-ХҮІІ ғасырдың басынан, яғни орыстардың Орта жүзі руларының төл-мекені - Батыс Сібір, Алтай аймағын өзіне қарудың күшімен қосуының басталу мерзімінен көрсетеді. Жергілікті тұрғындардың осы кезеңдегі орыстық қалалар мен бекіністер салынуына наразылығы туралы тың деректер қазіргі күні ашыла түсуде.
Қазақстан тарихшыларының арасында халқымыздыің ресейлік бодандыққа өтуінің мерзіміне деген бір жүйелі тұжырым жоқ. Сол бұрынғы, 1731 жылдан бастап қазақтар Ресей империясының құрамына өз еріктерімен өте бастады деген тұжырым басшылыққа алынып келеді. Ал нақты жағдай басқаны айтады. Негізінен алғанда ХҮІ ғасырдың соңынан Ермактың негізгі тұрғындары қазақтардың Орта жүзі руларынан тұрған Батыс Сібір жерлеріне шабуылынан ресейлік отарлықтың бастау алатындығы белгілі. Көшім ханның әскерлерінің оларға қарсы азаттық соғысы біздің халқымыздың ешқашан да орыстық бодандықты еркіндікпен қабылдамағандығын айқындайтындығы анық. Ал Ермактың осы жорықтарынан кейін Батыс Сібір аймағын орыстармен алғашқы қоныстандыру, өндірістік, әскери игеру жылдам қарқынмен жүргендігі баршамызға белгілі.
Осындай әскери-өндірістік тұрғыдағы отарлау ХҮІІІ ғасырдың басындағы Петр -1 патшаның тікелей басшылығымен одан ары жалғастырылды. Атап айтқанда жоғарыдағы аталған жүзжылдықтың 20- жылдарына дейін-ақ Қазақстанның шығыс өңірін қамтыған Батыс Сібір, Алтай аймағын әскери, өнеркәсіптік жаулаудың негізі жасалынып болды. Нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін-ақ Ертіс өзенінің бойымен Ресей империясының негізгі әскери қамалдары салынып, аймақты әскери, өндірістік тұрғыдағы отарлау, орыс шаруаларымен қоныстандыру етек алғандығы белгілі. Міне осы мерзімде де орыс отарлаушылары жергілікті қазаққтардың табанды қарсылықтарына кездесті. Сондықтан да қазақ жерінің ресейлік бодандыққа өтуінің сипаты мен мерзімін де анық қоятын кез келген сияқты.
Жоғарыдағы айтылғандармен қатар, қазақ халқының ресей құрамындағы кезеңіндегі жергілікті қазақтар мен жерімізге келіп орналасқан орыс, т. б. халықтар өкілдері арасындағы орын алған шаруашылық, мәдени, тұрмыстық, т. б. бағыттардағы жекелеген оңды құбылыстардың маңызы мен нәтижесіне де назар аударған дұрыс болар еді деп есептейміз.
Келесі айта кететін мәселенің бірі -Қазақстан тарихының толыққандылығы әр кезеңдер көлемінде туған жерлерінен, халқының ортасынан әртүрлі жағдайларда ажырап, елімізден тысқары өмір сүріп жатқан отандастарымыздың өткенін, ондағы келелі де маңызды оқиғаларды зерттеп, біртұтас ұлт тарихының негізіне алу да қажет деп есептейміз.
Күн тәртібінде тұрған үлкен мәселенің бірі- Қазақстанның кеңестік кезеңінің тарихына жаңа көзқарасты қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі күні отан тарихшылары тарапынан аталған кезеңге біржақты кері маңыз беру орын алып отыр. Алайда нақты деректер басқаша мағлұмат береді. Жалпы алғанда Қазақстанның тарихының кеңестік кезеңін бірнеше кезеңге бөлген жөн сияқты. Соның ішіндегі оның Лениндік кезеңіне ерекше тоқтау керек деп есептейміз. Атап айтқанда социализм ілімін алғаш рет іс жүзіне асыру мүмкіндігіне ие болған В. И. Ленин көпұлтты Ресейде оны нақтылыққа айналдырып, , социалистік ілімнің озықтығы мен өміршеңдігін дәлелдеуді, сонымен қатар оның шеңберін ұлғайтуды жоспарлады. Осы мақсатта Кеңес үкіметі азамат соғысы басталғанға дейінгі жылға толмас уақытта экономикалық, әлеуметтік дамау, білім беру, денсаулық, мәдени Ресейдің басқа аймақтарымен қатар Қазақстанда қарапайым халық мүддесіне арналған елеулі шараларды іске асырды.
Көрсетілген тұрғыдағы Лениннің атқарған қызметінің ішінде ұлт мәселесі, яғни бұрынғы Ресей империясының отарында болған халықтардың еркіндігін жариялап, олардың бостандығын жариялаудағы ісі назар аударарлық. Қазақ ұлты тарихының Лениндік кезеңі өз дамуындағы алғаш рет автономиялы тұрғыда болса да мемлекеттілігін алу, тарихи территориясын айқындаумен ерекшеленді. Пролетарлық қазақ мемлекеттігінің басқару жүйесі негізделді. Жергілікті кадрларды дайындау қолға алынды. Ұлттық мемлекет басқарушы қайраткерлері негізделді. Шаруашылықты социалистік негізде құрудың бастамасы, сауаттандыру, мәдени, әлеуметтік, шаралары қолға алынды, оның нәтижелілігіне қол жеткізілді.
Жаңа экономикалық саясат өзінің халыққа жақындығы, нәтижелілігімен ерекшеленді. Яғни осы кезеңді де ашығынан жазып, маңызын айқындау күн талабы екендігі белгілі.
Осы айтылғандардың ішіндегі ең бастысы -Қазақстан тарихы ғылымының еліміздің жас ұрпағының арасындағы тәрбиелік мәніне басты назар аударуымыз керек. Соның ішінде қазіргі және келешектегі әр қазақтың қалыптасу кезеңіннен бастап батырлық пен озық шаруашылықты негіздеген, дамыған мәдениеті болған халқымыздың белгілі бір кезеңде әлсіреп, жікке бөлінуінің салдарынан көршілерінен барынша зардап шегіп, ақыр соңында Ресейге бірнеше ғасыр көлеміндегі отарлыққа өтуінің себептерін айқындап, одан қорытынды шығара білулеріне жетісуді қамтамасыз ету Қазақстан тарихы ғылымының негізгі міндеті болып табылады.
Ұлан байтақ Отанымыздың аймақтарының тарихын зерттеуді бір жүйе мен талапқа келтіру керек деп есептейміз. Яғни, Н. Ә. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей :“Әрбір аймақтағы, әрбір ауылдағы елді қоныстың, ауылдың, таудың, өзеннің тарихын, сол жерлердегі әдет ғұрыптарды қайта жаңғыртып, жазып алса . . . Осының барлығы жиналып келгенде, біздің тарихи зердеміз болып шығады”.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы нақты алған орнын да айқындау күн тәртібіне қойылып отыр. Себебі осы мерзімге дейін басқаны айтпағанда республикадан соғысқа тікелей қатысқандар саны да нақты емес. Соның ішіндегі қазақтардың үлес салмағында да ауытқушылықтар бар. Соғыста қаза тапқан майдангерлердің толық есебі де анық деп айта алмаймыз.
Қазақстанның тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесін де нақтылау қажет. Ерлігі ұрпағына жетпей келе жатқан жерлестеріміз де анықтала түсуде. Сондықтан да Қазақстанның Ұлы Отан соғысы кезіндегі тарихын соңғы да шын деректер арқылы зерттеу жұмыстарын одан ары жалғастыру ұрпағымыз үшін аса маңызды.
Қазақстан тарихының кезеңдерін айқындау, осы бағытта бір жүйелі пікірге келуге жетісу де қажет болып отыр.
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінің тағылымдық орнын баса көрсетуіміз керек. Ел өткенінің осы жарқын мерзіміндегі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи орнын сомдап, ұрпаққа паш ету ұлттық және мемлекеттік маңызға ие болатындығы анық
Міне, сондықтан да қазіргі егемендік жағдайындағы Ұлттық тарихымыздың толық негізін жасап, оның қазіргі және болашақ ұрпаққа тағылым беретіндей нәтижелілігін қамтамасыз ету алдағы атқарылар міндеттердің маңыздысы деп есептейміз.
ИГІБАЕВ С. К.,
ӨСКЕМБАЙ Ә. А.,
ЖИРИНДИНОВА Қ. Р.
С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университеті, Өскемен қ.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады» деген еді. Шындығында да, еліміздің Отанына деген сүйіспеншілігі мол патриоттарын тәрбиелеуде елінің тарихын терең меңгерген жас ұрпақты тарихи құндылықтар негізінде оқыту маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Тарих-ұлттың басты құндылығы. Әр ұлт өзінің өткен тарихын өшірмей, бұрмаламай шындық тұрғыда зерттеп жазып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырып отыруы керек. Өйткені ұлттық тарих сол елдің ел болып әлемдік деңгейде өз орнын сақтап қалуына көмектеседі. Ұлттық тарихы жоқ халықтың болашағы да жоқ. Осы бір мағыналы мақсатты жете бағалаған Елбасы ұлт тарихын жаңғырту үшін отандық тарихшылардың алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Ұлттық тарихты ұрпаққа объективті тұрғыда жеткізу үшін кеңестік тарихшылардың қолымен жазылған тарихымызды түпкілікті қайтадан талдап жазуымыз қажет. Ол үшін мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихын» жаңа әдіснамалық негізде талдап, жазу қажет. Оны жазғанда қазіргі кездегі заманауи талаптарды ескере отырып, қазақ халқының тарихын әлемдік кеңістіктегі орнын нақты көрсете отырып, ой елегінен өткізу қажет. Мұнда отандық тарихшыларға ешнәрсеге алаңдап жалтақтаудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Біз тәуелсіз, құқықтық, демократиялық мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Елбасының өзі ұлттық тарихтың объективті жазылуына барлық жағдайлар жасап отыр. Қазақстанның ұлттық тарихы - желісі үзілмей келе жатқан тарих, өйткені елімізді мекендеген халықтардың мәдениеті сабақтасып жатыр. Еуразиялық түркі тілді көшпелі тайпаларының дәстүрімен мәдениеті қазақ халқының тарихынан жалғасын тауып отыр, сайып келгенде қазақтар - еліміздің аумағындағы байырғы, жергілікті халық деген идея тарихи біліміміздің тірегі болуға тиіс. Мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы міне, осы бағытқа негізделуі қажет.
Тарихты оқытудың басты міндеттерінің бірі - өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен іздене отырып, дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істей білетін азаматты тәрбиелеу, тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарих ғылымындағы ежелгі көшпелі тайпаларының тарихын қазақ халқының шығу тегі - этногенезімен байланыстырған жөн. Мысалы, көптеген оқулықтарда ғұн тайпаларымен байланысты көптеген мәселелерді қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен байланыстырмайды. Атап айтатын болсақ, ғұндардың құрамында қазақ халқының қалыптасуына тікелей қатысқан тайпалар болған: кюеше - қыпшақ, усун (үйсін), кангюй (қаңлы) . Сонымен қатар, Мөде (Өгіз хан) билік еткен ғұн дәуірінде қыпшақтар болғандығын тарихи деректер де дәлелдейді. Ғұндардың көшпелі мәдениетінің белгілері қазақ халқының тұрмысы мен материалды мәдениетінде өз көрінісін тапқаны да бәрімізге белгілі.
Қазақ тарихы ұзақ уақыт бойы көшпелілер тарихы ретінде қарастырылып келді. Негізіне келсек, кейбір деректерде ҮІІ -ҮІІІ ғасырларда біздің территориямызда орталықтанған қалалық мемлекеттер болып, білім мен ғылым ошақтары болғанын білеміз. Өкінішке орай бұл деректер әліде толықтай зерттелмей, мектеп оқулықтарына енгізілмей отыр.
Түркі халықтарына тән көшпелі өркениеттің ортақ белгілерін жүйелеп, қазақ халқы мәдениетінің бұл өркениетте алатын орны мен маңызын толық айқындау қажет.
Қазіргі кезеңде қазақ қоғамындағы құлдардың шығу тегі (әскери тұтқын, сатып алу және т. б. ) мәселесіне тарихшылардың назарын аударту қажет. Олардың қазақ қоғамындағы орнын анықтау үшін, кейін оларға бостандық беріліп, өз шаруашылығына ие болуы мүмкіндігі және сол рудың тең құқылы азамат ретінде қабылдануы сияқты фактілерді ескеру қажет деп ойлаймыз. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы құлдықтың Еуропадағы құлдықтан өз ерекшелігі бар екендігін дәлелдей түседі. Себебі, қазақ халқының құлдарға адамгершілік құндылықтарға негізделген демократиялық және өркениеттілік көзқарасы ерекше назар аудартады. Сондықтан қазақ және еуропалық құлдыққа салыстырмалы талдау қажеттігі туындап отыр.
Бір өкініштісі, әлі күнге дейін қазақ хандығының құрылған кезеңін М. Х. Дулатидың еңбектеріне сүйеніп көрсетіп келеміз. Бұл дерек шындыққа жатпайтынын білсекте ұрпаққа осы датаны жаттатудан бас тартпай отырмыз.
Ресей империясының отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлттық - азаттық көтерілістердің ғылымда тарихи толық бағасы берілмеген. ХХ ғасырдың 50-80 жылдары кеңестік тарихшылар отарлаудың мәнін анықтауда үстірт қарап, «Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтілігі» туралы тұжырымдаманы қолдай отырып, көптеген ұлт-азаттық көтерілістерге діни сипат берген болатын. Тіпті И. Тайманов пен М. Өтемісов бастаған тұтас ұлт - азаттық көтерілісті кейбір тарихшылар (В. П. Шахматов және т. б. ) екі бөліп, екі түрлі баға беруге тырысқаны белгілі. Мұнда 1836-1837 жылдардағы кезеңге прогрессивті, 1838 жылдағы жалғасына антифеодалдық сипатқа ие емес ретінде баға берілді.
Алаш зиялыларының патшалық Ресей кезеңінің өзінде -ақ қазақ халқы үшін жерін сақтап, оны шаруашылыққа пайдалану туралы мәселелерді жан-жақты көтергендігі туралы тарихи деректер кездескенімен, оған тарихи талдау жасау мүмкіндігі әлі қолға алынбай, назардан тыс қалып отыр. Мысалы, Ә. Бөкейхановтың көзқарастары ерекше қызығушылық тудырары сөзсіз.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан тарихының кеңестік кезеңдегі көлеңкелі жақтары мен «ақтаңдақтары» жете зерттеліп, жаңа тарихи талдаулар мен тұжырымдамалар қалыптасты. Бұл салада отандық ғалымдардың еңбегі өте жоғары болғандығы қуантарлық жағдай. Бірақ сол тарихи талдаулар мен тарихи фактілер оқулықтарда өз орнын таппаған. Мәселен, 1929-1931 жылдар аралығындағы шаруалар көтерілістері жан-жақты талданып, ғылыми айналымға тың тарихи деректер енгізілді. Осы дерекдерді бір жүйеге келтіру қажет.
Мемлекеттік хатшы М. Тажин «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасында былай деген еді: «Қазақстанның тарихы - біздің ортақ тарихымыз. Өткен дәуренді дәріптеудің қажеті жоқ. Баяғы бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиыншылыққа толы тарих туралы ашық айту керек» [1, 20б. ] . Бұл сөздер Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп отырып, бұрмаланған тарихты ертеңгі ұрпаққа қалдырсақ, біз үшін кешірілмейтін күнә болады. Сондықтан қазіргі оқушылар мен студенттерге шынайы жазылған тарихпен сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы олардың нағыз патриоттық сезімі жоғары тұлға болып қалыптасуына септігімізді тигізуіміз керек.
Әдебиеттер тізімі:
- Тажин М. Тарих толқынындағы халық. // Ұлттық тарихты зерделеу туралы. - Алматы, 2013.
ОТАН ТАРИХЫ - ТАРИХИ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
Қазіргі кезеңде халықтың төл тарихына деген ынтасының өсуі заңды құбылыс. Дегенмен соңғы жылдардығы өзгерістер ұлттық-мәдени сананың түлеуі тәуелсіз мемлекеттің нығая бастағанының айғағы. Отандық тарих ғылымы еліміздің тәуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрнісі-тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтанарылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz