Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « Ақпараттық технологиялар факультеті »
Кафедрасы « Жасанды интелект және Big Data »
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Орындаған: Момбеков Мухамеджан
Тексерген: Бердибаева Алия
АиУ 18 - 10 а
Алматы 2020 ж
Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы
Жоспар :
Кіріспе
Жалпы ережелер, мен ұғымдар
Негізгі бөлім
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылары
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, қаржыландыру жүйесі
Қорытынды
Дереккөздер
Кіріспе
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру- халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жҥйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мҥддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жҥйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тҧрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік кӛмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.
Біздің елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ержелер Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ заңнамасында көрсетілген нормалардан алынады.
Жалпы ережелер, мен ұғымдар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамсында қолданылатын ұғымдарға : аударымдар, сақтандыру қоры, қордың активтері, инвестициялық кіріс, жеке практикамен айналысатын адам.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамсының қолданылуы ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, жәнеде өзгеше белгіленбеген жағдайда уақытша клген шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы (Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілері ұсынады. Жәнеде клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.
Жоғарыда айтылған заңнамалар негізінде денсаулықтандырушы түлға едициналық-санитариялық көмек ұйымын, стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға, дәрігерді таңдауға құқығы бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге Қазақстан Республикасының үкіметі, уәкілетті орган; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астанының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Бүл органдардың арнайы құзіреті өздеріне бекітілген. Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекітеді, аңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды, қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілейді, қордың активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындайды, қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді.
Уәкілетті органның құзыреті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды, қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін әзірлейді, қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді, қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді, қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз етеді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша төлейді, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республиксының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырулар кіреді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларна төлеушілер, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар, денсаулық сақтау субъектілері, уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қор, Мемлекеттік корпорация, өзге де уәкілетті органдар жатады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, МӘМС-ның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Жәнеде мыналар жарналарды төлеушілер: мемлекет, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар.
Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға және осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген пациенттердің құқықтарын пайдаланады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді енгізудің уақтылығын, анықтығын және дұрыстығын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы қордың сұрау салуы бойынша беруге, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу үшін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға қордың талап етуі бойынша кіруді қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді атқарады.
Мемлекеттік корпорация
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жатқызылатын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- төлеушілерден қорға түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді және аударуды банктік үш күн ішінде жүзеге асырады;
- аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асырады;
- аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
- МӘМС Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, қаржыландыру жүйесі
Сақтандыру қоры - дүлей апаттар мен басқа да төтенше уақиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры. Қоғамның сақтық қорларының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті, мемлекеттік сақтандыру қорлары, кооперативтік, акционерлік және басқа қорлар. сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру қорлары ерекше сақтандыру қоры ретінде әрекет етеді. Сақтандыру әдісімен құрылатын сақтандыру қоры тіркелген сақтандыру төлемінің түсімі есебінен құралады және тек сактандыру өтемі мен сақтандыру сомасын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қордың органдары жоғары орган - жалғыз акционер, басқару органы - директорлар кеңесі, атқарушы орган - басқарма, қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады. Жәнеде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарда орналастырылады және олар тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру, аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жазылған өзге де қаражатты қайтару мақсаттарына пайдаланылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz