Сатып алу - сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ

МӘНЖАЗБА

ТАҚЫРЫБЫ: Сатып алу-сату шартының түсінігі мен мәні

Орындаған:
полиция капитаны Е.Ерболатұлы

Ақтөбе, 2021
Мәнжазбаның Жоспары:
1.Сатып алу-сату шартының түсінігі мен мәні.
2.Сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері.
3.Сатып алу-сату шартының түрлері (бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, келісім-шарт жасасу)
Кіріспе
Негізгі ұғымдар:шарт, сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт, кәсіпорынды сатып алу-сату, бөлшектеп сатып алу-сату.
Негізгі бөлімі
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді,шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті немесе тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті.
Сатып алу-сату шарты бұл-мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтың құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді. Бұл олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен, олар қолданылатын салалардың ерекшеліктеріне байланысты қолданыс табуда. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттік мұқтаж үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты әрбір шарт нысандары арнайы субъект құрамымен, оны жасау тәртібімен және өзге де қырларымен ерекшеленеді. Шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолымен өтіп, олардың қазіргі өмірге сәйкес келетіндері сұраптала отырып заңдандырылған. Мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу- сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілер де тиісті заттық құқықтар пайда болады. Аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алады.Осы көзқарас бойынша осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа да өзге заттық құқықтар иеленеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 406- бабына сәйкес, бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу- сатуға, тауарлардың жекелеген түрлерін сатып алу- сату ерекшеліктері ережелерде айқын көзделген. Кез келген шартта зат бойынша сатып алу- сату тауары болады. Сатып алу - сату шартының түрлеріне, бөлшек саудамен сатып алу - сату, тауарлар жеткізілімі, энегиямен жабдықтау, контрактация, кәсіпорынды сату сондай-ақ сатып алу- сату сондай-ақ сатып алу - сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды.
Сатып алу- сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескертуді талап етеді. Себебі тек жеке сипаттармен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтың нысаны бола алады. Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу- сатуда, егер заңнама оларды сатып алу, сату үшін арнайы ережелер қолданбаса, жалпы ережелерде қарастырылады. Сонымен бірге, бөлшектеп сату, сатып алуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Сатып алу- сату консенсуалды шарт болып табылады. О Қ өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу - сату затына талаптардың жоғарлауына әкеледі. Заттар сатып алу- сату шарты нысанының кең тараған түрі. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталып, жылжитын немесе жылжымайтын тауар болуы мүмкін. Шарт нысанының сипттпмалары ең алдымен шарт орындалмаудың шарттарда екі жақтық құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді.
Сатып алу- сату шарты бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және тағы басқа заңдық актілерде қарасырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағалар ажыратылады. Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын оған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Мұнда тауардың жиынтығы, қауіпсіздігін, сапасын алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісіледі.
Сатушы сатып алушыға шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Шартта тауардың сапасы болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті. Сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес емес, міндетті талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетін тауар берілуі мүмкін.
Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестігін айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе қисынды мерзім шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс. Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есппен беруге міндетті. Тауар сапасына, егер, шартта өзгеше көзделмесе оның барлық құрамдас бөліктерінде де қолданылады. Жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі бұйымға берілген кепілдік мерзім негізгі бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі. Тауарды берген жағдайда, тауарды түр - түрімен жинақтылығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беруді, тауарды салатын ыдыс және оның буып - түю сатушының міндеті болып табылады. Сату - сатып алу шарты бойынша түрлеріне, үлгілеріне, мөлшеріне түстері мен өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айырбас шартының түсінігі
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтырудың құқықтық аспектілері: түсінігі, жалпы сипаттамасы, мәселелері мен оны шешу жолдары (Маңғыстау облысының мысалында)
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алу-сату шартын
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Мүлік жалдау шарты
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Лизинг шарты туралы түсінік
Пәндер