Басқарманың функциялары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы

Өндірістік тәжірибе 4 бойынша
ЕСЕП

білім беру бағдарламасы үшін: 6В06104 (5B070400) Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Студент Кажахметова А.К
Тәжірибе базасының жетекшісі
басқарма басшысының орынбасары Ельжасов Р.С
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жетекшісі
Оқытушы Жакеева С. С

Петропавл 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1. СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ 8
1.2 ИНЖЕНЕР- БАҒДАРЛАМАШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 12
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 12
2.1 MICROSOFT OFFICE 2010 БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТУ 12
2.2 MICROSOFT OFFICE SHAREPOINT DESIGNER-MICROSOFT SHAREPOINT ПЛАТФОРМАСЫНДА ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ SHAREPOINT ТҮЙІНДЕРІН БЕЙІМДЕУ ҚҰРАЛЫ. 14
2.3 КОМПЬЮТЕРЛІК КАБИНЕТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІНІ БАПТАУ 15
2.4 ESET NOD 32 SMART SECURITY АНТИВИРУСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ 16
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21



КІРІСПЕ

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру, оралмандармен және шетелдiк жұмыс күшiмен жұмыс жүргiзу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Өндірістік практика (ғылыми - зерттеу жұмысы) - бұл оқу процесінде алынған теориялық білімді кеңейтуге және бекітуге, таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды игеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіби қызметке дайындалуға бағытталған оқу жұмысының түрі. Өндірістік-технологиялық практиканың мақсаты-нақты кәсіпорынның студенттері мен ондағы жұмыс жағдайларын зерттеу, бағдарламаларды әзірлеу мен сүйемелдеуде қолданбалы дағдыларды игеру, ақпараттық ағындар мен жұмыс процесін зерттеу, ақпаратты сақтау және өңдеу әдістері, есеп үшін материалдар жинау.Мен техник-бағдарламашы лауазымына қоғам штатына өндірістік практикадан өту үшін қабылдандым.
Практиканың мақсаты - ұйымның қызметін зерттеу негізінде жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқу кезінде алынған білімді бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеу, бастапқы практикалық тәжірибені алу.
практиканың негізгі міндеттері:
- кәсіби ойлауды дамыту;
- техника-өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметінің түрлері бойынша практикалық біліктер мен дағдыларды меңгеру;
- болашақ маманды өзіндік еңбек қызметіне дайындау;
- Ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша білімді тереңдету және жүйелеу;
- Ақпараттық жүйелерді пайдалану әдістері мен тәсілдерін зерттеу және игеру.

АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы субъектілерінің халықты әлеуметтік қорғау органдарының немесе муниципалдық халықты әлеуметтік қорғау органдарының қарамағындағы және қала аумағында жүзеге асыратын әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Басқарманың мiндеттерi:
:: Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды үйлестiру , әлеуметтiк бағдарламалар. Және халықтың көшi-қоны саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңiрдiң басқа ұйымдарының аталған саладағы жұмысын үйлестiру.
:: жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету;
:: жұмыссыздық деңгейiн төмендету;
:: еңбек ресурстарының санын арттыру;
:: жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу (Жұмыспен қамту жол картасы 2020);
:: өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
:: мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында ҮЕҰ әлеуметтiк қызмет көрсетуге тарту;
:: мүгедектердi әлеуметтiк қолдаудың атаулылығын күшейту;
:: мүгедектерге көрсетiлетiн протездiк ортопедиялық көмектiң, техникалық көмекшi (орын толтырушы) құралдардың және санаторий-курорттық емделудiң атаулылығынын қамтамасыз ету;
:: аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң атаулылығы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
:: бiлiктiлiгi мен кәсiби деңгейiн ұдайы арттыру;
:: кәсiби даярлығын, құқытық мәдениетiн және азаматтармен жұмыс iстей бiлу қабiлетiн анықтау;
:: сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық жасауды болдырмау;
:: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
:: бюджет қаржатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, iшкi бақылау және аудит жүйесiн нығайту.
Басқарманың функциялары:
Басқарманың функциялары:
1) Халықты жұмыспен қамту саласында:
еңбек нарығына мониторинг;
кадрлар даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті айқындау;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
еңбек делдалдылығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттігімен өзара іс-әрекет ету;
бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығының қажеттіліктеріне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлау;
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне хабарлау;
мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының біртұтас ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу;
халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының көрсеткіштері бойынша мониторинг жүргізу;
2) Әлеуметтік әріптестік саласында:
облыс әкімі, жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері және облыстық жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасында үшжақты келісімдер, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарын, үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу және келісу;
облыстық үш жақты келісімнің орындалуы туралы ақпараттық материалдар дайындау;
3) Еңбекке ақы төлеуді нормалау саласында:
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен қарау және келісу;
4) Әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек саласында:
мыналарды:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті,
он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды,
тұрғын үй көмегін,
үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге мониторингті жүзеге асыру
облыс бойынша кедейлік шегін айқындау және мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Өрлеу жобасының іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және оған мониторинг;
5) Мүгедектермен жұмыс жүргізу және әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру саласында:
Мүгедектерді мыналармен:
арнаулы жүріп-тұру құралдарымен,
протездік-ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші (орнын ауыстыру) құралдарымен,
гигиеналық құралдармен,
мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
облыстың мүгедектері мен ардагерлеріне протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге жолдама беру;
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетілуін үйлестіру;
медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
мүгедек балаларға, жалғыз басты азаматтар мен мүгедектерге үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметін үйлестіру;
тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
мүгедектердің Мүгедектерді сауықтыру орталығында оңалту курсын өтуін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдамалар беру;
6) Оралмандармен және көшіп-қонушылармен жұмыс жүргізу саласында:
халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау;
оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
оралман куәлігін беру;
уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру;
7) Шетелдік жұмыс күшімен жұмыс жүргізу саласында:
халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру;
шетелдік жұмыс күшін өңір аумағына тартудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
Қазақстан Республикасында өз бетімен жұмысқа орналасатын тұлғалар тізбесіне енетін шетелдік қызметкерлерге квота шегінде жұмысқа орналасуға рұқсат беру, сондай-ақ рұқсатты ұзарту;
бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат беру;
8) Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және келісу;
9) Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарау, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау.
10) Басқарма қызметі саласына қатысты азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдем көрсету.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіпте Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа материалдарды облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан сұратуға және алуға;
2) Басқарма құзыретіне енгізілген мәселелер жөнінде түсініктеме беруге;
3) білім беру мәселесімен айналысатын мемлекеттік органдардан, білім беру ұйымдарынан, мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандық) туралы, нақты кәсіп (мамандық) бойынша даярланғандар және мамандарды даярлауға жоспардағылар саны туралы ақпаратты сұратуға;
4) Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзуға жол беретін басшылардың, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындар қызметкерлерінің қылықтарына қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте шара қолдануға және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапқа тарту туралы мәселені шешуге арналған материалдарды прокуратура органдарына және басқа мемлекеттік органдарға жіберуге;
5) Басқарма ісін жүргізуге қатысты жекелеген мәселелерді қарастыру мен әзірлеу және түйінді мәселелерді шешу үшін келісімшарт негізінде сарапшыларды, ғылыми мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлері мен мамандарын тартуға;
6) Басқарманың алқа мәжілістерінде меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшыларының Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі есептерін тыңдауға;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен тыс шоты болуға;
8) жұмыс берушілерден болжамды құрылымдық өзгерістер және нәтижесінде қызметкердің жұмыстан босатылатын басқа іс-шаралар туралы ақпаратты, сондай-ақ жұмыс күшіндегі қажеттілік туралы, босатылған, қабылданған және жұмыстан шыққан жұмыскерлердің саны мен кәсіптік-біліктілік құрылымы туралы басқа да мәліметтер алуға;
9) Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарма қызметінің ұйымдастырылуы
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Атырау облысының статистика басқармасы
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Қазактан поштасынын тарихы
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаменті РММ
Пәндер