Электрондық оқулықтардың қолдануы


АННОТАЦИЯ
Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшелерден, 30 суреттен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом көлемі 74 беттен тұрады. Дипломдық жұмысының тақырыбы «С++ бағдарламалау тілінен оқып-үйрену» бойынша арналған электрондық оқулық құру.
АННОТАЦИЯ
Диплом состоит из введения, трех разделов, восьми параграфов, 30 рисунков, заключения и списка использованной литературы. Диплом состоит из 74 страниц. Тема дипломной работы - «Создание электронного учебника для изучения языка С++»
ANNOTATION
The Diploma consists of introduction, three sections, eight paragraphs, 30 pictures, conclusions and list of the used literature. The Diploma consists of 74 pages. Subject of the degree work - "Making the electronic textbook for study of the language C++ ".
МазмұныКІРІСПЕ3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ5
1. 1 Электрондық оқулық5
1. 2 Электрондық оқулықтардың қолдануы7
1. 3 Электрондық оқулық және оның құрылымы12
1. 4 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері13
1. 5 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар16
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ20
2. 1 Autoplay Media Studio бағдарламасымен танысу20
2. 2 Adobe Photoshop бағдарламасы21
3 Жобалық бөлім25
3. 1 AutoPlay Media Studioбағдарламасымен жұмыс істеу25
3. 2 “С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену” бойынша электрондық оқулығын құру әдістемесі. 30
3. 3AutoPlay Media тілінің шрифтерін орнату60
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ62
4. 1 ҚР еңбекті қорғау туралы заң және нормативтік актілер62
4. 2 Жұмыста қолданылатын электро қауіпсіздік талаптары63
4. 3 Өрт қауіпсіздігінің талаптары66
5 ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕЛУІ69
5. 1 Хронометриялық қатарды есептеу69
5. 2 Көпеңбектілік пен ұзақтық бағасы73
5. 3 Бағдарламалық өнімнің бағасын есептеу74
5. 4 Әлеуметтік нәтижені анықтау75
ҚОРЫТЫНДЫ78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ79
ҚОСЫМША А81
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай - ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтты. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; онлайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.
Зерттеу өзектілігі - қазіргі заманның дамуына байланысты жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Әрбір пән бойынша электрондық оқулықтар бар. Сол себепті «С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену» бойынша арналған электрондық оқулық міндетті түрде қажет. Соған сәйкес бұл тіл бағдарламасын мемлекеттік тілде оқулықтардың аздығына байласнысты, кітапты құруға негіз болды.
Зерттеу мақсаты - «С++ бағдарламалау тілін оқып-үйренуг» бойынша арналған электронды оқулық құру.
Зерттеу мәселесі - электрондық оқулықтардың көбі мемлекеттік бағдарламаға сай келмейді, берілген пән бойынша электрондық оқулықтардың аздығы.
Зерттеу нысаны - ««С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену»» бойынша арналған электронды оқулық.
Зерттеу пәні - ««С++ бағдарламалау тілі»» пәні.
Гипотеза - егер электрондық оқулық ««С++ бағдарламалау тілін оқып-үйрену»» пәнінде қолданылса, оқытушының қызметі неғұрлым жеңілдеуі мүмкін. Сабақ көрнекі, әрі қызықты өтуі мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
- Autoplay Media Studio ортасы жайында мәліметтерді меңгеру;
- электронды оқулық құрылымымен танысу;
- жобаны орындау;
- жасалған қосымшаның қолдануының экономикалық тиімділігін дәлелдеу;
- Autoplay Media Studio ортасында автоматтандырылған жүйелерді ақпараттық қамтамасыздандыруды жасау және жүргізу пәні бойынша қосымша құру;
- экономикалық бөлімін зерттеу;
- еңбек қорғауды меңгеру.
Ғылыми жаңалығы - технологиялардың дамуына байланысты электронды оқулықтарға сұраныс өсуде. Берілген пән бойынша кез келген нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік маңызы - құрылған электрондық оқулық кез келген қолданушыларға түсінікті әрі ыңғайлы түрде жасалған. Оқулық «Си бағдарламалау тілі» пәнінен дәрістерді қолдануға мүмкіндік береді. Студенттердің уақыттарын үнемдейді, пән бойынша керек мағлұматты кітапханаға бармай - ақ осы оқулықтан табуға болады.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ1. 1 Электрондық оқулық
Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсынуды қарастыруға болады. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударуға және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды рөлі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске, яғни кең қолданысқа ие мультимедиялық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиялық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде) қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек, онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т. б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері. Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
бақылаусыз оқыту;
бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады [12] .
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:
оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т. б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануға мүмкіндік беру;
жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанбайтын басқа да сөздерді пайдалану.
Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет. Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
дәрістерге және тәжірибелік жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді;
студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.
1. 2 Электрондық оқулықтардың қолдануы
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т. с. с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т. с. с. ) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, бағдарламалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (бағдарламалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық бағдарламалар (КДБ) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы бағдарламалар, бағдарламалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДБ кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай бағдарламалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық бағдарламалардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДБ-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т. с. с. ) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта «Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының» «Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы «Электрондық оқулықтар» шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т. с. с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық бейнелер арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
1. 3 Электрондық оқулық және оның құрылымы
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық түрге аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны пайдаланушылардың интелектуальдық ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi. Бұл бағдарламалар пайдаланушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
1. 4 Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері
Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның құрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мұқият зерттеп, айқындауға саяды. Мұны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан зерттеулер компьютерлік оқыту бағдарламаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Бағдарламаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т. с. с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік бағдарламалардың безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. «Жақсы интерфейс ыңғайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М. Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, «Мұнда тұрған не бар» - дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол бағдарламаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады» .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -жүйелік безендірудің негізі, ол құрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл тәсіл бағдарламаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік, компоненттік, құндылық т. б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды аньқтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал жайлы өзі білетін ақпаратты салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бұл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа ақпаратты қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz