Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастыру


М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары
колледжі «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен
әдістемесі»бөлімі
«Қорғауға жіберілді»
«___ »2020жыл
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Пәні: Педагогика
Мамандығы: 0105000-«Бастауыш білім беру»
Біліктілгі: 0105083« Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-Б-17
Орындаған: Жақсылық Жұлдызай
Ғылыми жетекшісі: Абиева Гульжайна
Бағасы: «__»
Қызылорда 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі . . . 5
1. 1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда жаңартылған білім берудің әдісі және қазіргі жағдайы . . . 5
1. 2. Қазақ тілін оқытуда еңбек тәрбиесінің негізі . . . 10
II. Тәжірибелік бөлім . . . 20
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының еңбек біліктерін, дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері. 20
2. 2. Еңбек тәрбиесі-өмір кілті . . . ………. . 27
Қорытынды . . . 33 Пайдаланған әдебиеттер . . . 10КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ - бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірініші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еңшісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.
Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуына, оның жан-жақты дамуына және баладан рухани бай тұлға қалыптастыра білу басты міндетіміз.
Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту керек. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.
Мектепте еңбек біліктерін арттырудың басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күлделі процесс- мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.
ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі-жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.
Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды.
https://www. metod-kopilka. ru/zhaartilan-bilim-beru-mazmnindai-bastauish-mektepti-badarlamasi-zhne-oitu-distemesi-89874. html[1]
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру және бастауыш сынып оқушыларының еңбек біліктерін, дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дамыту.
Зерттеу жұмысның міндеттері:
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру жолдарымен оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен таныстыру.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны:
Мектеп оқушылары(бастауыш сынып оқушылары)
Зерттеу жұмысының пәні:
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Зерттеу жұмысының болжамы:Егер
оқушыларға қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушыларға еңбек тәрбиесін қалыптастырса,
онда
оқушылардың бойында қазақ тілін құрметтеумен қатар, еңбексүйгіштік қасиеттері қалыптасады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Оқушылармен өткізілетін сабақтар, арнаулы зерттеу жұмыстары, теориялар, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер.
Зерттеу көздері:
Зерттеу жұмысы барысында М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана қорындағы кітаптар және
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз, 2016. пайдаланылды.
Зерттеу әдістері:
озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау.
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың еңбек тәрбиесін өмірде дұрыс қолдана білуге, түсінуге, және еңбексүйгіштік қабілетінің дамуына бағытталған.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Менің курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі.
1. 1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда жаңартылған білім берудің әдісі және қазіргі жағдайы .
Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, оны жүзеге асыру үшін мектеп жағдайында әлде де болса, бірнеше мәселелердің шешімін табу міндеттері туындайды:
Біріншіден, мектеп мұғалімдерін қайта дайындау. Оларды теориялық тұрғыдан да, әдістемелік түрғыдан да қаруландыру. Бұл тұрғыдан Республикада азды -көпті жағдайлар жасалуда. Әсіресе, эксперименттік мектептер мұғалімдері соңғы 3 жыл ішінде бірнеше рет дайындықтардан өтті. Бұл жағынан Республиканың бүкіл облыс орталықтарының және эксперименттік сыныптары бар аудандары мен ауылдарындағы мұғалімдердің бәрі дерлік авторлар қауымымен тікелей кездесіп, бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында өз пікірлері мен ойларын еркін ортаға салу дәрежесіне жетіп отыр. Олар алты жасар балалармен жұмыс істеудің біраз ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес.
Екіншіден, мұғалімдер қауымын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Бұл турғыдан да біраз мәселе бастауыш сыныптарға байланысты жасалды. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешендер дайындалды. Осы тұста айта кетерлік жағдай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының "Мектепке дейінгі және бастауыш білім" кафедрасының бір топ оқытушылары 12 жылдық білімнің бастауыш буын стандарты, бағдарламасы, оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде көптеген ғылыми әдістемелік еңбектер беріп қана қоймай, Республика бойынша келешекте жаңа жүйемен жұмыс істейтін мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан дайындау ісіне белсенді түрде атсалысып отыр.
Үшінші, яғни 12-жылдық білімге көшудегі басты мәселелердің бірі-оқушыларды керекті оқу құралдарымен қамтама-сыз ету. Бұл мәселе бойынша әр сыныптың әр пәніне арналған оқулықтар мен оқушыларға арналған дәптерлер берілді. Бірақ, мұнымен оқу әдістемелік кешендер қамтамасыз етілді деп қарау қиын. Себебі, әлде де болса оқу ісін күшейтуге, білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп, белсенді әдістерді қолдануға жол ашатын көмекші көрнекі құралдар жеткіліксіз.
Бұрынғы кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның киностудиясының көмегімен талай оқу фильмдері, диафильмдер әр пәннен жарық көрген болатын. Қазір олар оралмасқа кетті, тозды, мазмұны ескерді т. б.
Ал осы таңда, бейнелі суреттер, таратып беретін дидактикалық материалдар, қазақ тілінде лотолар (зоологиялық, био-логиялық т. б. ), диафильмдер мен кино-фильмдер, хрестоматиялар шығаруға көңіл бөлінбей отыр. Оқу кешеніне оқулықпен бірге дәптер, әдістемелік нұсқау, ең жақсы деген жағдайда, кейбір пәндерден хрестоматия берілсе, соған қанағат етудеміз. Білімге аямай қаржы бөліп отырған жағдайда керекті құралдарға мұндай немқұрайлы қарауға болмайтындығы белгілі. Сондықтан да, бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі тарапынан көңіл бөлінуге тиіс деп ойлаймыз.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (1 наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру жәнет. б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.
Қазір өркениетті елдерде білім берудін, аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұлғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.
Ғылыми-зерттеу барысында Еуропа елдерінде бастауыш білім берудің сапасының жоғары екенін байқадық. Еуропа елдерінде бастауыш білімді неғұрлым ерте жастан бастауға, балаға өмір сүру дағдыларын меңгерту ұстанымдарына басымдық беріліп, ал шет тілдерін екінші тіл ретінде кешірек оқыту ойластырылуда.
Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды:
- ойын арқылы оқытуға басымдық беру;
- оқушының өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту;
- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту;
- оқытуға ақпараттык, және коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.
Ж. Аймауытовтың пікірінше оқыту - білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөнінде түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әртүрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге, өзінің ісіне өзі жауап беруге кіші жастан дағдыланады.
З. И. Калмыкова "Жеке басты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті оқу, білім алу. Сондықтан, баланың дамуы оқу барысында болмақ "-деп пікір айтқан.
Л. С. Выгодский - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айта келіп, бірінші зона - бүгінгі қолы жеткен сатысы, екінші зона - оған жақын түрған зона, олардың бұрында алған білімдерінің негізінде оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажеттігін алға тартады.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысындағы оқыту процесінде білім беру іс-әрекет түрінде
жүзеге асырылып, өмір дағдыларына қалыптастыру, шығармашылықпен жүмыс істеуге,
балалардың өздерінің ізденуіне, зерттеу және тәжірибе жүргізуге бағыт беруі қажет.
Мұғалім белгілі іс-әрекетке оқушыларды ынталандырып отырады.
Леонтьевтің парадигмасы бала психологиясы дамуындағы төмендегідей генетикалық
сабақтастықты айқындайды:
- сезімге байланысты қарым-қатынас (жаңа туған балада) ;
- манипулятивтік іс-әрекет (ерте балалық шақта) ;
- ойын (мектепке дейінгі кезеңде) ;
- оқу (кіші жастағы оқушыларда) ;
- қарым-қатынас (жас өспірімдерде) ;
- оқу-кәсіптік (жоғары сыныптарда)
-2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізілді. Онда мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойын-ша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1 - сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінін, міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған. Дегенмен, ауыл мектептері оқушыларының білім жетістіктері қала мектептері салыстырғанда төмен екендігі байқалған.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
- диалогтық: қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мүғалім - оқушы, оқулық - оқушы, оқушы - оқушы) ;
- эвристикалық: өз бетінше іздену, іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;
- зерттеу: объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау;
Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік - дамытушы, баланың жеке сапаларын кең салада қалыптастыруға өте қажет болып отыр. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, оқушының танымдық, шы-ғармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыдағы баланың жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мүғалімдерден білім-тәрбие алу, түрлі кітаптарды оқу болады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып, білу. Баланың қызығушылығын арттыру үшін: назарын аудару, еліктету, білуге ұмтылу, өзіне-өзі сенімді болу, тең қарым-қатынас жасауы қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс-әрекет: пәндік, ойын, оқу, қарым-қатынас, бейімделу. Бұнда білім, білік, дағды бірінші орында. Базалық деңгейде білімді меңгеру - ойға тоқу, қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек, сонда оның ой өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын жетілдірудегі проблемалар айқындалды:
- бастауыш сатыдағы оқу процесін ұйымдастырудың бір сарындылығы. оқытудың қазіргі технологияларын тиімді қолдану және оқыту әдістерін іс -әрекеттік тұрғыда жетілдіруде, нәтижеге бағдарлап оқытуда түсінбеушіліктің болуы қиындықтар туғызуда.
- мұғалімнің қазіргі технологияларды өзі оқып үйренуі үшін оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі;
- білімін көтеру мақсатында арнаулы курстардың аз ұйымдастырылуы, сонымен бірге семинарлардың өз дәрежесінде өткізілмеуі;
- мұғалімнің қазіргі технологияларды тиімді пайдалануды, оқыту әдістерін іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруді, нәтижеге бағдарлап оқытуды өзі меңгеріп, оны одан әрі дамытып, нәтижесін тексеруге толық дағдыланбауы ;
Сонымен бірге, оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға, қорытынды жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу қажет.
Мектептің материалдық базасын оқушыларға қажетті қазіргі талапқа сай көрнекі және техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен және балалар әдебиетінің жаңа басылымдарымен толықтыру қажет.
Қорыта айтқанда, өркениетті елдер мен отандық тәжірибеде ауыл мектептерінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, одан әрі жетілдіру арқылы еліміздегі оқушылардың білім деңгейін бәсекеге қабілетті елдердегі білім деңгейіне көтеруге болады.
Қазіргі жалпы орта білім беру жүйесі өтпелі кезең қасиеттерімен сипатталады. Себебі оның бойында бұрынғы жүйеге тән кемшіліктер мен сол кемшілікті жою бағытындағы жаңа бастамалар қатар кездеседі.
Бұрынғы орта білім жүйесінің негізгі сипатын үздіктерге, озық тәжірибелерге бағдарлану; эксперименттік бағдарламалардың енгізілуі, оқу-материалдық базаның нашарлауы және біртекті бағдарлама құраса, білім сапасының көрсеткіші ретіндс мектептегі бірнеше таңдаулы мұғалім; түрлі конкурстар жүлдегерлері; нәтижені ішкі бағалау болып келді. Өтпелі кезеңнің жалпы орта білім жүйесінің негізгі ұстанымы барды сақтау, оны жетілдіру, серіктестерге бағдарлану, барша үшін жоғары тиімділіктегі педагогика болып отыр. Сонымен қатар білім беру үрдісінде нәтижені іштей және сырттай бағалаудың қатар жүргізілуі, жергілікті оқу жоспарын құрастыру мен бағалау жүйесін жетілдіру бағытында ізденіс жмыстарының қарқынды басталуы өтпелі кезеңнің орта білім жүйесінің сипатын толықтыра түседі.
Жаңа заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты оқушыларда басты құзіреттіліктердің қалыптасуы, яғни балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, олардың бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қапыптастыру.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттер жүктейді:
оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субьектісі ретінде тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие субъектілері арасындағы пайдалы диалогтық "тең дәрежеде" жүргізуге негізделген ынтымақтастық педа-гогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру. Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастыларының бірі - 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 1 1 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық түрғыда жаңғырып өзгеруі, қайта қалыптастырылуы. 12-жылдық оқыту мерзімін енгізудегі негізгі мақсатты анықтайтын факторлар бар. Олар: білім беру парадигмасының өзгеруі, (бұрын ең жақсы оқушы терең білімді, тәртіпті болса жарайтын болса, қазір бұл талаптарға қоғамдық белсенділік, әлеуметтік бейімделу, өз бетінше білім алу сияқты қасиеттер қосылып отыр)
- білім сапасын арттыру қажеттілігі, (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы пән бағдарламаларына өзгеріс енгізу, нәтижелі білім беру тактикасын басшылыққа алу, оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру)
- оқушылардың денсаулығын сақтау, (апталық жүктемені жеңілдету, пән мазмұнын оқушының физиологиялық, психологиялық ерешеліктеріне сәйкестендіру т. б)
- оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
12 жылдық жалпы білім беретін мектеп - бұл негізгі сатыда бейіналды оқыту (оқушыларды кәсіби бағдарлы оқуға дай-ындау мақсатында) және жоғарғы сатының 12 сыныптарында беиіндік оқытуды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.
Жоғары сыныптарында оқушыларда бейіндік оқыту мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді. Біріншіден, бұл материалдық-техникалық базаны бейіндік оқыту талаптарына сәйкестендіру; екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден, педагог кадрларды арнайы даярлықтан өткізу, төртіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен тусіндіру жұмыстарын өткізу. Жоғарыда келтірілген мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын алдын-ала жүргізгенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізе алмақпыз.
12 жылдық білім беру жүйесіне жаппай көшкен кезде бейіндік оқытуды жүргізуге біздің мектептеріміз қаншалықты дайын, міне, осы мәселені біз үнемі назарымызда ұстап, оң шешімін қазірден бастап қарастыруымыз қажет.
https:///kz/kurs/17767-l. html[2]
1. 2. Қазақ тілін оқытуда еңбек тәрбиесінің негізі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz