Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру
Балабақшадағы табиғат бұрышы оны ұйымдастыру тәртібі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы ретінде сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қосымшалар
Кіріспе
Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында, -деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі. Қазақстан жолы - 2050, Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамығанел дегеніміз- белсенді, білімді, және денсаулығы мықты азаматтар.Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр.2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды деген болатын.
Сондықтан балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұміндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
В. А. Сухомлинский Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен - бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет-дейді.
Республика көлемiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың тiлiн дамыту мәселелерiмен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерiнде табиғат тәрбие құралы ретiнде орын алады. Тәлiмгердiң балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сай қазақ балалар әдебиетiнiң озық туындылары Бiздiң кiтап (1 -- 11) деген атпен херстоматиялық құрал болып 1984 жылы жарыққа шықты. Бiздiң кiтапқа енген көркем шығармалардың көлемi шағын, тiлi жеңiл, сәбидiң түсiнiгiне лайық. Бiздiң кiтапқа, Күз, Жаңбыр жауғанда, Көктемгi түн, Жазды күнi т.б балалардың жыл мезгiлi жайында алған бiлiмдерiн бекiту мақсатында қолдану тиiмдi, қазақ жазушыларының бiр топ өлең - тақпақтары енген. Сондай - ақ ғалымның Балалар әдебиетiнiн хрестоматиясы (1978 ж) атты еңбегi балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсiнiктерiн әрi карай кеңейтiп, тереңдетудi көздеген. Кiтапқа халық ауыз әдебиетi нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгiлдерiнiң ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруiн шебер суреттеген, Абай өлеңдерiнен бастап қазiргi авторларды да қамтыған бiрқатар шығармалар берiлген. Балабақша тәрбиешiсiне арналған Өзiмiз оқып үйренемiз, Суреттi қазақ тiлi атты кiтаптарында балаларға табиғат жайында түсiнiк беретiн сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгiме үлгiлерi берiлген.
Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы Адамды қоршаған ортаның табиғаттың iшкi сырын бiлiм- ғылым арқылы танып бiлуге болады деген едi. Ы. Алтынсариннiң 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген Қазақша хрестоматия деген кiтабында: Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т. б. әңгiмелерi бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердiң табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейдi. Абай 38-қара сөзiнде табиғат байлықтарының өзара бiр-бiрiмен байланысын өте шебер бере бiлген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келiп, "қиянатшыл адам - мұсылман емес" дейдi.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесiмен, оған жүйелi бiлiм беру мәселесiмен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебi дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-бiлетiн, зерттейтiн, оны күтiп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем -- тек табиғат!
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi:Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен,ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiптi айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көрiнiстерi жас нәрестенi де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектiң туған табиғат әлемiнiн саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсiнуiне ерте заманнын өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер зер сала көңiл бөлген.Табиғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат - бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi.Балаларды табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.
Зерттеу жұмыстың нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат бұрышындағы еңбегін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу жұмыстың пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу жұмыстың мақсаты:табиғат бұрышындағы мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Табиғат бұрышындағы еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.
oo Топ бөлмесіндегі жеке және ұжымдық тапсырмалардыорындауға үйрету.
oo Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскеліктерін қалыптастыру.
oo Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлікгі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
oo Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.
Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; балаларды табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекетінде бақылау; жүргізілетін жұмыстарды жинақтау,қорытындылау;
Зертттеу жұмысының практикалық маңызы: Балабақшадағы балаларды табиғат бұрышындағы еңбек ету тәртібін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын әдістемелерін сараптап, зерттеулер жүргізу.
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру
1.1 Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнiсiн ұғындыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiн, ойын, тiлiн дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екiншi ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерi ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергi ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл - ойдың, тiлдiң дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрi ұрпақ тәрбиесi дейтiн ұлы мұратты жүзеге асыруда бiзге жол сiлтейдi [2].
Біз заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге жауапты қарауымыз керек. В. А. Сухомлинский Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен -- бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет-дейді. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сұрақтар қоймауы керек. Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек. Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені айтады? т.б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың бейнесін, суретін көрсету керек. Содан кейін табиғат деп нені айтатынын сұрауға болады. Балаларға сілтеме сұрақтар мен шұбалаңқы сұрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылыстарының мазмұнын түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізе отырып, тәрбиеші балалардыц өз білімдерін қолдана білуіне көңіл бөлуі керек. Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді. Бөлме әсімдіктерін күту арқылы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дұрыс жасай ала ма екен, соны тексеріп, жалпы ұғымдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта тәжірибиелік іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді.
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз. Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды ұғындыру.Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру.Жекелеген ғалымдардың бiлiм беру, тәрбиелеу мәселелерiне арналған еңбектерiнде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдiсiндегi орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдiрет көзi деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазiргi педагогика саласында мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш сынып оқушыларына елiмiздiң ғажайып табиғаты арқылы тәлiм - тәрбие беру мәселелерiмен педагог тәлiмгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрмендi шұғылданып жүр. Ғалымның балаларға тiрi табиғат жайында ұғым беру мәселесiне арналған ғылыми еңбегi осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы iзденушiлер, аспиранттар үшiн сындарлы дүние. Өйткенi бұл еңбек республика көлемiнде балаларға табиғат жайында түсiнiк беру мақсатын дiттеген, жергiлiктi табиғат ерекшелiгiне сай ана тiлiнде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлiмгердiң алты жасар және төменгi сынып балаларына арналған Айналадағы дүниемен таныстыру, Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесi және басқа еңбектерiнде сәбидi айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзiн қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелерi жүйелi қарастырылады. Әдiскердiң ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлi әдiс - тәсiлдердi, әсiресе көрнекiлiктерге негiздей отырып жүргiзудi ұсынады. Бiлiктi ұстаз -ғалымның қай еңбегiнде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдiсiнiң негiзгi әдiсi ретiнде объектiнi тiкелей бақылауға мән берiледi. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететiн өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгi жоспарлары мен бағдарламалары негiзiнде, көп iздену қорытындысынан туған Жылдың төрт мезгiлi (1981 ж.) диафильмi құнды құрал.Алпысыншы жылдардан кейiнгi кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негiзгi құралдарының бiрi Жыл он екi ай кiтабы болды. Жыл он екi ай кiтабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көрiп келе жатқан әдеби күнтiзбек. Жинақтағы әңгiме, өлең, ертегi, жұмбақ, жаңылтпаш көктем, жаз, қыс, күз атты бөлiмдерге топтастырылған. Талай жылдардан берi жарық көрiп келе жатқан бұл әдеби күнтiзбекте өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi жайында түсiнiк қазақ балаларының ақыл-ойын, тiлiн дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етiп, кестелi тiлмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгiнгi күнге дейiн мектеп жасына дейiнгi балалар мен төменгi сынып оқушыларының сүйсiне тыңдап, қызықтап оқитын кiтабының бiрi екендiгiн тәжiрибе көрсетiп отыр [12].
Жас бала өмiрiнiң образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негiзiнде) өтедi. Бала табиғатпен ерiксiз тiлдесiп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшiн зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлiмгер. Баланың тiлiн ұстартып, ақыл-ойын, адамгершiлiк талғамын дамытуда әсiресе жұмбақтарды пайдаланудың мәнi ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейдi педагог.
Шакура Майғаранованың Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы (1988 ж.) кiтабында тәрбиешiлер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгiме үлгiлерi берiлген. Мысалы Тиын мен кiрпi, Кемпiрқосақ, Жауын, Араның ұясы, т.б. Тiл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнерi сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Мектеп жасына дейінгі баланы табиғат сырымен (жұпар иiсi аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерiнiң табиғатына деген сүйiспеншiлiк сезiмiн оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсiндiру арқылы бала сұлулықты көрiп-бiлiп оған қуанады, адамгершiлiк, мейiрбандылық сезiмдерi қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелi түрде серуен, саяхат, сабақ кезiнде жиi ұйымдастырып тұру қажет.Халық педагогика ғылымының мәселелерiмен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерiн оқу-тәрбие iсiнде қолдануға арналған ғылыми мәнi зор еңбектерi бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы бiздiң ата-бабаларымыздың бай тәжiрибесi мен ой-сезiмi жайында түсiнiк бередi. Ертеден - ақ, сауатсыз кездiң өзiнде қазақ халқы табиғатты аялай бiлген. Қазақ халқының табиғатқа сүйiспеншiлiгiн, олардың аңыз-ертегiлерiнен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерiнен байқауға болады. Мысалы, түс киiз бен сырмаққа, текеметке түсiрiлген өрнектер даланың хош иiстi гүл бәйшешегiн, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйiздi, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуi тегiннен тегiн емес.Халық арасынада хайуанаттар мен жәндiктердi сақтау жөнiнде ежелден қалыптасқан әртүрлi ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйiң өртенедi, құмырсқаның илеуiн бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөптi жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлi тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған.
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның мазмұны
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады.
Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады.
Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етіледі.
Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұкыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай - ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
К.Д Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Егер үш-төрт жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеліктерін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін айтып бере алады. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой, ешкі, сиыр және жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген қасқыр, түлкі сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой-түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса жапырақтар, жидектер т.б сонымен қоректенеді - деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін. Мысалы, аю бармағын жалайды, аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады. Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес-алты жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлұматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, кыс, көкктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. Күз дегенде жапырақтардың сарғайып түседі - деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде балалардың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, жануарларлың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің денесі инелер, ал мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен кірпі мен мысықты толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәнінде ой - түйсік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы өсімдіктер, гүлдер, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн. Мысалы, бес-алты жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта да қыста да тіршілік үзілмейтінін айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың екі-үш бұтағын кесіп, топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп шағатынын, демек қыста да өсу процесі тоқталмайтынына балалардың көзін жеткізуге болады. Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды. Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады [55].
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
2.1 Балабақшаның табиғат бұрышындағы әртүрлі топтағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы
Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз?. Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін оған қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудырғанымыз жөн. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар, еңбек етуге жат қылықтардан еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу керек. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы Еңбек түбі - зейнет екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады [7].
ІІ-ші кіші тобындағы еңбек түрлері. Бала еңбегі, әсіресе бірінші кезеңде ойынға жақын болады. Сондықтан тәрбиеші балалардың еңбекке байланысты алғашқы міндеттерін ойынмен: құрылыс материалдарын, ойыншықтарды және т.б. жинаумен байланыстырады.3-4 жастағы балалардың еңбек әрекеті өте шектеулі, ол өзін күтуден аспайды.Әйтсе де балалардың осы әрекетінің өзіне де жиі-жиі ойын элементтері еніп отырады.Өзіне-өзі қызмет ету. Бұл жастағы балалар тәрбиешінің немесе басқа балалардың аздаған көмегімен киімін белгілі бір ретпен өздігінен киініп, шешіне білу; киімдерін ұқыпты жинастырып, іліп қою; киімінде байқалған кемшілікті түзеп алуға тырысу, ал қажет болған жағдайда үлкен адамға рахмет айту, қолы мен бетін жууды, қасық, шанышқы, тостағанды қалай ұстауды, үстел басында дұрыс отыруды үйренуі тиіс.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Күнделікті тұрмыста жеңіл тапсырманы орындай білуге деген ынтасын ояту; қасықты, тарелкені, сүрткішті, нан салғышты үстел үстіне ұқыптап қою. Жылдың ІІ-ші жартысынан бастап асханада кезекшілікті ұйымдастырылады оқу іс-әрекетке қажетті құралдарды алып, соңынан орнына жинап қою; ойнап болған соң ойыншықтарды жинау; өз ауласындағы қоқыстарды жинау, жүретін жолдарын, отыратын орнын қардан тазарту. Табиғаттағы еңбек. Бұл топтағы балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктерге су құю, үлкен жапырақты сүрту, гүлдердің ірі тұқымдарын себу, пияз отырғызуға, қазылып, өңделген жердегі өсімдіктерді суару, көкіністерді жинау, қар күрейді.Үлкендермен ықыласты қарым-қатынас жасауға, олардың еңбегіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Ортаңғы тобындағы еңбек түрлері. Бұл топтағы балаларды кіші тобындағыларға қарағанда анағұрлым таза, ұқыпты болуға, дербес әрекеттерін жетілдіре түсуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу керек.
Табиғат аясындағы еңбек. Үйді өздігінен тазалай білуін, табиғат мүйісіндегі мекендеушілерді күте білуін қалыптастыру; өсімдіктерді суару, жемсалғышты, астауды, көкөністерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz