Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары

Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033 Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: ББ-П-17


Орындаған: Қауынбаева Жансая
Жетекшісі:Әбиева Гүлжайна

ЖОСПАРЫ
І. КIРIСПЕ БӨЛІМ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I . Дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мақсаты мен тиімділігі
1.2 Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
1.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын сабақта пайдалану жолдары
II . Дамыта оқыту технологиясын пайдаланудағы тәжірбиелік жұмыстар
2.1Тәжірибе жинақтау барысында 3-сыныпта математика пәнінен жүргізілген сабақ жоспары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
V. ҚОСЫМША БӨЛІМ

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық деген пікірі айтылған. Бүгінгі білім ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты жаңа ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеу.
Тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген мағынаны береді. Яғни, оқушылардың жаңа білім негізіне сәйкес ізденіс жұмыстарын жүргізуі. Сонымен қатар дамыта оқытудың ұстанымы белсенділік пен саналылық.
Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, дамыта оқыту технологиясы оқушының өз бетімен білім алуымен, өз ісін жоспарлауымен, өз ісіне талдау жасауына мүмкіндік болатындығымен, білім мен ұғым қатар жүретіндігімен, оқытуды ұйымдастырудың арнайы әдіс-тәсілдерінің болатындығымен ерекшеленеді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі виртуалды әлемде өмір сүретін жасөспірімдерді шығармашылыққа баулып, шынайы өмірмен байланыс жасатып, білім алуға тәрбиелеу қиындық келтіріп отыр. Сондықтанда сабақ барысында әсіресе бастауыш сынып сабақтарында оқушыларды қызықтыру өзекті мәселелердің бірі. Мұғалімдер сабақ барысында дамыту оқытуға негізделген әдіс-тәсілдермен оқушылардың зейінін сабаққа аударуы қажет. Сонда ғана өз ойын айқын жеткізе алатын, саналы ұрпақ тәрбиеленетін болады.
Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы - бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Қазіргі жаңартылған білім беру жүйесінің өзі оқушылардың өз іздестерін жүргізуге, сабақ барысында пікірлерін ортаға салуға негізделген. Сондықтанда мен зерттеу жұмысымды өзекті деп танимын.
Зерттеудің нысаны: Жеке оқушыны дамыта оқыту техналогиясы арқылы өз пікірін ашық айтуға, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге бағытталған.
Зерттеу пәні:Педагогика,бастауыш сыныпта математика.
Зерттеудің мақсаты: Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сыныпта қолданудың тиімділігін теориялық, тәжірбиелік тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
* Дамыта оқыту мүмкіндіктерін тәжірбие барысында қолдану
* Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету жолдарын жинақтау
* Оқушылардың қабілеттерін, сөз саптау еркіндігін, ұйымшылдығын, шығармашылық белсенділігін арттыру тиімділігін анықтау
* Бастауыш білім беру сыныптарына пәндерді дамыта оқыту технологиясы арқылы меңгерту
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер дамыта оқыту технологиясын бастауыш сынып сабақтарында қолданса онда оқушылар шығармашылық жағынан, өзін-өзі жетулдіру жағынан, ізденістер жүргізу жағынан шыңдала түседі. Бұл технологияны қолдануда оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа білімдерімен салыстырып отыруларына мүмкіндік туғызу қажет. Яғни әр сабақта өзінің әлдеде білім деңгейінің төмен екенін білген оқушы алдыға жылжып, бұрынғыдан да көп білгісі келеді. Соның нәтижесінде сабақтарды дамыта оқыту технологиясы арқылы меңгеріп шығады.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты мен тиімділігі
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков). Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков). "Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді. Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны -- жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады. "Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды. Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі. Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
:: оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
:: теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
:: оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;
:: оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
:: барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл. М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.[9.69]
С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова Миллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Дамыта оқыту жүйесі ең алдымен Л.С. Выгодскийдің теориясымен баланысты. Оның теориясы бойынша дамудың ең таяу зонасы болады, яғни алға мақсат қоюға байланысты жақын арадағы мақсатқа жету арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізу дамудың ең таяу зонасы. Жігерлендіру, бағыттау, тұлғаның тұқуалаушылық ұабілеттерін дамыту, жеке даралық қасиеттер білім, білік, дағды, ақыл- ой ерекшеліктерін, эмоцияналдық және іс - әрекет тәжірибелік жағдайлар жатады. Л.С. Выгодскийдің ойынша бала дамудың толық субьектісі болып есептеледі. Л.С. Выгодскийдің Таяу зонасы жайлы теориясы 2 бағытта дамыған. Дамыта оқытудың Д. Б Эльконин -- В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланыстьі. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту дидактикалық жүйесінің мақсаты:
1. Оқушының жан - жақты дамуы.
2. Оқушының жан - жақты үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау. [5.54]
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьет дәрежесіне көтерілуіне көзделіп, оқыту барысында. Соған ылайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында мәтінде, мазмұнда, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс - тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінде олардың қарым - қатынас сипатында таныла білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы комуникациялар түрінде т.б. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің мақсаты : Жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы жан - жақты гормониялық даму үшін негіз жасау. Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінде оқушы өзін -өзі емін - еркін сезінеді, оның әлеуметтік дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жанама қарым - қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетінде ұймдастырушы ретінде көрінеді. Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі принциптері:
1. Жоғары деңгейдегі қиыншылықтар.
2. Теориялық білім берудегі мықты оқыту жүйесіндегі жетекші рөлі.
3. Материалды қайталап және бекітіп отыру арқылы материалды тездетіп меңгерту.
4. Оқушылардың ақыл - ой әрекеттерін сезіну.
5. Оқуға оқушылардың эмоциясын қосу үшін, олардың жоғымды себептерді тудыру, және танымдық қызығушылықтарын дамыту.
6.Оқыту процесінде оқушы мен мұғалімнің арасында гуманистік қарым - қатынасты дамыту.
7. Осы сыныптың әр оқушының дамуы.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
- Дамудың тиімділігі үшін.
- Кешенді даму жүйесінде мақсатты даму.
- Мазмұнының жүйелілігі мен тұтастығы.
- Теориялық білімнің жетекші рөлі.
- Жоғары деңгейлік қиындыққа оқыту.
- Материалды мәңгеру және ілгеріну.
- Оқыту үрдісінде балалар сезінеді.
- Оқыту үрдісінің әр түрлілігі жекешелік оқыту.
- Барлық балалардың даму жолындағы жұмыстар.
Ғылыми білім жүйесін оқушыларға ғылыми таным логикасымен, сол жолдың сызығымен бойлай отырып меңгертудің қажеттілігін дәлелдеген Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов және осы бағыттағы ғалымдар "дамыта оқыту" деген терминнің мазмұнына ерекше мән-мағына бергенін осы таным қызметінің ерекшеліктеріне байланысты екенін айқын танимыз.[9.43]
Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атаймыз. Дамыта оқыту технологиясын енгізу идеясы баланың даму процесінің үш түрлі факторына тура қатысты: биологиялық фактор, әлеуметтік фактор бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы, баланың өз белсенділігі. Егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатысуы күткен нәтиже бермейді.Баланың дамуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Дамыта оқыту идеясын әдіскер-ғалым В. В. Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу-дағдысы мен іскерлігі т.б. да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты - оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп-салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру - сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс. [12.112] Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл-ой қабілеттері жұмыс істейді. Олар: болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы (идея тудыруға бейімділігі), жалпы қабылданаған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі (бір идеядан басқасына тез өту)6 құбылыстарыдың байқалауы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық (айналадағы ортаның проблемаларын сезіну) т.б. Оқушылардың осындай ақыл-ой қабілеттерін дамыту - дамыта оқыту технологиясының негізгі мақсаттарының бірі. Қазіргі оқу жүйесінде көбіне конвергентті, яғни бір ғана дұрыс жауабы болатын және ол қатаң алгоритмдермен табылатын тапсырмалар қарастырылады. Дамыта оқуда оқу процесіне дивергентті, яғни көптеген дұрыс жауаптары болатын тапсырмаларды да енгізіп отыру ұсынылады. Себебі ғылымда, өмірде адамға осындай көп жауапты тапсырмалар кездеседі.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушыларын зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Ал оқушылардың өзбетінше жұмыстарына стандартты емес тапсырмаларды қосып отыру ұсынылады. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу-білігін дамытуды көздейді.
Әрбір оқушының оқу-білігі (дағдысы) - оның оқу тәсілі деп есептеуімізге болады. Осы біліктердің бастылары:
* Оқушының өзін-өзі ұйымдастыруы.
* Оқу - интеллектуалды немесе логикалық билік.
* Оқу - ақпараттық билік.
Оқыту жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Психологтар қолайлы жағдай жасалған кезде баланың оқуға деген қабілеті жақсы дамитындығын атап көрсетіп, мұғалім оқушыға осындай жағдай жасауы тиіс деп көрсетіледі. Жаңа технолгияларды үйрену кезінде көптеген міндеттер шешіледі. Мысалы: педагогика мен дидактиканың кейбір мәселелері жаңа аспектіде қаралады. Мұғалімдер жаңа технологиялар туралы жаңа білім алады, технологияны практикада қолданып үйренеді. Ол үшін:
* Мұғалімнің жаңа технологияларға бет бұруы, ынта қоюы.
* Қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы.
* Өз іс-әрекеттерін жоспарлауы, тиімді ұйымдастыруы және оған талдау жасап отыруы.
* Жұмысын белгілі технологиялардың біріне бейімделу керек. [17.35]
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Білім алушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы білім алушының жан дүниесін дамыту.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың құрылымдық сипаттамасы.
* Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық.
* Философиялық негізіне қарай: гумандық.
* Психикалық даму факторына қарай: социатектік, психотектік.
* Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық.
* Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік.
* Басқару мипіне қарай: шағын топтар жүйесі.
* Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке.
* Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық.
* Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы.
* Оқушылар категориясына қарай: жалпы.
* Жетілдіру бағытына қарай: балама.
Дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары:
* Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;
* Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;
* Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;
* Материалды игеруді қарқынды жүргізу.
* Оқытуда эмоционалды үрдісті іске қосу;
* Мазмұнды проблемаландыру;
* Оқыту үрдісінің вариативтілігі;
* Барлық оқушыны бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу. [6.57]

1.2. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. [16.63]
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.(18.38.) Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары
Модульдың оқытуда мүгалім оқытуды үйымдастырушы
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Дамыта оқытудың теориялық мәселелерін айқындау
Қазіргі кезде оқыту технологиясы
Дамыта оқытудың идеясын таныту
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Оқушылардың термодинамика туралы білім мазмұнын жаңа педогогиқалық технологиямен оқыту және әдістемелік жүйесін жасау
Дамыта оқыту тенологиясын бастауыш сыныптің үрдісінде қолданудың әдістемесі
Пәндер