Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру


Мазмұны
Ι Кіріспе . . . 3
Ι Ι Негізгі бөлім
Тарау 1 . Оқытудың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі.
1. 1. Шығармашылық қызметті дамытудағы өзіндік жұмыстың тиімділігі . . . 6
1. 2 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастудың принциптері . . . 8
Тарау 2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру.
2. 1 Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері . . . 11
2. 2 Кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өзідігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру . . . 15.
Тарау 3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
3. 1 Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін белсендіру . . . 26
3. 2 Оқу танымдық іс-әрекет міндеттері . . . 31
3. 3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру . . . 36
3. 4 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар . . . 39
Ι Ι Ι Қорытынды . . . 43
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 44
Кіріспе
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алудың құрылысын енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындаудың бакалавриат, магистратура, докторантура үш сатылы үлгісіне ауысуға ықпал жасады. Кредиттік жүйемен оқытудың басты артықшылығы − студенттердің өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Бұл студенттердің білім алуында шығармашылық белсенділігін ғана арттырып қоймай, білім берудің сапасын жақсартуға да септігін тигізері анық. Осыған орай, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады», - деп көрсетілген Кәсіби жоғары деңгеймен қоса, жоғары оқу орнын бітірген маман өз бетінше шешім қабылдауда дербестік көрсете білетін, жауапкершілік сезімі жоғары, сыни ойлай алатын, кез келген жағдайға бейім, бәсекеге қабілетті олуы тиіс. Өйткені кез келген маманның кәсіби дайындығының сапасы оның игерген білімімен ғана емес, оның өз бетімен мәселе қойып, оны шеше алатын іскерлігімен айқындалады. Демек, жоғары оқу орнын бітіретін студент өзінің қалаған мамандығы бойынша білімін толықтыра алудың жолын, әдіс-тәсілін игерген, кәсіби әрекетінде тосын жағдаяттарды шешуге дайын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген тұлға болуы қажет. Сондықтан маманның іргелі теориялық білімі мен кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы, рухани дамуы, интеллектуалдық өсуін қалыптастыратын білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиялары енгізілуі тиіс Бұндай талап қазіргі білім беру жүйесіне енген кредиттік оқыту технологиясының басты мақсатына сәйкес келеді.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісі студенттің ынталы, белсенді танымдық әрекетіне негізделетіні белгілі. Ал белсенді танымдық әрекет кредиттік оқыту жүйесінде қазіргі заман талабына сай сапалы маман дайындаудың негізі болып отыр. Сонымен қатар бұл жүйеде жан-жақты жетілген, көп тілді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытуға, оның қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне қатыса білуін тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Студенттердің өз бетінше білімін толықтыруда өздік жұмыстың маңызының ерекше екендігін С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, В. А. Сластенин, Ж. Е. Сәрсекеева, С. Г. Тәжібаева, Х. Сүлейменов т. б. ғалымдар атап көрсеткендігі белгілі. Аталған ғалымдар өздік жұмысты оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі бір формасы ретінде тани отырып, оны жеке әдістемелік міндеттерді шешудің, яғни оқу пәнін тереңдете игертудің, студенттің ойлау әрекетін дамытудың құралы, жолы ретінде зерттейді.
Жұмыстың өзектілігі. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау оқыту жүйесін соған лайықтаудың қажеттігі артуда. Жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіру міндетіміз
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Менің жұмысымның басты мақсаты : жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру процесін теориялық негіздеп, оның педагогикалық технологиясын жасау, тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
1философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде “танымдық іс-әрекет” “танымдық белсенділік” “ауыл мектептеріндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру” ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашу;
2. жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздерін анықтау;
3 жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық-мазмұндық нобайы жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау.
Зерттеу әдістемесі. Дипломдық жұмысты орындау барысында қажетті материалдарды саралау, салыстыру, статистикалық материалдарды қолдану, интерактивті әдіс алынды. Автор жұмыс барысында Жоғарғы оқу орындары және мектеп бағдарламаларын, электронды оқулықтарды, интернет материалдарын пайдаланды. философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерді теориялық талдау; озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау; мектеп құжаттары, бағдарламалар мен оқыту үдерісіне талдау жасау; сауалнамалар, топтық және жеке әңгімелесулер; жеке тұлғаны зерттеу; жеке тұлғаның таным процестерін, диагностикалау әдістері; танымдық іс-әрекетті белсендіруге бағытталған педагогикалық тәжірибені сараптау, тиімділігін тексеру.
Дипломдық жұмыстың қолданбалық маңызы. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері анықталды және «танымдық іс-әрекет», «танымдық белсенділік», «ауыл мектептеріндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәні және мазмұны анықталды;
- ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылды;
- қазіргі ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мүмкіндіктері анықталып, педагогикалық технологиясы жасалды және эксперимент арқылы тексерілді.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік аспектісі мен жолдары К. Л. Гончарова, С. К. Исаев, Г. К. Нұрмұхамбетова, К. А. Тлеубергенованың еңбектерінде де зерделенеді. Бұл зерттеулерде студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру үрдісіне үлкен мән берілгенімен, олардың келешек кәсіби әрекетіне қажетті өзін-өзі дамыту үрдісімен байланыстырылмайды. Сол себептен қазіргі заман талабына сай жоғары оқу орындарының оқыту үрдісіне кеңінен еніп отырған кредиттік оқыту жүйесінде өздік жұмысты нақты қалай және қандай формада ұйымдастыру керек, оның бұл технологиядағы басты ерекшелігі қандай, студентті өз бетімен білім алуға, дербестікке, белсенділікке қалай қалыптастыруға болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ” атты тарауда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі талдануы негізінде «танымдық іс-әрекет», «танымдық белсенділік», «оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының мәні мен мазмұнына педагогикалық талдау жасалды. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін айқындау, олардың психологиялық табиғатын саралау арқылы ауыл мектебі оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері сипатталды.
“ Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ” деп аталатын тарауда қазіргі ауыл мектебінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мүмкіндіктері сипатталып, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің жаңа педагогикалық технологиялары көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық эксперимент нәтижелері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденді.
1. 1 ОҚЫТУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұн өзгерді. Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз . Заман талабы өзгерген сайын жоғары оќу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Ќазаќстан Респуликасыныњ Президенті Н. Ә. Назарбаевтыњ мемлекеттің болашақ дамуына арналған Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылыѓы, адамсүйгіштігі жєне жаћандануы арқылы мєдениет жасаушылық интеграциялық роліне ерекше мән берген болатын. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру проблемасы қазіргі уақытта ауыл мектептері үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі ауыл мектептері жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру маңызды міндет, ғылыми проблема. Түлектердің ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық ауыл мектептеріндегі оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына қызмет етуі тиіс.
Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады. Елімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселелері (С. Смаилов, А. Е. Әбілқасымова, Т. Сабыров, Р. С. Омарова, Н. Қ. Тоқсанбаева т. б, ) ; оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, Қ. Шалғынбаева т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұхамбетова, О. С. Сәлімбаев т. б. ) ; оқыту үрдісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Ә. Ә. Жолдасбеков Е. Омар, М. Н. Сарыбеков т. б. ) ; жеке тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру мәселесі (Л. К. Керимов, Л. Байсерке, Ж. Оңалбек, Б. А. Тойлыбаев, А. Ғ. Қазмағамбетов) .
Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылар мен студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды болып табылады.
Өзіндік жұмыс - студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктіліктерін дамытуда, олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Оны оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема.
Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы - оқытуда маман даярлауында ғана емес, ең бастысы ізденімпаздыққа, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дербестігі, нәтижелі саналы еңбекке ұмтылуына байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырадыда, ол танымдық еңбекті студент өзі жүзеге асырады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған, бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұнын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ.
Р. Г. Лемберг пікірінше, өзіндік жұмыста оның мақсатын айқын түсіну, оның нәтижесіне жетуге ұмтылу және қызығу маңызды деп түсіндіреді.
П. И. Пидкасистый өзіндік жұмысты танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде қарастырылады.
Б. П. Есипов: «оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады».
1. 2 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастудың принциптері
А. Н. Леонтьев жоғары оқу орындарында терең теориялық білім беруге, кәсібіне қатысты зерделеу сияқты қасиеттерге дұрыс ұйымдастырылған оқыту жұмысы мен аудиториядан тыс жүргізілетін өзіндік жұмыс негізінде қол жеткізуге болады деген пікір айтуға болады. Оның пікірінше, адамның жеке қасиеттерінің шын мәнінде қалыптасуы тек жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарындылықтарына ғана емес, осы бағыттағы нақты жүргізілетін жүйелі жұмыстарға да байланысты.
Н. Д. Никондров пікірінше, өзіндік жұмыс оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, тапсырманы студенттің өз бетімен орындауы.
Өзіндік жұмысты болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіріледі.
Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, дидактикалық сипатын көрсетеді.
Өзіндік жұмыс мәселесі төңірегінде жазылған еңбектерді талдай отырып, оның негізгі мағынасы әр түрлі бағытта талқыланатынын байқауға болады.
Сонымен, өзіндік жұмыс - студенттердің ойлау қабілетін дамытып олардың белсенділігін және танымдық бағдарын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыратын және танымдық біліктерін қажет ететін шығармашылық сипаттағы оқу жұмысы.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының мақсат-міндеттерін қамти отырып, танымдық қызмет атқарады. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығы мен қатар, белгілі бір дағды мен біліктерінің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білімді маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратынбіліктілік белгісі ретінде маңызы бар. Сондықтан жоғары оқу орындарында әрбір курста оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыстары тыңғылықты іріктеліп жүйелі жүргізілуі керек.
Өзіндік жұмыс - болашақ қызметінде маңызды білімі мен біліктігін қамтитын, стандартты емес шығармашылық тәжірибелерді жинақьайтын, танымдық ой-өрісті кеңейтуге маңызды, студенттердің оқу және одан тыс уақыттарда орындайтын әр түрлі тапсырмалар жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі өзінен-өзі пайда болмайды, ол оқу мақсатына сәйкес, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау, ізденімпаздықпен жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асады.
Кәсіби бағдарланған және педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің кәсіптік даярлығын шыңдауға қолайлы жағдайлар жасайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктілігінің қалыптасу шарттарына: студенттің өзіндік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын төменгі курстан бастап меңгеріу; оқу жұмыстары, тапсырмалары студенттердің танымдық қызығушылығымен қажетсінуін қамтамасыз ететіндей деңгейде болуы; танымдық тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі мен деңгейлерге жіктелінуі, танымдық іс-әрекет нәтижелерінің тексеріліп, дұрыс бағаланып отыруын қамтамасыз ету қажеттілігі айқындалады.
Өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктіліктерін қалыптастыру: танымдық іс-әрекет мән-мағынасын, мақсатын түсінуді; оған деген ызығушылықпен қажеттілікті қамтитын мотивтерді; танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім мен біліктілікті, дағдыларды және студенттің жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын, іс-әрекетті алдын ала жоспарлай білуді, оны ұйымдастыра алуды; іс-әркеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әркетіне есеп беріп, реттеп отыруды; нәтижені бағалай білу және саралай білуді қамтитын реттеуші - бақылау түрінде анықталады.
Демек, болашақ мамандардың теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына, мәдениеттілігіне, біліктерінің қалыптасуына дұрыс ұйымдастырылған оқу ісі мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру түрлі әдістері, тәсілдері мен принциптерге байланысты.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мынадай принциптерге негізделеді:
- Жоспарлау принципі- студенттердің оқу танымдық жұмыстарын ұйымдастыруды аудиториялық және одан тыс уақыттағы жұмыстарын тиімді ұштастыруға олардың өз уақыттарын ұтымды пайдалана білуге негізделеді. Қажетті шарты мыналар болып табылады:
- сабақ кестесінің тиімді болуы;
- өзіндік жұмыс көлемінің анықталуы және олардың негізділігі;
- өзіндік жұмыс формаларының оқу жоспары мен сабақтастығы;
- өзіндік жұмыстардың көкейтесті мәселені қамтуын, студенттердің қажетті біліктілігін дамытуға т. б. бағыттылығын ескеру;
- өзіндік жұмыстар көлемін, берілетін уақытты, нәтижесін бағалау т. б. жоспарлау.
- Студенттің танымдық белсенділігі - өзіндік жұмыста студенттердің білімі мен біліктілігін ұтымды, әрі белсенді пайдалана алуы нәтижесінде шығармашылық сипатта еңбек етуіне негізделеді. Мынадай шарттар ескерілуі қажет:
- уақытты тиімді пайдалану;
- танымдық қызығушылығының болуы;
- танымдық біліктерінің жеткілікті деңгейі;
- танымдық ізденімпаздығының жоғарғы деңгейі.
- Өзектілік принципі- мәселені, тапсырманы шешуде және өзіндік танымдық іс-әрекеттерде өзекті проблемаларды таңдау, проблемалық ситуацияларды дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы нәтижеге жетуге негізделеді.
Шарттары:
- ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге ұмтылу;
- танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ой өрісін жетілдіруге ұмтылысы;
- дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалана білу;
- жаңашылдыққа құмарлық;
- нәтижеге жетуге ынтызарлық, мақсаткерлік.
- Өзіндік жұмыстардың болашақ маңыздылығы мен сабақтастық принциптері - студенттердің болашақтағы кәсіби қызметі мен байланысы және кәсіби маңызды біліктерінің жетілдіруге бағытталуына негізделеді:
- өзіндік жұмыстар мазмұны кәсіби қызметінен тығыз байланыста болуы;
- кәсіби біліктерін дамытуға бағытталуы;
- теориялық білімі мен біліктерін нақты жағдайда пайдалана алуы т. б.
- Өзіндік жұмыстардың бір ізділігі, жүйелік принципі- студенттердің танымдық іс-әркеттерінің жүйелі жүргізілуі және біртіндеп күрделендіре отырып, ғылыми нәтижеге жетуге бағыттауға негізделеді.
- Бақылау, бағалау принципі - оқытушының, студенттердің бір-бірін, өзіндік бағалауы, жұмысқа дұрыс баға беруге бағытталады.
Өзіндік жұмыстар қызметтерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік-ақпараттық ой-өрісін, сенімін және кәсіптік маңызды біліктерінің қалыптасуын жүзеге асыру;
- студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білімдерін бекіту;
- өз бетімен кәсіби маңызды және жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған танымдық іс-әрекетін дамыту;
- студенттердің кәсіптік бағдарлауын, қабілеті мен мүмкінділігін, кәсіби ынтасын ескере отырып өзіндік жұмыстарды, танымдық тапсырмаларды орындау барысында ізденімпаздығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;
- озат тәжірибе мен алдыңғы қатарлы ғылыми идеяларды практикада шығармашылықпен пайдалануға баулу:
2. 1 Студенттердің өзіндік орындайтын жұмыс түрлері
Р. С. Омарова өз зерттеулерінде жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктейді:
- жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;
- жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар;
- білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;
- шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;
- алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
- Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz