БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


МАЗМҰНЫ
3
5
5
15
22
22
24
36
41
49
51
КІРІСПЕ
Димломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б. Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А. М. Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф. А. Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу - отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [1, 25-27 б. ] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдарын қарастырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Байластырып сөйлеудің негізгі теориялық әдіс-тәсілдерін қарастырып, теориялық негіздеріне тоқталу;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы байланыстырып сөйлеуді анықтау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың модельдеу тәсілі арқылы байланыстырып сөйлеуді дамыту;
Дипломдық жұмыстың обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдысы;
Дипломдық жұмыстың пәні: Тіл дамыту
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындымен және пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
Егеменді елімізде болып жатқан түрлі экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай білім беру жүйесі де өзгеріп, жаңаруда. Білім беру мәселесі Қазақстан Республикасының “Ата Заңында”, стратегиялық бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген. Мемлекеттік құжаттардың бәрінде де болашақ қоғамның белсенді мүшесі бо- латын балалардың өз елінің патриоты болуға, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, жеке бас сапасының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды арттыруды талап етеді. Сондықтан да баланың сөздік қорының молаюы, байланысты- рып сөйлеуінің нәтижелі болуы үшін оның жеке бас ерекшелігін ескере отырып, отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, мек- тепте мұғалім үлкен талап қоя білуі тиіс. Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан алатын білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің алғашқы негізі болмақ. Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйым- дастырылған іс-әрекеттері (ойын, топсаяхат, бақылау, серуен, т. б. ) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны әңгімелеп айтып беруге талпынады.
Қоршаған дүниемен таныстыру баланың сезіміне әсер етіп, оның тілін дамытуға жағдай жасап, айналадағы өмірді, та- биғат құбылыстарын бағдарлап түсінуге мүмкіндік туғызады [1] .
Мектепке дейінгі балалардың өмірдегі нақты заттар мен құбы- лыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара бай- ланысы жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасап, басқа- ларға түсіндіруге әрекеттенушілігі басым болады. 5-6 жастағы баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі басым болатыны белгілі.
Б. Б. Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, та- биғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қол- данып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көпте- ген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А. М. Бородич: “Байланыстырып сөйлеу - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлем- дегі жүйесі” десе, Ф. А. Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан ал- ғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды:
- қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықтарын меңгереді;
- бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жеткізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырмаларды шешу амалдарына айналады;
- қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құрастыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмаларды) орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы қалыптасады;
- байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қалыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
- тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Мектепке дейінгі балаларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т. б. ) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады [2] .
Дайындық тобындағы балалар шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста - 6-7 сөзден) белгілеп, оқу іс-әрекет тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету оқу іс-әрекетте және бос уақытта әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу, тәрбиешілерінің сұрақтарына толық жауап беруге, естіген ертегілерін мазмұндай алуға баулу көзделеді. Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сезгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді, өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, тәрбиешінің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор.
Мектепке дейінгі сөйлеуге үйрету үшін жасалған арнаулы бағдарламада көрсетілген талап бойынша тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысындағы тиімді әдістерге талдау жасалынып, үйретудің әдістемелік қырлары талданды. Мұнда қолданылған негізгі әдістер: ұжымдық, алгоритмдік, эссе жазу, желі қолдану, ойын, тірек-белгі әдістері т. б.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз - сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз [3] . Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі.
Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені былайша топтастырылды: танымдық талдау жаттығулары; түзету жаттығулары; шығармашылық ізденіс жаттығулары. Зерттеуімізде жаттығуларды іріктеу үшін мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алдық: баланың теориялық білімін практикада қолдануына бағытталуы; балада қызығушылық туғызып, олардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасауы; ұшқыр ой, ұтымды пікір, бейнелі сөздер кездесетін, тәрбиелік мәні бар, қызықты мәтін берілуі; тапсырманың шығармашылық сипатта болуы көзделді.
Балабақшаларда баланың тілін дамыту барысында әр түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері жүргізіледі. Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздік қоры байып қана қоймай, байланыстырып сөйлеуге, сонымен қатар логикалық тапсырмаларды, әңгіме, ертегілерді, әр түрлі жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеті арта отырып, тілі дамиды.
Қорыта келгенде, сөз - тәрбиешінің еңбек құралы. Баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде тәрбиешінің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.
Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру[4-6б. ] .
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Мысалы:
Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді. Ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді.
(доп)
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ[4, 135-184б] .
1-сурет. Байланыстырып сөйлеу формалары
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше [5] . Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады (1-сурет) .
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Денсаулық
2. Еңбек пен мамандық
3. Өнер
4. Имандылық пен адамгершілік
5. Патриоттық
6. Эстетикалық
7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т. б. ойындар[6. 11 - 6 б. ] .
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қорыта келгенде, сөз - тәрбиешінің еңбек құралы. Баланың ой - өрісін кеңейту, ақыл - ойын дамыту, мінез - құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде мұғалімнің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.
Байланыстыра сөйлеу дегеніміз қарым-қатынас пен өзара түсінісуді қамтамасыз ететін ашық мағыналы айтылым (логикалық үйлескен бірқатар сөйлемдер) болып табылады. Сұхбаттас үшін түсінікті болуы байланыстыра сөйлеудің негізгі сипаттамасыболып табылады [7] .
Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзінің заттық мазмұнының бүкіл маңызды жақтарын көрсете білетін тіл. Сөз екі себеппен байланыспауы мүмкін: осы байланыстар түсінікті болмағандықтан немесе осы байланыстар сөйлеуді тиісті дәрежеде айқындалмағандықтан.
Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзара байланысқан және тақырыбы жағынан біріккен, аяқталған үзінділердің бірыңғай мағыналық және құрылымдық тұтастығы.
Ана тіліне оқыту жүйесінде байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру тілдің дыбыстық жағын, сөздік құрамын, тілдің грамматикалық құрылымын меңгерумен өзара байланысты көрініп, тілдің семантикалық компонентімен жұмыс істеу ерекше орынға ие болады.
5-7 жаста сөйлеу ерікті дербес үдеріске айналады. Балаға сұхбаттасы анық түсінуі үшін сөйлеу кезінде мазмұнды жеткізе білу маңызды. Сұхбат, тыңдау, пайымдау, әңгімелер мен ертегілер құрастыру түріндегі ерекше сөйлеу іс әрекеті өзгешеленіп тұрады. Ол өзіндік мотивтер мен мақсаттарға ие болып, арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана дамиды, мұнда ересек адам баланың сөзіне белгілі бір талаптар қояды (мазмұнды өз бетінше, мәнерлі жеткізе білу, мәжбүрлемеген сұхбатты қолдау, сұраққа жауап беру және т. б. ), оларды қалай орындау керектігіне үйретеді. Сөйлеу интеллектуалды ақыл-ой қызметіне айналады.
Байланыстыра сөйлеудің негізгі функциясы - коммуникативті қызмет, негізгі екі формада - диалог пен монологта іске асырылады.
Диалогты сөйлеу тілдің коммуникативтік қызметінің ерекше айқын көрінісі болып табылады. Ғалымдар диалогты тілдік қарым-қатынастың бастапқы табиғи формасы, сөйлеу қатынасының классикалық формасы деп атайды. Диалогтың басты ерекшелігі я бір сұхбаттастың тыңдауымен және келесі сұхбаттастың сөйлеуімен кезектесіп отырады. Монологты сөйлеу - тыңдаушылардың жылдам реакциясына арналмаған, ұзақ уақыт ішінде орын алатын байланысқан, логикалық бірізді айтылым. Ол салыстырылмайтын едәуір күрделі құрылымға ие, бір адамның тыңдаушыларға бейтаныс ойын білдіреді. Сондықтан айтылым ақпараттың неғұрлым толық құрылымынан құралып, барынша ашық болып келеді. Монологты сөйлеу ішкі мотивтермен ынталандырылады, оның мазмұны мін тілдік құралдарын сөйлеушінің өзі таңдайды. Маңызды айырмашылықтарына қарамай, диалог пен монолог бір-бірімен өзара байланысты болып келеді.
Әңгімелесу тілі - ауызша сөйлесудің ең қарапайым түрі. Ол жағдайға байланысты, эмоционалды әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етеді.
Психологтардың пайымдауынша, байланыстыра сөйлеуде балалардың тілдік және ақыл-ой тәрбиесі тығыз байланысты болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі байланыстыра сөйлеуді дамытуда біраз қиындықтарға кездеседі, мұның өзі тілдік жүйенің негізгі компоненттерінің жете дамымауымен байланысты. Балалардың бойында қабылдау, зейін, қиял сияқты жетекші психикалық үдерістердің дамуындағы екіншілік ауытқулардың болуы байланыстыра сөйлеуді дамытуда қосымша қиындықтар тудырады [8] .
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың монологты байланыстыра сөйлеуді жеткіліксіз меңгеруі:
- әдеби мәтінді баяндауда логика мен бірізділіктің бұзылуымен;
- бір ғана байланыстыру типін қолданумен (формалды-шығармашылық, тізбекті есімдікті) ;
- сөздердің реті бұзылатын жай синткасистік құрылымды пайланауымен;
- жағдайлық элементтердің, кідірістердің, артық қимылдардың көп болуымен; интонациялық және лексикалық мәнерсіздікпен расталады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілінде бірыңғай мүшелерден құралған сөйлемдер саны арта түседі, жай және құрмалас сөйлемдердің көлемі ұлғаяды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай бала барлық шылауларды және оларды меңгеру ережедерін иегетін болады. Алайда, бірінші сыныпқа баратын балалардың өзінде мәтіннің негізгі бөлігін (55%) жай сөйлемдер құрайды.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz