Кәсіпорынға инвестиция тартуды басқару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынға инвестиция тартуды басқару

Кіріспе
I-бөлім. Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділігінің тоериялық негізі. 5
1.1 Кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен маңызы 5
1.2. Ивестициялардың қайнар көзі және түрлері 10
1.3 ҚР-дағы кәсіпорындарының инвестициялық қызметі 14
2 "ПАРНАС-ПЛЮС" ЖШҚ инвестициялық қызметін талдау 25
2.1 "Парнас-Плюс" ЖШҚ ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы 25
2.2 "Парнас-Плюс" ЖШҚ инвестициялық қызметін бағалау 28
Қорытынды 53
Пайданылған әдебиеттер тізімі қаржы 56



Кіріспе

Кез келген елге шетелдік инвестициялардың ағыны және олардың эффективтілігі жағымды инвестициялық климаттың бар болуымен анықталады.
Инвестицияның климатты үлгілеу (модельдеу) - мемлекет саясатының шетел инвестицияларын пайдалану және тартудағы маңызды звеносы. Себебі ол, біріншіден шет ел инвесторына әсер ететін факторлардың жүйелік көрінісін береді, екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға, үшіншіден, шет ел іс-әрекет ынтасын сезінуге мүмкіндік береді. Елдегі жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру - бұл көрсеткіштердің толық жүйесін құратын, сол кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климаттың салыстырмалы анализді бағалау негізі болып табылатын әртүрлі шаралар кешені:
елдегі нарық потенциалының сипаттамасы;
табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілгендік;
экономикалық реформалардың жағдайы мен қозғалысы;
инвестициялық іскерлік үшін заңдық база;
мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдауды реттеу;
нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
банк жүйесінің тұрақтылығы.
Шет ел инвесторлары жоғарыда көрсетілген құрамалардың әр бірінен танысып, бағалайды және инвестициялау шешімі инвестициялық тәуекелге алып келеді.
Инвестициялық климат және инвестициялық тәуекел өзара тығыз байланысты. Инвестициялық климат жайлы болған сайын инвестициялық тәуекел де төмен болады және керісінше, инвестициялық климат нашар болса, инвестициялық тәуекел жоғары болады.
Елдің нарық потенциалы - халық саны, ЖҰӨ және ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі сияқты көрсеткіштерді сиаттайды. КСРО кезінде бүтін нарық потенциалы ұзақ уақыт бойы үлкен нарық деп қарастырылған және инвесторларға негізгі түрткі болған. Бірақ, Кеңес Одағының құлауы, мемлекеттердің дезинтеграция нәтижесінде бұл біртұтас және ерекше нарықтық өкілеттігі жойылды. Мұндай жағдайларда потенциалды инвесторы бұрынғы Одақ республикаларының - жеке мемлекеттердің нарығына бағдар алуға мәжбүр болады. Олардың ішінде тұтынушылар саны көбі - Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбекстан. ЖІӨ жанбасына шаққандағы деңгейі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Түркменстан. Бұл 2 белгі бойынша да Қазақстан нарығы потенциалды инвесторлар үшін тартымды.
Көптеген инвесторлар Қазақстанның маңызды артықшылығы - ең үлкен Азиаттық шығын нарығына жақындығы, ол өзінің жеке нарығының потенциалын арттырады.
Қазақстан Евро Одақпен бірігіп жұмыс істеу келісіміне қол қойған. Онда 2 жақтың да бір-біріне тауар және капитал қозғалысына жақсы жағдай жасау режимі, алдағы екіжақты салық салуды жою міндеттелген. Сол себепті шет ел инвесторлары жоғары салықтық ынта беретін Қазақстанға өздерінің инвестицияларын салу арқылы жоғары сезілетін мүмкіндік береді.
Қазақстан өзінің табиғи байлықтарымен - шикізат және энергиямен жақсы қамтамасыз етілген. Оның территориясы (2,7 млн.км2) Европалық Экономикалық Одақтың барлық елдерінің территориясынан (2,3 млн.км2) үлкен. Сонда да территорияны пайдалану интенсивтілігі салыстырмалы түрде жоғары емес.
Қазақстан мұнай мен газдың үлкен өндірушілерінің бірі болып табылады. Бірақ, үлкен игерілмеген территориялар да бар, олар қажетті инвестиция бөлінсе пайдалану мүмкін. Біздің республика дүние жүзінде қоңыр көмір өндіруден 2-ші, тас көмір өндіруден 3-ші орында. Қазақстанда сонымен қатар минералды ресурстар - темір рудасы (негізгі өндірушілер Қазақстан, Украина және Ресей), мыс, аллюминий, күміс, никель және фосфат шикізаттары бар. Республика дүние жүзінде алтын қалайы өндіруден 3-ші орынды алып жатыр.
Жақын 15-20 жылда өндірілетін бағалы түсті және қара металлдар көзінің потенциалды құндылығы 245,7 млрд доллар немесе жылына 2,4 млрд доллар деп бағалаған. Сонымен қатар эксплуатациялық шығындар 160-180млрд доллар , ал егер тау-кен саасында қажетті инвестиция көлемі тартылғанда, потенциалды жалпы пайда 50-67 млрд доллармен бағаланылады.
Жылу-энергетика кешені көзінің потенциалды құндылығы көмір бойынша - 685,6 млрд, мұнай бойынша 222,5 млрд долларды құрайды.
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің арасында еңбек ресурсы бойынша (7 млн адамға жуық) 4-ші орында. Ол шет ел инвесторларын тартуға әсер етеді. Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі шамамен 100 доллар, орташа есеппен алғанда АҚШ-пен салыстырғанда 11 есе аз. Осыған байланысты шет ел инвесторлары үшін жалақы төлеу шығындары айтарлықтай маңызды емес.
ҚР-ның экономикалық жүйесі орталықтандырылған-командалық жүйеден нарықтық жүйеге өтудегі қиын кезеңнен өтуде. Макроэкономикалық тұрақтылық, өндірістің құлдырау жылдамдығының айтарлықтай төмендеуі, ұлттық валютаның берктелуі және бюджет тапшылығының төмендеуі - өндірістің өсуін қамтамасыз ете алмайды. Ең алдымен бұзылған өндірістік процесті қалпына келтіру, нарық институттарын құру, экономикалық нақты жұмыс істейтін жеке секторды және бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету керек.
1996 жылдың басында "Үкіметтің 1996-1998 жылдардағы реформаларын тереңдету ісі бағдарламасы" қабылданған. Бұл бағдарламаның маңызды міндеті - 1994-1997 жылдардағы қол жеткізілген макроэкономикалық тұрақтылық пен құрылымды-институтционалдық қалыптасуларды берік орнату. Алдағы уақыттағы экономикалық реформалардың дамуы Президенттің "Қазақстан-2030" жолдауында қарастырылған, сонымен қатар "1998-2000 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму жоспарында" нақтыланған. Олардың мақсаты - экономикалық өсу мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін өндірістің құлдырауын тоқтату.

I-бөлім. Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділігінің тоериялық негізі.
1.1 Кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен маңызы

Экономикалық әдебиеттерде инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар, т.б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан және т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастырса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлееттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады:
а) күрделі құрылыс;
ә) инновациялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, комерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әртурлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары т.б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.
Негізінен "инвестиция" термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болда.
Алғашқы кездерде "инвестиция" ғылымда "капитал салымы" деген ұғымды білдірді. Алайда, "инвестиция" - бұл кең ұғымды термин, ал "капитал салымы" инвестицияның бір бөлігі деп айтуға болады.
Инвестиция - бұл материалды-заттық құндылықтардың барлық түрі және оларға деге құқық, сонымен қатар, пайда табу негізінде басқару қызметі объектісіне салған салымшы инвестордың интеллектуалды меншіктік құқығы. Яғни, басқаша айтатын болсақ, инвестиция - бұл басқару және басқа да қызмет объектілеріне пайда табу негізінде салынатын құндылықтар.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюталық қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленеді.

1993-1999 жылдары ҚР шет елдердің тікелей инвестицияларының салалары бойынша келіп түсуі. (ҚР Ұлттық Банк деректері бойнша)

1993-1999 жж
1999ж

Игерілген
%

%
Барлығы
7229,2
100
1799,3
100
Оның ішінде:

Мұнай-газ кешені
3764,5
47,5
1529,5
84,7
Түсті металлургия
1907,5
24,1
51,2
2,8

Қазақстан экспорты мен импортындағы жекелеген елдердің үлес салмағы

Экспорт
Импорт

1995
1996
1997
1998
1999
1995
1996
1997
1998
1999
Барығы
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
Оның ішінде:

Германия
3,3
3,1
5,4
5,2
5,9
5,2
4,7
8,5
8,4
7,8
Италия
2,7
3,3
5,5
9,1
7,5
0,8
1,0
2,0
2,1
2,9
Ресей
45,1
42,0
35,2
29,6
19,8
49,9
54,8
45,8
39,4
36,7
Ұлыбритания
2,1
3,9
8,4
8,9
3,4
2,2
1,8
3,3
5,0
6,3
Қытай
5,7
7,8
6,8
7,0
8,5
0,9
0,8
1,1
1,2
2,2
Швейцария
3,6
3,6
4,4
6,2
5,3
1,5
1,1
1,2
1,5
1,2
Өзбекстан
2,9
3,4
2,7
2,2
1,2
7,1
2,1
1,5
2,2
2,4
Украина
2,3
3,6
4,7
4,8
2,1
2,3
2,2
2,2
2,1
1,6

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шет елдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік баждар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996ж 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шет ел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.

1.2. Ивестициялардың қайнар көзі және түрлері

Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге болады. Сонымен инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастыра: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелділік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкрлік.
Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептелінеді.
Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Коммерциялық тәжірибеде инвестицияның мынадай түрлерін көрсетеді:
физикалық активтерге инвестиция;
қаржылық активтерге инвестиция;
материалды емес активтерге инвестиция
Физикалық активтерге - өндірістік ғимараттар, құрылыс, бір жылдан астам жұмыс істеу мерзімі бар машиналар мен құрал-жабдықтар және басқа да кез келген өндірісте қолданылатын мүліктер жатады.
Қаржылық активтерге - деп басқа жек және заңды тұлғалардан ақша сомасын ала алу құқығын айтады.
Материалдық емес активтерге - персонал квалификациясын жоғарлату, жаңа тауар белгісін ойлап шығару, өнімге және техникалық өндіріске сертификат алу және т.б.
Осы инвестициялар фирманың өмір сүруіне және дамуына өте үлкен әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес инвестициялық қызметі мына шоттармен қаржыландыруға болады:
меншікті қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтермен;
қарызға алынған қаражаттармен;
жұмысшы ұжым мүшелерінің жарғылық қорлары;
заңды тұлғалар;
бюджеттік емес қаражаттар;
республикалық бюджет қаражаттары;
шет ел инвнсторларының қаражаттары;
заңды және жеке тұлғалардың қолдаушы салымдары.
Меншікті қаржы ресурстары кәсіпорынның шаруашылық қызметін жақсарту үшін капитал салымдарын қаржыландыру негізінде ұйымдастырушылардың салған салымдары.
Алғашқы салынған ақша қаражаттарының бөлігі - біріншіден кәсіпорынның негізгі қорын жасауға жұмсалады. Келесі, осы шаруашылық қызметтің нәтижесінде пайда болған жинаққа пайдаланады. Оған амортизациялық қор жатады.
Кәсіпорындардағы инвестицияны қаржыландырудың басты көзі амортизациялық бөлу болып табылады. Кәсіпорында құндық тозуға ай сайын салым жиналып отырады. Бірақ бұл кезде жаңа өнім өндіруге кәсіпорынның негізгі қорының орнын толтыруды қажет етпейді. Нәтижесінде бос ақша қаражаттары пайда болады. Олар кәсіпорынның негізгі капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Пайда - кәсіпорынның негізгі таза пайдасы және кәсіпорынның коммерциялық қызметінің жалпылағыш көрсеткіші. Пайдадан салық және басқа да міндетті төлемдер төлегеннен кейін таза пайда қалады, оның бір бөлігін өндірістік немесе әлеуметтік сипатта капитал салымға жіберуге болады.
Қарыздық қаражаттар - кредит алудан пайда болады (банк, басқа да қаржы институттарынан).
Кредит ақша айналымымен пайда болатын, қайтарымдылық және есесін төлеу шарты негізінде жүретін қарыздар мен кредитор арасындағы экономикалық қатынас. Кредитті реттеудің негізгі элементі қарыз пайызы болып табылады.
Банктік кредит объектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың капитал салым шығындары мыналарға болуы мүмкін:
өндірістік және өндірістік емес объектілердің құрылысына, кеңеюіне, қайта құрылуына;
қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді алуға (машина, құрал-жабдықтар, т.б.);
ғимарат және құрылыс.
Жеке және заңды тұлғалардың негізгі кредиттік қатынасы кредиттік келісім болып табылады. Бұл документте мыналар құрастырылады: берілетін қарыздың соммасы, оны пайдаланудың тәртібі мен мерзімі, пайыздық ставкасы және басқа да кредиттік төлемдер. Нақты пайдаланылу мерзімі банк пен қарыз алушының арасындағы келісім негізінде жасалады, яғни, клиенттің төлем қабілеттілігі мен қаражаттарының ахуалына, кредит тәуекеліне байланысты белгіленеді.
Тартылған қаражаттар - бұл қаражаттар: ағымдағы инвестициялық қызметке іскерлік қатысу, эмиссияланған бағалы қағаздардан, жұмыс мүшелерінің жарғылық қорлары және басқа да салымдардан, жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру қайтарымдарынан тартылған ақша қаражаттары.
Бюджеттен қаржы бөлу - бұл бюджетті қаржыландыру қаражаттары.. Мемлекеттік орталықтандырылған капитал салымдарын бюджеттен қаржыландыру, мемлекеттік мұқтаждықты қажет ететін объектілер Қазақстан Республикасында қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады.
Бұл басқа қаржыландыру көздерінің болмауы есесінен жұзеге асады. Қазақстан Республикасының бюджетінен мемлекеттік орталықтандырылған капитал салымдарын қаржыландыру қайтарымды негізде болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы қаржыландыру Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Ұлттық банк бөлетін кредиті негізінде жүзеге асырылады. Қаржы министрлігі бұл бөлінген қаржы ресурстарын коммерциялық банктер арқылы, келісім шартқа отырылған дағдарыс кезіндегі фирмаларға немесе басқа да заңды тұлғаларға жібереді. Кредиттік саясат негізінде, бұл коммерциялық банктердің тізімін үкімет комиссиясы анықтайды. Оларды банктер депозиттік шотқа немесе қысқа мерзімді кредитке аударуға құқықтары жоқ. Бұл қаражаттар тек арналған, бағытталған мақсаттарда ғана қолдану керек.
Коммерциялық банктер келісім негізінде бұл кредиттерді дағдарысты кәсіпорынға, ғимаратты, құрылысты, құрал-жабдықтарды, бітпеген құрылыс объектісін және т.б. мүліктерін кепілге алу арқылы береді. Ал, дағдарысты кәсіпорын иесі өз кезегінен кредиттің қайтарылу мерзімін және процентін белгілеп, келісімге отырады.
Міне, осы негізде бюджеттен қаржы бөлу арқылы кәсіпорындарды инвестициялауға болады.

1.3 ҚР-дағы кәсіпорындарының инвестициялық қызметі

Инвестициялық қызмет үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары басқару-ұйымдастыру сипатындағы шараларды жүзеге асырудан басталады. Олардың қатарына төмендегідей шаралар жатады:
құрылыс кешенін қаржыландыруды орталықсыздандыру;
құрылыс ұйымдарының материалдық-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер мен оны жүргізуші мердігерлердің өзара байланыстарына әкімшілік араласу шараларын қолдануды жою;
мердігерлік сауда жүйесін қалыптастыру;
құрылыс өндірісін басқаруды орталықсыздандыру арқылы құрылыс ұйымдарына меншік түрлерін таңдау мен жұмыс түрі бойынша мамандандырылуына толық еркіндік беру.
Дегенмен, қазіргі кездегі осы саланың дамуын зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жүргізіп отырған монополияны жою, жекешелендіру, саланы реформалау үрдістері кедергісіз, ауыртпалықсыз және жан-жақты болмай отыр. әсіресе, төменгі құрылыс ұйымдары өздерінің материалдық-техникалық базасы, ұйымдық құрылымы, мамандандырылуы, қаржылық мүмкіндіктері жағынан қатты ерекшеленеді. Сол себепті, жоғарыда аталдған үрдіс осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Құрылыс кешенінің дамуын реформалауда мемлекеттің атқаратын рөлі - ол жоғарыда аталған өндірістің нормативтік-құқықтық базасын құру. Бұл жұмыс негізінен, екі бағытта жүргізіледі: а) заңдар, жарлықтар, қаулылар мен басқа да құқықтық актілерді қабылдау. Олар құрылыс өндірісінде щаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын реттейді, ойын тәртібін бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік, экономикалық санкцияларды анықтайды; ә) экономикалық индикаторлар құрамын, мемлекеттік реттеу механизмдерін (салық және несие мөлшерлемесінің деңгейін, бағаны т.б.) белгілеу.
Сонымен қатар, мемлекет республиканың ішкі құрылыс нарығын қорғау шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарына шетелдік фирмалармен қатар, қазақстандық құрылыс-монтаж ұйымдарының (мердігерлердің) міндетті түрде қатысуымен өткізілетін құрылыс тендерлерін жүйелі түрде ұйымдастыру, жекелеген құрылыс материалдарын экспорттау барысында лицензиялық, кедендік реттеулерді қолдану, республика аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде шетелдік фирмалармен жасалған келісімдердің міндетті шарты ретінде қазақстандық мамандандырылған жұмысшы қорларды пайдалануды белгілеу т.б. шаралар жатады.
Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қорлары ретінде төмендегілерді атауға болады:
мердігерлік конкурс пен сауда-тендердің таңдап алынған түрі инвестордың инвестициялық-құрылыс қызметіне және мүмкіндіктеріне сай болуы;
үміткер - мердігерлердің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысандарына, қайда орналасқанына қарамастан, оларға тең құқық беру;
конкурс барысында ешбір үміткер-мердігерге өзінің монополиялық мүмкіндіктерін пайдалануына жол бермеу;
мердігерлік конкурстың міндетті шарттарын орындамағаны үшін үміткердің жауапкершілігін қамтамасыз ету, т.б.
Нарық қатынастарының кеңеюі жағайында инвестициялық қызмет кешенінің дамуын реттеуде мемлекет тарапынан құрылатын тендерлік және мемлекеттік сраптау комитеттері де жоғары рөл атқарады. Егер олардың алғашқысы конкурстар мен мердігерлік тендерлерге қатысушылардың ұсыныстарын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін барлқ факторларды ескеретін болса, ал мемлекеттік сараптау жүйесі мемлекет үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ұйымдылық тұрғысынан осы ұсыныстар жобасының үстінен бақылау жүргізеді.
Дегенмен, мемлекеттік сараптаудан өтпеген жобалар құрылыс жүріп жатқан объектілер саны әлі де көп. Құрылыс жүріп жатқан объектілерде бекітілген жобалық шешімдерді бұзу фактілері де кездеседі.
Осы жағдайлар, орталықта және жергілікті жерлерде (облыстарда) кәсіпорындарға жобалау, құрылыс-монтаждау, архитекторлық-құқықтық бақылау жұмыстарын жүргізуге құқық беретін арнаулы лицензиялау қызметін ұйымдастыруға қажеттілік туғызды.
Инвестициялық қызмет кешенінде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі ретінде макрокөрсеткіштер саналады. Олардың қатарына күрделі қаржы көлемі мен құрылымын (ұдайы өндірістік, технологиялық, салалық, аумақтық), оларды қалыптастыру көздерінің параметрлерін құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін т.б. жатқызуға болады.
Соңғы кездері күрделі қаржы көлемінде өтелімдік төлемдердің үлесі төмендеуде, себебі оны есептеу базасы әлсіз (негізгі қорлардың тозу деңгейінің жоғарлығы) және де олардың бір бөлігін инфляция жеп қойып отыр. Осыған байланысты, үкімет халық шаруашылығы салаларының негізгі қорларының қарапайым және ұдайы өндірілуін қаржыландыруды ұлғайту шараларын іздестіруге мәжбүр болып отыр.
Әрине, бұл істегі ең негізгі бағыт - жеке меншік секторындағы кәсіпорындардың өз қаржыларының рөлін жоғарылату.
Күрделі қаржы көлемін қалыптастыру көздерінде экономикалық мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы қызмет нәтижесінде және де үй шаруашылығынан тапқан қаржыларының да рөлі жоғарылауы тиіс. Бұл жағдайда, үкімет үшін өндірістік сфера салаларын бюджеттік қаржыландыруда қатал саясат ұстауына мүмкіндік туар еді. Егер мемлекет кәсіпкерлер мен жее тұлғалардың іскерлік белсенділігін көтеру үшін шаралар қолданылатын болса, онда үкімет шешімдері негізінде мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымы әлеуметтік салалар пайдасына өзгертіледі деп күтуге болады. Сондықтан, макродеңгейдегі мемлекеттің реттеушілік рөлі республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын қай бағытта пайдалануды анықтауда айқын байқалады. Ал, егер мемлекеттік күрделі қаржының сапалық құрылымын қарасақ, онда соңғы кездері басыңқы салалардың үлесінің жоғарлағанын көреміз. Сөз отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер салалары туралы болып отыр.
Күрделі қаржыны ұтымды пайдалану тұрғысынан, оның технологиялық құрылымын сиаттайтын көрсеткіштер динамикасын талдау маңызды орын алады. Ол төменде көрсетілген шығындардың көлемдерінің өзара қатынасын есептеу нәтижесінде анықталады.:
құрылыс-монтаж жұмыстары, олар негізгі қорлардың ынжық бөлімін құрайды;
жабдықтарды (техника түрлері, технологиялық желілер т.б.) сатып алу және орнату, олар негізгі қорлардың белсенді бөлімін құрайды;
басқа жұмыс түрлері (жобалау-ізденіс қызметі, қосалқы және уақытша қондырғылардың құрылысын жүргізу т.б.).
Қазақстанда соңғы 30-35 жыл аралығында, өндірістік қорлардың белсенді бөлігін құруға жұмсалған шығындардың үлесі өскені байқалады (37-39%), дегенмен, күрделі қаржының өте үлкен бөлігі (шамамен 50%), аяқталмаған құрылыс көлемінің жоғары болуына байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесіне тиеді. Сондықтан, барлық қаржыландыру көздері есебінен құрылған күрделі қаржыны ертерек басталған құрылыстарды, әсіресе өндірістік маңыздағы, аяқтауға жұмсау, қазіргі күрделі қаржыны орынды пайдалану бағыттарының бірі болып есептеледі.
Инвестициялық қызмет кешенінің дамуын реттеуде мемлекет иелігінде қаржылық реттеудің несиелік, салықтық тетіектерінің де бар екенін естен шығармау керек, әсіресе олардың ынталандыру функциясын кеңінен қолдануға көңіл бөлінуі тиіс.
Жоғарыда аталған механизмдердің барлығын бір мақсатқа қол жеткізуге жұмылдырып, өзара байланыстырып отыратын, инвестициялық қызмет кешенінің дамуын мемлекеттік реттеудің ең басты, негізгі механизмі ретінде жоспарлауды айтуға болады.
Нарық жағдайында орталық жалпы экономикалық мемлекеттік басқару органдарының осы кешеннің тиімді дамуын қамтамасыз етудегі негізгі мііндеттері мыналар:
ұзақ және қысқа мерзімдерге инвестициялық-құрылымдық саясатты қалыптастыру жөнінде тиісті басқару органдарына ұсыныстарды әзірлеу;
кешенді бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
инвестициялық қызметті ретеу;
республика және оның аймақтары бойынша инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайын және нәтижелерін талдау.
Жоғарыда жазылған жайттар инвестициялық қызмет кешеніннің дамуын жоспарлауға жалпы методологиялық көзқарастар, сонымен қатар, күрделі құрылыс саласының негізгі көрсеткіштерін нақтылау әдістемесін де білген жөн.
Күрделі қаржының көлемін, құрылымдық көрсеткіштерін, тиімділік деңгейін нақтылауда баға саясатының алатын орны зор. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде инвестициялық қызме сферасында мемлекеттік билік органдары тағайындайтын, сондықтан барлық инвестрлар мен құрылыс өндірісіне қатысушылар үшін міндетті болып табылатын тұрақты бағаларды қолдану шеңбері болғаны жөн. Мемлекет осы бағалау жүйесін қолдану арқылы мемлекеттік күрделі қаржыны ұтымды пайдалануға, өндірістік қуаттар мен әлеуметтік сфера нысандарын іске қосуды жеделдетуге, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзінің бақылаушылық функциясын жүзеге асырады.
Акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айырықша түрі, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам.
Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын талаптар мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды;
осы инвестициялық қормен тиісті шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші акционерлік инвестициялық қордың акционерлері бола алмайды.
Осының бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қордың акционерлеріне қолданылмайды.
Акционерлік инвестициялық қорларға қойылатын талаптар:
1. Акционерлік инвестициялық қордың:
Алтын акция енгізуге;
еншілес ұйымдар құруға;
жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.
2. Акционерлік инвестициялық қор активтеріне басқару инвестициялық портфельді басқаруға лицензия болған кезде дербес сенімгерлік басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына сәйкес басқарушы компания арқылы жүзеге асырылады.
Акционерлік инвестициялық қор активтерін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
3.Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорға қызмет көрсететін аталған ұйымдарды қоспағанда, өзара аффиширленбеуге тиіс.
4. Өз активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлік инвестициялық қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және инвестициялық қордың басқарушы компаниясына қойыоған барлық талаптарды орындауға міндетті.
Акционерлік инвестициялық қордың жарғысы акционерлік инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстардың түрлері, оларды айқындау тәртібі мен ең жоғарғы мөлшері болуға тиіс.
Қаржы емес активтерге инвестициялар деп негізгі капиталға (үйлер мен ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; екпе ағаштар; пайдалы қазбаларды барлау; компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету; әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқалары; өндірісте пайдаланылуы бірліктермен шектелетін жаңа ақпараттар, арнаулы бөлімдер), материалдық айналым қаражатының босалқы қорын молықтыруға (өндірістік босалқы қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, алып-сатуға арналған тауарлар), құндылықтарға, өндірілмеген материалдық активтерді ( жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелері, табиғатты пайдаланудың басқа да объектілерін) және өндірілмеген материалдық емес активтерді сатып алуға (патенттер, лицензиялар, табиғатты пайдалану объектілерін, жер учаскелерін пайдалану құқықтары, авторлық құқық, ұйымдастыру шығындары, тауар таңбалары, тауар белгілері және т.б.) жұмсалған инвестициялар түсініледі.
Құрылысқа жұмсалған инвестицияларға экономиканың жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңейтуге, қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған шығындар жатады.
Құрылысқа жұмсалған инвестицияларға құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне жұмсалған шығындар; жабдықтарды құрастыруға жұмсалған шығындар; құрылыс сметасында қаралған құрастыруды қажет ететін және қажет етпейтін жабдықтар сатып алуға; құрылыс сметаларына енгізілетін өндірістік аспаптар мен шаруашылық мұқаммалдарын сатып алуға; құрылыс сметаларына енбейтін машиналар мен жабдықтар сатып алуға; өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар жатады.
Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар жөніндегі деректер нақты қолданыстағы бағалармен келтірілген, өрлеу (төмендеу) қарқыны салыстырма бағалармен есептелген.
Негізгі қорларды іске қосу көрсеткішіне есепті кезеңде құрылысы аяқталған және іске қосылған өндірістік және өндірістік емес кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құны; іске қосылған жабдықтар, машиналар, көлік құрал-жабдығының барлық түрлерінің (құрастыруды қажет ететін және қажет етпейтін, құрылыс сметасына кіргізілетін және кіргізілмейтін) құны; негізгі құрал-жабдықтардың есебіне жатқызылатын аспаптардың, мұқаммалдардың және басқа заттардың құны; көп жылдық екпе ағаштар (бақтар) құны; жерді суару және құрғату жұмыстарының құны; бұрғылау аяқталған және іске қосылған мұнай мен газды пайдалану ұңғырмаларының, сондай-ақ пайдалануға берілетін мұнай немесе газдың қажетті мөлшерін барлау ұңғырмаларының құны; жерді жақсарту жөніндегі күрделі қаржы шығындары мен негізгі құрал-жабдықтардың құнын көбейтуге байланысты басқа да шығындар қосылады.
Инвестиция қызметінің субъектілері - инвесторлар (жеке және заңды тұлғалар, инвестициялық қызметті жүзеге асыратындар), тапсырыс беруші, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызметтің объектісін қолданатындар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар (банктік, сақтандыру, инвестициондық фондтар), және басқа да инвестициялық процесске қатысушылар.
Жеке және заңды тұлғалар ішінде, шетелдік, сонымен қатар мемлекет және халықаралық ұйымдар инвестиция қызметінің субъектісі бола алады. Инвесторлар жекеменшіктік, қарыздық, тартылған қаражаттарды инвестиция формасында салуды жүзеге асырады және олардың мақсатты қоданылуын қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қызмет

2001
2002
Миллион тг
Қаржылық емес активтерге инвестициялар
1158148
1307249
Соның ішінде: негізгі капиталға инвестициялар
943398
1099986
Одан: күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар
85657
146264
Материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға инвестициялар
207067
202912
Инвестициялар
7683
4351
Жалпы көлемге %
Қаржы емес активтерге инвестициялар
100
100
Соның ішінде: негізгі капиталға инвестициялар
81,4
84,2
Одан: күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар
7,4
11,2
Материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға инвестициялар
17,9
15,5
Инвестициялар
0,7
0,3

2002 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар.

Негізгі құрал-жабдықтардың іске қосылғаны
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар-барлығы
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен-құрылыс-монтаждау жұмыстарына
Барлығы
411918
1099986
420060
Соның ішінде:
Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман өсіру
10162
15972
1596
Балық өсіру
218
237
73
Кен өндіру өнеркәсібі
130790
457010
179469
Өңдеу өнеркәсібі
51841
103421
21534
Электр энергиясының газды, суды өндіру және бөлу
15064
27522
7149
Құрылыс
9719
50366
23730
Сауда: автомобильдер мен үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу
27971
46845
14492
Қоноқ үйлер мен мейрамханалар
3278
2953
299
Көлік және байланыс
59214
121613
37538
Қаржы қызметі
1188
9569
727
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалдау, кәсіпорындарға қызмет көрсету
45521
138640
42129
Мемлекеттік басқару
8701
106458
86219
Білім беру
5077
7976
3463

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
1872
4939
700

Өзге де коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер
24412
6465
942

Құрылысқа инвестициялар

Құрылысқа инвестициялар
одан

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар
халық

Миллион тг

2001
604915
92465
501793
10657
2002
789087
114329
369113

278645
өткен жылға %
2001
135,7
163,7
132,0
118,5
2002
122,7
116,3
119,8
130,1

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға
Одан

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар
Жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар
Миллион тг

2001
943398
136932
512584
293882
2002
1099986
166193
596417
337376
%

2001
100
14,5
54,3
31,2
2002
100
15,1
54,2
30,7

2 "ПАРНАС-ПЛЮС" ЖШҚ инвестициялық қызметін талдау
2.1 "Парнас-Плюс" ЖШҚ ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы
Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы 25 мамырда құрылды. Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі ) Қостанай қаласында жылжымайтын мүлік объектілерін (кеңселер, гараждар және т.б.) салу болып табылады. Сонымен қатар, ұйым пластикалық терезелер шығарумен айналысады. Бүгінгі күні компания тапсырыс берушінің талабы бойынша құрылысқа қатысты барлық жұмыстарды жүргізе алады: сәулеттік тұжырымдаманы жасаудан бастап кілтті объектіні жеткізуге дейін.
Құрылыс әрқашан өзара байланысты әр түрлі мәселелерді шешудің күрделі процесі болып табылады. Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кез-келген ғимаратты жобалауды, дайындауды, жеткізуді және орнатуды өз мойнына алады, бұл тапсырыс берушіге уақытты, күш пен ақшаны үнемдейді. Қазіргі уақытта Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірқатар қоғамдық және өндірістік ғимараттардың құрылысшысы және бас мердігері ретінде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласының құрылыс нарығында тұрғын үй құрылысында нақты көшбасшы жоқ, бұл үлкен Рудный қалалары үшін мүлдем атиптік көрініс. Топ компаниялары оны жылдан жылға өзгертеді, бұл пайдалануға берілген шаршы метр көлеміндегі шашырамалармен байланысты. Осыған қарамастан, 2007 жыл Қостанай біртіндеп локомотивтер тобы құрылып жатқанын көрсетті. Көшбасшылар тобына кіретін компаниялардың көпшілігі бірнеше онжылдықтар бойы Қостанайдікін құрылыс нарығында жұмыс істеді, ал олардың кейбіреулері бір кездері кеңестік құрылыс холдингтерінің құрамына кірді. Мысалы, Союз-10 компаниясы өткен жылға дейін СМУ-2 деп аталды, тек 2005 жылы екі тұрғын үй, мектеп және Рудный келісім банкінің ғимаратын тұрғызды. Құрылыс компанияларының көшбасшылары 1.1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1.1 - 2007 жылы ең көп тұрғын үй берген (мың шаршы метр) құрылыс мердігерлік ұйымдары (Новосибирск қалалық әкімдігінің мәліметтері бойынша)
Құрылыс ұйымының атауы
Тұрғын үй саны
Сол "Концерні
80
"Энергомонтаж
68
"СУ-9
52
РҒА СБЖ
42
"Одақ-10
39
"Парнас-Плюс
35
"МонтажТЭЦстрой
28
СМУ-3
27
"Струг
25
ПСК " Грин
21
Өзгелері
501,4
ЖИЫНЫ:
918,4

Нарық көшбасшысы Қостанай қаласының құрылыс нарығында 40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және барлық құрылыс қызмет түрлеріне лицензиясы бар Солтүстік концерні болып табылады. Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сонымен қатар нарық жетекшілерінің бірі, жоғарыда атап өткендей, нарықта 1999 жылдан бері жұмыс істейді және бұрын Сибакадемстрой кәсіпорындарының бірі болған.
Сарапшылардың пікірінше, Қостанай құрылыс нарығында көптеген конвейер түріндегі құрылыс жұмыстарының бірден-бір циклын жүзеге асыратын ірі құрылыс компаниялары әлі де жетіспейді. Ол үшін құрылысшыларға арзан және ұзақ мерзімді ақша жетіспейді.
Мұндай динамикаға қарамастан, мамандар Қостанай қаласының құрылыс нарығы жылдан-жылға ретке келіп жатқанын атап өтті. Қалада 200-ден астам құрылыс компаниясы бар, бірақ көшбасшылар - өз жұмысының сапасымен танымал тұрақты компаниялар.
Сонымен, Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - құрылыс технологиялары нарығында бәсекеге қабілетті компания; оның басты артықшылықтары:
- ең жаңа құрылыс технологияларын қолдану;
- құрылыс кезеңін ғана емес, сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешенін жүзеге асыру мүмкіндігі;
- жоғары сапалы материалдарды пайдалану;
- құрылыс алаңы мен сатудан кейінгі қызмет сапасының жоғары деңгейі.
Кәсіпорынның қажеттіліктері үшін интегралды (сызықтық-функционалды) құрылым құрылымы неғұрлым қолайлы болып табылады (2.1-сурет). Кәсіпорынның әрбір қызметкері тек бір ғана басшылыққа бағынады және сол арқылы ол жоғары органмен байланысты. Бұл құрылымда басқару жүйесін оның құрамдас бөліктеріне бөлу өндіріс критерийі бойынша өндірістің шоғырлану дәрежесі мен мамандануы, сондай-ақ технологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс қызметтері нарығында он жылдан астам уақыт болды және көптеген жұмыстарды орындау үшін жабдықтары, технологиялары мен тиісті білікті кадрлары бар.
Компанияның менеджменті өз қызметінде қызмет көрсетілетін нарық сегментінің тұтынушыларының қажеттіліктерін зерттеуге бағытталған. Парнас-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі бәсекелік артықшылықтары сапа, сенімділік, жоғары өндірістік қабілеттілік болып табылады, бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының талап етілетін сапа деңгейін қамтамасыз ете отырып, жұмыс мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ салыстырмалы түрде төмен бағалар, бұл оған табысты мүмкіндік береді басқа фирмалармен бәсекелесу.
Новосибирскінің құрылыс нарығы экономиканың басқа салаларына қызғанышпен өсуде. Сонымен қатар, көптеген бақылаушылар өсудің шыңы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Инвестициялар - экономикалық дамудың ресурстары
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі
Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
Инвестициялар экономикалық дамудың ресурстары ретінде
«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»
Пәндер