Концепт туралы түсінік


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«СУ» ЛЕКСЕМАСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДАНУЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B0011700 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
Алматы 2020
Алматы 2020
Реферат
Жұмыстың көлемі: 59 бет.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі қазақ тілі материалы негізінде «су» ұғымының концептуалдануын талдау, саралау, іріктелген ұғым-түсініктердің концептуалдық мазмұнын, қызметін когнитивтік аспектіде анықтау.
Жұмыстың міндеті: Осы мақсатты анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Концепт, су ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісінің когнитивті мәнін айқындау;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісіне қатысты ақпараттық тіл бірліктерінің (мақал-мәтел, тұрақты тіркес, ырым-тиым, аңыздар, прозалық және поэзиялық шығармалар) көрінісін айқындау, талдау;
- Қазақ тіліндегі «су» базалық концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісін ажыратып, оларды тілдік тұрғыда сараптай келе, аталған концептінің ерекшелігін анықтау;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісіне байланысты пайда болған топонимикалық атауларды талдау;
Тірек сөздер: концепт, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, су, троп, гидроним, топоним, тіл бірліктері және т. б
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында біз төмендегі әдістерді қолдандық - жүйелеу, талдау, саралау;
Реферат
Объем работы: 59 страниц
Цель работы: Анализ, анализ концептуализации понятия «вода» на основе материала современного казахского языка, когнитивное определение концептуального содержания, функции выбранных понятий.
Задача работы: Для определения этой цели были поставлены следующие задачи:
- сосредоточиться на научных концепциях концепции воды;
- определить познавательный смысл понятия «вода» в казахском языке;
- выявить и проанализировать проявления информационных языковых единиц (пословиц, регулярных выражений, ритуалов, легенд, прозы и поэзии), связанных с понятием «вода» в казахском языке;
- определить специфику основного понятия «вода» в казахском языке, выделить семантико-информационное поле и проанализировать их лингвистически;
- анализ топонимических названий, появившихся в связи с понятием «вода» в казахском языке;
Ключевые слова: концепт, когнитивная лингвистика, лингвокултурология
Методы и способы исследования: Во время исследования мы использовали следующие методы - сортировка, систематизация, метод анализа.
Abstract
Volume of work: 59 pages.
Work purpose: Analysis, analysis of the conceptualization of the concept of “water” based on the material of the modern Kazakh language, the cognitive definition of conceptual content, the functions of the selected concepts.
Task of work: To determine this goal, the following tasks were set:
- focus on scientific concepts of the concept of water;
- determine the cognitive meaning of the concept of "water" in the Kazakh language;
- identify and analyze the manifestations of information language units (proverbs, regular expressions, rituals, legends, prose and poetry) associated with the concept of “water” in the Kazakh language;
- determine the specifics of the basic concept of “water” in the Kazakh language, highlight the semantic-informational field and analyze them linguistically;
- analysis of toponymic names that appeared in connection with the concept of "water" in the Kazakh language;
Key is words: concept, cognitive linguistics, linguoculturology
Methods and ways of research: concept, cognitive linguistics, linguoculturology
ОглавлениеКІРІСПЕ6
1 СУ ЛЕКСЕМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР9
1. 1 Концепт туралы түсінік9
1. 2 «Су» концептісінің когнитивті сипаты13
2 «СУ» ЛЕКСЕМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ГИДРОНИМДІК ЖӘНЕ ТОПОНИМДІК АТАУЛАР20
2. 1 Көне сөзжасам үлгілерімен жасалған су атаулары20
2. 2 Суға қатысты ұғымдардан пайда болған жер-су атаулары25
3 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «СУ» КОНЦЕПТІСІНЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ ТІЛ БІРЛІКТЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ30
3. 1 Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердегі су концептісі30
3. 2 «Су» концептісінің ырым-тиымдар мен аңыздарда берілуі35
3. 3 Қазақ шығармаларындағы «Су» концептісінің көрінісі41
ҚОРЫТЫНДЫ57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР60
КІРІСПЕТақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағдарлар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары белсенді сипат иеленіп отыр. Сондықтан лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы - когнитивтік лингвистика. Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мәнін белгілі ғалым Ж. А. Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т. б. салалары өріс алып отыр», (1) деп анықтайды. Осымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады. «Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші».
Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика, когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалык зерттеулер тереңдей түсті.
Сонымен, концепт - адамзаттың әлем бейнесі туралы жинақталған түсініктерін беретін тірек ұғымдар деп түсінуге болады.
Қазіргі таңда концепт ұғымына қатысты мәселелер қазақ тіл білімі ғылымында да кеңінен қарастырылып, зерттеу нысандарына айналуда. Бұл бағытта концептінің мән-мазмұны зерттеуші ғалымдар Ж. Манкеева, Н. Уәли, Г. Смағұлова, Г. Мұратова, Г. Сағидолда, Э. Оразалиева, Қ. Жаманбаева, Г. Снасапова, М. Күштаева, С. Жапақов, А. Ислам, Б. Ақбердиева, Б. Тілеубердиев, Ш. Ниятова, Ш. Елемесова, Г. Имашова, Ж. Жампейісова т. б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келеді.
Соның бір көрінісі - қазақ тіліндегі «су» концептінің де танымдық ерекшелігін, когнитивтік мәнін, семантикалық өрісін айқындауға болады.
Когнитивті лингвистика тұрғысынан тілді зерттеу ұлттық таным мен ұлттық санада жасырынған халықтың мәдени, рухани құндылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Тілде белгілі бір ұлттық код жасырынған десек, жекелеген концептілерді зерттеу арқылы сол ұғымның ұлт үшін маңызын айқындауға болады. Қазақ тіліндегі «су» концептісі - тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі концепті болып табылады. Қазақ халқындағы су ұғымы тіршілік, өмір, тазалық, адалдық, қадір-қасиет, ырыс және өлім турасындағы танымын ашуға көмектеседі. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Бітіру жұмысының негізгі зерттеу нысаны : Қазақ халқының танымындағы судың алатын орны, қасиеті мен ерекшелігін айқындау. Қазақ халқының тіршілігіндегі су концептісінің орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан түсініктер, қазақ шығармашылығындағы, топонимдердегі, т. б су концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Бітіру жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ тілі материалы негізінде «су» ұғымының концептуалдануын талдау, саралау, іріктелген ұғым-түсініктердің концептуалдық мазмұнын, қызметін когнитивтік аспектіде анықтау.
Жұмыстың міндеті: Осы мақсатты анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Концепт, су ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісінің когнитивті мәнін айқындау;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісіне қатысты ақпараттық тіл бірліктерінің (мақал-мәтел, тұрақты тіркес, ырым-тиым, аңыздар, прозалық және поэзиялық шығармалар) көрінісін айқындау, талдау;
- Қазақ тіліндегі «су» базалық концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісін ажыратып, оларды тілдік тұрғыда сараптай келе, аталған концептінің ерекшелігін анықтау;
- Қазақ тіліндегі «су» концептісіне байланысты пайда болған топонимикалық атауларды талдау;
Бітіру жұмысын жазуда негізге алынған теориялық еңбектер: Тіл білімінің зерттеушілері Ахманова О. С, Авакова Р. А, Кеңесбаев І, Қайдар А, Жанпейісов Е. Н, Манкеева Ж. А, Ислам А, Смағұлова Г. Н, Әмірбекова А. Б және тағы да басқа ғалымдардың еңбектері талданды.
Тақырыпты жан-жақты талдау барысында «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Фразеологиялық сөздік» және «Тұрақты теңеулер сөздігі» сынды лексикографиялық еңбектер пайдаланылды.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөз беттері мен ғаламтордан алынған деректер зерттеу тақырыбымыздың негізгі дереккөздерінің бірі болды.
Бітіру жұмысында талданған тілдік деректер : концепт, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, су, троп, гидроним, топоним, тіл бірліктері
1 СУ ЛЕКСЕМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР 1. 1 Концепт туралы түсінік
Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті
лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті
лингвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады.
Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады.
Ғалым А. Ислам «Лингвомәдени ізденістерде дүниетанымдық
концептілердің өзіндік орны бар. Орыс тіл білімінде «понятие» мен «концепт»
терминдерінің ара жігін айқындаған ғылыми мақалалар аз емес. Ал қазақ тіл
білімінде әзірге бұл термин төңірегінде пікір талас болғанымен, «ұғым» деп те,
«концепт» термині түрінде де қалдыруға болады деген ойдамыз. Ал енді
«концепт» дегеніміз, ол біздің пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта,
дін, мәдениет, жалпы айтқанда дүние таным негізінде белгілі бір ұрпақтан -
ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық. Сөйтіп, олар «концептілер
аймағын» құрайды» [1. 2б] дейді. Концептілер қай ұлттың
мәдениетінде болмасын, саны жағынан ғалым Ю. С. Степановтың айтуынша,
елу шақты [2]
«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич, А. А. Залевская, А. Вежбицкая т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, олардың «концепт» жайлы ой-тұжырымдары концептіні құрылымына енетін сөздердің мағыналық жақтан өзара үйлесе келіп, негізгі өзек - тірек сөздің аясына шоғырлануынан туындайтындығын дәлелдейді. Қазақ тіл білімінде «концепт» термині А. Қайдар, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Н. Уәлиев, Б. Қалиев, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Б. Ақбердиев, Г. Снасапова, М. Күштаева, С. Жапақов, Қ. Қайырбаева, А. Сыбанбаева, А. Ислам, Ш. Елемесова, Н. Аитова, А. Әмірбекова, Ж. Саткенова, Ж. Жампейісова, С. Жиренов, Б. Нұрдәулетова, Г. Мұратова, Ж. Қошанова т. б. зерттеушілердің еңбектерінде әр қырынан зерттеледі.
Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі сондықтан да ғалымның
лингвокогнитивтік моделі болып саналады.
Концепт қандайда бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым
түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрлымы тіл мен
бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды.
Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын
мәдени танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет
қалдыратын «іздер» - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен
материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады.
Белгілі бір концептілердің ұлттық танымдық мәдени ақпараттық ішкі
құрылымының мазмұнын ой елегінен өткізу «зат пен құбылысқа атау берудің
тілден тыс себептерін ашып көртсетуді, атауға негіз болған заттың
(құбылыстың) негізгі белгі қасиетін анықтауды басты міндет ететін» [3. 114б], лингвистика ғылымындағы номинация теориясымен өзара
сабақтастықта қарастырылады.
Ғалым Е. М. Абақан: «Аристотельдің айтып кеткен «әлемнің тілдік бейнесі» туралы ойын бүгінде әркім әрқалай ұғынса да, болмыс пен тіл арасындағы тығыз байланыс бір ауыздан мойындалады. Мұндай байланыс санадағы көрініс тіл білімінде «концепт» немесе «эйдетикалық белгі (символ) деп те аталып жүр.
«Концепт» деген терминді алғаш рет діндар-флософ Ансельм қолданған екен. Бұл термин латын тілінде сопсерііо - 1) байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем. Кең мағынасында бұл сөз - есімнің (белгінің) ұғымдық мағынасы, яғни
«ойдағы ұғым, идея» дегенді білдіреді. Лингвистикада «концепт» термині,
көбіне, «грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында
жұмысалып жүр.
Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (обстракцияның) ең жоғары деңгейін білдіретін ұғым-концепт емес -«оқиға,
процесс, дерек» туралы ұғым. Сондықтан, «концептуальды талдау» сөздің
немесе сөйлемнің контекстке, яғни нақтылы мағынаға қатысы анықталуға тиіс»
[4. 45б] дей келе, «Абстрактылық концептер өте көне замандарда
пайда болып, қазіргі евразиялық тілдердің ажырамай тұрған кезінде белсенді
роль атқарған екен. Протоевразиялық тілдердің өзегін құрайтын мұндай
концептердің тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің тілдердің
дамуына тікелей әсер болған. Концептерді анықтау протоевразиялық тілдердің
даму тарихын, жалпы тілдің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Тілдің
абстрактылық, символдық табиғаты тілдердің генеалогиялық, типологиялық
жүйесін де қайта қарауға негіз бола алады» [4. 50б], дегенді алға
тартады.
Ғалым Н. Уәли: «Концепт индивид санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік - заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмүны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі . . . Концептінің жасалуына ұғым емес,
заттық образдар (бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді
(ержетті) дегенге ат, мінжал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат
өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр», -дей келе,
«Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің
танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі
жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже
тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық т. б. ), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым» [5. 12-13 б] дейді. Демек
концептіні жеке тұлғаның санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдан
пайда болады деген ғалым Н. Уәлидің пікірі Ю. С. Степанов пікірімен біржақты
ұштасады.
Тілдік бірліктер құралы фразеология туралы А. Исламда қостайды: «Ұлттық реңкті фразеологизмдер - дүниенің тілдік суретін мейілінше айқын көрсетер тіл қабаты. Фразеологизмдердің образдық негізі ұлт мәдениетінен, оның дүниетанымы туралы ақпарат берер көзі. Фразеологизмдердің мәдени
коннотациясы, модустік бағалау реңктерін ашу ұлт өкілдерінің құндылықтар
дүниесін айқындауға мүмкіндік береді» [6. 7б] .
Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Күштаева: «концептіні адам дүние
танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік
ретінде қарастыра келе, адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері
бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі, концепт терминіне
«рухани мәдениеттің тірек сөздер» мағынасында ғана түсінбейміз, себебі тірек
сөз концепт сөзіне емес «мәдени концепт» тіркесіне балама ретінде
қоланылады» [7. 30-31б], дегенді айтады.
В. А. Маслова бұлардан үшінші бір топ «ұлттық мәдени категорияларды»
қосымша бөліп шығарады [8. 51б] . Мәселен қазақтар үшін өмір,
өлім, жан, тән, ар, ұят т. б. ұғымдар концептінің ұлттық мәдени танымдық
категориялары жатады.
Қазақ тіліндегі концептінің мән мағынасын айқындауға ой салатын
пікірлеріде баршылық. Мәселен, Г. Смағұлова: « . . . фразеологизмдердің мағыналас тізбек құрудағы басты қасиеті - жалпы ұғым, түсінікке бағытталған
тіркестер болатынын ескере келе, мағыналас фразеологизмдердің синонимдік
тізбектерде ұғымды сөзбен жеткізе алмаған жағдайда мағына ортақтығын
танытып тұратын жеке мағыналық ой басым түскен тұрақты тіркес сөз
доминант қызметін атқаратынын айта келе, семантикалық синтагмалық аясында фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын әр
сол мағынаның толық жұмысалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Біз
мұндай сөздерді «сүйемел сөз» деп атаймыз» [9. 135б] дегенді айтады.
Зерттеуші С. Жапақов: «концепт дегеніміз индивидтің, тілдік ұжымның
лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады»
[10. 47-48б] десе, Ш. Елемесова концептілерге көркем мәтіннің
ассоциативті концептілік құрылымы арқылы келе отырып: «Концепт базалық
когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланатын сөздермен
байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде
ш
ындықтың адам миына бейнеленуі» [11. 85б] деп айтады. Ал, С.
Жиренов концептіні: «Концепт - ойлау мен таным және мәдени процестердің
жиынтығы бола келіп, адам ойындағы ғалам бейнесінің өзіндік белгілерінің
ассоциациялануның нәтижесі. Концепт - тіл мен таным бірлестігі арқыілы
дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар ұлттық-танымдық мәдениетті
зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасында жинақталған аялық білімнің
шоғыры тілдік-танымдық бірлік. Концептілік мәнге ие доминатты талдау
арқылы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін тануға ұлттық-танымдық-мәдениеттің
қалыптасу жолын білуге, сол арқылы бүгінгі тұрмыстағы хал-ахуал жайлы
аялық білімде жинақталған ақпаратпен танысуға болады» [12. 8б]
деп тұжырымдайды.
Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді. Ол қатып қалған семантикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениті негізінде уақыт пен
кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың
концептуалдану процесінде жаңа мағынаға ие болуы арқылы құрылады. Ал
концептуалдану - адамның танымдық әрекетінің маңызды поцестерінің бірі. Ол
адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында (психикасында) жаңа
концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің
жасалуына жол ашады.
В. А. Маслова орыс мәдениетінің концептілік саласын (концептосферасын) қарастыра келе былай деп жазады: «Все концепты можно разделить на 1) мир -
пространство, время, число, родина туманное утро, зимняя ночь; 2) стихии и
природа -вода, огогнь дерево, цветы; 3) представления о человеке - новый
русский, интеллигент, гений, дурак, юродивый, странник; 4) нравственный
концепты - совесть, стыд, грех, правда, истина, искренность; 5) социальный
понятия и отношения - свобода, воля, дружба, война и. д. ; 6) эмоциональный
концепты: счастье, радость; 7) мир артефактов: храм, дом, геральдика,
сакрольные, педметы (колокол, свеч и др. ) ; 8) концептосфера научного знания:
философия, филология, матиматика и т. д. ; 9) концептсфера искусства:
архитектура, живопись, музыка, танец и. т. д. . » [13. 70б] .
Осы жіктемеде атап айтқанда, орыс мәдениетіне тән ұлттық және әмбебап
концептілер берілген (мәселен, тұманды таң, қысқы түн, жаңа орыс т. б. ) .
«Концепт» терминін логикалық-философиялық тұрғыдан түсіну, өзіміз
байқап тұрғандай лингвистикалық жұмыстарда да орын алған. Бұл әдісте
концепт сөз мағынасына теңестіріліп, адамның ментальдік қызметіне
жатқызылады.
Ал сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагматикалық,
семантикалық сипаттарына байланысты. Біз концепт терминінің қазіргі тіл
ғылымында қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара сабақтаса
байланысының күшейген тұсында өзіндік мәнге ие болады деп түсіндіреміз.
Логикада «концепт» термині «ұғым, түсінік» терминдерімен бірдей мағынада
қолданылады. Сонымен біз концепт ұғымын адамның әлем туралы өз бойына
жинақтаған мәдени түсініктерін бейнелейтін ғаламның тілдік бейнесі ретінде
танимыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz