Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік Университеті

Өзбетінше жұмыс
Тақырыбы: І.Кеңесбаев - қазақ фразеологиясының негізін салушы

Орындаған:Өзбек филологиясы факультеті қазақ тілі және әдебиеті бағдары
2 курс студенті Абдуллаева Дильфуза
Тексерген: Шарипова Жанар

2020-2021

І.Кеңесбаев - қазақ фразеологиясының негізін салушы
I. Кіріспе
1. Ісмет Кеңесбаев зерттеуші ғалым
II. Негізгі бөлім
1. І.Кеңесбаев: Қазақ тілі фразеологиясы - дербес пән
2. І.Кеңесбаев: Фразеологизм және мақал-мәтел жайлы зерттеулері
3. І.Кеңесбаев: Фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркес жайлы
4. І.Кеңесбаев: Фразеологизмнің дыбыс үйлесімі жайлы зерттеулері
5. І.Кеңесбаев: Фразеологизм және ұйытқы сөздер туралы тұжырымдары
6. І.Кеңесбаев: Фразеологизмнің құрам сипаты, компоненттерінің байланысу түрлері туралы
7. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе: Ісмет Кеңесбаев зерттеуші ғалым
Ғалымды толықтай зерттеп, оны әрі қарай дамытуға, оның туған топырақтан нәр алып, таралуына себеп болатын әрі оның бар қиындығын көре жүріп, нәтижесін сол ұлттың ғылыми жетістігі етіп көрсетуге бар өмірін арнаған адам ғана шын мәнінде үлкен ғалым деуге болады. Ісмет Кеңесбаев өзін қалыптастыра білген, есімін ел жадына жаттаттыра білген тұлға. Ісмет Кеңесбаев 1907жылы ақпан айының 15-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Әуелден мұсылманша хат танып, одан кейін Түркістан қаласындағы орта мектепте, содан соң 1922-1926 жылдрдан бастап білім нәрімен сусындап, түрлі оқу орындарын тәмамдаған. 1931-1934, 1988-1994 жылдары аралығында жасаған еңбектері мен қызметтерін кеңінен ашып, еңбекқор қырын аңғара түстік. Ғалымның ерекшелеп айтар еңбегінің бірі 1977 жылы жазылған Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі деп аталатын еңбегі арқылы қазақ тіліміздің тұрақты тіркестерін бір қалыпты, тиянақты, толық әрі жан-жақты зерттеулер жасағанын байқадық.
Ісмет Кеңесбаевтың ғылым жолында болашақ тағдыр-бағытын айқындаған жылдар Ленинградтағы шығыстану институтында білім алған жылдары болды. Мұндаол А.Н.Самайлович, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Мещаников, Л.В.Щерба, тағы басқа профессорлардан сабақ алып, жалпы линвистикалық және туркологиялық терең білім алды.
1944 ж. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғайды да, кейін Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты мен С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. 1946 ж. Кеңесбаев Қазақ ССР Ғылым академиясына толык мүше болып сайланды. 1951 жылға дейін Қазақ ССР ҒА-ның вице-президенті болып істеді. Ширек ғасыр бойы Қазақ ССР ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелері: Тіл жҽне әдебиет (1947 -- 1951 жҽне 1957 -- 1961 жж.), Тіл білімі (1961 -- 1978 жж.) институттарын басқарады.
Ғалымның ғылыми жұмыстары фонетика, лексика, фразеология салаларымен байланысты. Әсіресе фразеология саласындағы Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері деген еңбегі - фразеологизм туралы түркологиядағы алғашқы еңбек болды. Зерттеу нәтижесі 1977 ж. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі болып басылып шықты. Мұнда бай фразеологиялық қор жүйеге келтіріліп, қыруар дерек пайдаланылған. Бұл шынында, бүкіл отандық сондай-ақ, шетелдік түркологияда да көлем жағынан да (88 баспа), сапа жағынан да осы саладағы тұңғыш еңбек. Екі томдық Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігінің (1959 -- 1961) шығуына басшылық етті. 1956 ж. ол Т. Жанұзақовпен бірлесіп, лингвистика терминдерінің орысша-қазакша сҿздігін құрастырып бастырды.
Сипаттамалы дыбыс жүйесі (синхрондық фонетика) - І. Кеңесбаев зерттеген іргелі саланың бірі. Лебіздік дыбыстардың белгілі бір кезеңдік даму жүйесін қарастыратын бұл салада сипаттамалы фонетикада дыбыстардың айтылудағы ерекшелігі, тіркесімділік қасиеті, буынның сипаты, үндестік заңдылығының орындалуы, дыбыстарды айту жҽне жазу мәселесі т.б. зерделенді. Қазақ тілінің сипаттамалы фонетикасы ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамедұлы, С.Аманжолов еңбектерінің негізінде қалыптасып, кейін І. Кеңесбаев еңбектері арқылы дамытылды.
І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың --Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика оқулығында фразеологиялық бірліктерді фразалық тіркестер деп атап, оларды идиомдар мен фразаларға бөледі, әрқайсысының ғылыми анықтамасын кҿрсетіп, ерекшелігі мен мағыналық құрылымындағы өзіндік белгілерін тілдік деректермен талдайды. --Идиом да, фраза да - белгілі сөз тізбектері: идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айрылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана лексикалық ұғым береді - делініп, олардың грамматикалық, лексикалық, семантикалық ерекшеліктері қарастырылады.

Негізгі бөлім
І.Кеңесбаев: Қазақ тілі фразеологиясы - дербес пән
Зерттеуші ғалым Ісмет Кеңесбаев Фразеологизмді дербес пән деп санайды және бұлай атауының да себептерін көрсете кетеді. Бұл жайлы ол өзінің Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты еңбегінде айта кеткен.
Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім.сол қасиет әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінелі. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы деген топқа сөздікте қамтылғаналуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау әбден орынды.
Әр тілдің заңдары, өзіне лайық ерекшеліктері бар; оларды зерттейтін фонетика, морфология, синтаксис, лексика, семасиология тәрізді тараулары бар. Фразеологизмдер бұрынғы-соңды еңбектерде, көбіне осы лексика тұрғысынан зерттеліп келеді. 1950жылдан кейін түркі тілдерінде фразеология жан-жақты тексеріліп, тың ойлар ғылыми жұртшылық талқысына түсуде.
Фразеология ерекшелліктерінен тілдің бойында бар талай заңдылықтарды, тек фразеологиялық тіркес емес, жалпы тілімізге , сөздерге де тән ереже қағидаларды шет-пұшақтап болса да ескеретініміз жөн.
Фразеологизмдер өзінің сыртқы тұрпаты жағынан еркін тіркестерге ұқсайды; мәселен, атрибутты тіркестердегі соңғы компонент өзінің негізгі мағынасын сақтап, тиянақты келетін болса, анықтауыш компонент ауыспалы мағынада жұмсалады: асқар тау, сүмбіл шаш, қолаң шаш, қынай бел, қыпша бел демек, адөьективті тіркестер( сын есімді, сан есімді, сан есім мен сынға айналған зет есімді, немесе сан есімнен кейін жасалған туынды өзге есімді тіркестер) анықтауыш компоненті осы ізбен жасалатындығы күмән тудырмайды: сасық бай, егіз қозылы, екі жүзді, бір қайнатым т.б.
Фразеология пәнінде фразеологизмдердің варианттары мен синонимдері жөнінде түрлі түсініктер бар. Қазақ тілі фактілеріне жүгінсек, бұл екі түрлі құбылыстың басы ашық, біріне бірі, соқпайтын тәрізді. Фразеологизм тіркесінің варианттары өзара жақын, іштей өзектесіп жатады. Мысалы:өш алды - кек алды, тыныс алды - дем алды, ығыр етті-ығыр болды, ығыр қылды; ашуына тиді - шамына тиді, намысына тиді т.б. Бұл жерде фразеологизмдер варианттарды тек лексика тұрғысынан ғана сөз етіп, жатырмыз.
Фразеологизмдердің синонимдерінде, жоғарыда ескерткеніміздей, мынадай айырым белгіні байқаймыз: синонимдер арасында жалпы мағына жуықтығы болғанымен, бірінде бар компонент екіншісіндеде ұшыраспайды. Яғни, синонимдес фразеологизмдердің компоненттері еш уақыт екі рет қайталанбайды(он қолынан өнері тамады - ағаштан түйін түйеді - бит қабығынан битпәй тоқиды).
Фразеологизмдер ішкі мән-мағынасына қарай қолданылу барысында өзінің стильдік өңін өзгертіп отырады. Яғни, фразеологизмнен тыс өзге сөздердің фразеологизмге әсері болмайды емес. Мәселен, қол көтерді; табағын тартты, басы айналды, тәрізділердің мұндай мағынасын тәуелді мағына дейміз. Себебі бұлар өздігінен тұрып белгілі бір тиянақты мағына білдіре алмайды. Сол сияқты, басы айналды, тіркесі де ситуацияға қарай әр контексте әр түрлі мағынада жұмсала береді, шалқар көл, жолың болсын, бос белбеу, үптеп кетті, жеті түн, сияқты фразеологизмдер өздігінен дара тұрып та негізгі мағынаны айқын аңғартырады. Тіркестердің осындай мағынасын тәуелсіз мағына деуге болады.

І.Кеңесбаев: Фразеологизм және мақал-мәтел жайлы зерттеулері
2) Ісмет Кеңесбаев өзінің фразеологизм сөздігінде фразеологизмдер және мақал-мәтелдердің ұқсастық, айырмашылық ерекшеліктеріне тоқталып өткен. Тілдегі мақал-мәтелдер де тұрақты сөз тіркесіне жатады. Бірақ барынша, тар ұғымда алынатын фразеологизмдер мен мақал мәтелдердің арасында үлкен айырым бар. Мақал мен мәтел фразеологизмдерден өзінің сөз қолдыныс, мағыналық жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан яғни өздерінің семантикасы грамматикалық құрылысы жағынан мақал-мәтелдің фразеологизмнен елеулі айырмашылығы бар. Фразеологизмге кейбір ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мәтел сөз саптаудың дербес түрі болып саналады. Демек олардың өздеріне тән лексика-семантикалық, грамматика стильдік ерекше белгілері бар. Белгілі бір фразелогизмнің мағынасы сыртқа тұлғаға мүлдем қалыс деуге болмайды. Фразеологизм мен мақал-мәтел бір-бірінің өздерінің мазмұны жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да сараланып тұрады. Мазмұны жағынан мақал мен мәтел атаулының дені игі қасиеттерге үндеу, уағыз өсиет сипатында болатыны мәлім. Мақал-мәтел нақылға жөн сілтеуге ойысса, фразеологизмдер тек анықтауыш - бейнелеу мәнде келеді. Осы себепті де, мақал мен мәтел синтаксистік жағынан Фразеологизмдерге қарағанда анағұрлым күрделі. Мақал-мәтел қаншалықты ауыс мағынада қолданғанмен, құрамындағы сөздер өзінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылып қалу қасиеті бөлек. Осы ерекшелігіне қарай Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер әр түрлі тәсілде қолданылады. Фразеологизмнің кей типтері үшін сөздің туынды мағынада қолданылуы ғана емес, сөздің абстрактыланып десемантизацияға ұшырауы шарт. Бірақ ол формант дәрежінен, әрине алшақ тұрады. Қас пен көздің арасында қайда кетіп қалды дегендегі қас пен көздің арасында деген - фразеологизм. Ал, сен көзіңді ашып, жұмып тұрғанда қол барар жеріне жетіп қалды дегендегі көзіңді ашып, жұмып тұрғанда дәл осы контексте фразеологизм бола алмайды. Түйе үстінен сирақ үйітті; түлен түртіп отыр; қара қиды қақ жарып; сыр суы сирағынан; төбеңнен құй қазып отырғаным сияқты сөз тізбектері де фразеологизм болып есептеледі.
Қорыта келгенде, мақал-мәтелдің тән айырым белгілері болады. Сондықтан олар тіл жүйесінен өзіне де орын тебеді. Мақал-мәтелмен фразеологизмдерді сырттай жақындастыратын белгілер де бар. Мақал-мәтелдің фразеологизмге ұқсастығы ең алдымен компоненттер тұрақтылығынан көрінеді. Мақал-мәтел компоненттерінің де орнын ауыстыруға болмайды.

І.Кеңесбаев: Фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркес жайлы
3) Фразеологиялық тіркестерді зерттей келе тұрақты тіркестерді 2 түрге бөледі. Олар фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркес.
Қазақ тілінде, барлық басқа тілдердегі сияқты фразеологиялық түйдек емес (идиом емес) фразеологизмдеп орасан көп. Олар да идиом секілді орын тәртібі жағынан тұрақты. Бірақ мағынаның тасалану, тасаланбауы, яғни құрамындағы сөздері өзінің тура мағынасын сақтауы, сақтамауы жағынан фразеологиялық түйдектің фразеологиялық тіркестен елеулі айырмасы бар.
Бұл екеуі де белгілі сөз тізбектері: түйдек тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айрылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі фразалық мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, түйдек ішіндегі компоненттер өзінің бастапқы лексикалық формасы мен семантикалық қасиетін жоғалтады да сырт сиқын ғана сақтайды. Фразеологиялық түйдектің беретін мағынасы оның жеке шығатын сығарларынан шығатын мағынамен байланыспауына берер мысал: қабырғаңмен кеңес, қырғи қабақ болды сияқты. Қабырғаңмен кеңес дегеннің мағынасы қабырға, кеңес деген сөздердің тікелей мағынасынан алып отырған жоқ (мұның беретін мағынасы ойлан) не болмаса жүрек жалғады (мағынасы жеңіл-желпі тамақ ішіп алу) т.б. Осында келтірген әрбір түйдек сыңарлары тұтасып барып қана, өзара бір шоқ жаға мағына туғызып тұр.
Ал, фразеологиялық тіркес ішіндегі сөздер негізгі мағынасынан жарым-жартылай ғана айрылып қалады. Мысалы: белін қынай буынды, ата жолын қуды, егіліп жылады, шалқар көл, жосадай қан, мидай дала.
Сөздердің фразеологиялық түйдек болсын, фразеологиялық тіркес болсын екеуіне де ортақ қасиет - тиянақтылық. Бұл екеуінің де компоненттері өзара бекем орынға, белгілі тәртіпке ие болуы шарт; компоненттер бөтен сөздерге жанаспай, олардың бойын аулақ салып, өзінің арнаулы сөздерімен үйірлес келеді. Демек, егіліп дегенді жылады дегеннің алдына қоюға болады, қынай деген сөз буынды деген сөзбен жанаса алады.

І.Кеңесбаев: Фразеологизмнің дыбыс үйлесімі жайлы зерттеулері
4) Фразеология саласын барынша түгел зерттеген І.Кеңесбаев тұрақты тіркестерді дыбыстық үйлесімділігі жағынан да қарастырады. Бұл мәселе бойынша өз тұжырымдарын зерттеулерінде көрсеткен. Осы тақырып бойынша зерттеулері төмендегіше болды:
Фразеологиялық тізбектерді тұрақтандыра түсетін белгілердің бірі - олардың ұйқасқа құрылуы. Мысалы, ақай жоқ, тоқай жоқ; ай деп әже, қой дер қожа жоқ; үлде мен бүлдеге оранып сияқтылар ұйқас негізінде жасалған. Бұл сияқты ұйқасып келетін фразеологиялық тізбектердің саны аз емес.
Фразеологизмдердің ішінді әсіресе, аллитерация жиі ұшырасады. Бір ғана с дыбысынан басталатын компоненттерге мысал келтірейік: сай-сүйегі сырқырады; сайда саны, құмда ізі жоқ; салы суға кетіп оты; самсаған қол; сан соқты; салты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарады; сары ішіне шөп салып отыр; сойылы соры сорпадай қайнады; сыр суы сирағынан; сіркесі су көтермеді; сүттен ақ, судан таза; т.б.
Міне осы фразеологизмдердің жасалуында дыбыстық үндестік аңғарылып тұр. Айталық, соры қайнады деген тіркестегі соры сөзі көже, не быламықты керек етпей, сорпа сөзін таңдап тұр. Күнделікті сорпа қайнады деген тіркесінің айтылар реті жоқ. Сыр суы сирағынан деген де солай.
Өзге дауыссыздардың әуендестігіне құрылған фразеологизмдер де тілімізде бір шоғыр: қас-қабағына қарады; қырғи қабақ, қырық пышақ, белді бекем буды, без бүйрек, жанын жегідей жеді, т.б.
Ауызекі тілде Он жарғасы түсіп деген тіркес өзгеріске ұшырайды. Бұлар - фонетикалық вариациялар: ө, о, ә, і дыбыстары бір-бірімен ауыса береді, бірақ бұдан сөздің мағынасы ойсырамайды. Сол сияқты өлмесең әмірем қап, деген өлмесең өмірем қап дегеннің қосымша тағы алты түрін келтіруге болады: өрем түрінде де, (өлмесең өрем қап) үрем түрінде де, (өлмесең үрем қап), әрең түрінде де, омыра түрінде де, әме түрінде де айтыла береді. Бұлардың тұрақты бір түрін анық айта алмаймыз, ома, өміре орнына, құм (өлмесең құм қап), жер, тас түрінде де кездеседі. Сондықтан бұлар лексикалық вариантқа жатады. Сол сияқты иттің ұлы итақай деп те, иттің құлы итақай деп те айтыла береді.
Ал енді бес енеден белгілі (пешенеден белгілі, бешенеден белгілі) деген де халық аузында бар тізбек. Ауызша тілде де, әдеби тілде де бұлардың орны ауысып келе берде. Иран тілінде тағдыр мағынасында пешен деген сөз бар; сенің пешенңе жазған (қырғызша: бешенеңе сызған, не бешенеңе жазған) деген тіркес көп жерде кездеседі; пешене дегенің бес ене болып қолданылуы халық этимологиясының жемісі деген пікірлерде жоқ емес.
Жоғарыда айтылған дыбыс өзгерістеріне тәптіштеп тоқталуда бір-ақ себебі бар, ол: тілімізде осы іспеттес жарыса қатар айтылатын тұлғалар аз емес; ол фразеологизм саласынан басқа жерлерде де ұшырасады. Әдебитілімізде осы мәселе өз шешімін табуы керек. - дейді автор Ісмет Кеңесбаев.

І.Кеңесбаев: Фразеологизм және ұйытқы сөздер туралы тұжырымдары
5) Фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер семантикалық жағынан ерек байқалып, түп қазық есебі қызмет атқарады. Ондай сөздер әлденеше фразеологизмдерде қайталанып отырады.Оны ұйытқы сөздер деп атаған мақұл. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздіктің түрлері
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Сөздік құрастырудың техникасы
Түсіндірме сөздіктер
Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері
Сәкен Жүнісов Жапандағы жалғыз үй романынының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер