Сүт белоктары


Жоспар:
Кіріспе . . . 2.
1. Сүт құрамы, сүт белоктары3.
2. Қарапайым белоктар, сипаттамасы . . . 5.
3. Протеноидтар тобының ақуыздары . . . 7.
4. Күрделі ақуыздар, олардың қасиеттері . . . 7.
Ана сүті белоктары . . . 10.
Қорытынды . . . 14.
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15.
Кіріспе
Сүт және сүт өнімдері тұрғындардың тамақтануының маңызды тағамы болып табылады. Әсіресе балалар мен науқас адамдардың, сонымен қатар жүкті әйелдер мен емізетін аналардың, қарт адамдардың тамақтануында өте маңызды роль атқарады. Сүт және сүт өнімдерінің химиялық және биологиялық құндылығы табиғатта кездесетін барлық тағамдардан жоғары. Сүт және сүт өнімдері әр түрлі тағамдардың құрамына кіре отырып, оның тамақтық құрамын жақсартады, түрлендіреді және тамаққа жағымды дәм береді. Ежелгі философтар сүттің химиялық және физикалық қасиеттерін білмеген, бірақ олардың организмге әсерін байқап, оларды «ақ қан», «денсаулықтың көзі», «өмірдің шырыны» деп атаған. Сүтті қолданудың алғашқы басы көне кезеңге кіреді және ол жабайы ешкілерді, қойларды, кейіннен сиырларды қолға үйретумен байланысты. Ежелгі адамдардың ерте заманда қан аздық, асқазан ауруларын, және басқа да ауруларды емдеуде сүтті қолданғанын куәләндыратын көптеген деректер бар. Сонымен қатар, атақты грек дәрігері Гиппократтың (б. э. д. 400 жыл бұрын өмір сүрген) ойы бойынша, аурулардың көптеген қатарларына малдың сүтін қолдануға болатыны немесе болмайтыны айтылды. Орта ғасырда білім деңгейінің төмендігімен байланысты сүтпен емдеу ұмытылды, тек XVI ғасырдың аяғында оны қайтадан Францияда, кейін Батыс Еуропаның қалған елдерінде қолдана бастады. Сүтпен емдеуді ең алғаш рет 1000 жыл бұрын өмір сүрген Тәжік оқымыстысы - дәрігер Ибн-Сина (Авиценна) кітабына енгізген. Ол кітабында сүт тағамдары, әсіресе, қарт адамдарға пайдалы деп жазған. Ежелгі Грузия мен Арменияда қалтырауды сүтпен емдеген, ал Қазақстан, Орта Азия, Кавказ, ежелгі Шығыс елдері ертеден сүтті ашытып қымыз, айран, сыр түрлерін алған. Сүт және сүт өнімдерінің биологиялық және тамақтық құндылығы. Сүт және сүт өнімдерінің құрамында биологиялық құндылыққа ие жә-не тіршілікке маңызды функцияларды қамтамасыз ететін, адамның өсуі мен дамуы үшін қажетті және маңызды көптеген элементтер кездеседі. Әр түрлі малдар сүттерінің құрамы өздерінің құрамы бойынша ерек-шеленеді, бірақ барлық сүттің түрлері жас организмнің қажеттілігін тамақтық заттармен керекті деңгейде қанағаттандыра алады. Тұрғын-дардың арасында неғұрлым кең қолданылатын сүттің түрі - сиыр сүті. Сиыр сүтінің химиялық құрамы әр түрлі факторлардың: жануарлардың жаратылысы, лактациялық кезең, қоректендіру сипаты, сауу әдісі, денсаулық жағдайы, зоологиялық шаралардың әсерінен маңызды өзгерістерге ұшыраған.
Сүт белоктары.
Сүт белогы жеткілікті мөлшерде және оптималды қатынастағы алмастырылмайтын аминқышқылдарының жақсы сіңірілгіштігімен анықталатын жоғары биологиялық құндылыққа ие. Сүтте белоктың үш түрі берілген: казеин, лактоглобулин, лактоальбумин. Бұдан басқа оның құрамында сүт безінің клеткаларынан түсетін біраз мөлшерде майлы шариктер қабықшасының белоктары, сары су белоктары және белокты заттар кездеседі. Казеин - серин мен күрделі эфирлерді, треонинді түзіп, молекулада фосфор қышқылы оксиаминқышқылымен байланысты фосфопротеин болып табылатын сүттің негізгі белогын (сүттің барлық белоктарының 81%-ін) құрайды. Бұдан басқа, казеин сүттің кальцийімен байланысты және белсенді казеинді фосфаткальцийлі кешен түзеді. Сүтте кальций тұзы түрінде кездесетін казеин кальций казеинаты деп аталады. Сүт ашыған кезде қоюлану процесінде сүт қышқылымен әсерлесе отырып, қалдық түрінде түсетін сүт қышқылы кальций және казеинге ыдырайды (бұл кезде сүт қышқылы кальцийдің маңызды бөлігі сұйық бөлігінде, сарысуда қалады) . Сүт казеинінің құрамында липотропты заттар бауырдың майлы инфильтрациясының алдын алатын метионин және холин болады. Сүт альбумині құрамында казеинге қарағанда фосфор болмайды, бірақ оның молекуласында күкірт біршама көп. Сүт альбуминінде көп мөлшер-де триптофан кездеседі, ол лизинмен және никотин қышқылымен бірге сүйек пен бұлшық ет тіндерінің өсуі мен дамуы үшін қажет. Бұдан басқа триптофан никотин қышқылымен бірге РР витаминінің жеткіліксіздігінің дамуын алдын алады, организмде одан ниацин синтезделеді. Сүт белогы - лактоальбумин организмде гемоглобин және плазма бе-локтарының түзілуі үшін қолданылады. Сүтті қайнатқаннан кейін, ыдыс-тың түбінде негізінен альбуминнен тұратын ақ қалдық көрінеді. Айқын өсу қасиеттеріне ие триптофанның лактоглобулин құрамындағы мөлшері сүттің басқа белоктарына қарағанда 4 есе жоғары. Лактоглобулин лизиннің және фенилаланиннің жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Сүт глобулиндері биологиялық қасиеттері бойынша антибиотикалық қасиеті басым заттарға жатады және құрамына антиген кіретін сарысу белоктарының фракциясы болып табылады. Иммундық қасиеттің тасымалдаушылары болып қан плазмасының глобулиндеріне жақын эвглобулин және жалғанглобулин саналады. Майлы шариктер қабықшасының белоктары сүтте аз мөлшерде кезде-седі және ол лецитинді-белокты қосылыс түзеді. Кілегейден май жасаған кезде лецитинді-белокты қабықша бұзылады да пахтаға белоктар өтеді.
Сүт белоктарында толық құнды тамақтану үшін барлық қажет аминқышқылдар бар екенін көруге болады. Олардың кейбіреулерінің (лизин, лейцин) құрамы казеинге қарағанда альбумин мен глобулинде жоғары. Соған байланысты осы белоктарды сүтте сақтап, тұрғындардың тамақтануында пайдалану үшін шаралар қолдану керек. Сүт белогы молекулаларының фосфаттармен, кальциймен, липидтермен және витаминдермен байланысы тамақтық белоктарының биологиялық құндылығын жоғарылатады. Сүт белогы зат алмасу процесстеріне, пластикалық процесстерге, ферменттер мен гормондардың түзілуіне қатысады. Ол басқа заттармен алмастырылмайды. Ақуызды заттарды топтастыру және ақуыздар тобының маңызды өкілдеріне түсініктеме, олардың қасиеті, табиғаттағы таралуы. Глобулярлы және фибриллярлы ақуыздар. Тері ақуызының құрамындағы полисахаридтердің ролі. Альбуминдер, глобулиндер. Химиялық құрамына қарай белоктар: қарапайым(жай) белоктар (протеиндер) және күрделі белоктар (протеидтер) топтарына бөлінеді.
Қарапайым белоктар олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы.
Қарапайым белоктар гидролиздеу кезінде тек амин қышқылдарына ғана ажырайды. Төменде қарапайым белоктардың негізгі өкілдері жайлы сөз болмақ. 1. Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмырткасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс зарядталған. Құрамында глутамин кышқылы көп болғандықтан, оның қышқылдық қасиеті бар, рН-1 - 4, 7. Альбуминдер суда, тұзды ерітінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді, гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды. Қан сарысуының альбумині 500 амин қышқылы қалдықтарынан құралады, м. м. - 7, лактоальбумин (сүтте болады) 153 амин қышқылының қалдықтарынан құралады, м. м. - 17 000. Жұмыртқа белогінде овальбумин кездеседі, оның м. м. - 45000. 2. Глобулиндер - бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде кездеседі. Глобулин - сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады. Ол сұйытылған тұз ерітінділерінде ериді, суда ерімейді, рН-і - 6-7, 3. Глобулиндер қанда көп мөлшерде кездеседі. Олар өздерінің құрамы, молекулалық массасы және биологиялық қызметі жағынан бір-бірінен өзгеше. Глобулиндерді: a - глобулиндер, р - глобулиндер және у - глобулиндер деп бөледі. Ал, олардың өзі ары қарай бірнеше топқа бөлінеді. a - глобулиндер тобына церулоплазмин жатады. Ол плазмадағы мыс иондарын тасымалдау қызметін атқарады, м. м. - 15. р - глобулиндердің арасында трансферрин бар, ол темір иондарын тасымалдайды, м. м. - 76000. Глобулиндердің ішіндегі аса маңыздысы ү - глобулин. Ол антиденешік, ағзаны қорғаушы белок. 3. Гистондар (грекше - histos - ұлпа) - ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ қосылысымен байланысты болады. ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын тұрақтандыруға және репрессия процесіне қатысады. Генетикалық мәліметтің ДНҚ-дан РНҚ-ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды. Гистондар өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі. Олардың құрамында аргинин мен лизин қалдықтары көп болуына байланысты сілтілік қасиеті бар, м. м. - 11000-21000, рН- 10. 4. Протаминдер - ең шағын молекулалы белоктар, м. м. - 4000-12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты. Ол спермада (еркектің ұрығында) болады және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады. 5. Проламиндер - өсімдіктер белогі, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70% этанолда ериді. Бұл белоктар тобында кейбір ауыстырылмайтын амин қышқылдары тапшы болады. Проламин белоктары тобына бидай мен қара бидайдың глиадины, арпаның гордеині, жүгері зеині мен сұлының аверині жатады. 6. Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді. Астық тұқымдас дақылдар дәнінде проламинмен бірге белок қоры ретінде жиналады. Бұлар: бидайдың глутелині, күріштің оризенині және басқалары. 7. Протеиноидтар (склеропротеиндер) - белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніштірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың т. с. сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады. Бұл белоктар ерекше мықты және иілмелі-созылмалы келеді. Суда, тұздардың, қышқылдар мен сілтілердің сұйық ерітінділерінде ерімейді. Бұл белоктарды протеолиттік, ферменттердің көпшілігі ыдырата алмайды, олар қоректік жағынан бағалы емес.
Протеноидтар тобының белок өкілдері мыналар:
Коллаген - бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің (сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды. Осы фибрилді талшықты белоктар суда ерімейді. Коллагеннің молекуласы үш полипептидтік тізбектен тұрады, м. м. - 285000 және оның амин қышқылдык құрамы ерекше. Ондағы барлық амин қышқылдарының үштен бірі глицин болып табылады. Коллагенді ұзақ қыздырған кезде ол денатураланады да, желатинге айналады. Эластин - жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі-созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады. Суда ерімейді. Құрамында глицин, валин, лейцин, пролин болады. Ол, әсіресе, мойын омыртқалардың байланысында, аорта қан тамыры қабырғасында коллагенмен бірге кездеседі. Эластин созылғыштық қасиеті жағынан каучукке жақын. Кератин - шаш, жүн, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді белоктар. Құрамында цистеин (150% шамасына дейін), глутамин қышқылы, лейцин көп. Суда, қышқылдарда, сілтілерде, тұздар ерітіндісінде және органикалық еріткіштерде ерімейді, өте берік. Бұл белоктің иіліп-созылғыштығы және механикалық мықтылығы полипептидтік тізбектер арасындағы дисульфидтік байланыстардан болады. Фибрион - табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок. Гидролизге тұрақты. Сол сияқты ол өрмекші өрмегінің де негізі болып табылады. Бұл белок құрамында көп мөлшерде глицин, аланин, серин, тирозин бар.
Күрделі белоктар . Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы. Құрамында белоктік белігі және белоксіз белігі бар қосылысты күрделі белоктар - протеидтер, ал мұндағы белоксіз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ белоктың биологиялық қызметінде маңызды рөл атқарады. Күрделі белоктар құрамында кездесетін белокты және белоксіз бөліктер, шамасы коваленттік байланыспен жалғасатын сияқты. Бұл құбылыс былай түсіндіріледі. Егер күрделі белокты басқа заттардан бөліп алғымыз келсе, ол тек белоксіз бөлігімен ғана бөлініп алынады да, белоксіз бөлігі, оның ылғи да негізгі компоненті ретінде бірге жүреді. Күрделі белоктар құрамында болатын простетикалық топтардың сипатына қарай мына төмендегідей топ тармағына бөлінеді. 1. Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады. Простетикалық топтың (нуклеин қышқылының) ерекшелігіне байланысты, оларды және рибонуклеопротеидтер деп бөледі. Молекулалық массалары үлкен болып келеді. барлық клеткалардын, ядросында, митохондрияларында және сперматозоид шөмішінде кездеседі. Сондықтан, олардан клеткадағы ядроның негізгі бөлігі құралады және олар ұлпадан айрықша бөлініп тұрады. Нуклеопротеидтердің биологиялық рөлі зор. Олар клетканың құрылымдық элементі ғана емес, сонымен бірге тірі ағзаларда негізгі қызмет атқарады. Бұл белоктардың құрамында гистондар мен протаминдер нуклеин қышқылымен байланысқан. Олар ядродағы ДНҚ құрылымын қалыпқа келтіріп, тұрақтандырады. Клетканың бөлінуі, белоктардың биосинтезі, тұқым қуалаушылық ақпараттар, көп түрлі коферменттік қызметтер нуклеопротеидтермен тығыз байланысты. Нуклеопротеидтерге вирусты белоктар да жатады, оларды осы жағынан қарастыру өте қызықты. 2. Фосфопротеидтер - жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан тұрады. Ол полипептидтік тізбектегі серинге, не треонинге жалғасады. Қыздырғанда ұйымайды. Қышқылдармен әсер еткенде ұйиды. Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртка сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) жатады. 3. Гликопротеидтер - құрамында қанттар (манноза, галактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар. Жануарлардың, адамның, есімдіктердің және микроорганизмдердің барлық ұлпаларында көп кездеседі. Гликопротеидтерге сілемей муциндері, тірек ұлпалар (шеміршек, сүйек) мукоидтары жатады. Сондай-ақ, бұларға глюкурон кышқылы, хондроитин күкірт қышқылы, гепарин, хитин сияқты заттардың да қатысы бар. Олар буындарды майлайды, клетка мембранасы құрылымының қалыптасуына, иммунологиялық реакцияларға қатысады, эритроциттердің беткі жағында орналасады, кан тобын (группасын) анықтайды. 4. Липопротеидтер - белоктар мен липидтерден (триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс. Клетка мембранасының құрылымына кіреді. Липопротеидтер бос күйінде қан плазмасында және лимфада кездеседі және ол липидтерді, кейбір гормондарды бір орнынан екінші орынға ауыстырып апара алады. Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша a - липопротеидтерге және - липопротеидтерге бөлінеді. 5. Хромопротеидтер (грекше chroma - түс, бояу және протеидтер) - боялған күрделі белоктар. Простетикалық тобы боялған зат және жарық сіңіргіш белгілі бір спектрі бар. Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флавиндік ферменттер жатады. Табиғатта жиі кездесетін хромопротеидродопсин, көздің таяқшаларында болады, кешқұрым қас қарайғанда адамның көзінің көруіне көмектеседі. Әсіресе органдар мен ауыз сүт антибиотиктер ерекшеліктерін көзі молозиво. Бірге сперматогенез үшін қажетті лизин бар аргинин. Валин - үшін жүйке жүйесі мен ас қорыту жүйесінің қалыпты қызмет. Азық-түлік жетіспеушілігі бар лейцин және изолейцин анемия дамып, өсуі тоқтатылды және неврологиялық бұзылыстар саны бар. Өйткені бұл метионин және холин бар. Казеин сүт, майлы бауыр болдырмайды, кірістің азаюына немесе ақуыз қабылдаумен арттыру кезінде ауруына байланысты ауыр физикалық жұмыс бойынша тұтыну немесе ақуыз тапшылығы бар. Рационында белок тапшылығы ағзаның төзімділігін төмендетеді инфекциялар, ол антиденелер синтезінің білім деңгейін төмендетеді ретінде бұзылған басқа қорғаныш факторлар - жіті үшін лизоцим және Интерферон қабыну процестері. Органның белок жетіспеушілігі кері әсер етеді жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа да жүйелердің және азайтады тәбет, сондықтан белок қабылдау ағыны азаяды - тұйық: шеңбер. Артық ақуыздық емдәм, сондай-ақ теріс денесі әсер етеді. , Белгілі органда артық белок және бұл жағдайда кейінге қалдырылмайды ретінде ақуыз бүйрек және бауыр жүктемені арттырады (бауыр метаболизмі қатысады ақуыз және бүйрек) ақуыз алмасуының өнімдерін жою. Жақсартылған ақуыздық емдәм бірте-бірте невроздар әкеледі жүйке жүйесінің шектен тыс әкеледі. Байланысты ақуыз алмасуының бұзылуына А витаминінің тапшылығы және В6 орын, психикалық және физикалық жүктеме дейін төмендетілді толеранттылық, тұрған гипертензия пайда алғышарттар коронарлық ауруы жүрек, атеросклероз және autogensibilizatsiya организм (өндірілген антиденелер өз мата) . Диеталық белок ұлғайды сомаларын қатысуымен асқорытуды бүлінген. Осылайша, содан кейін бар басында өсуі болып табылады және азық-түлік меңгеру әсер етеді секреция асқазан қышқылы, тежелуі. Бастап Жоғарыда біз белок жетіспеушілігі және артық атап айтуға болады зиянды денсаулық .
Фосфат сүт ақуыз. Байланыс молекулалары, кальций, Липидтердің мен дәрумендер азық-түлік биологиялық құнын ұлғайтады. Азық-түлік өнеркәсібі сүт белоктар 1, 6 пайдалану. Қазіргі уақытта, қазіргі заманғы нарықтық азық-түлік негізінен функционалдық бағдар пайда байланысты кеңейтеді. Тұспалдан . . . Ана сүті өмірге жана келген нәрестенің-ең алғаш татар нәрі! Анасының сүтімен қоректендіру алдағы уақытта балада интеллектуалды және эмоционалды дамуының жақсы негізін калыптастырады. Ұзақ уақыт ана сүтімен қоректенген балаларда болашақта гипертониялық аурулармен, атеросклерозбен, семіздік, қант диабетімен де сирек ауратыны белгілі. Әр бір ана сүті өзінің баласының организмінінің қоректік заттарға қажеттілігіне сай өзгеріп отырады, соған байланысты ешқашан бірдей екі ананың сүтін кездестіру мүмкін емес. Лактация кезеңіне сай ана сүтінің құрамының өзгеруіне байланысты 3 топқа бөледі.
1. Бастапқы ана сүті -уыз.
2. Сүттің ауысу кезеңіндегі түрі .
3. Жетілген ана сүті.
Уыз- босанғаннан кейінгі алғашқы 5 күн бойы ана сүт бездерінің өндіретін сүті. Уыздың түсі сарғыш-қызғылт немесе қанық-сары, себебі құрамында өте көп мөлшерде белок болады. Уыздағы негізгі белоктар- лактоферрин және иммуноглобулиндер. Лактоферрин өте жоғары дәрежеде бактерицидтік әсер етеді, ал ананың иммуноглобулиндері жаңа туған нәрестенінің ағзасында барлық инфекцияларға қарсы біріншілік иммунизация жасайды. Ана сүтінің құрамындағы секреторлық иммуноглобулин А-sIgA жаңа туған нәрестенің кілегей қабаты ушін манызы зор: асқазан-ішек трактілеріндегі, тыныс алу жолдарындағы кілегей қабаттарына зиян келтіретін микроорганизмдердің зақымдап-енуінен сақтайды. Салыстырмалы қарастыратын болсақ уызда витамин А және Е жетілген суттің құрамымен салыстырғанда жоғары, бұл витаминдер жаңа туған нәрестенің орталық жүйке жүйесінің, дене бұлшықеттерінің, көздің тор қабатының дамуында аса жоғары қызмет атқарады. Уызда судың көлемі аз болады, себебі алғашқы күндері жана туған нәресте бүйректері көп мөлшерде суды өңдей алмайды. Уыз жеңіл түрде ішек-жолдарын тазалау қызметімен мәлім, жаңа туған нәресте уызды ішу арқылы ішек жолдарындағы мекониядан( нәрестенің ең алғаш ұлы дәреті) тазарып, физиологиялық сарғаю және патологиялық сарғаю ауруларының алдын-алады. Ауысу кезеңіндегі ана сүтібосанганнан кейін 4-5 тәулікте пайда болады, уызбен салыстырғанда құндылығы өте төмен, бірақ жетілген ана сүтінен белогы жоғары және комір сутегі аз. Жетілген ана сүті босанғаннан кейін 12-14 тәулікте пайда болады. Емізудің барысында сүт құрамы өзгеріп отырады: алдынғы бөлінетін сүт және соңғы бөлінетін сут.
Алдынғы сүт - емізудің алдынғы уақытында бөлінеді, түсі көкшіл, құрамында өте көп мөлшерде қант (лактоза), белок болады. Кейбір аналар сүттің түсіне қарап өзінің сүтін құнарсыз көреді, соған байланысты қосымша жасанды сүт бере бастайды, ол дұрыс емес қабылданған шешім. Соңғы бөлінетін сүт-нәрестені емізу барысында ең соңында бөлінеді, қанық ақ түсті, себібі майлы, кейде сарғыш түсті болады. Құрамында майдың көп болуына байланысты өте жоғары энергетикалық, сондықтан баланы емізу барысында соңына дейін ана сүтінің таусылғанша күту қажет. Ана сүті 87% судан тұрады. Ана сүтіндегі су жеңіл сіңетін, биологиялық белсенді, ана сүтімен келетін су барлық зат алмасу ушін ағзаға жеткілікті, сондықтан алғашқы 6 айда балаға қосымша су беруді организмі қажет етпейді. Ана сүтінің 1% құрамы белоктан тұрады. Бала организміне пластикалық материал ретінде, ферменттер мен гормондарды синтездеуге және иммунитетті қалыптастырып антидене бөлу ушін қажет. Ана сүтінде сарысу белоктары бар: лактоальбумин, лактоглобулиндер, иммуноглобулиндер және ерекше аминоқышқылдарына бай. Майлар- жаңа туған нәресте ушін жалпы энергия көзі болып табылады. Май көбіне соңғы сүтте болады. Ана сүтінің майлары 57%қанықпаған және 42% қаныққан май қышқылдарынан тұрады, олардың құрамы холестериндерге, фосфолипидтерге өте бай. Май қышқылдары арқылы А, Д, Е, К витаминдерінің сіңуі жақсарады. Ал ана сүті құрамындағы фермет липаза май қышқылдарының 90% қорытылып сіңуін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz