Мектептанудың негізгі мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
№ 15 дәріс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ

Жоспар:
1. Мектептанудың негізгі мәселелері
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының негізгі ережелері
3. Педагогикалық менеджмент
4. Мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Мектептану - педагогиканың бір бөлімі, мақсаты - еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие мақсатына сай дамиды.
Оқу-тәрбие процесіне басшылық ету

Оқу-тәрбие процесіне басшылық ету

Мектептанудың формалары, әдістері

Мектептанудың формалары, әдістері

Мектептанудың зерттейтін мәселелері
Мектептанудың зерттейтін мәселелері

Лауазымды адамдардың іс-әрекеті

Лауазымды адамдардың іс-әрекеті

Халыққа білім беру
Халыққа білім беру

1-сурет. Мектептанудың зерттейтін мәселелері

Мектеп - әлеуметтендіруші қызметінің идеалы, түрі, арабайланыстылық нормалары, базасы, соған сай еңбек ететін субъектілері бар өзіндік шағын әлеумет, ел және әлем үшін мәні ерекше әлеуметтік институт. Сонымен қатар, мектеп - әртүрлі жас шамасындағы балалардың өзіндік әлеуметі, қауымдастығы.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмыстарына байланысты. Мектептанудың әдіснамасының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
Басқару туралы заң;
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;
Шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі.
Жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің функциялары:
1. Барлық мектеп жасына толған балаларды мектепке біріктіріп, бәрін бірдей мемлекет талабына сай білімдендіре отырып тәрбиелеу.
Мектептің қай түрі болмасын, арнайы даярланған мемлекеттік стандарттар негізінде жұмыс жүргізеді. Білім стандарттары - бәріне бірдей ортақ базалық, бағдарлық негіз және өлшем. Ол - сапа кепілдігі, білім сапасын бақылауда басшылыққа алынатын ортақ норма. Сол себепті мемлекеттік стандарттар, балалар, жасөспірімдер мен мектеп жасындағы жастарды білімдік және құқықтық тұрғыдан әлеуметтік қорғаудың аса маңызды факторы. Мектептер басқа да мүделлі қоғамдық құрылымдармен бірлесе отырып, қаңғыбастыққа, сауатсыздыққа, әлеуметтік жетім немесе мүмкіндігі шектелген балалардың білімнен шет қалуына жол бермеуге тырысып, бәріне бірдей міндетті білімнен бірде бір баланың сырт қалмауын қамтамасыз етеді.
2. Әр баланың жас шамасына сай сапалы білім мен тәрбие алу құқығын қорғау, өз қойнауында оны іс жүзіне асыру әрі әлеуметтік көпқабаттылық, көпменшіктілік, көпұлттылық, көпдәстүрлілік жағдайында балаларды әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық қорғау.
Бала қай әлеуметтік қабаттың, қай ұлттың, қандай елді-мекеннің, қандай отбасының, қандай әлеуметтік-психологиялық ортаның өкілі болса да, мұғалім алдында олардың барлығы бірдей.
3. Білімдену мен тұлғалық тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ете алатындай әлеуметтік орта және кеңістік жасайтыны.
Біріншіден, биологиялық құбылыс болып өмірге келген баланы әлеуметтік мәнді бойына жинақтаған қоғамдық тұлға болып қалыптасуы үшін оған шыдамдылықпен білімденуге, адамдар ортасының тіршілігі тәжірибелерін игеріп, оны өзінің қасиетіне айналдыруға тура келеді.
Екіншіден, беріліп жатқан білімнен, үйретуден, жаттықтырудан күтілетін нәтиже қандай және түптеп келгенде еліне де, отбасына да, білім берушілерге де керегі қандай адам, қандай тұлға? Осыдан келіп алдымен тұлғаның өзін жобалап, оның идеалын шығарып алу қажеттілігі туындайды.
Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап, тәжірибеге енгізеді.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі прициптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымының басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
Егемен Қазақстанның халық ағарту ісін басқару, халыққа білім беру ісін шешу, басқа да ағарту мекемелеріне басқару функцияларын анықтайтын негізгі құжат Білім туралы Заңның Білім беру жүйесін басқару бөлімінде анықталған. Еліміздегі білім жүйесі мемлекеттік қоғамдық сипатқа ие.
Білім беру жүйесі жоғары заң шығарушы орынмен жоғары орындаушы органның қолында (сенат, мәжіліс - парламент, министрлер советі - білім және ғылым министрлігі). Орталық мемлекеттік басқару орны білім және ғылым министрлігіне беріледі, сонымен бірге шаруашылықтың түріне байланысты оқу орындары басқа да министрліктерге бағынады, соларға кадрлар әзірлейді. Барлық жоғары оқу орындары Білім беру Министрлігінің жетекшілігімен жұмыс істейді. Жергілікті басқару орындары облыстық, аудандық органдардың басшылығымен қызмет атқарады. Сонымен бірге конституция бойынша оқу орындарын басқару ісіне қоғамдық орындар да еңбек етеді.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Еліміздің Білім туралы Заңындағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық бөлігі - жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, арнаулы мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер Білім туралы Заңда белгіленген. Аталған заңға сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атаудың орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
Білім туралы Заң жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдері,
Менеджмент мәселелерімен айналысу жалпы мемлекеттіктен бастап жеке жұмыс орындарына дейін басқару шешімдерінің сапасын арттыру және қарқындатуды заманауи менеджмент тұрғысынан дұрыс қарастырылмаған. Аяқ астынан, импульсивті қабылданған басқарушылық шешімдер қай салада болсын дағдарысқа әкеп соғады. Сондықтан істің пайдалылығында табысқа жету маңызды. Бұндай әдістерді менеджмент бере алады. Бұл мәселені шешу күрделігі мынада: бір жағынан өте көп бастапқы ақпаратты өңдеу, екінші жағынан шешім қабылдайтын тұлғалардың ерекшеліктерін ескеру: олардың әрқайсысы барлық адамдар сияқты өзінің мінез-құлқы, дағдысы бар, осының барлығын ескере отырып, шешім қабылдау үшін бастапқы ақпаратты ұсыну.
Сонымен қатар ол процесске қатысы бар барлық тұлғалардың ұтқырлығының нәтижесі болуы тиіс, шығармашылық әлеуетін толық пайдалана отырып, интеллектуалдық өнімді жасау процессіне қатысатын тұлға әлеуетін қолданудың формалары мен тәсілдерін анықтау - менеджмент аумағы.
Заманауи жағдайда тұлға мен ұжымның шығармашылық әлеуетін басқаруды жетілдіру бірқатар міндеттерді шешуді ұйғарады. Олардың ең маңыздыларына тоқталайық.
Біріншіден, шығармашылық әлеуетті дамыту, арттыру. Педагогикалық әдебиеттерде өнімді оқыту жүйесінен креативті оқыту жүйесіне (кейде мәселелік, мақсатты және т.б деп атайды) көшу туралы айтылуда. Сонылы, тың шешімдерді қабылдауға қабілеттерді күшейту үздіксіз білім беру жүйесінің орталығы болып табылады. Бірақ осыған сәйкес менеджментсіз қол жеткізу мүмкін емес. Оқу процессіне креативтік менеджментті енгізу білім, білік, дағдыларды меңгеру процессін батыл өзгертеді, өйткені қандай да бір әдістемелік аппаратын сапалы қолдану арқасында шығармашылық әлеуетті неғұрлым жоғары деңгейге көтереді.
Екіншіден, тұлғаның өзімен-өзі болуында және ұжымның әрекетіне қатысуда еркін сезінуіне қол жеткізу керек. Бұл жерде басты мәселе сонылық, өзіндік, ерекшелікті басып тастауға бағытталған тұлғаны тәрбиелеу жүйесінде. Менеджментті біртиптілік, бірдейлікпен қарсы күресте бағдар етіп алуға болады. Аталған менеджмент түрлерін меңгерген адам өзінің ой әрекетінің мониторингін белгілі ереже бойынша шығармашылық әлеуетті мақсатқа жету үшін жүзеге асырады.
Үшіншіден, мамандар әрекетінің әдістемелік аппаратын жетілдіруге бағытталған күш пен қордың тиімділігіне жету. Бұл жерде қазіргі бүкіл әлемдік дағдарыс өтпелі кезеңдердегі жүйелерді қадағалап, болжауға тиімді әдістемелік аппараттың жоғымен тығыз байланысты. Менеджменттің іс-тәжірибелік сұрақтарын қарастыру біріншіден, неғұрлым кең ауқымды жұмысты талап етеді, екіншіден, ұғымдық аппарат, терминологияда, әдіснамалық сілтеулердегі нақтылықсыз өнімді бола алмайды.
Менеджмент кадрларды басқару және персоналдық менеджмент пәндеріне, тұлғалық менеджмент пен өзіндік менеджментке жақын екенін көруге болады.
Менеджмент осы сала аумағындағы мамандар әрекеті арқылы жүзеге асады. Менеджерлер өзара қиылысатын аумақтарды қамтиды. Бірінші адамдармен жұмыс ол міндетті түрде шығармашылық әлеуметті нығайтуға және тікелей қолдануға, сонымен қатар олардың өздерінің және интеллектуалдық қабілеттерін белсендіруге бағытталған. Екінші аумақ - құжаттармен жұмыс. Ол құжаттағы ақпаратты меңгеретіндердің ассоциативті - генерациялық қажеттіліктерін ескеруге бағытталған, сонымен қатар тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын құжаттарды дайындауға қабілетті қатысушыларды дайындау.
Менеджмент таза прогматикалық түсінікте алға қойған мақсатқа жету үшін еңбекті, интеллектіні, басқа адамдардың іс-әрекетін пайдалану.
Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігінде Менеджмент - өндірісті дамыту, оның тиімділігі мен қарқындылығын арттыру мақсатында қолданылатын басқару негіздерінің, әдістерінің және құралдарының жиынтығы, - деген анықтама беріледі. В.В.Леонтьев Менеджмент - ол фирманы, компанияны басқару үшін керекті әдістер, принциптер, қаражаттар іс-әрекеттерінің жиынтығы деп есептейді. В. Хойер: Менеджмент - ол жекеменшік кәсіпорынды арнайы басқару,-деп жазады. Менеджментті әр түрлі әдістердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Менеджмент - әлеуметтік-экономикалық процесстерді басқарудың ғылымы мен тәжірибесі.
Басқа ғылым салалары сияқты менеджмент белгілі бір мақсатты көздейді:
а) бірқатар факторларға байланысты (пәндік аумақ ерекшеліктері, жағдаяттың күрделілігі, кедергінің болуы дәне т.б.) тұлғаның (шығармашылық міндеттерді шешуге тартқысы келетін маман) шығармашылық әлеуетін бағалау;
б) шығармашылық атмосфера құру; ұзақ уақыт жұмыс істеген және өз дәстүрлері бар ұжымда рөлдік функцияларды бөлуі арқылы өздерін көрсете білген формалды емес лидерлерді анықтау.
в) алдын ала ұсынылған пікірлерді бағалай білетін сарапшылар тобын қалыптастыру, әсіресе кәсіпорын (фирма, ассоциация және т.б.) дағдарыс жағдаяттына тап болмауын ескертетін және істің жағдайын жақсартуға бағытталған инновациялық саясат аумағындағы сарапшылар.
г) топтық шығармашылық процессте тиімді жұмыс істей алуға қабілетті уақытша шығармашылық ұжымдар құру;
д) маманның шығармашылық қабілеттерін қолдануды талап ететін жақын және алыс мерзімде шешілуі тиіс міндеттердің шешімдері мен себептерін тудыратын басым мотивациялық бағдарды бағалау;
е) уақытша шығармашылық ұжымдарға енген мамандардың шығармашылық міндеттерді неғұрлым сапалы және жылдам шешуді меңгеруі үшін қажет эвристикалық әдістер, операциялар мен тәсілдерді анықтау
Менеджмент әрекеттің ерекше түрі ретінде шығармашылықтан бас тартпай екі жақты қолданды. Біріншіден, қандай да бір басқарушылық шешімдер жасау үшін күнделікті отырыстар, жиналыстар және т.б. басқарушылар үшін шығармашылық қажет. Екіншіден, менеджмент шығармашылықты әрекетке бағындыру үшін қолданады. Бұндай әрекет әрбір қызметкерде шығармашылық бастаманы интуитивті деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепті басқару жан жақты, әр жақты болып келеді. Оларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа - ұжымдық басқару жүргізетін - жалпы мектептік конференция жатады. Оған мектеп оқушыларының өкілдері, мектеп қызметкерлері, ата-аналар, әлеумет, мектеп кеңесі кіреді. Екінші топқа лауазымды мектеп қызметкерлері, барлық мектеп ісін атқарып жүргізушілер. Оларға жататындар: мектеп директоры, директордың орынбасарлары оқу - тәрбие жұмысының меңгерушісі, ұйымдастырушы сыныптан тыс жұмысы т.б. директордың шаруашылық жөніндегі көмекшісі. Үшінші топқа - әр түрлі қоғамдық ұйымдар, мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды біріктіретін қоғамдық, ұйымдар немесе жұртшылық өкілдері енеді.
Мектептің басқару құрылымының мұндай тарамдалған, әр жақты әрекетін бірлестіріп, орталықтан, тиімді мақсатты еңбек етуін, әрқайсысы өз ерекшелігіне сай еңбек етуін қамтамасыз етуге жұмылдыру міндеті туындайды. Мұның бәрі әр қайсысының басшылық принципін белгілеуге байланысты. Ондай принципке мыналар жатады:
а) мектептегі барлық басқару орындарының жұмысын орталықтандыру, үйлестіру және іскерлікпен, атқарылатын істі белгілеу, жетекші мақсатын анықтау және тиімді шешім қабылдау.
ә) әрбір істі атқарушы қызмет иесі демократиялықты және жариялылықты сақтауы, ісінде пайдалануы, мұғалімдердің, оқушылар ұжымның қоғамдық пікірімен санаса білуі, сондай - ақ ата - аналардың пікірімен санаса білуі, әр қызмет орнына сайлап қойылуы қажет.
б) әрбір басқару орындағылардың жеке жауап беруі, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің өз ісіне жауап беруі;
в) басты мәселелерді ажырата білуі, педагогикалық және оқушылар ұжымының күш-жігерін соны шешуге жұмылдыру;
г) педагогикалық және оқушылар ұжымында психологиялық жылылық климатты қалыптастырып, жоғары жауапкершілікке шығармашылық белсенділікке, әрбір мүшесін, принципті, саналы жауапкершілікке, іскерлікке жетелеу;
д) педагогикалық шығармашылықты қолдау, оқу - тәрбие жұмысының сапасын арттыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдап отыру.
Мектепті, білім беру ісін реформалауда, қайта құру кезінде, егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектерді тәрбиелеп, білім беруде мектептің алатын орны орасан зор. Сондықтан мектеп өз қызметін дұрыс атқаруы үшін өзінің бағыт - бағдарын мемлекеттік құжаттарға сәйкестендері бағдарлап, бағыттап отыруға тиіс. Олай болса мектептің жоспар арқылы өз жұмысын алдын ала белгілеп, ретті жүргізуінің маңызы жоғары.
Мектеп жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі мектептегі барлық күшті - ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс әстеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол мектептің басты орындарының және мемелекет пен оқу - ағарту орындарының нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Ол жеке звенолардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің және олардың әр қайсысының іс - әрекетінің мазмұнын, қызметін, өзара байланысын анықтап, айқындай түсуге негізделе отырып, барлық тиісті мектеп жұмысының мазмұнын қамтып, оның алдына тұрған міндеттерді іске асыруға негізделеді.
Жоспардың тиімділігі өткен уақытта атқарылған мектеп жұмысның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, атқарылған істерге дұрыс баға беріп, қандай іске көңіл аудару қажеттігін дұрыс анықтап, дәл бағыт беруге де байланысты. Сонымен бірге оқу - тәрбие жұмысының тоқсандық қорытындыларына, олардың саны мен сапасына, емтихан кезінде оқушылардың білім көлеміне, іскерлігі мен дағдысына, методикалық бірлестіктердің материалдарын зерттеуге, педагогикалық кеңестің, өндірістік мәжілістің, сондай - ақ оқу жылының қорытындыларына, оның саны мен сапасына терең талдау жасау барысында алдағы міндеттер белгіленеді.
Перспективалық жоспарлау - мектептің, мемлекеттің бағдар - бағытын, халыққа білім беру министірлігі мен оның жергілікті органдарының, әр шаруашылық региондағы экономикалық-әлеуметтік дамуының бүгінгі және ілгері мерзімдік бағдарларына үйлестіре жасалды. Жалпы алғанда перспективалық жоспарлау әсіресе социалистік жоспарлы шаруашылық кезінде негізгі жоспардың түріне енгізіледі. Десек те мектептің келешек болашағына көңіл аудармай, оның алдағы істеріне көз жібермей, болжамай, мектеп ұжымына алға бағытталған пермпективалық істі нұсқап көрсетпей, қай қоғамдық құрылыс болсын істі оңға бастыруға болмайды. Сондықтан перспективалық жоспар тиімді болуы үшін оның болашақ, келешегін көзге анық - айқын елестете білу қажет. Олай болса перспективалық жоспар мектеп ұжымының алдында күтіп тұрған істерді көрсету үшін қажет. Ол бірнеше жылдарға негізделген мектептің болашағын анықтауға арналып жасалады.
Перспективалық жоспар мектеп орналасқан ауданның болашағын есепке ала отырып жасалады. Ол сол ауданның кадр саласындағы, оның экономикалық, мәдени-әлеуметтік қажеттігін есепке алады. Оларға маман кадр әзірлеуге ат салысады. Әсіресе сол талаптарды есепке ала отырып білімді білікті адамдарды әзірлеу үшін ең қажетті мәселе мектептің материалдық базасын жақсартуды жоспарлайды. Олай болса барлық оқу - тәрбие жұмысын күрделендіруге тырысады, жауапкершілігін арттырады. Оның күрделілігі мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мектеппен ғана шектеліп қалмайтын, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар, экономикалық даму, қаржы мәселесі, мектептегі бүгінгі талаптармен болашаққа бағыттау үшін өкімет орындарының тарапынан болатын талаптармен жәрдемдерге де байланыстылығы. Жоспар істелетін жұмыстың кестесі ғана емес мектеп басқарудың жолы, мектеп ұжымының жұмысына жасалған жан жақты талдау, ілгері істелетін жұмыстардың оптимистік бағдар, бағыты, ілгері болашаққа сенімді көзқарас, қажетті актуалды мәселелерді көре біліп, педагогикалық ғылымының болашағын анық айқындау арқылы қоғамға пайдалы, алған білімін бүгінгі және болашақ мақсаттарға сай қолдана алатын, өзгеге де өзіне де пайдалы адамдар тәрбиелеп шығарудың ілгерлетілген іс - әрекеті.
Жылдық жоспар - мектепті бір мақсатқа дұрыс бағыттап, педагогикалық ұжымының, мектептің басқа да қосалқы қызметін тиімді үйлестіріп, іске жұмылдыру үшін жылдық жоспар жасалады. Оған мектеп директорының, оның орынбасарлалырының, оқу-тәрбиеге қатынасты барлық звенолардың жұмысына басшылық жасау мәселесі қамтылады. Осыған байланысты мектептің жылдық жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
1) Өткен жылда атқарған талдаудан және жаңа оқу жылына талаптардан, оқу - тәрбие жұмысының жақсарту мәселелері көрсетіледі.
2) Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы.
3) Мектеп ұжымының оқушыларға таңғылықты білім беруі. Республиканың Білім туралы Заңын орындау.
4) Оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, оның сапалылығына бақылап, басшылық жасау.
5) Сыныптан, мектептен тыс оқу - тәрбие жұмысына басшылық жасау.
6) Оқушылардың, өзін-өзі басқаруына басшылық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика пәнінен оқу құралы
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Кәсіпорындардағы Еңбекті қорғау
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер туралы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Созақ ауданы әкімдігінің құрылу тарихы
Экономикалық өсу және экологиялық мәселелер
Пәндер