Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 289 бет
Таңдаулыға:   
Мухамеджанова У.Ж. , Жубандыкова А.М.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

Алматы 2018

Баспаға ұсынылады

Пікір жазғандар

А.Е.Манкеш - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің п.ғ.д., профессоры
Н.С.Сайлауова - Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің п.ғ.д., профессоры
С.Н.Жиенбаева - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің п.ғ.д., профессоры

Мухамеджанова У.Ж. , Жубандыкова А.М.,
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі: Оқу құралы Жубандыкова А.М., Мухамеджанова У.Ж.- Алматы: 2018 - 230 б.

Оқу құралы Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі оқу курсына арналған. Оқу құралында дәріс тақырыптары, дене тәрбиесі теориясының негіздері және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін оқыту әдістемесі беріледі.
Оқу құралы жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледж оқытушыларына, студенттеріне, магистранттарға, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған.



Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланы жасына және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
-балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді орындайды:
балалардың психикасы мен денсаулығын нығайту;
балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;
рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;
балалардың жеке қабілеттері мен дарынын дамыту;
әрбір баланың жағымды көңіл-күйде болуы мен өзін-өзі жағымды сезінуін қамтамасыз ету;
баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.
Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінде білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылады.
Білім беру реформасында: Еліміздің болашақ ұрпақты денсаулығы мықты, еңбек ете және Отанын қорғай алатын болып өсуіне деген міндетті арттырып отыр. Осы аталған міндеттерді іске асыруда білім беретін педагогтік оқу орындарының негізгі мақсаты - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға педагог мамандар даярлау болып табылады. Ал еліміздегі мектепке дейінгі мамандарының алдында тұрған міндет болашақ ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарай білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелей отырып, оқытудың негізгі іргетасын қалау болмақ. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығы бойынша оқытылатын негізгі пәндердің бірі - дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі пәні.
Аталған пәнді оқыту барысында мектепке дейінгі ұйымдарда Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының дене шынықтырудан балалармен ұйымдастырылатын оқу әрекетінің мақсаты мен міндеттері, принциптері, сауықтыру жұмыстары, күн тәртібіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтырудан ұйымдастырылатын жұмыс формалары, тәрбиеленушілердің күнделікті өмірдегі іс-әрекетінің сипаттамасы, мектеп жасына дейінгі балалар қимылының даму ерекшеліктері, дене шынықтыру бөлімі бойынша жылдық жоспар, дене шынықтыру білім беру саласындағы балалардың білімді меңгеру мониторингі, қажетті іскерліктер мен дағдылардың сапалық интеграциясы, баланың даму көрсеткіштерін анықтау мониторингі жөнінде мәселелер қарастырылған. Курсты оқу барысында студенттер мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесіне үйрету әдіс-тәсілдерімен қоса қажетті біліммен қамтамасыз етіледі. Курсты оқыту барысында дене тәрбиесі, жас ерекшелік психология, мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология, балалар гигиенасы,қоғам ғылым негіздері,жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырып оқыту қарастырылған. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін дене шынықтыру құралдарын кешенді пайдаланған жағдайда күтілетін нәтиже шешімін табады.
Осы оқу құралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылып, дайындалған. Оқу курсы арқылы педагогикалық оқу орындарының болашақ түлектері әдістемелік, педагогтік және ұйымдастырушылық қызметке қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерулері тиіс. Болашақ мамандардың теорияда алған білімдерін жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ педагогикалық шеберлік пен дағдыны қалыптастыруда педагогикалық тәжірибенің алатын орны ерекше.
Оқу құралы он екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері бойынша сұрақтар берілген. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары, антропометрия, биометриялық көрсеткіштері сипатталған. Дене тәрбиесі пәнінің адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылымдағы орны, олардың өзара байланыстылығы берілген. Мектепке дейінгі ұйымдарда Денсаулық білім саласының базалық мазмұны жүзеге асырылу қажеттігі көрсетілген. Зерттеу әдістеріне анықтама берілген.
Дене тәрбиесі жүйесі тақырыптарға бөлініп, пәннің баланы тәрбиелеудегі орны мазмұндалған. Дене тәрбиесінің жүйесіне, дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттеріне, негізгі белгілеріне, жалпы принциптерін ашуға байланысты сұрақтар құрастырылып, ұсынылған.
Екінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің даму тарихына, ғылыми зерттеулер мен озық тәжірибелер жөнінде мәлімет берілген. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырылған. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттеріне, дене тәрбиесінің жүйесінің негізгі белгілеріне, жалпы принциптеріне сипаттама берілген.
Үшінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мазмұндалған.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы еліміздің болашақ негізі - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым екендігіне тоқталған. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және әдіснамалық негіздерінен шығатыны және оның бір бөлігі болып табылатындығы анықталған.
Төртінші тарауда дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы қарастырылған. Сонымен қатар дене жаттығуларының дене тәрбиесіндегі өзіндік орны, жаттығулармен қалай айналысу жолдары, денсаулыққа әсері, психикалық қасиеттерді дамытудың жолдары сипатталған.
Дененің сапалық қасиеттерін дамыту, қозғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлілігін қалыптастыру жолдары мазмұндалған. Дене жаттығуларының техникасына, формасына, техника негізіне, анықтауыш буынына, бөлшектеріне, фазаға, қозғалыс бағытына, амплитудаға, қарқынға, ырғаққа, денеге әсер ететін күштерге, дене жаттығуларының жіктелуіне анықтама берілген.
Бесінші тарауда туғаннан бастап 7 жасқа дейінгі балалар дамуының ерекшеліктері, сәби жастағы балалардың дене тәрбиесі, мектеп жасына дейінгі бала ағзасының дамуы жөніндегі мәселелер қарастырылған. Бір, екі жасар баланың дене тәрбиесіне көңіл бөлудің маңызы, мазмұны, кезеңдеріне қарай үйрету, тәрбиелеу әдістері туралы мәселелер қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі бала ағзасының дамуы, баланың алғашқы жеті жылы барлық ағза мен жүйелердің қарқынды дамуымен сипатталатыны баяндалған. Белгілі бір туа бітетін биологиялық қасиеттері, оның ішінде негізгі жүйке процестерінің типологиялық ерекшеліктері (күш, ұстамдылық және ширақтық) бар тәрбиеленушілер үшін бұл пәннің бала денсаулығын реттеуге көмектесетіні туралы да сөз болған.
Мектеп жасына дейінгі кіші топ, ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық тобы (сыныбы) балаларының дене қимылы дамуының ерекшеліктері мен олардың атқаратын міндеттері айтылған.
Алтыншы тарауда дене тəрбиесі процесінде баланы үйрету, тəрбиелеу жəне дамыту бірлігіне анықтама берілген. Дене тәрбиесінің қыр-сырын үйрету - білім беру үдерісінің бір бөлігі екендігі сөз етілген. Қимыл-қозғалыстық əрекеттерді үйрену барысында баланың танымдық, еріктік жəне эмоциялық дамуы жəне оның іс жүзіндегі қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуы жөніндегі білім негізі берілген. Үйрету әдістері мен тәсілдері сипатталған. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеу әдістеріне тоқталған. Үйрету үдерісінде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары, дене жаттықтыруға үйрету кезеңдері баяндалған
Жетінші тарауда гимнастиканың дене тәрбиесі құралдарының маңызы, үйрету әдістері, дене тәрбиесінің тәрбиелеу мен оқытудың бір саласы ретіндегі міндеттері, гимнастиканы үйрету үдерісі негізінде білім беру сипаты, гимнастиканың түрлері және олардың сипаттамалары топтастырылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану әдіс-тәсілдері анықталған.
Сегізінші тарауда қимыл-қозғалыс ойындары және спорттық ойын элементтері бар ойындардың маңызы, міндеттері, мазмұны сипатталған. Қимыл-қозғалысты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі деп танып, сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін шешудегі рөліне тоқталған. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесінің жасалу жолдары, жіктелуіне, жас ерекшеліктеріне қарай басқару әдістемесі мазмұндалған.
Тоғызыншы тарауда спорттық жаттығуларды жасау техникалары берілген, мектепке дейінгі жаста жаттығулар түрлерінің техникасын дұрыс игеру, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық ерік-жігер қасиеттері қалыптасу жолдары игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен біреудің басқаруынсыз өздері айналысуға мүмкіндік беретіні анықталған. Денсаулық білім беру саласы бойынша шаңғы, коньки, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығуларға үйретудің әдіс-тәсілдері қарастырылған.
Оныншы тарауда мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары жөнінде баяндалған. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуан іс-әрекетінің тәрбие, білім беру кешені болып табылатыны, бұл іс-әрекеттің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралатыны сипатталған. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл тәртібін құрайтынын негізге ала отырып, жұмыс формаларының түрлеріне, жас ерекшеліктеріне қарай әр топта өткізу әдіс-тәсілдеріне сипаттама берілген.
Он бірінші тарауда мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен мониторинг жүргізудің әдістері берілген. Жоспарлаудың белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандайда бір ұйымдастыру түрлерінде дене шынықтыру міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын-ала көрсету болып табылатыны анықталған.
Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бірізділікте дене шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде оқу тәрбие жұмыстарында мейлінше жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетіні айтылған.
Мониторинг - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтайтын, есепке алудың негізінде әрі қара қалай жұмыс жүргізу қажеттігін айқындайтын бағыт-бағдар. Мониторинг жүргізу арқылы балалардың дене тәрбиесі көрсеткіштерінің жоғарылауын бақылап, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретіні сипатталған.
Он екінші тарауда мектепке дейінгі ұйымдардағы дене тәрбиесінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне барлық ұжым қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілетіні қарастырылған. Мектепке дейінгі ұйымдарда сол мекеменің әрбір қызметкерінің баланың денсаулығына жауапты екендігі және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге жәрдемдесуге міндетті екені анықталған.
Оқу құралы мазмұнына қарай әдістемені тиімді пайдалану үшін кестелер, суреттер, қосымша материалдар берілген.

Бірінші тарау
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
§1. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі теориясында әртүрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. (1-кесте).
Әртүрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның іс-жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай бағытталып келеді.
Дене дамуы ұғымын кең түсінікте қолданғанда дене қасиеттері (жылдамдық, төзімділік, икемділік, көзбен шамалау, тепе-теңдік сақтау, күш-қуат) кіреді (2-кесте).
Антропометрия - адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш рет француз антропологтары ХІХ ғасырда қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Антропологияда адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, антропометриялық материалдарға жан-жақты статистикалық сипаттамалар беріледі. Антропометрия көрсеткіштерін қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі.
Биометрия (био және грек. metreo - өлшеу, есептеу) - жүргізілетін биологиялық тәжірибелердің санын анықтайтын және оларға математикалық, статистикалық әдіспен дәл, дұрыс қорытынды жасай алатын биология ғылымының бір саласы. Биометрияның негізін XIX ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары Ф.Гальтон мен К.Пирсон қалады. Биологияда математикалық, статистикалық әдістер белгілі бір статистикалық үлгі жасау арқылы қолданылады.

Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары

адам ағзасы формалары мен қызметінің жеке өмір сүру барысындағы өзгеру процесі

Дене дамуы

қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму деңгейі

Дене әзірлігі

тарихи шартты деңгей, денсаулықтың өмірге, еңбекке және отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғарғы дәрежесі, кәсібі, жынысы, жас ерекшелігі ескеріледі

жан-жақты тәрбиенің құрамды бөлігі, дене дамуының, дене әзірлігінің жоғары деңгейге жетуіне бағытталған.

арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.

дене тәрбиесіне арналған қозғалыстар. Қимыл-қозғалыс әрекеттері, қозғалыстың күрделі түрлері (қимылды ойындар).

жаттықтырудың белгілі бір түрінен жарыс барысында жоғарғы нәтижеге жетуге арналған қарекет

Спорт

Спорт

Дене жетілуі

Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің білімі

Дене машықтығы

дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін, еңбекке немесе нақты бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы

Дене жаттығулары

Спорт


жалпы мәдениеттің бөлігі, адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи тәжірибеде жиналған табыстардың жиынтығы

Дене тәрбиесінің мәдениеті

1-кесте. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары

салмақ
бой
тұла бойы күші

бастың көлемі

оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші

Дене дамуы
кеуде ауқымы (демді ішке тартқанда, демді шығарғанда, үзіліс
жасағанда)


дене тұрпатының жағдайы
жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық
табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері
омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі

өкпенің тіршілік сыйымдылығы

көрсеткіштерімен



биометриялық
антропометриялық

анықталады

2-кесте

§2. Дене тәрбиесі теориясының пәні
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін дамытудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді.
3-кесте
Дене тәрбиесі теориясының пәні -
Адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
Мақсатын
Міндеттерін
Принциптерін
Адамгершілік
Эстетикалық

зерттейді

Дене тәрбиесі

Ақыл-ой
Еңбек
байланысты оқытылады

3-кесте
Дене тәрбиесі құралдарын оқып, дене жаттығуларын үйрету принциптері мен әдістерін көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру оқу әрекетінің әртүрлі формасын (дене тәрбиесі оқу әрекетін, ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қозғалыс ойындары т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөледі. Мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесінің теориясы үнемі жан-жақты тәжірибемен байланыс,бірлікте дамып келеді. Ол ғылыми озат тәжірибе жетістіктерін таратады, өткен жылдардағы озық тәжірибемен қоса қазіргі дүниежүзілік ғылымдағы игіліктің бәрін қолдап отырады. Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздерімен қамтамасыз етеді, сөйтіп практика теориямен тығыз ұштасады да, одан ары дамуына көмектеседі, ол сондай-ақ тәжірибеге жол ашуға, адамның күш-қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдістер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын қолдауға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыстану және педагогика ғылымдарымен байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру пәні арнайы оқу үдерісі негізінде жүзеге асырылады. Білім мазмұны жеке тұлғаның түрлі дене жаттығуларына, дене шынықтыру тәрбиесінен ұйымдастырылатын жұмыс формалары түрлеріне негізделеді: мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу әрекеті, күн кестесіндегі дене шынықтыру тәрбиесінен-сауықтыру шаралары (ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қимылды ойындар, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту минуттары, мектепке дейінгі ұйымдардан тыс жерде серуендеу, спорттық мерекелер, балалармен жеке жұмыс) секілді әрекеттер арқылы іске асады. Аталған жұмыстардың барлық формасы бір-бірімен тығыз байланысты және бірін бірі толықтырып отырады. Жинақтала келіп, олар белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды. Білім мазмұны жеке тұлғаның дамуын, әртүрлі іс-әрекеттерде балалардың қабілетін, мотивациясын қамтамасыз етеді, сонымен қатар келесі білім беру салаларымен интеграцияланады: (4-кесте)
Денсаулық
Денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың толыққанды дене мен ақыл-ойын дамытатын, ағзаны шынықтыратын қимылдарды үйрету, оны өмірмен байланыстыру, деннің сау болуымен түсіндіріледі.
Таным
Адамның салауатты өмір сүруін және денсаулығы жөніндегі көзқарасын, дүниетанымын әлем бейнесі арқылы қалыптастыру, дамыту
Шығармашылық
Балалардың дене қимылдарын музыкаға, саз ырғағына сәйкестендіру дағдыларын қалыптастыру, белсенді қимыл жасау әрекеттерін дамыту
Әлеумет
Дене тәрбиесінің өзі үшін пайдалы екендігіне баланың көзін жеткізу, әлеуметтік деңгейде бұл әрекеттің өз болашағы үшін қажет екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, қоғам мүшелері арасында өзін еркін, әдемі, денесінің тәрбиелі екендігін сезіне отырып, коммуникация кезіндегі қолайлықты сезіндіру, қарым-қатынас ережелерінің сақталуын қадағалау
Коммуникация
Үлкендермен және балалармен бірге қимылды орындау кезіндегі қолайлықты, еркіндікті сезіндіру, ойын әрекеті арқылы өз ара жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру.
4-кесте
Білім мазмұны денсаулық, әлеумет, таным, коммуникация, шығармашылық білім салаларымен байланыстыра оқытуды қарастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс түрлері барлық оқу әрекетінің негізгі түрлері ретінде жүргізіледі. Әр баланың жас және психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі, бұған қоса педагогиканың негізгі гуманистік, жеке-дара, жүйелілік, үлкендер мен балалар арасындағы іс- әрекет, жетістік принциптеріне негізделеді.

§3. Дене тәрбиесі теориясының басқа ғылымдармен байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен әдістемесі, спорттың шығу тарихы, әлеуметтік дене шынықтыру) дене тәрбиесінің дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар биологиялық және шектес жаратылыстану ғылымы пәндері адамның биологиялық даму процесін, оның жас ерекшелік заңдылықтарын дене жаттығуларының, сондай-ақ сыртқы ортаның түрлі әсерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, дене тәрбиесі адамның қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық заңдарды зерттейді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі - бір-бірімен тығыз ұштасып жатқан дүние. Сондықтан дене тәрбиесі ғылымы бірінші кезекте оны оқыту, игерту, меңгерту әдістемесімен тығыз байланысты. Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл-ойын, дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр. Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру үдерістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі дене тәрбиесін жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс.
Бұл ғылым дене тәрбиесінің педагогикалық заңдылықтарын танып білу және теориялық жағынан негіздеу мақсатында әлеуметтік және биологиялық құбылыстарды пайдаланады, дегенмен, дене тәрбиесіне қатысты өзінің негізгі ерекшелігін сақтап қалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының табиғи-ғылыми негізін жаттығулар кешені мен олардың түсіндірмесі құрайды. олардың міндеттері - баланың биологиялық даму процестерін зерттеу.
Ғылыми білімдердің бұл кешені орыстың ұлы физиологтары И.М.Сеченовтің, И.П.Павловтың, В.М.Бехтеревтің және т.б. ғалымдардың еңбектері негізінде құралған.
Ағзамен мен ортаның бірлігі туралы. Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталды, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. И.П.Павлов тепе-теңдікті сақтауды өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырды.
Жеке-дара бейімделудің түрлері өте көп. Олар күнделікті өмір жағдайында жүре пайда болады. Ағзаның сыртқы орта жағдайына жеке-дара бейімделуі физиологиялық процестердің жиілігі нәтижесінде жүреді. Мәселен, ыстық күндері, сыртқы орта қысымы көтерілгенде адамның тері бездерінің әрекеті күшейеді, терінің тамырлары кеңиді. Тердің адам ағзасынан көп бөлінуі дененің сырты мен терінің кеңіген тамырлары арқылы ағатын қанның салқындауымен жалғасады. Сыртқы ортаның қысымы төмендеген кезде, керісінше, тері тамырларының тарылуы байқалады, бұл дене жылуын көп жоғалтудан сақтайды. Бұл кезде тотығу процесінің қарқыны артады. Соның нәтижесінде екі жағдайда да дененің қысымы қажетті деңгейде сақталады. Адам ағзасының қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене тәрбиесі процесінде ерекше маңызды болып табылады.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген тәртіппен: ағзаны шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты. Шынықтыру шараларымен үйлестірілген ертеңгілік бой сергіту жаттығуларымен жүйелі айналысу, ұйымдастырылған оқу әрекеті, ойындар, ауаның, судың қысымы төмен жағдайдағы спорттық жаттығулар, осының бәрі ағзаның сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін арттырады, жүйке жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық ет топтарының жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам ағзасының қызмет ету мүмкіндіктерін молайтады. Осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға жеке дара бейімделуін көрсететін болады. Адам ағзасының қоршаған ортаға бейімделуінде адам миының, жоғары жүйке жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн.
Адамның қоғамдық еңбек іс-әрекеті процесінде, ал баланың отбасылық және қоғамдық тәрбие процесінде жеке дара бейімделуі шартты рефлекторлық уақытша байланыстар принципі бойынша жүзеге асады. Оның үстіне сигналдық қоздырғыштар адамның барлық ұлпаларында және ішкі ағзаларында болатын физиологиялық процестерге, сондай-ақ оның тұтас мінез-құлқына да ықпал жасайды.
Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделуіне әртүрлі дағдылар, әдеттер, қалыптасқан тіршілік тәртібі және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.
Сондай-ақ қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет, оқуға және қоғамдық өмірге бейімделуі болып табылады.
И.П.Павлов еңбектерінде: ...жоғары сатыдағы, сол сияқты төменгі сатыдағы ағзалардың аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын нәрсенің бәрі нәзік және айналадағы жағдайлармен тең жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде өмір сүреді деп атап көрсетті. И.П.Павловтың бұл қағидасын төмендегі мысалмен көз алдымызға келтіруге болады.
Келтірілген мысал адам ағзасының үйлесімділігі мен тұтастығының бұзылатындығын көрнекі етіп көз алдыңа әкеледі, бұл құбылыстың себептерін, сонымен бірге дене және психика процестерінің ажырамас өзара байланысын көрсетеді.
Шартты рефлекторлы уақытша байланыстар және динамикалық стереотиптердің құрылуы туралы. И.П. Павловтың және оның ізбасарларының жоғары жүйке қызметін зерттеулері дене тәрбиесі тәжірибесінде пайдаланылатын шаралар жүйесін және оның ағзада пайда болатын күрделі процестерге әсері мен оның қызметінің қайта түзілуін дұрыс талдауға мүмкіндік береді.
Адамның барлық іс-әрекеті дене тәрбиесі процесінде жоғары жүйке қызметіне тәуелді болады. Қарапайым қозғалыс және түптеп келгенде күрделі спорттық дағдыларды меңгеру үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне салмақ түсіреді.
И.П.Павловтың жүйелілік, динамикалық стереотип туралы ілімі қозғалыс дағдыларының пайда болу және жетілу процесін түсіндіреді, оның заңдылықтарын айқындауға және соған сәйкес балаларды оқыту процесін дұрыс құру мен басшылық етудің тиімді әдістерін пайдалануға көмектеседі.
Баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктері туралы. Сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін толық жүзеге асыру үшін баланың орталық жүйке жүйесі дамуының педагогикалық ықпалды іріктеуді және бүкіл оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды анықтайтын жас шамалық заңдылықтарын зерттеу мен есепке алып отырудың ерекше мәні бар.
Балалардың дамуы мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттеген Ресей ғалымдары баланың дүниеге жүйке жүйесінің туа біткен нышандарымен және ерекшеліктерімен келетінін анықтады. Дегенмен, олар баланың психикалық дамуының органикалық алғы шарттары ғана болғандықтан, бұл дамудың сипаты мен деңгейін алдын ала анықтамайды. Сондай-ақ әр баланың жүйкелік-психикалық дамуының сенімді негізін құрайтын зор потенциалды психофизиологиялық мүмкіндіктері болады. (А.В.Запорожец). Сөйтіп бір жағынан органикалық алғы шарттарды, екінші жағынан потенциалды мүмкіндіктерді ескере отырып, мейлінше жақсы педагогикалық жағдайлар қалыптастыру қажет, бұл жағдайлар, ең алдымен, мақсатты бағыттағы тәрбие және оқу жағдайында баланың ағзасы мен психикасына тікелей әсер етуге мүмкіндік беретін дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі процесін көздейді. Баланың жүйке жүйесінің туа пайда болған ерекшеліктерін және сыртқы әсердің оның қалыптасуындағы қызметтерін ескере отырып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды және оны бұлжытпай орындаудың маңызы зор. Бұл жағдайда дене шынықтырумен айналысқан жасөспірім эмоциялық жағынан тұрақты, өзгелермен өзара қарым-қатынасты реттеген, ұстамды, достық ықыласты болуының айырықша мәні бар.
Балалардың өсу, өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепке дейінгі педагогика тәрбие процесі олардың адам болып қалыптасуына, жағымсыз әрекетерден арылуына, жақсы нышандарды дамытуға бағыттап отырады. Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесінің жеке дара-типологиялық ерекшеліктеріне үнемі назар аударып отыру қажет.
Н.И.Красногорский: Тәрбиеші мен педагог үшін өз тәрбиеленушілерінің жоғары жүйке қызметінің типтерін белгілеп алуының маңызы зор екенін: балалардың типтік ерекшеліктерін білу, балаларды жоғары жүйке қызметінің дамуын қадағалайды және жақсы жолға бағыттай алады, сондай-ақ өз кеңестерімен тиімді көмек көрсете алады деп жазды.
Дене тәрбиесі процесінде жеке дара тұрғыдан қарауды жүзеге асыру, күн тәртібін мейілінше тиімділік жағдайын, шынықтыруды белсенді қозғалыс іс-әрекетін, баланың эмоциялық-жағымды күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында балалардың типологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Шынықтыру шаралар жүйке жүйесін нығайтады және оның қызметін жақсартады; дене жаттығулары, оның ішінде қозғалысты ойындар, белсенді қозғалысты іс-әрекеттер үшін жағдай жасайды және эмоциялық өрлеу, күш-қуат тудырады, қан айналымын күшейтеді, жүрек жұмысын және мидың қанмен қамтамассыз етілуін жақсартады, ағзаны жалпы сауықтыруға жәрдемдеседі.
Балалардың ойын ойнау отырып, дене тәрбиесіне көңіл бөлдіру қажеттігін тәрбиеші жақсы түсінуі керек. Жүгіріп ойнамайтын бала жоқ. Осы жүгірудің өзін дене тәрбиесіне дұрыс пайдалана білген тәрбиеші ғана жас ұрпақтың қамын ойлайды деген сөз. Осындай ойын барысында балалар бір-бірімен бірігіп те, келіспей де жатады. Тәрбиешінің тыйым салуы мен құптауы олардың бойында белгілі бір сезімдерді туғызады. Ондай жағдайда баланың жүйке жүйесіне салмақ түспейтіндей етіп, тәрбиеде ұстау - тәрбиешінің міндеті.
Балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктері әртүрлі. Біреулерінің мінезі іс-әрекеттегі ұстанымдылығымен ерекшеленеді, екіншілері ұстамсыз, сабырсыз болады, өз эмоцияларын меңгеруі қиын болады, селқос, өзіне-өзі сенімсіз балалар да байқалады. Қарым-қатынаста қиындық тудыратын балаларға қосымша күш жұмсап, жеке жұмыс жүргізу керек. Бұндай жасөспірімдердің ұйымшылдық қасиеттерін бірлескен жұмыстар жүргізу арқылы ояту керек. Осыдан кейін бар күшті жұмылдырып, қол жеткен нәтиженің сапалы болуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан педагогикалық жағдайлар балаға қиыншылықты жеңуде қолдау жасауды қамтамасыз етуі, өз күшіне деген сенімін арттыруға себепші болуы керек.
Жеке дара басшылық әдістерін іріктеу мақсатында баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін анықтап білу анасынан баланың туған күнінен бергі өмірі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет алуды (денсаулық жағдайы, сырқаттанған аурулары, жүре бастаған уақыты, тілінің дамуы) талап етіледі, сондай-ақ отбасы жағдайын, өмірін, алған жарақаттарын, баланың неге қызығатынын, немен сүйіп айналысатынын, ісін т.б. білу қажет. Тәрбиешінің осы жас шамасындағы топтың күнделікті күн тәртібінде жасаған өз бақылауларының маңызы өте зор.
Барлық материалды талдаудан өткізу тәрбиешіге қажетті қорытындылар жасауға және бала психикасының эмоциялық жағымды күйін сақтауға, түрлі белсенді іс-әрекеттерді дамытуға, ынта мен бейімділіктерін көрсетуге жәрдемдесетін тәрбиелік ықпал ету жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінде баланың жеке адам ретінде жан-жақты дамуына әсерін тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Оқу әрекетінде қозғалыс ойындары жүргізіледі. Балалар денелерін шынықтыра жүріп, қозғалу мен дағдыларды ғана үйренбейді, сонымен қатар ақыл-ойы да дамиды, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық талғам және еңбек дағдыларын бойына сіңіреді. Белсенді қимыл-қозғалыс әрекеті барысында бала моральдық-еріктік қабілеттерін көрсетуге, ойында батыл болуға, қолға түсу қаупіне қарамастан, жолдасын құтқаруға ұмтылуға, басқалармен бірге ортақ міндетті орындауға және т.б. жаттығады.
Мұндай әрекеттерді үздіксіз қайталау бірте-бірте бала санасында қажеттілік, күнделікті дәстүрлі әрекет ретінде орын алады. Тәрбиешілердің балаларды құптай, қостай бағалауы моральдық қанағат сезімін, эмоциялық өрлеу, алға ұмтылу, осындай еркіндік жолымен жүру ықыласын тудырады.
Жасқаншақ баланың жетекші рөлдерді атқаруы, тәрбиешінің тапсырмасы бойынша белгілі бір жаттығуларды балалардың бәріне түсіндіру және көрсету оны бірте-бірте жасқаншақтықтан арылтады, ақыл-ойын бір нүктеге жұмылдырады, логикалық ойлауға баулиды, оқу әрекетіне қызығушылығын тудырады. Бала неғұрлым дене тәрбиесімен көбірек айналысса, көпшіл, бастама көтергіш, көңілді бола түседі. Ұстамсыз, бірақ өзімшіл балалар оқу әрекеті мен ойын процесінде бірте-бірте жалпыға бірдей талапқа бағынып, неғұрлым шыдамды, ұстамды, ұйымшыл бола бастайды, озық тапсырмаларды орындағанда (ойынның жүргізушісі болғанда, сүйікті рөлді орындағанда, жаттығуды түсіндіргенде және көрсеткенде т.б.) кезекті күте білетін болады.
Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - дені сау, көңілі шат, бастама көтергіш, жан-жағын бағдарлай алатын, өзінің құрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және одан әрі шығармашылық қызметке белсене кірісуге қабілетті бала тәрбиелеуге бағытталған. Адам денсаулығы жайлы, әсіресе, бала денсаулығы жайлы қамқорлық - жай ғана санитарлық-гигиеналық көрсеткіштер мен ережелер кешені емес, күн тәртібіне, тамақтандыруға, еңбекке, тынығуға қойылатын талаптар жиынтығы емес, бұл, ең алдымен, бүкіл дене мен рухани күштердің жарасымды толықтығы жайлы қамқорлық... болып табылады.
Аталып өткен міндеттерді жүзеге асыру әр баланың жеке дара ерекшеліктерін арнайы зерттеу мен есепке алып отыруды, оған тек ақ көңілді, ыждаһатты қарым-қатынасты және осыған байланысты орынды жалпы педагогикалық және жеке дара ықпалды талап етеді.

§4. Дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу әдістері

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі зерттейтін мәселелердің ауқымы кең. Сондықтан зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдар да әлеуметтануда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда т.б. пайдаланылатын әдістер қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және қорыту, зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады. Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау әдістемесін ойластыру керек.
Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша дамығандығын аңғаруға болады.
Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай мәселелер зерттелініп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әртүрлі құжаттарды (мысалы, балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу кестесі, бір апталық жұмыстың циклограммасы, дене шынықтыру оқу әрекеті, ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қимыл-қозғалыс ойындарының жоспарлары т.б. мониторинг жүргізу, есепке алу журналдары) талдау кезінде табуға болады (5-кесте).
Мәлімет жинау үшін анкеталар және сұрақ-жауап парақшалары пайдаланылуы мүмкін. Анкеталардағы сұрақтар иә немесе жоқ деген қысқа жауап аларлықтай етіліп қойылады. Сұрақ-жауап парағында жауаптар қарапайым түрде беріледі. Мысалы, тәрбиешінің жасы, жұмыс өтілі, білімі, дене жаттықтыру үшін жасалған жағдай сипаттамасы т.б. Біріншісінде де, екіншісінде де жауап жазба түрде болуы тиіс. Анкеталар мен сұрақ-жауап парақтары көбіне зерттеу жұмысының бастапқы кезінде қолданылады және олар көмекші құрал ретінде ары қарай пайдалану жалғастырылады. Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын ала жасалған жоспар бойынша жиналуы мүмкін. Мысалы, тәрбиеші баладан: Дұрыс тұра білесің бе? Қалай тұру керек екенін көрсетші деп сұраудың орнына қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы, - деп сұрайды. Педагогикалық бақылаудың ерекшелігі сол - нысандарды табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу әдістері

Педагогикалық талдау қорыту
Математикалық
Эксперименттік
Теориялық талдау және қорыту

Зерттеушілерде сыннан өтушінің әртүрлі көрсеткішті сипаттайтын материалдар алынады, алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділік анықталады.
Арнайы жағдай туғызу, жанама құбылыстарды жою, қажетті материал жинақтауда кездейсоқ, кідірістерге жол бермеу, эксперимент шарттарын түрлендіру.
Педагогикалық бақылау.Арнайы бақылауға арналған нақты тұжырымдамасы бар, бақылау, мәліметтерді түйіндеу жүйесі.
Ғылыми мәліметтерді оқып білу, талдау, қорыту библиография мен танысу, талдау, әдеби түпнұсқаларды іріктеу, жүйелеу материалдарды бөлу ағымдық шолу, қорытынды шығару.

Бір жылға арналған жаттығу уақыты көрсетілген кесте. Күнтізбелік жоспар. Циклограмма. Оқу әрекеті жоспары, ертеңгілік бой сергіту жаттығуларының кешені, жаттығу ойындарының жоспары: тәрбиешінің күнделігі, хаттамада балалардың денсаулық жағдайы, дене дамуы мониторингі.

5-кесте
Педагогикалық бақылау фактілері объективті жүргізілуі керек. Бақылаушының жеке басының құлықтарына тәуелді болмай, ортақ жасалған бақылау сұрақтарының негізінде саралануы керек. Бақылау процесінде бақыланатын нәрсені дәл есепке алып отыру әдісін пайдалану керек. Мысалы, қозғалыс техникасы есепке алып отыру үшін суретке түсіру, кино түсіру, циклография, бейнетаспалық жазба т.б. пайдаланылады.
Хронометрлеу әдісімен дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді орындауға кететін уақыт, сондай-ақ оқу әрекетінің жекеленген бөліктері мен толық ұзақтығы анықталады.
Тәрбиешінің сөзі стенографиялау, бейнетаспаға жазу арқылы тіркеледі. Бақылау нәтижесінде журналға, күнделікке хаттамаға жазылады. Бақылау процесінде тіркелген мәліметтерді алдын ала бақылау қажет. Оларды өңдеу кезінде кездейсоқ мәліметтер алынып тасталып, байқалған заңдылықтар іріктелінуі, жинақталып қорытылуы тиіс. Мәліметтерді зерттеу және талдау нәтижесінде олардың жеткіліксіз болуы немесе қарама-қайшы болып, түбегейлі қорытынды жасауға негіз бола алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау одан әрі қарай жүргізілуі тиіс.
Бақылау бақылаушының өзіне қатысты әрекеттерді, денсаулық жағдайын және басқа мәліметтерді өздігімен тексеру түрінде өзін-өзі бақылау сипатында болуы мүмкін. Өзін-өзі бақылау дене шынықтыру жаттығулары оқу әрекеті процесінде де, сондай-ақ бұдан соң оның ағзаға әсерін зерттеу үшін де қолданылады. Эксперимент жүргізілер алдында міндеттерді анықтау және зерттеудің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру, эксперименттік оқу әдісіне, фактілерді тізімге алу және оларды өңдеу әдістемесіне талдау жасау қажет. Салыстырмалы эксперименттерде екі немесе бірнеше топтар қатыса алады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі әдістерінің біршама өзіндік өзгешеліктері бар. Дене тәрбиесі процесін бір зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады.
Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:
1.Мектепке дейінгі ұйымдардағы дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдарына талдау жасаныз.
2. Дене тәрбиесі теориясы пәнінің мақсатын мен міндеттерін анықтаныз.
3. Денсаулық білім беру саласының мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізіңіз.
4. Дене тәрбиесінен ұйымдастырылатын жұмыс формаларының түрлеріне сипаттама беріңіз.
5. Білім мазмұны мен жеке тұлғаның дамуы балалардың бойында қандай қасиеттерді дамытады?
6.Жас ерекщеліктеріне қарай Денсаулық білім беру саласына талдау жасаңыз.
7. Дене тәрбиесі саласының басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеңіз.
8. Ағза мен ортаның бірлігі дегеніміз не?
9. Тепе-теңдікті сақтауды өмірдің негізгі заңы деп қарастырған ғалым кім?
10. Шартты рефлекторлардың уақытша байланысуы және динамикалық стереотиптердің құрылуы қалай жүргізіледі?
11. Баланың жүйке жүйесін жеке дара анықтау әдістерін атаңыз.
12. Дене тәрбиесіне баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты әсерін тигізетін құралдар мен әдістерге нелер жатады?
13. Дене тәрбиесі теориясының зерттеу әдістеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
14. Хронометрлеу дегеніміз не?

Екінші тарау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің даму тарихы
§1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының даму тарихы ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибелерде көрініс тапқан.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К. Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К. Крупская қоғам міндеттерін ескере отырып, тәрбиенің жаңа теориясын жасау қажеттігін меңзеді. Ол баланы дамыту, тәрбиелеу және білім беру мәселелеріне педагогика, психология мен физиология саласындағы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан қарау керектігін атап көрсетті. Н.К. Крупская тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін жасауда мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін атап көрсетті.
Н.К. Крупская мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән бере отырып, баланың болашақ өмірге жан-жақты дайын болуы маңызды деп санады. Дене жаттықтырудың бала ағзасына тигізетін әсерін атай келе, ағзаны тек шынықтырып және нығайтып қана қоймай, балаға үйлесімді тәрбие беру мақсатында да ойындарды пайдалануды ерекше бөліп көрсетті. Ол ойынның ұжымдағы қарым-қатынастағы, өзін-өзі ұстай білудегі, ұйымдаса әрекет етудегі, баланың мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап айтты.
XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдардың бірі Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдарда дәлелденген. Ол Бала әдеттерінің азаматтылығы атты кітабындағы балалар ойынына байланысты арнайы тарауда ойынның балаларға беретін тәрбиелік және білім берудегі мәнін атап көрсетеді.
И.И. Бецкой, Н.И. Новиков, А.Н. Радищев өз еңбектерінде дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста екенін көрсетті.
А.И. Герцен, В.Г. Белинскиий, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И. Писаревтің айтқан пікірлері бойынша, дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі ретінде ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Қоғам қайраткерлері баланың күн тәртібін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөліп, еңбек пен демалыстың алмасып келуі себебінен рухты, сергек, жарқын болашаққа күресуге қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиелеудің қажеттілігін дұрыс негіз деп санады.
К.Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза ауада көп жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде баланың ықыласын тәрбиешіге аудару мақсатында қысқа мерзімді қимыл-қозғалыстар орындау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы дене шынықтыру
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Пәндер