Материалдық емес активтердің бағалануы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МКҚК Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
Алматы қаласы Білім басқармасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Материалдық емес активтер есебі және оның амортизациясы
Пән: Қаржылық есеп
Студент: Салимханова Сымбат Бейбітқызы
Курс: 3
Мамандығы: 0518000 Есеп және аудит
Біліктілік: 051803 3 Экономист-бухгалтер
Топ: 3 Есеп В

Бағасы:____( ____________)
Қорғау күні: ____ ____________20___ж.
Пән оқутышысы: Сериккулова Анар Турехановна

Алматы 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
1.Тарау. Материалдық емес активтер
1.1. Материалдық емес активтердің түсінігі, маңызы, түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Материалдық емес активтердің бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.Тарау. Материалдық емес активтер есебі және оның амортизациясы
2.1. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері, шоттар корреспонденциясы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Материалдық емес активтердің келіп түсуінің есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3.Материалдық емес активтердің шығарылуының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4. Материалды емес активтерді түгендеу және қайта бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

3.Тарау. Қазақтелеком АҚ - ның материалдық емес активтер қозғалысы
3.1. Қазақтелеком АҚ - ның қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2. Қазақтелеком АҚ - ның қаржылық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.3. Қазақтелеком АҚ - ның 2019 және 2018 жылдардағы материалдық емес активтер қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарда бәсекеге қабілетті тек материалдық және қаржылық активтер ғана емес, сонымен қатар материалдық емес активтер де жатады. Материалдық емес активтер ұйымның бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтады және табыстылығын жоғарылатады. Қазіргі кезде кәсіпорындардың иелігіндегі мүліктердің ішінде материалдық емес активтердің үлесі өсуде. Осыған байланысты жалпы кәсіпорындардың айналымға кірмейтін құралдардың ішіне кіретін материалдық емес активтердің болуы, оның нарықтағы құнын көтереді, инвестициялық тартымдылығын ұлғайтады, ішкі және әлемдік нарықта бәскелестік қабілетін көтереді.
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде саналады.
Жалпы материалдық емес активтердің қолданылуын жақсарту, олардың қайтарылымдылығын ұлғайту, қызмет ететін материалдық емес активтердің құрылымын жетілдіру - бұл өндірістің тиімділігін жақсартудың басты бағыттарының бірі болып танылады.
Көбінесе материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, себебі, олар өте аз кездеседі, мысалға алатын болсақ, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, т.с.с. басқа активтің құнын өлшеу үшін негіз бола алмайды. Сондықтан да материалдық емес активтердің құнын, көбіне екі жақтың келісімімен анықтайды. Материалдық емес активтердің дұрыс әрі сауатты анықталуы және бағалануы мен есебі ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінде маңызды рөл ойнайды, себебі фирма бағасы мен оның бизнестегі шешіміне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Материалдық емес активтердің ең негізгі ерекшелігі - оның заттай - табиғи формасының жоқтығы. Осыған байланысты оның есебімен, аудитімен және талдауымен кездесетін қиыншылықтарды анықтайды.
Бухгалтерлік есепте ұйымның материалдық емес активтері туралы құрастырылу талаптарын бухгалтерлік есеп бойынша Ережеде бекітеді. Материалдык емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдык емес активтерді қабылдау - беру" актісімен рәсімделеді. Бұл актіде материалдық емес активтердің түрі , сонымен қатар кәсіпорынға берілген күні (жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және тағы басқа қажетті мәліметгері дәл көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акті де жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі болып табылады. Актілерді кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға береді, оған бас бухгалтер қолын қойып, кәсіпорынның басшысы бекіту керек.
Амортизацияны есептеу материалдық емес активтер құны толық өтелгеннен кейiн немесе актив табыс әкелудi доғарған кезден бастап тоқтатылады.

1. Материалдық емес активтер
1.1.Материалдық емес активтердің түсінігі, маңызы, түрі

Материалдық емес активтер деп заттың нақтылай нысаны болмайтын, бірақ сезілмейтін құндылыққа ие және ұйымға ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қызмет ететін активтерді айтады. Олар құжаттармен рәсімделеді, табыс әкелетін немесе табыс алуға алғышарттар жасайтын айналымнан тыс активтер тобын құрайды және иеліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге гудвил, ноу-хау, лицензиялар, патенттер және тауар белгілері, тауар өндірісінің тіркелінген жерлер,өнеркәсіп үлгілері, өнеркәсіпті ұйымдастыру шығындары, электронды есептеу машинаны, бағдарламаны қамтамасыз ету, интелектуалдық меншік, жер учаскесін және табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары және т.б жатады.
Материалдық емес активтердің кейбірі физикалық заттың (алып жүргізушілердің) құрамында болады, мысалға алатын болсақ, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискетте, фильм - лентасында, заңды құжаттау (лицензия,патент) - қағазда болады, бірақ дискетте де, лентада да, қағазда да қосымша элементтер болып саналады, сондай-ақ олар активтің мәнін ашуға негіз болып есептелмейді.
Егер материалдық емес активтерді жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы бар болса материалдық емес активтерді анықтауға болады. Материалдық емес активтерді осылай анықтайтын болса, онда ұйымның олжа табу мүмкіндігі артады. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде негізінен 4 топқа бөлінеді. Олар:
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер
Бұл материалдық емес активтер тобына белгілі бір уақыт аралығында табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шығындарды жатқызады. Мысалы, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану, өнеркәсіптік үлгілер, сервитуттар, электрондық аппараттар мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, Ноу-Хау және т.б. айтуға болады.
Ноу-Хау ағылшынша know how - қалай екенін білу деген мағынаны білдіреді, яғни, сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекеге қабілетті болу үшін қолдалынатын ерекше технологиялар, білімдер мен қабілеттер. Бұл активің пайдалылығы Ноу-Хау бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады. Өзінің табиғаты және төлем нысандары жағынан лицензия бағасына ұқсас болып келеді. Ноу-Хау нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша табыстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы түрінде немесе ноу-хауды пайдалану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төлемдер түрінде, яғни, ноу-хауды беру жөніндегі келісімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленетін төлем түрінде болады.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер
Бұған тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және басқалары жатады.
Тауар таңбасы немесе қызмет көрсету таңбасы дегеніміз - басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметтерді тиісінше айыра алатын қабілеті бар таңбалар болып табылады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауар таңбасына құқық заңмен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, сату немесе шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу, осы мақсатта сондай-ақ біртектес тауарларды араластырып белгілеу, тауар таңбасы иесінің құқықтарына қол сұғу деп есептелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің аты, оның ерекше әрі басты сапасы осы географиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам факторларымен қоса сипатталады. Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы әбден мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда немесе тауардың қорабында, жарнамада, проспектілерде, бланктерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарда пайдалануды айтамыз.
Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.
Бұл активтерге жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар, франшиза және тағы басқалары жатады.
Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін тұлғаның (патент иеленуші) оған осы ашылған жаңалыққа құқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, құжатты айтады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылдану құқығын беретін құжатты да айтады. Патент берілгенде патетнттік алым (пошлина) ұсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қолдануға айрықша (жеке дара) иелік ету құқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық құқығын иеліктен шығаруға және басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұқсат (лицензия) бере алады. Соңғы ашылған жаңалықты пайдалану көп пайда түсіруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан патенттер алу бәсекелестікте маңызды роль атқарады. Патенттер алуға бірінші кезекте ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, олардың патент сатып алуға да, патенттелген жаңалықтарды өндіріске шығаруға да қаржысы бар.
Өнеркәсіптік үлгілер.Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шет елдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп оған шығармашылық еңбегі сіңген азаматты айтады. Егер өнеркәсіптік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың барлығы өнеркәсіптік үлгілер авторы болып танылады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.
Лицензиялар - латын тілінде азаматтық, құқық деген мағынаны білдіреді. Бұл сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рұқсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат. Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдары қазақстандық және шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілерге көміртекті шикізаттай пайдалы қазбаларды (мұнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру құқығын бере алады. Мұндай лицензиялырда пайдалану ройялтиды төлеумен тығыз байланысты. Ройялти деп табиғи ресурстарды өндіру құқығын алу үшін төленетін төлемдерді айтады.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлері
Материалдық емес активтердің бұл тобына фирма бағасы (гудвилл), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді.
Фирма бағасы немесе Гудвилл. Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олардың баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайындағы заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі Фирма бағасын құрайды.
Жұмыс істеп тұрған біртұтас кәсіпорынды сатудан түскен сома оның активтерін бөліп сатқан сомадан аз болуы мүмкін. Батыс елдерде мұндай жағдайларды Бэдвилл деп атайды, бірақ бухгалтерлік есепте мұндай термин жоқ. Бұл құбылысты жағымсыз Гудвилл деген дұрысырақ.
Интелектуалдық меншікті есепке алу. Интелектуалдық меншік - үстіміздегі ғасырдың 60-жылдары енген, заңгерлік ұғым. 1697 жылы Стокгольмде интелектуалдық меншіктің бүкіл дүниежүзілік ұйымын бекіту туралы конвенцияға қол қойылып, ол 1970 жылы күшіне енді. 1972 жылы КСРО осы концепцияғы мүше болды (мұрагер ретінде Қазақстан Республикасы да).
Интеллектуалдық меншік ұғымы авторлық құқықтарды, орындаушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты құқықтарды, жаңалық ашу және патентке құқықтарды, ғылыми жаңалық ашу құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктерден қорғану құқықтарын, сондай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет мен өнер салаларындағы интелектуалдық меншікті қамтитын басқа да құқықтарды білдіреді.
Интелектуалдық меншік объектілері ұқсастырылған (идентификацияланған) және ұқсастырылмаған (идентификацияланбаған) болып топтастырылады.
Жалпы айтқанда материалдық емес активтерге: лицензиялардан, патенттерден, авторлық шарттардан туындайтын құқықтар, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, сауда маркалары, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжребиелі - конструкторлық жұмыстар және т.б. жатқызуға болады.
Материалдық емес активтердін есебінің міндеттеріне:
Материалдық емес активтердің қозғалысын дұрыс құжаттық рәсімдеу және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету.
Материалдық емес активтердің материалдық жауапты адамдарға бекіту және сақталуын бақылау.
Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсету.
Материалдық емес активтердің дұрыс құжаттау есебі жатады.
Материалдық емес активтердің нақты қозғалысын есепке алу 2710 Гудвилл шотында, Өзге материалдық емес активтер 2730 шотында жүргізіледі. Материалдық емес активтердің келіп түскен басымен аяғындағы қалдықтары осы шоттардың дебетінде, ал материалдық емес активтердің есептен шығарылғаны кредитінде көрсетіледі.
Есеп беруде матариалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп беруде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда; амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеңнің басымен аяғына жинақталған амортизацияның нормасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық және т.б. көрсетіледі.
Аудиттің алдында келесідей міндеттер жатады:
1. Материадық емес активтердің көлемін анықтау.
2. Материадық емес активтердің құрылымын тексеру, құрылымының кәсіпорын бағытымен сәйкестігін тексеру.
3. Материадық емес активтердің қамтамсыздығын тексеру.
4. Материадық емес активтердің жағдайын талдау.
5. Материадық емес активтердің қозғалысын талдау.
6. Материадық емес активтердің пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау.

1.2. Материалдық емес активтердің бағалануы

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.
Сатып алу құны деп - барлық төлемдер мен олардың нақты анықталғанына байланысты алынған активтердің ағымдағы нарықтық құнын айтады. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде ең маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесідей факторлар ескерілуі қажет:
қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды реттеуші және келісілген ереже;
болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
материалдық емес активтің бар бәсекеге қабілетін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субьектілерінің күтілген әрекеті;
материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтер құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде есептен шығарылуы керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін ай сайын қайта қарастырып отырылуы қажет. Қандай жағдай болмасын, материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңі, олардың сатып алған күннен бастап 40 жылдан аспауы керек. Халықаралық стандартқа сәйкес ХҚЕС 381 материалдық емес активтерді пайдалануда оның ағымдық және баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігінен жоғарылап кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда амортизацияланбаған құнды есептен шығарып және активтің құндылығының азайғандығын көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде, айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандай да бір басқа жолымен шығыс етілуі кезінде одан түскен пайданы бейнелей отырып материалдық емес активтің шотынан оның амортизацияланбаған құны есептен шығарылады.
Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және тағы да басқалары кіреді. Егер де метериалдық емес активтер айырбас негізінде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәрізді материалдық емес активтер құны бойынша есептелінеді. Егер метариалдық емес активтердің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ол кезеңдік шығысқа жатқызылады, ал оның бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы мемлекеттердің субсидиясынан) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтер тап осы түрінің құны бойынша танылады.

2.Тарау. Материалдық емес активтер есебі және оның амортизациясы
2.1. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері, шоттар корреспонденциясы

Амортизация айналымнан тыс активтердің (МЕА-дің) тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы субъектінің қызмет ету мерзімінен аспайды және мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай оның құны да біртіндеп төмендей береді. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына байланысты болады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу - Негізгі құрал-жабдықтар есебі БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Амортизацияланатын құн = бастапқы құн - жойылу құны, болып есептелінеді.
Жойылу құны нөлге тең болады, егер:
пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатьш алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.
Материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдьқ жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер:
нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
мәмілеге келуге ниетті - сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатьн болса;
сатып алынатан және сатылатан тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.
Ұйымның қаржылық - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер пайдалы қызмет ету мерзімі бойы өзінің бастапқы құнын амортизацияын есептеу арқылы ұйымдық шығындарға ауыстырады. Амортизация нормасын ұйым бастапқы құн және пайдалы қызмет ету мерзімі негізінде анықтайды. Пайдалы қызмет ету мерзімі ретінде материалдық емес активтердің ұйымға табыс алып келетін мерзімі есептеледі. Бұл мерзім материалдық емес активтердің әрбір түрі бойынша оның қызмет ету мерзімі - табыс алып келуі тиіс уақыты негізінде бекітіледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі, Қазақстан Республикасының заңымен басқа жағдайлар қарастырылған болмаса, материалдық емес активтердің пайдалануға дайын болу сәтінен бастап ұйымның әрекет ету мерзімінен аспауы керек.
Пайдалы қызмет ету мерзімін ұйым обьектіні бухгалтерлік есепке қабылдау кезінде анықтайды. Обьектілер мынадай негіздер бойынша есепке алынады:
- куәліктің, патенттің, лицензияның және басқа да ресми құжаттардың әрекет ету мерзімі;
- обьектінің ұйымға табыс алып келуі мүмкін болжамды пайдалану мерзімі;
Материалдық емес активтердің кейбір түрлері үшін пайдалы қызмет ету мерзімі нақты обьектіні пайдалану нәтижесінде күтілетін тауар айналымының көлемі негізінде анықталады.
Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау қиын немесе мүмкін емес материалдық емес активтер бойынша амортизация нормасы он жылға, бірақ ұйымның әрекет ету мерзімінен артық емес жылға есептеу арқылы анықталады.
Материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтаудың дұрыстығы мен негізділігіне амортизацияның есептеліп отырған нормасының дұрыстығы, сәйкесінше материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасының дұрыстығына байланысты болып табылады. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы ұйымның шығындарына жатқызылады және шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесіне елеулі әсер етеді.
Материалдық емес активтердің объектісінің амортизация әдісі біріңғай есеп саясатымен анықталады және кезеңнен кезеңге дейін дәйекті қолданылады, яғни ай сайын активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзімі негізінде есептелген нормалар бойынша есептелінеді. Алайда ол материалдық емес активтердің салықтық кезең соңына Салық кодексінің 110 бабымен бекітілген құндық балансының шегінен аспауы керек.
Материалдық емес активтердің амортизациясының аналитикалық есебі бектілген Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасын есептеудің жасақталған кестесі типтік нысанда жүргізіледі. Жасақталған кесте бір жылға ашылады және материалдық емес активтердің бары мен қозғалысын есептейді және олар бойынша есептелген амортизация сомасын есептейді. Оған әрбір материалдық емес актив туралы мәліметтер - түрі, қысқаша сипаттамасы, пайдалы қызмет ету мерзімі, есепті кезең басындағы қалдығы, дебеттік және кредиттік қозғалыс, есепті кезең соңындағы қалдығы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Материалды емес активтер есебі
Материалдық емес активтердің түрлері туралы
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Негізгі құралдардың амортизация есебі
Есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Материалдық емес активтердің түрлері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Пәндер