Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»
Алматы қаласы Білім басқармасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Құрылыс кәсіпорындағы қаржылық есеп жүргізудің ерекшеліктері»
Пән: «Қаржылық есеп»
Студент:Құрманғали Дулат Қайратұлы
Курс: 3 есеп В
Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»
Біліктілік: 051803 «Экономист-бухгалтер»
Топ: 3 Есеп « В »
Бағасы:( )
Қорғау күні: 20___ж.
Пән оқутышысы: Сериккулова Анар Турехановна
Алматы 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе бет
- Тарау. Құрылыс кәсіпорындағы қаржылық есеп жүргізудің ерекшеліктеріҚұрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық техникалық ерекшеліктері . . . IV
1. 2 Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы . . . IX
1. 3 Орындалған құрылыс монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі . . . XX
2. Тарау. Құрылыс өндірісі
2. 1 Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі . . . XIII
2. 2 Құрылыс кәсіпорындағы ақау есебі . . . XV
2. 3 Құрылыс кәсіпорындағы амортизация . . . XVII
3. Тарау. Құрылыс өндірісіндегі шығындарға талдау жасау.
3. 1. Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебіне талдау жасау . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
1. Құрылыс кәсіпорындағы қаржылық есеп жүргізудің ерекшеліктері
1. 1. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық техникалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы. Күрделі құрылыс - жаңа кәсіполрындар салуға, қызмет істеп тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады. Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
- пайдаланылған материалдық ресурстарды, жұмысшылардың еңбек шығынын, құрылыс машиналары мен дер кезінде, дұрыс және толық құжаттау, құжат айналымының сызбасына сәйкес мәліметтерді уақытында есепте көрсету үшін құжаттарды есеп бөліміне тапсыру.
- Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындарды құрылыс объектілеріне байланысты калькуляция баптары бойынша дұрыс және уақытында көрсету.
- Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың нормаларының сақталуын бақылау, нақты шығындардың нормадан ауытқуларын және оларды болашақта болдырмау үшін себептерін анықтау.
- Бригаданың, бөлімшелердің және учаскелердің қызмет нәтижелері мен өнімнің өзіндік құндарын төмендету резервтерін анықтау және олардың есебін ұйымдастыру.
- Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары мен аяқталмаған жұмыс көлемін анықтау.
- Қаржылық, статистикалық есепті құру үшін және өндірісті талдау мен бақылау үшін мәліметтерді қалыптастыру. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құн құрамына құрылыс жұмыстарымен байланысты шығындар қосылады. Олар экономикалық элементі және калькуляция баптары бойынша топтастырылады. Экономикалық элементі бойынша шығындар деп - өндіріс процесіндегі рөлі мен экономикалық мазмұнына байланысты бір типті жұмсалған шығындарды айтамыз. Шығындарды элементі бойынша жіктеу өзіндік құнды төмендетудің негізгі резервтерін анықтау үшін және жоспарлы өзіндік құнды жоспардың басқа бөлімдері мен салыстыру үшін айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін талдау кезінде өте қажет болады. Құрылыста шығындарды элементтері бойынша мынадай тәртіппен топтастырады:
- Материалдық ашығындар
- Еңбекақы шығындары
- Сақтандыруға аударымдар
- Негізгі құралдардың тозуы
- Басқа да шығындар.
Құрылыс өнімі болып ғимараттар, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени - тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета - объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны. Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.
Жобаның құрамына келесілер енеді:
-шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса) ;
-жиынтық сметалық есеп;
-құрылыс құнының сметалық есебі;
-объектінің және жергілікті (локальды) сметалар;
-объектінің және жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса) ;
-жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса) .
Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру өндіріске не жұмсалғанын, әрі қанша жұмсалғанын көрсетеді. Осылай топтастыру нәтижесінде статистика органдары ұйымдардың өндіріс шығындары туралы статистикалық есеп берулерінің мәліметтеріне сүйене отырып экономика салаларында құрылған ұлттық табыстың мөлшерін анықтауға мүмкіндік алады. Шығын элементтері, калькуляциялық баптарға қарағанда, одан әрі құрамдас бөліктерге бөлінбейді.
Құрылыста тікелей шығындарға материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары жатқызылады. Құрылыс өндірісі - материал сіңірімділігі жоғары саланың бірі. Себебі құрылыстағы өндірістік шығындардың басым бөлігін (64 %) материалдық шығындар алады. Материалдық шығындарға құрылыс - монтаж жұмыстарын орындау барысында, сонымен бірге құрылыстық конструкцияларға және тетіктерге, отын, электрқуаты және бу мен суға (көмекші және қосалқы өндірістердің, қызмет көрсетуші шаруашылықтардың өнімдері мен қызметтерін қоса алғандағы) жұмсалған шығындар жатқызылады. Құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық қорлардың құны олардың нақты өзіндік құны бойынша анықталады. Материалдардың нақты өзіндік құнына енгізіледі:
материалдарды сатып алу құны немесе қосалқы және көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың өзіндік құны;
-материалдарды объекті маңындағы қоймаға дейін жеткізу шығындары;
-дайындау - қойма шығындары, тиеу - түсіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды қоса;
Құрылыста пайдаланылған барлық материалдар «8 Негізгі өндіріс» бөлімшесінің 1310 «Материалдар» транзиттік шотында есепке алынады және құрылыстың сәйкесті объектісінің өзіндік құнына енгізіледі. Бұл Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары бойынша 8110 «Негізгі өндіріс», 1310 «Материалдар» шотында есепке алынады. Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау барысында айналымды материалдарды (мысалы, темірбетон мұнараларын, шпалдарын және рельстік кран асты жолдарын көтеру кезінде ағаштарды, металл, ағаш шартақтарды бірнеше қайтара қолдану) пайдаланады. Оларды пайдалану құрылыс жұмыстарының өндірістік нормаларында қарастырылған. Айналымды материалдарды өндіріске алғаш босатқан кезде жұмысты орындаушылардың (прораб, шебер) жауапкершілігіне береді. Бұл кезде олардың құнын болашақ кезеңдердің шығындары ретінде есепке алады. Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады. Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек. Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты - оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасысыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады. Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі;
- Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар
- Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
- ;
- Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, құрылыс жұмыстарының (өнімінің) өзіндік құнының көп бөлігі материалдық шығындардан тұрады. Басқаша айтатын болсақ құрылысты жүзеге асыруда құрылыс объектісінің негізін материалдар құрайды. Құрылыс жұмыстарының салалық және технологиялық ерекшеліктері кәсіпорынның өндірістік кезеңінде пайдаланылатын материалдық ресурстардың есебі мен әдістемесінің ұйымдастырылуына елеулі ықпал етеді. Сондай-ақ құрылыс саласының ерекшеліктерінің бірі материалдық қорларды сақтайтын әрбір орындар бойынша оған жауапты тұлғаларды арнайы құжаттармен бекіту. қажет етіледі. Құрылыс-монтаж ұйымдардың құрамына негізгі өндірістен бөлек көмекші өндірістері де болады, сондықтан негізгі және көмекші өндірісте пайдаланылған материалдық ресурстардың бухгалтерлік есебін бөлек, бірақта өзара байланыста қарастыру қажет. Құрылыс ұйымының өзінде өндіріліп пайдаланылатын және басқаларға сатылатын өнімдерінің бухгалтерлік есебі өндірістік ұйымдардағыдай етіліп жүргізіледі. Құрылыс өндірісінде кейде жартылай фабрикаттарды пайдалану жиі кездеседі. Бұл бетон ерітіндісін (раствор), асфальт және тағыда басқа құрылыс материалдарын дайындауға байланысты. Көбіне жол, дамба, т. б. салумен айналысатын құрылыс ұйымдары өздеріне қажетті шикізаттарды (құм, тасшақпақ (щебень), қиыршық тас гравий) ), өзінің көмекші өндірісінде өндіруге мүдделі болады. Сонымен қатар, құрылыс орталықтандырылған электр қуатымен және сумен қамтамасыз етілмеген аудандарда жүргізілетін жағдайда қосымша электр подстанциялары мен су жіберу (водокачек) құрылғыларын, тағыда басқаларды қажет етеді Аталғандар құрылысқа жағдай жасайтын көмекші өндіріс болған жағдайда тиімді болып табылады Әржақты құрылыс өндірісінің өзіндік ерекшелігіне қарай, құрылыс ұйымдарындағы материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі тек басқа да басқару салаларымен бірігіп жүргізілгенде ғана дұрыс, әрі толық қамтылады. Басқа да басқару салаларына: материалдық-техникалық жабдықтау бөлімін, өндірістік жобалау бөлімін, ақпараттық технологияны енгізу мен қолдану жөніндегі бөлімді және барлық инвестициялық-құрылыс қызметтерінің субъектілерін жатқызуға болады Құрылыс мекемесін басқару жүйесінің сапасының артуы белгілі бір мақсаттарға талдау жүргізу мен қадағалау мүмкіндіктерін беретін, басқару шешімдерін әзірлеу кезінде әртүрлі деңгейдегі басқару кезінде үлкен табысқа жеткізетін, қажетті объективті, нақты және уақытылы ақпараттарды алумен тығыз байланысты . Құрылыс мекемесінің есептік қызметкерлері құрған ақпарат құрылыс мекемесінің басқару аппаратының ұлғаймалы талаптарына сай болуы қажет және талдамалық жұмыстар мен болжамдарды жүргізу талаптарына барынша жауап беруі тиіс. Нарықтық экономика жағдайында есеп жүйесі мен ішкі бақылауды қалыптастырудың маңыздылығы ерекше сипатқа ие. Ол үш маңызды факторларға негізделеді: біріншіден - құрылыстық - инвестициялық саланың экономикалық тәуелділігіне, екіншіден - кәсіпорындардың бәсекелік күрестеріне, үшіншіден - халықаралық интеграциялауға №2 Қорлар - деп аталатын ҚЕХС сәйкес қорлардың өзіндік құнына оларды есепке алу барысында, яғни кіріске алу, дайындау, тасымалдау және басқада кіріске алу барысында жұмсалған шығындардың барлығы қосылып есептелінеді Осы жердегі аталып өткен тасымалдау шығыны қорлардың өзіндік құнына қосылып есептелуінде үлкен мәселе туғызады. Іс тәжірибеде әр түрлі өлшем бірліктерде есептелінетін қорлар бір көлікпен тасымалданып әкелінетіндігі жиі кездеседі. Соған сәйкес бұндай жағдайда тасымалдау шығындарын тасымалданған әр түрлі материалдарға тиісті мөлшерде есептеуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан бұл шығындар материал ретінде есептелініп кіріске алынады да, есепті кезеңнің соңында жұмсалынған (сатылған) материалдар мен қалған материалдарға бөлініп қоыслады. Көлік тасымалдау шығындары әрбір материалдың көлеміне, яғни көлік құралына тиелгендегі алатын орнына немесе салмағына қарай емес бағаларына байланысты пропорцианалды түрде бөлініп қосылады. Соған сәйкес көлемі кіші болғанымен бағасы жоғары материалға көлік тасымалдау шығыны көп қосылады. Кей уақыттарда қорларды тасымалдауда пайдаланылған көлік құралының негізгі, яғни көп бөлігін алған (үлкен орынды қажет ететін немесе салмағы ауыр) материалдың құнына қосылатын тасымалдау шығынының мөлшері сол көліктің аз ғана орнын иеленген бағасы қымбат салмағы жеңіл материалға қосылатын тасымалдау шығынынан бірнеше есе аз болуы мүмкін. Осыдан көлік тасымалдау шығындарының материалдардың өзіндік құнына дұрыс бөлініп қосылмайтындығын көруімізге болады. №2 Қорлар - деп аталатын ҚЕХС сәйкес қорлар міндетті түрде өзіндік құны мен таза сату құны арасындаға төмен бағасы бойынша бағалануы қажет. Ал көлік тасымалдау шығындары олардың қай материалмен тікелей байланысты екенін анықтау қиындық тудыратындықтан бөлек есептелінеді. Талдамалық (аналитикалық) есепте әрбір материал түрлері бойынша сатылып алынған бағасы бойынша, көлік тасымалдау шығынынсыз есептелінеді, яғни олардың өзіндік құнын есептеуде көлік тасымалдау шығындары қарастырылмайды. Сондықтан өзіндік құны мен таза сату құны арасындағы төмен бағаны анықтау барысында көлік тасымалдау шығындары өзіндік құнның құрамында болмайды, яғни қарастырылмайды. Осыдан көлік тасымалдау шығындарын қорлардың құрамында есептеп артынан оларды жұмсалынған (сатылған) материалдармен жұмсалынбай қалғандарының арасында бөліп есептеу қосымша уақыт пен қосымша жұмыс күшін қажет еткенімен ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан біз көлік тасымалдау шығындарын тікелей үстеме шығындарға апарып қосып есептеп кейіннен үстеме шығындардың құрамында жұмсалған материалдармен бірге объектінің құнына апаруды ұсынамыз. Бұл кәсіпорындағы жұмыс уақытын үнемдейді. Сонымен қоса ешқандай қажетсіз есептеуді жүргізуді болдыртпайды Өткен XX - ғасырдың 70-жылдарында Жапония елінде Джит (Jit (“Jist- intime”) дер кезінде) жүйесі қолданысқа енгізіліп соның арқасында Жапония компаниялары әлемдік нарықта үлкен нәтижеге қол жеткізді. Осындай үлкен табысқа қол жеткізудің, яғни әлемдік нарықта Жапония компанияларының беделінің артуының негізгі факторы Джит (Jit (“Jist-intime”) дер кезінде) жүйесінің қолданылуы болғандығы белгілі. Бұл жүйе бойынша кәсіпорынды белгіленген уақытта, яғни дер кезінде керекті материалдармен қамтамасыз ету көзделген, яғни бұл тура уақытқа негізделген. Оның негізгі мақсаты дәл уақытында - қалдық қалмау. Джит (Jit (“Jist-intime”) дер кезінде) жүйесі бойынша жабдықтаушы өндіріске қажетті материалдарды жұмыс күнінің басталатын уақытында сол күнге қажетті мөлшерде алдын ала берілген тапсырыс бойынша жеткізіп отырулары тиіс. Мұндай жағдайда жұмыс күнінің соңында өндіріс орынында пайдаланылмай, яғни жұмсалынбай қалған материалдар болмайды. Ал бұл жүйенің тиімділігі өндіріс басында материалдық қорлардың қалдығын сақтайтын қойманың қажет болмайтындығы. Сондай-ақ сәйкес материалдардың ысырабыда болмайды, яғни шығындар азайады. Бұндай шығындарға қойманы ұстап тұру шығындарын жатқызуға болады (уақытша материалдық қорларды сақтау үшін салынатын қойма үшін жұмсалынатын шығын, қоймашыны ұстап тұру шығыны т. б. ) Бұдан басқа бұл жүйенің дұрыстығы әрі тиімділігі әрбір материалдық қордың тек қажетті мөлшерде тиісті объектіге жеткізілінетіндігінде. Біздің елімізде материалдармен жабдықтап отыратын қоюшы мердігер ұйымдардың барлығының әзірге мұндай мүмкіншілігінің болмауына байланысты біз бұл жүйені қолдана алмаймыз. Біздің ойымызша орталық қоймада құрылысқа күнделікті керекті материалдар учаскелердің тапсырысы бойынша жинақталып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп тұруы керек. Бұл материалдардың ысырап болуына жол бермейді жәнеде кәсіпорын шығындарын үнемдеуге мүмкіндік жасайды. Біз жоғарыда айтып кеткен бүгінгі күні еліміздің өндіріс орындарында қолданылып жүрген орталық қоймалардағы материалдардың сақталынуы мен өндіріс басындағы материалдар сақталынатын орындар бойынша бірдей материалдардың есебін жүргізуді бір жүйеге келтіру үшін және де оған жұмсалынатын шығындарды азайту үшін мынадай ұсыныстар ұсынамыз
• материалдар кәсіпорынның орталық қоймасында ғана сақталынып және оның есебі осы орталық қойма бойынша ғана жүргізілуі керек;
• кәсіпорындағы әрбір өндіріс орнына қажетті материалдары олардың алдын ала берген өтініштері бойынша қажетті күнге бөлек жинастырылып қойылып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп отырылуы керек;
• кәсіпорынның орталақ қоймасынан әрбір өндіріс орындарына босатылған, тиеліп жіберілген материалдар тікелей өндіріс шығындарына қосылып есептелінуі тиіс;
• әрбір айдың соңында өндіріске түгендеу жүргізіліп ондағы жұмсалынбай қалған материалдар сторно етіліп отырылуы тиіс. Бұл айтылған ұсыныстар кәсіпорынның жұмыс жүргізуінде төменде аталған шығындарын азайтуға және өндіріс өнімділігін арттыруға өз септігін:
• әрбір цех, яғни өндіріс бойынша қоймашыны ұстауға шығын шығарылмайды (еңбекақы) ;
• әрбір цех, яғни өндіріс бойынша басқадай қойманы ұстау шығыны азаяды (қойма салу) ;
• материалдарды орталық қоймада ғана сақтау бір өндірісте (цехта) пайдаланылмай жатқан материалдырдың екінші бір өндірісте (цехта) жетіспеуін болдыртпайды;
• материалдардың дұрыс сақталынуын қамтамасыз етеді;
• материалдардың тиімді жұмсалынуын бақылауды қамтамасыз етеді;
• өндірілген өнім көлемін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Аяқталмаған құрылысты дұрыс бағалау үшін бұл салынып жатқан объектінің дайындық жағдайын; яғни оған жұмсалынған шығындарды түгендеуді дұрыс әрі сапалы жүргізу қажет.
1. 2 Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz