Тыныс жолдарының аурулары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: I.
Кіріспе: Тыныс алу жүйесі
3: 4
: 1. 1
Кіріспе: Жануарлардың тыныс алу жүйесінің аурулары
3: 4
: 1. 2
Кіріспе: Тыныс жолдары ауруларының түрлері мен белгілері, оның дамуы
3: 6
: 1. 3
Кіріспе: Тыныс ауруларының биологиялық процестері
3: 10
: II.
Кіріспе: Емдеу шараларының тиімділігі
3: 12
: 2. 1
Кіріспе: Аурудан сақтану және қоздырғыштары
3: 12
: 2. 2
Кіріспе: Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруын емдеу дәрілік заттары
3: 13
: 2. 3
Кіріспе: Емдеу кезінде ветеринарлық даярлықтың классификациясы
3: 21
: 2. 4
Кіріспе: Жас малдың тыныс алу жолдарының аурулары. Алдын алу принципі
3: 25
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 30
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 31

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Тыныс жолдарының ауруларын емдейтін дәрілер тиімділігі.

Зерттеудің есептік мәні: курстық жұмыста көрсетілген бағыттар іске асырыла қоймаса да, нақты және өте қарапайым, сондықтан, жұмыстың бұл ұсыныстары кез-келген зерттеу процесінің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу өзектілігі. Осы күндері, ветеринария ғылымының салалары зоология, ботаника, экология және тағы басқа да жаратылыстану ғылымдары ғылыми зерттеулер жүргізуде. Мәселен, соның ішінде жануарлар дүниесінің алуан түрлерінің жүйелі түрде морфологиясы, анатомиясы, экологиясы, биологиясы, онтогенезді зерттелу үстінде көптеген зоологияның салалары пайда болды. Олар: маммология, хитиология, герпенталогия, орнитология, энтомология, эмбриология, гиситология, паразитология, антропология тағы басқалары. Бұл ғылым салалары зоология ғылымының жер бетіндегі жануарларды жан-жакты зерттеу барысында біртіндеп бөлінген және осы саладағы ғылыми жетістіктерді бір жүйеге келтіруге зор ықпалын тигізген салыстырмалы-морфологиялық, физиологиялық, эмбрионалдық, палеонтологиялық әдістердің негізінде қалыптасқан салалар болып табылады. Солардың ішінде «Жұқпалы емес аурулар» - оларды тудыратын себептердің шаруашылық-тарда әлі де болсын орын алып келуінен деп толық айта аламыз. Өйткені жұқпалы мал ауруларына қарсы тиімділігі жоғары арнайы вакцина, сыворотка қолданылып, әртүрлі препараттар шығарылса, бұл салады ол жұқпалы емес ауруларға қарсы айтарлықтай ештеме істеле қойған жоқ. Себебі организімнің әрбір жүйесі, тіпті қанша органы болса, соның бәрі осы тіркелген аурумен зақымдануы мүмкін. Сондай-ақ малдың жұқпалы емес ауруларының 40-45 пайызы тыныс алу органдарынан, ал 30-40 пайызы ас қорыту жүйесінің аурулары болып келеді.

Зерттеудің мақсаты: тыныс алу жолдар ауруларының шығу тегін зерттеу және осы аурудың алдын алуда ғылыми негізделген жүйесін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің міндеті:

  • жануарлардың тыныс алу жүйесін, ауруларын;
  • тыныс жолдары ауруларының түрлері мен белгілері, оның дамуын;
  • тыныс ауруларының биологиялық процестерін;
  • емдеу шараларының тиімділіктерін;
  • аурудан сақтану және қоздырғыштарын;
  • малдың тыныс алу мүшелерінің ауруын емдеу дәрілік заттарын;
  • емдеу кезінде ветеринарлық даярлықтың классификациясын;
  • жас малдың тыныс алу жолдарының аурулары, алдын алу принципін анықтау.

Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тіршілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен екі миллион құрайды. Бұлар органикалық дүниенің негізгі құрамды бөліктеріне жатады және көптеген зерттеулерді қажет етеді. Жер бетінде жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі табиғатта біртұтас жүйе болып саналады. Себебі ол табиғатта заттардың айналымынсыз және бір-бірімен қарым-қатынассыз тіршілік ете алмайды.

Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Тыныс алу жүйесі

1. 1 Жануарлардың тыныс алу жүйесінің аурулары

Тыныс алу процесінде ағзаға қан арқылы оттегі өтіп, зат алмасу процесіндегі пайда болатын көмірқышқыл газы денеден тыс бөлінеді. Тыныс алу жүйесі ауа өткізетін мүшелерден және қос өкпеден тұрады. Көмекейге ауа мұрын қуысынан арқылы өтіп, одан кеңірдектен және бронх тармақтары бойынша өтеді. Мұрын қуысы бастың бет бөлігінде орналасады, қатты таңдай арқылы ауыз қуысынан бөлінеді. Қабырғасын бас сүйектері және шеміршекпен құрайды. Кеңсірік арқылы мұрын қуысы оң жақ және сол жақ аумақтарға бөлінеді. Әр бөлігі танау тeciктepiмeн басталады, қаңқага (жұткыншақтың ауа бөлігі) хоана тесіктерімен ашылады. Көмекей. Ауа мұрын қуысынан кейін кеңірдектің кеңейген бастапқы бөлігіне барады, оны көмекей деп атайды. Көмекей негізі бір-бірiмeн жалғамдар арқылы байланысқан бес шеміршектен тұрады. Солардың ішінде ең үлкені - көмекейдің бүйірлерін құрып тұрган қалқанша шеміршек. Көмекей - бірде ауаны, ал бірде астың жұтқыншаққа жүруіне себеп етіп отыратын қақпақша (эластикалық) шеміршек. Көмекей ауа өткізумен қатар, дыбыс шығару ағзасы болып эпителий құрайды. Кеңірдек және бронхтар. Көмекейден өткен ауа әpi қарай кеңірдектен және бастапқы қос бронхтардан өтеді. Аталған мүшелердің қабырғасы көптеген сақиналы шеміршектерден тұрады. Мойынның ұзындығымен байланысты шеміршектердің саны 32-ден 60-қа дейін жетеді. Бронхтар өкпе ішінде көптеген тармақтарға бөлінеді. Ең жұқа бронхтар - шеміршексіз бронхиолдар, олар бір - бірімен жалғасып бронхиолды тарам құрады. Ең соңында тармақтар қабырғасындағы шеміршектер жойылып, ауа әрі қарай альвеола жолдарынан өтіп, альвеола қапшықтарына жетеді. Альвеола қапшықтарының қабырғасы көптеген өкпе көпіршіктері - альвеолалардан түзіледі. Альвеола қабырғасы бір қабатты жұқа эпителийден тұрады. Осы құрамдардың қабырғасын кіші шеңбердің ең жұқа тамырлары - қылтамырлар (капиляр) торлап жатады.

Ауадағы оттегі қанға өтіп, өкпе веналары арқылы қан жүректің оң жақ құлақшасына келіп құйылады. Өкпенің өзі үлкен шеңбердің бронхиалды артериялары арқылы қоректенеді. Өкпе - кеуде қуысында орналасқан конус пішінді бірнеше бөліктерден тұратын қос ағаза. Дөңес беткейімен қабырғаларға, артында көк етке, ішкі беткейімен жүрекке қараған. Сол жақ өкпе оң жағынан кіші келеді. Әр өкпенің негізін строма - дәнекер тін және паренхима құрады. Дәнекер тін өкпенің әр бөлігін бірнеше бөлікшелерге бөледі. Әр өкпе сыртынан кеуде қуысының қабырғасымен жалғасатын өкпе плеврасымен қапталады. Ренит - танау кілегей қабықтарының қабынулары. Гайморит - үстіңгі жақ қуыстарының кілегей қабықтарының қабынуы. Фронтит - мандай қуысының қабынулары-сирек кездеседі, ал кездескен жағдайда басқа аурулардың зардабынан пайда болады. Аэроцистит - Жылқыдағы ауалы қапшықтардың катаральды қабынуы. Ларингит - Көмейдің кілегей қабығының қабынуы. Трахеит - Кеңірдектің қабынуы көбінесе өздігінен емес, көмейдің не бронхының қабынуларының асқынуынан пайда болады. Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді. Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: 1. төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі, 2. микроорганизмдердің әсері.

Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады: 1. ентігу құбылысы төлдер организміне тек қатты күш түскенде ғана білінеді, 2. ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады, 3. ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.

Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін. Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін. Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді: 1. тыныс алу жолдарының аурулары (ринит, гайморит, фронтит, ларингит, трахеит), 2. өкпе мен оның сірілі қабықтарының аурулары (өкпе қабынулары, оның сірі қабығының қабынуы, оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі) .

Жануарлардың тыныс алу процесі өкпе мен қоршаған орта арасында газдардың алмасуынан (сыртқы тыныс алу), газдарды қан арқылы тасымалдаудан және тін жасушалары мен қан арасындағы(ішкі) газ алмасудан қалыптасады. Тыныс алу кезінде ауа алдын ала ауа өткізгіш жолдарына түсіп, онда жылынып, ылғалданып тазарады. Ішкі қуыс қабырғаларындағы бездер ауа құрамындағы ұсақ, бөгде денелерді (микробтарды) сүзіп тұндыратын кілегей заттар бөледі. Тербеліс қабаты бар эпителий жасушалардың қозғалысы арқылы сүзілген бөгде денелер кілегеймен бірге сыртқа қарай организмнен ығыстырылып шығарылады. Мұрын қуысынан артқа бөлімшесінде орналасқан сезім мүшелері сапалы түрде иістерді сезіп, ауаны талдап отырады. Ауа жолының көптеген рецепторлары арқылы бірнеше тыныс алу рефлекстері қалыптасады(жөтел, түшкіру) . Сонымен қатар басқа ағзалар мен жүйелерге рефлекторлы түрде әсерін тигізіп отырады. Тыныс алу кезінде негізгі газ алмасу процесі өкпеде өтеді. Жануарлардың ішіне сорылған және сыртқа шығарылған ауасының арасында газ құрамы бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалады. Өкпеге(ішке) сорылған ауа құрамында оттегінің мөлшері - 20, 8%, көмірқышқылы - 0, 03%, азот - 79, 15% болса сыртқа шығарылған ауада бұл көрсеткіштер- 16, 3 %, 4, 0 %, 79, 7 % құрайды. Ауа құрамындағы мұндай айырмашылық өкпеден өтетін ауа мен кіші қан айналымы шеңберіндегі қан қылтамырларының арасындағы газ алмасуына байланысты. Осы кезде газдардың бір ортадан келесі ортаға диффузды түрде өтетін алмасуын қамтитын - газдардың парциалдық қысымы. Газдар диффузияның қысымы жоғары аумақтан қысымы төмен аумаққа ығыстырылуы арқылы өтеді. Осыған орай өкпелегі оттегі ауадан көк тамыр қанына(веноздық қанға) өтеді, ал көмірөышөыл газы қаннан альвеолаларға өтеді. Газдардың алмасуы керісінше өтеді. Газдардың алмасуына өкпенің морфологиялық құрылымы(альвеола кеңістігі, қан қылтамырлар торы, тамыр бетіндегі жорғақтар қалыңдығы) көп ықпалын тигізеді. Өкпеден қанға сіңген газдың 1, 5 %-ы қанда ерітінді түрінде, ал 98, 5 %-ы байланыста болады. Негізгі оттегін байлап тасымалдаушы зат - эритроцит ішіндегі гемоглобин (1 г гемоглобин 1, 34 г оттегіні тасымалдайды) . Тіндерде оттегінің босап бөлінуі парциалдық қысымға байланысты, өйткені тіндер сұйығындағы көмірқышқыл газының парциалдық қысымы қан қысымынан бірнеше рет басым болады. Қанда көмірқышқыл газының 6 % -ы ерітінді, ал 94%-ы - байланыста болады. Олардың негізгі бөлігі сілті тұздар - қан құрамындағы калий, нптрий бикарбонаттары ретінде кездеседі. Өкпеде, аталған бикарбонаттардан көмірқышқылы ығыстырылып, көмірқышқыл газымен суға дейін ыдырайды. Аталған күрделі тыныс алу процесі үнемі орта жағдайына байланысты реттеліп отырады. Тыныс алудың сыртқы белгілерінің бірі - көкірек қуысының қозғалысы, бұл қозғалыс тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылу әсерінен туындайды. Тыныс алу жиілігі әр малда әр түрлі: мүйізді ірі қараларда - 10- 30, шошқаларда - 15-20, жылқыларда - 8-16, қой-ешкілерде - 12-30 рет.

Жалпы тыныс алудың 3 түрін ажыратады: көкіректі, құрсақты, аралас. Малда тыныс алудың аралас түрі жиі кездеседі. Тыныс алу процесі өзіндік рефлекторлық түрде реттелінеді, аталған процесті реттеуші, негізінде сопақша мида шоғырланған нейрондар орталығы. Осы орталықтан ырғақты импульстер шығып, алдымен жұлын мотонейрондарына, одан әрі тыныс алу процесін қамтитын бұлшық еттерге әсерін тигізіп, оларды үйлесімді түрде жиырып жазып отырады. Осы кезде көкірек қуысының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Көкірекпен бірге өкпе көлемі де ұлғайып, ауа ішке сорылады, ал тыныс шығарған кезде көкірек қуысы кішірейіп, өкпе тіні жиырылады. Тыныс алу орталығының қозғыштық қабілеті гуморалды факторлар арқылы да реттеледі. Құстардың тыныс алуында қалыптасқан айырмашылық оның тыныс алу ағзаларының морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Құстарды екі - жоғарғы және төменгі көмекей бар. Бронхтар жүйесі өте жақсы тармақталып, моңында жұқа қабатты ауа қапшықтарымен жалғасқан. Сүйектері қуыс, ауаға толы. Өкпелерінің жоғарғы беті қабырғамен тұтасып кеткен. Диафрагма жоқ, ауа көкірек қуысы мен өкпенің қозғалуы бронхтарды бойлап өтіп, ауа қапшықтарын толықтырып, ішке түседі де, тыныс шығарған кезде ауа қапшығынан кейін екінші рет өкпенің бронхиалды жүйесінен өтіп, сыртқа шығып, интенсивті газ алмасуды қамтиды. Құстардың тыныс алуы оны осы кластағы жануарлардың тыныс алу жүйесі жүзеге асырады, Ол тіндер мен мүшелерді оттегімен қанықтыруға және олардың денесінен көмірқышқыл газын шығаруға жауапты. Өкпенің айналасында орналасқан ауа қапшықтары ауаның өкпе арқылы бір бағытта өтуіне мүмкіндік беріп, құстың денесін оттегімен көбірек қамтамасыз етеді. Құстардың өкпесіне ауысатын ауаның бір бағытты ағыны оттегінің мөлшері жоғары, кез-келген сүтқоректілердің, соның ішінде адамның өкпесінде кездеседі. Бір бағытты ағын құстарға «ескі ауамен», яғни жақында олардың өкпесінде болған ауамен тыныстауға мүмкіндік бермейді. Өкпеде оттегін көбірек жинай білу құстарға ағзасын жақсы оксигенациялауға мүмкіндік береді, осылайша ұшу кезінде дене температурасын реттейді.

1. 2 Тыныс жолдары ауруларының түрлері мен белгілері, оның дамуы

Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді. Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы, пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т. б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады. Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін. Белгілері. Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады. Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т. б. ) . Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн. Танау кілегей қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегей қабына бетінің қабынуына фибриннің кілегей қабына жиналып қабаттануына және бездердің қабынуына өтуіне байланысты-жіті және созылмалы пайда болуына байланысты-басалқы және қосалқы түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральды қабынумен ауырады: крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.

Сурет 1. Тыныс алу жүйесі ауруларының жіктелуі

Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзулары, көп жағдайларда, механикалық ыстық суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады. Құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен дем алу, аммиакпен қаныққап ауамен не ыстық бумен дем алу, ыстық асты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөп қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін желорай, ылғалдылық т. б. Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер /стрептококктар, стафилококктар, вирустар/ және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі /аллергия/ аса маңызды орын алады. Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы карогиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі. Танаудың қосалқы түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесс жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады.

Дамуы. Танаудың кілегей қабықтарының қабынулары мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыаяқа толтырады, сөйтіп ауаның өтулеріне кедергі жасайды да дем алу кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен ербіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса қабынулар көршілес орналасқан қосалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетулері мүмкін. Белгілері. Танаудың кілегей қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малдарда аздаған ғана жабырқаушылықтық белгілері байқалынады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0, 5-1"С дейін ғана көтеріледі, азыққа дсген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде мұрындарын аттақырға, қабырғаларға үйкелейді. Дем алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында ұйымалы сонан-соң ұйымалы -сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегей қабықтары қызарып, домбығып кетеді. Ауыру қолайлы жағдайда өтсе, малдар 5-10 күннің ішінде толық айығып кетеді. Көмейдің кілегей қабығының қабынуы (Laryngitis - ларингит) . Көмейдің қабынуы пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және қосымша, барысы бойынша жіті және созылмалы, жалқықтың сипаты бойынша катаральды және крупозды фибринді түрлеріне бөлінеді. Катаральды шырышты қабының қабыну малдардың дерлік барлық түрлерінде де кездесе береді, ал крупозды қабыну сирек кездеседі, кездескен жағдайдың өзінде көбінесе жылқылар арасында ғана байқалынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Жоғары тыныс жолдары аурулары
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Бұзаудағы вирустық пневмонияның өтуі
Танау кілегей қабықтарының қабынулары
Физиотерапия
Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Тыныс алу жүйесінің патологиясы. Жоғарғы тыныс жолдарының негізгі аурулары
Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz