Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Мазмұны
КІРІСПЕ 3

КІРІСПЕ
Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы
құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды
қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті
технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі
отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы
өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге
айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі
стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.
Сонымен қатар, тарифтер мен сауда бойынша Бас Келісімінің (ТСБК)
“уругвайлық” раунд нәтижесінде біршама жаңартылған көпқырлы халықаралық
сауда жүйесіне негізделген әлемдік шаруашылық қатынастарының жаңа глобальды
құрылымының қалыптасу процесі ары қарай дамуда және жеделдетілуде. Бұл
процеске Қазақстанның қатысуын абстракциялау оның онсыз да күрделі жағдайын
шиеленістіріп жібереді. Сондықтан да елде жүзеге асырылып жатқан
экономикалық реформа аясында ең басты міндеттердің бірі болып Қазақстанның
ДСҰ-на кіруі саналады.
ҚР бұл жолда қандай болашақ күтіп тұр, қандай мәселелер мен теріс
үрдістерді қабылдау немесе алдын алу қажет, сондай-ақ бұның бәрі
республиканың ауыл шаруашылығына қалайша әсер етеді? Осы және басқа да
сұрақтарға жауап беру мақсатында осы жұмыс жазылып отыр.
Дипломдық жұмыстың көкейкестігі Қазақстан Республикасындағы кедендік
бақылауды ұйымдастырудың ДСҰ мүше-елдеріндегі кедендік бақылаумен
салыстырғанда әлі де дамымағандығында және жетілмегендігінде болып отыр. ҚР
кедендік жүйесі даму сатысында: бұл кедендік бақылау логистикасының
жетілдірілуі әрі бақылаудың жаңа технологияларының енгізілуі, кадрлық
саясат, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік және т.б.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: дипломдық жоба экономикалық факультет
студенттері үшін негізгі әрі қосымша материал бола алады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы кедендік
бақылау жүйесін зерттеу болып табылады. Қойылған мақсат келесі міндеттерді
шешуге негізделген дипломдық жұмыстың мазмұнын анықтайды:
- кедендік ресімдеуге дейінгі, ресімдеу кезіндегі және одан кейінгі
кедендік бақылаудың теориялық мәні мен болмысын қарастыру;
- ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптастырылуын қарастыру;
- кедендік органдар алдында тұрған кедендік бақылаудың тиімді жүйесін
қалыптастыру жөніндегі міндеттерді игеру.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде монографиялар, оқу құралдары, мерзімдік
баспасөздер, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік
бақылау комитетінің (бұдан былай – ҚР ҚМ КБК) тоқсандық және жылдық
есептері пайдаланылды.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау жүйесі.
Зерттеу нысанасы болып ҚР ҚМ КБК табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен (3 тараудан
және 6 бөлімшеден тұратын), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі
мен қосымшалардан тұрады.
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді кедендік
бақылаудың теориялық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылау болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері
Кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және
халықаралық шарттар жөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын
іс-шараларының жиынтығы.
Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты құралы
ретінде, сондай-ақ мемлекеттік кедендік саясатын жүзеге асыру құралы
ретінде қарастырылады.
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты – түрлі тексерулер көмегімен
өткізілген операциялар мен әрекеттердің кедендік заңдарға сай болуын,
кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік
ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.
Кедендік бақылауға кедендік режимге сәйкес, Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізілген барлық тауарлар мен көлік құралдары
жатқызылады.
Кедендік бақылау әкелуде – тауармен (көлік құралымен) Қазақстан
Республикасының шекарасынан өту сәтінен; әкетуде – кедендік декларацияны
қабылдау сәтінен басталады.
Кедендік бақылау әкелуде – тауарлар мен көлік құралдарын шығару
сәтінде; әкетуде – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту
сәтінде аяқталады.
Кедендік органдардың көлік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға,
шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттер аумағында орналасқан кемелерден
басқа, кедендік органдардың рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан өткен теңіз, өзен және әуе кемелерін қайтаруға құқығы бар.
Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кедендік органдарының
лауазымдық тұлғалары жүргізеді және былайша жіктеледі:
тауарларды (импорттық, экспорттық, транзиттік) кедендік бақылау;
көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе кемелерін, темір жол
құрамдарын, автокөлік құралдарын) кедендік бақылау.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан өткізетін тұлғалар кедендік органдарға кедендік бақылауға
қажетті құжаттар мен мәліметтер беруі қажет, ал кедендік органның
лауазымдық тұлғасы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы қосымша
мәліметтерді талап етуге құқылы.
Тауарлар мен көлік құралдары құжаттарын тексеру олардың қолданыстағы
кедендік іс ережелеріне сай болуында және олардың толығымен қалыптасуын
белгілеуде болып отыр. Кедендік мақсаттарға арналған құжаттар өздерінің
тағайындалуына байланысты келесі топтарға: көлік, сауда, кедендік және
т.б.топтарға енгізілуі мүмкін.
Көлік құжаттарына тауарларды темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері
арқылы кедендік шекарадан өткізетін жөнелтпе құжаттары, коносаменттер,
вагон парақтары, жүк түбертектері, тапсыру тізімдемелері және басқалар
жатады.
Сауда құжаттарына: тауар жабдықтаушыларының жасаған келісім-шарттары,
шот-фактуралары, спецификациялары, инвойстары, буып-түю құжаттары және
басқалар жатады.
Кедендік құжаттарды кедендік органдардың лауазымды тұлғалары береді
және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау
құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін
көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі
лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.
Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаттары,
тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен
айналысуға құқық беретін құрылтайшы құжаттар және басқалар.
Кедендік бақылау кедендік органдар орналасқан жерлерде құрылған
кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлік
құралдарына кедендік бақылау күндіз және түнгі уақытта, Қазақстан
Республикасы аумағындағы сүрлеу және айналым жолдарына тірелген шекаралық
кедендік постылар мен рұқсаттама пунктілерінің дисклокация межесі бойынша
кедендік шекараны бойлай жүргізіледі.
Егер орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кекдендік
органдарға жүктелген заңдар бұзылатын болса, онда тауарлар мен көлік
құралдарының шығарылуына байланысты оларға кедендік бақылау кез келген
уақытта жүргізіледі.
Кедендік бақылау – бұл тәжірибеде қолдануда бір-бірімен өзара
байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет ететін белгіленген ережелер,
әдістер мен формалар бойынша жүзеге асырылатын процедура.
Темір жол тасымалдарын кедендік бақылау.
Халықаралық теміржол жүгі хабарламасы туралы келісімінің 11 бабына
сәйкес, тауарларды кедендік бақылауға алып, теміржол көлігімен тасымалдауда
темір жол жөнелтпе құжатына жүктің жол бойғы кедендік ережелердің
орындалуына қажетті ілеспе құжаттары қосымша берілуі тиіс. Кедендік жөнелту
органдары кедендік бақылау мақсатындағы тасымалданатын тауарларды
идентификациялауға мүмкіндік беретін көліктік және тауарға ілеспе
құжаттарды міндетті түрде талап етеді.
Қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда кедендік жөнелту органдары
жекелеген жағдайларда шекаралық теміржол станцияларында тасымалдаушы
құралдарды кідіртуге немесе оларды ҚР кедендік шекара шегіне қайтаруға
құқылы.
Жүкті теміржол көлігімен жеткізуде ресімделетін негізгі тауар
көліктік құжаты болып теміржол жөнелтпе құжаты саналады.
Темір жол жөнелтпе құжаттары мынадай мәліметтерден тұрады:
жүк алушы мен жүк жөнелтушінің атауы мен мекен-жайы;
тасымалдаушының реквизиттері;
жүкті тиеу және түсіру орны мен уақыты;
жүк атауы, орын саны; буып-түю түрі, таңбалау, көлемі, жалпы салмағы;
қосымша құжаттар;
жеткізу шарты;
жүктің құны;
жөнелтпе құжатының ресімделу уақыты және орны.
Тауарларды теміржол көлігімен жеткізуде, акциздік тауарлардың
жекелеген түрлеріне қатысты ҚР ҚМ КБК белгілеген жағдайларды есептемегенде,
кедендік баждар мен салықтар талап етілмейді.
Мемлекеттік теміржол кедендік тасымалдаушы құқығына ие. Тауарлар
темір жолдар арқылы вагондарда (контейнерлерде) Жүктерді тасымалдау
ережелері және Халықаралық теміржол жүгі хабарламасы туралы келісімге
сәйкес кедендік бақылау жүргізу арқылы тасымалданады.
КЖД құрам бір ғана алушының мекен-жайына бағытталған жағдайда, оның
жөнелтпе құжаттарының санына қарамастан, көлік құралдарының құрамына
толтырыла алады.
Жөнелту теміржол станциясы міндетті түрде КЖД немесе транзиттік
декларацияда станцияның жауапты жұмыскерінің қолымен куәландырылған
станцияның мөртабаны болуы қажет.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу орындары межелі
станциялар болып табылады. Межелі станцияларға жеткізілген тауарларды
кедендік ресімдеу олардың уақытша сақтау тұрақтарында немесе ондай
қоймаларға тұрағы болмаған жағдайда, кедендік органның рұқсатымен
кәсіпорынның кірме жолдарында жүргізіледі.
Кедендік органдар ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар
мен көлік құралдарына таңдаулы түрде кедендік тексеру жүргізеді. Тауарларды
жүк иелеріне теміржол қызметкерлері тек кедендік органның импорттық-
экспорттық операциялар бөлімінің лауазымдық тұлғасының рұқсатымен ғана
қайтара алады.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды әкетуде межелі теміржол
станциясы болып ҚР аумағынан тауарларды шығарудағы шекаралық теміржол
станциясы саналады. Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды
транзиттеуде жөнелту теміржол станциясы болып ҚР аумағынан тауарларды
шығарудағы шекаралық теміржол станциясы саналады, ал межелі теміржол
станциясы - ҚР аумағынан тауарларды шығарудағы шекаралық теміржол станциясы
саналады.
Теміржол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды ҚР кедендік
аумағынан әкетуде “Қазақстан теміржолы” АМК құрылымдары транзиттік
тауарларды кедендік ресімдеу үшін бір тауар партиясына 14 доллар көлемінде
алым салады.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың акциздік тобына
кедендік бақылауды күшейту мақсатында ҚР кедендік аумағына рұқсаттама
кедендік орган депозитіне кедендік төлемдер мен салықтарды төлегенннен
кейін ғана беріледі.
Автотасымалды кедендік бақылау
ҚР әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары еркін айналымға жіреле
алады, әкелу орнындағы кедендік режим бойынша орналастырылады немесе межелі
кеденге кедендік бақылау арқылы жеткізу талаптарына сай кедендік ресімдеуге
жіберіледі.
ҚР әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу кедендік бақылау
арқылы жеткізу талаптарына сай жүзеге асырылады.
Жеткізу кезінде кез-келген жағдайда жүргізушінің өзінде тауардың
ілеспе құжаттары болуы керек:
тауар партиясына шот-фактура (инвойс);
тауардың ілеспе құжаты.
Жүкті автомобиль көлігімен жеткізуде толтырылған тауардың ілеспе
құжаттарының ең негізгісі болып, мына мәлеметтерден тұратын автомобиль
жөнелтпе құжаты (СМR) табылады:

көлік құралының тіркеу нөмірі мен маркасы;
халықаралық жөнелтпе құжатының ресімделу уақыты және орны.
СМR алты данада толтырылады және жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының
мөрімен куәландырылады.
ТМД көлемінде тауарларды жеткізуде СМR-дің орнына тауардың ілеспе
құжаттары пайдаланылады.
ҚР кедендік аумағына автомобиль көлігі арқылы жеткізілген тауарлар
үшін қосымша жеткізу шарттарына кедендік органда тіркелген ұсынысы және осы
органның лауазымды тұлғасы куаландырған ҚР басқа мемлекеттік органдары
рұқсаттамалары (лицензиялары) қажет.
Тауарлар кедендік тасымалдаушымен немесе кедендік алып жүру арқылы
тасымалданатын болса, жөнелтуші кедендік органға көрсетілген рұқсаттамалар
(лицензиялар) талап етілмейді.
МДП кітапшасын қолдана отырып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы
кеден келісімшартына (МДП келісімшарты, 1975 жыл) сәйкес автомобиль
көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу ережелері ҚР қабылданған.
Автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу мерзімін
жөнелтуші кедендік орган айына екі мың километр есебінен белгілеуге құқылы.
Автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларды алдын ала декларациялау
Кеден баждары мен салықтары салынған автомобиль көлігімен
тасымалданатын тауарларды жеткізу (тауарларды әкелуде) көлік құралдарының
тиісті жабдықтары болған жағдайда және мына шарттар орындалған жағдайда
жүзеге асырыла алады:
кедендік орган депозитіне кедендік төлемдерді ақша қаражатын салу
түрінде қамтамасыз ету;
банк кепілдемесін беру;
тауарларды кедендік тасымалдаушымен немесе кедендік алып жүру арқылы
тасымалдау.
Бұл тауар категорияларын кедендік ресімдеуді қызмет аймағында тауар
алушы орналасқан кедендік орган жүргізеді.
Кедендік орган депозитіне кедендік төлемдерді ақша қаражатын салу
түрінде қамтамасыз еткен жағдайда алдын ала декларациялау жүргізіледі.
Алдын ала декларациялау тауарлардың межелі жерге жетуіне қалған 30
күннен кейінгі мерзімде декларанттың ҚР кедендік органына барған кезінде
жүзеге асырылады.
Жөнелтуші кедендік органда тауарларды жеткізу туралы рұқсаттама
болмаған жағдайда, қамтамасыз ету сомасы депозитке нақты салынған ақша
қаражатының сомасынан асып кетсе, белгіленген сомалар арасындағы
айырмашылық валюта бағамының өзгеруіне байланысты болған кейбір жағдайларды
санамағанда, әкелінген тауарлар жеткіліксіз соманы бермейінше ішкі кедендік
органға жіберілмейді.
Су көлігі арқылы тасымалдауды кедендік бақылау
Теңіз және өзен көлігі.
Жүкті теңіз көлігімен жеткізуде тауарға ілеспе құжаттарының ролін
коносамент атқарады.
Коносамент заңды тұрғыда үш қызметті атқарады:
Тасымалдау туралы шарттың болуын растау.
Коносамент тауарға ілеспе құжаты болып табылады. Коносамент ұстаушы
жүктік заңды иесі болып табылады. Ол жүкпен түрлі мәмілелер жасай алады:
басқа тұлғаға беруге, сақтандыруға, банкке салуға, несие алуға.
Жөнелтуге жүкті қабылдау дәлелдемесі.
Коносамент келесі мәліметтерден тұрады:
кеменің атауы;
тасымалдаушының атауы;
жүк тиеу порты мен елі;
баратын порты мен елі;
жөнелтушінің атауы;
алушының атауы;
тасымал үшін төлем мөлшері,
жүк атауы, таңбалау, орын саны мен жүк саны;
коносаменттің берілу уақыты мен орны.
Теңіз және су жолдары арқылы тасымалдаудың әкелуәкету орны дегенде
тауарларды тиеу фактісі осы порттың кедендік органымен расталғанда,
біріншісоңғы тиеу порты немесе ҚР аумағындағы асу порттары түсініледі.
Теңіз көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу еркін
айналым үшін шығарылған режимге сәйкес (таңбалауға жататын алкоголь және
темекі өнімдерінен басқа) әкелу орындарында орналасқан кедендерде
жүргізіледі.
Басқа режимдерге сәйкес, теңіз көлігімен тасымалданатын тауарларды
кедендік ресімдеу жалпы ережелерге сай жүргізіледі.
ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін, теңіз және өзен көлігімен
тасымалданатын тауарлар, егер теңіз және өзен кемелері ҚР порттарына
бірнеше рет сапар жасаса, олар тауар транзитінің кедендік режиміне
орналастырылады. Мұндайда жөнелтуші кедендік орган болып, алғашқы келіп
жеткен орында орналасқан кедендік орган саналады, ал межелі кедендік орган
– теңіз немесе өзен кемелерінің соңғы келіп жеткен орнында орналасқан
кедендік орган саналады.
ҚР кедендік аумағы арқылы өтетін тауарларды кедендік ресімдеу және
кедендік бақылау КЖД ресімдеусіз және мына жағдайларда кедендік ресімдеу
үшін кедендік алымдар алмай-ақ жүзеге асырылады:
техникалық айналып соғу – кеменің жұмыс қабілеттілігін немесе
дұрыстығын тексеру (бортқа жанар-жағармай және басқа материалдарды тиеу)
бойынша операциялар жүргізу үшін, яғни жүкті, тауарларды тиеу немесе
түсіру, олармен жүк операцияларын жүргізу (буып-түю, қайта орау және
басқалары), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу немесе түсіру мақсатында
кеменің айналып соғуы.
мәжбүрлі айналып соғу – кеменің белгіленген бағыт бойынша ары қарай
қозғалуына мүмкіндік бермейтін, бірақ тауарлармен немесе жүктермен жүк
операцияларын жүргізбестен ары қарай жылжуға мүмкіндігі бар себептерімен
айналып соғуы.
Халықаралық әуе тасымалдарын кедендік бақылау
Тауарларды әуе жолымен жеткізуде ресімделетін тауарға ілеспе
құжаттарына әуе жөнелтпе құжаты жатады.
Әуе жөнелтпе құжаты мынадай мәліметтерден тұрады:
жөнелту және келу аэропортының атауы;

жүк атауы, орын саны; буып-түю түрі, таңбалау, көлемі, жалпы салмағы,
кг;
қосымша құжаттар;
жарияланған құндылығы;
тасымал үшін төлемдер;
жөнелтпе құжатының толтырылу уақыты.
Әуе тасымалдарының әкелуәкету орындары дегенде тауар тасымалдаушы
ұшақтың қонған (ұшқан) жері түсініледі, егер тиеу фактісі осы әуежайдағы
кедендік органмен расталса, сол жерде тауарларды түсірутиеу жүргізіледі.
Әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу еркін
айналым үшін шығарылған режимге сәйкес (таңбалауға жататын акциздік
тауарлардан басқа) әкелу орындарында орналасқан кедендерде жүргізіледі.
Басқа режимдерге сәйкес, әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды

Әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу кедендік төлемдерді
қамтамасыз ететін кедендік бақылау арқылы Тауарларды жеткізу ережелеріне
сай жүзеге асырылады.
Тауарларды әуе көлігімен тасымалдауда әуе кемелерінің техникалық
немесе мәжбүрлі қону орныдарында орналасқан кедендік органдарында
тауарларды жеткізуді ресімдеу жүргізілмейді.
Әуе кемелері ҚР кедендік аумақтарына екі немесе одан көп рет қонса,
әуе көлігімен ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар тауарлардың
кедендік транзит режиміне орналастырылады. Мұндайда жөнелтуші кедендік
орган болып, алғашқы қонған орында орналасқан кедендік орган саналады, ал
межелі кедендік орган – әуе кемелерінің соңғы қонған орнында орналасқан

кедендік бақылау транзиттік декларацияны ресімдеусіз және мына жағдайларда
кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алмай-ақ жүзеге асырылады:
техникалық қону – әуе кемесінің жұмыс қабілеттілігін немесе
дұрыстығын тексеру (бортқа авиациялық жанар-жағармай және басқа
материалдарды тиеу) бойынша операциялар жүргізу үшін, яғни жүкті,
тауарларды тиеу немесе түсіру, олармен жүк операцияларын жүргізу (буып-түю,
қайта орау және басқалары), сондай-ақ жолаушыларды отырғызу немесе түсіру
мақсатында кеменің қонуы;
мәжбүрлі қону – әуе кемесінің ұшу жоспары бойынша ары қарай ұшуына
мүмкіндік бермейтін, бірақ тауарлармен немесе жүктермен жүк операцияларын
жүргізбестен ары қарай жылжуға мүмкіндігі бар себептерімен айналып соғуы.
Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін
тауарларды кедендік бақылау
ҚР кедендік шекарасы арқылы магистральды мұнай құбырларымен, газ
құбырларымен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды
кедендік ресімдеуді жалпы басшылыққа алуды және бақылауды Энергетикалық
кеден жүзеге асырады.
Мұндай тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібі ҚР
ҚМ КБК “ҚР кедендік шекарасы арқылы құбыр тасымалымен және электр беру
желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу ережелері”
Бұйрығымен белгіленген.

тауарларды кедендік ресімдеу олардың кедендік режимдеріне сәйкес
тауарлардың орналасқан жері бойынша кедендік органдардың қызмет аймағында
арнайы орындарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тауарлардың ҚР кедендік шекарасы арқылы өтуіне негіз – егер декларант
белгілі себептермен КЖД бере алмаса, тасымалдаушы үшін белгіленген
тәртіппен ресімделген кедендік жүк декларациясы (КЖД) немесе уақытша
кедендік жүк декларациясы (УКЖД) болып табылады.
Бір кедендік режимге өтінім берілген, құбыр тасымалы көлігі шарты
бойынша жеткізілетін тауарларды күнтізбелік бір ай көлемінде
декларациялауға болады, ал электр беру желілері бойынша – жеткізу көлеміне
қарамастан, бір тоқсан ішінде декларациялауға болады.
УКЖД кедендік органға тауарды жеткізу жоспарланған айдың алдындағы
мерзім ішінде, ал электр беру желілері бойынша жоспарланған тоқсан
алдындағы мерзім ішінде беріледі.
УКЖД беруге тауарларды түсіруге дейінгі жеткізу айында жол беріледі.
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруіне кедендік
бақылау саясатының болашағы байланысты. Қол қою қажет саналатын бірнеше
міндетті келісімдер тобы бар. Негізінен олар тауарлар және көлік
құралдарына салынатын имапорттық баж салығына қатысты болады.
ТСБК құруда негізгі болып, ал келешекте қатысушы елдердің экспорты
мен импортын реттеудің бірден бір құралы болып кедендік-тарифтік құралдар
(тәжірибеде әлі де олай болмай отыр) саналатыны болжанған болатын. ТСБК ХІ
бабында: “қатысушы елдердің бірде біреуі басқа қатысушы елдің аумағынан кез-
келген тауарларды әкелуге немесе басқа қатысушы елдердің аумағына арналған
кез-келген тауарларды экспорттауға, квота формасында болсын, кедендік
баждар немесе басқа алымдардан басқа экспорттық лицензиялар немесе басқа
шаралар түрінде болсын ешқандай тыйымдар салуға немесе шектеулер қоюға тиіс
емес.”1.
ТСБК кедендік саясатты жан-жақты реттейтін бірнеше ережелерден
тұрады. Келісімде, ең алдымен, оған қол қойған елдердің кедендік баждарды
және халықаралық саудадағы басқа шектеулерді азайтуға келіссөздер арқылы
жету ниеті туралы айтылған. Келісімнің І бабы қатысушы елдердің кедендік
баждар мен формальдылық қатысында аса қолайлы режим қолданылатынын
белгілейді. Жалпы формадағы ІІ бапта қатысушы елдердің тарифтік шегіністер
тізімін келісулері керек.
Кедендік баждарды азайту туралы келіссөздер жүргізу тәртібі, сондай-
ақ дайындық процедуралары және тарифтік шегіністер тізімін өзгерту ХХVІІ
және ХХVІІІ баптарымен белгіленеді. Қандай да бір ел ТСБК енген кезде, оған
барлық қолданыстағы тарифтік жеңілдіктер беріледі. Сондықтан да ТСБК кіруші
елге өзінің кедендік тарифтер мөлшерлемесін азайту жөніндегі қарсы ұсынысын
алға тарту арқылы басқа елдермен келіссөздер жүргізуі қажет. Содан кейін
бұл тарифтік шегіністер Бас келісімнің бөлігі болатын тарифтік шегіністер
тізіміне енгізіледі.
V бабы әрбір қатысушы ел аумағы арқылы транзит бостандығын жария
етеді және транзиттік тауарларды кедендік баждар мен кедендік алымдардан
босатады.
ТСБК өмір сүруі кезіндегі кедендік-тарифтік мәселелерге қатысты
баптар көптеген түзетулер мен толықтырулар есебінен едәуір кеңейді. Аса
маңызды өзгерістер дамушы елдердің өз экономикасын қорғауда кедендік
баждарды көбейтуге құқықтарын мойындайтын, сондай-ақ дамыған елдердің
дамушы елдер тауарларына кедендік баждарды азайту міндеттемелері бекітілген
жаңа ХХХVІ және ХХХVІІ баптарының қосылуымен байланысты болып отыр. ТСБК
министрлер деңгейіндегі сессиясы (1982 жылғы қарашада) барлық қатысушы
елдерге Тарифтік және статистикалық мақсаттарда тауарларды сипаттау және
кодтаудың үйлесімді жүйесін жақын арада пайдалану үшін шаралар қолдануды
ұсынды.2.
[?] Чернышев С.В., Механизм регулирования международной торговли:
нормы и правила ГАТТ.
Сборник научных трудов, М. - 1991 г., стр. 15.
[?] Дюмулен И., Торгово-политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы
и правила.
Внешняя торговля - М., 1993 г., №78., стр. 39.
1 сурет. 2004 жылға бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсу
құрылымы
1 суреттен көріп отырғанымыздай, импорттық баждар ҚР бюджетіне
түсетін кедендік баждар мен салықтардың жалпы көлемінің 15%-ін ғана құрап
отыр. ҚҚС бойынша шығындар аса көп емес. Яғни бұдан болжайтынымыз,
Қазақстанның ДСҰ кіруінде мемлекеттік бюджет 18% мөлшерінде кедендік баждар
мен салықтарды жоғалтады. Кедендік баждар мен салықтардың 2004 жылғы
мемлекеттік бюджеттегі табыстың жалпы сомасының 17,3%-ін, ал республикалық
бюджеттегі табыстың осы көрсеткіші 27,2%-ін құрады. Импорттық баждардан бас
тартуда мемлекеттік бюджет 2-4% түсімдерді жоғалтады.
Импорттық баждарды алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Кеден
кодексіне өзгертулер енгізу, сонымен қатар Үкімет Қаулылары мен Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан былай ҚР
ҚМ КБК) төрағасының бірнеше бұйрықтарын алпы тастау қажет.
2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне
сәйкес Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен
бірігіп жасалған нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
ДСҰ Қазақстан Республикасының кедендік органдарына қоятын
талаптарының бірі ҚР ҚМ КБК бөлімшелерін қазіргі уақыттағы техникалық
жабдықтармен қамтамасыз ету болып отыр.
ҚР ҚМ КБК басшылығымен ЖСҰ кіруге белсенді дайындық жүргізілуде. 2005
жылы екінші кезектегі кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізіліп
отыр (бұдан былай КААЖ-2).
2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының кедендік қызметін дамыту
Бағдарламасында жоспарланған шаралар уақытылы жүзеге асырылуда.
2004 жылдың басынан бастап республиканың ішкі сауда статистикасы өз
бетінше жүргізілуде және кедендік шекарада радиациялық бақылау жүзеге
асырылып отыр.
Құрылымға радиациялық бақылау жүйесі енгізілуі кезеңінде кедендік
орган бөлімшелерімен Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы иондалған
сәулеленуі жоғары радиоактивтік материалдар мен тауарларды заңсыз түрде
өткізу жайттары анықталған және тыйылған.
Қазақстанның ДСҰ кіру жағдайында, Қазақстан Республикасының кедендік
қызметі өз қызметінде басымдылықты кедендік процедураларды жеңілдету
мақсатында, олардың тұнықтылығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық
саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында
кедендік бақылауды жетілдіруге, қазіргі уақыттағы ақпараттық
технологияларды енгізуге, барлық операцияларды автоматтандыруға бағыттап
отыр. Барлық аумақтық бөлімшелерде кедендік жүк декларациясының (КЖД)
барлық ресімделу кезеңдеріндегі қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік
беретін визуальды бақылау мониторларымен жабдықталған кедендік ресімдеу
орталықтары құрылған.
Жүктердің кедендік шекара арқылы өту уақытын азайтатын, сыртқы
экономикалық саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге аса қолайлы жағдайлар туғызуға
мүмкіндік беретін алдын ала және мерзімдік декларациялау жүзеге асырылады.
Адал ниетті кәсіпкерлерге “ашық жол” құқығын пайдалануға мүмкіндік
туғызатын сертификаттар беріледі.
Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында
кедендік тексеру жаңа технологиялық жүйе арқылы саналған минуттарда жүзеге
асырылады.
Республикалық министрліктер мен ведомстволардың бірігіп шығарған
бұйрықтарымен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде бақылау
жүргізуде бақылаушы органдардың өзара байланысы мен орналасуы белгіленген,
бұл оларға “бірыңғай аялдама” типі бойынша бір-ақ рет және бір жерде ғана
бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына бағытталған транзиттік
тауарлар жеткізуді бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ
аталған тауарлар категориясын сақтау және “жалған транзитпен” тиімді күресу
мақсатында, нақты кезеңде тауарлар мен көлік құралдырының қозғалысы туралы
толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін кедендік органдарды Тауарлар
жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйемен (ТЖБАЖ) қамтамасыз ету
бағдарламасы қабылданды.
Басты “шығыс қақпасы” болып есептелетін Қазақстан-қытай шекарасындағы
“Қорғас” рұқсаттама пунктінде ТС SCAN контейнерлік сканерлеу жүйесі
құрылған және ТЖБАЖ енгізілген.
ТС SCAN мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге тыйым салынған
тауарлардың контрабандасы мен салымдарын анықтау мақсатында ірі габариттік
контейнерлер мен жүк автомобильдерін жедел тексеруді қамтамасыз етеді.
ТЖБАЖ және ТС SCAN пайдалануға берілген сәттен бастап “Қорғас”
кеденінде (2004 жылғы қыркүйекте) СЭС қатысушыларымен Қытайдан әкетілетін
жүктердік көлемі мен санының шынайылығы біршама жоғарылады, бұл кедендік
төлемдердің артуына әкеп соқтырды. “Қорғас” кеденінде жүйенің пайдалануы
кезінде 11,5 мыңнан астам сканерлеу жүргізілген. Мұндайда көлік құралын
ашпастан тауарлардың бірыңғайлығы мүмкіндігінше зор анықталып отыр.
Транзиттік тасымалдарды қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас жүйе
Қазақстаннан шығар жердегі “Қордай” кеденінде (Қырғыз Республикасымен
шекарада), Оңтүстік қазақстан облысының Ғ.Мұратбаев атындағы бірыңғай
бақылау-өткізу пунктінде (Өзбекстан Республикасымен шекарада) құрылған.
2005 жылы бұл жүйелермен келесі постыларды жабдықтау жоспарланған:
- “Қайрақ” кедендік постысы (Қостанай облысы) – кіру-шығу;
- “Жаңа жол” кедендік постысы (Солтүстік қазақстан облысы) – кіру-
шығу.
Осылайша, кедендік қызмет оның транзиттік потенциалын арттыруға
оңтайлы әсер ететін Қазақстан аумағы бойынша автокөліктердің негізгі
транзиттік қозғалыс бағыттарын қамтиды.
2003 жылдың соңында елдегі кеден қызметінің Ақпарттық орталығы ашылды,
онда кедендік органдардың қызметін жедел мониторингін (оның ішінде бақылау
құралдары арқылы) жүргізу, Қазақстан Республикасы шекарасында кедендік
бақылау жүргізумен байланысты ақпараттарды үздіксіз қабылдауды, өңдеуді
және беруді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар кедендік заңнама
тұрғысында жіберілген тәртіп бұзушылықтарға және оқиғаларға жедел шара
қолдану мақсатында Жедел басқару орталығы жұмылдырылды.
Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудегі шет елдердің тәжірибесі
зерделенді және осы негізде “KTNET”, “Самсунг” компанияларының және біздің
республиканың мамандарының қатысуымен “электрондық Үкіметтің” құрамдас
бөлігі болып саналатын “электрондық кеден” құру бағдарламасы әзірленген
болатын. Оны жүзеге асыру СЭС қатысушы елдеріне қызмет көрсету уақытын
біршама азайтады, сыртқы сауда қатынастарының тұнықтылығын қамтамасыз
етеді, “адамзат факторының” әсерін кемітеді.
“Электрондық кеден” аясында тәжірибелі қолданысқа шағын және орта
бизнес өкілдері үшін олардың кедендік органдарға кедендік құжаттардың
электрондық көшірмелерін ұсынуы бойынша “Web-декларант” электрондық
декларациялау кешені енгізілді.
Кедендік әкімдеу формалары мен әдістері жақсарып келеді. Қауіптерді
талдау және басқару жүйесі енгізілуде.
Бұл шаралардың барлығы 84,4% КЖД бір жұмыс күні ішінде ресімдеуге
мүмкіндік берді.
Халықаралық кедендік баға принциптеріне сәйкес кедендік құнды
белдгілеуге бақылау жүргізіліп отыр, тарифтік және тарифтік емес реттеу
шаралары қолдануда. Мұндайда Үкімет қаулыларына сәйкес шартты бағалар,
импорттық тауарлар құнының халықаралық каталогтары (“Superschwacke”, “Баға-
информ”, “Инфо-анықтамалық”) қолданылады.
Экономикалық қылмыстармен және әкімшілік заң бұзушылықтармен,
контрабандалық тауарлар мен көлік құралдарын, есірткі заттары мен
прекурсорларды тыйю мақсаттарына бағытталған күрес жүргізілуде. 2004 жылы
883 млн.теңге сомасында тауарлар мен валютаның заңсыз өтуіне тыйым
салынған, 1 млрд. 175 млн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен алымдар
төлеуден жалтарған жағдайлардың алдын алу шаралары жасалған. Анықталған 631
қылмыстық және 21951 әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша айыппұл ретінде,
тауарларды тәркілеу және шығынды өтеу түрінде 1 млрд. 357 млн. теңгеден
астам мөлшерде республикалық табыс өтелген. Кедендік органдармен есірткі
контрабандасынның 171 фактісі анықталып, 538 кг есірткі заттары, оның
ішінде 99 кг героин тәркіленген.
Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуге Кинологиялық орталық
едәуір үлес қосты, оларда оқу процестерін ұйымдастыруға, қызмет иттерін
асырау және курсанттарды қамтамасыз ету қажеттіліктерінің бәрі бар. 2004
жылы қыркүйекте осы орталық базасында Дүниежүзілік кедендік ұйымның
Аймақтық Кинологиялық орталығын құру жөніндегі Меморандумға қол қойылып,
оған халықаралық мәртебе берілді.
Кедендік органдар қазіргі кездегі жағдайларға байлансты, терроризм
мен экстремизмнің дамуын еске ала отырып, оңтүстік, оңтүстік-батыс және
батыс бағыттарындағы өткізу пунктерін күшейту жөнінде шаралар қолданып
отыр. Бөлінетін радиациялық материалдардың, стратегиялық қарулардың, сондай-
ақ екі мақсатта пайдаланылатын өнімдердің халықаралық қозғалысы қатысында
кедендік бақылау процедурасы қайта қаралды.
Басқа құқық қорғау органдарымен біріге отырып, қарулардың, әскери оқ-
дәрілердің және жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы заңсыз өтуінің 35 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 18
бірлік атыс қаруы, 493 кг жарылыс заттары және 1687 бірлік әскери оқ-
дәрілер алынған. Сондай-ақ кедендік бақылаудан жасырын өткізілген діни
экстремизм идеясын уағыздайтын 7747 брошюра көлемінде діни әдебиеттер
ұсталған.
Терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес кедендік
органдар алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жүргізуге ниет білдіріп отыр.
Кедендік бақылау постыларының бөлімшелерімен 290 тексеріс жүргізілген
және 2,43 млрд.теңге толығымен аударылған, 1,81 млрд.теңге көлемінде
кедендік төлемдер мен салықтар өндіріліп алынған, бұған ұқсас 2003 жылмен
салыстырғанда 3 және 2,3 есе өсімді құрап отыр.
Кедендік органдар қызметінің ДСҰ кіру алдындағы ең маңызды
бағыттарының бірі кадрлық саясатты жетілдіру болып қалып отыр.
Кадрлық құрамды жасақтау тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2004 жылы кедендік органдарға 521 адам қабылданған, оның ішінде конкурс
бойынша қабылданғандар саны 461 адамды немесе 90%-ті құрап отыр. Мұндайда
артықшылық профильді білімі бар (заңи, экономикалық, кеден ісі, ақпараттық
технологиялар) кандидаттарға беріледі. Нәтижесінде жоғарғы білімі барлардың
меншікті салмағы 2003 жылмен салыстырғанда біршама өскен (4998 адам – 88%)
және бүгінде ол 5487 (99%) құраған, оның ішінде экономикалық біліммен –
1536 (28%), заңи біліммен – 2010 (37%), “кеден ісі” мамандығы бойынша – 461
(8%), ал 2003 жылы – 1360 (24%) экономист, 1730 (30%) заңгер және 323 (6%)
кеденші құрап отыр.
Кадрларды аттестациядан өткізу жиі өткізіліп отырады. өткен жылы 591
лауазымдық тұлғаға немесе 10% жеке құрамға аттестация жүргізілген. Олардың
нәтижесінде, сондай-ақ келеңсіз мотивтерге байланысты кедендік органдардан
61 қызметкер қуылған, 78 лауазымдық тұлға қайта аттестациядан өтуге тиіс.
Кедендік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жүзеге
асырылуда. Кадрлармен жұмыс жүргізудің басым бағыттары анықталып отыр,
оларға біліктілік талаптары белгіленген, Ар-намыс Кодексі, Кедендік
органдар декларациясы және тағы бсақалары бекітілді.
Барлық кедендік органдарда ақпараттық-кеңес пунктілері, нөмірлері
республикалық БАҚ-да басылған “сенім телефондары” қызмет етуде, ай сайын 5
мыңнан астам адам қарайтын копроротивтік телевидение және Комитеттің Web-
сайты жұмыс атқарып отыр.
Жоспарлы негізде кедендік саясат жөнінде Кеңестік советтердің
отырыстары, кедендік брокерлердің, кедендік тасымалдаушылар мен сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен “дөңгелек үстелдер”,
әлеуметтік сұрау және анонимді сауалнама жүргізілуде.
Комитет халықаралық ынтымақтастық саласында да белсенді жұмыстар
атқарып отыр. Мұндайда негізгі күштер ЕЭС құру жөніндегі нормативтік
актілеріне сәйкес туындайтын мәселелер төңірегінде, Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі аясында шоғырланған.
Қазақстан Республикасының тауарлар нарығына шығуы жөніндегі тарифтік
ұсыныстарын қалыптастыру саясаты елдегі экономиканың нақты жағдайын назарға
алып отыр және ДСҰ ережелерін бұлжытпай орындауда орта мерзімді және ұзақ
мерзімді келешекте ұлттық тауар өндірушілерді қорғау қажеттілігін
қарастырады.
Республика экономикасының басым секторларын қорғау мақсатында,
қазақстанның тарифтік ұсыныстарын қалыптастыруда қолда бар өндірістік
потенциалға қарап, негізінде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы құрылымында
қосымша құннның өсу дәрежесі бойынша импорттық кедендік баждарды бекітуді
қарастыратын кедендік тарифтерді эскалациялау принципі енгізілген.
Қазақстанның кедендік заңдары әкелінетін және әкетілетін тауарларға
қатысты тарифтік және тарифтік емес мақсаттарда барлық тауарлардың
шығарылған елін анықтаудың бірыңғай жүйесін қарастырады. Қолданылып отырған
жүйе Дүниежүзілік кеден ұйымымен әзірленіп, Киот Конвенциясында байқалып
отыр.
Кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық деректерімен алмасу және
салыстыру мәселелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қырғызстанның.
Германияның, Нидерландалардың кедендік қызметтерімен шарттарына және
келісімдеріне қол қойылды.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәжірибелік қадамдардың бірден-бірі
қазақстан-ресей (“Шарбақты” кеден постысы) және қазақстан-қырғыз (“Қордай”
кедені) шекараларында біріге отырып кедендік бақылау бойынша эксперимент
жүргізу болды.
Басты назар Ресей, Қазақстан, Украина және Белорусия елдерінің
бірыңғай экономикалық кеңістігін құру мәселеліне айдарылып отыр. Олар
ЕурАзЭҚ Кедендік қызмет кеңесінің (КҚК) отырыстарында, сонымен қатар ЕЭС
құру жөніндегі жоғарғы деңгейлі топтардағы отырыстарда талқыланды.
Бізбен ЕурАзЭҚ КҚК талқылауға қарастырылған және қолдау тапқан
бірнеше жобалар ұсынылды. ҚР кедендік қызметінің бастамасымен ЕурАзЭҚ СЭҚ
ондық белгідегі тауар номенклатурасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді, бұл
тауар кодын нақты анықтауды, кедендік төлемдерді толығымен алу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
ЕурАзЭҚ аясында еркін сауда режимінен шығарылып тасталынатын
тауарларға кедендік баж мөлшерлемелерін сатылы түрде азайту жөніндегі
тарифтік саясатты іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. ЕурАзЭҚ
Интеграциялық Комитетімен ЕурАзЭҚ мүше-елдері мен ТМД қатысушы-елдерінің
еркін сауда режимінен алымдарды алып тастау Бірыңғай графигінің жобасы
құпталды. Тарифтік және тарифтік емес сәйкес реттеулер қалыптастыру
кедендік аумақтардың бірлесуіне және Қауымдастық көлемінде тауарлардың
еркін айналымын қамтамасыз етуге жеткізеді.
Басқа мемлекеттердің кедендік әкімшіліктерімен және халықаралық
ұйымдармен қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында,
оның ішінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы, Қытай Халық
Республикасындағы және Бельгия Короьлдігіндегі елшіліктерінде кеден ісі
мәселелері жөнінде Елші Кеңесшілері лауазымы құрылды.
Корея және Түркия елдерінің кедендік қызметтегі кедендік
процедураларды автоматтандыру саласындағы тәжірибелері зерделенді, сондай-
ақ германия-польша және польша-белоруссия шекараларында бақылауды жүзеге
асырудағы кедендік, ветерианрлық, фитосанитарлық және көлік қызметтеріндегі
тәжірибелермен алмасыт және осы негізде біз қазір жаңа технологияларды,
сонымен қатар қазақстан шекарасынан өтуде “бір аялдама” принципін енгізіп
отырмыз.
Ұлы жібек жолы арқылы есірткі трафигіне жол бермеу мақсатында ҚР
кеден қызметіне техникалық жәрдем ету мақсатында өтеусіз көмек көрсету
туралы Германиямен келісім-шартқа қол қойылды.
Сыртқы істер министрлігі өкілдері және Қазақстан Республикасында
аккредитациядан өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың
басшылары үшін “дөңгелек үстел” өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің басқаруымен Қытай Халық
Республикасына ресми ісспапармен барған ресми делегация құрамында ҚР ҚМ КБК
Төрағасы да болды, онда кедендік ынтымақтастық, статистикалық деректермен
өзара алмасу жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.
Дүниежүзілік кедендік ұйымның бас хатшысы М.Данемен кездесу өткізілді.
Оны ҚР Елбасы, Премьер-Министрі қабылдады, ол Ұлы жібек жолы аймағындағы
есірткі трафигі және Астана қаласында Кедендік ресімдеу орталығының жаңа
ғимаратын ашу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Іргелес мемлекеттердегі әріптестермен ынтымақтастық құруға да көп
көңіл бөлініп отыр. Егер бұрын қарым-қатынастар Ресей, Өзбексатан және
Қырғызстан елдерінің кедендік қызмет басшыларының деңгейіндегі хаттамалық
шаралармен шектеліп келген болса, соңғы жылдары ара-қатынас сапалы жаңа
орамға өсіп отыр. Ара-қатынастағы нақтылық арта бастады, мемлекеттердің
кедендік қызметтерінің арасындағы ынтымақтастық аймақаралық, шекаралық
деңгейге жетті.
Зерделеу барысында концептуальды айырмашылықтарының жоқтығы анықталған
екі елдің Кеден кодексіндегі негізгі ережелерді талқылау жөнінде Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден қызметінің сараптамашыларының
қызмет кездесулері өткізілді.
Пекин, Ташкент, Астрахань, Павлодар, Саратов, Бішкек, Алматы, Өскемен,
Үрімші, Шымкент және Атырау қалаларында екі жақты ынтымақтастық, ақпарат
алмасу, жеңілдетілген кедендік процедуралар және шекаралық аймақтар
тұрғындары мен СЭС қатысушылары арасында өзара пайдалы шекаралық сауда үшін
қолайлы жағдайлар туғызу мәселелері жөнінде Ресей, Қытай, Қазақстан,
Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шекаралық кеден органдары басшыларының
қызмет кездесулері болып өтті.
ТМД қатысушы елдерінің кедендік және басқа құқық қорғау органдары
арасында Келісім мен Хаттама аясында жүзеге асырылып отырған контрабандамен
күресте ынтымақтастық жүргізіліп отыр. Атап айтсақ, іргелес мемлекеттердің
кедендік органдарының қатысуымен біздің еліміздегі кеден қызметімен
экономикалық контрабанда жасаудың 33 фактісі және 26 қылмыстық іс қозғалған
кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару фактілері анықталған.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес елдегі кедендік органдар
Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім-шарт Ұйымының мүше елдері аумағында,
есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды анықтау және
тыйюға бағытталған “Канал-2003”, “Канал-2004” профилактикалық
операцияларына қатысты. Сонда, Орынбор (Ресей), Ақтөбе (Қазақстан)
облыстарының құқық қорғау органдарының және Ақтөбе облысы бойынша кедендік
бақылау департаментінің бірігіп жұмыс істеуі арқасында героиннің ірі
партияларын жеткізумен айналысатын халықаралық ұйымдасқан қылмыстық
қоғамдастықтың қызметі анықталып, жойылды.
2004 жылы қарашада Қазақстанның кедендік органдарының ақпараттары
бойынша Ресей ФҚҚ мен Челябі кеденімен марихуананың ірі партиясы (1200 кг)
ұсталды, бұл нәтижесінде Қазақстаннан Ресейге есірткі тасымалдаумен
айналысатын құрамы 15 адамнан тұратын (Қазақстан мен Ресей азаматтары)
халықаралық қылмыстық ұйым анықталып, жойылды.
Іргелес мемлекеттердің кедендік қызметіндегі ынтымақтастық шекараны
контрабандадан қорғау бойынша біріге жүргізген операциялармен ғана шектеліп
қоймайды. Сондай-ақ олар біздің ортақ қызметіміздің басқа да салаларын, бос
уақыт пен демалыс кездерін де қамтиды.
Павлодар қаласында Сібір кеден басқармасы өкілдерінің қатысуымен
Қазақстан Республикасының кедендік органдарының кезекті Көркемөнерпаздар
фестивалі болып өтті. Қостанай облысының “Қайрақ” және “Аят” шекаралық
кеден постыларының базасында ресейлік кеден постылары командаларының
қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Кедендік органдардың тарихи шежіресін, сондай-ақ Қазақстандағы Ресей
жылына арналған іс-шараларды ары қарай дамыту аясында, Комитеттің
қамқорлығымен Екінші Халықаралық журналистер десанты өткізілді. Алдыңғы
қатарлы ақпараттық агенттіктердің, баспасөз басылымдарының және
телерадиокомпаниялардың өкілдері қазақстан-ресей шекаралары шаршысында
дисклокацияланған “Шарбақты”, “Ауыл”, “Жезкент”, “Оба”, “Жаңа жол”, “Қызыл
жар”, “Ақбалшық”, “Қайрақ” кекдендік постыларының жұмыстарымен танысты.
Десант нәтижелері “ВВС”, “Мир” және басқа телерадиокомпанияларда
жарияланды.
Елдегі кеден қызметінің материалдық-техникалық базасы ары қарай дамуда
және жаңалықтар енгізілуде.
2004 жылы кедендік постылар мен кедендік инфрақұрылым объектілерінің
құрылысына республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге бөлінген. Барлық бөлінген
қаражаттар толығымен игерілген, пайдалануға 3 бірыңғай бақылау-өткізу
пунктері (ББӨП) берілді: Павлодар облысында “Шарбақты”, Оңтүстік Қазақстан
облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Шығыс Қазақстан облысында “Ауыл” пунктері,
Астана және Павлодар қалаларында кедендік ресімдеу орталықтары, “Бақты”
кеденінің кедендік ресімдеу залы, Атырау қаласындағы аймақтық оқу-
әдістемелік орталығы, “Достық” кеденінің жеке құрамына арналған 36 пәтер
пайдалануға берілді. Қостанай облысындағы “Обаған” және Солтүстік Қазақстан
облысындағы “Қарақоға” ББӨП-тері, Ақтау қаласындағы 10 қызметтік-іздеу
иттерін қамтамасыз етуге арналған питомнигі пайдалануға берілуге дайындық
үстінде. Дружба станциясында теміржол терминалының, Алматы қаласындағы оқу-
әдістемелік орталығы, Астана қаласындағы Комитет қызметкерлеріне тұрғын үй
құрылысы салынуда. 2005-2006 жылдары тағы да 9 ББӨП, 3 теміржол терминалы
құрылысы салынады.
Сонымен қатар кедендік постыларда 1,2 млрд.теңге сомасына жаңа
кедендік бақылау жабдықтары сатып алынып, орналастырылды. Оның ішінде: “TS
Scan” маркалы жүк автомашиналарын стационарлық рентгендік инспекциялық
бақылау жүйесі, автомобиль электрондық таразылары, радиологиялық бақылаудың
стационарлық жүйелері және бағалы металдарды, есірткі заттары мен жарылғыш
заттарды идентификациялаудың портативтік құралдары, тауарларды жеткізудің
автоматтандырылған жүйелері, жеке тұлғаларды тіркеу автоматтық пунктері
(киоскілері), ретрансляторлар және портативтік радиостанциялар бар.
ҚР кедендік органдары ДСҰ кіргеннен кейін де кедендік бақылауды
жетілдіру, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды модернизациялау
және дамыту, есірткі трафигі және терроризммен күресті күшейту жөніндегі іс-
шаралар қолдануды жалғастырып келеді.
1996 жылдың қаңтарынан бастап республика Тарифтер мен Сауда жөніндегі
Бас Келісімнің (ТСБК) орнына келген Дүниежүзілік Сауда Ұйымында бақылаушы
мәртебесіне ие болып отыр. Бірақ республикада бұған қажетті түрде көңіл
аударылмай отыр. Мысалы, Сиэтл қаласындағы кездесу (онда сонымен қатар жаңа
мемлекеттердің ДСҰ кіру мәселелері талқыланды) Қазақстан үшін еш өзгеріссіз
қалып отыр. Біздің республиканың әлемдік нарықтағы интеграция мәселесі
бізді қалайша толғандырмайды? Сиэтлдағы кездесуде Билл Клинтон “глобальды
экономикаға адамзаттық кескін беруге” шақырды. 30 жыл бұрын біз “адамзаттық
кескіндегі социализм” түсінігін ұғынғымыз келмеген еді. Қазір де бізді бұл
мәселе қызықтырып отырған жоқ. Егер бұл осылайша жалғаса берсе, онда біз
глобальданған кеңістікте назардан тыс қалған провинцияға айналуымыз мүмкін.
Қытай мен Қазақстанның ДСҰ кірудегі айырмашылықтары көзге түседі. ДСҰ
кіруге құлшыныстың мысалы ретінде Қытайды атауға болады – оны өткен жылдың
соңында ұйым қатарына қабылдауға осы уақытқа дейінгі 15 жыл бойғы толассыз
өткізген келіссөздер негіз болды.
Осыған қарамастан, қазіргі уақытта басқыншылық сыртқы саясат жүргізіп
отырған ел үшін шексіз ұланғайыр нарық ашылып отыр. ҚХР өз мәртебесін
толығымен пайдаланып отыр және сауда тосқауылдарының жойылуы нәтижесінде
қытай тауарлары өте арзан және барлығына қол жеткізу мүмкіндік туғызады.
Сондықтан да, қатысушы елдерге өз өндірушілерін Қытайдың
экспансиясынан қорғауға көптеген жылдар қажет болды. ДСҰ мүшелігіне кіру
үшін Аспан асты еліне көптеген шарттар мен міндеттермелерді қабылдауға
мәжбүр болды, олардың кейбіреуі басқа елдерде ешқашан қолданылмаған еді.
Ұйымға кіруде Қытайдың дамушы ел мәртебесіне ие болуына қарамастан,
(бұл оған көптеген жылдар бойы жоғарғы импорттық кедендік баждарды және
нарықты қорғаудың басқа шараларын сақтап қалуға теориялық құқық берді)
елдегі кедендік баждардың орташа деңгейі едәуір төмендеген. Сол кезеңде ДСҰ
мүше елдер өз нарықтарын қытай экспортынан қорғау үшін 12 жыл бойы аса
маңызды шараларды қолданатын болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz