Антигендер мен антиденелер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТЕРСТВО
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Мирас университеті
Университет Мирас
Химия және биология, дене тәрбиесі және спорт
секторы
Сектор
химии и биологии, физической культуры и спорта
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КУРСОВАЯ РАБОТА
Курстық жұмыс тақырыбы
Тема курсовой работы
Антигендер мен антиденелер.Олар арасындағы қарым-қатынас
Пән Дисциплина Генетика
СтудентСтудент
Умирзак Гаухар Абдурашидқызы
(студенттің Аты-жөніФ.И.О. студента)
БИ-811К-2
(топгруппа)
5В011300
Биология
(шифршифр)
(БББ атауынаименование ОП)
Курстық жұмыс
Курсовая работа защищен на
қорғалды
(бағасыоценка)
Жетекші
Руководитель
Нурекешов.Б
(қолыподпись)
(Аты-жөніФ.И.О.)
11
05
2021
жг
Шымкент 2021 ж.г.

БЕКІТЕМІН
УТВЕРЖДАЮ
Білім беру бағдарламасының менеджері
Менеджер образовательных программ
Сулейменова М.Т.
(қолыподпись)
(А.Ж.Т.Ф.И.О.)
06
05
2020 ж.г.
Курстық жұмыстарды қорғау туралы
ХАТТАМАСЫ
№
ПРОТОКОЛ
защиты курсовой работы
ПәнДисциплина
Генетика
Топгруппа
БИ-811К-2
(топтың № № группы)
Қорғау күні Дата защиты
__
____
2021 жг.
1. Студенттің аты-жөні ФИО студента___ Умирзак Гаухар Абдурашидқызы _______
Курстық жұмыс тақырыбы Тема курсовой работы ____________________
_____ Антигендер мен антиденелер.Олар арсындағы қарым-қатынас
Курстық жұмыстың жетекшісі Руководитель курсовой работы
______Нурекешов Б._________________________________ _______________________
Қорғау кезінде төменгі сұрақтарға жауап алынды При защите были получены ответы на следующие вопросы:
1. ___________________________________ ___________________________________ _____
2. ___________________________________ ___________________________________ _____
3. ___________________________________ ___________________________________ _____
Жұмыстың бағасы Оценка работы_____________________________ __________________
(бағалау балдық - рейтингтік әріптік жүйеде оценка по балльно-рейтинговой
Комиссия мүшелері Члены комиссии:
1.
___аға оқытуышы Қуанышова С.Е._________
_____________
(Аты-жөні Ф.И.О.)
(қолыподпись)
2.
______аға оқытушы Есенбекова А.Ш.______
_____________
(Аты-жөні Ф.И.О.)
(қолыподпись)
3.
____аға оқытушы Тайлиева А.К
_______
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Антигендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Антиденелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Олар арасындағы қарым-қатынас ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .22
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Антигендер (antigen; көне грекше: anti -- карсы; көне грекше: genesis -- шығу тегі) -- қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға, адам жұқпалы аурулардың қоздырғышымен залалданғанда, адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.
Антигендер -- гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына -- белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір биологиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Физико-химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық (мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалы токсиндер мен ферментер) болып бөлінеді. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты. Көпшілік Антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар к ө п немесе бір валентті бола алады. Егер мұндай антигендердің құрамында бөтен заттар болмаса, оларды д а р а Антигендер деп атайды.
Антиденелер (ағылш. antibody, Ab, Қарсыдене деп те аударылады, кейде иммуноглобулин (ағылш. immunoglobulin, Ig), -- адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік заттар (негізінен гамма-глобулиндер); адам және жылықанды жануарлар денесінде пайда болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар. Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен.
Антиденелерді лимфоциттер мен плазмоциттер бөледі. Қарсыденелерге тән қасиет -- тек өздерінің түзілуіне әсер еткен антигендермен ғана әрекеттесіп, оларды жояды. Антиденелер -- организмде қан сарысуы мен ұлпаларда жинақталады. Қарсыденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай агглютининдер, гемолизиндер, бактериолизиндер, преципитиндер болып бірнеше топтарға бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:Антигендер мен антиденелерге және олар арасындағы қарым қатынасы туралы сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Антиденелерге жалпы сипаттама беру
oo Анттиденелрге сипаттама беру
oo Олардың арасындағы қарым- қатынасына тоқталу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Антигендер
Антигендер- адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар.Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері.Антигенге қарсы ағзада антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы(сезімталдығын арттыратын) болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді.
Антигеннің үстінде арнайы иммуннологиялық реакцияға түсіп,антиденемен байланысатын белсенді орталығы детрминант деп аталады.
Антигендер (antigen;көне грекше: anti - қарсы; көне грекше: genesis - шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оған қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антидене) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридті немесе ақуызды заттар.Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға жұқпалы аурулардың қоздырғышымен залалданғанда адам ағзасында оны осы қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.
Антигендер - гендер жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері.Организмде арнайы иммундық жауап туғыза алады.Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына - белоктарға , полисахаридтерге, карбогидраттарға, табиғи антигендер және бір қатар жасанды полимерлерге тән.Барлық табиғи антигендер белгілі бір биологиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән.Физико - химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық(мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалы токсиндео мен ферменттер) болып бөлінеді.Антигендер құрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады.Бұл жауапкершілік Т - лимфоциттердің рецепторларныеа жабысу және қорғаныс жауапатарын тұрақтандырумен байланысты.Көпшілік антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар көп валентті немесе бір валентті бола алады.Егер бұндай антигендердің құрамныда бөтен заттар болмаса, оларды дара антигендер деп атайды.Антигендердің иммундық жауап туғызуын күшейту үшін оларды кейде минерал майына немесе басқа бір инертті қосымша әсерсіз заттарға қосады.
Антигендердің қасиеттері
Иммуногенді - антигеннің иммундық жауап шақыратын қабілеті,ол антигеннің молекулалық салмағына байланысыты. Молекула салмағы жоғары болса иммуногендігі жоғары. Ол детрминанттардың антиген молекуласындағы санына байланысты.
Генетикалық бөгділігі тым алас болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары.
Антигеннің спецификалық қасиеттерімен ерекшеленуі.
Антиген валенттілгі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей.Детерминант саны көп жағдайда екеу иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминантыбар, күл токсинінде - 8, тиреоглобулинде - 40.
Иммуногенді альюванттар.Адам немесе жануарлар денесіне вауцинациямен бір химиялық затты қосып екеенде антигеннің иммуноггендігі күшейеді.Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминидің қосындысы , макромолекулааралық заттар, фрейд адьюванты.
Адьюванттар екенде ұлпада қабынуды қоздырып, еккен жерінде гранулема - абцесс береді, оның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммундық үрдіс қоздыру көпке созылады.
Көптеген антигендер, антигенмен бірге Т- лимфоциттері болса иммундық реакцияны жақсы қоздырады.Олараға вирустар, белоктар, торшылық антигендер жатады.Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимусқа тәуелділігі жоқ антигендер өз алдына иммундық реакция шақыра алады.
Эритроциттер антигендері.
Эритроциттердің мембранасында 100- ден артық антигендер бар, олар 19 жүйеге бөлінген Адам эритроциттерінде III антигеннің әр түрлері кездеседі.
Гетерефиьді антигендер көптеген жануарларда және бактерияларда бар.
Бейспецификалық немесе түрлік антигендер.Мысалы: адамдарда бар, жануарларда жоқ.
Спецификалық немесе топы антигендер.Мысалы, жеке адамдардың бірінде бар, бірінде жоқ. Эритроциттердің барлық антигендері ішінде маңыздысы ABO және Rh(резус)
АВО жүйесі - 4 топқа бөлінеді
О (I)- антидене А және В (антиген жоқ)
A(II) - антиген А бар
B(III)- антиген В бар
AB()I- антиген А және В бар
А- және В- антигендері лейкоциттерде де, тромбоциттерде де, әр түрлі ұлпада, түкірікте, көз жасында, зәрде бар, олар- хрусталикте,жатырда, арқамиында жоқ.Қан сарысуында антиденелер бар, бірақ оларға қарсы ағзаларда антигендер жоқ.Бұл антиденелер сондай антигендермен кездескенде эритроциттердің аглютинациясын береді, осыған қарай қан топтарының анықтап, қан құюмен емдеу жүргізіледі.Сол арқылы сот медицинасында әке-шешесін анықтауда және қае тамшысының кімге жататынын білуге болады.
Rh(резус) антиген жүйесі 1940 жылы ашылған.Макака резус маймылының эритроциттерімен қоянға егіп, алынған сарысу адам эритроциттері аглютинациялайды.Содан адам мен маймыл эритроциттерінде бірдей антиген ашылып, оны - резус антигені деген.Осы антиген Еуропа халықтарының 85%- да бар, Резус антигенінің 6 түрі табылған.(C D E c d e).Олардың ішіндегі маңыздысы - D.Бұл антиген жер жүзі халықтарында бар(тек қиыр Шығыстың кейбір халықтарында жоқ).Ал шешесінің антиген резусы теріс және антиген резусы оң кездессе,иммуноконфликт дамып,нәрестеде гемолитикалық ауру пайда болады.Резус антигенін бейтараптау үшін бала туар алдында антирезусты антиген құяды.
Лейкоциттер антигендері.
Безредка (1900) лейкоциттерден отызға жуық антигендер түрлерін тапқан.Бұлар ұлпаларда,лейкоциттерде, тромбоциттерде, фибробласттарда, тері эпителиінде, спремада табылған.Бұл антигендер гитосәйкестікті көрсетеді.Сондықтан оларды трансплантациялық немесе гитосәйкесті антигендер деп атайды.
Трансплатациялық антигннің химиялық құрылысында ликопротеин, гликопротеин немесе белоктар бар.
Антигеннің түрлері.
Антигендердің екі негізгі түрлері бар:экзогендік және эндогендік.Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан келеді.
Эндогендік антигендер әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық немесе олардың күрделі кешендеры танылады.
Біріншілік және екіншілік аутоантигендер тобы ажыратылды.
Біріншілік немесе шынайы аутоантигендер.Біріншілік шынайы антигендер - эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің қалыптасу үрдісінде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзіндік қалыпты тіндерінің антигендері. Тосқауыл артындағы тіндерге ми тіңдері, қалқанша маңы безі, көз бұршағы жатады.
Мұндай анатомиялық құрылымдардың ерекшелігі, лимфа дрежаның болуымен, гематогендік тосқауыл мен аймақтық сұйықтықта, иммундық жүйе жасушалары бөлетін циткокиндердің шығаруын тежейтін заттардың болуына байланысты.Мысалы алдыңғы көз камерасын толтыратын сұйықтық көз құрылымында түзілетін және Т- лимфоциттердің қорғаныс қызметін шығаруға кедергі жасайтын биологиялық белсенді заттар болады.Көздің торлы қабығының субжасушалық құрылымында арнайы компоненттер бар, олар Т- лимфоциттермен әрекеттескенде бағдарланған жасушаның жойылу механизмдерін тудырады.Бұл үрдістер жиынтығы иммунитеттің тежелуін қамтамасыз етеді.Гистогематикалық тосқауылға әртүрлі зақымдаушы әсер еткенде антигендер жалаңаштанады және иммундық серпілістер шақырады.
Гистогематикалық тосқауылдың бүгіндігі бұзылғанда (мысалы, жұқпалы аурулар, жарақаттану нәтижесінде) біріншілік аутоантигенге қарсы аутоиммундық үрдістерді шақыратын, иммундық жауап пайда болады.
Аутоантигендер ретінде гистогематикалық тосқауылдың артында орналаспаған және де өзгерілмеген ағзаның өзіндік химиялық құрылымдары бола алады.Осы антигенге табиғи иммуннологиялық төзімділік бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердің тиым салынған клоны ,сонымен қатар супрессорлық механизмі бұзылғанда айда болады.Нәтижесінде арнаы иммунологиялық серпілістер басталып, ағзаның өзіндік мүшелері мен тіндері зақымданады, себеебі оның құрамында осы аутоантиген болады.
Паталогиялық немесе екіншілік аутоатигендер.
Ағзаның өзіндік жасушалар компоненттері мен тіндері, әртүрлі зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердің әсер ету нәтижесінде, аутоантигендерге айналады.Жылулық немесе химиялық денатурация кезінде пішіні өзгерген өзіндік нәруыздар ағзаға бөтентекті нәруыздар болып табылады.Екіншілік аутоантигендер бактериялдық уыттар және вирусты нейриминизада, сонымен қатар, қабыну аймағында Рн ортасының өзгреуі және әртүрлі этиологиясы бар нэкроздар кезінде нәруыздық молекулалардың денатурациясы нәтижесінде түзіледі.Екіншілік аутигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап жүреді, потологиялық үрдістің басылуына және де зақымдалған тіндердің қалыптасуына себебін тигізеді, бірақ та, көптеген себептерге байланысты әсіресе табиғи төзімділіктің бұзылуына әкелетін иммундық жүйенің қызметі бұзылған кезінде екіншілік аутоантигендер, аутоиммундық ауруларды шақырады. Бұл жағдайдың мысалы ретінде инфаркттан кейінгі миокардитті айтуға болады.
Адамның иммундық паталогиясында маңызды рөл атқаратын айқаса әрекеттесетін және кешенді антигендер.
Айқаса әректтесетін антигендер немесе гетероантигендер - әртүрлі түрге жататын, бірақ құрылымы бойынша жақын антигендерді детерминанттардан тұратын антигендер. Мұндай антигеннің мысалы ретінде 1911 жылы ашылған Форссман антигенін айтуға болады.Бұл антиген қойдың эритроциттерінде, сальмочелларда және теңіз доңыздарының ұлпаларында болады.Бактериялар мен вирустардың антигендік мимикрия құбылысы олардың иесінің антигеніне ұқсас антиген вирустары мен микроағзалардың кейбір түрлерінде болуымен түсіндіріледі.Паразаиттер үшін мұндай антигендер қорғаныс мәні бар, өйткені олар иесінің иммундық жүйесімен танылмайды және онда арнайы қорғаныс серпілісін шақырмайды. Ал иесі үшін мұндай антигендер аутоиммундық аурудың себебі болуы мүмкін.
Осылайша гемолизистік стрептококктар құрамында адам ағзасының кейбір тіндерінің, миокард синовиалдық қабақтың антигендерімен ортақ айқаса әректтесін (М-протейн) болады.Стрептококкік жұқпалар кезінде миокардтың тіндік элементтермен , синовиалдық сұйықтық және шеміршек
гликопротейндерімен айқаса әрекеттесетін микробтық полиқанттарға антиденелер түзіледі. Өз кезегінде ол ревматизмнің дамуына алып келеді. Бірқатар стрептококк штаммдарының мембраналарында бүйрек шұмақтарының базалды мембраналарына жақын немесе ұқсас айқаса әрекеттесетін антигендер болады. Стрептококктың ондай штамдары аутоиммундық гломерулонефрит шақыруы мүмкін.Мерез қоздырғышында адам мен жануарлрдың жүрегінде кездесетін фосфолипидтер құрылысына ұқсас фосфолипидтер бар.
Сондықтанда жануарлардың жүрегіндегі кардиолипидтік антигендерді ауру адамдардың спирохетаға қарсы антиденені табу үшін қолданылады.
Кешендік антигендердің маңызды түріне интеграциялық антигендер жатады. Оған жататындар: кешендік вирусөндіруші антигендер және ісікерекшелік антигендер.
Кешендік вирусөндіруші антигендер.Антигендер вирустық геномының және нысана жасушалар геномының интеграцтясында вирусөндіруші антигендердің акспрессиясы салдарынан жасушалық мембранада пайда болады. Осындай кешенді антигендер вирусқа қарсы иммуниттетің негізін құрайтын вируспен жұқтырылған жасушаларға қарсы иммундық серпіліс шақырады.
Кешендік антигендердің басқа маңызды түрлеріне экзогендік гаптендердің (дәрі-дәрмек, олардың метаболиттері, тұрмыстық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық өнімдері, тағамдық бояулар, консерванттар, тұрақтағыштар және т.б) ағзаның өзінің тасымалдаушы - нәруыздармен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген антигендер жатады.
Кешенді антигендердің екі негізгі түрлері үшін өзініңкі + бөтендікі қосындысы деген сипаттама тән.
Т- тәуелсіз және Т- тәуелді антигендер.
Антигендер мұндай екі түрге бөлінуі В - лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байлагнысты жүреді.
Тимус - тәуелсіз антигендер - Т- лимфоциттің және макрофактордың көмегінсіз.В - лимфоциттерде өздігінен антиденелердің түзілуін шақыратын антигендер.
Табиғи антигендердің ішінде осы талаптарды қанағаттандыратындар бактериялық поиқанттар(БП) және липополиқанттар (ЛП).Олар негізгі Т- тәуелсіз табиғи антигендер болып табылады.Бактериялық полиқанттардан және липопополиканттардан басқа табиғи Т-тәуелсіз антигендерге, мысалы,сальмонеллардың антигендері, плевмакокктық полиқанттар, ішек таяқшаларының полиқанттары жатады.Т- тәуелсіз жасанды антигендерге гаптенмен байланысқан полиэлектролиттер жатады.
Т-тәуелсіз антигендер барлық табиғи антигендердің 10%- ын құрайды.
Табиға антигендердің көпшілігі шамамен 90%-ы нәруыздар, соңғы екі талапқа жауап бермейді. Олар тимустәуелді антигендер болып табылады. Т- тәуелді антигендерге : трансплантациялық, тіндік арнайы антигендер, сарысулық нәруыздар, бактериялық уыттар, бөгде эритроциттердің антигендері, көптеген вирус антигендері және басқалары жатады.
Антигендердің негізгі қасиеттері.
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.
Бөгделік- ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарға арналған антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалық, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі,иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызыметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады.Эндогендік агрессия жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасшаларының бетінде ісікерекшелік антигендерінің экспрессиясы ) ие болуымен де байланысты.Барлық жағдайларда антиген ағзаға өзіндік емес ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді.Р.В. Петровтың анықтауы бойынша антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар .
Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкүншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар.Антигендік антигеннің химиялық құрылысына, беткей орналасқан детерминантқа, антигендерге жауап беретін клон құрастыратын, жасушалар санына және антигене енгізілген ағзаның түрлік сипатына байланысты. Антигендік қауіптіліктің ерте белгісі ретінде маңызыды, себебі ағзаға түскен қауәптә заттардың әсері бірден көрінбейді, ағза олардың потенциялдық агрессиясын тек антигендік қасиетінің болуымен таниды.
Иммуногендік- антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқын иммунитет өндірілмейді, себебі ұзақ өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.
Антигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері.Полимерлік молекуланың салмағы жоғарылаған сайын иммуногендігі артады.Антигеннің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, хош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен ағзаға енгізі жолына байланысты.
Арнайылық- бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық екеркшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің ант игендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады.
Антигендік арнайылықтың келесі түрлері ажыратылады: түр- аралық, топтық, тіндік, сатылық, органоидттық.
Түр - аралық арнайылық жануарлардың қай түріне жататындығына, олардың генетикалық консультациясына байланысты, яғни бұл ерекшелік, әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен айырмашылығын көрстеді. Түр - аралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада кездесетін көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерінде ұқсас түр- аралық антигендері бар, ал алшақ түрлерінің антигендерінде көп айырмашылық болады.
Типтік арнайылық - түр - аралық арнайылық секілді ұғым, бірақ микроб түрлеріне қатысты қолданылады(сероварлар).
Топтық антигендік арнайылық - даралардың бір түрінің ішіндегі әртүрлі топтардың ерекшелігі. Мысалы ретінде, адам эритроциттерінің изоантигендік жүйесі жатады, олар 15 тен астам, ал, құрамына 100 шамасында антигендер кіреді; олардың негізгісі қан тобындағы АВО жүйесінің изогемаглютиногендері. Лейкоциттердің изоантигендік жүйесі мүшелер мен тіндердің ауыстырып салуында маңызды орын алады, ол антигендердің гистосәйкестік жүйесі деп аталады. Ағзаның мүшелерін ауыстырып салғанада (трансплатация) күшті гистосәйкестік антигендерің минималды айырмашылығына негізделіп, сәйкес донор мен рецепиент таңдалады. Гранулациттердің және тромбоциттердің изоантигендік жүйесі гемотрансфузия мен трансплантация кезінде маңызы бар. Изоантигендердің болуы ағзаның түрішілік жеке дара ерекшеліктерінің дәлелі болып табылады.
Тіндік арнайылық - бір ағзаның әртүрлі тіндеріндегі антигендік айырмашылық.(миокард, өкпе, бауыр және т.б антигендері).
Сатылық арнайылық - әр даму сатысында тұрған жасушалардағы антигендік айырмашылығы. Мысал ретінде, эмбрион антигендерін алуға болады.
Антигендердің органойдтық арнайылығы - әртүрлі жасушалар органойдтарының антигендік айырмашылығы (ядро, митохондрия және т.б)
0.2 Антиденелер
Антиденелер - лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың -
антигендердің (грек. анти - қарсы) енуіне жауап ретінде бөліп шығаратын ерекше нәруыздар. Антиденелер микроағзаларды өзара жабыстырып, оларды жоя алады. Сонымен қатар антиденелер улы заттардың молекулаларымен химиялық реакцияға түсіп, оларды бейтараптайды. Антидене молекулалары ағзаның зақымданған жасушаларын жою үшін белгілеп алатын сияқты.Антидене- лимфоциттердің қатысуымен түзіледі.
Антидене немесе қарсыденелер - адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протейндік заттар, адам және жануарлар денесінде пйада болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар . Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен.
Антиденелерді лимфоциттер мен плзамоциттер деп бөледі.Қарсыденелерге тән қасиет - тек өздерінің түзілуіне әсер еткен антигендермен ғана әрекеттесіп, оларды жояды. Антиденелер - организмде қан сарысуы мен ұлпаларада жинақталады.Қарсыденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай аглютининдер, гемолизиндер, бактериолизиндер, преципитиндер болып бірнеше топтарға бөлінеді.
Антиденелердің ашылуы микробиологияның алтын дәуірінен басталады, жұқпалы аурулардыңм көптеген қоздырғышы ашылу кезінде, ғалмдар мен дәрігерлер макроорганизм зиян келтірмей тек патогендерге әсер ететін дәрілерді іздестіру барысында болды. Дәрігер және бактериолог П.Эрлих өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz