Майлау жүйесінің құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР МАЗМҰНЫ

І-БӨЛІМ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ-БӨЛІМ
Президент жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІІ-НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Майлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. Майлау жүйесінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Іштен жану қозғалқышының майлау жүйесі. Топтасуы және майлау жүйесінің сұлбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
4. Майлардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

5. Майлау материалдарын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

6. Майлардың қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

7. Қозғалтқыштың майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

8. Майсорғыға техникалық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

9. Майларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ІV-бөлім

Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

І-бөлім
КІРІСПЕ

XXI ғасырда Қазақстанда автомобиль жинайтын және автомобиль бөлшектерін шығаратын зауыттар жұмысқа қосылды.
Қазіргі кезде жаңа автомобильдердің қоректендіру жүйесіне бүрку жүйелері орнатылуда. Оның мысалы ретінде ВАЗ және басқа шетел автомобилін келтіруге болады.
Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді жене дизельді қозғалтңыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.
Автомобиль қозғалткыштарын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарттардың енгізілуімен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді қозгалтқыштардың орталық, таралымды және тікелей бүрку жүйелерін, сол сияқты дизельді қозғалтқыштардың сорғы форсункаларын бүркуін электронды басқару енгізілді. Қазақ тілінде осы жүйелер жайында оқулықта алғаш жазылып отыр.
Іштен жану қозғалтңышы мен электрлік қозғалтңыштарды автомобильдерде бірге қолдану, бензинді және дизельді қозғалтқыштарының Еуропа стандартына сай жаңа қоректендіру жүйелері, оларда ңолданыла бастаған навигациялық, маршруттың компьютерлер, ав - томобиль қауіпсіздігін жақсартужолындагы ABS жүйесі, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жүмыс істеп тұрған қозғалтқышта реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануда автоматты бақылау мен басқару мағлұматтары оқулықта жарық көрген.
Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке - жеке түр - түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

ІІ- БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ -
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА МЫНАДЫЙ МӘСЕЛЕРДІ АЙТЫП ӨТЕДІ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі атты алғашқы Жолдауын ұсынды.

Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеді: ...елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес.
Президент атынан сөйлеген билік жалпы мемлекеттік сындарлы міндеттерді ашық талқылауды бастауды ұсынады. Осыған байланысты көп партиялықты одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар аударылды.
Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі кілті болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек, - деп атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.

Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап өткендей, маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн. Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі өмірден өз орнын табу, яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.
"Азаматтарымыз жаңа саяси мүмкіндіктерге байланысты екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін"
Президенттің айтуынша, демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Қоғамға саяси реформалар қажет, деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанда шын мәнінде көп партиялы жүйені дамытуға ниеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Біз саяси жүйемізді біртіндеп жаңа шындыққа бейімдеп жатырмыз. Біздің қоғамға саяси реформалар қажет. Демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Бұл факт ескерілуі керек. Азаматтарымыз реформаларды қолдайды деп сенемін және жаңа саяси мүмкіндіктердің арқасында қоғамда екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін", - деді мемлекет басшысы.
Елімізде 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы орын алуда.
"Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс", - деді мемлекет басшысы,
Президенттің атап өтуінше, вертикалды кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал.
"Жеке шаруашылығы миллиондаған ауыл тұрғынына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабын құруға жұмылдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығармауыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз", - деді мемлекет басшысы.
Президентінің атап өтуінше, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында жатыр.
"Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді, Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жердердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ІІІ-бөлім
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Майлау жүйесі.

1,6,10-сүзгілер: 2-термометр; 3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-насос; 11-манометр; 12-магистралды канал; 13-иінді білік; 14-таратқыш білік; 15-күйенте ось; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі. Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, мотордың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды. Майлағанда өзара жанаса қозғалатын беттердің арасына май қабаты жіберіледі, сөйтіп, беттердің арасындағы тікелей үйкелістің орнына май қабатының өзінің ішкі кедергісін жеңу ғана қалады. Тәжірибелер, үйкеліс күші үйкелуші беттердің арасындағы май қабатының қалыңдығына кері пропорционалды екенін көрсетті. Май қабатының қалыңдығын ұлғайтса, үйкеліс пен май температурасына кететін шығын азаяды. Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін май, үйкелісті азайтумен қатар, азда болса, үйкелуші бөлшектерді салқындату үшін қолданылады.
2.28-сурет. ВАЗ ңозгалтқышының майлау жщесі: 1 -- май соргысының білігі, 2-4 -- май каналдары, 3 -- қалпақша, 5 -- дабыл шамы, 7 -- негізгі май магистралы, 8 -- май өлшеуіш сцңгі, 9 -- фильтр, 10 -- соргы, И -- май қабылдагыш, 12 -- картер
2.28-сурет. ВАЗ ңозгалтқышының майлау жщесі: 1 -- май соргысының білігі, 2-4 -- май каналдары, 3 -- қалпақша, 5 -- дабыл шамы, 7 -- негізгі май магистралы, 8 -- май өлшеуіш сцңгі, 9 -- фильтр, 10 -- соргы, И -- май қабылдагыш, 12 -- картер
Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасында жүзеге асады. Жағар-май үйкелуші беттерді үйкелген кезде мүжіліп түсетін металл бөлшектерден тазартып тұрады жөне үлкен температура мен қысымның әсерінен күйген майдан пайда болатын күйе бөлшектерінен тазартып тұрады. Майдың, сонымен қатар, цилиндрдің саңлаусыз жабылуын қамтамасыз ететін фактор ретіндегі рөлін атап кетуіміз керек, өйткені май қабатының тұтқырлығы жеткілікті болса, газдарды өткізбеуге поршень сақиналарына жағдай туғызады. Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б, В,Г,Д, Е.align:justify"Ауыл шаруашылығы тракторлары мен автомобильдері үшін Б, В және Г тобындағы майлар қолданылады. Майды таңбалағанда (мәселен, М-8 Віг М-10 Г2) мынадай белгілерді қолданады: М - моторлық, 8-10 - кинематикалық тұтқырлығы, мм2с, 100°С ыстықта; Б, Г - май тобына жататындығы; 1 - карбюратор двигателі үшін, 2 - дизель двигателі үшін. Жазда әдетте кинематикалық тұтқырлығы 10 мм2с, ал қыста - 8 мм2с болатын мотор майы пайдаланылады. Бір ескеретін жайт, май маркасындағы цифр май тұтқырлығының 100°С температурадағы су тұтқырлығынан неше есе артық екендігін көрсетеді.Б тобындағы май баяу жүмыс істейтін моторларға, В - орташа жүмыс істейтін моторларға, Г - өте тез жүмыс істейтін моторларға арналған. Май мотор маркасына және жұмыс маусымына сай келуі тиіс. Тым тұтқыр май бөлшектердің қажалатын беттерінің аралығындағы саңылаудан өте нашар өтеді, ал тұтқырлығы жеткіліксіз май саңылау арасында тұрмайды. Екі жағдайда да бөлшектердің қажалатын беттері тез тозып, моторлардың қуаты кемиді.
Мотордың сенімді жұмыс істеуі көп жағдайда мотор майының тазалығына байланысты. Майда механикалық қоспалар мен су болмауы тиіс. Майға механикалық қоспалар мен су, негізінен тасымалдағанда, қабылдағанда, құйғанда және сақтағанда енеді. Ол механикалық қоспалар, әсіресе моторлар қатты шаң-тозаңда жұмыс істегенде түсіп, ластанады. Сондықтан да бүкіл әрекеттерді атқарған кезде майға механикалық қоспалар мен судың енбеуін мұқият қадағалаған жөн.

Майлау жүйесінің құрылымы
Қызметі мен жүйе схемасы. Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал бірі ағып келген май арқылы майланады.

Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі, әрі өзара жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мүқият тегіс етіп өңдегенге қарамастан, оларда микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір-бірімен айқасып, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.
Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір-біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы еңді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір-бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады десе де болады.
Екіншісі үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Двигательдердің бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды. Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығыңда құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.

1.1-суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген. Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады. Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен (16) үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7) сорылып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге (1,10) жіберіледі.
Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (10), екіншісі майда тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіреді. Толық ағынды сүзгілер жүйедегі насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды сүзгілер түгел емес, бір бөлігін ғана тазалап тұрады. Көбінесе қазіргі двигательдерде ірі тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгілер (1) жартылай ағынды болады.
Сүзгіден шыққан таза май бөлшектерді майлауға жіберіледі. Ол үшін двигатель блогында магистралдық тесік (12) жасалады. Сол магистралдық тесіктерден майланатын бөлшектерге де тесіктер жасалады. Сонда ондай бөлшектер қысыммен берілген май арқылы майланады. Көбінесе қысыммен майланатын бөлшектерге иінді біліктің тірек және шатун мойындары (13), жұдырықша біліктердің тірек мойындары (14), күйентелердің осьтері (15) жатады. Одан басқа поршень мен цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень саусақтары сияқты болшектер шашыраған май тамшыларымен майланады.
Иіңді білік және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер ішінде ұсақ май тамшыларынан тұман түзеді де, олар барып шашылып майланатын бөлшек беттеріне қонады.

Осыларға қосымша жүйеге майды суытатын радиатор (3), май қысымын бақылайтын манометр (11) және температураны көрсететін термометр (2) қойылған.
Май насосы (7) үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себебі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкіндігі бар. Сондықтанда ол тұтас майлау жүйесін двигательдің аз айналысы кезінде қамтамасыз ете алады. Ал двигательдің айналыс жылдамдығы көбейген кезде, оның қысымын реттеп отыратын қысым реттегіш клапан (8) қойылады.
Қайта жіберу клапаны ротордағы май қысымын сақтайды. Егер роторға май енген кездегі қысым 0,65 МПа-ға дейін артса (қою майда немесе ротор ластанғанда), онда клапан ашылып, тазартылмаған май мотор картеріне ңүйылады. Кейбір моторларда ңайта жіберу клапаны ашылған кезде май центрифугаға соқпай, май магистраліне өтеді. Қайта жіберу клапанын реттегіш винтпен 0,65-0,70 МПа қысымға реттеп келтіреді.
Оның серіппесі насостан шыққан тесікті бітеп тұратын шар тәрізді клапанды, қысым аз кезінде, жауып итеріп түрады. Ал қысым көбейгенде шар май қысымының әсерімен серіппені қысады да тесікті ашып, артық май қайтадан картерге кетеді немесе насостың соратын тесігіне қайта келеді.

Осыдан басқа ірі сүзгімен (10) параллель тура жіберетін клапан (9) жалғастырылады. Оның қызметі сүзгі өте ластанып, май жүрмей қалған жағдайда, оның кіре берісіндегі көбейген қысымның әсерімен клапаны ашылады да, май ағыны тазаланбаған күйінше тура магистралдық тесікке жіберіледі. Олай болмаған жағдайда двигатель майсыз жұмыс істеп, барлық үйкелетін бөлшектер істен шығуы мүмкін.
Ірі сүзгі үшін көбінесе металл сымнан жасалған торлар немесе араларында саңылау қалатын металл пластинкалар қолданылады. Сонда тордан немесе өте тар саңылаудан май насос қысымымен өткен кезде, оның ішінде ірі механикалық қоспалар сүзіліп, май тазартылады. Кейде осындай металл сүзгілердің сыртына қағаз сүзгі бірге қойылады да май тазалануын жақсартады. Мұндай сүзгілерді белгілі бір мезгілден кейін айырбастап тұрады.
Майда сүзгі есебінде көбінесе реактивті центрифуга пайдаланылады. Оның жұмыс принципі ортадан тепкіш күшке негізделген. Сол үшін оның айналатын бөлігі болады. Оны ротор деп атайды. Сол роторда радиусқа перпендикуляр бағытта екі шашқыш тесік қойылған. Оларды сопло деп атайды. Насостан қысыммен келген май сол соплолар арқылы қысылып шығады да кері тебетін реактивті күш тудырады.

Осы пайда болған күштер бір-біріне қарама-қарсы бағытталғандықтан, айналдыру моментін жасап, роторды айналуға мәжбүр етеді. Ротор айналмалы қозғалысқа келгендіктен, оның ішіндегі майда айналып, ондағы лас кесектер ауыр болғандықтан ортадан сыртқа қарай көп күшпен итеріледі де ротордың ішкі қабырғасына жабысып қалады.
Ал тазаланған май қайтадан картерге құйылады. Осылайша біртіндеп майды тазалай береді. Двигательге техникалық күтім жасалған кезде, роторды бөлшектеп, оның ішкі қабырғасында жиналған лас тұнбаларды қырып тазартып, қайтадан орнына бекітеді.
Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге жалғасады. 1.1-суретте көрсетілген схемада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш кран (5) арқылы жалғасқан. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады.
Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде, оның тұтқырлығы көп болғандығынан қысым артып клапанды ашады да май радиаторға бармай қайтадан картерге құйылады, ал май қызғандықтан оның тұтқырлығы азаяды да клапан жабылып, май радиатор арқылы суып барып картерге қүйылады.
Радиатор клапаны салқын майды қайта жіберуге арналған, ол май радиаторына соқпай, двигательдің май каналына келеді. Қысым айырмашылығы 0,06-0,7 МПа болғанда клапан ашылады. Радиатор клапанын ретке келтіру жүргізілмейді.
Ағызу клапаны двигательдің май каналында қысым артқан жағдайда тазартылмаған майдың артығын картерге құю үшін қолданылады. Реттегіш винттің көмегімен майлау жүйесіндегі май қысымы бірқалыпқа келгенше клапанды ретке келтіреді. Кейбір двигательдердің май сүзгісіне радиатор клапанның орнына ауыстырып қосқыш шүмек орнатылған, соның көмегімен май радиаторын қыс кезінде ажыратып тастайды.
Жүйедегі май қысымы мен температурасын көрсететін құралдар (11,2) жүргізушінің алдыңдағы қалқанға көрінетін орынға бекітілген. Жұмыс кезінде оларды үнемі бақылап отыру қажет. Оның үстіне күнделікті картердегі май деңгейін де тексеріп түрады.
Май жүйесіндегі қысым двигательдің тозу дәрежесіне қарай қалыпты мөлшерінен өзгеріп кетуі мүмкін. Ол қысымның өзгеше болуы майланатын бөлшектердің аралығындағы саңылаулардың көбеюі себепті май кедергісіз тез өтіп кетеді, сөйтіп май жүйесінің қысымы төмендейді де, оның жүмысына нүқсан келуі мүмкін. Мұндай жағдайда май қысымын реттейтін клапанның жұмысын реттеу керек. Ол үшін осы клапанның бекіткіш қақпағын шығарып алады да, реттеуіш гайканы тиісті жағына бұрайды.
Ол гайка шарикті клапанды итеріп тұратын серіппенің қысу күшін өзгертеді. Егер гайканы кіргізе бұрасақ, май жүйесіндегі қысым артады, ал керісінше бұрасақ, май қысымы азаяды. Май қысымын көрсеткіш манометр арқылы бақылайды.
Двигатель жұмысы кезінде майдың тазалығы төмеңдейді де сүзгіштердің жұмысын нашарлатады.
Егер сүзгіштер өте ластанып кетсе, онда олар май жүйесіне қарай майды өткізбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда двигатель механизмдері құрғақ жұмыс істейді де, апатқа ұшырайды. Осы жағдайды болдырмау үшін май жүйесіне қайтарғыш клапан қойылады. Бұл клапан сүзгіштер істен шыққан кезде насостан келген майды тазартпай-ақ бірден май жүйесіне өткізіп жібереді. Осыған қосымша, двигательдің салқын кезінде май тұтқырлығы өте жоғары болады да жоғарыда айтылған жағдай қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда да қайта жіберетін клапан іске қосылады.
Қайта жіберетін клапанның жұмысын реттеуге мүқият көңіл бөлген жөн. Себебі, бүл клапан қалыпты мөлшердегіден ерте ашылатын болса, онда май жүйесіне тазаланбаған майлар өтіп кетеді де, бүның өзі двигатель бөлшектерінің тез тозуына әкеп соғады. Ал егер кеш ашылатын болса, онда майдың қою кезіңдегі немесе сүзгілер өте ластанып кеткенде май жүйесіне жіберілетін май мөлшері азаяды да, двигатель механизмдерінің тозуын тездетеді.
Төгетін клапан май жүйесінің магистралдық каналындағы қысымды тұрақтандыру үшін орнатылады. Оның қызметі де қысым реттеуіш клапанның қызметіне ұқсас. Бірақ ол насос каналында емес, май жүйесінің каналында орналасады. Май жүйесіндегі қысым көбейген жағдайда артық майды қайтадан картерге жібереді.
Двигательдердің майлау жүйесіне жоғарыда көрсетілген тораптармен қоса, салқындатқыш радиатор қойылады, себебі жұмыс кезінде май темрепатурасы жоғарылайды да, оның тұтқырлығы азайып кетеді. Май салқындатқыш радиаторды жұмысқа қосу қызметін арнаулы клапан атқарады. Оны клапан-термостат деп атайды. Майдың тұтқырлығы жеткілікті шамада болған кезінде жүйедегі май қысымы осы клапаңды аша алады, ал егер май тұтқырлығы азайса, оңда жүйедегі қысым азайғандықтан, клапан жабылады.
Осы клапан-термостатпен май салқындатқыш радиатор өзара параллель жалғасқан, сондықтан да клапан ашылған кезде май радиаторға бармай, қайтадан жүйеге кетеді, ал жабық кезінде май радиатор арқылы салқындатылып, жүйеге қосылады. Мұндай клапандар сүзгілер корпусында немесе май насосының радиаторға айдайтын бөлігінде орналасады.
Жұмыс кезінде май тұратын картерге поршень мен цилиндр аралығындағы жапсардан жанған газ өтіп, оның ішіңде майға қолайсыз жағдай тудырады. Сондықтанда ондай газдан картерді тазалап тұратын арнаулы желдеткіш қондырғы қолданылады. Сол желдеткіш тесік арқылы газ двигательге қайта сорылады немесе сыртқы қоршаған ортаға шығарылып жіберіледі. Осы газбен бірге май түйіршектері де кетпес үшін ол тесікке арнаулы сүзгіш қойылады. Сүзгішті техникалық күтім кезінде жуып, тазалап отырады.
Іштен жану қозғалтқышының майлау жүйесі. Топтасуы және майлау жүйесінің сұлбасы.

Қозғалтқыштың майлау жүйесі қозғалатын бөлшектердің араларындағы үйкелісті азайту қызметін атқарады. Бөлшектер аралығындағы үйкелісті азайтпаған жағдайда олар қатты қызады және тозып кетеді. Сондықтан, үйкелетін екі бөлшек аралығына майлайтын сұйық жіберіледі. Мұндай жағдайда үйкелетін екі бөлшек бір-бірімен жанаспайды да, майлайтын сұйык арқылы қозғалады. Сөйтіп, үйкеліс күші азаяды.
Майды үйкелейтін беттерге апарудың тәсіліне қарай майлау жүйесін төмендегідей бөлуге болады: жанар майды бірге бере отырып майлау, шашыратып майлау, қысым арқылы және араластыру біріктіру арқылы майлау.
Жанар майды әпере бірге бере отырып бірге майлау- екі тактілі карбюраторлық жүргізуші қозғалтқыштарға арналған. Бұл жағдайда майды 1:20 - дан 1:50 - дейінгі қатынасында бензинмен араластырады да жанар май сақталатын бакқа құяды. Бұл кезде қозғалтқыш жұмыс істелген майдың кейбір бөліктері жанар маймен бірге цилиндрмен картерге түседі де, онда олар үйкелетін беттерде қалады, сондай-ақ оларға бұдан басқа майлар майлау арналары арқылы өтеді.

Шашыратып майлау - қарапайым жүйеден тұрады, бұдан картерге құйылған май- иінді білік айналғанда шатундардың төменгі бастары арқылы шашырайды. Бұл кезде пайда болған май эмульсиясы тесік арқылы өтеді, немесе тікелей бөлшектердің үйкеліс бетіне қонады. Мұндай жүйе шектеулі аз қолданылады және қысқа мерзімде жұмыс істейтін жүргізуші қозғалтқыштарда пайдаланылады немесе біріктірілген майлау жүйесінде қолданылады. Дизельдерде шашыратып майлау мүлдем қолданылмайды.
Қысым арқылы майлау - май насосының көмегімен пайда болатын қысым арқылы үйкеліс беттеріне май беру қызметін қамтамасыз етеді.
Қысым арқылы майлау толықсулық кезеңді және айналып келелік үздіксіз беріліс түрлеріне бөлінеді. Майлау материалдарының толықсулық берілісінде әрбір үйкеліс беттері кейде белгілі бір, ал бірде ретті уақыт аралығында берілген май мөлшерін алып отырады. Бұл мөлшерленген майдың мөлшерілубрикатордеген көп плунжерлі насос арқылы жүзеге асады. Мұндай май беріліс тәсілі автотоакторлық дизельдерде қолданыс таба алмады. Майлау материалының айналып келушілік берілісінде шестернялы майлау насосы картер ден үйкеліс бетіне үздіксіз май жеткізіп тұрады. Артық май картерге ағып кетеді, сосын жерде насос арқылы қайта айдалынады.

Қысым арқылы майлау жүйесі құрылысы жағынан күрделі, сондықтан да оны қазіргі автотракторлық қозғалтқыштардың көпшілігінде қолданылатын араласқан майлау жүйесінде бірге қолданылады.
Майлаудың араласқан жүйесі қазіргі қозғалтқыштардың көпшілігінде пайдаланылады; мұндай майлауда бөлшектердің бір бөлігі қысым арқылы май насосынан , ал бір бөлігі шашырату немесе өзінен - өзі ағу арқылы майланады. Майлаудың араласқан жүйесі май қорының сақталу орынына қарай төмендегі түбіне сақталуына немесе қозғалтқыш сыртында рамаға бекітлген сыйымдылықта сақталуына қарай ылғалды картер, сосын картер ішіне немесе қозғалтқыш сыртына орналасқан арнайы бак май ыдысы болып табылатын құрғақ картерлер деп бөлінеді. Құрғақ картерлі майлау жүйесі кейбір тасымал көлігінің, кемелердің және жерде жұмыс жасайтын машиналардың қозғалтқыштарында қолданылады.

Қысым арқылы иінді және тарату біліктердің түпкі және шатунды подшипниктері аралық шестернялардың подшипниктері мен жанар май насосының жетекші шестернялы, поршень саусақтары мен күйенте втулкалары, төлкелері, майланады. Қалған барлық үйкелетін бөлшектер цилиндр айнасы, поршеньдер, саусақ, тарату білігінің жұдырықшасы, итергіштер, тарату шестернялы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлау жүйесінің құрылымы
Тракторлар мен автомомильдер
Қозғалтқыш картерінің вентиляциясы
Автомобиль және оны пайдалану, жөндеу
Автомобиль құрылысын оқытудың ғылыми теориялық негіздері
Автомобильдің майлау және май құю қондырғылары
Майлау жүйесінің құрлысы
Іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі
Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Бөлшектеу- құрастыру жұмыстарын орындау тәсілдері
Пәндер