Газ тарату механизмі
ЖОСПАР
І-бөлім
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ-бөлім
Президент
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4-6
ІІІ-Негізгі бөлім
1. Газ тарату механизмінің (ГТМ)
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 7-10
2. Газ тарату механизмінің
бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...10-13
3. Газ тарату фазасын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Газ таратпу механизмінің
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13-15
5. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды
жүйемен
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 15-22
6. Қосиінді-бұлғақты және газ тарату механизміне техникалық қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-30
ІV-бөлім
Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...31-3 2
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдалынылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.36
КІРІСПЕ
XXI ғасырда Қазақстанда автомобиль жинайтын және автомобиль бөлшектерін
шығаратын зауыттар жұмысқа қосылды.
Қазіргі кезде жаңа автомобильдердің қоректендіру жүйесіне бүрку жүйелері
орнатылуда. Оның мысалы ретінде ВАЗ және басқа шетел автомобилін
келтіруге болады.
Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын
байқай аламыз. Әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді жене дизельді
қозғалтңыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.
Автомобиль қозғалткыштарын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен
жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген
газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарттардың енгізілуімен
түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.
Бензинді қозгалтқыштардың орталық, таралымды және тікелей бүрку жүйелерін,
сол сияқты дизельді қозғалтқыштардың сорғы форсункаларын бүркуін электронды
басқару енгізілді. Қазақ тілінде осы жүйелер жайында оқулықта алғаш жазылып
отыр.
Іштен жану қозғалтңышы мен электрлік қозғалтңыштарды автомобильдерде
бірге қолдану, бензинді және дизельді қозғалтқыштарының Еуропа стандартына
сай жаңа қоректендіру жүйелері, оларда ңолданыла бастаған навигациялық,
маршруттың компьютерлер, автомобиль қауіпсіздігін жақсартужолындагы ABS
жүйесі, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жүмыс істеп тұрған
қозғалтқышта реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануда автоматты
бақылау мен басқару мағлұматтары оқулықта жарық көрген.
Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар,
жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған
байланысты олардың әрқайсысы жеке – жеке түр – түрге бөлінеді. Себебі жүк
машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды.
Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.
ІІ- бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ –
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА МЫНАДЫЙ МӘСЕЛЕРДІ
АЙТЫП ӨТЕДІ.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел
халқына Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен
гүлденуінің негізі атты алғашқы Жолдауын ұсынды.
Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары.
Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың
алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен
жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап
көрсетеді: ...елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты
экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес.
Президент атынан сөйлеген билік жалпы мемлекеттік сындарлы міндеттерді
ашық талқылауды бастауды ұсынады. Осыған байланысты көп партиялықты одан
әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату,
митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар
аударылды.
Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі кілті
болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол:
Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай
береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық
қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай
дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз
керек, – деп атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге,
бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік
қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да
халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси
реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан
қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға
сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.
Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль
беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика
ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары
жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де
көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа
кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан
Президент атап өткендей, маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек
нарығынан тыс қалмағаны жөн. Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман
дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі өмірден өз орнын табу, яғни
жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және
нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-
қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық
диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар
екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын
ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.
"Азаматтарымыз жаңа саяси мүмкіндіктерге байланысты екіжүзділіктің өсуіне
жол бермейді деп үміттенемін"
Президенттің айтуынша, демократияның басты жауы – надандық пен
популизм. Қоғамға саяси реформалар қажет, деп атап өтті президент Қасым-
Жомарт Тоқаев.
"Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанда шын мәнінде көп партиялы
жүйені дамытуға ниеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Біз саяси
жүйемізді біртіндеп жаңа шындыққа бейімдеп жатырмыз. Біздің қоғамға саяси
реформалар қажет. Демократияның басты жауы – надандық пен популизм. Бұл
факт ескерілуі керек. Азаматтарымыз реформаларды қолдайды деп сенемін және
жаңа саяси мүмкіндіктердің арқасында қоғамда екіжүзділіктің өсуіне жол
бермейді деп үміттенемін", – деді мемлекет басшысы.
Елімізде 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ауыл шаруашылығы саласында шешімін
таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда жұрттың жерге қол
жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби
мамандардың тапшылығы орын алуда.
"Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-
ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау
керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт
өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық
шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың
өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс", – деді мемлекет
басшысы,
Президенттің атап өтуінше, вертикалды кооперация аясында жеке қосалқы
шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал.
"Жеке шаруашылығы миллиондаған ауыл тұрғынына табыс табуға мүмкіндік
бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабын құруға жұмылдыру керек", – деді
Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығармауыз қажет.
Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке
қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте
сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі
орынсыз", – деді мемлекет басшысы.
Президентінің атап өтуінше, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла
алмай отыруымыздың себебі де осында жатыр.
"Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар
сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және
оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді, Ауыл еңбеккерлерінің
ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне
алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін
беру бағдарламалары аясында ауылдық жердердегі кооперацияны ынталандыру
үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
Газ тарату механизмі
Газ тарату механизмінің схемасы.
1,2-жетек шестернялары; 3-иінді білік; 4-болт; 5-клапан; 6-клапан ұясы; 7-
серіппе; 8-тарелка; 9-итергіш; 10-жұдырықша; 11-күйенте; 12-ось; 13-
кронштейн; 14-штанга.
Клапандары (5) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр
басындағы ұяда (6) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты,
олардың жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату
механизмдерде (2.7. – сурет) жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен
(2) үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10),
итергіштен (9)және реттегіш болттан (4) құралады. Ал клапандары жоғарыда
орналасқан газ тарату механизмінде (2.7.б – сурет) осыларға қосымша штанга
(14), куйенте (11) арнаулы оське (12) бекітіледі. .
Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы
ГТМ (2.22-сурет), ол цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді
қозғалтқышта) немесе жанғыш қоспа(бензинді қозғалтқышта) жеткізу және
цилиндр дегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар енгізу
және шығару тесіктерін ашып жауып тұрады ,ал бұлар цилиндрлердің енгізу
және шығару түтіктерімен жалғастырады.
Газ тарату механизмінің екі түрі бар: жоғары және бүйірге орналасқан
клапандар. Оқулықтағы автомобиль қозғалтқыштарында газ тарату механизмінің
клапаны жоғары орналасқан.
Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш
біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен
шестернялар кіреді.
Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті (2) айналдырады.
Қатарлы (а) және V тәрізді (б) таратқыш біліктің жұдырықшасы (2) итергішті
жылжыта отырып, оны қарнақ пен (5) қоса көтереді, ал осы кезде оның екінші
шеті төмен жылжып немесе клапанды (1) күйенте (3) арқылы басады да, клапан
(1) серіппені сығып енгізу немесе шығару тесіктерін ашады (2.22-сурет).
.
Тараткыш біліктің жұдырықшасы итергішпен шыққанкезде қарнақ (штанга)
мен итергіш түседі, ал клапан серіппе әсерінен ершікке отырып, канал
тесігін нығыздап жабады.
Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1секунд ішінде 100-150 айналыс
жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үргіреді,
немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді.
Клапандардың ашылып-жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секундғана.
Немесе осы аз уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп
және оны жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қәжет.
Сондықтан сору клапыны поршень жоғарғы шектінүктеге (ЖШН) жетпей
ашылады, төменгі шекті нүктеден(ТШН) өткеннен кейін жабылады
Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып, шектінүктеден өткеннен кейін
жабылады.
Клапандардың ашылу моментінен олардың жабылу моментіне дейінгі кезеңді
(бұл иінді біліктің айналу градусымен өрнектеледі) газ таратудың фазасы деп
атайды (2.23-сурет).
Газ тарату фазасын кесте немесе айналма диаграмма түрінде бейнелейді.
2.23-суретте қәзіргі автомобиль қозғалтқыштарының газ тарату диаграммасының
фазасы келтірілген.
Енгізу клапанының ертерек ашылуын және кешігіп кіріп жабылуын жүзеге
асырудың нәтижесінде енгізу тактісін 180 градустан 270 градусқа дейін
ұзартуға мүмкіндік туады.
Шығару клапанының ашылу ұзақтығы иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша
237-275°С болады.Клапанның ашылу және жабылу сәтін таратқыш білік
жұдырықшасының профилі және клапандар мен күйентелердің арасындағы
саңылау бойынша анықтайды.
Газ тарату механизмінің бөлшектері
Клапан (1) стержені ажарланған (2.24-сурет). Стержень (5) үшы
шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі әсерінен баяу тозады.
Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы үя (2)
қырнағына(фаскасына) 1,5-2 мм ендікте үйкеленіп тұрады. Мұның өзі көпшілік
қозғалтқыштарда 45°С бұрыштықта орындалып,мұқият ажарланады.
Цилиндрді ауаға жақсы толтыру үшін шығару клапандарының үясы мен
қалпақшасының диаметріне қарағанда, енгізу клапандарының ұясы мен
қалпақшасының диаметрін үлкенірек жасайды.
Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты сухариктер (7)
орналастыруға арналған қырнақ болады, сол қырнақтың көмегімен клапан
серіппе (8) табакшасына (6) берік үстатылады. Сухариктер (7) жартылай қақ
бөлінген конус сақина тәрізді.
Кейбір қозғалтқыштарда жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің
аралығында телке болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен
табанша (6) түбіне тіреледі.
Автомобиль қозғалтқыштарының шығару клапаны жұмыс істеген кезде арнайы
механизмнің көмегімен айналып тұрады (2.24-сурет). Бұл механизм
қозғалмайтын корпустан тұрады, оның шеңбер бойында бес көлбеу ойың, оларға
орналасқан бес шарик (9) және оларды кері қайтаратын серіппе орналасқан.
Шариктерге дискілі (конусты) серіппе қондырылып, оған таянышшайба арқылы
клапан серіппесі тіреледі.
Клапан ашылған кезде серіппе сығылады, одан пайда болған күштің артуы
нәтижесінде дискілі серіппе шарикке тіреліп, жазылады.
Серіппелер күшінің әсерінен шариктер (9) кері қайтқан серіппенің
кедергісін жеңіп, корпустың көлденең ойығы бойынша сырғанайды және де
дискілі серіппені клапанымен қоса біршама бұрышқа бұрады.
.
Күйенте (3)-болаттан жасалған екі иінді рычаг (2.22-сурет). Оның
ортатұсындағыжандау жерінде тесігі болады, сол тесікке төлке кигізіледі.
Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады,
о л клапанды басады, ал екіншісінде — тесік бар, оған реттеуіш
бұрама (4) бұрап кигізіледі.
Соның көмегімен клапан мен күйенте соқкышының аралығында
саңылау жасалады және де мұның өзі клаландардың нағыз жабылуын
қамтамасыз етеді.
Күйенте осьте еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпақшасына
бұрап кіргізілген тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина
күйентені осьтік ығысудан сақтайды. Күйенте осы қуыс, осы ішкі қуысы
күйенте төлкесінің реттеуіш бұрама пен қарнақты үйкелетін беттеріне май
жіберетін канал ретінде пайдаланылады. Күйенте осының ұшы бітеуішпен
жабылған.
Қарнақ(штанга) (5) (2.22-сурет) итергіштегікүшті күйентеге беруге
арналған. Қарнақ бітеу болат
шыбықтан немесе іші қуыс болат стерженінен жасалады.
Қарнақтың ұшында ажарланған, қыздырып өңделген ұштық болады. Төменгі
ұштықтың формасы шар тәрізді.Ол итергіштің шар тәрізді ойығына тіреледі.
Жоғарғы ұштың шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін.
Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш бұраманың қалпақшасы тіреледі.
Итергіш (6)(2.22-сурет) болаттан жасалады.
Таратқыш білік (2) клапандарды белгілі бір тәртіппен дер кезінде
ашыпжабу қызметін атқарады (2.22-сурет).Білікпен қоса жұдырықша және тірек
мойын жасалған.
Әрбір жұдырықша тек бір клапанға (енгізу немесе шығару)әсер етеді.
Шығару клапанының жұдырықшасы доғалдау,сондықтан олар енгізу клапандарына
қарағанда ұзағырақ ашылады. Кейбір автомобиль козғалтқыштарында таратқыш
білікпен (2) бірге бензин сорғысын іске қосатын эксцентрик және май
сорғысын іске қосатын шестерня жасалған.
Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау
болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен
сәйкес келгенде май жіберіледі.
Таратқыш шестерня көпшілік қозғалтқыштарда алдыңғы бөлігіндегі арнайы
картерде орналасады. Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті,
отын сорғысының білігіне, май сорғысын және басқа да механизмдерді іске
қосады. Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін
олар қиғаш тісті етіп жасалған.
Газ тарату фазасын басқару
Қозғалтқышқа иінді біліктің төменгі айналу жиілігіндегі айналдырушы
моменттің жоғарғы мәнде болғаны өте қәжетті. Айналдырушы момент өскен сайын
.Қозғалтқышдың айналу жиілігі төмендейді. Мысалы, автомобиль өрге жүріп
бара жатқанда оның жылдамдығы төмендейді, сондықтан беріліс корабын төменгі
беріліске ауыстыру қәжет.
Қозғалткыштың айналдырылуы мен моментінің оның айналу жиілігіне
тәуелділігі, кем жағдайда газ тарату фазасына, жабылу моментіне байланысты.
Иінді біліктік төмен жиілігі кезінде цилиндрдің жақсы толтырылуы үшін
төменгі шеткі нүктеден кейін (ТШН) енгізу клапанының жабылуы қажет. Бұл
жағдайда клапан саңылауы арқылы өтетін ауаның төмен жылдамдығында, цилиндр
ауамен немесе жанғыш қоспамен жақсы толтырылады. Сондықтан, төменгі айналу
жиілігінде енгізу клапанын ТШН-ден кейін сәл кешіктіріп жапқан дұрыс.
Жартылай жұмыс режимінде, аз айналымда ұлғайту процесінде цилиндрдегі
газ қысымдары мүмкіндігінше поршеньге үзағырақ әсер етуі үшін шығару
клапандары ТШН-ге жақынырақ ашылуы керек.
Төменгі айналу жиілігінде клапанның ашылуының кеш ашылып, ерте жабылуын
қамтамасыз еткенде қуат үлғаяды немесе бос айналыста отын шығыны азаяды.
Жоғары айналу жиілігінде жағдай басқаша болады. Клапанның ашылу уақыты
қысқарады, сондықтан цилиндрдің жақсы толуы үшін және оның жақсы тазалануы
үшін иінді біліктің үлкен айналу бұрышында клапандар ашық болуы керек.
Сонымен, енгізу клапаны кешірек,ал енгізу ТШН-ге қарағанда ертерек жабылуы
керек.Әрине, мұндай газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз,
өйткені, мұндай жағдайда енгізу клапанының жабылар алдында цилиндрге
ертерек енген ауаның бір бөлігі итеріліп шығарылады, ал шығару клапаны
тымерте ашылады және цилиндрден салыстырмалы жоғарғы қысымды газдар
шығарылады, яғни толық қуат алынбайды.
Газ тарату механизмінің жұмысы
ГТМ козғалтқыштың цилиндріне таза (отын қоспасы болмаса) ауа кіргізу
үшін және жанып біткен қалдық газдарды атмосфераға шығару үшін қажет. Бұл
процестер белгілі бір уақыт аралықтарында жүруі керек.
Автомобиль козғалтқыштарында көбінде газтарату механизмі газ тарату
фазасын тұрақты ұстап отырады (2.20-сурет).
Поршеньді іштен жану қозғалтқыштарында негізінен клапанды және
золотникті газ тарату механизмі, ал төрттактілі автотрактор
қозғалтқыштарында-клапанды ГТМ,клапандарын ашып және жабатын енгізу және
шығару каналдары қолданылады. Клапанды ГТМ екі түрі болады: цилиндр
қақпағында орналасқан аспалы клапандармен және картер блогында орналасқан
қабырғадағы клапандармен.
Барлық дизельді және бензинді автомобильдерде көбінде аспалы клапанды
газ тарату механизм! бар.
Газ тарату диаграммасында көрсетілген аралықтарды, қозғалтқыштың жылдам
жүруін ескере отырып береді. Неғүрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары
болса, соғүрлым ол үлкен. Клапандардың бірін-бірі жабуы — енгізу және
шығару клапандарының бір уақытта ашылу уақыты. Мысалы, бірін-бірі жабу
бұрышының мәні 16°-тан 60°-қа дейін ауытқып тұрады.
Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір қозғалтқыш эксперимент түрінде
анықтайды. Қабылданған газ тазарту диаграммасы (аз ғана ауытқуы)
қозғалтңыштың үнемділігін және қуатын азайтады.
Механикалық газтарату механизмібар қозғалтқыштарда СІТМ)газ тарату
фазасы басқарып майды немесе шапшаң реттелмейді.
Газ тарату механизмы (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен
реттеу
Көптеген өндірушілер қозғалтқыштарға гидромеханикалық,
электромеханикалық және басқа басқару жүйесіндегі электрондың дабыл
жүйесімен басқарылып жұмыс істейтін басқару жүйесіндегі газ тарату фазасын
қондырады.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз,
өйткені, мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу
клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте
ашылады, цилиндрден салыстырмалы жоғары қысыммен газдар шығады.
Қазіргі заман қозғалтқыштары цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету
үшін газ тарату фазасы иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты
клапандардың ашылу-жабылу кезеңдерінде шапшаң реттеледі.
Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан,клапандардың ашылуынан
жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанғыш қоспамен
жақсы толады.
Сондықтан, төменгі айналу жиілігінде енгізу клапаны ТШН-ден кейін лезде
жабылады.
Цилиндрдегі газ қысымы үлғаю процесінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі
үшін шығару клапаны ТШН-ге жақынырақ ашылуы және ЖШН-ден кейін аз кешігіп
жабылуы керек. Сондықтан, төменгі айналу жиілігінде шығару тактісінде,
поршенының ЖШН қозғалуы кезінде оған қалдың газдардың қарсы қысымы әсер
етпейді.
Мұндай батыл қадамды 1993 ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы жасады.
Ол қозғалтқышқа электрондың жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін, екі
жоғарғы айналатын тарату білігінің бастапқы бұрыштық жағдайын айналыспен
өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты, атап айтқанда автомобильдің
козғалысы кезіндегі енгізу. Кейінірек тура осы принцип Даіmеег-Benz жене
Nissan фирмаларында қолданылды.
Иінді біліктің айналу жылдамдығы жоғары болғандагаз тарату фазасы 2.23-
суретке сай келеді. Ал иіндібіліктің жылдамдығы кеміген сайын клапандардың
ашықтұру бұрыштары; азаяды. Қозғалткыштың ең төменгі айналымында жұмыс
істеу жағдайында клапандардың ашық тұру бұрышы 180 градусқа жақындай
бастайды.
Қозғалтқыштың төмен айналысында бұраушы момент 25-30%, ал номиналды
айналыста 5 % көбейеді.Клапанды ашып-жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе
—электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге
асады. Осындай қозғалтқыш клапандарын электромагнитті басқару жүйесі
жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.
Газ тарату механизмінің ақаулары
Қозғалтқышты пайдаланған кезде газ тарату механизмі бөлшектерінің
үйкелетін беттері тозып, олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта
түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен
клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.
Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар:клапан фаскасының және
оның ершігінің және оның бағыттауыш телкесінің, күйенте соққышы мен
реттегіш бұрама қалпақшасының, қарнақ пен итергіш ұштығының,таратқыш
біліктің жұдырықшасы мен мойынының,таратқыш біліктің тірек төлкесі мен
таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің
жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп,
тиімділігі төмендейді.
Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің
жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі
кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді)
кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері
кезінде
Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын
тұрақты ұстап отырады .
Газ таратудағы фазаның диаграммасы
Газ таратудағы фазаның диаграммасы – бұл клапандардың ашылу немесе
жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және
дөнгелек диаграмма түрінде берілген.Газ таратудағы диаграммада көрсетілген
аралықтарды, двигательдің жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым
иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Сору және
шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір двигательдерде 16° -
тан 60° - қа дейін толқып тұрады.
Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір двигательге эксперимент түрінде
анықтайды.Қабылданған газ тарату диаграммасы ( аз ғана ауытқуы)
двигательдің үнемділігін және қуатын азайтады.
Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде (ГТМ) газ тарату фазасы
басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.
Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын
электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.
Көптеген өндірушілер двигательдерде гидромеханикалық, электромеханикалық
немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның үстіне олар
электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың көмегімен
басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан, газ тарату
диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені
мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу клапаны
жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады.Соның
салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық қолданылып, жұмысқа
айналмаған газдар шығып кетеді.
Қазіргі заманғы кейбір двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын
қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату
фазасындағы клапандардың ашылу – жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.
Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан
жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын
қоспамен жақсы толады.
Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару
клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз кешігіп жабылуы
керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару тактісі жүргенде,
поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.
Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам
басты.Ол двигательге электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін,
екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын бұрылыспен
өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты.Кейінірек тура осы принцип
Daimeer – Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.
Двигательдің төмен айналысында бұраушы момент 25 – 35℅, ал номиналды
айналыста 5℅ көбейеді.Клапанды ашып – жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе –
электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге
асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро –
магнитті басқару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz