Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы
Жоспар
І-бөлім
1.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ-бөлім
2.1 Президент жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
3.1 Автомобильдердің электр тогы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3.2 Генератордың және стартердің бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8
3.3 Аккумулятор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3.4 Стартерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... 13
3.5 Автомобиль электр жабдықтарына ТҚ көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.6 Генераторларға ТҚК және оларды жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...16
3.7 Генератордағы негізгі пайда болатын ақаулардың түрлері ... ... ... .16
3.8 Автомобильдердің электр жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .19
3.9 Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы ... ... ... ... ... ... ..20
3.10 Автомобильдердің жалпы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.11 Автомобильдердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.12 Автомобиль қозғалтқышының даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.13 Автомобильдердің ерекше жағдайда пайдаланылғанда техникалық
қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІІІ бөлім
4.1 Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық - физиологиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
4.2 Автомобиль және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
І бөлім
Кіріспе
Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтіжесінде автомобиль жасаған
Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұмыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтан олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымальдау көптеген жалаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Адам өміріне қажетті машиналардың тұрлаулы қүрылымын ойлап шығару, оларды кеңінен қолдану белгілі бір ғылым саласының дамуының негізінде ғана иүмкін болады. Оны машина жасау технологиясы деп атайтыны бәрімізге белгілі.
Машина жасау технологиясы деп машина шығару барысында туатын заңдылықтар зерттеп, сол заңдылықтарды неғүрлып керегінше сапалы, арзан, өнімді және пайдалануда қаупіпсіз машиналар жасауға бағыттайтын ғылымның бір саласын айтады.
Бір-бірімен байланысты көптеген механизмдерден түратын күрделі машиналар, жобалау, және ғылыми негізделген үсыныстарды талап етеді.
Машина жасау саласы бойынша ғылым екі бағыттадамиды: біріншісі-машинаны теориялық түрғында жобалу, екіншісі - машинаны жасаудағы туатын мәселелерді шешу.
ІІ- бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ -
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА МЫНАДЫЙ МӘСЕЛЕРДІ АЙТЫП ӨТЕДІ.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі атты алғашқы Жолдауын ұсынды.
Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеді: ...елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес.
Президент атынан сөйлеген билік жалпы мемлекеттік сындарлы міндеттерді ашық талқылауды бастауды ұсынады. Осыған байланысты көп партиялықты одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар аударылды.
Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі кілті болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек, - деп атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.
Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап өткендей, маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн. Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі өмірден өз орнын табу, яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.
Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.
"Азаматтарымыз жаңа саяси мүмкіндіктерге байланысты екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін"
Президенттің айтуынша, демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Қоғамға саяси реформалар қажет, деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанда шын мәнінде көп партиялы жүйені дамытуға ниеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Біз саяси жүйемізді біртіндеп жаңа шындыққа бейімдеп жатырмыз. Біздің қоғамға саяси реформалар қажет. Демократияның басты жауы - надандық пен популизм. Бұл факт ескерілуі керек. Азаматтарымыз реформаларды қолдайды деп сенемін және жаңа саяси мүмкіндіктердің арқасында қоғамда екіжүзділіктің өсуіне жол бермейді деп үміттенемін", - деді мемлекет басшысы.
Елімізде 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы орын алуда.
"Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс", - деді мемлекет басшысы,
Президенттің атап өтуінше, вертикалды кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал.
"Жеке шаруашылығы миллиондаған ауыл тұрғынына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабын құруға жұмылдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығармауыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз", - деді мемлекет басшысы.
Президентінің атап өтуінше, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында жатыр.
"Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді, Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жердердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ІІІ бөлім
Негізгі бөлім
3.1 Автомобильдердің электр тогы.
Тұрақты ток генераторының э.қ.к-інің машинаның параметрлері болып саналады якорьдің айналу жылдамдығынан және магнит ағынынан қалай тәуелді болатынын анықтайық.
Ұзындығы өткізгіш, жылдамдықпен индукциясы болатын магнит өрісінде бірқалыпты орыс ауыстырған кезде,электромагниттік индукция заңы бойынша, э.қ.к-і туады:
Енді якорь орамының өткізгішінің полюстердің магнит өрісіндегі қозғалысын қарастырайық.Бұл өткізгіштегі э.қ.к-інің орташа мәнін анықтау үшін,орташа индукция деген ұғым енгіземіз.
Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.
Электр машиналарында белгілі қайтымдық принципі тұрақты ток машиналарына да қатысты генераторлық режимде,машина жұмыс жасағанды,роторды айналдыратын қозғалыстың механикалық моментін тудырады.
Бұл теңдік,бірінші қозғалтқыштан генераторға берілетін механикалық энергия,толығымен электр энергиясына түрленетінін көрсетеді.
Енді электрқозғалтқышқа тоқталайық.Генераторға қарағанда электрқозғалтқышта электр қабылдағыштарының орынына электр энергиясының көзін қосады,ал оның білігін механикалық беріліс,арқылы механикалық энергияны қабылдаушы жұмысшы машинаға қосады.
Якорьдің реакциясы
Магнит ағыны ток жүретін машинаның барлық орамдарында жасалады.Бос жүріс режімінде генератордың якорінің орамында ток болмайды,ал электроқозғалтқыштың якорінің орамында бос жүріс кезінде токтың шамасының мәні аз болады.Сондықтан машинада тек бас полюстердің қоздыру орамы тудыратын,өс сызығымен салыстырғанда симметриялы,тек қана негізгі магнит ағыны болып саналады.
Коммутация туралы түсінік
Электр машиналарының щеткаларының астында пайда болатын барлық құбылыстарды коммутация деп түсінеді.
Егер щеткалар ұшқынданса,онда машинаның коммутациясы жаман;ал егер ұшқын шығаруы болмаса,онда коммутациясы жақсы деген пікірлер айтылады.Ұшқындану дәрежесін электр машиналарына арналған арнайы мемлекетік стандарттіқ шкала боынша бағалайды,олар: 1,2 және 3.
Коммутацияның сапасы белгілі дәрежеде машинаның жұмыс істеу қабілетін және оны пайдалануда сенімділігін анықтайды.
3.2 Генератордың және стартердің бөлшектері.
Якорь орамалары тұзакты және толқынды деп аталатын екі турде жасалады. Мұнда орама сымдары бір ойыктан екінші ойыкка . екінші ойыктан үшінші ойыкха т.с.с. тұзак несе толкын тәрізді кіріп және шығып жатады. Ораманын ойыкта жаткан сымдары орама сымукыд активті бәлігі деп аталады. Жалпы алғанда орама сымдары бірізді және параллель жалганады. Параллель жалғанған сымдар жүтстап саналады. Жұп параллель сымдар санын а әрпімен белгілесе. Ендеше карастырып отырған орамалардағы жұп параллель сымдар саны а -- 2.
Магнит полюстерінін арасында тип өрісінін индукциясы нөлге тең болатын нүктелер болады Бұл нүктелерді геометриялык бейтарап нуктелер деп атайды. Осы нүктелердің жиынынан тұратын және якорь өсіне параллель болып келетін тузу геометриялық бейтарап сызық деп аталады. Якорь жене геомефиялык бейтарап сызыктары аркылы жургвшген жазықтыкты геометриялық бейтарап жазықтығы деп атайды.
Якорь шенберінің бір полюске келетін ұзындығын полюстік бөлік деп атап, оны т әрлімен белгілейді - бұл геометриялық бейтарап сызыктардың якорь шеңбері бойынша есептегендегі ара кашыктығы. Ендеше полюстік бшіік аркылы өрнектелген якорь шеңберінің ұзындығы 2рт-га тең болады.
Түкшелер коллектордын геометриялық бейтарап жазыкгығы киып өтетін түзуінін бойына орналастырылады. Өйткені геометриякык бейтарап жазықтығы киып өтетін ойыктардағы сымдардын жэәне олар жалғанған коллектор тілікп ршін потенциалы нөлге тең болады.
Тұрақты ток генераторының әрекеттік ларкы. яғни онда ЭҚК-тің пайда болуы электромагниттік индукция заңына негізделген. Полюстерде тұрақты магнит өpiciн қоздыру үшін. жалпы алғанда қоздыру орамаларына (сур ле Н1.Н2) Әрқашанда тұрақты кернеу (t..) берілуі керек. Орамалардың тогы күш сызықтары жоғарыдан төмен қарай бағытгалған тұрақты магнит өpiciн қондырады. Тұрақты ток машиналарында якорь мен магнит полюстерінің арасындағы санылау бірқалыпты етіліп, ал полкх: ұцітакаларының ені b..=0.65...075)r болатындай eтіп жасалады.
Сондықтан саңылауда магнит өpici индукикясының эпюpi трапеция тәрізді де. ал жуықтап алғанда оның орташа мәні (В0) полюстік балктің ұзына бойына тұрақты болып қалады деп есептеуге болады.
Түсініктемені жеңілдету үшін якорьде біp ғана орама бар деп алынған. Егер якорьді қандай да болмасын бip қозғалтқышпен (бipiншігep қозғолтқыш) айналдырса, онда электромагниттік индукция заңы бойынша якорь орамасында ЭҚК пайда болады. Бұл
ЭҚК-тің мәні магнит индукциясына (Во), ораманың активті ұзындығын (i=AD+KM) ораманың индукция күш сызықтарын қиып өту жылдамдығына (v) және ораманың күш сызықтарын қиып өтетін бұрышына (а) синусына тура пропорционал:
3.3 Аккумулятор
Аккумулятор (лат. accumulator -- жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.
Электр аккумуляторлары -- электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансасында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда т.б.) қолданылады.
Газды аккумулятор - қысымдағы газ энергияны сіңіріп сақтайтын аккумулятор.
Инерциялы аккумулятор - энергиясы айналымдагы серппеде сіңіріп сақталатын механикалық аккумулятор.
Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор.
Механикалық аккумулятор - энергияны механикалық тұрмен (мысалы, көтерілген жүк, қысылған серіппе, aйнaлымдағы серпер) сіңіріп сақтайтын қондырғы.
Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады.
Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр станцияларында т.б. қолданылады.
Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы: кептіру камералары), сондай-ақ сантехника қондырғылар қажетіне жұмсалады.
Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты жылу электр станциялары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр станцияларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы тағы басқа жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.
Қорғасынды аккумулятор -- қорғасын қалақшаларынан тұратын аккумулятор, арасы қорғасын оксидімен таятырылады.
Стартер дегеніміз- жүргізгенде двигательдің иінді білігін бұру үшін пайдаланатын тұрақты токтың электр двигателі.
Стартердің генератордан аздаған айыриашылығы бар. Мұныңда құрылысы электр машиналарының кері әсері беру қасиетіне байланысты. Оның негізгі қасиеті мынада:
Егер де магнит өрісіндегі обматкасы бар якорьды механикалық күш жұмсап айналдыратын болсақ, онда машина электр тогын өндіретін генератор болып табылады.
Стартердің генератордан бір өзгешелігі сол, онда коздыру обматкалары мен кезекпен- кезек якорь обмоткалары мен іске қосылған төрт электромагнит бар.
СТ-350 стартерінің құрылысы: стартер корпусының кронштейн қақпағы, стартер білігі, жетекші шестернясы, оралым муфтасының сыртқы құрсауы, оралым муфтасының ролигі, жылжымалы втулка, стартерді іске қосу тұтқасы, стартер клеммасы.
Стартерді аккумулятор батереясы тізбегімен іске қосқанда ток мына тізбекпен өтеді: батереяның плюстік клеммасы-провод-іске қосу контактісі- корпустың изоляцияланған клеммасы қоздыру обмоткалары плюстік шеткалар коллектор якорь обмоткасы минустық клеммасы.
Стартерді іске қосқанда оның орамдары арқылы электроиагниттері мен якорда күшті магнит өрісін пайда ететін өте қуатты ток өтеді. Осы магнит өрістерінің әсерімен жетек тетігі арқылы двигательдің иінді білігі айналады.
3.4 Стартерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Стартердың ақаулары. Стартер қосылмайды, тартқыш реледен дыбыс шықпайды. Бұл ақаудың себебі - түйіспелердің жалғануы бүлінген, стартер тізбегіндегі сым үзілген, тартқыш реле бұзылған.Стартерді қосқанда тартқыш рледен шеотелі дыбыс шығады. Тартқыш реленің екі: тартатын және ұстап тұратын орама болады.
Тартқыш реленің түйіспелерін тұйықтағанда тартқыш орам ағытылғады да, тек ұстап тұратын реле жұмыс істейді. Егер аккумулятор қатты разрядталған болса, стартердің тізбегіндегі түйіспе нашарласа немесе тартқыш реленің ұстап тұратын орамында тұйықталу пайда болса, түйіспелері ажырайды, тартқыш реле қайта қосылады да соның әсерінен түйіспелер қайта тұйықталады. Үдеріс қайталанады.
Стартердің қозғалтқышы айналмайды. Егер оқтаулағыш лактың күйген иісі шықса, онда орамның күйгені, стартерді ауыстыру қажет.Егер күйген иіс шықпаса, еткалар желініп, коллекторға тимей тұруы мүмкін, онда стартерді ақтарып щеткаларды ауыстыру керек. Щеткалар щетка ұстағышта еркін қозғалып, коллекторға серіппемен қысылып тұруы қажет.
Стартер бос айналады, бірақ қозғалтқыш іске қосылмайды, оның себебі бендекс жұмыс істемейді, ауыстыру қажет.
Стартер шамадан тыс ток қабылдайды, оның сбебі орамында тұйықталу бар немесе механикалық кедергі болуы мүмкін.
Әр 6000-6500 шақ жүргеннен кейін стартердің бекітілуін тексереді, ал әр 24000-25000 шақ жол жүргеннен кейін стартерді қозғалтқыштан шығарып алып, жақсылап тазлайды.
Стартерді қарау және реттеу.
Қажет болған жағдайда стартерді тексеру және реттеу үшін қозғалтқышта шығарып алады. Онда келесі жұмыстар орындалуға тиіс:
● коллектордың бетінің тазалығын тексеру. Коллектордың беті таза күйиеген болуы керек. Егер коллектордың беті таза егегіш қағазбен тазалайды, егер тазалауға болмаса, токарлық станокта жонады;
● щетканы тексереді. Ол щетка ұстағышта кедергісіз жылжып тұруы қажет, егер щетканың ұзындығы 6 мм-ден кем болсп, онда оны ауыстырады. Щетканы қысып тұратын серіппенің қысымы 1000-1400 г. болуға тиіс
● стартердің реттелуін тексеру. Стартердің барлық параметрлері тексеріледі.
Стартерді жөндеу.
Стартерді жөндеу үшін автомобильден шығарып алады да, жақсылап лай мен шаңнан тазалайды. Стартерге жалғанған сымды босатады. Стартердің редукторынан роторды тұрқымен қосып шығарып алады. Стартердің ақауы көбінесе щеткалардың желінуінен болатыны белгілі, сондықтан стартердің щеткалар орнатылған артқы қақпағын ашады.
Щеткалардың жарамды- жарамсыз екендігін арықтайды. Мұнда щеткалар ауыстыруды қажет етеді. Щеткалар ауыстыру үшін жаңа щеткалар дайындалған. Щеткаларды ауыстырып, стартерді жинастырыады тексеріп, орнына қояды.
3.5 Автомобиль электр жабдықтарына ТҚ көрсету
Электр жабдықтары электр қуатын алуға (электрмен жабдықтау), тұтандыру, оталдыру, жарықтандыру, белгі беру, диагностикалау жүйесінің жұмыстарын қамтамасыз етуге, ал қарапайым автомобилдерде қозғалтқышты, трансмиссияны және басқа агрегаттарды автоматты басқаруға, қозғалыс қауіпсіздігін, жайлылықты қамтамассыз етуге және т.б. арналған
Электр жабдықтары екі сымды немесе бір сымды жүйеде жасалуы мүмкін. Негізінде соңғысын пайдаланады, мұнда екіншісінің орнына автомобилдің бейметалдық бөлшектерін пайдаланады. Бұл мыс шығынымен қоса сенімділікті төмендетеді, себебі қысқа тұйықталу қаупі туындайды. Массамен электр қуат көзінің теріс жағы жалғанған. Барлық автомобилдерде тұрақты тоқ пайдаланылады, бұл аккумуляторлы батарейяларды пайдаланумен анықталады. тораптағы кернеу 12 В. Соңғы кездері көп тұтынушыларға (мұздатқыш) толықтырушы 24 В жүйе пайдаланады.
Электр жабдықтарының барлық аспаптарын екі топқа бөледі: реттеуші қондырғымен бірге қуат жабдықтау жүйесін құрайтын ток көзі, және тұтынушылар. Генераторлар және аккумуляторлы батареяларды қуат кқзіне жатқызады, қалған аспаптар тұтынушыларға жатады (шамдар, дыбыстық белгінің аспаптары, тұтандыру жүйесі, желдеткіштер, тоңазытқыштар, әйнек тазалағыштар және т.б.)
Электр жабдықтарының жүйесі тұтынушыларды электр қуатымен қоректендіруге арналған. Қоректенудің негізгі көзі генератор, мұнда қозғалтқыш жұмысы кезінде, сондай-ақ оның оталуы кезінде қорекпен қамтамассыз етеді. Реттегіш генератор жұмысы кезінде берілген кернеуді, сондай-ақ соңғысының аккумуляторлы батареясымен біріккен жұмысын қуаттайды.
3.6 Генераторларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Автомобильдің генераторы - аса қажетті және керекті механизм, егер онда пайда болса, автомобиль жұмыс істеуін тоқтатады. Генератор аккулмяторға ток бермесе токты тұрақсыз беретін болса, онда, біріншіден, генераторды жетектегіш белдіктің тартылуын және шкивтің бекітілуін тексеру керек.
3.7 Генератордағы негізгі пайда болатын ақаулардың түрлері:
● жұмыс істегенде шығатын жағымсыз дыбыс;
●аккумуляторлық батарейдің зарядталуы жеткіліксіз;
● аккумулятор зарядталмайды:
● борттық желіде кернеудің деңгейі шамадан артық:
● аккумуляторлық батерейдің зарядталуын бақылау индикациясы жоқ;
● шкив желінген немесе бұзылған;
● щеткалар желінген;
●коллектор желінген;
●кернеуді реттегіш бұзылған;
●статор орамдары тұйқталған;
●түзеткіш диодтар бұзылған:
Генераторларда ақау пайда болғанда жағымсыз дыбыс шыға бастайды, ол мойынтіректердің бұзылуынан болуы мүмкін. Оның бірінші себебі майлайтын майдың жоқтығынан, оны майлау арқылы жояды.Мойынтіректегі дыбыс басқа жағдайда да болады, механикалық кемістіктерден - сепораторлардың шашылуынан, дөңгелеу жолының желінуінен, мойынтіректің сыртқы жағы тұрқыда айналғандықтан ж.т.б. Бұл жағдайда мойынтіректред ауыстырады.
Ротор статорға тиетін болса, одан да дыбыс пайда болады.
Орамдар арасындағы тұйықталу ұлуға ұқсас дыбыс шығарады.
Тартқыш реленің орамдары тұйықталатын болса, шамадан тыс дыбыс шығарады.
Егер автомобиль ұзақ уақыт пайдаланылған болса, онда генератордың щеткасын тексеру қажет, олардың, негізінен, 50 мың шақырым жол жүргеннен кейін тексереді. Щетканы тексеру үшін генераторды ақтарудың қажеті жоқ тек генераторды босатып артында орналасқан кернеуді реттегішті шығрады. Щетка 5 см шығып тұруы қажет, егер щетканың ұзындығы одан кем болса онда щетканы ауыстырады. Щетканы ұстағыштың серіппесінің серіппелігі босаңсыса, оны ауыстырады.
Коллектор күйген болса, оны тазалағыш қағазбен тазалайды:
Міндетә түрде геератордың белдігінің тартылуын реттейді.
Генератордың ақаулары механикалық және электрлік болып екіге бөлінеді.
Электрлік ақауларға жататындар:
● тізбектің үзілуі немесе түйіспелердің бұзылуы;
● щеткалардың желінү;
● ротордың орамдарының тұйықталуы;
● реттегіштің сынуы немесе түзеткіш блокта ақаудың болуы. Ақау пайда болатын жерлер төменгі суретте көрсетілген.
Механикалық ақауларға: мойынтіректердің желінуі, генратор бөлшектерінің сыныуы т.б жатады.
Аккумуляторлық батарейдің жеткіліксіз зарядталуы немесе толық зарядталмауы, генератордың ақауын анықтау үшін мынаған көз жеткізуіміз қажет:
● генераторды жетектейтін белдіктің тартылуы талапқа сай екендігіне;
● электр сымдарының қосылған жерлерінде, аккумулятордың генераторға жалғанған жерлерінде ақаудың жоқтығын;
● электр тізбегінің аккумулятордан генераторға баратын бөлігінде бүдінген жердың жоқтығына;
● аккумулятордың барлық секцияларында ақау жоқ болған жағдайда, онда ақауды құрығының өзінен іздеу қажет, ол үшін кернеуді реттегіштің ақауынсыздығына және дұоыс реттелгендігіне көз жеткізу керек.
Генератордың ақаусыздығын қалай анықтайды? Егер орамдар арасында тұйықталу болса, оны араулы аспаптар арқылы анықтайды.
Генераторларға техникалық қызмет көрсетуде ең алдымен оның тазалығына көңіл аудаған жөн. Генермтордың қысқышын + аккумулятордан ажыратып жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, өйткені ол + қысқышындағы кернеудің артып реттегішті және электрондық құрылғыны істен шығаруға апарылады.
Күнделікті техникалық қызмет КТҚ көрсетуде бақылағыш аспаптар арқылы оның жұмыс істеуін қадағалап тұру қажет.
Әр 10 000-15 000 шақ жүргеннен кейін генератордың бекітілуін тексеріп, белдіктің тартылуын реттейді.
60 000 шақ жол жүргенне кейін генераторды шығарып, ақтарып, желмен үрлеп тазалау керек. Желінген еткаларды ауыстырып, мойынтіректерді майлап, жинастырып, орнына қояды.
Генераторлардың ақаулары әртүрлі болады, оларды жөндеу арқылы қалпына келтіреді.
3.8 Автомобильдердің электр жабдықтары
Автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.
Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.
Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады.
Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды.
Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.
Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады.
Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды - қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды.
3.9 Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы
1680 -- Жұмыс істейтін бірақ қолдануға жарамсыз алғашқы іштен жану қозғалтқышын 1680 жылы Голландиялық Christiaan Huygens жасады. Жарғыш дәрінің жануы арқылы жұмыс атқаратын поршеньді машина еді.
1698 -- Ағылшын Thomas Savery алғашқы бу машинасын жасады.
1769 -- Ағылшын James Watt ұзақ уақыт жұмыс істейтін бу машинасын жасады.
1769 -- Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725-1804) жасады.
1769, Fardier
1787 -- Oliver Evans Америкада жолаушы таситын көлік жасады.
1801 -- Англияда Richard Trevithick бумен жұмыс істейтін автомобиль жасады.
Richard Trevithick автомобилі, 1803
1824 -- Іштен жану қозғалтқаштарының, әсіресе дизель қозғалтқыштарының негізгі принциптерін жас француз инженері Sadi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz