Қоректендіру жүйесінің приборлары
ЖОСПАР
І-бөлім
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ-бөлім
Қоректендіру жүйесінің құрылысы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі ... ... ... ... ... ...11
Жанғыш қоспаның түрлері және олардың қасиеттері ... ... ... ... ... ...14
Қоректендіру жүйесінің приборлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .17
Қоректендіру жүйесінің ақаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
IV-бөлім
Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін психикалық-физиологиялық
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Автомобиль және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
І-бөлім
КІРІСПЕ
Кез келген автокөлік жанармай(бензин,солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады.Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады.Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті қоректендіру керек.Жанармай асқорыту жүйесі арқылы қозғалтқышқа,ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.
Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері қозғалтқышқа әр түрлі жұмыс кезеңінде қандай мөлшерде жанармай керек екенін жақсы біледі.Дәл уақыт кезеңінде автокөлікке қажетті жанармай мөлшері тағы қоректендіру жүйесі арқылы анықталады.
Кез келген адам автокөлік тек жанармай құйғанда жүретінін жақсы біледі.Сәйкесінше автокөлікте жанармайды сақтайтын арнайы бак болуы керек.
Ережеге сай бензин багі автокөліктің артқы бөлігінде орналасады.Жағармай багі карбюратормен байланысқан.Жанармай карбюраторға бармастан бұрын тазалаудан өтуі керек.Осы себепті таза жанармаймен ғана жүретін жаңа шетелдік автокөліктер тез істен шығады.Егер сіз жанармайды канистрден құятын болсаңыз,тазалаудан өткізуді ұмытпағаныңыз жөн.
Жалпы автокөлікті пайдаланбастан бұрын оны жөндеуден өткізген жөн.Әсіресе қоректендіру жүйесіне баса назар аударылуы керек.Жалпы қоректендіру жүйесінің істен шығуына алып келетін жағдайларға мыналар жатады:
1)Тым көп немесе тым аз мөлшердегі жанғыш қоспаның түзілуі;
2)Жанар жағармайдың ағып кетуі;
3)Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтатылуы;
4)Жанғыш және салқын қозғалтқыштың жұмыс істеу қиындығы;
5)Пайдасыз жұмыс кезіндегі қозғалтқыштың нашар жұмыс істеуі;
6)Жұмыстың барлық кезеңінде қозғалтқыштың істен шығуы;
7)Жанар жағармай шығынының артуы.
Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтауы жанар жағармай құбырының және торлы сүзгіштің ластануынан,жанар жағармай сорғышының бұзылуынан,негізгі тазалаушы сүзгіштің лайлануынан,сонымен қатар екі ретті тазалау қақпағының ақауынан болуы мүмкін.
ІІ- бөлім
ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
7.1 - сурет - Іштен жанатын моторлардың қоректендіру жүйелері
Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктертерден құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 7.2 - көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
1 - ауа филътрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4 - карбюратор, 5 - отын өткізгіші, 6 - бак, 7-насос, 8 - өшіргіш (глушитель) тутігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш (глушитель).
7.2 - сурет - Карбюраторлы ВАЗ қозғауышының қоректендіру жүйесі.
Карбюраторлы моторда отын насос арқылы бактан (6) тұндырғыш сүзгі және отын өткізгіш арқылы насоспен сорылады да карбюраторға жіберіледі. Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі.
Мұнда ауа тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс мотор цилиндрінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген.
Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады.
Карбюраторлы автомобиль моторлары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялың беріктілік қасиеттері болуы керек.
ГОСТ-қа сәйкес автомобиль бензинінің келесі маркалары шығарылады: А-66, А-76, А-80, АИ-93, А-90, А-95, және АИ-98.
А әрпі - автомобиль бензині екендігін, И әріпі - зерттеу әдісі бойынша (исследовательским методом) ал цифры - бензиннің октан санын керсетеді.
Антидетонациялың беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) қүйылады. А-72 маркалы бензин этилденбетен. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: А-66 - қызғылт сары, А-76 - жасыл, А-93 - көк және АИ-98 - сары.
Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оның қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары
Бензин насосының құрылысы 7.3 - суретте көрсетілген ГАЗ - 53 автомобильінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
1 - қол тұтқасы; 2 - қороп; 3 - диафрагма; 4 - сору клапаны; 5 - сору каналы; 6 - қақпақ; 7 - клапандар қоробы; 8-айдау клапаны; 9, 12 серіппе; 10 - шток; 11 - тірек; 13-тірек
7.3 - сурет - Бензин насосының құрылысы
Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттың, сутегінің, т.б. - болатыны белгілі. Отынның жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ке жуық оттегі болады.
1, 22 - корпус; 2,10,11,12,16 - түтіктер; 6,18,24 - резеңке төсемдері; 13 - термореттегіш, 14 - шланг; 15 - термоэлемент; 19 - сүзгіш элементтері; 21 - ілгешек, 25 - қалқағыш
7.4 - сурет - Қарапайым (а) және термореттеуішті (б) ауа сүзгісі
Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс сменасында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шаң түсуі мүмкін. Оның қатты бөліктері цилиндрдің, поршеньнің және басқа қажалатын бөлшектердің жылдам тозуын тездетеді. Цилиндрге түсетін ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды.
Ауа тазартқыштары сұйықты және қүрғақ элементті болып екіге бөлінеді. Автомобиль моторларының көбінде құрғақ ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элементтерін қолданады.
Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да, ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.
Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда, дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрі жасалады, яғни қалыпты, байытылған немесе кедейлетілген түрлері.
Дизельді қозғауыштардың тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соңында, цилиндр ішіндегі ауа өте қатты қысылғандықтан, оның температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді.
Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкен болады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май мен ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзеді.
Дизельді қозғауыштардың осындай ерекшеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жүйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса (жоғарғы қысымды жанармай насосы), оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал (ФОРСУНКА) болып табылады. Ал ауамен қамтамасыз ететін құралдар, жоғарыда қаралған карбюраторлы двигательдердікінен онша айырмашылығы болмайды. Дизельді қозғауыштардың қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасы келесі суретте көрсетілген.
1-жоғары қысымды жанармай насосы; 2-жанармай багы; 3-қабылдағыш сүзгі; 4,6,7,11,12,13,15-төменгі қысымдағы түтіктер; 5-ірі сүзгі; 8-кіші қысымды насос; 9-қол насосы; 10-майда сүзгі; 14-жоғары қысымдағы түтік; 16-форсунка; 17-ауа тазартқыш; 18-қозғауыш
7.5 - сурет - Дизельді двигательдің қоректендіру жүйесі.
Ондай жүйе негізгі мынандай құралдардан жинастырылады: жанар май ыдысы (2), ірі (5) және майда (10) сүзгілер, кіші қысымды насос (8), жоғары қысымдағы насос (1), жанар май бүркіп шашатын форсунка (16) және ауа тазартқыш (17). Олар мына төмендегідей ретпен жұмыс істейді. Сору процесі кезінде цилиндр (18) ішіне ауа тазартқыш (17) арқылы таза ауа сорылып кіреді. Әрі қарай қысу процесі жүреді. Осы қысу процесінің соңында цилиндр ішіне жанар май форсунка арқылы бүркіліп беріледі.
Цилиндр ішіне жанар май берілу жұмысы мынандай ретпен атқарылады. Жанар май ыдысынан (2) тазалағыш тор (3) арқылы жанар май сорылады. Оны соруды кіші қысымды насос (8) іске асырады. Сол кезде жанар май жол жөнекей ірі сүзгі (5) арқылы өтіп, онда механикалық қоспалардан тазаланады. Жанар май әрі қарай майда сүзгіге (10) аздаған қысыммен беріледі де, онда мұқият тазаланып жоғарғы қысымды насосқа (1) жетеді. Осы насосқа дейін жанар май үнемі үздіксіз ағынмен беріліп тұрады.
Жоғарғы қысымды насос екі түрлі қызмет атқарады.
Біріншісі - жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында ғана үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді.
Екінші қызметі, двигательдің жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп қана береді.
Сонымен жоғарғы қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.
7.6 - сурет - КамАЗ автокөлігінің жоғары қысымды отын нососы
Жоғары қысыммен келген жанар майды форсунка ұсақ тамшыларға айналдырып, цилиндр ішіне бүркеді. Сондықтанда оның бүркетін бөлігі цилиндр ішінде орналасқан. Сонымен бүркілген жанар май әрі қарай жоғарғы ауа температурасының әсерінеи буланып, ауамен толық араласады.
Форсунка және отын өткізгіштер. Дизель қозғауыштарда форсункалардың (сурет 7.6) көмегімен отынды майда тозаңдатылған күйде және үлкен қысыммен жану камерасына тозаңдатып бүркеді. Форсунканың негізгі бөлігі корпустан және инеден (9) түратын - тозаңдатқыш (1). Ине корпустың конустік ер-шігіне штанганың (3) көмегімен серіппемен (8) қысылған. Автомобиль форсункаларының көбінде серіппелері реттегішсіз болады.
1 - тозаңдатқыш, 2 - гайка, 3 - штанга, 4 - корпус, 5 - ныгыздаушы сақина (кольцо), 6 -торлы фильтр, 7 - шайбы, 8 - басқыш.
7.7 - сурет - Форсунка.
Реттегіші бар форсункаларда серіппені белгілі бір қысымға винтпен реттейді. Реттеуіш винт форсунканың корпусында болатын стаканның түбіне винтпен бүралған. Реттеуіш винтті өздігінен бүралып кетуден қосалқы гайка сақтандырады. Үстіңгі жағынан винт қалпақпен жабылған, онда серіппе қуысына өтіп кеткен отын шығарылатын ағы-зу түтігін қосу үшін бүрандалы тесік болады.
Форсунка тозаңдатқыш (1) камерасындағы отын қысымы серіппе күшінен асып кеткенде, төменнен инеге әсер ететін күш, оны көтереді де, отын камерадан тозаңдатқыш тесіктерге түсіп олар арқылы жану камерасына тозаңдатылған күйінде бүркіледі.
Отын енгізілгеннен кейін тозаңдатқыш камерасындағы (1) қысым күрт төмендейді де ине серіппенің әсерімен форсунканың шығару тесігін жауып тастайды.
ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
КАРБЮРАТОРЛЫ ҚОҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ
Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктер. Осылайша құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 2.14 - көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
Двигательде жанатын жанар май қоры арнаулы ыдысқа (8) құйылады (2.14 - сурет).
Карбюраторлы двигательдерде жанар май үшін көбінесе мұңайдан алатын ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі (14) арқылы бензин насосымен (19) сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте экцентрик орнатылған. Ол айналған Кезде насостың тұтқасын әрі - бері қозғайды да насос жұмыс істейді.
Насоспен (2.15 - сурет) сорылған бензин енді карбюраторға (3) (2.14 - сурет) беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс жасалған. Қалқыма осы қуыстағы (4) бензин деңғгейіне байланысты жоғары - төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға әсер етеді.
Бензин насосының құрылысы 2.15 - суретте көрсетілген Газ - 53 автомобилінің мысалынджа қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылған крбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a1,0 ден болса, онда байытылған, ал a1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал a0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал a1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады.
Сонымен, двигательдің жұмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс.Сол үшін оның құрылысына бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жұмыс жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (a=0,6 - 0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жұмыс істеген кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап байытылған (a=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жұмыс жағдайынан екінші жұмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған жану қоспасы жасалуға тиіс.

Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді. Двигательдің осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, шатунға және түпкі подшипниктерге соққылы күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, двигатель қуатының төменделуімен және жанармай шығынының артуымен қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен цлиндрдің қалпақшасында күйеніңғ қалыңдауы, ерте от алу әсер етеді.
Жанармайдағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын жанармаймен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның ппроценттік құрамын айтады. Мысалы, егер 93% изооктаннан және 7% гептаннантұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәәйкес келсе, онда мұндай бензиннің октан саны 93 - ке тең болады. Жанармайдағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонацияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығыраұқ болады.
ГОСТ - қа сәйкес автомобиль бензинінің маркасы Шығарылады: А-66, А- 72, А - 90, А - 95, АИ - 93 және АИ - 98. А әрпі - автомобиль бензині екендігін, ал цифры - бензиннің октан санын көрсетеді.
Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан -- крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.
Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700 -- 0,760 гсм3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).
Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500 -- 11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп -- I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).
Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.
Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 мсек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 мсек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.
Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз -- жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz