Допты екі қолмен ұстау


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«Д. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ -ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Дене тәрбиесі пәні оқытушысы К. С. Абдикаримовтың
. . .
Баскетбол ойындарының әдіс тәсілдері мен техникасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ТҮРКІСТАН - 2021 жыл
Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының «Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК
Құрастырған: Абдикаримов Камилжан Сарманович
«Дене тәрбиесі, АӘД» пәндері әдістемелік бірлестігі отырысында қаралған.
Хаттама №
ӘБ төрағасы: К. С. Абдикаримов
Баспаға Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі дене тәрбиесі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықты әдістемелік кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар:
Жолдасбекова Б. А. - п. ғ. к. доцент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және спорт» факультеті, «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.
Абдикаримов Камилжан Сарманович// Баскетбол ойындарының әдіс тәсілдері мен техникасы // Әдістемелік нұсқау. - Түркістан: Д. Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі, 2021. - б.
Бұл оқу қүралында Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) орындарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес теориялық, практикалық материал ұсылынады. Теориялық материалда дене нынықтыру мен спортттың өрісіне қатысты мәселелер ұсынылған. Сонымен қатар студенттерге арналған өз бетімен жұмыстары мен тестілік тапсырмалары қарастырылған.
Бұл жұмыс студенттер мен оқытушыларға, сонымен қатар мектептегі денешынықтыру мұғалімдері, білім жетілдіру институтындағы тындаушыларға, әдіскерлерге арнайы курста әдістемелік нұсқау ретінде арналған
Еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Жас ұрпақтың болашағы - бүгінгі ұстаздың қолында”.
Н. Ә. Назарбаев
МАЗМҰНЫ
Кіріспе4
Баскетбол ойын техникасы 5
Баскетболдағы тоқтау әдісі 6
Баскетболдағы бұрылыстар 7
Баскетболдағы жүгірістің түрлері 8
Шабуылдағы баскетболшының тұрысы . . . 8
Допты меңгеру техникасы . . . 9
Баскетболдағы допты беру . . . 10
Баскетболдағы допты алып жүру . . . 11
Баскетболдағы қорғану техникасы . . . 16
Баскетболдағы қорғаныс әрекеттеріне үйрету . . . 18
Баскетболдағы допты жұлып алу . . . 19
Баскетболдағы қарсыластың қолынан допты қағу . . . 19
Баскетболдағы ойынға қосу барысындағы допты қағу . . . 19
Баскетболдағы допты беру барысында оны қағып әкету . . . 19
Баскетболдағы допты алып жүру кезінде оны қағып әкету . . . 20
Баскетболда допты лақтырудағы бүркеу . . . 20
Баскетболдағы қалқанға тиіп қайтқан допты алу . . . 21
Практикалық сабақтар . . . 22
Тесттер . . . 51
Қорытынды . . . 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 55
КІРІСПЕЕңбек нарығы болашақ маманнан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық бағыттарда орын алатын тез құбылмалы жағдайларда әрекет ете білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі уақытта дене мәдениетінің мазмұны мен құрылымы студенттердің кәсіби психофизикалық тұрғыдан дайын болуын қаншалықты қамтамасыз етіп отырғандығының нақты мәнін білу керек. Қазіргі заманның маманы ұтқыр, тез ойлағыш, өндірістік қызметтің әртүрлі жағдайларына икемделгіш болу керек.
Техникалық және кәсіптік білім беру орындарындағы дене шынықтыру кәзіргі мамандардың жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптасыру бойынша ұлттық бағдарламаның бөлінбес бөлігі болып табылады. Барлық мамандықтар үшін міндетті болып табылатын оқу пәні есебінде, ол кәсіби дене даярлығын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтымен саналы түрде жүру қажеттілігін тәрбиелеу жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі, денсаулықты нығайтудың факторы, кәсіби даярлық барысында студенттердің дене және психикалық жағдайын ыңғайлау болып табылады.
Спорттық ойындардың бір түрі - баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады - жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге, ден саулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады.
«Баскетбол ойындарының әдіс тәсілдері мен техникасы» оқу құралы негізгі мақсат пен міндеттеріне жету үшін барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттардан тұрады. Оқу құралының негізгі мақсаты: студенттермен «Дене тәрбиесі» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық материалмен игеру.
Баскетбол ойын техникасы
Ойын техникасы ұғымы спорттық қарама-қайшылықтың нақты тапсырмаларын табысты шешуге мүмкіндік беретін ойын тәсілдерінің жиынтығы мен оларды орындау амалдары дегенді білдіреді.
Техника тәсілі ұғымы құрылымы жағынан ұқсас және біртипті ойын тапсырмаларын шешуге бағытталған қозғалыс жүйесі дегенді білдіреді.
Ойын тәсілінің техникасы - жақсы практикалық нәтиже беретін биомеханикалық жақтан ең тиімді ойын әрекетінің қолданылуы.
Сондай-ақ «амалдың орындалу тәсілдері» деген ұғым бар. Ол техника тәсілдерінің негізгі кеңістіктік-уақыттық, күштік және ырғақтық қасиеттерінің тұрақтылығымен анықталады. Мысалы, шығыршыққа допты лақтыруды орындаудың бірнеше тәсілі бар: бір немесе екі қолмен; төменнен, кәудеден, иықпен немесе баспен салу (жоғарыдан) ; орнынан, қозғалыс барысында немесе секіре отырып салу және т. б.
Тәсілдердің орындалу амалдары әртүрлі, олардың қозғалыс барысындағы бөліктерінде айырмашылық бар. Мысалы, секіру кезіндегі лақтыру доптың бір (лақтыру кезіндегі секіру), екі (секіру кезіндегі лақтыру) және үш (тұрып лақтыру) соғылуы арқылы орындалуы мүмкін.
Ойын тәсілдерінің қашықтық, бағыт, бәсекелестердің өзара қарсыласуы сияқты шарттарының орындалуы ескерілген баскетбол техникасы да әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Ойын тәсілдері сипаттамаларының көптігіне байланысты оларды жүйелеу мақсатында тараулар мен топтарға жіктеу қолданылады.
Ойын қызметінің бағыты оны екі тарауға бөлуге мүмкіндік береді: шабуыл техникасы және қорғану техникасы. Ойын қызметінің сипатына қарай әр тарауды екі топқа бөледі: шабуыл техникасы - жылжу техникасы мен допты иелену техникасы болып бөлінсе, қорғаныс техникасы - жылжу техникасы мен қарсы тұру және допты иелену техникасы болып бөлінеді. Белгілі бір топқа кіретін әр техникалық тәсіл әртүрлі амалдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ олардың кез-келгені белгілі бір жағдайларда жаңғыртылады.
Ойын техникаларының жіктелу кестесі төмендегідей:
- тәсілі- шығыршыққа допты лақтыру;
- орындалу амалы- бір қолмен жоғары;
- басқа түрі- денеден ауытқи отырып;
- орындалу шарты- тоқтағаннан кейін секіріп, орта қашықтықта.
Баскетболдағы тоқтау әдісіБаскетболдағы шабуыл техникасы . Баскетбол техникасының негізі - ерсілі-қарсылы қозғалыс. Баскетболшының алаңдағы ерсілі-қарсылы қозғалысы шабуыл міндеттерін шешуге бағытталған біртұтас әрекеттер жүйесінің бір бөлігі болып табылады және нақты ойын жағдайын жүзеге асыру барысында қалыптасады.
Алаңда ерсілі-қарсылы қозғалу үшін ойыншы жүреді, жүгіреді, секіреді, тоқтайды, айналады. Осы тәсілдер арқылы ол өзіне ыңғайлы орын таңдайды, қарсыласынан қашады, әрі қарай шабуылдау үшін қажет бағытқа қозғалады және амалдарды орындау үшін өзіне ыңғайлы, жақсы теңгерілген бастапқы жағдайға қол жеткізеді. Сондай-ақ доппен орындалатын қозғалыс барысы мен секіру кезіндегі доптың берілуі, қарсыласты айналып өту, допты секіру кезінде соғу және тағы басқа техникалық тәсілдердің тиімділігі қозғалыс барысындағы аяқтың дұрыс жұмыс жасауы мен тепе-теңдіктің сақталуымен байланысты.
Ойын кезіндегі жүріс - ерсілі-қарсылыс қозғалыс тәсілдерінің ең сирек
қолданылатын түрі. Ол негізінен аздаған үзіліс кезінде немесе ойын әрекетінің қарқындылығын азайтуда, сондай-ақ жүгірумен қатар келіп ойын қарқынын өзгерту үшін қолданылады. Оның қарапайым жүруден айырмашылығы сол, баскетболшы тізесін аз ғана бүгіп, аяғымен қозғалады, бұл оған кенеттен болатын жылдамдық мүмкіндігін береді.
Жүгіру ойындағы қозғалыстың басты құралы болып табылады. Ол жеңіл атлеттің жүрісінен ерекшеленеді. Ойыншы алаң ішінде әртүрлі старттық жағдайларда кез-келген бағытқа, бетімен, арқасымен алдыға қарай немесе бірнеше рет секіру арқылы шапшаң қимылды жүзеге асыра білуі, сондай-ақ жүгірістің бағыты мен жылдамдығын тез өзгерте білуі керек.
Секіру өз алдына дара тәсіл ретінде қолданылады. Ол басқа техникалық тәсілдердің де элементіне кіреді. Көп жағдайларда ойыншылар жоғарыға секіру, ұзындыққа секіру немесе бірнеше рет секіру сияқты тәсілдерді пайдаланады. Секіруді жүзеге асыруда екі аяқпен және бір аяқпен соққылау тәсілі қолданылады.
Екі аяқпен соққылап секіруді ойыншы көп жағдайда негізгі тұрған
жерінен жүзеге асырады. Ойыншы тез отырып, қолын сәл кейін жіберіп, басын көтереді. Орнынан тұру аяқты күшті созу, дене мен қолды жоғарыға, алдыға қайратты қозғау арқылы жүзеге асырылады.
Екі аяқпен соққылау арқылы екпінді секіру әдетте шығыршыққа допты лақтыруда және лақтыру кезіндегі күресте қолданылады.
Бір аяқпен соққылай секіру соққыдан басталады. Орнынан тұру екпіннің инерциялық күшін кең қолдану арқылы жүзеге асырылады. Орнынан тұрмастан бұрынғы екпінді соңғы қадам бұрынғылардан біршама кеңірек жасалады. Соққы ұратын аяғын тізе буынында аздап бүгіп алға жіберіп, өкшеден аяқтың басына қарай соққы аудару үшін серпілте келе, баскетболшы аздап отырғандай болады. Басқа аяғын алға-артқа белсенді бұлғап, дене салмағының жалпы ортасының тіректен өтуі кезінде оны тізе буыны мен жамбас буынында бүгеді. Баскетболшының денесі жоғары нүктеге жетіп, шарықтаған кезде сермелген аяғы соққы беретін аяғына қосылады. Кез- келген тәсілде жерге қону тепе-теңдікті сақтай отырып, жеңіл жүзеге асырылуы керек, ол арасы сәл ашылған аяқтарды амортизациялап бүгу арқылы жүзеге асырылады. Жерге осылай қону баскетболшының ойын әрекетін шапшаң жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Ойыншы жағдайға қарай өткір, кенет аялдама жасайды, бұл өз кезегінде жүгірудің бағытының өзгеруі мен секіру әрекетін бірлестіре отырып, ойыншының біршама уақыт қарсыластың қамқорлығынан шығуына және әрі қарай шабуылдау үшін еркіндікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Аялдап секіру және екі қадам жасау сияқты екі тәсілмен жүзеге асырылады. Шабуылшы қорғаушыдан қашып, допты жұлып алудан тасалап, шығыршықты әрі қарай шабуылдау үшін бұрылыстарды пайдаланады. Бұрылыстардың алғы және артқы түрлері бар. Алғы бұрылыс баскетболшының беті қараған жағына, ал артқы бұрылыс оның арқа жағына ауысуы арқылы жүзеге асырылады.
Баскетболдағы бұрылыстарТоқтау шабуылдағы қозғалыс тәсілдеріне жатады және баскетболшының қозғалысты уақытында тоқтатуына мүмкіндік береді, соның арқасында ойыншы қарсыластың құрсауынан шығып, әрі қарай шабуылдау әрекеттерін жүзеге асыра алады. Ойында аялдаманың екі қадамды және секірісті аялдама деп аталатын екі түрі пайдаланылады.
Екі қадамды тоқтауға үйрету ойын дағдыларын қалыптастырудың бірінші сабақтарында жүзеге асырылады, себебі екі қадамды ырғақ қозғалыста орындалатын шабуылдар техникасының көпшілігіне негіз болып табылады.
Екі қадамды тоқтауды орындаудың екі жолы бар: 1) оң аяқпен үлкен қадаммен; 2) сол аяқпен үлкен қадаммен. Дайындық кезеңінде ойыншы қозғалыста болады. Негізгі фаза аяқты үлкен, шапшаңдықты басатын қадаммен табанға күш түсіре қойып, аяқтың ұшын тысқа қарай бұрудан басталады. Аяқтың алаңмен жанасуы жамбас- жілік буыны мен тізе буынының бүгілетін жерінен басталады, ал дене қозғалысқа қарсы жаққа ауысады. Қозғалыстың жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, аяқтың бүгілуі де күшті болады (дененің ауырлық орталығы төмендейді), аяқ ұшының бұрылуы мен дененің артқа қарай ауытқуы өседі. Екінші қадам тіреуіш қызметін атқарып, тікейеді, ал табан аяқ ұшының ішке қарай бұрылуына орай қозғалыс бағытына перпендикуляр келеді. Аялдама үшін жасалатын бірінші қадам қызметін атқаратын дененің аяқ жаққа бұрылысы ойыншыға орнықты жағдай жасайды. Соңғы фазада ойыншы дайын тірек жағдайына келеді.
Жұмыс барысындағы аялдама оң және сол аяқты соққылау арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілді орындаудың негізгі фазасында ойыншы соққылайтын серіппелі аяғын қозғалысқа қарсы қойып, алдыға қарай жібереді. Тірексіз жағдайда соққылайтын аяқ екінші аяқты қуып жетіп, одан озып кетеді. Соңғы фазада бүгілген екі аяқ бір уақытта табанымен еденге тиеді. Тепе-теңдікті сақтау үшін ойыншының тікейген басы мен денесі аздап артқа қайырылады. Мұнан әрі жоспарланған әрекетке байланысты табан алаңға бірдей деңгейде немесе соққылайтын аяқтың алдыға жылжуы арқылы қойылады. Бірінші жағдайда ойыншы тірекке табанның параллель орналасуы арқылы және екі аяқ басының аздаған бүгілуі арқылы жетеді. Екінші жағдайда ойыншы тірекке алға жіберілген дайын аяқ арқылы жетеді. Сөйтіп, секіру арқылы аялдау кезінде горизонталды жылдамдық төмендейді және ойыншының қозғалысы жерге «жайылып» қону кезіндегі аяқтың амортизациялық бүгілуі нәтижесінде тоқтайды.
Бұрылыстар шабуылшының орнында тұрып, қорғаушыдан қашуы мен допты қағудан сақтауы үшін маневр жасауына арналған. Олар допсыз және доппен, бір орында және қозғалыста орындалады. Бір орында орындалатын бұрылыстарды жүзеге асырудың екі тәсілі бар: алға және артқа, бұрылыс тәсілінің атауы аяқты аттауды орындайтын аттас иық қозғалысының бағытына байланысты: егер қозғалыс (аттау) тірек болатын аяқ жаққа қарай орындалса, бұрылыс алға болады да, керісінше, қарама-қарсы жаққа бағытталған қозғалыста бұрылыс артқа қарай орындалады.
Ойын жағдайына байланысты аттаудың қарқыны мен бұрылыс амплитудасы 30 бен 180 градус арасында тербеледі. Дайындық фазасында ойыншы діңгектей әзірлік жағдайында тұрады. Осы техникалық тәсілді негізгі фазада тиімді жүзеге асыру үшін келесі әрекеттерді орындау шешуші роль атқарады:
- ойыншының тіреуіш қызметіндегі аяғының басын еркін қозғауы;
- бұрылысты дене ауырлығын алдыңғы аяқтан артқы (тіреуіш) аяққа ауыстыру арқылы орындау, алдыңғы аяқты тіреу аяққа қарай бір мезетте айналдыру және итеру;
- бүгілмелі аяқпен қозғалыс жасау.
Шабуылдағы баскетболшының тұрысы ... жалғасыСоңғы фаза үшін бұрылысты аяқтаған соң тұрақты екі тірек жағдайына келу қасиеті тән. Тірейтін (тұтқа) аяқ - циркульдің басының айналатыны сияқты, ойыншының ұшымен шыр көбелек айналатын аяғы. Шабуылшының кез- келген аяғы допсыз тіреуіш қызметінде жұмсалады. Допқа ие ойыншының бұрылыстарды орындаудағы жағдайы басқаша. Егер оған қозғалыс барысындағы екі қадам аялдап допты аулау немесе допты қосу әсер етсе, еденді бірінші басқан аяқ тіреуіш қызметін атқарады. Егер ойыншы секіру барысында тоқтаса, немесе допты секіру барысында, екі аяғымен еденді баса тұрып ұстаса, немесе допты орнында тұрып иеленсе, кез-келген аяқ тіреуіш қызметін атқара алады, яғни аттау кез-келген аяқпен, бірақ кезексіз жүзеге асырылады. Ойыншы тіреуіш қызметіндегі аяғын анықтағаннан кейін оны доппен бұрылыс жасау барысында алаңнан айыруға болмайтыны ереже бойынша рұқсат етілмейді. Тіпті екі аяқтың да тіреуіш қызметін атқара алмайтын жағдайы да болады. Бұл ойыншының допқа ие болып, еденді бір аяқпен басып, әрі қарай итеріліп, екі аяқпен отырған кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл кезде аялдаудың аралас түрі орын алады.
Қозғалыс барысындағы бұрылысты шабуылшы қарсыластан допсыз қашқан жағдайда немесе алаңда допты қосу үшін маневр жасағанда орындайды. Дайындық барысында ойыншы қозғалыста болады. Негізгі кезеңде қозғалыс екі тактілі жарылғыш сипат алады. Алдымен алдыңғы аяқты 180 градусқа айналдырып, ойыншы екінші аяғымен бір уақытта артқа адымдай отырып, қозғалыс бағытына арқасымен бұрылады. Талап етілетін амплитудада аттаған аяғымен айнала отырып, ойыншы келесі аяғымен адымдай отырып, таңдаған бағытына бұрылады. Соңғы фазада шабуылшы ауысуды қайта бастайды. Барлық аталған қозғалыстар өзара байланысты және біртұтас, үздіксіз сипат алған. Қозғалыстағы бұрылыстың тиімділігі оның тез және кенеттен орындалуына, дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа шапшаң ауыстыра білуіне және өз осінде айналу барысында кеңістікте тепе-теңдік пен бағытты сақтай білуіне байланысты.
Баскетболдағы жүгірістің түрлері
Жүгіріс ойындағы қозғалыстың негізгі құралы болып табылады. Ол жеңіл атлетшінің жүгірісінен біршама ерекшеленеді. Ойыншы алаң шеңберінде әртүрлі старттық жағдайларда кез-келген бағытқа, бетімен немесе арқасымен алға қарай бағыты мен жүгіріс жылдамдығын өзгерте отырып, шапшаңдығын арттыра білуі керек.
Баскетболдағы жүгірістің екі түрі бар: бетімен және арқасымен алға қарай. Бетімен алға қарай жүгіріс алаңда ойыншыға маневр жасауда және қарсыластың қамқорлығынан босау үшін қолданылады. Оның екі варианты кездеседі: баскетболшының арнаулы жұгірісі және жеңіл атлетшінің жүгірісі (секіріс) .
Ойында шабуылшы көбінесе баскетболшының арнаулы жүгірісімен қозғалады, оған аяқтың табанын толық серіппелі қою тән. Бұл ерекшелік ойыншының дене жағдайына тұрақтылық береді және қозғалыс бағытын ойламаған жерден өзгерту үшін жайлы жағдай жасайды. Ол алға созылған аяқты қозғалыстың алдыңғы бағытына қарсы күшті соққылауы арқылы жүзеге асады, дене қайта таңдалған бағытқа бұрылады. Баскетболшының арнаулы жүгірісінің ерекшелігіне сондай-ақ иық белбеуінің жағдайы; аяқ қызметі мен синхронды майысқан қолдардың ырғақты қозғалысы; дене мен бастың тіке жағдайы жатады.
Жүгірістің жылдамдығын кенет және ойламаған жерден арттыру немесе старттық жеделдету спорттық ойындарда секіру деп аталады. Жеңіл атлетикалық жүгіріс, немесе секіру ойыншы қарсыласты құлату үшін және еркіндікке шығу үшін жылдамдықты шапшаңдатуға талпынған жағдайда болады. Старттық шапшаңдық аяқтың ұшымен және жоғары жиілікте орындалатын қысқа пәрменді адыммен жүгірумен; дененің алға күшті еңкеюімен (ауырлық орталығы тіреу аяғының алдында болады) ; шынтақта иілген қолдардың аяқ қызметімен қатар ырғақты жұмыс істеуімен сипатталады. Шапшаңдықты арттыру (қашықтық шапшаңдығы) 4-5 адымнан кейін жүгіріс қадамының ұзаруы мен қозғалыс жиілігін сақтап қалу есебінен болады. Жүгіріс шапшаңдығы адымның ұзаруы арқылы көбейеді. Бұл кезде ойыншы допты алуға дайын болуы керек. Жүгіріс бағытын өзгертуді ойыншы қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай алдыңғы аяқпен қойылған күшті соққы арқылы жүзеге асырады; дене жаңа бағытқа бұрылады.
Артпен алға қарай жүгіру ойында шабуыл жасауда алаңның шек қойылған бөлігінде және өте аз қолданылады. Ол баскетболшы ойын жағдайын нақтылау үшін ауық-ауық қолданатын табанның аяқтың ұшына жиі қойылуымен; спортшы денесінің қарама-қарсы жаққа ауысуымен; қолдың шынтақ буындарында бүгілген қимылымен; басты артқа бұрумен ерекшеленеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz