Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының ерекшелігі
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
Пәні: Педагогика
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының ерекшелігі
Орындаған: Исатаева А.К.
Тексерген: Мажитова А.Т.
Орал - 2021ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктерін
анықтаудың теориялық негіздері
1.1. Қабылдау түсінігі және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .8
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктерін
анықтаудың тәжірибелік-эксперименталды зерттеу әдістері
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сипап сезіну және көру арқылы
қабылдау ерекшеліктерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау қабілетін дамытуға
арналған
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23 Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісінің дамуы
оны қоршаған заттар мен құбылыстарды қабылдауынан басталады. Белгілі
педагог В.А. Сухомлинский: ...Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған
сайын адамның рухани мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейте
түспек, - дейді. Жеке тұлғаның түйсігіне жетіп, қабылданған нәрселер кейде
естерінде өз-өзінен қалады, кейбірі қайта жаңғырығады, қажетсіздері
ұмытылып қалады. Қазіргі балабақша мектеп бағдарламасы барлық таным
процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны
ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр
мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі
қажет.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау
ерекшеліктері және қабылдауды зерттеуге арналған әдістемелермен танысу.
Зерттеу міндеттері:
➢ Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы туралы жалпы
сипаттама беру;
➢ Балалардың қабылдау процесін заттардың тұтастай бейнеленуі
ретінде және күрделі перцептивті процесс ретінде қарау;
➢ Қабылдаудың негізігі қасиеттері мен түрлерімен танысу;
➢ Сипап сезіну және көру арқылы қабылдау;
➢ Қабылдаудың негізгі қасиеттері заттылық, тұтастық, құрылымдық,
мағыналық, апперцепция, белсенділік т.б. қасиеттеріне түсінік
беру.
➢ Балалардың қабылдау процесін дамытуға арналған әдістемелермен
танысу.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру үрдісі.
Зерттеу базасы: Орал қалалық Балапан балабақшасы
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Мектеп жасына дейінгі балалардың
қабылдау қабілеттерін анықтауда келесі әдістемелерді қолдандым: Балалардың
қабылдау деңгейін анықтау, есту арқылы қабылдау, қабылдаудың жылдамдығы
мен дұрыстығын анықтау.
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау
ерекшеліктерін анықтап, зерттеу арқылы мұғалім әрбір балалармен
жұмыстанғанда баланың деңгейін біледі және баланың мүмкіндігіне орай
тапсырмалар береді. Қабылдаудың ерекшеліктерін жетік білген жағдайда ғана
мұғалім балалармен дұрыс жұмыстана алады деген болжам бар.

1.1. Қабылдау түсінігі және оның ерекшеліктері
Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың
тұтас бейнесі.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы
қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ
жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін
анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор
қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және
білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын
қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда
адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды.
Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.
Сонғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің
түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер. Осы тақырып
төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу
талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік
зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы
тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен
дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды. Қабылдауға қатысты тәжірибелік зерттеулер
арқылы жинақталған материалдардың молдығы соншалық психояогияның өзге
тақырыптарымен салыстырғанда, қабыдау толық іздестірілген мәселелер
қатарына жатады.
Зертгеу нәтижелерінің мәнін сіздер жақсы түсінесіздер. Дегенмен
мәселенің мазмұнын бір-екі сөзбен еетеріңізге түсірейін.
Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты
түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген.
Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы
түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына
сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен
жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің
байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.
Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті
тұлға қалай пайда болады? – деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен
тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз?
деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы
ассоциация бағытына тән болатын. Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі
де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы
бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп
қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда
тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу
тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп
қабылдау процесін жасайды.
Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол
құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт – психикалық
процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық
кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау
тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты
принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың
түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы
емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-
хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап,
бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.
Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен
танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы
қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті
тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру
арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген.
Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан
кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп
балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары
қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын
сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп
жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі
болған.
Енді осы бағытта Г.Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен
танысайық. Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы
мезетте өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай
шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да
жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын
көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.
Қабылдаудың ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден,
бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге
байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау
кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері,
формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар
немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге
байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның
объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны
деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің
нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз.
Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның
дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне
байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және
психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны
психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек,
жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін
қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен
құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен
кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі
заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-
жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау
адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты.
Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп
атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны
көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты
бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір
қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның
рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды.
Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты
түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы
қандай екендігін айтуға болады.
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін
көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.
Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен
бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже
айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын
зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт
еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында
(субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді,
немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және
функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық
өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты.
Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті
процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен
анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан.
Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда
өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік
етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам
жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай
қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар
решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т.т. жатады) игеруді ойлайды.
Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу
және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар
қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен
жанама түрленсе, ал ойлау қызметі – сөзбен түрленген сияқты баланың
персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді. [13. 260]
Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды
ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер
нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында
сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден
айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын
болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға
сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен
анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей,
басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т.б.
салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық
оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.
Біз жүргізген және басқа авторлар жүргізген қабылдау онтогенезін
зерттеу жұмыстары, қабылдау мен әрекет арасында баланың даму барысындағы
күрделі және өзгеретін қарым қатынастар болатындығын көрсетті.
Конструктивті қызмет ролін (А.Р. Лурия, Н.Н. Поддьяков, В.П. Сохина
және басқалар), сондай-ақ сурет салу (З.М. Богуславская, Н.П. Сакулина және
басқалар) көріп қабылдауды дамыту бойынша зерттеулері бұл қызметтердің
әсерінен балаларда көріп талдау мен синтездеудің күрделі түрлері, көріп
тұрған затын бөліктерге бөлу және содан кейін оларды бүтін ғып біріктіру
қабілетінің осыған ұқсас амалдар практикада орындалудан бұрын
қалыптасатындығын көрсетті. Сәйкесінше формалардың перцептивті образдары
жаңа мазмұнға ие болады. Заттың контурын одан әрі нақтылаудан басқа, оның
құрылымы, кеңістіктік ерекшеліктері мен оны құрайтын бөліктерінің қатынасы
бөлініп көріне бастайды, бала бұрын оларға зейін аудармайтын.
Қабылдау онтогенезінің әр түрлі жастағы балалардың практикалық
қызметінің сипатына байланыстылығын куәлендіретін кейбір эксперименталдық
деректер осындай.
З.М. Богусловскаяның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың зерттеулері,
мысалы берілген кезеңде балалар заттардың кеңістіктік қасиеттерімен кеңінен
ашылған бағдарлаушы-зертеулік қимылдар (қол және көз) көмегімен танысады.
Ұқсас құбылыстар акустикалық перцептивті әрекеттерді (Т.В. Ендовицкая, Л.Е.
Журова, Т.К. Михина, Т.А. Репина) қалыптастырғанда, сондай-ақ балаларда
өздерінің позалары мен қимылдарын (Я.З. Неверович) кинетикалық қабылдауы
қалыптасқанда байқалады. [16.65]
Қарау, қолмен ұстап көру және т.б. сыртқы қимылдар көмегімен жағдайды
зерттеу практикалық әрекеттерден бұрын келіп, олардың бағыты мен сипатын
анықтайды. Осылайша белгілі лабиринтті өту тәжірибесі бар бала (О.В.
Овчинникованың, А.Г. Полякованың тәжірибелері), көзбен немесе қолмен сипап
керек жолды, тұйықтарға бармай және лабиринтте бар кедергілерді қимай алдын
ала біліп отырады. Осыған ұқсас Л.А. Венгердің тәжірибелерінде әртүрлі
заттарды формалары мен өлшемдері әр түрлі саңылаулардан алып өтуді үйренген
балалар оларды көз қиығын заттан саңылауға аударып салыстыра бастайды және
орнынан осындай алдын ала бағдарлау жүргізгеннен кейін практикалық мәселені
қатесіз шешеді.
Осылайша, берілген кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекеттері
практикалық әрекеттердің жолдары мен нәтижелерінің алдында келіп, соңғылары
бағынатын ережелер мен шектеулерді қабылдайды.
Үшінші кезеңде перцептивтік әсерлер жинақыланады, олардың жүру уақыты
қысқарады, олардың эффекторлы қатарлары тежеуден босатылады да қабылдау
пассивті, әрекетсіз процес екен деген ой келтіре бастайды.
Біздің көру, сезу және есту перцептивті әсерлерінің қалыптасуына
жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлық оқытудың кеш сатыларында балалар қандай
да бір сыртқы бағдарлаушы-зерттеу қозғалысынсыз ақ объектінің белгілі бір
қасиеттерін танып, оларды бір-бірінен ажырату, олардың арасындағы
байланыстар мен қатынастарды байқау қабілетіне ие болады.
Қолда бар экспериментальдық деректер осы кезеңде сыртқы бағдарлаушы-
зерттеу әрекет идеалды әрекетке, зейіннің қабылдау өрісі бойынша
қозғалысына айналады деп топшылау жасауға мүмкіндік береді. “Идеалды”
перцептивті әрекеттердің ерекшеліктерін орныққан (стабилизированное)
бейнені қабылдауды зерттеу (осы симпозиудағы В.П. Зинченконың және Н.Ю.
Вергилестің баяндамаларын қара) жұмыстары көрсетті. [10.87]
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау мүмкіндіктері
Бірақ түйсіну жекелеген сезім мүшелерінің қызметі арқылы іске асатын
болғандықтан, әсер еткен тітіркендіргіштің мазмұны жөнінде бала ештеңе
білмейді. Сол себепті сабақта берілетін мағлұматтар тек қабылдауға жеткенде
ғана, әсер еткен тітіркендіргіштің қасиеті санада тұтастай, толық
бейнеленеді. Сондықтан бала-лардың берілген материалдарды дұрыс қабылдауы
үшін баланың сезім мүшелерінің бәрін (иіс, дәм, есту, көру, сипап сезу)
әрекетке түсіру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісінің дамуы оны қоршаған заттар
мен құбылыстарды қабылдауынан басталады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский:
...Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын адамның рухани
мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейте түспек, - дейді.
Жеке тұлғаның түйсігіне жетіп, қабылданған нәрселер кейде естерінде өз-
өзінен қалады, кейбірі қайта жаңғырығады, қажетсіздері ұмытылып қалады.
Есте сақтау тәжірибе жинақтап, оны байытуға ғана емес, адамның ақыл-ой
қызметін жақсартып, рухани дамуы үшін аса қажет. Себебі есте сақтау
қызметінсіз адам ойлай, талдай және жинақтап қорыта алмайды. Сол сияқты
есте сақтаусыз елестете алу да мүмкін емес, қиялдай білу мен шығармашылық
та дамымайды. Белгілі психолог А.А. Любинская Бала психологиясы жөнінде
деген еңбегінде есте сақтаудың мынадай түрлерін көрсетеді: 1) моторлы
немесе қозғалмалы түрде есте сақтау, 2) бейнелі түрде есте сақтау, 3)
эмоциялық түрде есте сақтау, 4) сөзді мағынасын ұғынып есте сақтау.
Арнайы қайта жаңғырту, әдейілеп еске түсіру, бұл – ойлаумен тығыз
байланысты, өте белсенді үрдіс.
Л.Ф. Фридманның тұжырымы бойынша, ойлау – адам танымының жоғарғы
формасы болып табылады. Ол дүниені әр қырынан тануға, мәселені терең
түсінуге мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауы көрнекі,
нақты-образдық, сондай-ақ абстракты-логикалық түрде болатыны психологтардың
зерттеулерінен белгілі. Ойлау процесі жұмбақ нәрсеге кездескенде басталады.
Ендеше, өзін-өзі тану жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда
қойылатын сұрақ баланы жұмбақ міндеттерді шешуге, проблемалық
ситуациялардан жол табуға ықпал ететіндей, баланы ойлауға мәжбүр-лейтіндей
болады. Егер, жаңа, ерекше құбылыс адамды селт еткізбесе, толқытпаса,
бейжай қалдырса, ойлау тумайды. Яғни, сұрақ қойылған сәтте балада жұмбаққа
жауап табуға, түсінуге қажеттілік туатындай жағдай жасалуы тиіс. [3.87]
Мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі
болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің ал-ғашқы белгісі. Баланың
шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Балаларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу
ана-грамма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс кері есеп
қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б.
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері
бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі
пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат
жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз
бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу баланың
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді
байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік
жұмысы баланы бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін
арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш
факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- биологиялық фактор, екіншісі-
әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың
пікірінше, осы фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі
зор. Көптеген ғалым-педагогтардың,практик мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді, ең
алдымен, баланың өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ
қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі
мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса
жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы
жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел-баланы дамытуға
бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім алып, дамуына жете мән беріле
бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре
білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі, ағартушы-ғалым
Ахмет Байтұрсынов болды. Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы
өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындалатын
жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар
көрсету. [5]
Бұдан біз А.Байтұрсынұлының 1920-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі
жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Зенковтың дамыта оқыту теориясының
негізі болған-өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп, оның бала
дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Балабақшада өз
бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай
болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, баланы шығармашылық
бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталауы сияқты
мәселелерге жете мән беріледі.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы.Сол себепті де
балалардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту
мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол
ашатын қолайлы жағдай-бұл балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және
қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті
де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Өз бетіндік жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз
тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулуда,
балалардің белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш
жұмыс түрін атай аламыз. Олар
1.Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар өз бетімен жұмыс
түрлері,
2.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері,
3.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыр-
уға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар.
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – балалардың ауызша,жазбаша
тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың
ауызша,жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.Соның негізінде ғана
біздіңше,тіл байлығы мол,сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей
аламыз.
Балаларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты
талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан
түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың
маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін
ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп,
тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен
мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке
қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан
алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Баланың
шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу.
3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.
Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз-баланы
ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен
жөн. Осыған байланысты Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбын алдыма келелі мәселе
етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым-оқытудың жаңаша әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік
көзқарасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz