Командалар капитанын таңдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар өткізу әдістемесі, төменгі сыныптардығы қозғалмалы ойындар.

Орындаған: Сейтен Р.

Ғылыми жетекші: Мухамеджанов Б.

Арқалық қаласы
Аннотация

Дене тәрбиесіне байланысты «Қозғалмалы ойындар өткізу әдістемесі, төменгі сыныптардығы қозғалмалы ойындар» атты тақырыпты алдым. Мұндағы негізгі мәселелер мыналар: тұлғаны ұжымды тәрбиелеу, оқушылар ұжымы, оқушылардың деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуына, жеке тұлғаның дене тәрбиесін шынықтыруға, спорт туралы заңды білуге, жан-жақты дене қуаты дамыған және спортқа деген қызығушылығын арыттыру.

Жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі сабағының міндеті, оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш-қуатын арттыру, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен қимыл-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктерін білу және сол мүмкіндіктерге орай өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дұрыс ұстап, көңілді де жүруге баулу. Дене тәрбиесінің түпкі мақсаты - шәкірттерді белсенді өмір сүруге, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, ерік-жігерін еркін билеуге, батылдықпен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Дене мәдениеті әрбір адамның жұмыс істеу қабілетін тиімді түрде жоғарлатуға бағытталған. Осыған байланысты оның дамуы бүкіл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы мен еңбек ету және тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Білімді меңгеру үшін сабақты тек түсіндіріп қана қою жеткіліксіз. Оқушы алған білімін сол қалпында жаңартып қана қоймай, пысықтап отыруы тиіс. Білімді пысықтау жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ойлау белсенділігі артады, өздігінен жұмыс істеу шеберлігі қалыптасады.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және оқушылардың жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді.

Жоспар:

І - Кіріспе.

ІІ - Негізгі бөлім:

  1. Ойын туралы түсінік.
  2. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдісі.
  3. Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар.
  4. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
  5. Ойындардың тәрбиелік мәні.
  6. Пәннің міндеттерін жүйелей оқыту. Іс-тәжірибенің негізгі ұғымдарын ашу.

ІІІ - Қортынды бөлім: Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Оқушы жастардың дене тәрбиесі Қазақстан Республикасы мемлекеті мен үкіметінің қашанда маңызды міндеттерінің бірі болып келеді. Республика Президенті мен үкіметінің жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге арналған қамқорлығы бірқатар шешімдер мен қаулыларда өзінің жарқын көрінісін тапты.

Бүгінгі мектептегі дене тәрбиесі сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функцияларын жақсартып, оны ұлттық мәдениеттің озық дәстүрлері арқылы өзгеше құру қажеттілігін байқаймыз. Оның құрамдас бөлігі ретінде, қазақтың ұлттық қимыл ойындарын жалпы орта білім беретін мектептің дене тәрбиесінде пайдалану қажеттігі туындайды.

Қимылды ойындар - жасөспірімдердің дене мәдениетін жетілдіретін және оларды үлкен адамгершілікке, шындыққа баулитын құрал болып табылады.

Қимылды ойындар - шартты мақсаттарды орындауға бағытталған саналы әрекет. Бұл мақсатты оқушылар өз еркімен алдарына қояды. Ал, оны орындау үшін ойын ережесі бойынша ойыншылар шығармашылық қимылды іс - әрекет жасайды.

Қимылды ойындар, дене тәрбиесі сабақтарынан басқа көптеген сынып және сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарда да кеңінен пайдаланады.

Ойынды өткізу методикасы мектептердегі дене тәрбиесі бағдарламасына сәйкес келеді.

Практикалық материалдар сабақтардың түрі мен формаларына қарай бөлінеді.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі мәдениеті факультеттерінде өтетін «Қимылды ойындар» бөліміне сай жазылған.


1) Ойын туралы түсінік

Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды. Ойын - балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін. Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады. Ұжымдық қозғалмалы ойындар - бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар. Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өзіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады. Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады. Ойын сюжеті ойыншылар әрекет мақсатын, ойын конфликтісінің (соқтығысының) даму сипатын анықтайды. Ол қоршаған орта ақиқтынан алынып, оның әрекеттерін көрсетеді немесе ойыншылардың әртүрлі өзара әрекеттестік кезіндегі қарсы күрес сызбасы түріндегі дене тәрбиесі міндеттерінен арнайы құрылады. Ойын сюжеті ойыншылардың тұтас әрекеттеріне жан беріп қана қоймай ды, тактика элементтері мен техникасының жеке тәсілдеріне мақсатты бағыттылық беріп, ойынды тартымды етеді. Ереже - ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды. Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі - шығармашылық, ритмикалық (ырғақты) ; ептілік, шапшаңдық, күш және т. б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.

2) Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдісі.

Ойынды өткізуге даярлау .

Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогок алдын-ала көре алмайтын кезде өте маңызды. Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы, дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады. Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке, қыдыру) ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндеттері өзгеше; мереке кезінде негізінен әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалрдың бәрі қатыса алатын көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады. Ойынды таңдау оның өткізілу орнына тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе аланшада сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда бытырап жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын ойындар ойналады. Алаңда қыс болғанда шаңғыдағы, конькидегі, шанадағы ойындар өткізіледі. Ойынды көшеде ұйымдастыру кеінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн (әсіресе қыс күндері) . Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы. Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес инвентардың болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да мүмкін.

Ойынға арналған алаңды даярлау.

Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау.

Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т. с. с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы - ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау.

Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет.

Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек.

Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

ОЙЫНҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ.

Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап тауып, есепке алу ұсынылады:

Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрын барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау.

Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздері күрделі болатын қатысушыларды ойыннан сәтті шығара білу.

Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуына қамту.

Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға болмайтын да ережелерге бағыну.

Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот - хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала ережені бұзса немесе ойынды қателесе басқалардың алдында оған ұрсып-зекімеу.

Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер баллар жетекші ұсынған бірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған альтернативті ойындардың бір қатары және қажетті құралдарға ие болу.

Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс уақытын беру.

Күрделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша үнемі күрделендіру.

ОЙЫНШЫЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЙЫНДЫ ТҮСІНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ОРНЫ.

Ойынды түсіндіруді бастамас бұрын қатысушыларды жетекші көзбен жақсы көріп, оның әңгімесін есту алатындай орналастыру қажет. Ең дұрысы ойыншыларды ойынды бастайтын бастапқы қалыпқа қойған дұрыс.

Егер ойын шеңберде өткізілсе, онда түсіндіру сол шеңберлік құрылымда жүзеге асады. Жетекші орталықтан емес, ойыншылар қатарынан орын алады, немесе ойнаушылардың соңы көп болса, олардан аз ғана алда орналасады. Ойнаушылардың жартысы жетекшінің желке тұсында қалып қоятындықтан шеңбердің ортасына орналаспау қажет. Егер ойыншылар екі командаға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы үлкен ара қашықтықта орналасса, түсіндіру үшін командаларды жақындатып, одан кейін өз шекараларына апартқызу керек. Бұл жағдайда жетекші ойынды түсіндіру кезінде алаң ортысындағы ойнаушылардың арасында тұруы қажет, мұнда біресе бірінші командаға, біресе басқасына көңіл аудара алады. Егер ойын бытыраңқы қозғалыспен басталса, ойыншыларды шеренгаға құруға болады, немесе жетекшіні барлығы көріп, ести алатындай өз жанына топтастыруға болады. Ойын мазмұндамасын көрсетумен толықтырып отыру қажеттігін есте ұстаған жөн. Көрнекілік ойынды жақсы түсінуге көмектеседі және осыдан кейін қатысушыларда сұрақта болмайды. Ойынды түсіндіру кезінде балларды күнге қарсы (олар жетекшіні нашар көретін болады) немесе терезеге қарсы (олар терезеге қарап, көңілдерін бөледі) қоюға болмайды.

ОЙЫНДЫ ТҮСІНДІРУ.

Ойынның дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны түсіндіруге кірісуге болады. Әңгіме қысқа болуы тиіс: созылған түсіндіру ойынды қабылдауға кедергі келтіреді. Бастауыш сыныптардағы ойындардың ерекшелігі оларды ертегі, тартымды формада түсіндіруге болатындығында. Әңгіме логикалық, бірізді болуы тиіс. Кез-келген ойынды шамамен мына сызбада түсіндіруге болады:

  1. Ойын атауы (ойынның қандай мақсатта өткізілетіндігін айтуға болады) ;
  2. Ойнаушылардың рөлі және олардың алаңда орналасуы.
  3. Ойын мазмұны;
  4. Ойын мақсаты;
  5. Ойын ережесі.

Ойынды түсіндіру ойыншылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталады. Барлығына назар бөле тұрып, қатты дауыспен жауап етілуі тиіс. Ойын барысы туралы әңгімелей отырып жетекші, талассыз, ережелерді де атап өтеді, алайда әңгіме соңында балалар есінде жақсы сақтау үшін оларды тағы бір атап өту керек.

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ БӨЛІП КӨРСЕТУ.

Ойын жетекшісі әрбір бала кезектесіп жүргізуші болатындай рет орналастыруы керек. Жетекші ойындағы рөлін ескере отырп жүргізушіні белгілейді. Бұл тәсілдің артықшылығы ең сәйкес келетін жүргізушіні тез таңдалуында. Бірақ мұндай тәсілде ойнаушылардың инициативасы басым болады. Балалар бір-бірімен таныс емес, жетекшінің өз уақыты болғанда жүргізуші тағайындалады. Жүргізушіні белгілеуде жетекші қатысушылардың оның жеке ойыншыға айрықша көңіл бөлуінен күмәнданып қалмауы үшін өз таңдауын қысқаша түсіндіріп өтуі тиіс. Жеребе, жүргізушіні кезекті таңдау, ойыншылар таңдауы, алдыңғы ойындар нәтижелері бойынша жүргізушіні таңдау тәсілдері бар, ол ойынның бас басталуының жауапты таңдауы талап етілетін ойындарда команда мүшелері немесе команда мүшелері, ал әрбір жеке жағдайда таңдау нәтижелерін анықтайтын және тиын лақтыратын ойыншымен жүзеге асуы мүмкін. Жүргізушіні таңдаудың жоғарыда аталған тәсілдері қойылған міндеттерге, сабақ шарты, ойын сипаты, ойнаушылар саны мен олардың көңіл-күйіне тәуелді кезектеседі.

КОМАНДАЛАРҒА БӨЛУ.

Командаларға бөлу де әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады:

1. Жетекші күштері бойынша шамалас командаларды құру қажет етілетін жағдайлада ойнаушыларды өз қарастыруы бойынша командаларға бөледі. Мұндай тәсіл жоғары сыныптарды күрделі қозғалмалы және спорттық ойындарды өткізу кезінде жиі қолданылады. Командаларды құруға ойнаушылар қатыстырылмайды.

2. Командаларға ойнаушыларды бөлудің басқа тәсілі оқышылады бір шеренгаға тұрғызып, бір-екіге саналту, бірінші нөмірлілер-бір команданы, екіншілері-басқасын құрады. Осы тәсілімен бірнеше команда құруға болады.

Осылайша жылдам бөлу уақыт бойынша шектелген сабақ үшін де мақсатты бағыттылы, алайда мұндағы бір кемшілік командалар күштері бойынша шамалас емес.

Командалар капитанын таңдау

Командалар капитандар ролі өте зор: олар тұтасымен барлық команданың және жеке ойыншылардың тәртіптеріне жауап береді. Капитанға командадағы ролдерді бөлуге, ережелер мен тәртіптің сақталуын басқаруға құқық беріледі. Ол жетекшінің тікілей көмекшісі болып табылады.

Капитандарды ойнаушылардың өздері таңдайды немесе оларды жетекші белгілейді. Ойнаушылар капитанды өздері таңдаса, олар обьективті түрде бірін-бірі бағалауға үйренеді, ал капитан ойнаушылар сенімін саналы қабылдап, өз жауапкершілігін мойындайды. Егер ойнаушылар жеткіліксіз ұйымдастырылған немесе бір-бірін жетік танымаса жетекші капитандарды өзі таңдайды. Кейде тәрбиелік мақсаттарда капитандарды пассивті ойыншылар немесе жеңілқозатын, тұрақсыздар арасынан таңдайды, ал осы арқылы мінез құлықтың қажетті сипаттарын қалыптастырады. Әдетте алдымен командаларды құрады, содан кейін ғана капитандарды тағайындайды. Үнемі бірқалыпты қалыптасатын командаларда капитандар қайта-қайта тағайындалады.

КӨМЕКШІЛЕРДІ БӨЛІП КӨРСЕТУ.

Әрбір ойын үшін жетекші ережелердің орындалуын қадағалайтын, ойын нәтижелерін ескеретін, сонымен бірге инвертарларды таратып, орындарына қоятын көмекшілерді таңдайды. Оқу жылы бойы көмекшілердің ролінде барлық оқушылардың қатысқаны дұрыс, себебі олар-ойынның болашақ ұйымдастырушылары. Көмекшілер саны ойынды ұйымдастырылу және ереже күрделілігіне, ойнаушылардың санымен алаң, ғимарат көлеміне тәуелді. Көмекшінің тағайындалуы туралы жетекші барлық ойнаушыларға хабарлайды.

ОЙНАУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІПТЕРІ МЕН ОЙЫН ҮРДІСІН БАҚЫЛАУ.

Ойынды басқару жетекші орнатқан сауықтыру, білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешу үшін маңызды мәнге ие. Балалардың ойынды меңгеруі және ойнаушылардың мінез-құлықы дұрыс жетекшілікке тікелей тәуелді. Ойын үрдісін шебер басқару мәнін П. Ф. Лесгафт атап өткен болатын. Оның сөзінше, жетекші «келтірілген ережелердің мәні мен маңызын өзі жақсы түсінуі тиіс және өзінің тарапынан өз ойлаулары мен әрекеттерінде кішкентай болса да қате жібермеуі тиіс, сонымен бірге оқушыларға қатысты әрқашанда толығымен обьективті болып қалуы тиіс . . . Айналысушылар ойын кезінде өзіндік әрекетке үйренуі үшін . . . олардың өзін ойынға бағыттап, қабылданған ережелердің дәл орындалуын қадағалау қажет». Ойын ұйымдасқан түрде және өз уақытында, шартты белгі (бұйрық, ысқырық, алақанмен шапалақтау және т. с. с) басталуы тиіс. Ойынды бастай тұрып, жетекші кідіріске жол бермеуі тиіс, себебі бұл қатысушылар қызығушылығын төмендет, балалардың ойынға даярлығын азайтады. Команда ішінде әрекет ету жоспарын қатысушылардың талқылауы қажет етілген жағдайда ойынның басталуын тоқталуға болады. Ойын басталғаннан кейін жетекші оның барысын, ойнаушылардың тәртіптерін мұқият қадағалайды, ойынның жалпы барысын тоқтатпастан түзетулер мен ескертулер енгізеді. Егер ойнаушылардың көпшілігі бірдей қате жіберсе, ол ойынды тоқтатып, тактикаға назар бөлгізеді, ойын тәсілдерін қалай дұрыс орындау керектігін нұсқаулық жасайды. Алайда осыған қоса ол балаларға максимум инициатива беріп, бейтарап әрі әділ сот болып қола береді.

Кіші, әлсіз ойыншылармен жетекші өте мұқият көңіл аударуы керек және зиян келтіретін әрі шаршау сезіміне әкелетін ережелерді орындауды олардан талап етпеу керек, әсіресе ұжымда ойнап үйренбеген балаларға ерекше көңіл болу керек.

Егер қозғалмалы ойын күрделілігімен ерекшеленсе, жетекші алдымен балаларды негізгі ережелермен таныстыруы керек, осыдан кейін ойын барысы бойынша оларды үнемі толықтырып отыру керек.

Ойын аяқталғанда берілетін белгіні барлық қатысушылар шаршағанда емес, одан қанағаттану сезімін алғанда берген дұрыс. Ойынды айқаймен, шұғыл бұйрықпен тоқтатуға болмайды, себебі оқушылар үшін ойынның осылай аяқталуы қанағаттанбау, кері реакцияны тудырады.

Ойын барысында балаларды жиі тоқтатуға тура келеді. Жетекші қозғалмалы ойын психологиялық климатын қадағалау қажет, оның үрдісі балаларға жағымды болуы тиіс.

Жетекшінің балаларды ойынға тарту, қызықтыру іскерлігі өте маңызды. Ойын қызықты болуы үшін ол болалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Ойнаушылардың қалауына, олардың көңіл-күйлеріне назар аударған жөн.

Жетекшінің ең маңызды міндеттерінің бірі-балалар ұжымына кіре білу, ойын әрекеттері аймағына ену.

ТӨРЕШІЛІК

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Қозғалмалы ойындар. Оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізу әдістемесі
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар
Дене шынықтыруда қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар түрлерін ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстарының түрлері және маңызы туралы
Тимбилдинг
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz