Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Еуразия Гуманитарлық Институты

Педагогика кафедрасы

« Қазақстанның жаңа заман тарихы » пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығына өтуі

Орындаған:Ахмедов Султан Исламұлы

Қабылдаған:Аманабаев Алмат Жұманович

Нұр-Сұлтан, 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ2

І ТАРАУ. АБЫЛАЙ ХАН - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖИНАҚТАУШЫСЫ6

1. 1Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы. 6

1. 2. Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі7

ІІ-ТАРАУ. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ-ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ16

2. 1Абылайдың Қытаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастары. 16

2. 2 Шаңды жорық- Екі жүз жылдық соғыстың ақыры20

Қорытынды26

Пайдаланған әдебиеттер. 28

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тарих - бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып, оның алдыңғы дамуына өзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес . Содан болар, әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр Македонский, Юлиий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. ХVІІІ ғасырдағы аты әлемге әйгілі Абылай ханның теңдесі жоқ ерекше тұлға екендігі, сонымен қатар Абылай ханның тұлға ретінде қалыптасуы, сыртқы саясатты стратегиясы т. б мәселелер зерттеу жұмысында өзекті болып тұр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі :

Абылай хан тарихын зерртеу үшін басты деректер мен құжаттар орыс архивтерінде сонымен қатар қытай архивтерінде сақталған. Абылай хан туралы деректер мен әдебеиттер баршылық. Мысалы, революцияға дейінгі зерттеулерге- П. С. Палластың, П. И. Рочковтың, Н. Г. Андреевтың, А. И. Левшинннің, В. В. Радловтың С. Е. Маловтың В. Л. Томсеннің, Н. М. Ядренсевтың, И. Фольктің И. Г. Георгидің, Г. Н. Потаниннің, Н. П. Рычковтың, Н. А. Аристовтың Г. Спасскийдің еңбектері жатады. [1] Бұл зерттеулер Қазақстанның ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қоғамдық саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан, халық тұрмыс салтын, жағдайын мәдениетін жан-жақты сипаттаған. Ал, өзіміздің зерттеушілерден М. О. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев және т. б ақын жазушыларымызды атауға болады. Егемендік алған уақыттан кейін зерттелмеген тақырыптар зерттеліп тың мәліметтер жариялануда. Осының арқасында Абылай хан сияқты қазақ елінің перзенттерімен толығымен танысуға болады. М. Қозыбаев «Тарих зердесі» [1], О. Смағұлұлы, М. Қожаев, А. Оразаққызы «Абылай хан» [2] , Қ. Әбуов «Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен» [3], С. Дәуіт «Абылай хан»[4], А. Асқаров «Ұлы Тұранның ұлдары» [5] , Қазақстан Ұлттық Энциклопедияцы, «Қазақтар» энциклопедиясы, Н. Мұхаметханұлы «Тарихи зерттеулер» [6], Т. Шойынбаев «Прогерссивное значение и присоединение Казахстана к Россий» [7], К. Аманжолов, Қ. Рахметов «Түркі халықтарының тарихы» және Қазақстан тарихы журналындағы Г. Ысқақованың «Қазақ мемлекеттігін нығайтудағы Абылай ханның рөлі», Е. Уалихановтың «Абылай және Жоңғар шапқыншлығы» [8], Л. Жүсіпованың «Мәшһүр Жүсіп Абылайдың хан атануы хақында» [9] , Н. Мұхаментханұлы «Абылай Ханның мәмлегерлік саясаттары», «Абылай-азаттық күресін ұйымдастырушы» [10] Сонымен қатар 1998 жылы Қытай деректері негізінде жарияланған «100 құжат» және соңғы кездегі Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2005 жылы жарияланған «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері», «Абылай хан өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар» атты еңбектерде қазақ-қытай қатынастарының саяси және әлеуметтік, елшілік қызметтері жөнініде нақты деректер қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Абылай ханның қазақ хандығындағы атқаратын елеулі рөлін ашып көрсету, оның тұсындағы қазақ хандығының жоңғарлармен, Ресей, Кытай империясымен, қырғыздармен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғалары арқылы, Қазақ хандығының көк туын желбіретіп, дипломатиялық шеберлігін дәлелдеп, тәуелсіздігін сақтау жолында сыртқы саясат саласындағы тарихи маңызды еңбегін көрсету. Осыған орай мынадай міндеттерді шешу назарға алынды:

- қазақ-қытай қарым-қатынастарының ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырда өрбуінің тарихнамасын және теориялық-методологиялық мәселелері мен деректік негіздерін қарастыру;

- Жоңғар хандығы құлағаннан соң қалыптасқан геосаяси ахуал жағдайында қазақ-қытай байланыстарының өрбу ерекшеліктерін, Абылай ханның қытайларға байланысты ұстанған саясатын айқындау;

- Абылайдың Қытаймен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастарын ашып көрсету;

- Сауда-экономикалық қатынастарын зерделеу;

Зерттеу жұмысының деректік көзі ретінде қазақ қоғамы мен қазақ хандығында өте зор рөл атқарған Абылай хан саясаты болып табылады. Сондай-ақ көрнекті зиялылар мен тарихшылардың еңбектері мен зерттеулері курстық жұмыстың құнды деректік қайнар көзі ретінде саналады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі ХVІІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізін тарих, философия және т. б. қоғамдық ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады. Сонымен бірге тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысын жүргізуде анализ, синтез, ретроспективалық, салыстырмалы-тарихи және сипаттап баяндау әдістері қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда үйлесімді болуы басты назарда ұсталды.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. АБЫЛАЙ ХАН - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖИНАҚТАУШЫСЫ
  1. Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы.

Қарапайым адамның өмірінде екі кезең болады:өмірге келу және өмірден кету уақыты. Ханның өмірінде бұл екі кезеңіне билік етудің басы мен соңын белгілейтін екі кезең қосылады.

Абылай 1711 жылы Көркем-Уәли атағы бар Түркістан қаласының билеушісі Уәли сұлтанның отбасында дүниеге келген. Абылайдың әкесі де атасы да Шыңғысханның ұрпағы болғанымен, құқықтарын иелене алмай хан бола алмады. Аңыздар бойынша Төле бидің малын бағып жүрген Әбілмансұр атақты қазақ батырлары Қабанбай мен Бөгенбайдың көздеріне түседі де әскерге кетеді. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ әскерлері қатарына алынады. Оның атақты істерінің бірі-Қалдан Цереннің асырап алған баласы, Шарышпен жекпе-жекке шыққаны. Қақтығыстың алдында қазақ әскерлерінің қолбасшылары жоңғар батырын жеңетін батырды іздеді. Әбілмансұр өз еркімен жекпе-жекке шығады. «Абылай! Абылай!» деп ұран салып, ол жауға шауып ақыры Шарышты жер қаптырады. Қазақтар үлкен маңызды жеңіске жетті. Әбілмәмбет хан Әбілмансұрды шақыртып, «сен кімсің?»- деп сұрайды. Өз тарихын айтып бергеннен кейін, өз атын, шыққан тегін елге танытып, Абылай Орта жүзге сұлтан ретінде оралады.

ХVІІІ ғасырдың 40 жылдарында Абылай сұлтанның негізгі қыстаулары Есіл, Көкшетау өңірінде болатын. Тұрақты қоныстары Ертіс маңайында, Тарбағатай, Маңырақ тауларының өңірінен қазіргі Шығыс Қазақстанда Зайсанға дейінгі аумақта таралған. [11]

ХVІІІ ғасырдың 60 жылдарында сұлтанның жерлеріне Көлсары батырдың Есіл бойындағы қоныстары және Қабанбай батырдың Көкшетау маңайындағы жерлері қосылған. Билігі көп таралмаған Әбілмәмбет қонысы Түркістанға жақын орналасқан. Әбілмәмбет ханның жерлеріне Барақ сұлтанның қоныстары қосылған . Сонымен, Қазақстанның Оңтүстік жағының басым бөлігі Орта жүздің басшыларның қол астында болды, сондықтан олар Қоқан аймақтарына жақын орналасқан халықтардың тағдыры үшін жауапты болған.

Абылай ханның мемлекеттік билігін Шыңғыстау және Қызылжар (Петропавл) бекінісіне жақын орналасқан Көкшетау көлдерінің өңіріндегі рулық қоныстарда жүргізді. Орта ордасы- Тянь-Шань тауларынан Каспий теңізіне дейін таралған жерлерде көшіп-қонып жүрді, сол жерден Еуропа мен Қытай арасын жалғайтын Жібек жолының саудагерлерінен алым-салықтарды алып отырды. Бұл дәрежеге Абылай өзінің аталары сияқты негізінен суық қару және күшпен емес, ақыл мен мәмлегерлік арқылы жетті.

Орта Орданың саяси географиясы ерекше болған. Солтүстік Шығыста - Ресей империясы, Оңтүстікте- Қытай империясы орналасқан. Орта Азиядағы барлық сол кезеңдегі мемлекеттер сияқты Абылай хан Ресейге ерекше назар аударды. 1745 жылы Ұлытауда Жошы ханның мазары маңында өткен құрылтайдың нәтижесінде сұлтан Абылай Орта жүздің ханы болып сайланады. Таққа отырғызғанда көне дәстүр бойынша Абылайды ақ киіздің үстіне отырғызып, төрт жақтан төрт рудың атақты қайраткерлері «ХАН! ХАН! ХАН!» деп ұрандап көтереді. Бұл дәстүр салтанатты, ресми тұрде басталып, үлкен тоймен аяқталады [12]

Абылай хан өз кезеңіндегі өте білімді жәнен жоғарғы беделді тұлға еді. Ол Түркістан қаласының маңындағы Қарнақ медресесінде білім алды. Абылай қалмақ, маньчжур тілін және жазуын білген. Оның жанында үнемі түрік, қытай. орыс тілдері мен жазуларын білетін тілмаштар болған. Абылай қте жоғары рухани дамыған тұлға еді, ол қазақ халқының тарихын, көршілердің өзара қарым қатынастарының сипатын жақсы білген. Шығыстағы жеңістерден кейін көптеген Орта Азиялық билеушілер Абылайды екі миллион шақырым аумағы бар мемлекеттің дербес билеушісі деп таныды. Өз замандастарының айтуы бойынша Абылай аласа бойлы болса да, қте күшті еді. Шоқан Уалихановтың мәліметі бойынша Абылайдың он екі әйелі, отыз баласы және қырық қызы болған. Балаларының барлығы саясатпен тікелей айналысты, олардыңішінде көптеген жетістіктерге ие болғаны :Уәли, Шыңғыс, Тоғұм, Рустем, Есім, Әділ, Қасым еді. Олардың әр қайсысы бір бір руды билеген. [13]

1. 2. Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай (Әбілмансұр)
Кенесары хан
Абылайдың өмір және саяси жетекші ретінде қалыптасуы
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
Қазақ хандығы туралы мәлімет
1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақ хандары жайлы
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
Кенесары хан әулетінің шежіресі
Хандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz