Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздері . . . 5

1. 1. Өз бетінше жұмыс жасау - шығармашылыққа баулудың көзі . . . 5

1. 2. Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары . . . 17

1. 3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары . . . 25

2. Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар . . . 34

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. . 34

2. 2. Оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған сабак турлері . . . 44

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55

Кіріспе

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.

Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.

Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындысынан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады, Осындай оқыту әдісі оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесін шешеді,

Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.

Зерттеудің мақсаты:

- бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық тапсырма орындату
арқылы іскерлігін арттыру.

- оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау.

- шығармашылық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, шарттарын
іздестіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер оқушылар өз бетінше жұмыстарды ойдағыдай орындаса, онда шығармашылыққа баулу жұмысын қалыптастыруға болады

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың қажеттілігін дәлелдеу.

2. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.

3. Еастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды
түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.

Зерттеудің әдістері: Педагогикалық, психологиялық еңбектерді зерттеу, талдау. Оқулық, бағдарламаға талдау жасау, бақылау өткізу. Қорытындылау.

Диплом жұмысының теориялық қолданылымы:

Бастауыш мектептерде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулуға байланысты ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін окыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:

Диплом жұмысында ұсынылып отырған қазақ тілінде бастауыш сынып оқушьшарын шығармашылыққа баулу әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.

1. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздері.

1. 1. Өз бетінше жұмыс жасау - шығармашылыққа баулудың көзі.

Мектепте білім беру-жауапты іс. Өйткені мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Соңғы жылдары мектепте білім беру саласында заман талабына қажетті жаңартылған Өзгерістер мен зденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында К. Окуниннің «Проблемалық оқыту», В. Шаталовтың «Тірек сигналдарын пайдалана оқыту», Ж. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту», М. Жанпейісованың «Оқытудың модульдік технологиясы» мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.

Бұл оқыту технологиялары оқушыны жан-жақты дамытуға, оқушының қызығушылығын оятуға, оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға негізделген.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы - оқыту үрдісінің объектісі болып табылады. Оқушының білімді игеруі көбінесе есте сақтауға, фактілерді жинауға, жаттауға негізделеді, ал білім берудегі жаңа технология бойынша оқушы оқыту процесінің субъектісіне айналады да, ойлау іс-әрекеті танып процесін тудырады. Таным процесі арқылы оқушының белгілі бір қасиет қабілеттері қалыптасады, дамиды.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технология - мен әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушының танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттырады.

Сондықтан да мектепте жеке тұлғаны дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер іздестірілуде. Мектеп кез-келген оқушыға жақсы білім беретіндей етіп құрылуы тиіс. Сол себепті мұғалімнің алдында балаға «Қалай тиімді білім беру керек» деген мәселе тұруы тиіс.

Шығармашылық жұмыс және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, шығармашылық әрекетті ретінде оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Бұл мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекет деп білімді жаңа жағдайда тасымалдай білу (ИЛ. Лернер, Я. А. Пономарев) мәселені шешудегі көргендік, қырағылық (А. Н. Лук), жаңалық тудыратын әрекет (Л. С. Выготский) деп тануды ұсынады.

Бастауыш мектеп оқушысының ашатыны тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық [1, 48] .

Шығармашылық әрекет арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани көзқарасы қалыптасып, адамзат мәдениетіне үлес қосылады.

Баланың табиғи, ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамыса, ол есейген кезде қызметті де соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты атқарады. Шығармашылық әрекет арқылы оның жасампаздығы, іскерлігі қалыптасады.

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі -мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден - бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырыпбілім сапасын арттыру, сондай - ақ рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу -осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмысістейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық, шығармашылық және терең білімділік.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады » деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалса, сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л. Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

« Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талап сыйлайды » деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет - ақ. Міне, бұл биік - оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс. ендеше оқушыларды шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап - ақ қолға алу керек.

Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.

Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И. П. Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.

Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата - ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір - сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы - шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілін үйрету - сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні, болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып, танымдық, тәрбиелік, білім-дағдыны үйренері хақ. Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы тиіс. Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп, жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді. Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы, мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды. Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып, оқыту әдісін, жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе, өзі көздеген мақсатына жетеді.

Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т. б)
  4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
  6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;
  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай әдіс - тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу - оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.

Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады » - дейді.

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ, шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ.

Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамытуға жас мөлшері нағыз қолайлы синтезивті кез.

Дамыта оқытудың мақсаты - балаларға дайын пәндік білім. біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелмейді. Кеңес дәуіріндегі дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындайтын адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрететін, оны қолдана білетін дамыған адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі етуде басшылыққа алатын нысана - дамыта оқыту жүйесі болады.

Оқыту барысында бастауыш мектеп окушыларының шығармашылық қызығушылығын дамыту барысында тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін дамытуды жоғарыда белгіленген көрсеткіштер мен өлшемдерге сай келетіндей Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин сияқты ғалым педагогтардың еңбектерінің дидактикалық қағидаларына негізделген әдістеменін мазмұны жасалады.

Оған сәйкес оқулықтар мазмұны қайта қаралып, олардағы сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығуларға дамытушылық сипат берілді. Оқулықтар
мазмұны шығармашылық тапсырмалармен толықтырылды.

Шығармашылық тапсырмаларды сұрыптау, оларды пайдалану кезінде, олар баланың өмірлік тәжірибесін молайтып, практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру көзделеді. Оқулықтар мазмұнында ұсынылып отырған шығармашылық тапсымалар баланы конвергенттік (бір бағыттағы, жүйелі логикалық) ойлаудан, дивергенттік (логикадан ауытқу) баланы ойлауға үйрететіндей етіп лайықталынып беріледі. Өйткені баланың шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін, дамуы осы дивергенттік ойлаумен тығыз байланысты.

Сабақтардың практикалық бағытын күшейту, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу, сол арқылы өзінің ашқан «жаңалығының» қуанышын сезінетіндей болуы қарастырылды.

Баланың шығармашылық істеріне басшылық жасау, ондай нәтижеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, түсіністік, ізгілік ұстанымдарына негізделеді. Сабақтағы оқушының орны, рөлі алмасты, оның еркіндігінің, дербестігінің болуы басты назарда ұсталды. Нәтижеде мұндай оқыту баланың ақыл-ойын дамытып қана қоймай, сол арқылы пайдалана білу, қоршаған дүниедегі жаңалықты көре білуге үйрететіндігі анықталды.

Оқушының дарындылығы жоғары болған жағдайда шығармашылық тапсырма орындау барысында өз тұжырымын дәлелдейді. Қажет жағдайда пікірталас туғызады, өз түсінігін жеткізе біледі. Өзіндік ойлауы мен топшылауы басым болады.

Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Менің ойымша, мұғалім тұлға деңгейінде танылуы тиіс. Ұлы педагог Макаренко: «Никакие рецепты не помогут, если в самой личности воспитателя есть болыпие недостатки» деген тұжырымына сүйенсек, мұғалім тек сабақты түсіндірумен ғана емес, қимыл-әрекетімен, сөйлеген сөзімен, басқаларымен жасаған қарым-қатынасымен оқушыға өнеге беретіндей болуы қажет. Білім сапасын көтерудегі ең басты тұлға-мұғалім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz